АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 3
1. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА БЕРУ 4
1.1 Алматы облысының географиялық орналасуы 4
1.2 Табиғат жағдайлары 4
1.3 Геологиялық құрылымы 5
1.4 Климаты 5
1.5 Гидрографиясы 6
1.6 Топырағы мен өсімдік дүниесі 6
1.7 Жануарлар дүниесі 7
2. ТУРИЗМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ 8
2.1 Туризм туралы түсінік 8
2.2 Туризмнің даму тарихы 10
3. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІ 12
3.1 Алматы облысының туристік аймақтары 12
3.2 Іле Алатауының рекреациялық ресурстары 13
3.3 Туризм аймағы бойынша геоақпараттық технологиялар 24
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27

Кіріспе

Алматы облысында туристiк кластердiң мынадай сегменттерi айқындалды:
Өңiрдiң табиғи ландшафттарын пайдаланатын экологиялық туризм. Қолда бар
тарихи-археологиялық және мәдени мұраны ашуға бағытталған мәдени-танымдық
туризм. Орталық Азияның қаржылық және бизнес-орталықтарының ең
маңыздыларының бiрi ретiнде Алматы қаласының одан әрi дамуына ықпалын
тигiзетiн iскерлiк туризм.
Алматы - Еуразиялық контитенттің маңызды және ыңғайлы жерінде
орналасып, Ұлы Жібек Жолының транзиттік пункті болып табылады. Осы жерде
Қазақстанның 713 тіркелген фирмаларының 470 туристік ұйымы орналасқан. 3000
мыңдай адам қызмет істейді. 2003 жылы олар 100250 адамға қызмет көрсетті.
Туризм саласының дамуы арқасында шетел туристердің саны көбеюде. Егер
2000 жылы Алматы қаласы 20700-ге жуық туристерді қабылдаса, қазіргі кезде
туристер саны – 42000, ал ішкі маршруттардағы қызмет көрсетілген туристер
саны 2000 жылдан бастап 3600-ден 20000-ға дейін өсті.
Мамандардың айтуы бойынша, қала 300 000 астам туристерді қабылдай
алады.
Шетел мемлекеттерінің Қазақстанға қызығушылығы, туристік фирмалардың
ішкі және сыртқы туризмді ұйымдастыру белсенділігі өсуде. 2000 жылы ішкі
және сыртқы туризммен 20 фирма айналысса, қазіргі кезде олардың саны 50-ге
дейін жетті.

1. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА БЕРУ

1.1 Алматы облысының географиялық орналасуы

Алматы облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы
әкімшілік бөлік. Алматы облысы шығыстан батысқа дейін 700 шақырым,
оңтүстіктен солтүстікке дейін 500 шақырымға созылып жатқан табиғи жағдайы
әр түрлі болып келетін үлкен аймақ. Жерінің аумағы 224 мың шаршы шақырым.
Жерінің көлемі облыстар ішінде бесінші орында. Облыс аумағында 16 аудан
және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар.
Тұрғыны 1631,7 мың адам. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде
Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан
облысымен, шығысында ҚХР-мен, оңтүстігінде Қырғыз Республикасымен
шектеседі.
Облыс орталығы Талдықорған қаласы болып табылады. Алматы облысының
жері ежелден сақ, үйсін, қаңлы тайпаларының, Ұлы жүз қазақтарының
атамекені болды. XIX ғасырдың ортасында Жетісуды патшалық Ресей жаулап
алды. 1848 жылы 10 қаңтарда отаршылық-әкімшілік құрылым – Ұлы Орда
приставтығы құрылды. Ол 1856 жылы Алатау округі аталды. 1867 жылы
Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғанда қазіргі Алматы облысының
бірталай бөлігі Верный уезі атанып, Жетісу облысының құрамына кірді.
Сонымен қатар орталығы Верный (Алматы) бекінісі болып белгіленген жаңа
облысқа Жаркент, Қапал, Сергиполь, Тоқмақ, Ыстықкөл уездері енді. 1882-97
жылдары Жетісу облысы Дала генерал-губернаторлығына қарады. 1897 жылдан
бастап ол Түркістан генерал-губернаторлығының, 1918-24 жылдары Түркістан
АКСР-і құрамында болып келді. 1924 жылы Орта Азияда жүргізілген ұлттық-
территориялық шежелеу нәтижесінде Жетісу облысының қазақ аудандары Қазақ
АКСР-іне енді. 1929-32 жылдары Алматы округі аталды, 1932 жылдың 10
наурызында Алматы облысы болып қайта құрылды. 1944 жылы 16 наурызда Алматы
облысынан Талдықорған облысы бөлініп шықты. Талдықорған облысы 1959-67
жылдары Алматы облысының құрамында болып, 1967 жылы 23 желтоқсанда қайта
бөлінді. 1997 жылы 22 сәуірде Талдықорған облысы таратылып, оның аудандары
Алматы облысына қосылды.

1.2 Табиғат жағдайлары

Облыстың табиғаты мен жер бедері ала құла. Балқаш және Алакөлге
ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір, негізінен,
антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Оның басым
бөлігін Сарыесік атырауқұмның, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның,
Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш
маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен
тілімденген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының
аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу
Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен
қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы –
Бесбақан (4442 метр) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық
бар, олардың жалпы ауданы 1,0 мың шаршы шақырымға жуық. Жетісу Алатауының
кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі,
Сайқан, т.б.) өз маңындағы жазық өңірлерге сұғына еніп жатыр. Облыстың
оңтүстік және оңтүстік шығысы Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен
(Ұзынқара) жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің, т.б. жоталарынан
құралған. Жетісу Алатауы мен Іле, Күнгей Алатаулары және Кетпен таулары
аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Алматы облысының оңтүстік-батысын
және батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен далалары қамтыған (Жусандыдала,
Бозой, Қараой үстірттері).

1.3 Геологиялық құрылымы

Облыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген және кембрийге
дейінгі кристалды тақтатасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-
ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер, т.б. палеозой
жыныстары кеңінен тараған. Тау етегі және облыстың биіктігі орталық
өңірлері плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Облыстағы
таудың алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз
байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы
жазық (пенеплен) қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында, альпілік
орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоникалық процестер
нәтижесінде кәдімгі тауларды түзген. Мұнда осы кезге дейін тектоникалық
процестер жалғасуда. Оқтын-оқтын болатын жер сілкінулер – соның айқын
дәлелі. Кен байлықтарынан облыс қойнауында полиметалл (Текелі), вольфрам
(Бұғыты), молибден кен тасының едәуір қоры, фарфор тастары (Қапшағай),
барит, бентолит сазы (Ақсу, Алакөл аудандары), отқа төзімді балшық, кварц
құмы, гипс, тас көмір, қоңыр көмір (Ойқарағай, Тышқанбай), шымтезек, тұз
кен орындары және минералды жер асты сулары бар.

1.4 Климаты

Алматы облысының климаты негізінен континенттік қысы қоңыржай салқын.
Қаңтар айында орташа температура солтүстік жазық бөлігінде-10-16°С,
оңтүстікте -4-9°С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы
солтүстігінде 25°С, оңтүстігінде 27°С. Бұл жазық өңірде жауын-шашынның
орташа жылдық мөлшері 110-250мм. Тау бөліктерінің климаттық жағдайы
жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы -5-9°С, жылымық жиі болып
тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-23°С, тау
аңғарларында 19-22°С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау
аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын, негізінен, көктем мен
жаз айының басында жауады. Солтүстік өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде
қар жамылғысының орташа қалыңдығы 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см.
Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады.

1.5 Гидрографиясы

Өзендері Балқаш-Алакөл тұйық алабында жатыр және жер беті ағын суына
тапшы келеді. Олар қар, мұздық суларымен толысады. Ірі өзендері: Іле,
Қаратал, Ақсу, Шелек, Шарын, Лепсі, Тентек, Жаманты, Ырғайты, Шілікті,
Түрген, Есік, Бүйен. Ірі көлдері: Балқаш, Алакөл, Жалаңашкөл, Сасықкөл,
Ұялы, Қошқаркөл. Іле өзенінің бойында Қапшағай бөгені және СЭС-і салынған.
Тау бөктерлерінде минералды бұлақ сулары көптеп кездеседі.

1.6 Топырағы мен өсімдік дүниесі

Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары тік белдемдікке байланысты
қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған.
Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер
басым тараған. Балқаш, Алакөл көлдерінің батпақты жағалауларында, Іле
өзенінің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және
боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен тау үстірттерінде таулы даланың қызыл
қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлер (биіктігі 600-1300
м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі, боз далаға ауысады.
Таулы бөлігінің будан жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал оданда
жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік
таудың альпілік шалғынында өлеңшөп, алтай қоғажайы, тастесер, т.б.
өсімдіктер басым. Бұл өңір – облыс малшыларының жазғы жайлауы.

1.7 Жануарлар дүниесі

Жазық жерінде қарақұйрық, бөкен, елік, қасқыр, жабайы шошқа, түлкі,
борсық, жабайы мысық; кеміргіштерден: ондатр, т.б. кездеседі. Таулы
бөлігінде: барыс, сілеусін, қоңыр аю, ақкіс, арқар, тау ешкі, марал,
аққұлақ, бұлғын; құстардан: дуадақ, үйрек, қаз, қырғауыл, кекілік, аққу,
тырна, тау құры, бұлбұл, ұлар, альпілік қарға, т.б. мекендейді. Бауырымен
жорғалаушылардан: жылан, тасбақа, кесіртке; зиянды жәндіктерден: қарақұрт,
бүйі, т.б. кездеседі. Өзен – көлдері мен су айдындарында сазан, шармай,
алабұға, аққайраң, т.б. балықтар бар. 1

2. ТУРИЗМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

2.1 Туризм туралы түсінік

Туризм (фр. tourisme – серуендеу, жол жүру) – белбілі бір маршрутқа
жасалатын саяхат. Атпен, велосипедпен, шаңғымен, қайықпен және жаяу саяхат
жасалса, оны спорттық туризм деп, ал самолетпен, пороходпен, поезбен
саяхат жасалса, оны экскурсиялық туризм деп атайды. Туризм тарихы ертеден
басталады. Ол XIX ғасырдың аяғында пайда болып, осы қалпында қалыптасты.
Қоғамдық қарым-қатынас пен техника және технологияның қарқынды даму
кезеңінде – XX ғасырдың екінші жартысында туризм гүлдене дами түсті. Бүгін
де туризм ірі капиталдарды, негізгі қаражаттарды және еңбек ресурсының
ауқымды бөлігін іске қосқан, әлемдік валдық өнімнің 11 пайызына дейін орын
алып отырған ірі әлемдік сала. Бұл жаһандану деңгейдегі салмақты саясат,
үлкен ақша және ірі бизнес болып саналады.

Туризм өзінің
масштабтарымен, көпшілігімен, халықаралық және әлеуметтік сипатымен қоғам
өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдайларына әсер етеді, ол ғылымның
зор көңілін аударып, маңызды қоғамдық-экономикалық құбылысқа
айналып,тереңдеп бара жатыр. Туристік демалысты қайда және қалай
ұйымдастыру, саяхаттарға көңілді қалай аударту, туризмде қызықты және
пайдалы не бар, ол құбылыс қай экономикалық, әлеуметтік және табиғи
себептерге байланысты, адам мінез-құлқының қай мотивтері адамдарға бос
уақытын өткізудің осы формасын таңдатады, ол құбылыстың ел шаруашылығы мен
оның бөлек аймақтарының шаруашылығына әсері қандай – осы мәселелерді бүгін
туризмология ғылымы зерттеп отыр.
Сонымен қатар, келесі жағдайды ескерту қажет. Туризмнің шаруашылық
саласы ретінде дамуы мемлекеттердің тұрақты даму стратегиясымен тығыз
ұласады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы болып табылатын бұл
күрделі құрылымды сала табиғатты экономикалық мақсатта тиімді пайдаланудың
негізінде адамдар өмірінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады. 2
Туризм үш ең ірі экспорттық салалардың құрамына автомобиль жасау және
мұнай өндіру өнеркәсібінен кейін енеді. Туризм өз кезегінде әлемдік
шаруашылықтың ең қарқынды және өз шығынын өзі өтей алатын түрі болып
саналады. Франция, Испания, Грекия, Түркия, Венгрия және Египет елдерінде
туризм мемлекет бюджетіне өте үлкен кіріс кіргізетін негізгі экономиканың
саласы болып саналады. Қазіргі шақта туризмде ғаламдандыру процесі жүріп
жатыр, оған Қазақстан да еніп отыр. Егеменді Қазақстанда туризмнің дамуына
мемлекет экономикасы мен қоғамында дәрежесін көтеруге көңіл бөлуде.
Әлемдік нарықта Қазақстанның тур өнімдерінің қозғалысына әсер ететін
туризм индустриясының дамуына және бұл мәселелерді қалыптастыру жөніндегі
зерттеулер, сонымен қатар 1992 жылдан бері көптеген заңдар енгізілді.
Қазақстанның қазіргі экономикасында туризм рөлі үздіксіз өсуде. Осы таңда
Қазақстан Республикасында туризм индустриясын өркендету жөніндегі үлкен
проблема туып отыр. Осы заманғы туризм индустриалды формасы бар, ұлттық
экономиканың дамуының негізгі католизаторы болып табылатын, жаңа жұмыс
орнын алайда болдыратын, ұлттық кірістің өсуіне әсер ететін, жергілікті
халықтың тұрмысын көтеретін экономикалық құбылыс.
Қазақстан аумағында туризмнің барлық түрін дамытуға толық
мүмкіншіліктер бар. Бастауын б.д.д. үшінші мың жылдықтан алатын Ұлы Жібек
жолының пайда болуы мен дамуы тарихи негіз болып табылады. Табиғи
климаттық жағдайларына байланысты, Қазақстан рекреациялық ресурстарға,
ерекше әсем табиғи ескерткіштерге бай және қазақ даласында ата-бабамыздан
келе жатқан баға жетпес құнды мәдени мұралары да шексіз. Айтарлықтай
туристік-ресурстық потенциалы, түрлі табиғи ортасы және жануарлар әлемі
бай елдің экологиялық туризмді дамытуға үлкен мүмкіншілігі бар.
Экотуризмнің дамуы республикадағы барлық табиғи-шаруашылық кешенінің
дамуына, сонымен қатар, елдің әлеуметтік-экономикалық басты мақсаты
тұрғындарды салауатты өмір сүру үшін қоршаған ортаның жақсы жағдайда
болуын қамтамасыз етеді. Дәл осы уақытта шет елдерде туризмнің экстремалды
және экзотикалық бір түрі болып есептелетін ғарыштық туризм қарқындап
дамып келеді. Қазақстан аумағында атақты Байқоңыр космодромы
болғандықтан шетелдің ғарыштық мүмкіндіктерінен еш кем түспейді. Аталған
туризм түріне дұрыс қарап, дамуына жағдай жасаса, Қазақстан өз байлығын
көбейтіп, түскен пайданы экологиялық мәселелерді шешуге және табиғатты
қорғау шараларына жұмсар еді.
Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін, туризм басқа да экономикалық
салалар секілді жоғарыдан қатты шектеулі болатын. Қазақстанның туристік
нарығы әлемдік және халықаралық стандарттар бойынша бәсекеге қабілетті
емес. Жергілікті рекреациялық және сауықтыру мекемелерінің,
турагенттіктерінің ұсынатын турөнімі шетелдің орташа қамтамасыз етілген
саяхатшысының сұранысын қанағаттандыра алмайды. Бұл жерде мемлекет
тарапынан туризм индустриясының дамуы туралы үлкен бағдарламаны енгізіп,
осы бағдарламада қойылған мақсаттарға жету және тапсырмалардың орындалуы
қатаң қадағалануы қажет. Бұл туризмнің өн бойын қалыптастыратын туристік
индустрияның Клондайгы болып табылады. 3
Сондықтан туризм кешенді әлеуметтік-экономикалық және кеңістіктік
құбылыс ретінде пәнаралық зерттеулер объектісіне айналды. Қазіргі таңда
туризмологияның қалыптасуы жүріп жатыр деуге болады, оның дамуына
экономика, әлеуметтану, құқықтану, медицина, сәулет өнері, көптеген басқа
табиғи, гуманитарлық және техникалық ғылымдар да өз үлесін қосып отыр.
Бірақ ол пәндердің әрқайсысы туризмді өз тұрғысынан зерттейді. Сондықтан
туризмологияның дамуы – монопәндік көзқарастардан туризм туралы жүйені
білімге апаратын жол.
Туризмологияны туризм туралы ілім деп айтуға болады, өйткені ол
туризмді біртұтас жүйе ретінде бейнелеп, зерттеп отырады. Рекреациялық
географиямен қатар туризм географиясының мәселелерін шешіп, туризмология
туризмнің теориялық негіздерін құрайды.
Туризм әлемнің көптеген елдерінің баса көңіл аударарлық шаруашылық
салаларының бірі болып отыр. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың
катализаторы бола отырып, негізгі шаруашылық секторларына (көлік,
байланыс, ауыл шаруашылық, құрылыс және т.б.) үлкен әсерін тигізеді.
Мамандардың болжауы бойынша, XXI ғасыр туризм ғасыры болмақ.
Қазақстанда туризм нарқының дамуымен жаңаша ойлап, жаңа істер атқаратын
мамандарға қажеттілік өсті. Біздің елімізде туризмді дұрыс жоспарлап
дамыту үшін туризмнің теориялық негіздерін білу өте қажет. Тиянақты білімі
бар мамандар туризм әлемінде дұрыс бағыт ұстау мүмкіндігіне ие бола алады.
Төрт тараудан тұратын бұл оқу құралы келешек мамандарға жол сілтер
басылымдардың бірі болып саналады.
Бірінші тарау туризм географиясы мен рекреациялық географияның
теориялық-әдістемелік аспектілерін қамтиды. Екінші тарауда туристік
аудандардың қалыптасуының алғышарттары қарастырылады. Бұнда туристік-
рекреациялық ресурстар, рекреациялық сыйымдылық түсініктері толық
берілген. Жұмыста территорияға рекреациялық баға берілген, сондай-ақ
туризм мен экологияның өзара әсерлеріне байланысты мәселелер көтерілген.
Үшінші тарау туризм экономикасының, туристік нарықтың негіздерін, сонымен
қатар, қазіргі туристік сұраныстың географиясын, туризмнің жаңа ақпараттық
технологиясын да қамтиды.
Халықаралық туризмнің жалпы бағыттары төртінші тарауда жақсы
көрсетілген. Дүниежүзілік халықаралық туризмнің даму деңгейінің соңғы
статистикалық мәліметтері толық берілген. Халықаралық туризм сыртқы
экономикалық байланыстардың бір түрі ретінде қаралып, оның дамуына
динамикалық талдау жасалынған. 2

2.2 Туризмнің даму тарихы

Әлемде капиталистiк қарым-қатынастардың орнауы мен одан әрi дамуы
ұйымдасқан туризмнiң пайда болуына әкеп соқты. Халықаралық туризмге ауадай
қажет экономикалық, саяси және әлеуметтiк алғышарттардың қалыптасуында
капиталистiк қоғамның маңызы ерекше. Буржуазиялық төңкерiс жеңiске жетiп,
капитализмге алғаш аяқ басқан ел Англия болатын. Нақ осы елде алдымен iшкi
маршруттарға, кейiнiрек шет елдерге жол сызған алғашқы туристiк ұйымдардың
пайда болуы кездейсоқтық емес. Осы заманғы туризмнiң басы 1841 жылы
iшiмдiктен сау адамдар ұйымының 570 мүшесiн Лейстерден Лафобороға Т.Кук
ұйымдастырған туристiк сапардан басталады. Сол жолғы сапар барысы
баяндалған жолнама бiздiң күндерiмiзге бәз қалпында жетiп отыр. Осы тарихи
оқиғаның өмiрге келуiне жол салған сол замандағы өндiрiстегi соңғы
жаңалықтар мен темiр жолдың пайдалануға берiлуi нәтижесiнде халықтық орын
ауыстыруға деген артқан белсендiлiгi едi. Ашылған ұлан-ғайып
мүмкiншiлiктердi Т. Кук пайдаланып қалуға тырысты. 1851 жылы Лондонда
бiрiншi халықаралық өнеркәсiп көрмесi ашылғанда ол тек қана Йоркширден 165
мың адамды аттандыруды ұйымдастырды. Ал 1854 жылы Англияда саяхатшылар мен
туристерге арналған 8 мың қонақ үй жайында мәлiметтер беретiн алғашқы
анықтама баспадан жарық көрдi. Ел iшiнде туристiк бизнестiң қарқынды дамуы
Т. Кукке шет елдерге сапар ұйымдастыру мүмкiншiлiгiн қарастыруға ой салды.
Сөйтiп, ол 1855 жылы Францияға, Париждегi Дүниежүзiлiк көрмеге туристiк
сапар ұйымдастырады. 1856 жылдан бастап Еуропаның басқа да елдерiне
туристiк саяхаттар жасауды ұйымдастырады. XIX ғасырдың 50-70 жылдары
Еуропаны аралаған шет елдiк туристердiң басым көпшiлiгiн ағылшындар
құрайды. Осы уақытта Еуропа елдерiнде “Англегер”, “Британик”, “Лондон”,
“Виндзор” деп аталатын қонақ үйлер, ал тiлдерiне “экспресс”, “лайнер”,
“комфорт”, “бой” тәрiздi ағылшын сөздерi бiржолата енедi. XIX ғасырдың
екiншi жартысында Еуропадағы темiр жолдың ұлғаюы туризмнiң дамуына зор
әсер еттi.1888 жылы континентте болып қайтқан ағылшын туристерiнiң саны
500 мыңға жетiптi. 1838 жылдан Лондон мен Нью-Йорк арасында пароход
маршруты ашылды. “Грейт вестерн” атты дөңгелек винттi пароход Америкадан
Еуропаға ең алғашқы 68 жолаушыны жеткiздi. Жолаушылар саны үнемi өсiп
отырды, егер 1840 жылы шамамен 8 мыңды құраса, 1860 жылы бұл көрсеткiш 26
мыңға дейiн көтерiлдi. 60-шы жылдардың орта шенiнен Англия мен АҚШ
арасында туризм дами бастайды. Бұл жерде де Т. Куктiң еңбегi сiңедi: 1865
жылы Америкадан Англияға және керi бағыттағы туристiк саяхаттардың
ұйытқысы болады. 1866 жылы ағылшындық туристердiң алғашқы тобы Америка
жағалауына аяқ басады. 1867 жылдан туристiк теңiз саяхаты басталады. 1882
жылы Кук алғашқы жаһандық саяхатын жасайды. Туристiк фирмалар қонақ үйлер
мен ресторандардың иелерiмен, темiр жол, пароход компанияларымен ғана
келiсiм шартқа отырып қойғанды мiсе тұтпай қоғам тарапынан түсетiн
сұранысты зерттей бастады, болашақ сапарлардың маршруттарын қағазға
түсiрiп, бағдарламаға туристерге ұсынылатын сан алуан шараларды енгiзудi
жөн көрдi. Ресейдегi алғашқы туристiк компанияны 1885 жылы Санкт-Петербург
қаласында Л.Липсон ашты. Ресейдегi туризм индустриясының дамуына айрықша
тоқталған жөн. XIX ғасырдың екiншi жартысында мұнда экскурсиялық
сапарларға көп мән берiледi. 3

3. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІ

3.1 Алматы облысының туристік аймақтары

Қазіргі уақытта туризм алуан түрлі ойын-сауық және танымдық
мүмкіндіктердің арқасында әртүрлі байланысқан ең танымал және бұқаралық
демалыс түрі.
Алматы облысы Қазақстандағы туристік мүмкіндіктері әртүрлі табиғи
ландшафтармен және даму деңгейі қамтылған ең бай облыстардың бірі болып
табылады. Мұнда бірінші кезекте дамып отырған тау туризмін айрықша айтуға
болады. Тау туризмінің ең жақсы дамыған түрі болып спорттық жоспарлы және
өзіне қызмет көрсету туризмі бөлінеді. Тау туризмінің бұлай бөлінуі саяхат
пен сапар мақсатының әртүрлілігіне негізделген. Барлық тау туризмінің
табиғи ресурстарына Батыс-Күңгей Алатау жоталарының ортатаулы және биік
таулы ландшафты зоналары жатады. Тау туризмінің басты ресурстары жер
бедері болып табылады. Алайда, ортатаулы және биік таулы ландшафт түріне
негізінен Үлкен және Кіші Алматы, Ақсай, Түрген өзендерінің аңғарлары
пайдаланылады. Іле Алатауының басқа шатқалдары салыстырмалы түрде аз
пайдаланылады. Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың
туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Іле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-
Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы,
Қаскелең, Шамалған елді мекендері жатады.
Жаяу туризмнің табиғи ресурстарға сұранысы көп, сондықтан да таулы
ландшафтармен қатар тауалды үлкен өзендердің аңғарлары да пайдаланылады.
Алматы облысының негізгі жаяу сапар желілері Іле Алатауының орташа таулы,
аласа таулы және тауалды ландшафтары, сонымен қатар Іле, Шарын, Шелек
өзендері алқаптары арқылы созылып жатыр. Аласа таулы және тауалды
жазықтардың жоғарғы дәрежеде жыртылуы жаяу сапар туризмінің өзен аңғарын
бойлай дамуын қиындатады және жалпы оның облыс шектерінде таралуын
шектейді. Алматы қаласына таяу тартымды көріністердің аз саны немесе
табиғи ескерткіштер маңызды факторлардың бірі болып табылады. Су туризмі
жыл мезгілінің жылы ағымындағы өзендерінің тұрақты және жеткілікті су
деңгейінің аз мөлшерімен лимиттеледі. Су туризмінің сапасы Іле, Шарын және
Шелек өзендерінде қолданылады. Шарын және Шелек өзендерінің ағымы қарқынды
болғандықтан, оларды спорттық мақсаттарда қолданады. Облыс аумақтарының
табиғи-географиялық шарттарының зерттелулері Алматы қаласы тұрғындары үшін
демалыс аймақтарының ұйымдарына және облыстардағы кішігірім қалаларының
балалар туризмі, табиғатты қорғау мен рекреациялық ресурстарына арналуы
тиіс. Осыған орай облыстар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда туристік фирмалардың қызметтері
Алматы облысының туризм индустриясының даму жағдайын айқындау
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ 2009-2011 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Шығыс Қазақстан облысы
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Туризмнің экономикалық сала ретінде
Ақтөбе қаласындағы демалыс пен туризмнің дамуы
Ыстықкөл облысындағы туризм түрлерін дамыту мүмкіндіктерін бағалау
ҚР туризм түрлерінің бағдарламалық түрде ұйымдасуы мен жүргізілуін теориялық және тәжірибелік тұрғыда қарастыру
Белсенді туризм тарихы
Пәндер