Бразилияда туризм дамуының ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыстың жоспары:

Кіріспе. . . . 3

1 Бразилияның Халықаралық туризмдегі орны . . . 5

1. 1 Бразилияның географиялық орналасуы. . 5

1. 2 Бразилия мемелекетінің қысқаша тарихы . . …7

1. 3 Бразилия елі туралы жалпы мәлімет . . . 8

2 Бразилиядағы туристік индустрия және оның дамуы…. ………. . ……. . 18

2. 1 Туризм инфрақұрылымы және оның тармақтарының дамуы. 18

2. 2 Экологиялық туризм және экотур мәселесі бойынша ұлттық саясаттың негізгі бағыттары. . . 23

2. 3 Бразилияда туризм дамуының ерекшеліктері . . . 26

Қорытынды. . 33

Қолданылған әдебиеттер тізімі. 34

Қосымшалар

КІРІСПЕ

Әлемдегі алып жатқан территориясы бойынша бесінші орынды алатын, Оңтүстік жарты шарда орналасқан, Латын Америкасында экономикасы ең жақсы дамыған, табиғи ресурстарға өте бай мемлекет - Бразилия Федерациясы. Кез-келген елдің даму қарқынымен, даму сатысын айқындаушы - ол экономика. Дамушы елдердің алдыңғы қатарындағы Бразилияның экономикасы дамуының стратегиялық саясаты өзге дамушы елдерге үлгі бола алады.

Бразилияда экономикалық жағдайлар елдегі туризмнің дамуына қажет және оны құрайтын бөліктер туризмнің дамуының негізі болып, осы дамуға тікелей әсер етеді.

1. Бөлімде «Бразилия елі туралы жалпы мәлімет» Бразилия мемлекеті туралы қысқаша мәлімет, географиялық орналасуы, мемлекеттік құрылымы, жергілікті халқы мен олардың шығу тегі, фаунасымен флорасы, спорт, ұлттық киім, мәдениет, қалалармен курортты жерлер, ұлттық архитектура ерекшеліктері және елдің қысқаша тарихын қамтиды.

2. Бөлім «Бразилия экономикасының және оның салаларының туризмге әсері» жұмыстың негізгі бөлігі болып табылады. Бұл бөлімде экономиканың басты салалары болып табылатын ауылшаруашылық, өнеркәсіп, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, пайдалы қазба байлықтары, халықтық сауда, қолөнер елдегі туризм индустриясының дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады.

3. Бөлім «Бразилиядағы туристік индустрия және оның дамуы» 1 және 2 Бөлімдерді жалпылайды және елдегі негізгі аудандарға мінездеме береді. Экологиялық туризм және экотур мәселесі бойынша ұлттық саясаттың негізгі бағыттары айқындайды. Туризм инфрақұрылымы, оның тармақтарын және Бразилияда туризм дамуының ерекшеліктері қарастырылады.

Курстық жұмыстың мақсаты туризмге әсер етуші экономикалық жағдайларды қарастыру, мінездемелеу және зерттеу болып табылады.

Мақсатты айқындай келе, келесі міндеттер анықталды:

  • Елдегі туризмнің дамуына әсер етуші негізгі себептерді анықтау және қарастыру
  • туризм дамуының негізгі аудандарын сараптау
  • туризм дамуының ерекшеліктерін зерттеу
  • жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды жүйелеу және қорытынды шығару

Курстық жұмыстың нысаны - экономикамен туризм индустриясының қатынасы және экономика салаларының елдегі туризмнің дамуына тікелей әсері, туындайтын қиын мәселелер және олардың шешілу жолдары.

Курстық жұмысты жазуда келесі материалдар қолданылды: энциклопедиялар, жолсілтемелер, оқулықтар, Интернет мәліметтері.

1. Бөлім. Бразилия елі туралы жалпы мәлімет.

Бразилия.

Астанасы: Бразилиа .

Басқару құрылымы: Федеративтік Республика .

Президенті: Луис Инасиу Лула да Силва.

Территориясы: әлемде 5-ші орын

Барлығы: 8 511 965 км²

Су бетінде: 0, 65 км²

Халқы: әлемде 5-ші орын

Барлығы(2006) : 188 078 261 адам.

Тығыздығы: 22 адам. /км².

55% еуропалықтар, 38% мулаттар,

6% африкалықтар, 1 % басқалар.

Діні: 70% католиктер, басқалары өзге сенімге

немесе үндістік анимизм.

Ресми тілі: португалдық

Ірі қалалары: Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Сальвадор, Белу-

Оризонти, Форталеза, Бразилиа.

Тәуелсіздік алған күні: 1822 жылы 7 қыркүйекте жарияланды.

1825 жылы 29 тамызда Португалия

мойындады.

ВВП: әлемде 9-шы орын.

Барлығы(2006) : 1708, 4 млрд. $.

Жан басына: 9083 $.

Валютасы: Реал (BRL) .

Ұлттық ұраны: «Ordem e Progresso» (порт. Тәртіп және даму) .

Интернет-домен: . br

Телефон коды: +55.

Сағаттық белдеу: UTC -2…-5

Құрлықтағы шекарасы: 16 мың км. шамасында.

Судағы шекарасы: 7, 4 мың км.

Солтүстігінде: Венесуэла, Гайана, Суринам және Француз

Гвианасы.

Оңтүстігінде : Уругвай.

Батысында: Аргентина, Парагвай, Боливия, Колумбия және

Перу.

Шығысында: Атлант мұхитымен шекараласады.

Электр: Негізінен 127 вольт. Бразилиа, Флорианополис,

Форталез, Ресифи и Сан-Луисте - 220 вольт,

Манауста - 110 вольт, Рио-де-Жанейро және

Сан-Паулу - 220 вольт.

Негізгі серіктері: Еуропалық Одақ, Орталық және Оңтүстік

Америка, Азия, АҚШ .

1. 1. Бразилияның географиялық орналасуы.

Бразилия оңтүстік Америка құрлығының жартысына жуық территориясын алып жатыр. Чилимен Эквадордан басқа өзіне көршілес барлық елдермен құрлықта шектесіп, әлемде жер көлемі бойынша бесінші орынды иемденген. Бразилия аз халықты ел, бірақ халық саны Амазонка жазығында қарқынмен көбейіп, табиғи ресурстарды шексіз пайдаланып, орман алқаптары кесілуде.

Бразилияны төрт географиялық аймаққа бөлуге болады. Атлант жағалауындағы Риу Гранд ду Сул және Баии өзендері арасында тау тізбегі орналасқан, және солтүстікке қарай жазықтана түседі. Ең биік нүктесі 3 014 метр. Оңтүстікте Парана-Парагвай ойысында аласа орман, биік шөптесіндер өседі. Ал солтүстікте Амазонка қалың орман массиві бар. Әлемде ең ұзын өзен - Амазонка 6275 километрге созылып жатыр және дүниежүзілік орманның 30% осында орналасқан.

Бразилияда фауна бай, әрі алуан түрлі. Өзге елдер арасында Бразилия сүтқоректілер, балықтар, өсімдіктерден бірінші орын, амфибия түрлілігінен екінші, құстардың саналундығынан үшінші, және жорғалаушылардың түрі жағынан бесінші орынды алады. Бразилия табиғат ресурсына бай болуына қарамай, оның қоршаған ортасы біртіндеп құртылуда. Амазонка экожүйесімен бірге өзгеде табиғи аймақтарға қауіп төнуде. Тропикалық ормандардың кесілуінен, солтүстік-шығыста шөл басуынан, Пантанала аймағында браконьерлік салдарынан және жағалаулардың ластануынан көптеген фауна және флора түрлеріне жойылу қаупі төніп тұр.

Бразилияның көп бөлігін тропикалық белдеу құрайда, тек оңтүстікті субтропикалық белдеу кеседі. Сондықтан бүкіл елде орташа жылдық температура жоғары, ең суық және ең ыстық айдың айырмасы 3-4 градус. Бразилияның барлық өңірлерінде ылғалдық, ауа температурасы, т. б климаттық құбылыстар бірқалыпты, тек оңтүстікте маусымдық ерекшеліктер байқалады. Қыс маусымнан тамызға дейін созылып, қиыр оңтүстікте ауа температурасы +13° - +18° °С жетеді. Жазда, желтоқсанмен ақпан аралығында ауа ыстық, құрғақ болып, температура +40°С тұрақты. Жылдың басқа уақытында +25°С шамасында.

Ауа райы туристерге қолайлы және осы елге жыл бойы келуге ешқандай кедергі жасамайды.

Жаздың ұзақ күндерінде бразилиялықтар үлкен қалалардан қашып, жағажайларға және курорттық зоналарға асығады. Сондықтан ол уақытта саяхат қымбаттап, қонақүйлерде бос орындар болмайды.

Бразилияның мемлекеттік құрылымы.

Бразилия Президент басқаратын Конституциялық Республика. Президент төрт жылда бір сайланады. Жоғарғы Заң шығарушы орган Ұлттық конгресс екі палатадан тұрады: Федералды Сенат (81 орын), Депутаттар палатасы (513 орын) . Жоғарғы сот билігі - Жоғарғы Федералды Сот.

Жергілікті халық.

Қазіргі Бразилия халқы этникалық құрамының әртүрлігімен ерекшеленеді. Бұл тарихи жағдайларға - португалдықтардың елді отарлауынан, плантацияларға негр-құлдардың көптеп алып келінуі, 19 ғасырдағы еуропалық елдердің, Жапония мен Қытай эмиграциясы жергілікті үндістермен араласуының салдары. Бразилиялық география және статистика институтының мәліметі бойынша 1993 жылы халық саны 151 миллион 523 мыңға жетті , 62 пайызы 29 жасқа дейнгілер. Бірақ статистикалық мәліметтерге джунглиде өмір сүретін тайпалар кірмейді. Өмір сүру ұзақтығы: еркектер - 62 жыл, әйелдер - 68 жыл. Халықтың орташа тығыздығы 22 адам. /км², сандар ірі қалаларда және Атлант мұхиты жағалауында өседі. Соңғы мәліметтер бойынша қазір халық саны 188 078 261 адам.

Кариоки. Рионың жергілікті тұрғындары өздерін кариоки деп атайды. Риоға сапар кезінде бұл сөзді бірнеше рет есітуге болады. Тұрғындар осы аттарын мақтан тұтады. Лингвистердің пікірінше «кариоки» сөзі Рио-де-Жанейроға ешқандай қатысы жоқ. Бұл сөз Tupi үндістерінің «kara'i oca» яғни, «ақтардың үйі» деген сөзінен алынған. Португалдықтар салған үйлерді олар осылай атаған. Белгісіз себептерге байланысты португалдық өздерін «кариоки» деп атай бастаған.

Қалалар.

Macae - Бразилияның оңтүстік-шығысындағы орташа қала. Масае апельсинімен, желсіз ауа райымен және бразилиялық футболымен әйгілі. Бұл жерде комфорт пен сапалы қызметке үйренген туристер демалады.

Ангра Дос Рейс - Рио-де-Жанейродан 155 км. орналасқан қазіргі заманға сай халықаралық туристік курорт. Бұл жерде әдемі жағажайлардың бірінде, мұхит жағалауында ыңғайлы орналасуға болады.

Алагоас - Бразилияның оңтүстік-шығысындағы кішігірім қала. Ол таза көлдерімен және апельсин ағаштарының көптігімен белгілі. Мұнда тыныш әрі ыңғайлы.

Аракса - Орталық Бразилиядағы орташа қала. Теңіздің жақындығы жағажай демалысына ыңғайлы. Таза ауа және жасыл алаң өмір сапасын жақсартады.

Бузиос шығанағы мұхитқа 5 миль еніп тұр. Шығанақтың батыс жағы жылы және тыныш сумен, ал шығысы суық және биік толқындар шаяды.

Бразилия 26 штаттан және федеральды округтан тұратын Федеративтік Республика.

Акри, Алагоас, Амазонас, Амапа, Баия, Гояс, Мараньян, Мату-Гросу, Мату-Гросу-ду-Сул, Минас-Жерайс, Пара, Параиба, Парана, Пернамбуку, Пиауи, Рио-де-Жанейро, Риу-Гранди-ду-Норти, Риу-Гранди-ду-Сул, Рондония, Рорайма, Сан-Паулу, Санта-Катарина, Сеара, Сержипи, Токантинс, Эспириту-Санту, Федеральный округ.

Фауна.

Батыс жарты шардағы тропикалық белдеуде өмір сүретін сүтқоректілердің он екі типінің он бірі Бразилияны мекендейді және оладың түрі 600 ден асады. Мысық тұқымдасының дақты ягуар, пума, сукуарана, жагуаранди және оцелот сияқты түрлері; ұсақ сүтқоректілерден жалқаулар, құмырсқа жегіштер, тапир, қалқандылар, дельфиндер, капиварлар және маймылдардың 30 түрі мекендейді.

Тукан құсы елдің ұлттық табиғатының мақтанышы. Бразилияда құстардың әлемде ең көп түрі, тотықұстармен санағанда 1600 түрі мекендейді. Тасбақалардың 40, кесірткелердің 120, жыландардың 230, қолтырауындардың 5, тұщы су балықтарының 1500 түрі мекендейді. Биологтар 100. 000 түрлі омыртқасыздарды, оның ішінде 7 жәндіктерді тіркеген.

Бразилияда Амазонканың өзен, көлдерінде балықтың 3000 түрі бар. Олар: пираруку (әлемдегі ең үлкен тұщы су балығы, ұзындығы 2 метрге және салмағы 125 килограммға жетеді), өсімдікқоректі тамбаки және етқоректі пиранья.

Бразилия мәдениеті.

Бразилия мәдениетіне тілі мен дінін алып келген португалдықтар ғана емес, жергілікті үндістер, африкандықтар, Еуропамен Азиядан келушілер ықпал еткен. Соның салдарынан керемет әуен, ұлы жазушылар және өте дәмді бразилия тағамдары дүниеге келді. Бразилиялық беллетристика авторларының арасында Машадо де Асси өзінің қысқа мәтінді ирониялық стилімен танымал. ХХ ғасырдың атақты прозаигі, Бахии халқының өмірін керемет бейнелеуші Хорхе Амадо.

Бразилия музыкасы әрқашан стилінің және құралдарының әртүрлігімен ерекшеленген, үш континент музыкасының әсерінен құрылып, жаңа және ғажайып әуендер дамуда. 1930 жылдары кең таралған самба - испандық болеро мен африкандық әуеннің қосылысы. Ең атақты самба орындаушысы Кармен Миранд жемістерден жасалған бас киімімен ерекшеленген. Tropicalismo музыкалық бағыттардың жиындысы, белсенді самба ретінде 1960 жылдары кең таралды. Кейіннен кариб әуендерінің әсерімен 1980 жылдары атақты болған ламбада пайда болды.

Киім

Бразилия тұрғындарының көп бөлігі еуропалық киімдерді киеді. Ұлттық киімдер тек халықтың аз ғана бөлігінде африка тектілерде сақталған. Ерлер киімі кең шалбардан және кең жеңді көйлектен құралады. Бастарына жібектен немесе жүннен жасалған «торсо» киеді. Аяқтарына ағаштан жасалған «таманко» киеді. Қара нәсілділердің киімі ерекше күрделі, крахмалданған юбка сыртынан ұзын, ашық түсті юбка «саиа» киеді. «Бата» - ақ, еркін түсуші, бір иыққа қыстырма арқылы ілінетін кофта. Суық күндері жүннен тоқылған плащ «пано-да-коста» денеге ерекше оралып киіледі. Сүйікті таманкомен бірге қара нәсілділер жеңіл чинелас киеді. Мулаттардың күрделі шаш қоюларымен бірге әртүрлі тюрбандар киіледі. Мойындарымен қолдарын әртүрлі тастан жасалған браслеттер, маржандар, құс қауырсындарымен әшекелейді.

Бразилиядағы архитектура.

Бразилия архитектурасы отарлық кезеңдегі португалиялық стильмен, бірақ тропикалық климатқа сәйкестендіріліп құрылған. Бұл стильдің қалдықтары ескі қалалардың шіркеулерінде және монстырларында, әсіресе, Минас Жерайс штатының орталығы Оуру-Прету қаласында жақсы сақталған. Алтын кен орындары ашылғаннан кейін бұл қала барокко стиліне жол ашты. Бұл стильдің ерекшелігі ғимараттың аскетикалық фасады, еуропалық мәрмәрдің орнына стетаитпен әсерлеу. Оуру-Прету қаласы мұқият реставрациядан өткізіліп, мемлекет қорғауына берілді, кейіннен әлемдік құндылық ретінде ЮНЕСКО тізіміне кірді.

Бразилияда неоклассицизм стилінің дамуына 1816 жылы француздық суретшілермен келген архитектор Гранжан де Монтинье бастау берді. Ол Рио-де-Жанейродағы кейбір құрылыстарды құрастырды. ХІХ ғасырдан соңғы кезге дейін архитекторлар француздық архитектураның әсерінде болды. Содан бері Франциялық Ле Корбюзье және АҚШ-тық Франк Ллойд Райттармен байланыс үзбеген бразилиялық архитектура өз жолында келуде. Қазіргі таңда ол ғажайып архитектуралық құрылыс ретінде әлемді тамсандырып келеді. Бразилиялық архитектураның модернизм кезеңі 1930 жылы Сан-Паулуда «заманауи» үйдің құрылыс жобасын жасаған ресейлік Грегори Варшавчиктен бастау алды. Бұл стильдің керемет құрылысы ретінде ағайынды Роберттер жобасымен салынған Сантос Дюмон аэровокзалы, Рио-де-Жанейродағы Әділет Министрлігі және тағы басқа жобалар танылады.

Қазіргі бразилиялық архитектураның айқын көрінісі астана Бразилиа қаласы. Лусиу Коста қаланың бас жобасын, ал Оскар Нимейер негізгі ғимараттар жобасын жасады. Бұл жобалар архитектураның дамуына жаңа жолдар ашты. Оскар Нимейер жобалаған қаланың негізгі ғимараттары: Итамарати сарайы (Сыртқы Істер Министрлігі) өзінің бетон аркаларымен және су бағымен; Кафедральды собор. Архитектурамен қатар Бурле Маркс бастаған пейзажистер мектебі ғимараттың айналасын жасылдандыру және бау-бақшамен көмкеру арқылы әлемге танымал болды.

1. 2. Бразилияның қысқаша тарихы.

Бразилия Латын Америкасының ең ірі мемлекеті, территориясы бойынша әлемде бесінші орынды алады. Бес ғасыр алдын бұл жерлерді рулық қоғамда өмір сүрген үндістер мекендеген. Колумб саяхатынан кейін қазіргі Бразилия территориясын португалдықтар жаулап ала бастады. 1502 жылдың 1 қаңтарында капитан Гаспар Лемуш басшылығымен португалия флотилиясы Атлант мұхиты бойымен саяхаты барысында ірі су арнасына тап болып, оны Рио-де-Жанейро - «Қаңтар өзені» деп атаған. Осы жерден бастау алған Рио-де-Жанейро қаласы қазір әлемге әйгілі. Оңтүстік Американың жаңа жерлерін біртіндеп жаулап алу арқылы Португалия өзінің ірі отары Бразилияны құрды. Бразилия аты осы жерден Португалияға тасымалданатын «браз» ағашы арқасында алынды. Бразилия арқылы ағып өтетін әлемдегі ең ірі өзен Амазонканың тарихы да қызықты. Амазонканы шын мәнінде Колумбпен бірге саяхатқа шыққан Висенте Яньес Пинсон екінші саяхаты барысында ашып оған Санта Мария де ла Мар-Дульсе есімін берген. 40 жыл өткеннен кейін Франсиско Орельяноның зерттеуі барысында, көптеген қиындықтарға, қолайсыз климатқа, туземдіктердің шабуылына тап болды. Өзен бойлап саяхат барысында оған туземдік қарулы әйелдер шабуыл жасаған, ежелгі грек аңыздарындағы амазонкаларды еске түсіретіндіктен бұл өзенді Амазонка атап кеткен. Бразилияның территориялық құрылу процесі ХVIII ғасыр ортасында аяқталған. Ең бірінші астанасы - Сальвадор. Алтын және бағалы тастар қазбаларының табылуы қант өндірісін артта қалдырып ел экономикасының негізін құрай бастады. Бразилия тарихында үлкен рөлді 1727 жылы Гвианадан әкелінген кофе алады. Жүз жыл өткен соң АҚШ пен Еуропа елдерінде кофенің кең көлемде тұтынылуына байланысты кофе Бразилия экономикасына көптеп пайда түсіре бастады. Кофе қазірде бразилиялықтар ең көп тұтынатын сусын ретінде мол табыс әкелуде. ХIХ ғасырдағы еркіндік жолындағы күрестер Бразилияның отарлықтан құтылуына жол ашты. 1822 жылы Бразилия тәуелсіз империя болды, ал 1889 жылы тәуелсіз Бразилия республикасы құрылды.

2. Бөлім. Бразилия экономикасы және оның салаларының туризмге әсері.

Бразилия - нарықтық экономикасы жоғары дамыған, индустриялы-аграрлы мемлекет. Ел экономикасының негізгі көрсеткіші өндіріс өнеркәсіптерінде халықтың басым бөлігі қызмет етеді.

Жалпы Ішкі Өнім Барлығы(2006) : 1708, 4 млрд. $.

Жан басына: 9083 $.

Импорт - 76 млрд $, экспорт - 83, 6 млрд $. Бразилияда жақсы дамыған өндіріс салалары: автомобиль жасау, ұшақ жасау, электронды есептеу техникасы, металлургия, химиялық, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп.

2. 1. Өндірістік өнеркәсіп, ауылшаруашылық, машина және кеме жасау, авиация индустриясы, пайдалы қазбалар салалары туризм дамуының негізгі көрсеткіші.

Өнеркәсіп.

Бразилия өзін халық тұтынатын заттармен толық қамтамасыз етеді және әлемде ірі кофе өндіруші саналады. Елде металл мен минаралдардың ірі қорлары бар. Соңғы онжылдықта қазіргі заманғы технологияларға негізделген өндіріс салалары дамуда. Туризмге қолайлысы тәтті тағам өндірісі, атап айтқанда шырын және сусын, шоколад, кәмпит, тәттілер өндіру; тоқыма-түкті маталар және тоқыма заттары; парфюмер; тері; аяқ киім; косметика; зергерлік; химиялық; машина жасау (бүкіл өндіріс саласының 30% құрайды), жекелегенде кеме жасау, ұшақ жасау, яхта жасау; Орталық және Батыс аймақта алмаз өндіру1. Зергерлік өндірісі үлкен қызығушылыққа ие. Ең ірі зергерлік фабрика - Штерннің үлесіне Бразилияда өңделетін асыл тастардың 60% тиеді. Бұл жерде аметист, аквамарин, опал, топаз, түрлі-түсті турмалин, бриллиант, изумруд, рубин және сапфир қоры бар. Асыл тастарды сенімді зергерден алған дұрыс. Үш беделді фирма - “H. Stern”, “Amsterdam Sauer” және “Roditi” әуежайларда, сауда орталықтарында, көпшілік қонақүйлерде дүкендері бар. Асыл заттармен қатар, тері өндірісі алға қойылып отыр. Сөмке, портманье және тағы басқа теріден жасалған заттарды кез-келген көше жәрменкесінен табуға болады. Ең жақсы тері өнімдері оңтүстік аймақтан келеді.

Ауыл шаруашылығы.

Бразилияда ауыл шаруашылығы жақсы дамыған экономика саласы. Бұл салада халықтың 30% жұмыс істейді. Экспортқа шығатын тауар түрлері жемістер, темекі, кофе, бал, қант, теңіз өнімдері, мал өнімдері. Туризм жағынан Бразилия ауылшаруашылығы апельсин, банан, лимон өсіру; экзотикалық өсімдіктермен гүл өсіру; мал түрлері ірі қара, қой, жылқы, үй құстарын өсіру; күріш, шай, кофе өсірумен қызықты. Туристерді көп қызықтыратын - кофе. Кофе плантацияларының көпшілігі оңтүстікте, атап айтқанда Сан-Паулу, Белу-Оризонти және Рио-де-Жанейро қалаларының маңында, шығыста Ресифи және Сальвадор қалаларының маңында өсіріледі.

Бразилия ауылшаруашылығы ел экономикасының маңызды бөлігі, жалпы экспорттың 2/5 бөлігін, ел территориясының 6, 0% құрайды. Жайлым жерлер 21, 9%, ормандар 57, 7% (бағалы ағаштар қоры жөнінен әлемде бірінші орын) . 1, 5% құрайтын ірі жер иеленуші-латифундистер өңделетін жердің жартысына ие, ал 80% ауылшаруашылығымен айналысатындардың өз иелігінде жерлері жоқ.

Бразилия - әлемдегі ірі кофе және қант құрағын, какао-боб, соя, апельсин, банан, мақта өндіруші және экспорттаушы ел. Негізгі азық-түлік (егін алқабының жартысы) түрлері: жүгері, күріш, асбұршақ, маниок, бидай, арпа, сұлы, темекі өндіреді. Жеміс-жидек және көкөніс өсіру дамыған. Мал шаруашылығында ірі қара, жылқы өсіру, ет өндірісі дамыған. Теңіздік және өзен балық шарушылығы алға қойылған. Орманда жабайы каучук, карнауб, бразилия жаңғағын, пальма өнімдерін, парагвай шайы (йерба-мате), ағаш қылқандарын жинау (араукарии) өндірісі кең тараған.

Бразилия- биоэнергетикалық жанармайдың негізгі өндірушісі.

Авто жанармай бекеттері қазіргі таңда қант құрағынан, табиғи газдан немесе этанолдан жасалған дизель отынын ұсынады. Бразилия жанармай түрінде этил спиртін пайдалануға 70 жылдары мұнай бағасы қымбаттағанда өткен болатын. Содан бері көліктердің үштен бір бөлігі этанолмен жүреді. Бразилиялық спирт әлемдегі ең арзан спирт болып саналады. Биоэтанол бұл- ауылшаруашылық өнімдерінен, негізінен қант және крахмалы көп жүгеріден, бидайдан немесе қант құрағынан жасалатын, сұйық спиртті жанармай. Жанармай этанолының құрамында су болмайды және қысқа дистилляция процесі барысында алынады. Сонымен қатар бразилиялық биожанармайға өндіріс қалдықтары: жануарлар майы, қант құрағының ұсағы, пальма майының қалдығы жатады. Мұндай биодизель ешқандай иіске ие емес. Бразилияда биоэнергетиканың дамуы таң қаларлықтай, бес жылдан кейін Бразилия мұнайды тұтынудан мүлдем бас тартуы мүмкін. Қарапайым соляркадан биодизелге көшу үшін қозғалтқышта ешқандай қосымша өзгерістер жасаудың қажеті жоқ. Бразилияда қазіргі кезде бензинмен де этил спиртімен де жүретін, компьютер арқылы жанармай түрі танылатын көліктер шығарылуда.

Машина жасау. Кеме жасау. Авиация.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бразилияның туристтік индустриясы
Жаңа индустриалдық елдер және олардың әлемдік экономикадағы рөлі
Бразилия
Кологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары
Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
Театрлы туризм
Кариб теңізіндегі аудан
Іс-шаралар туризмінің қазіргі жағдайын талдау, жоспарлау және ұйымдастыру ерекшеліктері. Қазақстанда дамуы
Экологиялық туризмнің мәні
Қазақстанның мұнай өнеркәсібі және оның экологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz