Туристік - рекреациялық ресурстар туралы түсінік



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Рекреациялық ресурстарды кешенді бағалау әдістемесінің теориясы

1. Туристік– рекреациялық ресурстар туралы түсінік ... ... ... ... ... 4-6
2. Територияға рекреациялық баға берудің әдістемесі ... ... ... ... 6-11
3. Демалыс пен туризм үшін территорияны аудандастыру ... ...11-13

ІІ Туристік объектілердің туристерді қабылдау мүмкіндіктері

2.1 Рекреациялық сыйымдылық туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... 13-
16
2.2 Рекреациялық қажеттіліктерді қалыптастыратын факторлар (экономикалық,
әлеуметтік, экологиялық) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16-18

ІІІ
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 19

ІV Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.20

Кіріспе

Біздің елімізде саяхатқа шығып, аралап, демалатын көрікті жерлер көп.
Демалудың танымдылық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық және
рекреациялық қызметі де бар. Рекреациялық демалудың түрі жыл сайын көбие
түсуде.
Реакция дегеніміз – физикалық және рухани күштерді қалпына келтіруді
айтамыз.
Рекреациялық географияның негізгі 3 бөлігі бар олар: бос уақыт, демалыс,
туризм.
Демалыс дегеніміз – бұл күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталмаған қандай да бір болмасын адамның іс-әрекеті.
Бүгінгі таңда белсенді тынығудың кең тараған түрлерінің арасында
рекреациялық демалудың келешегі өте зор екенін сеніммен айта аламыз.
Қазақстанның ұшы қиырсыз кең даласында туристік – рекреациялық
ресурстардың түрі сан алуан және оларды дамытуға мүмкіндік мол.

І Рекреациялық ресурстарды кешенді бағалау әдістемесінің теориясы
1.1 Туристік – рекреациялық ресурстар туралы түсінік

Туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз туристік-экскурсиялық
қызметке және емдеу, спорттық-сауықтыру, танымдық туризмге жарайтын,
табиғаттың және адамдардың күшімен салынған объектілер мен қоршаған ортаның
құбылыстарының жиынтығы. Барлық туристік – рекреациялық ресурстардың
жинағын үлкен топқа бөлуге болады: табиғи және әлеуметтік – эканомикалық
және мәдени-тарихи.
Л.Н.Багров, В.С.Преображенскийлердің (1977) анықтамасы бойынша, табиғи
рекреациялық ресурстар – бұл рекреациялық іс әрекет үшін комфорттық
қасиеттерге толы, белгілі уақыттарда демалыс және сауықтыру жұмыстарын
ұйымдастыруға болатынын табиғи және табиғи-техникалық геожүйелер, табиғи
денелердің құбылыстары. Әлеуметтік – эканомикалық рекреациялық ресурстарға
тарихи-мәдениет объектілері (ескерткіш, атақты жерлер және мұражайлар т.б.)
және құбылыстар (этнографиялық, саяси, өндірістік т.б.) жатады. Бұл
ресурстар бір жағынан материалдық және рухани болып жіктелсе, екінші
жағынан қозғалатын және қозғалмайтын болып жіктеледі.
Материалдық жағы өндірістік әдістерді және басқа да қоғамның
материалдық бағалы заттардың жинағын, оның тарихи даму сатысын қамтыса,
рухани жағы – қоғамның жетістерін - білім, ғылым, өнер, әдебиет жағынан
қамтиды.
Қозғалмайтын ресурстар тобын құрайтындар мыналар:
тарихи ескерткіштер, қалалар және сәулет өнерінің нышандары, археология
және монументтік өнер.
Қозғалмайтын ресурстар тобына жататындар: өнер ескерткіштері,
археологиялық ізденістен табылған заттар, минералогиялық, ботаникалық және
басқа заттарды оңай қозғауға болатын қандай да бір объектілер.
Тарихи және мәдени ескерткіштер негізгі белгілеріне байланысты бес
негізгі түрге жіктеледі: тарих, археология, сәулет өнері және қала
құрылыстары, өнер, деректі ескерткіштер.
Тарихи ескерткіштерге үйлер, құрылыстар, қоғам мен мемлекеттің
дамуына байланысты ескерткіш орындары мен заттар жатады.
Археология ескерткіштеріне жататындар:ескі қаланың орны, төбелер,
ескі үйлердің орны, бекіністер, өндіріс, су құбырлары, жол, ескі молалардың
орны, тасты мүсіндер, тастағы бейнелер.
Сәулет өнері және қала құрылыстары ескерткіштеріне жататындар: сәулет
ансамбльдері мен кешендері, тарихи орталықтар.
Өнер ескерткіштеріне монументтерді бейнелеу, декаративті қолданбалы
шығармалар және басқа да өнер түрлері жатады.
Деректі ескерткіштеріне – мемлекет биліктерінің актілері, бейне-,
фотоқұжаттар және таспа жазулар, сондай-ақ көне және басқа қолжазбалар мен
архивтер, фольклор мен музыка жазбалары, сирек кездесетін баспалар жатады.
Әлеуметтік – экономикалық ресурстарға тарихпен, мәдениетпен және
қазіргі адамдардың іс-әрекетімен байланысты басқа да объектілерді жатқызуға
болады. Мысалы, тамаша салынған спорт кешені, хайуанат паркі, ботаникалық
бақтар,ғылыми мекемелер, жоғары оқу орындары, өндірістік мекемелер,
театрлар, этнографиялық және фольклорлық көз тартарлық көрнекті орындар,
халықтық әдет-ғұрып және т.б.
Есте сақтау керек: территория табиғи және әлеуметтік – экономикалық
жағынан өзінен-өзі туризмге қолайлы туристік ресурс бола алмайды. Егер оған
сұраныс болса және оны игеруге туристік шаруашылық мүмкіндіктері табылса,
онда олар туристік ресурстарға айналады.
Табиғи кешендер туристік – рекреациялық ресурстар класына мынандай үлгі
бойынша өте алады. 1) табиғи кешендер жаратылыс бойынша өмір сүре береді,
бірақ туристік сұраныс болмаса, ресурстық сипаттама ала алмайды. 2)
туристік сұраныстың болуы табиғи кешендерді тексеріп бағалауды қажет етеді;
3) қоғамдық қажеттіліктің арқасында өте бағалы кешендер ресурстарға
айналады; 4) туристік сұраныстардың көбеюінің арқасында нашар табиғи
кешендер де өңдеуден өткізіліп, туристік ресурстар класына енгізіле
бастайды.
Нақ осындай процесстердің арқасында әлеуметтік-экономикалық объектілер
экскурсиялық рекреациялық ресурстар класына өтеді. Туристік сұраныстың
арқасында мәдени және этнографиялық объектілер тексеріліп, экскурсиялық
туризмге жарамдылығы туралы баға беріледі.
Туристік – рекреациялық ресурстардың маңызды сипаттамалары
төмендегідей:
1) ТРЖ-нің потенциалдық сыйымдылығын анықтайтын қордың мөлшері;
2) ресурстардың таралу ауданы (су шектерінің көлемі, жағажайлар,
территорияның суланғандығы, ормандар);
3) пайдалануға болатын кезең (климаты жайлы кезеңнің ұзақтығы, суға түсу
мезгілі, тұрақты қардың жатуы) туристік мезгілді, туристік ағымды
анықтайды;
4) көптеген ресурс түрлерінің территориялық тұрғыдан қозғалмай жатуы,
рекреациялық инфрақұрылым мен ағымдарды өзіне шоғырландырып тартуына
себепші;
5) ақша капиталының аз жұмсалуы және пайдалануға кететін шығындардың тым
жоғары болмауы инфрақұрылымды жылдам құруға және әлеуметтік-экономикалық
нәтижелер алуға болатындығы, сондай-ақ ресурстардың кейбір түрлерін өзінше
қолдануға болатындығы;
6) табиғатты тиімді пайдалану нормаларын сақтай отырып, культивация және
сапасы жоғары жабдықтарды пайдалану арқылы туристік-рекреацияық ресурстарды
көптеп пайдалану мүмкіншілігі.
Демалыс пен туризм ресурстарының қазіргі уақытта мынадай
классификациясы бар. Оларды тура және қосымша түріне бөледі. Біріншісіне
туристердің өздері қолданатын ресурстар, яғни ландшафттың көз тартарлық
ерекше сұлулығы, жергілікті жердің емдеу-сауықтыру қасиеті, тарихи-мәдени
ескерткіштері және басқа да көріп-білу объектілері жатады. Туристік
ресурстарды игеру үшін, (онсыз туризм индустриясының өмір сүруі мүмкін
емес), қосымша шикі-заттар, энергетикалық-жанармай, материалдық, қаражат,
еңбек ресурстарын тарту керек.
Туристік-рекреациялық ресурстар территориялық туризмді ұйымдастыруға,
туристік аудандар мен орталықтарды құруға, оларды мамандандыруға және
экономикалық жағына әсерін тигізеді.

1.2 Территорияға рекреациялық баға берудің әдістемесі

Демалыс пен туризм үшін табиғи ортаның ресурстарына баға беріп,
жарамдылығын анықтау – туризм географиясының ең басты мақсаты. Мәдениет пен
тарих объектілерінің туристік –реакциялық ресурстардағы маңыздылығына
қарамай, табиғи жағдайлардың алатын орындары да ерекше, себебі рекреация
туризмнің дамуына негізгі алғы шарттар жасайды. Сондықтан, отандық және
шетелдік зерттеушілер ертеден-ақ географиялық әдебиеттерден туристік-
рекреациялық ресурстардың табиғи жағына баға берген.
Рекреациялық табиғи алғы шарттар деп ең алдымен табиғи-территориялық
және аквальды кешендердің әр түрлі дәрежелерін айтатын болсақ, олардың
компоненттері мен жеке қасиеттерін , оның ішінде – аттрактивтік, қоюлық пен
ландшафт ырғағы, кедіргілерді жою мүмкіндігі, географиялық ерекшеліктерін
және тағы басқаларын атап көрсетуге болады.
Демалыс пен туризмге баға беру өте қиын. Емдеу ресурстарынның баға
берудегі айырмашылығы, бұл жерде келесі факторлар арқылы айқындалады:
табиғи ландшафттардың тартымдылығы, олардың күтпегенділігі, экзотикалығы,
қайталанбайтындығы.
Баға субъекті мен объектінің өзара қатынасын көрсетсе, онда баға беру
реті төмендегідей міндетті кезеңдерден тұрады:

1) объектіні бөлу, табиғи кешендердің компоненттері мен қасиеттерін
бағалау;
2) субъектіні бөлу, соның позициясы бойынша бағалау. Рекреациялық
ресурстардың баға беру субъектісі ретінде туризм жиі алға шығады;
3) бағалау өлшемін құрастыру, масштабы мен зерттеу мақсатын, сондай – ақ
субъект қасиеттерін анықтайды;
4) градациялық баға беру шкалаларының параметрларін жасау. Бұл градация
синтетикалық сипатқа ие, себебі осы шкалалар бағалаудың өзі. Шкалалар
субъектімен объектінің өзара қатынасының бағасын көрсетеді. Бұндайда
шкаланың сатысының саны жөнінде сұрақтар туады. Көбінесе 3-4 немесе 5-
6 сатылар қолданылады. Әрбір саты берілген объектінің қасиеті мен
субъектінің жағдайы арасындағы өзара әсерлесу қарқындылығының
көрсеткіші болып табылады. Өзара әсерлесу күші аздан күштіге дейін
өзгеруі мүмкін.
Бес сатылы баға шкаласы рекреацияүшін келесідей градацияны қосады: 1 –
ең қолайлы; 2 – қолайлы; 3 – біршама қолайлы; 4 – аз қолайлы; 5 –
қолайсыз.
Туристік ресурстарға баға берудің негізгі үш түрі бар ;
1. Медико-биологиялық (физиологиялық) – демалысты ұйымдастыру үшін табиғи
ландшафтты ортаның комфорттық дәрежесін табу;
2. Психологиялық-эстетикалық – табиғи ортаның табиғаттың және мәдени-тарихи
объектілердің демалушыларға аттрактивтік эмоциялық әсерлеріне талдау
жасау;
3. Технологиялық – арнайы және кешенді ТРЖ құрудың мүмкіндіктерін,
туризмнің әр түрлі түрлерін ұйымдастыру үшін ресурстардың жарамдылығын
анықтайды. Ресурстардың жалпы бағалылығын анықтау үшін, олардың түрлерін
тиімді пайдалану үшін рекреациялық ресурстардың кешендік түрі барлық үш
түрлі бағаның үйлесімді болуын керек етеді.
Баға берудің медико-биологиялық түрі табиғи факторлардың адам

