Сарыағаш санаториясының қызмет көрсету сапасын бағалау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазақстан экономикасын реформалаудың басты мақсаты - салаларды диверсификациялау және сервисті-технологиялық экономикаға ұзақмерзімді кезеңге өту үшін шарттарын құру. Осы мақсатқа жетудің басты рөлін қызмет сферасын дамыту табылады. Оның бөлігін санатория-курорттық мекемелер алады.

Осыған байланысты менің дипломдық жұмысымда «Сарыағаш» санаториясы зерттеу объектісі ретінде алынып, жауапкершілігі шектеулі серіптестік ретінде қаржылықэкономикалық талдау жасалған.

Санатория-курорттық мекемелерді бағыттау (СКМ) жалпы елдің экономикасына тікелей әсер етеді, себебі жұмыс істеуші халықтың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтірумен денсаулық қорғауға шығындарды, әлеуметтік қамтамасыздандыруға шығындарды төмендетеді.

СКМ «Қазақстан 2030» стратегиясында анықталған басты мәселені - ауруларды болдырмау және сауық өмір түрін көрсетуді шешеді. Қойылған стратегиялық мәселе қазіргі маркетинг концепциялары мен принциптері негізінде мүмкін. Бұл дипломдық жұмыстың актуалдылығын көрсетеді.

Дипломдық жұмысымның атына сәйкес белгілі кәсіпорынның қаржылық жағдайының мәнін ашып көрсету, қаржылық жағдайын жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау болып табылады.

Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:

  • кәсіпорын ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;
  • «Сарыағаш» санаториясының қызмет көрсету сапасын бағалау;
  • «Сарыағаш» ЖШС қаржылық жағдайын талдау;
  • «Сарыағаш» санаториясында нарық шарттарында қызмет көрсету үрдістерін басқару және қолдану әдістерін зерттеу және талдау.

Диплом жазу барысында ақпарат көзі ретінде «Сарыағаш» санаториясында талданатын мерзімге статистикалық есеп берулері, соған қоса ресей және отандық авторлардың кәсіпорын экономикасы бойынша оқулықтар алынды. Кәсіпорынның еңбек ресурстары әрбір кәсіпорынның басты ресурсы болып табылады. Таңдау сапасына және қолдану тиімділігіне кез келген кәсіпорынның өнімділік нәтижелері байланысты.

Нарықтық экономика кәсіпорыннан ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін, шаруашылықтың және өндірісті басқарудың тиімді формаларын енгізу, қызмет көрсету жағдайын жандандыру, еңбекті және персоналды басқару әдістерін ұйымдастыру, кәсіпорынды дамыту стратегияларын мен тактикаларын өндіру, өндіріс тиімдігін жоғарлату резервтерін анықтау және кәсіпорын қызметкерлік нәтижелерін бағалау негізінде өндіріс тиімділігін, өнім мен қызмет бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуды талап етеді.

Нарықтық шарттарда персоналды басқару әдістерін жандандыруға және еңбек өнімділігін жоғарлатуға ерекше назар аудару керек. Кез келген өнім өндірісінде тірі еңбек, яғни жұмысшылармен өнімді өндіру процесінде тікелей шығындалатын еңбек және бұрыңғы, басқа жұмысшылармен шығындалған және еңбек құралдарында, ғимараттарында, шикізат, материал, отын, энергияда заттандырылған еңбек болады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін бірнеше маңызды мәселелерді шешу қажет, соның ішінде:

- кәсіпорынның негізгі қызметкерлігін зерттеу;

- техникалы-экономикалық көрсеткіштер негізінде бүгінгі заманға сай күйін бағалау;

- басқару құрылымын қарастыру;

- персонал еңбегінің негізгі элементтеріне талдау жасау, еңбек өнімділігін жоғарлатудың резервтерін шығару;

- персоналды басқару әдістерін жақсарту бойынша ұйымдастыру-техникалық шараларды құру.

І тарау. Қазақстан Республикасындағы санатория-курорттық кызмет көрсетудің мәні мен ерекшеліктері

1. 1 Санатория-курорттық іс дамуының тарихи аспектілері

Бірнеше жылдар бойы адамдар табиғи ресурстарды емдік мақсаттарда қолданып келген. Сақ өзенінен алшақ емес жерде ежелгі скиф-грек тұрғындарының өмір сүрген іздері табылған. Бұл жерде гректер тұз тауып, оны Греция алып жүрген. Біздің заманымызға дейінгі 500-жылдары ғылымдары дамымаған, саудасы көптеген елдермен жүзеге асырылған гректер Крым түбегінің табиғи байлығын қолданып, өз қажеттіліктері үшін оларды кеңінен қолдана бастаған. Ревматизммен ауырған адамдар осы көлге шомылып, өздеріндерін жызлғандай сезінген. Осы кезден бастап тұзбен қатар минералды көздер де медициналық мақсаттар үшін қолданылған.

А. Дерновой өз монографиясында жүргізілген тереңдетілген медициналы-тарихи талдаулар негізінде Қазақстанда санатория-курорттық істің даму тарихи кезеңділігін келтіреді (1. 1-cурет) .

1. 1 - кесте

Қазақстан Республикасында санатория-курорттық қызметкерліктің даму болжамы мен тарихи кезеңділігі

Қамтитын мерзімі
Аталуы
Даму кезеңі
Қамтитын мерзімі: XIV-ХУШ ғғ.
Аталуы: Курорттық ресурстарды стихиялық пайдалану
Даму кезеңі: І кезең
Қамтитын мерзімі: ІХ-10-жылдары мен XX ғ.
Аталуы: Жазбаша куәліктердің пайда болуы, бағытталған қолданулар тәжірибесінің жиналуы
Даму кезеңі: ІІ кезең
Қамтитын мерзімі: ХХ ғ. 20-80-жылдары
Аталуы: Санаторилер құрылысы, санатория-курорттық емделудің мемлекеттік жүйесінің қалыптасуы, курортологиялық ғылыми базасының дамуы
Даму кезеңі: ІІІ кезең
Қамтитын мерзімі: ХХ ғ. 90-жылдары
Аталуы: Санатория-курорттық орындарды қаржыландырудың төмендеуі, меншік көздері мен формалары көптүрлілігінің пайда болуы
Даму кезеңі: ІV кезең
Қамтитын мерзімі: ХХІ ғ. 10-30-жылдары
Аталуы: Санатория-курорттық орындарының деректер банктерінің қалыптасуы, отандық санатория-курорттық істің дамуы
Даму кезеңі: V кезең

Біздің заманымыздың І ғасыр 70-жылдары Плиний «Табиғат тарихы» шығармашылығында «түрлі ауруларды емдейтін жерге» ие Крым түбегінде Парасин қаласы туралы (қазіргі Саки) айтады.

Минералды суларды ғылыми талдаудың бірінші еңбектері және Ресейдегі бірінші курорттардың ашылуы І Петрмен байланысты. Осы кезде Мәскеу шекарасының оң жағында Нащокин жерлерінде минералды сулар курорты құрылды.

ХІХ ғасыр басына минералды суларды Ресейдің басқа да аудандарында табады, осы жерлерде қазір де жұмыс істеп жатқан бірнеше курорттар ашылады: Псковск ауданындағы «Хилово», Новгород ауданындағы «Старая Русса». Сәл кешірек оларға «Кашин» тверск курорты, самаралық «Сергиевские минеральные воды» және Липецкідегі суменемдеу орталығы қосылады. Ақырындап минералды суларды зерттеу географиясы кеңейе бастап Орал мен Сібір арқылы асады.

ХХ ғасыр басында Ресейде жалпы сиымдылығы 3000 орын, 60 санаторияны біріктіретін 36 курорты, сонымен қатар қымызбен емдеу орталықтары да болды.

Бірінші әлемдік соғыс курорттар дамуына шек қойды және демалушылар ағымын тез қысқартты. Дегенмен, осы жылдары да фронт маңайларында жарақаттанғандарды реабилитациондық мақсатпен емдеу үшін екі курорт ұйымдастырылған: Новгородтағы «Солецтер» және «Варницалар»

Бірінші санаторилер мен демалыс үйлері бұрынғы дворецтер (Ливадия) және помещье усадьбалары (Узкое, Марфино, Архангельское), дачалар (Болшево), монастырьлер (Звенигород) және көптеген жеке санаторилер, пансионаттар және қонақ үйлер негізінде құрыла бастады.

1976 жылы КСРО Минкеңесінің «Курорттар мен демалу зоналары аймағын салу мен санатория-курорттық орталықтар және демалыс орталықтар құрылысын реттеу бойынша шаралар туралы» бұйрығы шықты. Осының нәтижесінде қоршаған ортасының ластануы мен табиғи емдік ресурстар сапасының төмендеуіне алып келген, курорттық аймақтарды ұйымдастыруда белгілі хаоспен есте қалған.

90-шы жылдар ортасында Ресейдің курорттық саласында жағымды даму кезеңі байқала бастады. Өтпелі кезеңде қалған санаториялар, пансионаттар мен демалыс үйлері жаңа жабдықтар ала бастады, жаңа қызмет түрлерін дамыта бастады. Дегенмен демалыс құны әлемдік бағалардан төмен болған.

Негізінен шетел курорттарында 7-10 күндік демалыс құнын біздің ТМД елдерінің 21-24 күнге саналған санатория-курорттық емделумен салыстырса біріншінің пайдасына байқалмайды.

Керемет табиғи ресурстар, ресейлік курортология жетістіктерінің қызмет спектрінің кеңеюімен, емделу орталықтарының ыңғайлылық жақсаруымен бірге жеке санатория орталықтары мен жалпы саланыңы да дамуына алып келеді.

ХХ ғасырдың 90-жылдары басында болған саланы дүр сүркіндірген дағдарыс нәтижесінде кәсіпорындар меншікке айнала бастады. Санатория-курорттық кешендердің кәсіпорындары жекешендірілуі процесін, оларды жолдамаларды жеке іске қосу бойынша, табыстарды жеке бөлу бойынша қосымша құзырет беруде заңды тұлға құқықтарымен бөлген, қызметкерліктерінің коммерциализациялану процесі жалғастырды. Санатория-курорттық орындардың меншік формасының өзгеру басты мәселесі болып Республиканың ғылыми-зерттеу орындары мен Денсаулық қорғау Министрлігі арасындағы байланыстың жоғалуы саналды. Осылай санатория-курорттық орындар орталықтандырылған көзден әдістемелік басқарманы, бұрықтарды және нормативтерді алу мүмкіндігінен айырылды.

Сонымен бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 607 санатория-курорттық орындар тіркелген. Олардың ішінде 304-і нақты іске қосылғандар болып саналады. Алматы қаласында және оның маңайындағы аймақта санаторрия профильді шамамен жиырма шақты орындар мен көптеген демалыс орталықтары белгілі. Мұндай қамтулылық Алматының ел астанасы болғандығымен, осының арқасында қаржылық және материалды ресурстардың тағайындалғандығымен және осы ресурстарды халықтың, әлеуметтік бағытталған отандық саяси жүйе шегінде, емдеу және демалу орталықтарына өспелі сұранысын қанағаттандыру үшін қолданудың ерекше мүмкіндіктерімен қамтамасыз еткендігімен түсіндіріледі.

Санатория-курорттық жүйенің осы даму кезеңінде заңнамалы-құқықтық базаның жоқ болу мәселесін шешу үшін қадамдар қабылданады. «Қазақстан Республикасының денсаулық қорғау жүйесі туралы» Заң жобасы жасалуда. Бұл заңда Қазақстан Республикасының санатория-курорттық орындарын лицензиялауды жүргізуді қарастырады. Бұл функция Қазақстан Республикасының Денсаулық қорғау Министрлігіне міндеттелді. Лицензиялау көмегімен Денсаулық қорғау Министрлігі келесіні орындайды:

  • санатория-курорттық орындарда емдеу-профилактикалық көмекті жандандыру бойынша жасалатын әдістемелік ұсыныстарды тәжірибеге енгізу;
  • реабилитациялық кезеңде көрсетілетін медициналық көмек сапасын қамтамасыз ету;
  • медициналық персоналды оқыту және оның квалификациясын жоғарлату;
  • ғылыми орындармен байланыс;

- санатория-курорттық орындарға қатысты бақылау-әдістемелік функцияларды орындау.

Осы функцияларды «Қазақстан Республикасының денсаулық қорғау жүйесі туралы» Заң жобасына заңнамалық бекіту үшін «Алатау» санаториясымен «санатория-курорттық орындар» бөлімі құрылды. Келесі ұсыныстар енгізілді: 1. «Негізгі түсініктер» 2 бөліміне түсініктемелер енгізілді:

Осылай, Қазақстан Республикасында санатория-курорттық саланың болашақ пайда болуына алдыңғы шарттар қалыптасуда. Курорттық шаруашылықта экономикалық реформа барысы негізінен заңнамалық базаны құрғанға байланысты. Курорттар, курорттық-туристтік шаруашылықты реттеу туралы, сонымен қатар осы салада барлық мәселелер кешеніне жауап беретін мемлекеттік құрылым туралы заңнамалық актілер болмаса, хаос пен оның дамуындағы түсініксіздік туындатады. Заңнамалық базаны құру курорттарды функциялау мен дамытуды қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау мен кепілдіктер шектер жүйесінде қажетті звено болып табылады.

Қазақстанның санатория-курорттық ұйымдар қызметкерліктерінің медика-ұйымдастыру көрсеткіштерінің тенденция динамикасы қызмет көретілетін халық санымен (үш жылда 2, 3 рет), экономикалық тұрақтылықты жоғарлатумен (табыстар өсуімен), емдеу ұзақтығын қысқартумен (3 жылда 40%-ға) бағаланады. Санатория-курорттық ұйымның табыстар өсуін Қазақстан Республикасының Профкеңестер Федерациясына қарайтын санаторилердің табыстар кестесі мысалында көруге болады.

1. 2 Санатория-курорттық қызмет көрсетудің басты түсініктері мен негізгі принциптері

Қызмет көрсету саласын кең және көлемді институттай көруге болады. Бұл түсінік өндіріс саласын материалды да, материалды емес те игілік болып табылады. Мұндай бөлу экономикалық болып саналады, дегенмен бұл сала азаматтық-құқықтық реттеуге алынды.

а) Міндетті төлемсіз көрсетілетін қызмет. Бұндай қызметтер құны жеке ұжымға қатысты және оған қатысты адамдармен құрастырылатын қормен, олар бұл қызметпен қолданылатындығына қатыссыз, жабылады.

б) Тұтынушыларымен төленетін қызметтер

Қызметтің бұл атаутізімі курорттық қызмет көрсетудің барынша тиімдісі болып табылады. Себебі жолдамаларды санатория-курорттық қымзет көрсету орталықтарына бөлу сақтандырушымен әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тыс қор құралдары есебінен бөлінеді.

Бөлімде мамандандырылған орналастыру құралдары - санаторий-курорттық мекемелердің қызметі туралы ақпараттар жарияланған.

Бұл ішкі сыныпқа кіреді:

- санаторийлердің, санаторий-профилакторийлердің, курорттық емдік пансионаттардың, курорттық емханалардың, бальнеологиялық емхананың, балшықпен емдеу орындарының қызметі;

- тәулік бойғы мамандандырылған санаторлық балалар лагерлерінің қызметі.

Емдік санаторийлер мен пансионаттар - төсектермен жабдықталған және табиғи емдік факторлардың (климат, минералды сулар, емдік балшық және т. б. ) шипалық қасиеттері негізінде нақты мерзім ішінде науқасты еңбекке жарамды ету емімен қамтамасыз ететін емдеу - алдын алу ұйымдары. Олардың барлығы мамандандырылған және бір немесе көп профильді, әдетте курорттар мен емдік сауықтыру орындары шегінде орналасқан. Жинақта бірлік саны туралы, науқастарды қабылдауға дайын, олардың саны ең көп айдағы, төсектер (орындар) туралы және емделіп демалған адамдар саны туралы деректер көрсетілген.

Санатория-профилакторийлер - төсектермен жабдықталған және қызметкерлерді жұмыстан бос уақытында, өндірістен үзіліссіз, емдік-сауықтыру шараларымен қамтамасыз ететін ұйымдар жанында қызмет атқарушы емдеу - алдын алу ұйымдары.

Демалыс үйлері, пансионаттар, базалар мен басқа демалыс ұйымдары, туристік базалар - демалыс үшін арналған, онда демалушыларға нақты мерзімге орналастыру мен тамақтандыру немесе тек орналастыру ұсынылады, сонымен қатар туристік-экскурсиялық қызмет көрсету, және, әдетте, курорттардың, емдеу-сауықтыру орындарының, қала маңындағы аймақтар-дың шегінде орналасқан. Мұндай ұйымдар жыл бойы (жылдық) немесе маусым бойы (маусымдық) жұмыс істей алады.

Санатория-курорттық емдеу - бұл, табиғи емдеу факторлары, преформирленген физикалық факторлар, сонымен қатар дәстүрлі және дәстүрлі емес медицина құралдары мен әдістерін қолдану негізінде халық денсаулығын нығайтуға бағытталған, медициналық профилактикалық, реабилитациялық және емдеу-сауықтыру шараларының кешені. 55 бапқа қосымшадан кейін бірнеше пункттер енгізілді:

Санатория-курорттық емдеу халыққа, жарақаттан кейін немесе басқа да дене ауруларынан кейін медициналық реабилитациялау мақсатында, табиғи емдік факторлар мен профилактикалық, реабилитациялық және емдеу-сауықтыру шараларының кешені негізінде халыққа медициналық көсек көрсетудің бір бөлігі болып келеді.

Денсаулық қорғау секторында атқарушы әкімшіліктің орталық уәкілеттендірілген орган санатория-курорттық емдеуге негіз болатын жарақаттар мен сырқаттар тізімін анықтайды.

Санатория-курорттық орталықтар медициналық көмек көрсететін ұйымдастырушы-құқықтық формасы мен меншіктің формасына тәуелсіз денсаулық қорғау ұйымы статусына ие болады және өз қызметкерлігін тек Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес берілетін медициналық қызметке лицензия негізінде ғана жүзеге асырады.

Санатория-курорттық ұйымды қайта ұйымдастыру оның Денсаулық қорғау секторында атқарушы әкімшіліктің орталық уәкілеттендірілген органының келісімімен ғана өз емдеу-сауықтандыру мамандандырылуын сақтаумен жүзеге асырылады.

Емдеу мен жарақаттарды медициналық реабилитациялауды аяқтау үшін азаматтарға, төлемі түрлі деңгейлі бюджет құралдарынан толығымен немесе бөлшектеп жүзеге асырылатын санатория-курорттық емдеу үшін жолдамалар берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының басшылығы денсаулық қорғау органының азаматтарды санатория-курорттық емдеуді жүзеге асыратын ұйымдармен өзара байланыс ретін, формасын және есептесулерін орнатады.

Курорттық қызмет көрсету санатория-курорттық ұйымның азаматтарға емдеу мен жарақаттар профилактикасы аумағында, сонымен қатар табиғи емдік ресурстарды қолдану негізінде демалыс қызметін көрсету бойынша ғылыми-тәжірибелік қызметкерлігінің төленетін және жасалатын келісімдермен сәйкес жүргізілетін жеке түрі болып саналады.

Осылай, көрініп тұрғандай, курорт - бұл, ең алдымен бойында курорттық ұйымдардың қызметкерлігін қамтамасыз ететін объекттер орналасқан, емдеу және демалу факторы үшін жағымды факторларына ие мекен.

Курорттық қызмет адамға, демалушыға немесе курортта өз денсаулығын қалыптастырушыға пайда, көмек алып келетін әрекет.

Демалушыларға көрсетілетін курорттық қызметтер сәйкес деңгейлі болуы керек. Олардың ішінде көп көлемін негізгі разрядқа жататын курорттың табиғи факторларын қолданумен байланысты қымзеттер алу керек.

Курортқа сәйкес келетін климаттық факторға байланысты, бұл күн радиациясы, теңіз суы, теңіз жағалауы ауасының химиялық құрамы болсын осы факторлармен сәйкес жүргізеді. Оңтүстіктер ішінде бірінші класты климаттық курорттарға Сочи, Анапа, Теберда, Кисловодск және т. б. жатады.

Курорттық санатория өз кемшіліктеріне, қиындықтарына қарамастан денсаулық қорғау жүйесінде өз орны бар.

Кез келген қызмет көрсетуде және курорттық қызмет көрсетуде көбіне көрсетілетін қызметтің сапасы туралы сұрақ көтеріледі. Курорттық қызмет көрсету саласындағы қызметтердің негізінен медициналық жағы көбірек болғандықтан медициналық қызметтер көрсету бойынша міндеткерліктерге назар аударған дұрыс.

Бүгінгі таңда көрсетілетін қызмет сапасы туралы сұрақ барынша жоғарғы шиеленісті және заңнамамен барынша төменгі реттелген болып келеді.

Қызмет сапасы оның затсыз құрамына байланысты Азаматтық Кодекспен арнайы реттелмейді. Заңнама тұтынушыға көрсетілетін қымзет сапасын «Тұтынушы құқығын қорғау туралы» Заң сияқты немесе олармен сәйкес қолданылатын басқа да құқықтық актілер көмегімен қарастырады. Көрсетілген заңның қызмет сапасының қасыбір критериін қарастырмайтындығын ескерген жөн.

1. 3 Қазіргі жағдайдағы қоғамдық денсаулықты қалыптастыратын әлеуметтік факторлар

Қазақстан Республикасы халқы денсаулығының жай-күйі, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және денсаулық сақтау жүйесiнiң дамуы соңғы онжылдықта оң үрдiстермен де, сол сияқты терiс үрдiстермен де сипатталды.

Соңғы жылдары негiзгi медициналық көрсеткiштердi - тууды, өлiм-жiтiмдi, өмiр сүрудің орташа ұзақтығын тұрақтандыруға қол жеткiзiлдi. Жұқпалы аурулармен ауыру төмендедi. Денсаулық сақтау саласында бiрқатар реформалар жүргiзiлді, олардың бір бөлiгi табысты iске асырылды, басқалары өзiнiң қисынды жалғасына жетпеді. Соңғыларына мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiн құруды, отбасылық медицина моделiне көшуге әрекеттенудi жатқызуға болады. Солардың арасынан саланың нормативтiк құқықтық базасын құруды, денсаулық сақтауды қаржыландырудың елеулi ұлғаюын оң өзгерiстер ретiнде атап өткен жөн, бұл бірқатар қазiргi заманғы клиникалардың құрылысын жүзеге асыруға, медициналық ұйымдарға күрделi жөндеулер жүргiзуге және материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға, емдеу-диагностикалық процесіне медициналық технологиялар енгiзуге мүмкiндiк туғызды. Медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту және оның қолжетімділігін арттыру нәтижесiнде бiрқатар жұқпалы және басқа да ауруларға қатысты халық денсаулығының жай-күйінде оң үрдiстерге қол жеткізілді. Алайда республика халқының денсаулық жағдайы өлшемiнiң көптеген бөлігі қанағаттанғысыз болып отыр.

Қазақстанда соңғы жылдары белгілi бiр медициналық-демографиялық өзгерiстер болды. Республикада халықтың саны 2009 жылы 1999 жылмен салыстырғанда 49, 6 мың адамға өстi және 2004 жылдың басында 14 951, 2 мың адамды құрады.

2009 жылы бала туу көрсеткiшi халықтың 1000 адамына шаққанда 17, 2-ні құрады және 1999 жылмен салыстырғанда 1, 2 есе өстi. Республикада бала туудың өсу үрдiсi 1999 жылдан бастап байқалып отыр.

Соңғы 5 жыл iшiнде халықтың табиғи өсiмi 1000 адамға шаққанда 2009 жылы 6, 7-ні құрай отырып, 1, 6 есе өстi. 1999 жылдан бастап халықтың өлiм-жiтiм коэффициентiнiң болмашы өсуi байқалады, ол 1000 адамға шаққанда 2009 жылы 1999 жылғы 9, 7-ге қарағанда, 10, 5-тi құрады. Соңғы 5 жыл iшiндегi ерлер мен әйелдер өлiм-жiтiмiнiң неғұрлым үлкен жас мөлшерi коэффициентi 70 және одан да астам жасқа сәйкес келедi, ол жас мөлшерi тобын 1000 адамға шаққанда 2002 жылы тиiсiнше 104, 51-дi және 79, 98-дi құрады. Халықтың өлiм-жiтiм құрылымында жүрек-қан тамыры, онкологиялық аурулар, жарақаттану жетекшi орын алады. Өлiм-жiтiм құрылымының көрсеткiштерiн бұрмалау факторларының бiрi - өлiм себебiн тиiмдi сараптау жүйесiнiң жоқтығы болып табылады.

Республика халқының болжамды орташа өмiр сүру ұзақтығы соңғы 5 жыл iшiнде тұрақтанды және 2009 жылдың соңына қарай 65, 9 жасты: ерлерде - 60, 5 жасты, әйелдерде - 71, 5 жасты құрады.

Қазақстан Республикасы халқының жалпы науқастанушылық көрсеткiшi серпiндi өстi және 2009 жылы халықтың 100 мың адамына шаққанда 1999 жылғы 47972, 8-гe қарағанда 56413, 9-ды құрады.

Науқастану құрылымында халықтың 100 мың адамына шаққанда бiрiншi орынды - тыныс алу ағзаларының аурулары (22160, 6), екiншi орынды - жарақаттар мен уланулар (4003, 7), үшiншi орынды - несеп-жыныс жүйелерiнiң аурулары (3948, 6), төртiншi орынды - терi және терi асты клеткаларының аурулары (3847, 0), одан соң ас қорыту ағзаларының аурулары (3688, 7), көз және онымен байланысты аурулар (2748, 2), жұқпалы және паразиттiк аурулар (2482, 1) алады. Әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардың арасында 2009 жылы бiрiншi орынды наркологиялық аурулар алды (халықтың 100 мың адамына шаққанда 424, 4), ол бұл тiзбеде өзге де аурулардың көрсеткiшiнен 4 есе және одан да асып түстi.

Республикада сәби өлiм-жiтiмi көрсеткiшiнiң азаю үрдiсi бар, алайда, тұтастай алғанда, Еуропа елдерiмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болып отыр және 2009 жылы 1000 тiрi туғандарға шаққанда 15, 3-тi құрады. Бұл ретте, осы көрсеткiштiң ДДҰ-ның ұсынымдары ескерiлмей есептелгендiгiн атап көрсеткен жөн.

Ана өлім-жiтiмi көрсеткiшiнiң 1999 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 100 мың тірі туғандарға шаққанда 65, 3-тен 42, 1-ге дейiн азайғандығы байқалады. Республикада ана өлiмi негізгi себептерiнiң бiрi - әйелдер денсаулығы индексiнiң төмендiгi болып табылады, ол 20-30%-тi құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи рекреациялық ресурстарының географиясы және оларды халықтың демалыс орындары ретінде пайдалану ерекшеліктері
Қазақстанның емдік лайды қолданатын курорттары
Оңтүстік Қазақстан облысының біріккен кәсіпорындарының қаржыларын ұймдастырудың теориялық негіздері
Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы денсаулық
Курорттар мен санаториялардың негізгі топтары
АЛАКӨЛ көлінің емдеу қасиеттері
Қазақстан Республикасының емдік-сауықтыру орындарына баға беру
Бәсекелік артықшылықтың ішкі кәсіпорынның факторлары
Кәсіпорындaғы инвестицияның экономикалық негіздері ретінде
Ұйым қызметкерлерінің функциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz