ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР ҰҒЫМЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министірлігі.

“Экономика кафедрасы”

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:Туризмді дамытудың әлеуметік - экономикалық аспктілері

Орындаған:

Тексерген:

Астана 2007ж.
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Туризмнің материалдық базасын дамыту
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ..5
1.2. Туризм ұғымы мен
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...8

ІІ. ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР ҰҒЫМЫ

2.1. Туризмнің дамуына әсер етуші
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 10

2.2. Туризмнің ұлттық экономиканың дамуына
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. 12

ІІІ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ МЕН
ПРОБЛЕМАЛАРЫ

3.1 Қазақстандағы қазіргі замандағы туризм
мәселелері ... ... ... ... ... ... . .17
3.2 Қазаіргі кездегі туризм – қаржының негізгі көзі
ретінде ... ... ... ... ... .19

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

КІРІСПЕ

ТУРИЗМ – демалу мақсатында баратын орындағы қаржы көзінен ақша
төленетін қызмет пен айналысумен байланысты емес іскерлік қызметі болып
табылады. Және өзге де мақсаттарда бір жыл қатарынан аспайтын кезең ішінде
саясаттаушы және кәдімгі ортасынан тысқары орналасқан орындарда болуды
жүзеге асырушы адамдардың қызметі ретінде анықталады. Туризм экономикалық
және әлеуметтік жағдай ретінде ауқымы едәуір кеңейше қызмет түрі болып
саналады.
Қазіргі уақытта туризмнен туған экономикалық нәтижелерді тереңірек
түсіну қажет деп табылып отыр, соған орай бірқатар елдер меке халықаралық
ұйымдар оның мәнділігін бағалау әдістеріне әзірлеуге қатысуда.
Қазақстанда туризмді дамыту үшін нормативтік – құқықтық база жасалады,
2001 жылы 13 маусымда Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы
жаңа заң қабылданды. Ол туристік қызметтің құқықтық, экономикалық,
әлеуметтік және ұйымдық негіздерін Қазақстан Республикасының экономика
салаларының бірі ретінде анықтайды. Заңға сәйкес Қазақстандағы туристік
қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері:
- туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайдыжағдай
жасау;
- туристік қызметтің басым бағыттарын анықтау және қолдау;
- Қазақстан Республикасындағы туралы туризм үшін қолайлы ел ретінде
түсінік қалыптастыру;
- Туризмнің және Қазақстан Республикасының туристтік ұйымдары мен
олардың бірлестіктерінің қауіпсізідігін, құқықтарын қор
мүдделерімен мүліктерін қорғау.
Туристтік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары:
- туристтік қызмет саласында азаматтардың думалуға, еркіне қозғалуға
құқықтарын қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны қорғау;
- туризмді тәрбиелеуге, білімін арттыруға және сауықтыруға
бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;
- саясаттау кезінде азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін
турисстік индустрияны дамыту;
- жаңа жұмыс орындарын құру, туристтік индустрия есебінен мемлекет
пен Қазақстан Республикасының азаматтарының табысын ұлғайту;
- халықаралық туристтік қатынастарды дамыту.
Туристтік қызметті мемлекеттік реттеудің басым бағыттары:
- туризмнің ҚР экономикасының табыстылығы жоғары саласы ретінде
қалыптасуы;
- мемлекеттік мүдделерді есепке алу, туристтік ресурстарды пайдалану
кезінде ҚР-ның табиғи және мәдени мұрағатын қорғау;
- балалар, жасөспірімдер, жастар, мүгедектер мен халықтың тұрмысы
төмен жіктері арасында туристтік және экскурсиялық жұмысты
ұйымдасытыру үшін жеңілдік жағдайларды енгізу;
- туристтік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- ҚР аумағында келу, және шығу туризмімен айналасатын туристтік
ұйымдарды қолдау және дамыту;
- Ішкі және халықаралық туризмнің қажеттіліктерін қамтамасыз ету
үшін туристтік қызметтің тиімді жүйесін.

І. ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Туризмнің материалдық базасын дамыту бағыттары

Туризмнің материалдық базасын дамытуға бағытталған күрделі салымдар
тиімділігі табиғи, мәдени-тарихи факторлары. Климаттық жағдайлары, тарих
және мәдениет ескерткіштері т.б. арқылы сипатталатын туристік
ресурстардың ерешеліктері арқылы анықталады. Олар пайдалану процесінде
өзінің құндылығын жоғалтпайды. "Туризм ивдустриясының" косіпорындарын құру
халық шаруашылығының басқа салаларын құрудағыдай маңызды капитал салымдарын
талап етеді.
Белгілі инвестициялық саясат арқылы туризм қызметіне сұранысы мен
ұсынысының сәйкестік мәсслесі шеішледі.
Туризм сферасына капиталды салымдар салудың мақсатты бағыты бар. Олар
туристік базаларды, қонақ үйлерді, кемпингтерді, жолдарды, көпірлерді,
сойымен қатар, табигат, мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруге, сақтауға
жұмсалады
Туризмнің тағы бір ерекішелігі елдің экономикасына және тұтас ауданның
мәденестіне белсенді әсер етуінде. Туристік шаруашылықты құру мен оның
қызметі жолы, транспортының қызметі, сауданың, коммуналды тұрмыстың,
мәдениеттің, туристерге мсдициналық қызмет көрсетудің, дамуымен тығыз
байланысты.
Туристік мекемелерді пайпалану үшін мамандар керек. Ал, өз кезегінде
оларды құруды жоспарлай отырып нарық жағдайында мәні зор, жергілікті
тұрғындардың еңбекпен қамтылуын есепке алған жөн.
Экономикалық жағдайларды есепке ала отырып алдағы жылдары республикада
капиталды салымдар бірінші кезекте туризм объектілерін қалыпты жағдайға
келтіруге және туристік кәсіпорындардың объективті талаптарынан туған
кешендерін құруға бағытталуда. Туристік кешен жүйесінде жаңа құрылыстарды
салуға ғана емес, сонымен қатар қазіргі бар туристік объектілерді,
кәсіпорындарды және ұйымдарды жөндеу мен жеділдіруге де көңіл бөлінуі
қажет. Экономиканың нарықтық қатысқанда өтуі кезінде қызметтің саны мен
сапасына, формалардың түрлеріне және туристік экскурсиялық қызмет көрсету
тәсілдеріне жаңа талаптар қойылуда. Бұл жоспарда туризмнің материалды-
техникалық базасын құру мен дамытудың мәні зор. Инвестициялық потенциалды
пайдалану кезінде бұл процесс екі бағытта жүргізіледі:
1-бағыт - қолда бар материалдық-техникалық базада туристік-
зкскурсиялық қызмет сапасы мен көлемін жоғарылатуды қарастырады:
2-бағыт - материалды базаның одан әрі дамуын, туристік мекемелер
торабып кеңейтуді және қосымша туристік ресурстарды игеруді қарастырады.
Туризмнің дамуының осы мақсаттары мен тапсырмаларын жаңа жағдайда
жүзеге асыру ғылыми-техникалық саясаттың негізгі бағыттары мен тұтас
концепциясын жасауды ұсынады. Бұл мақсаттардан төменгі жағдайларға
бағытталған жайлар негізделеді:
әлемдік үлгіге жауап беретін туризм индустриясын құру;
- нарықтық механизмді есепке ала отырып туризмнің
норматнвтік-
техникалық базисін құру;
- ғылыми білімдерді, ең жақсы отандық және шетелдік тәжірибе жобаларын
жинау және пайдалану;
- туристік саланың барлық құрылымын қамтитын стандарттау хүйесін құру.
Туристік индустрияға керекті бағдарламаларды қаржыландырудың негізгі
қайнар көзі мақсатты бағытталған және жеткілікті көлемдегі инввестициялық
саясат. Туризмнің дамуын бірінші этапта қаржыландыру осы сферадағы
процестерді реттеуші маңызды тұтка ретінде қолданылады.
Пайдаға салық жеңілдіктерін бере отырып кәсіпорындардың уақытша, еркін
қаражаттарын енгізудің макро және микро деңгейдегі қосымша тұрақтандыру
шараларын жасау керек.
Болашақта туризм дамуының маңызды тапсырмаларын шешуге керекті өзіндік
қаражатының жетіспеушілігі байқалады, сол үшін келесі шараларды жүзеге
асыру міндеттеледі:
- мезгілді есепке ала отырып тоқсан санын реттелетін туристік
және қонақ үйі қызметіне бағаны қоюдың икемді жүйесін жасау және ендіру;
- қондырғылар мен ғимараттарды күрделі жөндеуге қаржы бөлуді шектеу;
- жаңа объектілерді соғуды қатаң техника-экономнкалық негіздеу;
- өзіндік коммерциялық құрылымдар құру;
- валюта қаражаттарының бір бөлігін шетелден тауар мен азык-
түлікті орталықтандырырған жерден сатып алуға жұмсау.
Инвестициялық белсенділік пен инвестицпялық ресурстарды шетелдік
капитал көмегінсіз көтеру мүмкін емес. Экономнканы көтерудегі шетелдік
капиталдың белсенді рөлі тек қана АҚШ, Германия, Франция сияқты дамыған
елдерде ғана емес, сонымен қатар Азияның жаңа индустриялы елдерінде -
Онтүстік Кореяда, Тайваньда, Сннгапурда, Гонгконгта, Оңтүстік Шығыс Азия
елдері - Малаизияда, Индонезияда және т.б. елдерде көрінуде. Біріккен
кәсіпорындарды, өндірістерді және туристік кешен құрылысын құру, қолда бар
объектлерді жетілдіруде шетелдік иивестицияларды қолданудың туризмнің дамуы
саясатында манызды бағытқа ие. Шетелдік инвестициялауға туризмнің қазіргі
жағдайға сай инфрақұрылымын жатқызуға болады. Оған транспорт,
телекоммуникация қызметтері, іскерлік инфрақұрылым (офистер, іскер
орталықтар, банктер), туристік қызмет енеді.

1.2. Туризм ұғымы мен түсінігі

Туризм ұғымы мен түсінігіне тоқталу үшін, алдымен туризм анықтамасын
үш топқа топтастырып алайық. Бірінші топқа- туризмді рекреация түрі, бос
уақытты өткізуде, сапар және адамның денсаулығын нығайту, әрі оның
мәдениетін және білім деңгейін жоғарылатуды үйлестірген қызмет көрсету
саласын қолдану (адамның физиологиялық, интеллектуалдық және эмоционалдық
күшін қалпына келтіру) ретінде сипаттайтын анықтамалар жатады.
Туризм анықтамасының екінші тобы – оны халық миграциясының бір түрі
ретінде қарастырады, қозғалу актісімен, саяхатпен, кеңістікті жеңумен
туризм статистикасының құралы ретінде сипатталады.
Анықтаманың үшінші тобы –туризмді күрделі әлеуметтік-экономикалық
құбылыс ретінде сипаттайды, оның түрлері қасиеттер мен қатынастарының
бірлігін көрсетеді, ішкі мәнін ашады.
Статистикада туризм, мекен-жайды немесе жұмысты ауыстырумен
байланысты емес, халық миграциясының бір формасы ретінде қарастырылады.
Туризм басында адамдардың өз тұрақты мекен – жайынан басқа жерде қозғалысы
және уақытша болуы. Бірақ тарихи даму процесінде бұл ұғымның мазмұны мен
мәні өзгеріске ұшырады және толықтырулар енгізілді. БҰҰ 1954 жылы
қабылданған анықтамасы бойынша, туризм - бұл денсаулықты нығайтуға,
адамның денесін шынықтыруға әсер ететін, тұрақты мекен – жайдан тыс
жерлерге барумен байланысты активті демалыс.
Бұл ұғымның кең сипаттамасын ХХ ғасырда Монте – Карлодағы туризм
Академиясы берді: туризм – адамдардың өз тұрғылықты жерлерінен емделу
мақсатында, бос уақытта танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін
немесе кәсіби – іскерлік мақсатта уақытша келген жерінде ақылы жұмыспен
байланысты емес жалпы түсінік.
1993 жылы БҰҰ Статистика комиссиясы Бүкіләлемдік Туристік Ұйым (БТҰ)
мақұлдаған анықтама қабылдады. Соған сәйкес туризм бір жылдан аспайтын
мерзімде, дем алу, іскерлік және басқа да мақсаттарда, тұрғылықты
ортадан тыс жатқан жерлерде саяхаттаушы адамдардың қызметін қамтиды.
Осы анықтамаға сәйкес туризмге тән негізгі сипаттамалар төмендегідей:
- тұрғылықты ортадан тысқары шығу:
- қозғалудың уақытша сипаты;
- сапардың мақсаттылығы;
Тұрғылықты ортадан тысқары шығу – туризмнің маңызды сипаттамасы.
Белгілі бір жеке тұлғаның тұрғылықты ортасына, оның өмір сүретін мекен
– жайы және ол жиі баратын белгілі бір аудан жатады.
БТҰ ұсынысы бойынша тұрғылықты орта параметрі екі көрсеткішпен
сипатталады: объектіге бару жиілігі мен оның қашықтығы. Адамдар жиі
баратын орындар, арақашықтығы алыс болғанмен де, тұрғылықты орта
элементіне жатады. Оған мысал, шекара маңында тұратын адамдардың көрші
мемлекетте қызмет атқаруы, олар турист қатарына жатқызылмайды.
Екінші көрсеткіш – арақашықтық. Мекен – жайға қашық орналасқан
орындар, оған бару жиілігіне қарамастан тұрғылықты ортаға жатады.
Сапар мақсаты туризмге жататын қызметтер түрін дәл анықтайтын маңызды
сипаттама. Саяхаттың басқа түрінен туризмді бөлетін критерии, бұл барған
жерінде ақылы қызмет атқару мақсат болмауы тиіс. Сапар мақсаты, оның
себебіне жатады. Адамның мінез – құлық әрекеті себепті болады. Туристік
себеп адамның қажеттіліктерін анықтайды.

ІІ. ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР ҰҒЫМЫ

2.1. Туризмнің дамуына әсер етуші факторлар

Туризмнің қарқындап дамуына әсіресе ХХ ғасырдағы факторлардың әсері
зор болды. Күрделі әлеуметтік-экономикалық сала болғандықтан, туризм
көптеген сыртқы факторлар әсеріне әрқашан сезімтал болып келді. Бұл
факторлардың туризм дамуына тигізетін әсері күші жағынан, әрі ұзақтығы
жағынан әр түрлі болып табылады. Сондықтан табысты туристік қызметті
ұйымдастыру үшін, осы факторларды есепке алған қте қажет.
Туризмге әсерін тигізетін факторлар екі түрге бөлінеді:
- сыртқы (экзогенді);
- ішкі (эндогенді).
Сыртқы факторлар туризм саласына қоғамдық өмірдегі өзгерістермен және
туризм жүйесінің элементтеріне әртүрлі мәнмен әсер етеді.
Туризм дамуына әсерін тигізетін, маңызды сыртқы факторларға мыналар
жатады:
- табиғи-географиялық;
- мәдени – тарихи;
- экономикалық;
- әлеуметтік;
- демографиялық;
- саяси-құқықтық;
- технологиялық;
- экологиялық.
Бұл факторлар өз бойына маңызды элементтерді жинаған, сондықтан да
оларға тоқталып өтсек, бірінші кезекте- табиғи – географиялық.
Табиғи – географиялық (теңіз, тау, орман, флора, фауна, климат,
мәдениет ескерткіштері) факторлар туристік ресурстардың негізі ретінде
туристің белгілі – бір аймақты таңдауын анықтайтын фактор болып
табылады.
Экономикалық факторлардың туризмге әсері, ең бастысы туризм және
экономика дамуының тенденциялары арасында өзара тығыз байланысболуымен
негізделеді. Елдің экономикалық дамуымен, оның азаматтарының ұлттық
табыс көлемімен және материалдық әл-ауқатымен (дәулетімен) тура
тәуелділік бар. Сондықтан да экономикасы дамыған мемлекет, әлемдік
нарықта өз азаматтарының туристік сапарларының саны жағынан ілгер
болады.
Мемлекеттің экономикалық жағдайынан тек қана халықтың табысы ғана
инфрақұрылымы да тәуелді.
Сонымен қатар экономикалық факторлар қатарына инфляция, пайыздық
көрсеткіш, нақты валют айырбас курсының тербелісі де қосылады. Айырбас
курсының өзгеруі күшті және әлсіз валютасы бар елдер арасындағы
туристік ағымның көлеміне әсер етеді.
Туризмнің дамуы тек қана ұлттық қана емес, сонымен қатар әлемдік
экономика экономикалық циклдің қай фазасында - өркендеу немесе құлдырауда
– болуына да сезімтал. Бұған мысал ретінде, айтып өтетін жайт ХХ
ғасырдың 80 – жылдары экономикалық күйреу кезінде әлемдік туристік
саяхаттар едәуір қысқарды.
Әлеуметтік факторлар ішінен бірінші кезекте аталып өтілетін, бұл
халықтың бос уақытының артуы (жұмыс уақытының қысқаруы, жыл сайынғы
демалыс ұзақтығының артуы), бұл халықтың өмір деңгейінің артуымен
қосылып келе жаңа әулетті туристердің ағымын арттырады.
Бос уақыттың артуы қазіргі заманғы ғылыми – техникалық төңкеріспен
байланысты, бұнда ой еңбегінің маңыздылығы артады да өндірістік және
тұрмыстық кернеулер күшейе түседі. Бұның бәрі адамдардың дене
тұлғаларының және психологиялық шаршауына әкеледі. Бұл қабілеттілікті
арттыру үшін қосымша шараларды қабылдауды талап етеді. Осы мақсатты
жүзеге асыруға көбіне туризм өз септігін тигізеді.
Халықтың бос уақытының ұзақтығы артуына байланысты туризмде екі
тенденция байқалды – демалыс кезеңінің бөлшектенуі және қысқа мерзімді
саяхаттардың артуы. Туристік сапарлар ұзақтығы жағынан азайғанымен,
жиілігі артты.

2. Туризмнің ұлттық экономиканың дамуына әсері

Осы заманғы туризм индустриалды формасы бар, ұлттық экономиканың
дамуының негізгі катализаторы болып табылатын, жаңа жұмыс орнын пайда
болдыратын, ұлттық кірістің өсуіне әсер ететін, жергілікті халықтың
тұрмысын көтеретін экономикалық құбылыс. Туризм саласында алдыңғы қатардағы
шетелдің туризм индустриясын мысалға алсақ, оған салынған инвестициялардың
тез өзін өзі ақтауының ең жоғарғы тиімділігін көреміз. Бұл дегеніңіз,
туризм өзі жетілген мемлекеттің экономикасына оң ықпалын тигізеді деген
сөз.
Қазақстан аумағында туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіншіліктер бар.
Бастауын б.д.д. үшінші мың жылдықтан алатын Ұлы Жібек жолының пайда болуы
мен дамуы тарихи негіз болып табылады. Табиғи климаттық жағдайларына
байланысты, Қазақстан рекреациялық ресурстарға, ерекше әсем табиғи
ескерткіштерге бай және қазақ даласында ата-бабамыздан келе жатқан баға
жетпес құнды мәдени мұралары да шексіз. Айтарлықтай туристік-ресурстық
потенциалы, түрлі табиғи ортасы және жануарлар әлемі бай елдің экологиялық
туризмді дамытуға үлкен мүмкіншілігі бар. Экотуризмнің дамуы республикадағы
барлық табиғи-шаруашылық кешенінің дамуына, сонымен қатар, елдің әлеуметтік-
экономикалық басты мақсаты тұрғындарды салауатты өмір сүру үшін қоршаған
ортаның жақсы жағдайда болуын қамтамасыз етеді. Дәл осы уақытта шетелдерде
туризмнің экстремалды және экзотикалық бір түрі болып есептелетін ғарыштық
туризм қарқындап дамып келеді.
Қазақстан аумағында атақты "Байқоңыр" космодромы болғандықтан шетелдің
ғарыштық мүмкіндіктерінен еш кем түспейді. Аталған туризм түріне дұрыс
қарап, дамуына жағдай жасаса, Қазақстан өз байлығын көбейтіп, түскен
пайданы экологиялық проблемаларды шешуге және табиғатты қорғау шараларына
жұмсар еді.
Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін, туризм басқа да экономикалық
салалар секілді жоғарыдан қатты шектеулі болатын. Толықтай тарихи
архитектуралық, археологиялық, мәдени және табиғи көз тар-тар ескерткіштері
жарнамаланбады және керек болмады. Кеңес одағы кезінде Қазакстанда
туризмнің жоғары рөліне қарамай, идеологиялық қызмет атқаратын, мәдени-
таныту жұмыстары жүйесінің бір ғана элементі болып, экономикалық маңызы жоқ
болып келді.
Қазақстанда туризм индустриясының дұрыс дамымауының бір себебі, онымен
мемлекеттік дәрежеде, экономиканың бір саласы ретінде мақсатты түрде ешкім
де айналыспады. Туризмді кешенді болжауға, ұзақ уақытты жобалауға, аумақтық
ұйымдастыруға және мемлекеттік емес туристік құрылымдарға жете көңіл
бөлінбеді. Саланың дамуының тежелуіне себеп болған жағдайдың бірі,
жергілікті органдардың туристік қызметі, одан түскен қаржының үлкен бөлігі
жергілікті бюджетке түсетініне сенбеуі.
Қазақстан тәуелсіздік алғалы ҚР заңдарын жетекшілікке алып, туристік
қызметтің басқарылуына және халықтың тарихи, мәдени мұрасының қайта
оралуына негіз каланды. Сонымен қатар қабылданған заңдар, бұйрықтар мен
ережелер халыққа шынымен де қызмет етуі тиіс. "ҚР туризм туралы" заңының
көптеген пунктері түбірімен дұрыстауды талап етеді, өйткені, ол туристік
қызметті барлық жағынан қамтымайды. Тек қана қаржылық жағдайларды,
лицензияланған қарым-қатынасты, туристердің міндеттері мен негізгі
құқықтарын ғана ашып бере алады. Біздің көзқарасымыз бойынша, мықты туризм
индустриясын құру үшін туристік қызметтің заң шығару — нормативті базасын
қатайтуымыз керек.
Қазақстанның туристік нарығы әлемдік және халықаралық стандарттар
бойынша бәсекеге қабілетті емес. Жергілікті рекреациялық және сауықтыру
мекемелерінің, турагенттіктерінің ұсынатын туренімі шетелдің орташа
қамтамасыз етілген саяхатшысының сұранысын қанағаттандыра алмайды. Бұл
жерде мемлекет тарапынан туризм индустриясының дамуы туралы үлкен
бағдарламаны енгізіп, осы бағдарламада қойылған мақсаттарға жету және
тапсырмалардың орындалуы қатаң қадағалануы қажет. Ең бастысы, келу туризмін
белсеңділендіру үшін елдің үлкен сеніміне нек артуымыз керек. Бұл туризмнің
өн бойын қалыптастыратын туристік индустрияның "Клондайғы" болып табылады.
Нақ осы сәтте Қазақстан Республикасында 713 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмнің дамуына әсер етуші факторлар
Іскерлік туризмнің сыныптамасы
Қазақстан Республикасында туризм дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау
Туристік-рекреациялық ресурстардың бөлінуі
Туризм индустриясы
Туризмнің экономикалық сала ретінде
Қазақстан Республикасында туристтік бизнестің дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау және болжау
Туризм саласында кластерлік жүйені дамыту
Дүниежүзілік туристтік ұйымдағы Халықаралық туризм
Кластерлік жүйені дамытудың экономикалық бағыттары
Пәндер