организміне әсерін көрсетеді. Бұл жағдайда рекреанттың организм үшін
комфорттылығы бағаланады. Медико-биологиялық баға бергенде климат басты
роль атқарады. Климатологтар мен курортологтар демалушылар мен туристердің
климаттық ресурстарына баға беруге толық жүйеде сипатталған әдістер берген.
Климат дегеніміз белгілі бір аудандарға лайықты ауа райының көп жылдық
режимі. Оның адамға әсері нақтылы ауа райы арқылы беріледі.
Ауа райының кешенді әсеріне жауап ретінде басты баға адам организмнің
жағдайы болу керек.Сондықтан, климатқа рекреациялық баға беру адам
организмнің метеорологиялық факторларға байланысын тексеру болмақ.
Шартты температура ілімімен “комфорт зонасы” байланысты, көптеген
адамдар үшін 17 пен 23 арасында болады. Белсенді рекреанттар үшін “комфорт
зонасы” 12 пен 16 арасындағы эквивалентті - әсерлі температурада болады.
Адам организмінің жақсы күйде болуы келесідей температура мен ауа
ылғалдылығының үйлесімінде болатындығы анықталған

Температура Шартты ылғалдылық
С %
20 85
25 60
30 44
35 33

Комфорттық жағдай – денеге өте жағымды 31-33 температурадағы жылы
сезім, бұл жағдайда адам ыстықты да, суықты да сезбейді. Оның белгілі бір
мөлшерге салқындауына әсер етеді. Ыстық ауада температураны реттеу
механизмі арқылы адам терлеп-тепшісе, суық ауада тері температурасының орта
өлшем мөлшерімен бағаланады. Осы соңғысына байланысты Е. М. Ратнер ауа райы
түрлерін бақылауда кездесетін кластарға бөлді.
Көрсетілген әдістемені қолданып, бірқатар қолданбалы мақсаттарды шешуге
болады: климат жағдайының қолайлығына байланысты демалу, туризм, емдеу үшін
географиялық аудандар жасауға болады. Климатқа медико-биологиялық баға беру
жұмысында ең негізгі көрсеткіш – адам организмі үшін климатқа медико-
биологиялық баға берудің жұмыстары өте керек. Өйткені, ұзақ рекреация үшін
орындар іздестіргенде ауа райының жиі өзгеру құбылыстарымен санасқан жөн.
Психологиялық – эстетикалық баға бергенде адамға табиғи ландшафт пен
оның компоненттерінің ерекше әсерлерін бағалайды. Ол адамның табиғи кешенге
эстетикалық реакциясын анықтап қана қояды.
Соңғы жылдары психологтар, социологтар және географтар ландшафттың
эстетикалық қасиетін өлшеу үшін бірқатар көрсеткіштер ұсынды. Сонымен, АҚШ-
тың ұлттық паркінде туристердің орналасуы туралы зерттеудің нәтижесі
көрсеткендей, ең жоғары тартымдылық әсер алатыны – шектік зоналар мен
фокустық пунктер. Шектік зоналар деп әр түрлі ортаның арсындағы шекаралық
сызықты айтады: су – құрылық, орман – алаңқай (орташа әсер), төбешіктер –
жазық (нашар әсер). Осындай бақылаулардың арқасында біршама сандық
көрсеткіштерді шығаруға мүмкіндіктер туды, жеке алғанда “шектік” әсері
деген территорияның қанықтық көрсеткіші: Нш.ө. = Lш \ S, мұнда Lш – шектік
сызықтың ұзындығы, S – территорияның көлемі.
Территорияның фокустік пункттермен қанықтығы, көбінесе, бедерлік
сипатқа байланысты.
Көптеген зерттеушілердің айтуынша, эстетикалық құндылық ландшафттың
морфологиялық құрылымына, табиғат пейзаждарының элементтерінің
әртүрлілігіне тәуелді. Міне, осылар “табиғат пейзаждарының әртүрлілігі “
деген түсінік енгізеді. Бұлар келесіден тұрады: 1 – табиғи кешеннің ішкі
құрылымынан; 2 – басқа да табиғи кешендермен сыртқы байланыстан.
Табиғат пейзаждарының ішкі әртүрлілігі – ландшафт морфологиясында ішкі
құрылымы арқылы анықталады ( жер бедері, өсімдік түрлері, гидрологиялық
ерекшеліктер, әр түрлі компоненттердің өзара байланыстары арқылы және т.б )
Табиғи кешендердің эстетикалық ішкі қасиеттері мынадай көрсеткіштермен
де сипатталады: орманның тығыздық дәрежесі, ағаштардың толықтығы, орманның
жік қабаты, балауса орман ағаштарының молдығы және т.б. Тегістіктегі
орманды аудандар үшін басым белгі – кеңістіктің қоныстану дәрежесі.
Қоныстану пайызына байланысты кеңістік ашық жабық болып бөлінеді.
Мысалы, орманның тығыздығы 50% асқанда ландшафтың эстетикалық қасиеті
өте төмендейді. Қалың орманмен рекреант жаяу жүргенде жылдам шаршайды және
табиғат пейзаждарының өзгерістерін дұрыс қабылдай алмайды. Ашық кеңістік
әртүрлілік жағын қамтамасыз етпейді.
Табиғат пейзаждарының сыртқы әртүрлілігіне келесілер жатады: бірден
көрінетін көрші табиғи кешендердің саны, сыртқы табиғат пейзаждарын
қабылдау бұрышының тікелей және көлденең мөлшері, тереңдік перспективасы,
көкжиек сызықтарын кесіп өту, сондай-ақ көп орынның болуы арқылы сыртқы
табиғат суреттерін жақсы көре алады. Мысалы, таулы аудандарда ең жоғарғы
бағаны тау шындары алуы керек, өйткені солар арқылы барлық табиғи кешендер
қабылданады, ең төменгі бағаны – тау шатқалы алады.
Технологиялық баға беру адам мен табиғи ортаның өзара әсерлері
рекреациялық іс-әрекетте “технология” арқылы ерекшеленеді. Демек, бағаның
бұл түрі екі аспектіні қамтиды. Бір жағынан, бүкіл рекреациялық жүйенің
жұмыстарының мүмкіндіктерін бағаласа, екінші жағынан территорияны игерудегі
инженерлік – құрылыс мүмкіндіктерін бағалайды.
Көпшілік географтардың пікірі бойынша, территорияның туристік-
рекреациялық ресурстарына баға берудің ең жақсы негізі – ландшафт картасы
болады, өйткені бұндай жағдайда бағалау объектісі синтетикалық бірлік (
территориялық табиғи кешендер ) болады.
Баға берудің жұмысының қорытынды кезеңі – бұл бағаның түрін табу.
Қазіргі жағдайда баға берудің екі түрі бар: сапалық және баллдық.
Рекреациялық мақсат үшін табиғат жағдайларына объективті баға мөлшерін
берумен әлемнің көптеген елдерінің ғалымдары айналысуда. Сондай
зерттеулердің ішінен өте жоғары көңіл аударуға жататыны, біздің
көзқарасымызша, Д. И. Мухинаның “Табиғи кешендерге технологиялық баға
берудің әдістері мен принциптері “ атты еңбегі (1973), бұнда рекреациялық
бағалау үшін әдістемелік ұсыныстар келтірілген және КСРО-ң табиғи
провинцияларына рекреациялық баға беру әдістемелері туралы Ю. А. Веденина
мен Н. Н. Мирошниченконың жұмысы (1969) бар.
Е. В. Ефременконың (1980) айтуынша, кешенді бағаға келесілер кіруі
керек 1: 1 – табиғаттың мүмкіншіліктері ; 2 – территорияны мәдени
игерудің дәрежесі; 3 – экзотикалылық; 4 – туристік мүмкіншіліктері
әртүрліліктің дәрежесі; 5 – тарихи-мәдени объектілер; 6 – тұрмыстық
қызметтер; 7 - әйгілілік дәрежесі мен дәстүр.
Осы факторлардың ішінен біреуінің басымдығына қарап, рекреациялық іс-
әрекеттің функциялық түрін бөлуге болады.

1.3 Демалыс пен туризм үшін территорияны аудандастыру

Аудандастыруға тікелей байланысты халық шаруашылық салаларын территориялық
ұйымдастыру мен жоспарлы реттеудің жетістіктері ғылыми түрде дәлелденген.
Туризмнің дамуы, оның материалдық – техникалық базаларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рекреациялық ресурстар
Территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ), оның шағын жүйелері, олардың өзара байланыстары
ТАБИҒИ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР
Рекреация ұғымы сұрақ-жауап түрінде
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи рекреациялық ресурстарының географиясы және оларды халықтың демалыс орындары ретінде пайдалану ерекшеліктері
Туристік аудандардың қалыптасуының алғы шарттары. аумаққа рекреациялық баға берудің әдістемесі
Туризм индустриясына басқа экономика салаларының экономикалық бағыныштығы
Рекреациялық ресурстар жайлы түсінік
Туристік - рекреациялық кешеннің құрылымы
Туризмология пәнінен дәрістер
Пәндер