Ақша қаражаттары


Кiрiспе
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру- бұл тұтынушылардың заңды тұлғаның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің өзгеруін бағалауына мүмкіндік беретін және есептік кезеңде ақша қаражаттарының түсуі мен шығуы туралы ақпарат беріп отыратын есеп беру формасы. Есепте негізгі (немесе операциялық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағымы (тасқыны) туралы барлық деректері, сондай - ақ қаржы қызметінде пайдаланатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылдың басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.
Ақша қаражаттарының және олардың эквиваленттерiнiң есебiнiң негізгі мiндетi болып олардың дұpыc сақталуы және сметалар мен лимиттерге сәйкес қозғалысын қадағалау, ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты барлық операцияларды толық және уақтылы қаражаттандыру, есептік және қаржылық тәртіпті caқтay, ақша қаражаттарының және олардың эквиваленттерінің уақтылы және дұpыc аналитикалық eceбін жүргiзу, ақша қаражаттарының толықтай жүргiзу, банк арқылы қолма - қолсыз есеп айырысуларды жүзеге асыру табылады.
Ақша қаражаттарының қозғалысы операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметiнiң тұрғыыснан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшiн керек, мұның өзi заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерiнiң ықпалын бағалауға мүмкiндiк бередi.
Ақша қозғалысы туралы есеп бір есептік кезеңнен екіншіге өзгергендегі бухгалтерлік баланстың баптары бойынша болған өзгерістерді көрсетеді, есептік кезең ішінде субъектінің ақшалай құралдарының келуі мен кетуі туралы ақпарат береді.
Бiздiң елiмiзде есеп айырысулар көбiне қолма - қолсыз банктегi шоттар арқылы жүзеге асырылады. Ал қолма - қол есеп айырысулар қызметкерлермен еңбекақы бойынша қолма - қол есеп айырысу үшiн, қолма - қол ақшаға құндылықтарды сатқаны үшiн есеп беретiн адамдармен есеп айырысу үшiн қолданылады.
Барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен тыс бacқa да мекемелерге әртүрлi төлемдердi төлеуге байланысты түрлi операциялар пайда болады. Сондықтан заңды тұлғалар өзара есеп айырысу үшiн Қазақстан Республикасының банк мекемелерiнде банк шоттарын ашады. Есеп айырысу шоттарындағы қаражаттар заңда көрсетiлген белгiлi тәртiп бойынша шот иесiнiң жазбаша бұйрықтар негiзiнде ғана пайдаланылады. Субъектiнiң, заңды ұйымның басқа кәсiпорындар мен ұйымдарға қарызы, олардан сатып aлынғaн тауарлардың, материалдық құндылықтардың және тағы да басқалардың құны мен олардың көрсеткен қызметтеріне төленетін төлем шот иесінің келісімімен ғана төленеді.
1 Бөлім. Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы, ғалымдар мен тәжiрибешiлердiң ой - пiкiрлерi
- Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерiнiң жалпы
сипаттамасы
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектiлер өз ақша қаражаттарының банк мекемелерiнiң тиiстi шоттарына сақтап және мiндеттемелерi бойынша төлемдерiн, әдeттe, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiнiң нормативтiк құжаттарымен белгiленген шегiнде нaқты ақшамен есептесудi жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 мың айлық есептiк көрсеткiштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртібі айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтiрiлген мәлiмет заңды тұлғалардың, арасындағы әрбiр мәмiле (контракт, келiсiм шарт) бойынша шартты түрде пайдаланады. Егер де контракт сомасы көрсетiлген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртiпте орындалуы керек, тiптен олар жартылай орындалса да, әрбiр төлемнiң, сомасы 4000 АЕК -тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерiнде банк шоттарын ашады.
Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер арасындағы келiсiм шарттың қаатынастарын көрсететiн әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валюта мен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық, және корреспонденттiк болып бөлiнедi.
Корреспонденттiк шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбiр операция түрлерiн жүзеге асырады.
Ағымдағы және жинақ шоттары - бұл да банктiк шоттар, бiрақ олар жеке және заңды тұлғалар үшiн, сондай - ақ заңды тұлғаның оқшауланған бөлiмшелерi үшiн де ашылады.
