Туризмнің экономика сферасына әсері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І Туризм экономикасы: мәні және түсінігі

1.1 Туризм экономикасы туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-5
1.2 Туризмнің экономика сферасына
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .5-6
1.3 Туризм динамикалық, экономикалық, қоғамдық шаруашылық жүйе
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...6-8
1.4 Туристік
шаруашылық ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8-11

ІІ Қазақстандағы туризм нарығы

2.1 Туризм индустриясы және туристік нарықтың ерекшелігі ... ..11-15
2.2 Туристерге сұраныстың географиялық ерекшеліктері мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...15-1 6
2.3 Туристерге көрсететін қызметтің сапасы мен мәні ... ... ... ... ...17-19
2.4 Халықаралық туризмнің дамуының негізгі факторлары мен
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..20-21

ІІІ
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 22

ІV Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.23

Кіріспе

Біздің елімізде саяхатқа шығып, аралап көретін көрікті жерлер мейлінше
көп. Содан да болса керек жорықтарға қатысып, таңғажайып орындармен
танысуға, тамаша адамдармен жолығып, әңгімелесуге халықтардың салт-санасын,
дәстүрін танып-білуге, еліміздің көне қалалары мен ескерткіштерін көріп,
тамашалауға тілек білдірушілер саны жыл сайын көбейе түсіп отыр. Бірақ
саяхатқа шығушыларды тек осы айтылған жайлар ғана қызықтырады ма? Әрине,
олай емес. Саяхаттың танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық
және спорттық қызметі де бар. Ол басқа спорт түріне қарағанда жұрттың
көбінесе түсінікті және демократияшыл. Ол адамдар бойында көпшілдік,
достық, бір-біріне мейірімділік, сенімділік пен төзімділік, сабырлылық
секілді ең маңызды қасиеттерді қалыптастырады.
Бүгінгі таңда белсенді танығудың кең тараған түрлерінің арасында
саяхаттың келешегі өте зор екенін сеніммен айта аламыз.
Қазақстанның ұшы-қиырсыз кең даласында саяхаттың саналуан түрін
дамытуға мүмкіндік мол. Шөлейт кеңістік пен ормандар, ұшы-қиырсыз далалар
мен қарлы таулар, қаптаған көлдер мен асау өзендер – бәрі Қазақстан.
Қай жер туралы аңыздың көбірек туғанын айту қиын. Мысалы,
павлодарлықтар ән мен аңыздың көбі Баянауыл таулары мен ормандарын
сипаттаудан туған деп ойлайды. Павлодарлықтардын бұл ойлары, бәлкім, дұрыс
та шығар. Себебі, Баянауыл ежелден өзінің сұлу, таңғажайып табиғатымен
даңқы шыққан жер. Мұнда таулармен айдың көлдер, салқын қайнарлар, қалың
шыршалы, жасыл жапырақты ормандар, гүлдерге оранған жазықтар мен
шабындықтар сәтті ұштаса білген. Ондағы ең көрікті орын-Жасыбай көлін бір
көрудің өзі ғажап.

I Қазақстан туризмнің экономикасы
1.1 Туризм экономикасы туралы түсінік.
Қазіргі шақтағы туризм жұмысының экономикалық механизмі

Қоғамның экономикалық өмірі күрделі де, әр қилы және қарама-қайшылықта
болып келеді. Оның құрамы да көп деңгейлі болады, оны тек экономикалық
ғылым жүйесі ғана түсініп-білі алады. Бірінші жағынан, туризм өз алдына
жеке шаруашылық сферасы ретінде экономикалық жалпы заңдылық болса ( өндіріс
өнімділігін көтеру заңы, сұраныс және ұсыныс заңы, бәсекелестік баға шығару
және т.б.), екінші жағынан, туризм – бұл адамның іс-әрекетінің ерекше бір
түрі және халық шаруашылығының айрықша бір сферасы. Осыған байланысты
экономикалық дамудың жалпы заңдылығы туризм сферасында ерекше сипат алады.
Шаруашылық сферасының барлық деңгейде туризм экономикасы адамдардың
мінез – құлқын зерттейді, өйткені олар туристік өнімдерді өндіреді, бөледі,
айырбастайды және туындайды.
Ұлттық шаруашылықтың құрамының бір бөлігі ретінде, басқа
өзгерістермен бірге туризмнің экономикасы мен әлеуметі де өзгеріп тұрады.
Тарихи жағынан қарасақ, туризм дегеніміз бұл сонау көне заманнан
бүгінгі күнімізге дейін көп жылдардың нәтижесінде. Ерте кезеңдерде туризм
экономикасы саяхатшылардың басқа елдердің халықтарының әдет-ғұрпын, даму
деңгейінің сипаттарын зерттеумен шектелсе, ал Рим империясының дәуірінде
ертедегі туризмнің алғашқы экономикалық ресурстары ретінде мемлекеттік және
жекеменшік керуен сарайлар болды.
Орта ғасырда христиан діні мен сауданың дамуына байланысты саяхаттаушы
шіркеуге қызмет етушілер мен көпестер пайда болады. Біріншілері хрестиан
дінін дамытуды мақсат етсе, екіншілерінің мақсаты-баю еді. Туристік
ресурстар монастырь түріне көшеді, керуен сарайлары қайтадан дами бастайды.
Ұлы географиялық ашулар дәуірінде саяхатшылардың, теңізде жүзушілер
мен өтушілердің мақсаты экономикалық мақсатқа айналады-жаңа территориялар
басып алу және оны игеру. Саяхат пен экскурсия экономикалық жаңа түрге
көшеді, яғни туризм түріне. Осылайша, 1908 жылы Ресейде экскурсиялық білім
беру комиссия құрылады, оның мақсаты-білімді адамдарды Батыс пен Шығыстың
мәдениетімен таныстыру. Бұл комиссияға бірнеше министірліктер қолдау
көрсетті.
Өндірістік төңкеріс дәуірінде ішкі және халықаралық туризмнің дамуының
материалдық негізін құрайтын жаңа көлік түрлері пайда болады.
XX ғасырда туризм адам тұрмысының нақты бір факторына айналады.
Ұйымдастырылған экскурсиялар көптеген халықтың өмір дәстүріне енеді.
КСРО–да Кеңес үкіметі кезінде туризм бұрын болмаған қарқынмен дамыды, жаңа
әлеуметтік түрге жетті, халық үшін қызмет жасады. XX ғасырдың 90 –шы
жылдары халықаралық туризм кең дами бастайды. Туризм экономикасы жаңа
сипаттарға ие болады: көтерме туристік фирмалар, жеке турагенттіктер мен
туроператорлар, дүниежүзілік, ұлттық және аймақтық әр түрлі туристік
ұйымдар пайда болды.

1.2 Туризмнің экономика сферасына әсері

Қазіргі экономикада туризмнің ролі үнемі өсіп және өзгеріп тұрады. Бұрын
туризмде алдыңғы рольде болған елдер, қазір екінші және үшінші орындарға
кетуде. Олардың орнына жаңа озаттар келуде.
Экономикалық жағынан туризм былайша қарастырылады:
- өнімді өндіру, айырбастау және бөлу сферасындағы қоғамдық қатынастардың
белгілі бір жинағы ретінде;
- белгілі бір өндіріс саласы мен экономикалық іс-әрекеттерді қосып, елдің
халық шаруашылық кешенінің бір бөлігі ретінде;
- туризмді елдің немесе аймақтың шаруашылық саласы сияқты зерттейтін
экономикалық ғылым ретінде;
- туристік өнімді өндіретін, оны қолданатын, бөлетін және айырбастауды
зерттейтін қоғамдық ғылым ретінде;
- туристік экономика жүйесінің барлық деңгейіндегі адамның мінез-құлқын
зерттейтін қазіргі экономикалық теория ретінде;
Фундаметальді эканомика жағынан қарасақ, туризм дегеніміз ол
экономикалық кешен,оның дамуы ішкі себептерден гөрі, көбінесе әлемдік
шаруашылық процестер мен қатынастар арқылы түсіндіріледі. Сонымен қатар,
туризм көптеген дамушы елдердің экономикалық өсуінің катализаторы.
Өйткені туристер басқа елге демалысқа барғанда басқа өндірісте
өндірілген өнімнің бір бөлігін ғана апарып қоймайды, сонымен қатар онда
жаңа жұмыс орнын да құрады.
Нарық экономикасында өндірістік қорлардың заттық факторлар
қозғалысы құндық қажеттілігін туғызады. Құнды және материалдық
қажеттіліктер біртұтас болады. Бұл бірлік өндірістік қорлардың мәнімен
анықталатын қажеттіліктің сипаттамасы болып табылады.
Заттық және құндылық формаларының бірлігін ескере отырып, өндірістік
қорларға деген қажеттіліктерді анықтау дегеніміз ынтымақтастығын
техникалық және техналогиялық шешімдерді таңдауда құндық параметрлер де
қатысуы керек деген сөз. Олар құрастырушылардың техникалық
тапсырмаларында болуы қажет.
Өндірістік жабдықтардың элементтерінің құнын жоғарылату жаңа өнімдер
түрін (қызмет) игерудегі турфирмалардың қаражаттарына қатты әсерін
тигізеді, ол игеруге кететін жоғарғы шығынмен байланысты, себебі олардың
орны түскен табыспен әр уақытта тола бермейді.
Турфирманың қаражатының тұрақтылығы түсетінін табыстың мөлшерінде
түгелімен тәуелді. Табыс заттың бірлік бағасын (қызмет) оның таратылған
санына көбейту арқылы анықталады. Табыс мөлшері барлық келтірген
шығындарды өтеуі және табыс алуды қамтамасыз етуі керек. Осындай
тапсырмаларды шешу үшін эканомика ғылыми келесідей категориялы
инструменттер жасады:
- өтеу сомасы;
- өтеудің орташа мөлшері;
- өтеу коэффициенті;
- шығынсыздық нүктесі;
- табыс шегінің нүктесі;
- мықтылық беріктілік.

1.3 Туризм динамикалық, экономикалық, қоғамдық шаруашылық жүйе ретінде

Кеңестік география ғылымында территориялық рекреация жүйенің моделі
жасалынған. ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының ортасында В.С Преображенский
басқарған И.Т.Твердохлебовтардың жұмыстарында онан әрі дамытылды. Батыста
туризмнің концептуалдық моделін Г.Гуибилато жасаған және оны Г.Вакерман
толықтырған. Осыларға сүйене отырып, туризм жүйесі өзіне екі шағын жүйені
енгізеді
Бұл жүйе шеңберінде туристер сұранушылар немесе сатып алушылар
ролінде болса, туристік қызмет көрсетушілер мен заттар әкелушілер
сатушылар ролінде болады. Осылай болғанда, туристік іс-әрекет субъектісіне-
туристке-жүйеде қарсы тұратын туристік іс-әрекет объектісі – туристік
шаруашылық болмақ.
Туристік шаруашылық екі бөлікке бөлінеді: туристік ресурстар және
туристік инфрақұрлым; бұларға кіретіндер: туристік мекеме, ұйымдар және
кәсіпорын.
Туристік индустрияның басты құрамы-бұл туристік мекемелер. Туристік
мекеме дегеніміз барлық керекті өндірістік құралдарды біріктіріп,
туристерге қызмет көрсету үшін өндіріс орнын дайындайтын ұйым.
Туристік мекемелер өз қызметтерін ұсынып, халықтың туристік
қажеттілігін өтейді.
Туристер негізгі, қосымша және қосалқы қызметтерді тұтұнушылар
есебінде пайдаланады.
Негізгі қызметтер туристік жолдамалар келісіммен шектеледі.
Ондайларға жататындар: орналастыру, тамақтандыру, көлік қызметі, экскурсия
қызметі.
Қосымша қызметтер туризмнің инфрақұрлымы дамыған жағдайда жалпы
кірістің 50% атқарады. Олар: негізгі қызметтерге кірмейтін сауықтыру
қызметі, медицина қызметі, ойын мекемелері және басқалар.
Қосалқы қызметтерге жататындар: сувенир өнімдерімен қамтамасыз ету,
туристік символикамен, сауда, валют-кредит, ақпарат және басқа да
қызметтер.
Қосымша және қосалқы көрсетілетін кызметтердің арасында айырмашылық
жоқ.
Туристік мекемелер туроператорлар және турагенттер болып жіктеледі.
Туроператор дегеніміз бұл да туристік мекеме, өзінің және басқаның
қызметтерін араластырып өзінің жаңа туристік өнімін жасайды. Бұл жаңа
өнімді паушальді тур деп атайды. Паушальді тур-бұл әр түрлі мекемелер
шығарған бірнеше құрамды қызметтер жиынтығы.
Туризм жүйесінде ең күрделі орын алатын – туристік ұйымдар. Демек,
туристік ұйымдар туристік басқаруларға арналған, олар мемлекеттік және
жеке құрлымдарды аймақтық, ұлттық және халықаралық деңгейде қамтиды.
Туристік ұйымдар жоспарлауға және туризмнің дамуын басқаруға өте
қажет.
Жаңа рекреациялық территорияны игеру, туристік іс-әрекетті кеңейту,
жаңа туристікобъектілердің құрылысы үлкен инвестициялық салымды керек
етеді. Ірі жобалар әр түрлі көздерден қаржыланады: мемлекет тұрғысынан,
ұлттық және шетелдік, жеке қаржы мекемелері, біріккен мекемелер,
халықаралық ұйымдар және басқа да заңды мен жеке түлғалар.
Туристік сұраныстың көбеюі капитал салуды өсіруді және туристік
қызметтің мөлшерін көтеруді қажет етеді. Бұл территорияның эканомикалық іс-
әрекетін жаңартуға әкеледі, кіріс көбейеді. Түскен кірістің бір бөлігі
мемлекетке салық арқылы түседі. Бұдан да басқа, мемлекет қазынасы кеден
салымдары арқылы толықтырылынады. Осылай жиналған ақшалар қайтадан жаңа
туристік жобаларды қаржыландыруға жіберіледі.
Туристік жүйе – оны қоршаған ірі орталармен бірге қарастырғанда
күрделі құрылым. Экономикалық, әлеуметтік, техналогиялық, саяси және
экологиялық бір бүтін болды. Сыртқы дүние туризм жүйесіне қатты әсерін
тигізеді, іс-әрекеттің дамуына мүмкіндіктер туғызса, басқа бір жағдайда
керісінше әсерін тигізіп, тіптен жойылып кету қаупін туғызады. Жойылып
кетпей нәтижелі жұмыс істеу үшін туризм жүйесі қоршаған сыртқы
өзгерістерге бейімделіп отыру керек.
Туризм еліміздің белгілі бір территориясының халық шаруашылық
саласының дамуына онды түрде әсерін тигізді, инфрақұрлым құрып, дамуын
жылдамдатады, өндіріс күштерін орналастыруға әсерін тигізеді. Туристердің
келуі және олардың шығыны ауыл тұрғындарының өмірінің деңгейін көтереді.
Туризм территориялық ақша баланс құрлымының кірісі мен шығысына үлкен
әсерін тигізеді, оны рекреациялық аудандар өз пайдасына шешеді.

1.4 Туристік шаруашылық

Туристердің келуінен шаруашылыққа түсетін пайданы адамдар өте ерте
заманда байқайды. Солай болса да, тек ХІХ жүзжылдықтан ғана бастап туризм
көптеген аймақтың эканомикасына елеулі әсерін тигізеде бастады. Туристерге
көрсетілетін қызметтен түсетін табыстың жоғарлығына байланысты, кейбір
елдер мен аймақтарда ХХ ғасырдан бастап туристерге көрсетілетін қызмет
саласын туристік индустрия деп атай бастады. Туристердің қажеттерін өтеу
үшін туризм аудандарында бірқатар шаруашылық түрлерін игеруге тура келді.
Туристік шаруашылық дегеніміз әр түрлі бөлімдердің белгілі бір кешені,
олардың құрылуы және дамуы туристердің келуі және тұрумен байланысты. Бұл
шаруашылық бірін-бірі толықтырып тұратын салалардан қалыптасқан,
туристердің сұранысын біріккен бір кешенде ғана өтей алады.
Туристік шаруашылық тура және жанама түрге бөлуге болады. Олар бір-
бірімен тығыз байланысты және бір-бірінсіз іс-әрекетін жоюы ықтимал.
Бірінші топқа туристерге ғана қызмет жасайтын мекемелер мен объектілер
жатады:турбазалар, қонақ үйлер, кемпингтер, приюттар, арнайы жолдар мен
көлік орталықтары және т.б. Олар, атап айтқанда – туристік объектілер.
Екінші топқа жататындар – туристерге арналмаған мекемелер мен объектілер,
бірақ та жартылай немесе анда-санда оларды туристер де пайдаланады. Оған
жататындар: жалпы мемлекеттік жолдар, көлік пен коммуникация, мейрамхана
желілері, дүкендер, тұрмыстық және мәдениет мекемелер. Бұндай кешендердің
барлығы атқаратын ісіне қарай төрт базаға жіктелген: түнеу (орналастыру),
тамақтану, коммуникациялық және қосалқы.
Қандай бір саяхат болмасын ол туристерді орналастырудан басталады. Көп
нәрсе осыған байланысты. Туристерге ұсынылатын қызметтердің ішінде ең
бастысының бірі – түнейтін орынды дайындау. Оған кіретіндер: қонақ үйлер,
турбазалар, мотельдер, кемпингтер, сүйреме үйлер, палаткалар және т.б.
Туристердің азық түлік пен сусындарға сұранысын қанағаттандырудың да
үлкен маңызы бар. Жалпы тамақтандыру туристік қонақ үйлері жанындағы
мейрамханаларда, кафеде немесе басқа да қоғамдық тамақтану мекемелерде
ұйымдастырылды.
Туристік орталықтарда қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастырғанда жабық,
ашық және аралас түрлерін айырған жөн.
Тамақтандырудың жабық түрі ұйымдастырылғн демалыс мекемелер үшін
қажет. Демалушылар тамақты белгілі бір жерде нақты бір уақытта алады.
Тамақтанудың ашық түрі өз бетімен жүрген туристерге, жергілікті халыққа
арналған, сондай-ақ ұйымдасқан демалушылар да ақшаға сатып алып тамақтана
алады.
Қоғамдық тамақтанудың аралас түрінде ұйымдасқан түрдегі демалушыларға
арнайы орындарда белгілі бір уақаттарда тамақтану көрсетеді, ал басқа
уақыттарда келушілердің барлығы ас мәзірі бойынша өздеріне тапсырыс
береді. Тамақтанудың аралас түрі деп ұйымдасқан демалушылардың талон
арқылы қоғамдық тамақтану мекемелерде тамақтануды айтады.
Туристердің жүріп отыруында көліктің атқаратын рөлі өте күрделі.
Туристік көлік жалпы көлік сияқты жерде, суда және ауада жүретін болып
жіктеледі.
Көліктерде ұйымдастырылған демалыстың түріне сәйкес, В.И.Азар (1972)
мынандай топтарын айырды. 1) арнайы туристік поездар мен кемелерді
пайдаланатын, бірақ та толық қызмет кешенін төлейтін туристер; 3) тек қана
жол құжаттарын алып өз бетімен сапар шегетін туристер.
Халықаралық туризмде көп жылдар бойы теңіз арқыл тасымалдау басым
болды. Мысалы, Франциядан АҚШ-қа Солтүстік Атлантика арқылы саяхаттау 80
сағатқа созылса, ал ұшақпен бар болғаны 8 сағатқа ғана созылады.
Круиздік туризм 1950 жылдардың соңынан бастап қаулап дами бастады.
Круизді саяхаттың ең алғашқы гиді болған – ағылшын жазушысы Уильям
Теккерей.
Көлік, түнеу және тамақтанудан басқа да туристік қызметтердің ішінен,
қосалқы қызметті бөліп қарау керек. Ол өзінің мақсаты жағынан әр түрлі
сипаттағы туристік мекемелер мен ұйымдарды біріктіріп, жеті топты құрайды.
Бірінші топқа жататындар – ғимарат құрылыстар, туристерге сол жердің
байлықтарын көріп, тамашалауға көмегін тигізеді, өйткені көбінесе
туристердің келу себебі осы байлықтарды көріп, танысу.
Қосалқы қызметтің екінші тобына жататыны – туристердің спортпен
айналысуына мүмкіндік туғызу.
Үшінші топты құрайтын – туристердің көңілін көтеруді ұйымдастыру.
Төртінші топқа жататындар: туристерге толық тұрмыстық қызмет
көрсететін тұрмыстық қызмет мекемелер.
Бесінші топқа кіретіндер: туристерге керек-жарақ пен сувенирлер
шығаратын мекемелер.
Алтыншы топ – бұл ақпараттар желісі немесе туристік саяхат жарнамасы,
туристерге толыққанды, жан-жақты түсінік беріп тұратын гидтердің қызметі.
Жетінші топты құрайтындар: туристік қозғалысты басқаратын ұйымдар.
Аймақтағы шаруашылық іс-әрекеттерді белсенді жүргізу үшін,
көрсетілетін қызмет түрлерінің осылайша бөлінуінің маңызы зор.

2.1 Туризм индустриясы және туристік нарықтың ерекшелігі.

Турист энциклопедиясында туризм индустриясы туралы мынандай анықтама
берілген: бұл – материалдық – техникалық базалардың құрылуын, туристік
рекреациялық ресурстардың пайдалануын, туристік тауарлар мен қызметтердің
айырбасталуын, қолданылуын, материалды және материалды емес сфера
өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар жиынтығы.
Туризм индустриясының мекемелері мен орталықтарын, кәсіпорындарын үш
топқа бөледі.
1. Демалыс орындары мен маршруттардағы туристік экскурсиялық қызмет
көрсету мекемелері ( турбазалар, қонақ үйлер, санаториялар, кемпингтер,
саяхат және экскурсия бюролары, арнайы көлік, туристік – экскурсиялық
тасымалдау; демалу орындары мен туристік орталықтары туристерді
сауықтыру орындарымен, сувенир мен басқа туристік таулар мен қамтамасыз
ететіндер).
2. Демалыс орындарындағы туристерге, жергілікті халыққа тұрмыстық, мәдени-
танымдық, сауда қызметтерін көрсететін мекемелер жолаушылар көлігі,
қонақ үйлер, ауруханалар, дүкендер, кинотеатрлар, клубтар).
3. Материалдық техникалық базаларды құру мен пайдалануды қамтамасыз ететін
өнеркәсіп орталықтары және оларға еңбек құралдарын, шикізат, инвентарь
жеткізетіндер, сондай-ақ туризм сферасына білектігі жоғары мамандар
дайындайтын мекемелер.

Туризм айрықша қасиеттерімен ерекшеленеді: біріншіден, туристік
мекемелердің орналасуындағы ресурстарға болжам; екіншіден, туристік
қызмет көрсетудегі мезгілдік; үшіншіден туризм инфрақұрлымының даму
деңгейіне жоғары талап.
Экономикасының саласы ретінде, туризмнің өзіне тән бірқатар
айрықша ерекшеліктері бар, солар арқылы халық шаруашылығының басқа да
салаларынан бөлініп тұрады. Туризм индустриясының басты айрықша ерекшелігі
өндіріс пен өнімді тарату уақытының бірлестігі. Көлік уақытының
жоқтығы, яғни туристік қызметтер (турөнімдер) бұл жерде өндіріледі және
бірден қолданылады. Екінші ерекшелігі – оның өнімдері артығынан шығарылып,
қоймада сақталмайды. Туристік қызмет көрсетудің келесі бір ерекше
айырмашылығы қызмет өндірісіне дейін өндіріс объектісіне тұтынушыларды
тасымалдап жеткізу. Бұл өз тұрғысында туризмнің басқа да ерекше
айырмашылықтармен байланысты – турист алған өнімдерді “ өзімен алып кетеді
“, яғни жақсарған денсаулық, көңіл-күйі, жаңадан толтырылған білім, пікір,
ақпарат арқылы.
Туристік қызмет көрсетудің түпкі мәнін түсіну үшін, туристік қызмет
көрсету процесінің түрін білу керек. Туристік қызмет көрсету дегеніміз
туристерге саяхат кезінде, заттар сатып алған кезде әр түрлі
қажеттіліктерін қамтамасыз етіп,көмектесу. Бұл процестің кешенді түрі
келесі анықтауыштар арқылы анықталады.
- туристерге әр түрлі технологиялық өндіріс пен қызмет көрсетудің түрлі
жағдайындағы қызметтер мен тауарлардың ұсынылуы.
- туристік қызмет көрсету материалдық – техникалық базаларда ( қонақ
үйлерде, мейрамханада, көлікте, спорттық құрылымдарда, денсаулық сақтау
мекемелерінде ) орындалады.
- туристерге ұсынылған тауарлар мен қызметтер әр түрлі іс-әрекет барысына
пайда болған. Олардың кейбіреулері арнайы туристік ұйымдарда, екіншілері
халық шаруашылығының салаларында, көлік, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп,
денсаулық сақтауда пайда болған.
- Қызмет әр түрлі кәсіптік дайындықтағы және білім деңгейіндегі адамдармен
көрсетіледі.
Туризмде ұсынылған қызметтер территория бойынша бөлінеді. Туристерге
қызметтердің кейбіреулері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмология пәнінен дәрістер
Туризм бизнасының менеджменті
Туризмді жеке экономикалық сала ретінде зерттеу
Туризмді жеке экономикалық сала ретінде зерттеу, маңызын, мәнін анықтау, қызметтерін анықтау
Туризм пәнінің мақсаты мен міндеті
Туризм менеджментінің тиімділігі
Туризм индустриясын дамыту негіздері
Туризмнің мәдениетке әсері
ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР ҰҒЫМЫ
Экологиялық туризм дамуында Қазақстанның ерекшеліктері
Пәндер