Қоныстар арасындағы жолдар мен шоқпақ жолдар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ 3
I-ТАРАУ. ҰЛЫ ЖIБЕК ЖОЛЫНЫҢ ТАРИХЫНА ШОЛУ 5
1.1 Жiбек жолының қалыптасуы мен Жiбек ролi 5
1.2 Ұлы Жiбек жолы туралы 7
1.3 Жiбек жолының Қазақстанда жандануы 9
II-ТАРАУ. ҰЛЫ ЖIБЕК ЖОЛЫНЫҢ ТУРИСТIК ПОТЕНЦИАЛЫ 11
2.1 Ұлы Жiбек жолы бойындағы қала мәдениетiнiң қалыптасуы 11
2.2 Қазақстан аумағындағы ежелгi қалалар 13
2.3 Ұлы Жiбек жолының рухани мұрасы 19
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 24

КIРIСПЕ

Қазақстан Республикасының егемендiк алып, экономикалық жағдайының
көтерiлуi туризмдi дамытуға қол жеткiздi. Бұл саланың елiмiздегi болашағы
зор объектiсi - ұлы Жiбек жолының тармағы болмайды.
Ұлы Жiбек жолы – Батыс пен Шығыстың ежелгi өркениеттерiн
байланыстыратын ерекше сауда және дипломатиялық қарым-қатынас магистралi.
Ұлы Жiбек жолының дүниежүзiлiк өркениеттiң дамуында үлкен роль атқарғаны
бәрiмiзге мәлiм. Бұл трансконтинентальды жол тек ғана сауда-саттықтың
көтерiлуiне емес, сонымен қатар қалалар мен өнердiң гүлденуiне,
мәдениеттер, дiндер мен тiлдердiң араласып-толысуына, жалпы айтқанда
адамзат мұрасының қалыптасуына әсер еттi.
Ұлы Жiбек жолы адамзат тарихында алғаш рет Жерорта теңiзiнен Тынық
мұхитқа дейiн ұшаң-ғайыр аймақтағы түрлi ұлттар мен елдердiң мәдениетiн
бiрiктiрген едi. Шын мәнiнде бұл халықтар диалогының жолы болды.
Мыңдаған жылдар бойы мыңдаған адамдар Жiбек жолы бойымен елдер кезiп
жүрген. Ал ендi қазiр, ұзақ жылдар өткен соң, әрбiр адам осы ежелгi жолды
жаңадан ашуға, оның бай тарихына үңiлуге мүмкiндiгi бар.
Ұлы Жiбек жолын тарихи, географиялық, мәдени аспектiлер жағынан ғылыми
зерттеу жұмыстары шын мәнiнде XIX ғасырдың екiншi жартысында басталды. Оның
зертеулерiне үлкен үлестi Батыс еуропалық , орыс және жапон ғалымдары
қосты. 1877 жылы классикалық ғылыми “Қытай” атты еңбегiнде белгiлi немiс
ғалымы Фердинанд Пауль Вильгельм Рихтгофен Еуразия материгiнiң түрлi
бөлiктерiн байланыстыратын жолдар жүйесiн “Жiбек жолы” - Seidenstrassen,
кейiннен ұлы Жiбек жолы деп атап кеттi. Осыдан кейiн Жiбек жолына бұқаралық
қауымның қызығушылығы артты. Бұл заңды да, өйткенi Жiбек жолының тарихи-
мәдени мұрасын бағалау қиын.
Қазiргi кезде күптеген елдердiң ынтасымен ұлы Жiбек жолын қайта
жандандыру шешiлген. Мәдени, экономикалық, туристiк байланысты дамытудың
аса маңызды каналы ретiнде, Шығыс пен Батыс арасында қарым-қатынасты
нығайту мақсатында көзделмек.
Соңғы жылдары ЮНЕСКО, ДТҰ сияқты iрi ұйымдар Ұлы Жiбек жолын
комплекстi түрде зерттеу мен онда ерекше туристiк концепцияны дамытуға
байланысты iс-шаралар жүргiзуде. Бұл заңды да, өйткенi жылдан-жылға
бұқаралық қауымның ұлы Жiбек жолына деген қызығушылығы артуда.
Тарихқа жүгiнсек ұлы Жiбек жолының “Дала жолы” атты тармағы Жетiсу мен
Оңтүстiк Қазақстан территориясынан өтiп, нәтижесiнде қазiрге дейiн сақталып
келген Сырдария, Арыс, Талас өзендерi бойында көптеген қалалардың бой
көтеруiне ұйытқы болды. Қазiргi уақытта ұлы Жiбек жолының қазақстандық
бөлiгi (1700 км) қайталанбас тарих, архитектура, археология, қала салу мен
монументтi көркем-өнердiң үлгiлерiне ие. Сондықтан да ұлы Жiбек жолының
қазақстандық бөлiгiндегi ескерткiштерi мен жол тораптарын зерттеп, оларды
болашағы бар туристiк маршруттарға енгiзу – көкейкестi мәселелердiң бiрi.

Ұлы Жiбек жолы трассасын жандандырудың практикалық қажеттiлiгi
– ол қазақстан туризм индустриясынның берiк негiзiнiң кепiлi болмақ. Ғылыми
тұрғыда бұл жұмыс ежелгi керуен жолына тарихи жақтан ғана емес, сонымен
қатар туристiк саланың маңызды объектiсi ретiнде қарауға мүмкiндiк бередi.
Сөйтiп зерттеудiң басты объектiсiне ұлы Жiбек жолы трассасы мен оның
тарихи-мәдени мұрасы айналды.
Жұмысты жазу барысында әрi зерттеу кезiнде тарихи, статистикалық,
анализ бен синтез, картографиялық, географиялық әдiстер қолданылды.
Тарихи тұрғыдан зерттеуге келесi авторлардың еңбектерi негiз болды:
Байпақов К.М., Ртвеладзе Э., Бартольд В.В., Акишев К.А., т.б. ұлы Жiбек
жолының туристiк потенциалын әр облыс бойынша қарастырып, топтастырдық. Ұлы
Жiбек жолының Қазақстан бөлiгiн дамыту проблемалары жөнiнде нақты кiтаптар
жазылмағандықтан, соңғы мәлiметтердi Интернет, бұқаралық ақпарат
құралдарынан iздестiрдiк.

I-ТАРАУ. ҰЛЫ ЖIБЕК ЖОЛЫНЫҢ ТАРИХЫНА ШОЛУ

1.1 Жiбек жолының қалыптасуы мен Жiбек ролi

Ұлы Жiбек жолы – Жерорта теңiзiнен қытайға дейiн Еуразияны көктей
өтiп жатқан керуен жолдарының тоғысқан тоқсан торабы, ал сонау ежелгi
дәуiрдегi орта ғасырдағы осы аймақтың сауда және мәдени байланыстарының
тұсауын кескен аса маңызды қатынас жолы. Мiне осы ежелгi өркениеттiң аса
бiр тамаша жетiстiгi қашан пайда болып, қандай қадеге жарады, қай жерлердi
басып өттi - әркiмдi ақ толқандыратын алғашқы сұрақтар болмақ.
Ұлы Жiбек жолы –ұрпақтар жадыларында мәңгiлiкке қалатын адамзат iс
әрекетiнiң ерекше құбылыстар қатарына жатады. Ал ең бастысы –бұл уақыт
байланысының символы, оның өткенiн бiлмей Еуразиялық кеңестiкте
өркениеттердiң даму динамикасын анықтайтын көптеген тарихи құбылыстарды
бақылап түсiндiрү мүмкiн емес.
Жiбек жолының қалыптасу уақыты туралы нақты мәлiмет жоқ, тек
қана жекелеген бөлiктерi туралы айтуға болады.
Пұтқа табынушы қажы Сюань Цзан 629 жылы Будданың қасиеттi қалдықтарын
көзбен көру үшiн және дiн iлiмiн шындап зерттеу үшiн Қытайдан Ұндiге сапар
шектi. Ол қытайды Батыспен байланыстырып жатқан және техникалық
жаналықтарға, дiни мұраттар мен мәдени жетiстiктерге мұрындық болып тұрған
осы халықаралық жолмен жүрдi.
Жiбек жолының жекелеген бөлiктерiнiң сыңарлары жөнiнде айтар болсақ,
ондағы қатынастар мен зат алмасу байланыстары б.д.д. III-II мыңжылдықтарда
басталған.
Мұндай байланыстар Бадахшан тауынан лазурит кенi, ал Хотан аймағындағы
Яркент дарияның жоғарғы ағысынан нефрит кенi ашылуына орай жолға қойылды.
Орта Азия мен Орта шығысты Жерорта теңiзiмен және Ұндiмен жалғастырып
жатқан Лазурит жолымен қатар дүниеге келген Нефрит жолы Шығыс Түркiстанды
қытаймен жалғастырды.
Б.з.д. бiрiншi мыңжылдықтың орта кезiнен Дала жолы деген жол
болғаны белгiлi. Егер тарихтың атасы Геродоттың жазбаларына жұгiнсек, бұл
жолдың сорабы мынадай бағытта болғанын байқаймыз: Қара теңiз жағалауынан
Дон жағасына дейiн, одан ары савроматтар мекендеген Орал тауы етегiнен
Ертiске, Алтайға, сонан Жоғарғы Ертiс пен Зайсан көлiн мекендеген
аргийпилер елiне дейiн Қытайға қарай созылады.
Бұл жолмен былғарылар мен терiлер, иран кiлемдерi, құнды металдардан
жасалған бұйымдар кең таралып жатты.
Ұлы Жiбек жолы атауы Батыс үшiн аса қымбат тауар – жiбекпен
байланысты. Жiбектi жiбек құртының уыршағынан жасауды қытайлықтар V мың жыл
бұрын ашқан деп есептеледi. Жiбек зертеумен айналысқан белгiлi ғалым
ТихомировА.А. бұл ашылудың дәл уақытын айтады - 2698 жылы б.д.д. Басқа
зерттеушiлер бұдан да ерте кезеңдi белгiлейдi – VI-VII мың жыл бұрын4.
Қытай аңызы бойынша алғашқы жiбек жiбiн ашқан Хоанг-ти жұбайы Си Линг
Чи ханшасы едi. Шай iшiп отырғанда ханша кесесiне ағаштан жiбек қуыршағы
түскен. Си Линг Чи қуыршағтан шығып тұрған жiптi тартып едi, ол сол күйiше
созыла берiп, қуыршақ жiптен босай бастады. Солай алқашқы жiбек жiбi
ашылып, ал Си Линг Чи ханшасы соның құрметiне Аспан патшалығының құдайы боп
атанды. Оның құрметiне Қытайдың көптеген аудандарында жыл сайын түрлi
мейрамдар өткiзiледi. Ал жiбектi алу процесi ежелден мүлдем өзгермеген.
Кейбiр зерттеушiлер жiбек өсiрудiң отанын Шань-дунь провинциясын
санайды. Бiраз жылдар өткен соң жiбек маталар бүкiл Қытайға тарайды.
әсiресе жiбек өсiру б.з.д. 1 мыңжылдықтың екiншi жартысында кең дамиды. Бұл
кезде жiбектен ақша, маталар жасалып, сауда-саттықта төлем ретiнде
қолданылатын. Б.д.д. VI-V ғасырларда қытай жiбегi басқа елдерге, оның
iшiнде батысқа да шығарыла бастады.
Көп ұзамай халықаралық сауда тiзгiнiн орта Азияның Зеравшан мен
Қашқария алқаптарын мекендеген Соғды елi саудагерлерi қолына алды. Олар
Шығыс Түркiстан мен Қытай қалаларының iшiнде сауда отарларын ұстады.
Алқашқы Жiбек жолы Қытай жiбегiнiң батыс елдерге экспорттауына қызмет
еткен. Алайда Рим, Византия, Ұндi, Иран, Араб халифаты кейiнен Ресей және
басқа Еуропалық елдерден Жiбек жолы арқылы Қытайға түрлi тауарлар
жеткiзiлетiн. Бұл экзотикалық тауарлардың тiзiмi Ұлкен. Мирра мен ладан,
жасмин суы мен амбра, кармадон ж„не мускат жаңғағы, кiлемдер, бояғыштар мен
минералды шикiзат, алмастар мен яшма, пiл сүйегi мен алтын-күмiс, былғары
мен тиындар, садақ пен жебе, қанжар мен семсер. Жiбек жолы бойымен Ферғана
аттарын, араб пен ниссия жүйрiктерiн, пiл мен түйе, арыстан мен гепарттар,
тотықұс пен түйеқұстарды сатуға апаратын. Жемiс жидек түрлерi де кең
таралды жүзiм, шабдалы, қауын қарбыз.
II-V ғасырларда Жiбек жолы шығыстан бастасақ Чаньаньнан басталып,
Хуанхе арқылы Ланджоу ауданына өттi, ары қарай Тянь-Шаньның солтүстiк
бөктерiмен ұлы Қытай қорғанының батыс жағына және Ямалық қақпаға қарай
өттi. Бұл жерде жол бөлiнiп Такла Макан шөлiн солтүстiк пен оңтүстiк
жағынан айналды. Солтүстiгi Хами Оазисi , Турфан, Бешбалық. Шихоны басып
Iле өзенiнiң алқабына апарса, ортаңғысы Чаоган, Қашғар, Ықсу, Бедел асуы
арқылы Ыстық көлдiң оңтүстiк жағалауына өттi, ал оңтүстiк жолы Дунхуан,
Хотан, Яркент арқылы Бактрия, Ұндi елi мен Жерорта теңiзiне барды.
Солтүстiк жол Қашғардан Ферғанаға ары Самарқанд, Бұхара, Мерв арқылы
Хамадан мен Сирияға апарды.
Мiне осылай ұлы Жiбек жолы адамзат тарихында алғаш рет Жерорта
теңiзiнен Тынық мұхитқа дейiн ұшаң теңiз аймақтарды бiрiктiрдi.
Қымбат бағалы жiбектердi тарату iсiне сақтар мен скифтердiң көшпелi
әулеттерi де атсалысты. Солардың қатынасаралық көмегiмен сол кезде
қасқалдақтың жанындай қымбат тауарлар Орталық Азия мен Жероорта теңiзiне
дейiн тарады.
Жiбек жолы тек б.д.д. II ғасырдың орта шенiнен бастап қана тұрақты
дипломатиялық және сауда тамырына айналды. Ұлы Жiбек жолы тарихында маңызды
оқиға болып 138 жыл саналады. Бұл жылы батыстың белгiсiз елдерiне У Ди
императоры жiберген елшiлiк керуенi хан астанасынан алыс сапарға атанған
болатын. Елшiлiк қазiргi Ауғаныстанға дейiн жетiп, алғаш болып Қытайды iшкi
аудандарынан Орталық Азияға жол салады. Елшiлiк керуен Чжан-Цзян
басқаруымен Қытайға тек 13 жылдан соғ қайтып оралды. Бұл оқиғадан соң
Батысқа осы жолмен жiбек керуендерi барып, ал Қытайға Таяу, Орта және
Орталық Азиядан тауарлар тасылды.
Сөйтiп екi ұлы жолдар қосылған едi. Бiреуi, Александр Македонский
жорықтары кезiнде эллиндiктер мен макендондықтар басып-шарлап өткен
жерортатеңiздiк елдерден Орталық Азияға дейiн созылып жатты. Ал екiншiсi
Шығыстан Хань империясынан Орталық Азияға дейiн өттi. Бұл жолды Чжан-Цзян
Давань, Қанғұй, Соғды, Бактрия арқылы солтүстiктен оңтүстiкке қарай басып
өткен.

1.2 Ұлы Жiбек жолы туралы

Ең алдымен Жiбек жолы – бұл уақыт байланысының символы: оның өткенiң
бiлмей көптеген тарихи процестердi түсiну мүмкiн емес.
Тауарлармен алмасу тайпадан тайпаға, облыстан облысқа делдалдар арқылы
жүрдi. Ол уақытта керуендер сондай алыс қашықтыққа жiберiлуi бiрталай.
Жолдардың қалыптасуында тайпалар мен ұлттар миграциясы үлкен роль атқарды.
Ұндiеуропалықтардың миграция процесi нәтижесiнде Батыстан шығысқа алғашқы
жолдар жүргiзiлдi. Ұндiеуропалықтар екi бағытта қозғалатын: оңтүстiк орыс
далаларынан Орталық Азия арқылы Ұндi елiне, екiншi толқын Шығыс Түркiстанға
жетедi.
Жолдарды салу мен онымен керуендер қозғалысының қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етудi өзiне алған iрi мемлекеттер пайда болуымен жолдардың ұдайы
құрылысы мен қолданылуы туралы айтуға болады. Ең үлкен жол ұзындығы 2400 км
жететiн патша жолы едi. Ол Эфесте басталып, Месопотамия арқылы Тигр
жағалауымен, Персополь мен Пасаргад арқылы Сүзге апарды. Жол бойында әрбiр
20-30 км жерде жол станциялары орналасты.
Шығыс Жерорта теңiзiнен жолдың бiрiншi сипаттамасын Мая македондығы
құрастырды. Осы деректерге қарағанда б.з.д. I – б.з. I ғасырларында Шығыс
пен Батысты үш негiзгi жолдар байланыстырды: Оңтүстiк, Теңiз жолы Египед
пен Ұндi елiне апаратын. Ол Қызыл теңiздегi Миос Хормос пен Береника
порттарында басталып, Аравия түбегiн айнала өтiп үш негiзгi портқа
әкелетiн. Олар Ұндiнiң батыс жағалауында орналасты. Нилдан Суэцке қарай
канал арқылы кемелер Жерорта теңiзiне шығып, Римге баратын. Ұндi
порттарынан жол Ұндiстан түбегiнiң iшiне, солтүстiкке және Бактрияға
баратын. Теңiз жолы түбектi айнала Оңтүстiк-Шығыс Азияға барды.
Екiншi жол Римнен басталып, Жерорта теңiзi арқылы сириялық Гиерополь
қаласына, ал ол жерден Месопотамия, Солтүстiк Иран, Орталық Азия арқылы
Шығыс Түркiстан, одан ары Қытайға баратын.
Ұшiншi трасса –Дала жолы Орталық Азияның солтүстiгiмен өтетiн. Ол Қара
теңiз солтүстiгiнен басталып, Каспий маңынан өтiп, Арал жағалауы арқылы
Оңтүстiк Қазақстанға беттеп, одан Алтай мен Шығыс Түркiстанға баратын, ол
жерде өлы Жiбек жолының негiзгi трассасына қосылатын.
Ұлы Жiбек жолының солтүстiк трассасы қиын едi, өйткенi көптеген
шақырымдар бойы ол сусыз далалармен өттi. Мұнда қалалар да болмады,
керуендер түрлi тайпалардың шапқыншылығына ұшырады.
Ұлы Жiбек жолы тек сауда-керуен жолы болған жоқ, этникалық миграция
жолы да едi. Тура осы жолмен б.з.д. I мыңжылдықта Шығыстан Батысқа мыңдаған
көшпендi тайпалар ағымы өттi.
Үш негiзгi траcсадан басқа жолдар да болды, сол арқылы осы үш негiзгi
траcса қосылатын. Батыс жағалаудың теңiз порттарынан кейбiр жолдар
солтүстiкке бағытталатын, Хайбер асуы арқылы Бактрияға баратын. Соғды
астанасында – eжелгi Марақандта Кавказдық Жiбек жолы басталатын, ол
Хорезмге барып, Каспийдi айнала өтiп, Солтүстiк Кавказ далаларын басып,
Дарий жолы арқылы Цхуми қаласына беттейтiн. Осында сауда керуендерi Қара
теңiздi жүзiп өтiп, Византия Империясының астанасы Константинопольға
баратын.
Маңызды жол төменгi Волга арқылы Каспий теңiзiнiң батыс жағалауымен
оңтүстiкке ежелгi Албания мен Парфийге баратын.
Табиғи жағдайдың қиындығына қарамастан көптеген жолдар Орталық Азияның
және Шығыс Түркiстан оазистерiнiң солтүстiк аудандарынан Памир асулары
арқылы Кашмирге, одан ары Үндi елiне баратын.
Сөйтiп еуразиялық континенттiң едәуiр бiр бөлiгi Ұлы Жiбек жолын
құрайтын жолдар жүйелерiнен түрды.
Бүл жолдардың типологиясын келесiдей түрде көрсетуге болады:
• Континентаралық мағынасы - Ұлы Жiбек жолы Еуропа мен Азия
континенттерiн байланыстырады.
• Континентальдық мәнi – бiр котиненттiң түрлi аудандарын
байланыстыратын коммуникациясы – Бактрия мен Ұндi, Бактрия мен
Қытай.
• Аймақтық мәнi – Бактрия мен Соғды, Бактрия мен Хорезм арасындағы
байланыс.
• Облыстық мәнi – белгiлi бiр тарихи-мәдени облыс iшiндегi iрi
тұрғындар арасындағы коммуникация.
• Жергiлiктi мағынасы – ауданның қалалары мен елдi мекендер
арасындағы байланыс.
• Қоныстар арасындағы жолдар мен шоқпақ жолдар
Ежелгi деректерде жолдар ұзындығы мен оны өту уақыты туралы толық
мәлiмет жоқ. Бiрақ та козғалу тәсiлi – жаяу, есек, ат, түйе арқылы, арбаны
қолдану жаңа технологияны енгiзгенге дейiн өзгерген жоқ. Бiркүндiк жол
ұзындығы 25-30 км тең болатын.

1.3 Жiбек жолының Қазақстанда жандануы

Бүгiнгi күнi бүкiл дүние жүзiнiң ықласы мен назарын туғызып отырған
Ұлы Жiбек жолының тарихына байланысты материалдар да өзiнiң ерекшелiгiмен
құнды. Бәрiмiзге белгiлi өте ерте заманнан Батыс пен Шығысты байланыстырған
Жiбек жолының ең ұзақ бөлiгi Орта Азия мен Қазақстан жерiн басып өтетiн
едi.
Тарихтың атасы аталған Геродоттың жазбаларына сүйенген зерттеушiлер
дала жолдарының ең жанданған шағы VI-VII ғасырлар деп есептейдi. Ол кезде
бұл жол Қытай мен Батысты Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан арқылы
жалғастырған.
Қытайдан Батысқа Ферғананың үстiнен өтiп, баратын бұрынғы қысқа да
қолайлы жолға қарағанда Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан арқылы өтетiн жаңа
жол VI-VII ғасырларда барынша жандана түстi.
Сөйтiп бұл жол бас жолға айналды да, VII-IX ғасырлардағы елшiлер мен
сауда керуендерi негiзiнен осы жолмен ғана өтiп жүрдi. Нәтижесiнде VI-VIII
ғасырлардағы негiзгi жол торабы Сирия – Иран – Орта Азия – Оңтүстiк
Қазақстан – Талас алабы – Шу алқабы – Ыстықкөл қазаншұнқыры – Шығыс
Түркiстан арқылы тартылды. Бұл жолдың тармақталған бiр бұтағы, дәлiрек
айтқанда тағы бiр жол Византиядан Дербент арқылы шығып, Каспий жағалауына –
Маңғыстауды – Арал жағалауын – Оңтүстiк Қазақстанды кесiп өттi, жоғарыда
аталған негiзгi жолға келiп қосылды. IX-XII ғасырларда Орта Азия, Орта және
Таяу Шығыс, Кiшi Азия арқылы Сирияға, Египет пен Византияға баратын жолға
қарағанда бұл жол тиiмсiздеу пайдаланды. Жiбек жолының басты қазақстандық
бөлiгiнiң дамуында және белсендi қызметiнде VI ғасырдан бастап екi басты
бағыттар бөлiнедi: сырдариялық пен тянь-шаньдық. Бiрiншiсi Қытайдан
басталып, Шығыс Түркiстан, Жетiсу ары қарай Сырдария жағалауы арқылы Арал
маңына барып, одан Таяу Шығыс пен Византияға апаратын.
Бұл бағытта басты байланыс шынжыры Сырдария болса, ал сауда
орталықтары болып жетiсулық және оңтүстiк Қазақстандық Қалалар Суяб, Құлан,
Тараз, Испиджаб, Отрар, Шавғар, Янгикент едi. Тяньшаньдық бағыт Шығыс
Түркiстаннан басталып, Жетiсу арқылы Жоңғар, Iле Алатауы, Қырғыз, Талас
Алатауларының етегiн бойлай Ташкентке, одан соң Самарқанд, Бұқара, Мерв
арқылы Кiшi Азия мен Византияға барды. Бұл жолда Суяб, Баласағұн, Құлан,
Тараз, Испиджаб, Газгирд қалалары ерекше к¤зге түсетiн.
Жiбек жолы шеңберiне ену қарсанында Қазақстанның оңтүстiгi мен Жетiсу
қандай жағдайда едi дегенге келсек: бұл жерде көшпелi түрiк тайпалары мен
отырықшы халықтар ежелден қалыптастырған төл мәдениет өркендеген болатын.
Жолдың бұлай ауысуы келесi себептерге байланысты: бiрiншiден, Жетiсуда Орта
Азия арқылы өтетiн сауда жолдарын қадағалайтын түрiк қағандарының ставкасы
болды; екiншiден, VII ғасырда Ферғана арқылы жол өте қауiптi едi;
үшiншiден, тауарлардың негiзгi тұтынушылары бай түрiк қағандары едi. Б.д.д.
II-I мыңжылдықтын орта шеңiнде үйсiндер мен қаңлылар мемлекеттерi өмiр
сүрiп, Жiбек жолы жұмыс iстеп тұрған кезде мұнда римдiк әйнектер мен
теңгелер, қытай жiбегi мен айналары, сырлы ыдыстар, еуропалық қарсы
iлгектер мен Сасанид Иранынан әртүрлi мөр тастар жеткiзiлiп тұрды.
Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария алқаптарында мұнаралы қорғандармен
қоршалған қала орталықтары, дихандардың алғашқы тектерi орналасқан елдi
мекендер қалыптаса бастады.Солардың көпшiлiгi дерлiк қазiргi Тянь-Шань тауы
етегiнен, Арыс өзенi мен Сырдарияның орта және төменгi ағысындағы
алқаптардан ашылып отыр.
VI ғасырдың екiншi жартысында Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан Кореядан
Қара теңiзге дейiн ұшаң-ғайыр алқапты алып жатқан iрi көшпелiлер мемлекетi
– Түрiк қағанаты құрамына кiрдi.
Жiбек жолы осы кезде жанданып, Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан
қалаларындағы феодалдық мәдениеттiң өркендеуiнде маңызды рол атқарды.
Жетiсуда ол талай қалалардың орталық негiзiнiң қалануына мұрындық болып,
қазақстанның оңтүстiгiнде тiкелей осы ұзына бойында тұрған немесе онымен
сауда сораптарымен байланысып жатқан қалалардың тез өсiп, өркендеуiне
септiгiн тигiздi.
XIV ғасырда дейiн Орта Азия, Оңтүстiк Қазақстан және Жетiсу арқылы
өтетiн Жiбек жолынан керуен арылған жоқ.
XIV ғасырдан бастап теңiз жодарының ашылуы маңызын тоқтата бастайды.
Бiрақ та өмiр заңының күштiлiгi бұл жолды мүлдем тоқтата алған жоқ. Шығыс
пен Еуропа арасында байланыс бәсеңдегенмен ұлы Жiбек жолының соқпақтарымен
шығыстағы атақты елдер Азия, Кавказ, Ресей, Иран және қазақ жерiмен сауда
жүргiзуiн тоқтатпаған. Сондықтан да бұл елдермен қарым-қатынас жасауда
басты қақпа тәрiздi қызмет жасаған десек артық айтқан болмаймыз.
Орта ғасырдың алғашқы кезiндегi ұлы Жiбек жолының Жетiсу аймағында
өмір сүргендiгiн, Түрiк қағанатының астанасы Суяб қаласында болған Сюань-
Цзянның мына бiр хабарынан анық байқауға болады. Ол өзiне жасалған түрiк
қағанының қабылдау кезiн суреттей келiп былай дейдi: “Түрiк ақсүйектерiнiң
жiбек киiмдерiнiң сән-салтанаттылығы соншалықты әсем... Қаған жасыл жiбек
шапан киген. Оның басы жалаңаш тек ұзындығы бiр чжаннан асатын астам жiбек
шүберекпен орап, ұштарын артына салбыратып жiберген. Оның iзiне зерлi шапан
киiп, шаштарын бұрым етiп өрген екi жүзден астам тархан ерiп жүр...”
Хабардағы екi жүзден астам тархандардың киiмдерiнiң барлығы жiбектен
жасалған кең етектi шапандардың киiп тұрғандардың өзiнен-ақ түрiк дәуiрi
кезiнде Қазақстан жерiндегi Түрiк қағанаттығы мен Қытай елiнiң қарым-
қатынасты қандай дәрежеде болғандығын, ұлы Жiбек жолының дамуы жоғары
деңгейге жеткенiн байқау қиын емес. Осы кезден бастап ұлы Жiбек жолының
тарихи маңызы артып, шығысқа шығатын қақпа есебiнде Оңтүстiк Қазақстан ролi
күшейген.
XX ғасырда жүргiзiлген археологиялық ашылулар әйгiлi трасса ежелгi
және орта ғасырларда Қазақстан территориясында өмiр сүрген халықтар
мәдениетiнiң, салт-дәстүрлерi мен әдет-ғұрыптарының қалыптастыруына әсер
етiп қана қоймай, елiмiздiң көршi мемлекеттермен терең де тығыз қарым-
қатынас орнатуға жол бердi.

II-ТАРАУ. ҰЛЫ ЖIБЕК ЖОЛЫНЫҢ ТУРИСТIК ПОТЕНЦИАЛЫ

2.1 Ұлы Жiбек жолы бойындағы қала мәдениетiнiң қалыптасуы

Қазiргi уақытта туризм халықаралық экономиканың маңызды саласына
айналғанына ешкiм күмәнданбайды. БҰҰ-ның осы жүзжылдықты “Туризм ғасыры”
деп атауы кездейсоқ емес. Туризмнiң алдыға суырылып шығуының себебi -
дүниежүзiлiк жақандану процесi мен адамдардың басқа елдер мен ұлттарға қол
жеткiзуге ұмтылуы септiгiн тигiздi.
Дүниежүзiлiк Туристiк өйымның генералды секретарi Франческо Франжиали
Алматыда 2002 жылы халықаралық туристiк жәрмеңкенi ашқанда адамдар күннен
күнге қыдыруға тырысады және көбiнiң оған жағдайы бар деген19.
Бiздiң республика туризмдi дамытуға барлық ресурстарға ие. Елiмiз
Орталық Азия аймағында өте қолайлы геосаяси жағдайға. Қазақстан арқылы Ұлы
Жiбек жолы – ежелгi халықарлық сауда трассасы өтуi мемлекетiмiзде аса
бағалы архитектуралық объектiлердiң пайда болуына жол бердi.
Жiбек жолы Батыс пен Шығыстың мәдени, дипломатиялық, сауда-
экономикалық қарым-қатынастың трансконтинентальды байланыс жолы болып,
Қазақстан территориясында Iле, Шу, Талас алқабтары мен Отырар-Сырдария
оазистерiнде қала мәдениетiнiң күштi дамуына ырғақ болды.
Жетiсу қалаларының алғашқы сипаттамасын буддалық паломник Сюань-Цзян
жазған. Ол бұл жерде 630 жылы болып, былай деген: “ Көгiлдiр көлден 500 км
солтүстiк-батысқа жүргеннен кейiн Сүйе өзенiндегi қалаға келдiк. Қала
көлемi 6-7 ли. Онда түрлi елдерден саудагерлер мен хустар тұрады. Сүйенiң
батысында бiрнеше жалғыз қалалар бар, әрбiреуiнiң өз бас ақсақалы болады.
Бiр-бiрiнен тәуелсiз болғанмен, олар қағанға бағынады. Бұл ел Сули деп
аталады”.
Көптеген қалалар мен ауылдардың кеңейiп-нағаюы, олардың айналасында
әскери-әкiмшiлiк, сауда-саттық агломерациялар мен ауыл шаруашылық
аудандардың қалыптасуы, сонымен қатар үлкен көлемде жаңа сауда орындары,
дiни орталықтар, этникалық отарлар мен әскери қорғандардың салынуы арқылы
Жiбек жолы аймағында урбандалу процесi жүрдi.
Археологиялық зерттеулер арқылы Қазақстанның оңтүстiгiнде 25
қалашықтар ашылған (VI-IX ғасырлар). Олардың кейбiреуiнiң аттары белгiлi –
Испиджаб, Шараб, Будухкет, Отырар, Шавғар. Бұл қалаларда арк (цитадель),
шахристан (iшкi қала), рабад (қала маңы) бөлiнедi. Жетiсудың оңтүстiк-
батысында (Шу мен Талас алқаптары) археологиялық зерттеулер бойынша 27
қалашық белгiлi: Тараз, Мерке, Джамукат, Құлан, Атлах.
Қазақстанның оңтүстiгiнде VII ғасырға дейiн 22 қалашықтары белгiлi, ал
VII мен IX ғасырлар аралығында олардың саны 61 жеткен. Мұндағы 30 iрi қала
Қытай мен Иран маршрут карталарында түсiрiлген.
Қалалар сауда мен өнер орталықтары болған. Халықаралық саудамен қатар
жергiлiктi сауда мен көшпендi тайпалармен сауда дамыды. Оның дамуы туралы
көптеген табылған тиындар дәлелдейдi. Осы ортада түрлi дiндер таралды.
Қалалардың қалыптасуында түркi тайпалары белсендi қызмет еттi.
Жетiсудың оңтүстiк-батысындағы 36 қалашықтан 22 ортағасырлық
авторлармен қала деп аталады.
Қалалар саны бойынша Талас пен Шу алқаптары Орта Азияның тығыз
шоғырланған оазистерiне жатады.
Жетiсудың солтүстiк-шығыс бөлiгiнде қалалардың күрт өсуi IX-XII
ғасырларға келедi. Егер IX-X ғасырларда мұнда 10 елдiмекен болса, XI-XIII
ғасырларда саны 70 жеттi.
IX-XIII ғасырларда қалалардың саны күрт өседi. Жазба деректер бойынша
Талас Алатауларының бөктерiнде Джумишлагу мен Манкент қалалары пайда болды,
Орталық Азияда Кенджиде аймағы қалыптасып, оның орталығы Усбаникетте
орналасты, Отырар оазисiнде Кедер, Весидж пен Будук, Шавғар аймағында Яссы,
Шағылжан, Қарнақ пен Қарашық; Сауран; Сырдарияның төменгi ағысында Сығанақ,
Жент, Асанас, Баршыкент, солтүстiк бөктерде Баладж пен Берукет қалалары
пайда болды22
Жетiсудың солтүсiгiндегi Талғар қалашығында жүргiзiлген қазба жұмыстар
бұл қаланың кварталдармен салынғандығын көрсетедi.Бiрақ оның ауданы
Құйрықтөбеге қарағанда үлкенiрек болды. Бiр кварталда 12-14 қала болған.
Қалаларды салуда жаңа элемент – мешiттер едi. Аль-Максиди авторының
деректерi бойынша X ғасырда Кедер қалашығында (Құйрықтөбе) соборлы мешiт
салынған. Оның қалдықтары археологтармен табылып, зерттелген. Оңтүстiк
Қазақстан мен Жетiсу қалаларын салуда көпшiлiк монша салу дәстүрi таралған
едi. Екеуi Отырар рабады мен тағы екеуi Тараз шахристанында табылған.
XI-XII ғасырларда тұрғындардың жаңа түрлерi пайда болады. Алаңдар
тастан жасалған дуалдармен қоршалатын. Оның iшiнде мал қоралары мен киiз
үйлер болған. Бұл Жетiсудың солтүстiк-шығысында қала тұрғындарының көшпендi
шаруашылық пен мал өсiру дәстүрiн сақтап қалғанын көрсетедi.
Қазақтанда қала салу мәдениетiнiң екi қалыптасу жолы болған: ежелгiсi
б.д.д. III-II ғасырларға келедi. Ол сақтар мен қаңлылардың отырықшы және
жартылай отырықшы елдi мекендерiмен және Солтүстiк Қытайдан ғұн мен үйсiн
тайпаларының Жетiсу жерiне көшiп келуiмен байланысты едi. Алматы және
Алматы облысы, Тараздың төменгi қабаттарындағы ежелгi қалалар, Шу мен Талас
алқаптарындағы қорғандар сақ пен ғұн-үйсiндiк бiрлестiктердiң қалыптасу
кезеңiне жатады. Қаңлылардың елдiмекендерi мен соқдылардың негiзiнде бiздiң
дәуiрдiң алғашқы ғасырларында Сырдария маңы мен Отырар оазистерiнде ежелгi
қала жүйелерi қалыптасады.
Қала мәдениетiнiң қалыптасуының бұл жолдары қалалардың түрлi
структураларының орнығуына әкелдi, олар келесi жолмен бөлiнедi: Жетiсудың
солтүстiк-шығыс бөлiгiндегi төрткүл түрiндегi бiрбөлiктiк қала жүйесi тән
едi (сауда-әкiмшiлiк орталықтар мен қорған қалалар немесе керуен-
сарайларынан құралған). Жетiсудың оңтүстiк-батысында қалалар цитаделi мен
шахристаны бар екiбөлiктi жүйеде едi. Мұнда ауыл шаруашылық аймақтар ұзын
қабырғалармен қоршалатын14.
Оңтүстiк Қазақстан қалалары ортаазиялық қалалар типiнде үшбөлiктi
жұйеде салынатын (цитадель, шахристан мен рабат). Бұлардың әрқайсысы қорқан
қабырғаларға ие болған.

2.2 Қазақстан аумағындағы ежелгi қалалар

Жiбек жолының қазақстандық бөлiгiндегi қалалар iшiнде ерекше орын
алатын – Түркiстан, Тараз, Отырар, Алматы қалалары.
Түркiстан – қазақ хандықының бiрiншi астанасы.
Шымкент облысы, Түркiстан ауданының шығысында орналасқан. Түркiстан
қаласы оңтүстiк Қазақстан қала мәдениетiнiң едәуiр археологиялық
ескерткiшi. Қазақ халқының тарихында бұл қаланың қалдырған iзi барлығына
мәлiм. Бұл түрлi мемлекеттердiң экономикалық және саяси қызығушылықты
тудыратын, дала байтақтары мен ежелгi егiстiк аудандары тоғысындағы мәдени
және сауда орталығы, Қожа Ахмед Йассауидiң дiни әрекеттер жерi, қазақ
хандығының саяси орталығы, мұсылмандық шығыстың екiншi Меккесi.
Қазақстанның оңтүстiгiндегi бұдан ежелгi және тарихи маңыздылығы кем
емес Отырар, Испиджаб, Сауран т.б. қалаларға қарағанда өзiндiк
артықшылықтарға ие. Ең бастысы мұнда ортағасырлық Қазақстанның рухани және
әкiмшiлiк орталығының бiрiгуi. Алғашқы елдiмекен Түркiстан жерiнде IV-VI
ғасырларда пайда болды. XI-XII ғасырларда қалашық пен некрополь арасында
Зиарат жолында Йассауи орденiнiң суфистер мекенi орнығады. XIV ғасырда өмiр
Темiр Ахмед Йассауи қожаның қабiрi үстiне кесене салады. Бiрiншi
археологиялық қазбаларды 1928 жылы жүргiзген Массон қаланы Шавгармен
сәйкестендiредi. Алғашқы кезде Шавгар, кейiннен Йассы деп 1868 жылға дейiн
атанған, ал кесене осы аймақта XII ғасырда өмiр сүрген ұлы әулиелi адам
Ахмед Йассауидiң атымен атанған.
Ахмет Иассауи мазары – көне архитектуралық ескерткiш. әуелi Қарахан
дәуiрiнде тұрғызылып, оның қираған iргесi XV ғасыр аяғы мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Жiбек Жолы жайлы
ҰЛЫ Ж БЕК. I ЖОЛЫНЫҢ ТУРИСТ КI ПОТЕНЦИАЛЫ
MapInfo бағдарламасындағы ГАЖ технологиясын пайдаланып дифференцияцияланған ландшафтық карталарын жасау әдістері (Алатау аумағында)
Жерді қашықтықтан зондтау түсіру әдістері
Археологиялық ескерткіштер және олардың түрлері
Сауда және қалалар
Көне ескерткіштер мен сәулет өнерінің мұралары
Ұлы жібек жолы. Орта ғасырлық Қазақстан қаласы
Ұлы жібек жолының құрылу себептері мен құрылуы
Қола дәуірі жайлы ақпарат
Пәндер