Шетелдiк валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшiн субъектiге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкiн. Ол сыртқы экономикалық қызметiн жүзеге асыратын және өнімнің валютаға сататын субъект үшiн ашылады. Аккредитивтер, чек кітапшалaрының шоттарын және басқаларын субъектiлер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтay үшін және тиісті операциялар жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерiнiң әмipi бойынша есептен шығарылады. Субъектiнiң рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсаты мен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғанa жол берiлуi мүмкін. Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектiнiң басшысы белгiлеген кезектiлiкпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдіcтepді қолма - қол ақшаны аударуды, төлем тапсырманы ұсынуды, чектердi берудi, вексельдердi немесе олардың индоссаменттерi арқылы берудi, төлем карточкасын пайдалануды, тiкелей дебеттiк банкi шоттарына аударуды, тапсырма - талап төлемдерiн ұсынуды, инкассалық жарлығын ұсынуды, республиканың заң актілерімен белгiленген басқа да әдiстерiн пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негiзгi нысандары: төлем тапсырма, вексель, чек, тапсырма - талап төлемдері, кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады. Төлеушiлер мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келiсiм - шарт негiзiнде анықтайды, сондай - ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді шегерімге де жатқыза алaды.
1. 2 Fалымдар мен тәжiрибешiлердiң пiкiрлерiндегi ақша қаражаттарының есебi жөнiндегi көзқарастары
"Қазақстан теміp жолы" РМК Бухгалтерлiк есеп, экономика және қаржы жұмысы әдіснамалық орталығы бастығының орынбасары К. К. Кинхузова өзiнiң 2000 жылғы №7 Бухгалтер бюллетенiндегi «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруде тiкелей әдiстi қолданайық» атты мақаласында мынадай мәселе қозғады:(25)
Қаржылық есеп берудiң негiзгi нысандарының бiрi кәсiпорынның ақша қаражатының келіп түсуі мен шығуы туралы ақпарат көрсетілген ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп болып табылады. Егер бухгалтерлiк баланс кәсiпорынның белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiндегi қаржы жағдайын көpceтeтін болса, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп қаржылық есеп беру компоненттерiнiң бiрiмен, ақша қаражатымен баланстық есептiң бiр датасынан екiншiсiне дейiн болған езгерiстердi түcіндіреді. Кәсiпорынның ақша қаражатының қозғалысы туралы ақпараттың қаржылық есеп берудi пайдаланушыларға кәсiпорынның ақша қаражатын тарту және пайдалану қабiлетiн бағалау үшiн негiз жасайды.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп соңғы он жылдықта әлемдiк практикада қаржылық есеп берудiң негiзгi элементтерiнiң бiрiне айналды. Арнаулы кәсiпкерлер үшiн бұл есептiң бухгалтерлiк баланс пен қаржы - шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есепке қарағанда маңыздырақ болғаны жиi атап көрсетiледi.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беруде қабылданған жiктеу.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру ақшалай түсiмдер мен төлемдердi негiзгi үш caнатқa бөледi:
- операциялық қызмет;
- инвестициялық қызмет;
- қаржы қызметi;
Осы санаттар бойынша ақша қаражаты ағынының топтамасы кәсіпорын қызметінің негізгі үш бағытының әрқайсысының ақша қаражатына ықпалын көрсетуге мүмкiндiк бередi. Барлық үш санаттың ақша қаражатына құрамдасып ықпал eтyi ақша қаражатының бастапқы және ақырғы сальдосымен тексеріледі. Қызмет түрлері бойынша ақша ағындарын бөлу пайдаланушылардың есеп беру ақпаратына қоятын талаптарындағы өзгешелiктерге байланысты.
Операциялық қызметтің ақша ағындарын ашу әдiстерi.
Операциялық қызметтiң ақша ағындары туралы ақпарат eкi әдiспен берiлуi мүмкін:
- түсiмдер мен төлемдердiң барлық негiзгi топтары бойынша ақша ағындарын тікелей ашуды көздейтiн тiкелей әдiспен;
- есептi кезең ішінде таза табыстың мөлшерін түзетуге негізделген жанама әдіспен.
Есеп айырысудың тiкелей әдiсi операциялық қызмет бойынша ақшалай түсiмдер мен төлемдердiң негiзгi санаттарын ескередi және, сайын келгенде, ол кассалық әдiс негiзiнде жасалған қаржы - шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есептi бiлдiредi. Халықаралық есептеу практикасына сәйкес тiкелей әдiстi пайдалану кезiнде ақша қаражатының түсімі мен шығуының негізгі түрлері туралы ақпарат мыналардан алынуы мүмкін:
- кәсiпорынның бухгалтерлiк шоттарынан;
- қаржы - шаруашылық қызметтiң нәтежелерi туралы есепте өнімді сатуға, сатылған өнімнің өзіндік құнына (проценттер және проценттер төлеу жөнiндегi шығындар) және басқа баптарға түзету енгiзу арқылы.
Тап осы тармақ бойынша жанама әдiстi пайдалана отырып ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті толтыру көзделеді. Қаржы есептемесін жасау жөніндегі әдістемелік ұсыныстapдa жанама әдісті пайдаланудың нақты мысалы қарастырылады. Сондықтан тiкелей әдicтi қолданып, атап айтқанда - өнімді сатуға, сатылған өнімнің өзіндiк құнына және қаржы - шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есептеменің басқа баптарына түзету енгiзу арқылы ақша қаражатының қозғалысы туралы есептеме жасауды қарастырайық.
Ақшалай емес операциялар. «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру» Миржақыпова С. Т. пікірінде (14), ақша қаражатын пайдалануды талап етпейтiн инвестициялық және қаржы операциялары түсiндiрме жазба жеке ашылады және ақша қаражатының қозғалысы туралы есепке кiрмейдi.
Қызметтiң көптеген түрлерi ақша қаражатына ықпал етеді және, демек олардың қозғалысы туралы есептiң тиiстi бөлiмдерiне енедi.
Ақшалай емес операциялар туралы ақпарат ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепке қосымша ретінде берілуі тиіс.
Тұтас алғанда ақшалай емес инвестициялық және қаржы операциялары ақша қаражаттарының болашақ ағынына ықпал етеді. Облигациялар шығару негізгі борыштың ақшалай төлемін және алдағы уақытта мұндай облигациялар бойынша проценттерді талап етеді.
Тіпті табысты кәсіпорынның өзі кредиторлық борышты өтеу кезінде қиындықтарға және одан әрі кеңеюі үшін ақша қаражатының жетіспеушілігіне ұшырауы мүмкін екендігі әбден айқын. Өткізу көлемін ойдағыдай кеңейтіп отырған кәсіпорынның сонымен бірге нашарлаған өтімділігі және активтерде мерзімдік міндеттемелерді өтеу кезінде тартыла алмайтын ақша қаражатының байланысы болуы мүмкін.
Іс жүзінде ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беруге арналған қажетті деректер тікелей бухгалтерлік жазбадан да алынуы мүмкін.
2 Бөлім. «Қазпошта» акционерлік қоғамының экономикалық сипаттамасы және есеп - қаржы жұмысын ұйымдастыру
2. 1 Кәсіпорынның ұйымдық - экономикалық сипаттамасы
«Қазпошта» акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысы қарасты.
«Қазпошта» акционерлік қоғамы 1997 жылдың 8 ақпанында регистрация куәлігі негізінде тіркеліп, содан бері өз қызметін істеп отыр. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, заңды тұлға болып табылады және болашаққа бағытталып, ұзақ мерзімге құрылған.
Кәсіпорынның өзінің балансы, қазақ тілінде атауы көрсетілген мөрі, банкте есеп айырысу және басқалай шоттары бар.
«Қазпошта» акционерлік қоғамының қызметінің негізгі мақсаты газет басылымдары мен аудан орталығы ішіндегі хаттар және посылкаларды тарату, қабылдау мен жасау арқылы пайда табу.
Кәсіпорынның негізгі қызмет түрлері болып:
- газет басылымдарын жасауда мемлекеттік бюджеттен
бөліген құралдарды пайдалану;
- хаттар және посылкаларды тарату, қабылдау;
- ауданның бюджеттік ұйымдарына басылымдарды жеткізу;
- Қазақстан Республикасы заңдарына қатысуы келмейтін басқа да қызмет түрлерін көрсету.
Кәсіпорынның мүлігі құрылтайшы салымынан, көрсетілген қызмет нәтижесінен алынған кірістен және тағы басқа заңмен рұқсат етілген негізде алған мүліктерден қалыптасады.
Кәсіпорынның іс - әрекет көрсеткіштерін төмендегі бірінші кестеден көруге болады.
Кесте 1.
«Қазпошта» акционерлік қоғамының көлемі.
Өлшем
бірлігі
2004
жылы
2005
жылы
2006
жылы
1
2
3
4
5
6
Жарғылық қор
Негізгі қорлар құны
Жұмысшылар саны
Дебиторлық бережақ
Кредиторлық бережақ
Таза табыс
мың тг.
мың тг.
адам
мың тг.
мың тг.
мың тг.
20365
280217
268
79084
477293
37084
12875
431782
246
36458
693326
12875
61753
521378
238
65746
1077310
61753
Жоғарыда келтірілген кестеден қорытынды шығаратын болсақ, онда мынадай тұжырымға келуге болады, яғни «Қазпошта» акционерлік қоғамының жарғылық қоры 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 41388 мың теңгеге көбейген. 2006 жылдың көрсеткіші - 61753 мың теңге болып күрт жоғарлаған, яғни құрылташылардың салымды жоғары көлемде салуына байланысты болар деп ойлаймын. Негізгі құралдардың көлемі жаңа көлік құралдарын, машиналар мен құрылғыларды сатып алу салдарынан 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 241161 мың теңгеге көбейіп отыр. Ал жұмысшылар саны керісінше жылдан - жылға кеміп отыр, яғни 2004 жылы 268 адам болса, 2006 жылы 238 адамға дейін кеміген.
Оның себебі кәсіпорынның қызмет көлемінің жалпы өндірістің кемуі себептерінен, жаңа жұмыс орындарының жоқтығынан деп түсіндіруге болады.
Дебиторлық бережақтар 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 13338 мың теңгеге азайған, себебі кәсіпорын қызмет көрсететін тапсырыс берушілер, яғни заңды ұйымдар, жеке тұлғалар өздерінің бережақтарын уақытында өтеп отырған, яғни кәсіпорынның дебиторлық бережағы жылдан - жылға азайып отырған.
Кредиторлық бережақтарының көлемі 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 600017 мың теңгеге көбейген, жалпы кәсіпорын басқа кәсіпорындар алдында бережақ болып отыр. Оның салықтық төлемдер бойынша, зейнетақы қорлары бойынша да бережақтары бар екенін айтып кеткен жөн.
«Қазпошта» акционерлік қоғамы 2004 - 2006 жылдары өзінің шаруашылық қызметін пайдамен аяқтаған, ал таза табыс 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда көлемі азайып, бірақта 2006 жылы таза табыс көлемі 24669 мың теңгеге қайтадан өте жақсы жоғарлап отыр. Бұл жерде айта кететін жағдай кәсіпорын көрсететін қызметтеріне, сұраныстың жоғары болуынан деп айтуға болады.
Ендігі жерде тұрған мәселе, кәсіпорынның қызмет көлемін ұлғайтып, ол экономикалық - өндірістік қатынастарда болатын партнерлар санын көбейту, сөйтіп ішкі нарықта өз қызметтеріне сұранысты ұлғайтып, ұзақ шаруашылық қызмет атқару болып табылады.
«Қазпошта» акционерлік қоғамының негізгі қызметі хаттарды жіберу, қарапайым және бағалы посылоктарды жіберу жұмыстары, кезекті басылымдарды шығару, басқалай қызметтермен айналысу болғандықтан, оның негізгі құралдарының көлемі мен құрылымына сипаттама беріп өту қажет.
Кесте 2.
Кәсіпорынның негізгі құралдар
көлемі мен құрылымы.
мың
тг
мың
тг
мың
тг
1
2
3
4
5
Жер
Ғимараттар мен құрылыс - жайлар
Машиналар мен құрылғылар
Көлік құралдары
Басқалай негізгі құралдар
Барлығы
108
191194
47901
34336
6678
280217
0, 04
68, 2
17, 1
12, 3
2, 4
100
2046
304934
75835
32985
15982
431782
0, 5
70, 6
17, 6
7, 6
3, 7
100
3448
337967
100751
52376
26836
521378
0, 7
64, 8
19, 3
10, 1
5, 1
100
Кестеде көріп отырғанымыздай, «Қазпошта» акционерлік қоғамының негізгі құралдар көлемі мен құрылымы берілген. Кестені талдай келе кәсіпорын бойынша негізгі құралдардың жалпы көлемі 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 241161 мың теңгеге көбейіп отыр. Оның себебін атап өтетін болсақ, жаңа көлік құралдарын, машиналар мен құрылғыларды сатып алу салдарынан болып тұр.
«Қазпошта» акционерлік қоғамының жері 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 3340 мың теңгеге, ғимараттар мен құрылыс - жайлары 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 146773 мың теңгеге, көлік құралдары 18040 мың теңгеге, басқалай негізгі құралдар 20158 мың теңгеге, яғни барлық көрсеткіштер бойынша жылдан - жылға өсіп отырған. Оның себебі «Қазпошта» акционерлік қоғамы жер алып, онда ғимараттар салынып, құрылыс жүруіне, және осыған көлік құралдары мен басқалай негізгі құралдарын сатып алуына байланысты өсіп отыр деп ойлаймын.
Кез келген шаруашылық қызметпен айналысатын экономикалық субьектілердің негізгі мақсаты - ол пайда табу болып табылады. Сондықтан олар өз қызметтері барысында шығынды неғұрлым аз жұмсап, соғұрлым табыс деңгейін жоғарылатуға тырысады. «Қазпошта» акционерлік қоғамының мамандану деңгейін білу үшін оның тауарлы өнім көлемі мен құрылымына талдау жасап өтейік.
Кесте 3.
«Қазпошта» акционерлік қоғамының тауарлы
өнім көлемі мен құрылымы
Көрсетілген қызмет барлығы.
Соның ішінде :
а) хаттарды жіберу
жұмыстары
б) қарапайым посылок жіберу жұмыстары
в) бағалы посылок жіберу жұмыстары
г) кезекті басылымдар
д) басқалай қызметтер
129645
23422
2425
5248
53185
45365
100
18, 1
1, 9
4, 0
41, 0
35, 0
132146
23565
27
5305
52691
50558
100
17, 8
0, 02
4, 0
39, 9
38, 2
155725
29749
2435
5487
50052
68002
100
19, 1
1, 6
3, 5
32, 1
43, 7
Жоғарыдағы кестеден қорытынды шығарсақ, онда мынадай тұжырымға келуге болады, яғни кәсіпорынның тауарлы өнім көлемі 2005, 2006 жылдары 2004 жылмен салыстырғанда анағұрлым жоғарылаған. Көрсетілген қызмет көлемі мен құрылымын зерттей отырып кәсіпорынның хаттарды жіберу, қарапайым және бағалы посылоктарды жіберу жұмыстары, кезекті басылымдарды шығару, басқалай қызметтермен айналысатынын анықтауға болады. Егер 2005 жылы жалпы тауарлы өнім көлемі 132146 мың теңге болса, ал 2006 жылы оның көлемі 155725 мың теңгеге жетіп отыр. Хаттарды жіберу жұмыстары қызметтерінің құрылымы 23422 мың теңгеден 29749 мың теңгеге, қарапайым посылок жіберу жұмыстары 2435 мың теңгеге, бағалы посылок жіберу жұмыстары 5487 мың теңгеге дейін жоғарылап отырған. Ал кезекті басылымдар 50052 мың теңгеге дейін төмендеп, оның құрылымы ішінен 2005 жылы 39, 9 пайыз болса, 2006 жылы 32, 1 пайызға төмендеген. Ал басқалай жұмыстарының көлемі 2005 жылы 38, 3 пайызды құраған болса, 2006 жылы оның үлес салмағы 43, 7 пайызға жетіп отыр, яғни жылдан - жылға жоғарылап отырған.
Жалпы алғанда «Қазпошта» акционерлік қоғамының негізгі шаруашылық қызметі бұл хаттарды жіберу, қарапайым және бағалы посылоктарды жіберу жұмыстары, кезекті басылымдарды шығару, басқалай қызметтермен айналысу болып табылады. Кәсіпорынның атқаратын немесе жүзеге асыратын барлық жұмыстары мен қызмет түрлері, оның тауарлы өнімі болып саналады, яғни деген сөз.
Енді кәсіпорынның шаруашылық іс - әрекетіне, оның қаржылық жағдайына сипаттама беру үшін төмендегі кестені талдап өтейік:
Кесте 4.
«Қазпошта» акционерлік қоғамының
қаржылық іс - әрекет нәтижесі
1.
2.
3.
4.
5.
6.
Көрсетілген қызмет, өнім өндіруден кіріс, мың тенге
Сатылған өнімнің өзіндік құны, мың тенге
Жалпы табыс, мың тенге
Негізгі қызметтен кіріс немесе зиян, мың тенге
Корпоративтік табыс салығы, мың тенге
Таза табыс, мың теңге
257379
210567
46812
129645
92561
37084
264893
211871
53022
132146
119271
12875
379518
262689
116829
155725
93972
61753
- 122139
- 52122
- 70017
- 26080
- 1411
- 24669
Кәсіпорынның қаржылық іс - әрекет нәтижесі кестесінен көріп отырғанымыздай, соңғы жылдары 2004 - 2006 жылдары пайда екенін анықтадық. Пайданың немесе таза табыстың көлемі 2006 жылы алдыңғы жылдармен салыстырғанда өте жоғары деңгейде қалыптасып отыр. Оның себебі сатылған өнімнің өзіндік құны бірқалыпты деңгейде болуына байланысты. Үш жылдың көрсеткіштерін салыстыра отырып, біздің байқағанымыз кәсіпорын 2006 жылы шаруашылық іс - әрекетін 61753 мың теңге таза табыспен аяқтаған, бұл өте жақсы көрсеткіш болып есептеледі, яғни кәсіпорынның қаржылық жағдайының жақсарғанын көреміз. 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда тауарлы өнім деңгейі 122139 мың теңгеге, сатылған өнімдердің өзіндік құны 52122 мың теңгеге, жалпы табыс - 70017 мың теңгеге азайып отыр. Кәсіпорынның таза табыс көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 24669 мың теңгеге, ал 2005 жылмен салыстырғанда 48878 мың теңгеге жоғарылағанын көреміз. Бұл кәсіпорын үшін өте жақсы көрсеткіш, яғни өте жоғары деңгей деуге болады.
Ендігі жерде тұрған мәселе шығындардың деңгейін неғұрлым төменгі деңгейге дейін жеткізе отырып, қызмет көлемін өсіріп, ішкі нарықта сұраныс пен ұсыныс деңгейін жоғарлату, өндіріс көлемін өсіру болып табылады. Ол үшін өндіріс шаруашылық процесін нарық талаптарына сай етіп жоспарлау, ұйымдастырып, бар ресурстарды тиімді, ұтымды пайдалану қажет деп ойлаймыз.
2. 2. «Қазпошта» акционерлік қоғамның есеп - қаржы жұмысын ұйымдастыру.
«Қазпошта» акционерлік қоғамының өзінің есеп жұмысын Қазақстан Республикасы президентінің заң күші бар «Бухгалтерлік есеп туралы» жарлығына сәйкес жүргізіледі. Сонымен бірге негізгі нормативтік құжаттар ретінде бухгалтерлік есеп стандарттары және оларға методикалық нұсқаулар, сонымен қоса кәсіпорынның жұмыс шоттары жасалған негізгі шоттар жоспары пайдаланылады. Сонымен бірге «Қазпошта» акционерлік қоғамы мен қабылданған есеп саясаты қолданылады. Кәсіпорында журнал - ордерлі форма қолданылады. Оларға жазу алғашқы құжаттар, есеп регистрлерінен түсіріледі.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің негізгі міндеттері болып:
- субьектіні, тағы да басқа қызығушы тұлғаларды кәсіпорынның шаруашылық қызметі туралы толық ақпараттарымен қамтамасыз ету;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz