Туристік ресурстарды игерудегі шетелдік тәжірибе


КІРІСПЕ
Туризм - әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін, ең тұрақты дамып келе жатқан саласы. өсу қарқынының жылдамдығына сәйкес, туризм ғасырдың экономикалық құбылысы ретінде танылуының өзі кездейсоқтық емес. Ел дәулетін ешбір шығынсыз артырудың ең төте жолы қайсы дегенде, көпшілік алдымен ауызға туризмді алады. Себебі, әлемдік тәжірибенің өзі көрсетіп отырғандай, аршынды адыммен алға кеткен мемлекеттердің көпшілігі өз қоржындарын түрлі инвестициялармен толтыру кезінде көбіне көп осы салаға арқа сүйейді.
Туризм еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетумен қатар өлкеміздің абырой-беделін арттыруға жұртшылықтың білім-танымының жоғарылауына, ақпарат таратудың жаңа түрлерін енгізуге ықпал етеді. Туризмнің дамуының жоғары қарқыны, валютаның зор түсімдері экономиканың әртүрлі секторларына белсенді әсер етеді, бұл туристік индустрияның қалыптасуына көмек береді. Туристік индустрия туризм жүйесінің бір жағын құраса, туризм жүйесінің екінші жағы -- туристік ресурстар. Туристік ресурстар дегеніміз табиғи, тарихи, әлеуметтік-мәдени объектілер, туристік көрсету объектілері, сонымен қатар, туристердің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, олардың физикалық және рухани күштерін қайта қалпына келтіру үшін көмек беруге қабілеті бар басқа да объектілер [1] .
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - бұл елдің мәдени, тарихи және табиғи потенциалы қаншалықты туризмге әсер етеді екенін және сол арқылы туристерді қалайша қызықтыруға болатынын көрсету.
Негізгі мәселелеріне еліміздің тарихи-мәдени, табиғи ресурстарды пайдаланудағы мәселелерін талдау мен шешу жолдарын табу. Сонымен қатар, туристік ресурстарды пайдалануда халықаралық тәжірибеге сүйене отырып тиімділігін арттыру жолдары қарастырылды. Қазақстан Республикасының туристік ресурстарын халықаралық туристік нарыққа шығару амалдары туристік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруда негізгі жұмыс. Және де мемлекет тұрғыдан ҚР туристік ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары мен міндеттері сарапталды.
Осы тақырыпты таңдаған себебім, туризмді дамытуда маңызды орын алады. Туристік ресурстарды қалай пайдалансақ, солай туризм инфрақұрылымы, туристік индустрия дамиды. Туристік объектілерді пайдаланудың өзі қазіргі кезде өзекті, өте күрделі мәселе.
Туризм кәсіпкерлікпен, іскерлікпен айналысу үшін даму болашағы зор экономика саласы болып табылады. Қазір елімізде туристік қызметті жүзеге асыруға қолдау, қаржыландыру жүріп жатыр. Егер өзімізде кәсіпкерлікке қаражат жетпесе, мемлекеттік қолдауға жүгіну керек. Туристік кәсіпорын немесе кешен ашуда қыруар ақша қажет, себебі, туристерге демалуға барлық жағдай жасап, жоғары сапада қызмет көрсетуге міндеттіміз.
Бұл тақырыптың өзектілігіне келетін болсақ, біздің еліміздің туризмді дамытуға зор әлеуеті бар. Әрқилы географиялық ландшафт, өте бай флора мен фауна, төлтума ұлттық мәдениет біздің елімізде туризм индустриясын ойдағыдай дамытудың барлық шарттарын жасап отыр, деп санайды сарапшылар. Табиғи, тарихи және мәдени ресурстарды пайдаланып туризмді дамыту мақсатында туристік бағдарламалар мен шаралар дайындалуда.
Ең бастысы қазақ қонақжай халық ретінде туризмге нағыз керек қасиеттен кенде емес. Оның үстіне бұрыңғы туризмі дамыған елдерде лаңкестік әрекетердің бой көрсетуі онда туристердің көптеп баруына шектеу қойып отыр. Ойдағыдай демалғысы келген адам тұрақты даму жолына түскен, тыныш өмір сүріп жатқан елдерге ғана саяхатқа шыққанды ұнататыны белгілі. Бұл тұрғыда Қазақстан таптырмайтын орын.
Қонақтардың көбейгені жатар орын мен тамақтандыру, мәдени және байланыс қызметін жақсартуды талап ететіні анық. Сол себепті елімізде туристік салаға жауап беретін құзырлы орындар шетелдіктердің көңілінен шығатын барлық шараларды қарастырып жатыр. Арнайы жарнамалау компаниясы бірқатар елдерде Қазақстанның көрікті жерлерін кең ауқымды насихаттамақшы [2] .
Жан-жағын заңғар тау қоршаған Алакөл мен Жалаңашкөлдің суы мен балшығының емдік қасиеті аса шипалы екендігін біреу білсе, біреулер білмейді. өзен мен көлге бай, теңізі шалқыған республикада су туризмін жандандырудың да берері мол. Қазақстанда атақты ¦лы Жібек жолының туристер үшін қайтадан жаңғыруы құптарлық жайт. 2003 жылдан бастап жүзеге асырылған «Жібек Жолы інжу-маржаны» маршрутын Австрия, Германия, Швейцария елдерінің туристері жоғары бағалауда.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі негізделеді және дипломдық реттеудің мақсаты мен негізгі мәселелері анықталады, зерттеу нысаны мен мәселені зерттеу әдістемесі көрсетілді.
Бірінші бөлімде туристік ресурстардың мәні мен маңызы ашылады және туристік ресурстарды сақтау мен қорғаудың теориялық негіздері қарастырылады. Екінші бөлімде ҚР туристік әлеуеті бағаланып, мемлекеттік қолдаудың жүзеге асырылуын зерттеуге арналады. ‡шінші бөлімде туристік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру және ҚР туристік ресурстарының пайдалану тиімділігін арттыру мен ҚР туристік ресурстарын халықаралық нарыққа жылжыту жолдары қарастырылады.
Жұмыстың теориялық-әдістемелік негізі - туристік ресурстарды пайдаланудың көпжылдық қорытынды тәжірибелері болып табылатын ресейлік, қазақстандық және шетелдік авторлардың жұмыстары.
Дипломдық зерттеуде нормативтік және заңшығарушылық құжаттар, мақалалар, кітапхана құжаттары қолданылады. Соңында келтірілетін қосымшалар зерттеу жұмысының барысын көрсетеді.
- Туристік ресурстар және оны пайдаланудың теориялық негіздері
1. 1 Туристік ресурстардың мәні мен маңызы және олардың жіктелуі
Белгілі бір территориялардың туризм дамуы үшін қолайлығы мен құндылығын анықтау мақсатында туристік ресурстарды зерттеу болып табылады. Олар туристік-экскурсиялық қызметтерді өндіруге және емделу, спорттық-сауықтыру және танымдық туризмдегі қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдалы қоршаған орта құбылыстары және табиғи мен жасанды объектілердің жиынтығы болып табылады. Алайда туристік ресурстар терминін трансформациялана қойған табиғи және антропогенді ландшафтың үйлесімділігі ретінде түсіну керек. Бұл ландшафт оларды туристік-экскурсиялық қызмет көрсетуде тікелей қолдану мүмкіндіктері мен қоғамдық қажеттіліктер ықпалында технологиялық деңгейіне дейін жетілген.
Қазіргі заманғы туризм осы ресурстардың орналасу ерекшеліктері мен сапасын ескереді. Туристік ресурстар жиынтығын екі үлкен топқа бөлуге болады: табиғи және әлеуметтік-экономикалық.
Л. А. Багрова, Н. В. Багров, В. С. Преображенский анықтамасы бойынша табиғи ресурстар бұл - рекреациялық қызмет үшін жайлылық қасиеттерін иемденетін табиғи және табиғи-техникалық геожүйелер, денелер және табиғат құбылыстары. Олар біршама уақыт ішінде адамдардың белгілі бір контингентіне емделу мен демалуды ұйымдастыру үшін қолданыла алады [3] .
ҚР Статистика агенттігінің жіктемесі бойынша табиғи ресурстарға парк, мемлекеттік табиғи қорық, мемлекеттік ұлттық табиғи парк, мемлекеттік табиғи резерват және хайуанаттар паркі жатады.
Парк - ағашты, көкмайсалы алабы бар, табиғи және мәдени-рекреациялық объект болып табылатын, мәдени демалысты ұйымдастыратын және халық арасында дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізетін кешенді, көпфункциялы мәдениет мекемесі.
Мемлекеттік табиғи қорық - табиғи процестерді, бір үлгідегі және бірегей экологиялық жүйелерді, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің биологиялық алуан түрлілігін және генетикалық қорын табиғи қалпында сақтап зерттеуге және дамытуға арналған ерекше қорғауға алынған табиғи аумақ.
Мемлекеттік ұлттық табиғи парк - ерекше экологиялық, рекреациялық және ғылыми құндылығы бар табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді сақтауға, қалпына келтіруге және көп профильді пайдалануға арналған ерекше қорғанысқа алынған табиғи аумақ.
Мемлекеттік табиғи резерват - ландшафттық және биологиялық алуан түрлілікті сақтауға және қалпына келтіруге, осы аумақта табиғи ресурстардың тұрақты дамуын және теңгерімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге арналған әртүрлі қорғау режимдері бар ерекше қорғанысқа алынған табиғи аумақ.
Хайуанаттар паркі - хайуанаттар паркіне бөлінген, туристердің келуіне ашық алаң [4] .
Шипажай ісі бойынша туристік ресурстар объектілер ретінде үшке бөлінеді: биоклимат, ландшафт және гидроминералды ресурстар. Биоклимат дегеніміз климаттың адам ағзасына әсерін анықтайтын фактор. Ландшафт бұл - рельефтен, су объектілерінен және өсімдіктен тұратын біртұтас жүйе. Гидроминералды ресурстарға минералды сулар мен емдік саз-балшықтар жатады. Минералды сулар дегеніміз компоненттері иондардан, диссоциацияланбаған молекулалар, коллоидті бөлшектер және еріген газдар түрінде болатын күрделі ерітінділер. Емдік саз-балшықтар бұл - адам гормондары мен дәрумендерге ұқсас органикалық және минералды заттардан тұратын пластикалық массалар.
Туристік ресурстар кешенінде тұрғылықты пунктерде және аралық территорияларда орналасқан әлеуметтік-экономикалық ресурстар маңызды орын алады. Олар рекреациялық ағымдар мен экскурсиялық маршруттарды тұрақтандыра отырып танымдық туризмнің дамуына сілтеме болып қызмет етеді.
Әлеуметтік-экономикалық ресурстарға тарихи-мәдени нысандар (ескерткіштер мен ескерткіш жерлер, мұражайлар, галереялар және т. б. ) және құбылыстар (этнографиялық, саяси, өндірістік және т. б. ) жатады. Бұл ресурстар өз ішінен, бір жағынан материалды және рухани, екінші жағынан қозғалмалы және қозғалмайтын болып бөлінеді.
Материалдықтар өндіріс құралдарының жиынтығын және қоғамның дамуының әр тарихи кезеңдеріндегі басқа да материалдық құндылықтарды қамтиды. Ал рухани - қоғамның білім, ғылым, өнер, әдебиет саласындағы, мемлекеттік және қоғамдық өмірді ұйымдастыру, тұрмыс пен еңбектегі жетістіктер жиынтығы. Қозғалмайтын ресурстар тобын құрайтындар тарих, қала салу, архитектура, археология және монументалды өнер ескерткіштері мен басқа да құрылғылар, соның ішінде архитектураның бөлінбес бөлігі болып табылатын өнер ескерткіштері. Қозғалмалы ресурстар тобына өнер ескерткіштері, археологиялық қазбалар, минералогиялық, ботаникалық және зоологиялық жинақтар, құжат ескерткіштері мен орын ауыстыруға қолайлы басқа да заттар мен құжаттар жатады. Осы топтың рекреациялық ресурстарын тұтыну шоғырланатын мұражайлар, кітапханалар, архивтерге кіріп шығумен байланысты.
Тарих пен мәдениет ескерткіштерін маңызды белгілер бойынша бес негізгі түрге бөлінеді: тарихи, археологиялық, қала салу мен архитектура, өнер, құжатты ескерткіштер. Тарих ескерткіштеріне ғимараттар, құрылыстар, ескерткіш жерлер жатады. Оған сонымен қатар халық өмірінің маңызды тарихи оқиғаларымен, қоғам мен мемлекеттің дамуымен, төңкерістік қозғалыспен, халықаралық бірегейлікті бекітумен, сонымен қатар ғылым мен техниканың, халықтардың тұрмысы мен мәдениетімен, атақты саяси, мемлекеттік, әскери қызметкерлердің, халық батырларының, ғылым, әдебиет және өнер қызметкерлерінің өмірлерімен байланысты заттар.
Археология ескерткіштері - бұл қалашықтар, қорғандар, ежелгі баспаналар, бекіністер, өндіріс, каналдар, жолдар қалдықтары, көмудің ежелгі орындары, тастағы, жартастағы суреттер, көне заттар, көне тұрғылықты пунктердің мәдени, тарихи қабаттары.
Архитектура мен құрылыс ескерткіштеріне тән объектілер: архитектуралық ансамбльдер мен кешендер, тарихи орталықтар, кварталдар, алаңдар, көшелер, ежелгі қала салу мен жоспарлау қалдықтары, азаматтық, өндірістік, әскери, архитектура құрылыстары мен солармен байланысты монументалды, бейнелеу, безендіру-қолданбалы, бау-бақша, саябақ өнерлерінің шығармалары.
өнер ескерткіштеріне монументалды, бейнелеу, безендіру-қолданбалы және өнердің басқа да шығармалары жатады.
Құжатты ескерткіштер - мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару органдарының актілері, басқа да жазбаша және графикалық құжаттар, кинофотоқұжаттар мен дыбыстық жазулар, сонымен қатар ежелгі және басқа да қолжазбалар мен архивтер, фольклор мен музыка жазбалары, сирек кездесетін басылымдар.
Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстарға адамдардың тарихы, мәдениеті мен қазіргі қызметімен байланысты басқа да объектілерді жатқызуға болады: өндіріс, ауылшаруашылық, көлік кәсіпорындары, ғылыми мекемелер, жоғары оқу орындары, театрлар, спорт құрылыстары, ботаникалық бақ, зоопарктер, океанариялар, этнографиялық және фольклорлық көрнекі орындар, сақталынып қалған халықтың салт-дәстүрлері, әдеп-ғұрыптары және т. б.
Туризм мақсаты үшін қолайлы табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бар территориялар әлі толық туристік ресурстар бола алмайды. Олар тек туристік шаруашылықпен игерілу мүмкіндігі мен сәйкес қажеттілік туғанда ғана туристік ресурстарға айнала алады.
Табиғи кешендердің туристік-рекреациялық ресурстар тобына өтуі келесідей жүргізіледі:
1. Табиғи кешендер шынайы құрылымдар болып табылады, туристік сұраныстың жоқтығынан олар ресурстар сипатына ие емес;
2. Туристік сұраныстың пайда болуы табиғи кешендердің зерттеу мен бағалауды талап етеді;
3. Қоғамдық қажеттіліктердің іс-әрекетімен құралдар мен еңбек енгізу күшімен ең құнды табиғи кешендер ресурстарға айналады;
4. Туристік сұраныс көлемінің ұлғаюы қасиеттері аз табиғи кешендердің мелиорациядан кейін ресурстар тобына өтуіне әкеледі.
Осыған ұқсас процесс әлеуметтік-экономикалық объектілердің экскурсиялық-рекреациялық ресурстар тобына өтуі кезінде де бар. Алғашында мәдени-тарихи және этнографиялық объектілерге деген туристік сұраныс экскурсиялық туризмде сақталғандар мен қолайлыларын зерттеу, бағалау және пайдалануға әкеледі. Сұраныстың ұлғаюы және құнды рекреациялық белгілерінің дамуы, халықтың мәдени дәрежесін көтеру пайдаланылатын объектілер шеңберінің кеңеюіне көмектеседі, олардың көбісі арнайы реставрациялық жұмыстардан кейін экскурсиялық көрсетілімге енгізіледі. Алдыңғы ұрпақтардың еңбек пәні ретінде танымдық сипатта туристік қызмет өндірісі үшін әлеуметтік-экономикалық объектілер көрсетіледі.
Туристік-рекреациялық ресурстар - тарихи ұғым, өйткені ғасырдан ғасырларға ресурстардың дербес түрлерінің рөлі мен оның құрылымы өзгеріп отырды. Бұл табиғи және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жаңа элементтері айналымға кіргізілді және кіргізіледі.
Туризмнің әр түрінің ресурстары спецификалық сипатқа ие. Санаториялы-шипажайлы демалыс үшін емдік саз-балшық пен минералды сулардың көптеген түрлері, шипалы әсер беретін ауа райы мен климат, өзіндік микроклиматы бар үңгірлер мен тұзды жерлер (спелеотерапия) қажет.
Сауықтыру демалысы күткен нәтижені тудыратын жағымды және жайлы климаттық кезеңдер, су, өсімдік, рельеф және ландшафтының басқа да элементтері мен қасиеттері негізінде дамиды.
Спорттық туризм және санаттағы саяхаттар үшін өтімділік пен кедергілердің болуы ауданның аз халқы мен алыстылығы сияқты территорияның қасиеттері маңызды. Экскурсиялық туризм объектілері ретінде тарихи-мәдени және табиғи көрнекті орындары, бірегей шаруашылық объектілері, фольклорлы мейрамдар және халық мәдениетінің элементтері (ұлттық ойындар, көркем өнер) шығады.
Туристік-рекреациялық ресурстардың маңызды сипаттамаларына келесілер жатады:
- Қорлардың көлемі (минералды су дебиті, құнды рекреациялық территориялар ауданы, туристік орталықтардың экскурсиялық потенциалы (сағат бойынша) ;
- Ресурстардың таралу ауданы (жағажай өлшемі, территорияда судың, орманның болуы, тұрақты қар қабығының шекарасы) ;
- Мүмкін пайдалану кезеңі (жағымды климат кезеңінің, шомылу кезеңінің ұзақтығы, қардың тұрақты болу кезеңі) ;
- Ресурстардың көп бөлігінің территориялы қозғалмайтындығы;
- Салыстырмалы түрде төмен болатын капиталсыйымдылық және пайдалану шығындарының жоғары емес құны;
- Табиғатты саналы пайдалану нормаларын сақтауда және рекультивация мен жайғастыру бойынша қажет іс-шараларды жүргізуге көп ретті пайдалану мүмкіндігі.
Қазіргі кезде демалыс пен туризм ресурстарының мынадый жіктемесі де бар: тікелей және жанама. Біріншісіне туристердің өздері қолданатын ресурстары жатады. Ландшафт әсемділігі мен экзотикалығы, жердің емдік-сауықтыру қасиеттері, тарихи-мәдени ескерткіштер мен басқа да танымдық объектілер және т. б. Туризм индустриясының қалыптасуына негіз болып табылатын тікелей туристік ресурстарды игеру үшін жанама ресурстарды тарту қажет - шикізат, отын-энергетикалық, материалдық, қаржы, еңбек және т. б. Бұл жіктеме туризм мақсаты үшін территорияларды пайдалану спецификасын көрсетеді және тікелей туристік-рекреациялық ресурстардың жетекші рөлін анықтайды.
Туристік-рекреациялық ресурстар туризмнің территориялық ұйымдастырылуына, туристік аудан мен орталықтың қалыптасуына, оның мамандануы мен экономикалық тиімділігіне әсер етеді. Бұл тікелей емес әсер көптеген әлеуметтік-экономикалық факторлармен және туристік қажеттіліктер көлемімен, құрылымымен жалғасады.
Елдегі туристік-рекреациялық қызметті территориялық ұйымдастырудың ғылыми негізделген ұзақмерзімді болжау барлық рекреациялық ресурстарды табу, жинақтау және бағалау бойынша үлкен жұмыстар жүргізуді талап етеді. Ол үшін елдің барлық аудандарының тұрғылықты халқының рекреациялық ресурстар түрлері мен сапасына талаптар мен қажеттіліктер бірдей еместілігін ескеру керек.
Туристік өнімді қалыптастыру ретінде әрине туристік ресурстар болып табылады. Қолайлы климаты және емдік қайнар көздері бар елде туризмнің ерте дамығаны кездейсоқ емес. Бұл ресурстар туристік қозғалысқа қатты әсер етеді. Осы қозғалысқа белгілі бір бағыт береді және құрылымын қалыптастырады. Табиғи ресурстардың көбісін туризм мақсатында қолдану барысында азаяды. Олардың кейбіреуі жанармайды, кейбіреуі өзі немесе адам арқылы қалпына келтіріледі.
- Туристік ресурстарды пайдалану және оларды қорғау
Қазіргі кезде ақпараттық технология дамыған соң кез келген ақпаратты периодты басылымдардан, көркем әдебиеттерден және басқа да көздерден алуға болады. Сонда да «мың естігеннен бір көрген артық» деген қанатты сөз өз маңызын жоғалтпайды. Сондықтан, туристерді тартуға құштар аймақ өзінің мәдениетіне қызығушылық тудыратын арнайы бағдарламалар мен шараларды парасатты түрде жоспарлап дамытуға және потенциалды туристерді тарту мақсатында өзінің мәдени потенциалы жайлы ақпарат таратуға тиісті.
Дүниежүзілік мәдени және туристік қызметті үйлестіру мен стандартизациялауға ЮНЕСКО мен БТҰ (ВТО) жетекші рөлді ойнайды. Осы халықаралық ұйымдар жүргізетін бас ассамблеялар, конференциялар және басқа да шаралар халықаралық ынтымақтастықтың ұтымды механизмі болып табылады, ал оларды қабылданаған шешімдері тәжірибелік мінездемелерді ұлттық деңгейде жетілдіруге негіз болып табылады. ЮНЕСКО - ның туризмнің келесі дамуына сақтаудың маңызын көрсететін мәдени, тарихи және табиғи мұраны қорғау бойынша конвенциялары ерекше. Мәдениет саласындағы дүниежүзілік саясатты анықтаған Бүкіләлемдік конференция шегінде мәдени, тарихи және табиғи мұраны қорғау және қолдану негізінде туризмді дамыту жолдары жайлы мінездемелер қабылданды. Мәдениет пен туризм саласындағы ынтымақтастық принциптері Манила және Мехикода қабылданған декларацияларда өз орнын тапты.
Тарих, табиғат пен мәдениет ескерткіштері мемлекеттің ұлттық игілігі болып табылады. Территорияны туристік мақсатта меңгеру «сақта - қалпына келтір - зиян келтірме» принципі бойынша ұқыпты тәсілді талап етеді.
Аймақтардың көбісі ежелгі қалалар, усадьбалық және сарай-саябақтық ансамбльдер, өзіндік архитектуралық кешендер, тарихи құрылыстар, тарихи-мәдени ескерткіштер және т. б. тәрізді бірегей тарихи территориялармен бай. Олар қатып қалған территориялық құрылым болып қалмау керек. Бірегей территорияларды ұйымдастырғанда дәстүрлі қызмет түрлерін, тарихи қалыптасқан территорияларды туризмді дамытуға қажетті жаңашыл түрлерімен сәйкестендіру керек. Қызметтің жаңа түрлері қалыптасқан шаруашылық, әлеуметтік-мәдени және табиғи процестерді толықтыруға тиісті.
Туристік инфрақұрылымның дамуында территорияның тарихи бейнесін жоймау керек. Әрбір қайта құрылған туристік орталық ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрге сай болу керек, сонымен қатар өзінің қайталанбайтын бейнесі болу керек. Табиғи-тарихи саябақтарды құру тарих пен мәдениеттің құнды ескерткіштерін тұтас архитектура - ландшафт және мәдени кешендер ретінде сақтап қалуға көмектесе алады. Жасанды, табиғи және дәстүрлі ландшафт тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау және қайта келтіру керек.
Мәдени-тарихи кешендерді жаңарту кезінде ансамбль принципін және объектілерді жеке жобалауды қолдануға болады.
Мәдени, тарихи және табиғи мұра келесі санаттарға бөлінеді:
1. Негізінен туристер пайдаланатын игіліктер (фестивальдар, көріністер, ескерткіштер және т. б. ) ;
2. Аралас пайдаланатын игіліктер (мәні жоғары емес тарихи ескерткіштер мен мұражайлар, театрлар, қорықтар және басқалары) ;
3. Негізінен жергілікті халық пайдаланатын игіліктер (азаматтық құрылыстар, діндік объектілер, кинотеатрлар, кітапханалар және т. б. ) .
Мәдениет пен туризм саласындағы әртүрлі ұйымдардың ұтымды ынтымақтастығын қамтамасыз ету үшін ортақ істің негізгі бағыттар туралы өзара ақпараттылық қажет. Туризмді дамыту саясаты келесі негізгі аспектілерді көрсету керек:
- Туристік ресурстар тізімін дайындау; әсіресе, мәдени, тарихи, табиғи мұраны жіктеу және туризмді дамыту үшін ең маңызды объектілерді анықтау;
- Негізгі туристік аймақтарды және туристік мақсаттағы орындарды анықтау, сонымен бірге жергілікті мәдени, табиғи, тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндеі сәйкес келетін шараларды қамтамасыз ету;
- Жасанды және табиғи, материалды және материалды емес объектіліер, сонымен қатар жергілікті халықтың шығармашылығы (өнер, қолөнер, фольклор) кіретін ұлттық игіліктерді туризм мақсатында пайдалану;
- Жергілікті халық пен туристерді аймақтың мәдени құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеуге бағытталған шаралар өткізу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz