Қонақ жай туризм басқа қызмет көрсету салалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК БИЗНЕСТІҢ САЛА АРАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІН
ТАЛДАУ

Бет
Кіріспе 3
1 Туристік қызметтің негізгі түсініктерін талдау 5
1.1 Туризм теориясының негізгі түсінігі, түрлері 5
1.2 Туристік қызметтің инфрақұрылымы және коньюктурасы 9
2 Қазақстандағы туризм қызметінің даму перспективасын талдaу 13
2.1 Қазақстанның туризм дамуының салалық ерекшелігін талдау 13
2.2 Қазақстандағы туристік қызметтегі тұтынушылардың сұранысын 18
талдау
2.3 Қазақстан Республикасының туристік аясының дамуын талдау және 23
бағалау
3 Қазақстан Республикасының туризм индустриясын дамыту жолдары 27
3.1 Қазақстанда – туризмді кластерлік жүйеде дамыту бағыттары 27
3.2 Еліміздегі Ұлы Жібек Жолы тармағында туризмді дамыту 32
Қорытынды 47
Қолданылған әдебиеттер 49

ЖОСПАР

Кіріспе

Қазіргі таңда туризм әлемдік экономиканың салаларының бірі болып
саналады. Ал БҰҰ ХХІ ғасырды – саяхат ғасыры деп жариялануы тектен –
тек емес.
Сондықтан да туризмнің негізгі бағыты ең алдымен экономиканың
шаһандануы, адамдардың, өзге халықтардың жетістіктері мен өркениетті
дамуына қызығушылығынан туады.
Кейінгі жылдары елімізде туризмді дамытуға көбірек көңіл бөле
бастады. Осыған байланысты жазылған курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан
Республикасындағы туризмді қалай әлемдік деңгейде даму шарттарын
қарастыру.
Курстық жұмыста бірінші бөлімде бөлген мәселе туризм теориясын
қарастырдым.
Ал екінші бөлімінде Қазақстанның туризм дамуының салалық ерекшелігін,
Қазақстан Республикасындағы туристік сала: таңдау, бағалау және даму
механизмдерін талқыладым.
Үшінші қорытынды тарауында Қазақстандағы Ұлы Жібек Жолы бағытындағы
туризмді дамыту шарттарын және туризмді кластерлік жүйеде дамыту
бағыттарын анализдедім.
Тағы еліміздегі туризмнің даму бағыттары турөнім болып табылады.
Оның элементтерін , әдістерін анализдеп Қазақстан Республикасының
туристік қызмет туралы заңында жалпы туризмді, турөнімді, туристік
өнімді қалай ұсыну керектігін анализдеп қарастырдым.
Негізіне туризм басқа салалармен тығыз байланысты. Олар маркетинг,
менеджмент. Маркетингте өнімді өткізуді , оған имиджді қалай
қалыптастыруды, жарнамаға шығару әдістерін қарастырады. Ал менеджментте
тур маршрутты қалай басқаруын үйретеді. Осы курстық жұмыста туризм
басқа салалармен байланысты екенін талқыладым.
Туризм көптеген аспектілер қамтиды. Менім көз қарасым бойынша, туризм
экономиканың категориясы ретінде қарастыру қажет, бүкіл салалық ұлттық
экономиканы қамту үшін, және де адамдардың қызығушылығын қанағаттандыратын
әр түрлі туристік ресурстарды қолдану. Сондықтан туризм экономиканың
негізгі саласы болып табылады және онда материалдық, қаржылық, еңбек
ресурстары қатысады.
Кейінгі жылдары елімізде туризмді дамытуға көбірек көңіл бөліне
бастады. Туризм жөнінде арнайы кластер құру да жоспарланып отыр. Бұл саланы
дамыту үшін нормативтік – құкықтық база жасалды, 2004 жылдың 13 –
маусымында Қазакстан Республикасындағы туристік кызмет туралы заң
қабылданды. Ол туристік кызметтің кұкықтык, экономикалық, әлеуметтік және
ұйымдық негіздерін Казакстан Республикасының экономика салаларының бірі
ретінде анықтайды.

І Туристік қызметінің негізгі түсініктерін талдау

1.1 Туризм теориясының негізгі түсінігі, түрлері

Қазіргі уақытта туризм – ең басты бизнес түрлеріне жатады. Адамдардың
басқа халықтарға және шежілерге деген үлкен қызығушылығына байланысты және
әлемде экономикалық глобализация процестерінің себептерінен туризм жетекші
орын алады. Біздің еліміздегі өзгерістерге байланысты туризм және қонақ үй
шаруашылық нарығына үлкен әсер тигізді. Қазақстанның саясаттық
ашықтылығынан және демократиясының арқасында, елдің туризм бағыттары және
ойлау перспективасы әлемге белгілі болды. Бұған әсер етуші ұлттық қонақ
жайлық және елдің ішкі саяси тұрақтылығы.
ДТҰ – ның зерттеулері бойынша туризм жөніндегі мамандалған халықаралық
ұйымдары және мемлекеттік туризм даму саясатының пікірінде туризм саласы
мемлекеттің әлеуметтік жағдайына, мәдениетіне және экономикасына тікелей
әсер етуші болып тусіндіріледі.
2005жылы 18 ақпандағы Президентінің Қазақстан жолдауында атап өткен :
Біз экономиканың бәсеке қабілетті басты салалар моделін таңдадық,
және де экономикалық патенциалын бәсеке қабілеттілігін көтеруге иемделдік,
соның арқасында Қазақстандық кластерлік жүйесіне жол аштық.
Ұшқыштық кластерді құрастыру үшін туризм саласы таңдалды.
Бұл қадам қонақ үй және мейрамхана бизнесіне қарқынды дамуына әкелді,
қызмет көрсету аясы жандандырылады және елге валюта түсімі көбейеді.
Туризм термині (Turisme, tur – серуендеу жолға шығу деген мағынаны
білдіреді), ал XIX ғасырдың басында ағылшын тілінен шықты, бірақ негізгі
түбірі француз тілінен шыққан, tur- саяхат, сапар, жұмыстың бос уақытында
жолға шығу және туризм белсенді демалу түріне жатады. Ағылшын тілінің
Вебстерлік сөздігінен, turist – сөзіне мынадай анықтама береді: ол өзі
қанағаттану үшін саяхатқа шығады және де мәдени ой өрісті кеңейту үшін
сапарға шығуын айтамыз. Нақты туристік анықтамаларды жетілдіру үшін, әр
турлі ұйымдар жасайды. Олар: Ұлттық лига, БҰҰ, БТҰ, экономикалық
қызметтестік және дамыту ұйымы.
1. Туризм – ол саяхатшылардың уақытша тұрғылық жерлері ауыстырумен
байланыстылығын комерциялық емес себептермен саяхат жасауды сонымен
қатар қызмет көрсету қарым – қатынас жиынтығын атаймыз.
2. Туризмді үлкен экономикалық жүйесі ретінді елдің ұлттық оңаша
шаруашылық элементтерінің арасындағы байланыстылығын қарастыру қажет,
сонымен қатар ұлттық экономиканың әлемдік шаруашылығының
байланыстылығын айтады.
3. Туризм – ләззат алу, демалу мақсатында саяхаттану, емдену, іскерлік
мәдени, ғылыми кездесулерде қатысуын айтамыз.
4. Туризмді әлеуметтік – экономикалық құбылыстардың кеңістігін
қарастырады. Қазіргі батыстық экономика туризм ғылымды былай
қарастырады: әлеуметтік – экономикалық күрделі жүйесі ретінде және көп
салалық өндірістік комплексті олар туризм индустриясы деп атайды.
Туризм тіршілік әрекеті ол экономика проблемаларын қорытындылайды және
экологиялық аспектілерін қарастырады.
5. Манильдік декларация – туризмді әлем ретінде келесідей қарастырады:
Туризм – халықтың өміріне маңызды әсер етуші мемлекеттің әлеуметтік,
мәдениеттік, экономикаклық өміріне тікелей халықаралық қатынастармен
әсерін етеді. Туризм әлеуметтік экономикалық дамуы және адамның
белсенді демалуға, бос уақытында саяхат жасау бостандығына байланысты.
Туризм өзіндік тіршілігі әлемдік тұрақтылыққа тәуелді.
6. Уругвай рауінде ГААТ туризмге анықтама беріп, және де мына қызметтерді
жатқызды :
- турисік ұйымның, туроператордың, турагеттердің қызметі;
- транспорттық қызметті қолдану;
- орналастыру және тамақтану орындары;
- рекреациондық, мәдени, спорттық және де басқа ойын – сауықтыру
орындары;
- қосымша қызметтері: гидтер, конгрестерді ұйымдастыру, сақтандыру,
туризммен байланысты қаржы қызметі;
- кредиттік карточкалар, туристік чектер,медициналық қызмет көрсету.
Қазіргі туризм анықтамасы БҰҰ қабылдаған : Туризм – ол белсенді демалу,
денсаулықты нығайтуға әсер етеді және адмның физикалық дамуына, сонымен
қатар тұрақты жерінен басқа жерге ауысуына байланыстылығын тигізеді.
2001жылы Қазақстандағы туристік қызмет заңында туралы анықтамасында
былай бекітілген.
Туризм – жеке тұлғалардың ұзақтығы 24 сағаттан бір жылға дейін, не 24
сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде ақы төлейтін қызметпен байланысты
емес мақсатпен өтетін саяхаты;
Сондықтан да, туризм көптеген аспектілер қамтиды. Біздің көз қарасымыз
бойынша, туризм экономиканың категория ретінде қарастыру қажет, бүкіл
салалық ұлттық экономиканы қамту үшін, және де адамдардың қызығушылығын
қанағаттандыратын әр түрлі туристік ресурстарды қолдану. Сондықтан туризм
экономиканың негізгі саласы болып табылады және онда материалдық, қаржылық,
еңбек ресурстары қатысады.
2001 жылы 13 шілде айындағы Қазақстандағы туристік қызмет туралы
заңында хұқықтық, экономикалық, әлеуметтік туристік қызметті ұйымдастыру
экономиканың негізі ретінде қарастырады. Кәсіп орындағы туризм индустриясы
басқару жүйесі еңбек персоналын ұйымдастыру және спецификалық
технологияларды қолдану туралы сипаттайды.
Туризм өзінің тауарын қызмет түрінде ұсынады. Біржақтан туризм – қонақ
жай аясы ретінде қарастырады. Қонақ жай термині бүкіл әлемде кең тараған.
Р. А. Браймер ғалымның ойынша қонақ жай – бұл жоғары сервис көрсету,
тұтынушының сұранысын сезу, қонаққа қызмет көрсетуін, ұқыпты қызмет
көрсетудің жасырын элементінің жиынтығын атаймыз.
Дж. Р. Уокер ағылшын туризм аясының маманы қонақ жай туризмдегі бүкіл
саланы біріктіреді. Олар: қонақ үй және мейманханалық бизнес, қоғамдық
тамақтану, демалу және ойын сауық кешендер, кофиренцияларды ұйымдастыру
салалары жатады. Басқаша айтқанда қонақ жай индустриясы клиенттерге қызмет
көрсетумен байланысты.
Г. А. Папирян ғалымы қонақ жай индустриясының классификациясын
жүргізеді:
1. Коммерциялық қызметтер – орналастыру, тамақтану, лицензиялық сауда,
туризм және саяхатар жатады.
2. Идивидуалды және қоғамдық қызметтер – индустриалдық, қоғамдық қызмет
көрсету, емхана және тұрғылықты үйлер жатады. Қонақ жай – ағылшын
сөзінен hospitality шыққан, ал ежелгі француз тілінен hospice – қарсы
алатын үй, деген мағынаны білдіреді.
Қонақ жай мен туризмнің
байланысының түсінігі.

Басқаша айтқанда қонақ жайды – туризмнің ең басты бағыты ретінде
қарастырады.

Туризм=қонақ жай +
басқа қызмет
көрсету салалары
Қонақ жай = туризм
+басқа қызмет
көрсету салалары.

Сурет 1. Қонақ жай мен туризмнің байланысының түсінігі

М. Б. Биржаков ғалымның туризмнің ең басты элементі – орналастыру деп
айтқан. Орналастыру жоқ болса – туризмде жоқ. Өйткені орналастыру
арқасында туристерді қабылдаймыз және де жоғары пайда аламыз.
В. А. Квартальнов өзінің жұмыстарында қонақ жайды – қонақ үй және
мейманхана бинесі ретінде қарастырды.
И .В. Зорин ғалымы қонақ жайды тек қана қонақ үй салада қарастырады.
Сондықтан да қонақ жай – пайданы алу үшін бағытталған, клиенттерге
ұқыпты қызмет көрсету және қарым – қатынасты айтамыз.
Зерттеудің арқасында екі көз қарас пайда болды:
1. Туризм –қонақ жайдың құрамдас элементі ретінде қарастырамыз.
2. Қонақ жай – туризмнің құрамдас элементі ретінде қарастырамыз.
Батыстық мамандары ойынша туризм екі бөлімнен тұрады: Туристік
индустрия және қонақ жай индустриясы.
Мамандардың ойынша: туризмнің дамуына – мейманханалық бизнес, көлік,
туристік агентстволар, глобальды компьютерлік жүйеде орындарды брондау
әсіресе осы салалар туристік нарыққа әсер етеді. Қазіргі уақытта қонақ жай
индустриясында – мейманханалық бизнесі әсерін тигізеді. Мейманханалық
бизнесінде клиенттерге материалдық жағдайда орналастыру және тамақтандыру
қызметтерін көрсету.
Әлемнің ең басты бизнес – мейманханалық және мейрамханалық бизнес. Осы
салаларда АҚШ – та 10 млн адам жұмыс істейді, жыл сайын оның тауар мен
қызмет көрсету пайдасы 400 млрд доллорға дейін жетті.
Сондықтан туристерге қызмет көрсету үшін, транспорттық инфрақұрылымды
және қонақ үй шаруашылығын дамыту керек. Осы салаларды дамытсақ туристік
ағымдар келе бастайды. Туризмді және қонақ жайлық саланы дамытсақ, онда ол
адамдардың мәдениетпен, емдеумен, демалумен, біліммен және ойын – сауық
аясымен тікелей байланысты.

1.2 Туристік қызметің инфрақұрылымы және коньюктурасы

Жалпы коньюктурасы: 2005 жылының наурыз айының аяғында 201 туристік
кәсіпорындарынан анкеталық сұраныстар өткізілді. Оның басты бөлігі мемлекет
емес, жеке тұлғалардың меншігінде, ал 9 басқа мемлекеттің меншігінде болды.
2005 жылы 1 квартылында туристік фирманың қорытындысында, кәсіпкерлік
қызметтерінің кері көрсеткіштерінің өзгеруінің куәләндырады. Олар:
- 2004 жылмен салыстырғанда кәсіпкерліктің тиесілі бөлімінде сұраныс
мөлшері өзгергенмен көрсетілетін қызмет көлемі төмендеді.
- Кіру қызметінің пайдасының төмендегенің байқаған туристік фирмалар
саны өсті.
2005 жылы 1 квартылында маусымдық қызмет сұранысының төмендеуіне
байланысты зерттелген кәсіпкерліктің көрсетілген қызметтер көлемі
төмендеді. Осылай көрсеткіштер балансы 2004 жылмен салыстырғанда 2% пунктке
түсіп – 19% құрады.
2005 жылдың қаңтар наурыз айларында шет елдерінен кірген және шыққан
туристер санының азаюы байқалды. Сонымен қатар туристер алыс шет елдеріне
шығуды қолдады, себебі туристерге жоғары қызмет көрсету және
инфрақұрылымның жақсы дамуы.
2004 жылмен салыстырғанда сұраған туристік кәсіпкерлік басшыларының
ойынша: қызмет нарығында бәсекеге қатысты бағалаулары төмен болды. Сонымен
респоденттердің 16% ішкі нарықта үлкен бәсекені байқады. Бұған әсер еткен
қызмет нарығына жаңа енген туристік қызметтер еді. 2005 жылдың 1
квартылында бәсекелістікті көтеру үшін мынадай шарарлар қабылданды:
- қызмет сапасын көтеру;
- тұтынушылардың сұранысын бақылау;
- жарнамалық компания;
- қызметкерлерді квалификациясын көтеру;
- туристік қызметтердің аясын кеңейту;
- бәсекелестерді бақылау;
- менеджменті жақсарту;
- шығынды төмендету;
- қосымша қызметке мемлекеттік лицензия алу;
- басқалар.

Кез келген кәсіпорында маркетингтік зерттеу жоғары орын алады.
Көрсеткіштер бойынша 2005 жылы 1 квартылында туристік кәсіпорындарда
маркетингтік зерттеулер жүргізілген.

Диаграмма 1. 2005 жылдың туристердің таңдаған себептер көрсеткіші

Жолдама бағалары 2004 – 2005 жылдың 1 квартылымен салыстырғанда
жолдама бағаларында көп өзгерістер жоқ. Экомикалық – қаржы жағдайы.
Сұраныспен қызмет көрсету көлемінің төмендеуі туристік ұйымдарға пайда
әкелуде өзінің кері әсерін тигізді. Пайда көлемі 2005 жылдың – 2004 жылғы 1
квартылына қарағанда 5% төмендеді, ал 4 квартылында 7% – дық пункті құрады.
2005 жылдың қаңтар – наурыз айларында байқау жүргізілген кәсіпорындардың
жағдайы төмендеді. Сөйтіп 2005 жылдың 1 квартылында көпшілік басқарушылар
өз кәсіпорындарының экономикалық жағдайын қанағат деп байқады.
Қызмет көрсетудің өсу көлемін шектеуші фактор. 2005 жылдың 1
квартылында сұрау өткізілген кәсіпорындардың негізгі шектеуші факторы ішкі
нарықта бәсекелестіктің жоғарлауы болып табылады. Көпшілік туристік
индустриясының дамуын шектейтін маңызды фактордың бірі қаржылық
құралдардың жетіспеушілігі. Ал қалған басқарушылардың ойы бойынша оларға
ешқандай шектеуші факторлар әсер етпейді.
Күтпелі коньюктура. Кәсіпкерлердің ойлары бойынша 2005 жылдың 2
квартылында туристік фирмалардың қызметінде жағымды процестер күтілуде.
Келесі беталыстың дамуы күтілуде:
- сұраныстың жоғарлауы;
- көрсетілген қызмет көлемінің өсуі;
- көрсетілетін қызмет ретінің өсуі;
- кәсіпкерлердің қаржылық көрсеткіштерінің өсуі;

ІІ Қазақстандағы туризм қызметінің даму перспективасын талдау

2.1. Қазақстанның туризм дамуының салалық ерекшелігін талқылау

Кейінгі жылдары елімізде туризмді дамытуға көбірек көңіл бөліне
бастады. Туризм жөнінде арнайы кластер құру да жоспарланып отыр. Бұл саланы
дамыту үшін нормативтік – құкықтық база жасалды, 2004 жылдың 13 –
маусымында Қазакстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заң
қабылданды. Ол туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және
ұйымдық негіздерін Қазакстан Республикасының экономика салаларының бірі
ретінде анықтайды. Заңға сәйкес Қазақстандағы туристік қызметті мемлекеттік
реттеудің негізгі принциптері:
- туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдай
жасау;
- туристік қызметтің басым бағыттарын анықтау және қолдау;
- Қазақстан Республикасы туралы туризм үшін қолайлы ел ретінде
түсінік қалыптастыру;
- туристердің және Қазакстан Республикасының туристік үйымдары мен
бірлестіктерінің қауіпсіздігін, қүқыктарын қорғауды қамтамасыз
ету, сондай-ақ, олардың мүдделері мен мүліктерін қорғау.
Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары :
- туристік қызмет саласында азаматтардың демалуға, еркін қозғалуға
құқықтарын қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны қорғау;
- туристерді тәрбиелеуге, білімін арттыруға және сауықтыруға
бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;
- саяхат кезінде азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін
туристік индустрияны дамыту;
- жаңа жұмыс орындарын құру, туристік индустрия есебінен мемлекет
пен Қазақстан Республикасы азаматтарыньң табысын ұлғайту;
- халықаралық туристік қатынастарды дамыту.
Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің бағыттары:
- туризмнің Қазақстан Республикасы экономикасының табыстылығы жоғары
саласы ретінде қалыптасуы;
- мемлекеттік мүдделерді есепке алу, туристік ресурстарды пайдалану
кезінде Қазақстан Республикасының табиғи және мәдени мұрағатын
қорғау;
- балалар, жасөспірімдер, жастар, мүгедектер мен халықтың тұрмысы
төмен жіктері арасында туристік және экскурсиялық жұмысты
ұйымдастыру үшін жеңілдік енгізу;
- туристік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- Қазақстан Республикасы аумағында келу және шығу туризмімен
айналысатын туристік ұйымдарды қолдау және дамыту;
- ішкі және халықаралық туризмнің қажеттіліктерін қамтамасыз ету
үшін туристік қызметтің тиімді жүйесін құру.
Туристік агенттіктер қызметінде Қазақстанда 2003 жылы 2,7 мың адам
жұмыс істеді. Осы қызметкерлердің орташа айлық атаулы жалақысы 14,2 мың
теңге болды. Бұл, әрине, осы саладағы қызметкерлердің жалақысының төмен
екендігін көрсетеді.
Қазақстанда 2001 жылы 154,5 мың туристке қызмет көрсетілген болса,
2003 жылы туристер саны 229,0 мыңға дейін өсіпті. Соның ішінде 2003 жылға
барлық туристер санының 45,0 мыңы келу үлесіне, 94,7 мыңы шығу, 89,3 мыңы
ішкі туризмнің үлесіне тиеді. Сөйтіп, біздің елде Қазақстан тұрғындарының
шетелдерге саяхат шегушілерінің саны – біздің елге саяхатқа келушілерден
екі еседен астамға көп. Және бұл деректерден қазіргі кезде Қазақстанға
туристердің келуі әлі жеткіліксіз дамып отырғанын да көруге болады.
Қазақстандағы негізгі туристік ресурстар қатарына 2003 жылы 143
мұражайды, 48 театрды, 72 концерттік ұйымдарды, 2042 клуб үлгісіндегі
мекемелерді, 3462 кітапхананы, 41 луна – парктер мен демалыс парктерін, 4
хайуанаттар паркін, 18 табиғи қорықтарды, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер
мен мемлекеттік табиғи резерваттарды жатқызуға болады.
2003 жылы туристерге көрсетілген қызметтің жалпы көлемі – 16599,9
млн. теңгені құрады. Соның ішінде туристік ұйымдардың көрсеткен қызметінің
соммасы – 1093,7 млн. теңге, конақ үйлер мен басқа да орналастыру
орындарының қызметі – 2675,7 млн. теңге, санаторий-курорттық мекемелер
қызметі – 4729,6 млн. теңге, театрлар қызметі – 2863,7 млн. теңге,
мұражайлар қызметі – 2435,8 млн. теңге, кинотеатрлар қызметі – 1619,1 млн.
теңге, табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен резерваттар
және хайуанаттар паркінің қызметі – 733,3 млн. теңге, жәрмеңкелер мен ойын-
сауық парктерінің қызметі – 449.0 млн. теңге болды.
Меншік нысандары бойынша алып қарағанда, туризм саласында 2003 жылы
қызмет істейтін 2,7 млн. адамның жеке-меншікте істейтіндері 2,5 млн. адам,
қалған 0,2 млн. адам өзге мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен жеке
азаматтарының меншігінде.
Туризм саласы үшін мамандар даярлаумен Қазақстанда 2003 жылы 51 жоғары
оку орны және 10 орта кәсіби оқу орны шұғылданады екен, олардың тиісінше
18 және 3 оқу орны мемлекет мемшігінде, қалған 33 және 7 оқу орны
жекеменшік нысанында екен.Жоғарыдағы 51 жоғары оқу орны 200304 оқу жылы
басында 1031 студент қабылдапты,оның 388 студенті мемлекеттік оқу
орындарына, 663 студент жекеменшік оқу орындарына қабылданған.

Қазақстандағы туристік фирмалар мен агенттіктердің жалпы саны 2003 жылы
713–ке жетсе, соның 494–і Алматы қаласында, 37–і Астана қаласында; 29–ы
Алматы облысында, 25–і Қарағанды, 25–Павлодар, 22–і Шығыс Қазақстан
облыстарында екен.

2003 жылы Қазақстан Республикасында туристік фирмалар және агенттіктер
қызмет көрсеткен туристер саны барлығы 229,0 мың адам болды, одан
туристердің келуі бойынша 45,0 мың, шығу туризмі бойынша 94,7 мың, ішкі
туризм бойынша 89,3 мың адам болды. 2003 жылы барлығы 86,4 мың туристік
жолдама 2447,1 миллион теңгеге сатылды, соның ішінде 3.9 мың жолдама 110,3
миллион теңгеге келу туризмі бойынша, 44,6 мың жолдама 1997,9 миллион
теңгеге, шығу туризмі бойынша 38,0 мың жолдама 338,9 миллион теңгеге ішкі
туризм бойынша сатылды.
2003 жылы Қазақстан Республикасы бойынша – 229,0 мың туристке қызмет
көрсетілсе, Алматы қаласы бойынша – 100,2 мың адамға (барлық туристің 43,8
%), Астана қаласы бойынша – 39,5 мың адамға (17,2 %), Алматы облысы
бойынша – 21,3 мың адамға (9,3 %), Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 17,6
мың адамға (7,7 %), Ақмола облысы бойынша – 14,1 мың адамға (6,1 %) қызмет
көрсетіліпті.
Көрсетілген туристік қызметтер көлемін алып қарасақ 2003 жылы туризм
құнына кірмейтін визалық, экскурсиялық және өзге қызметтер көлемінің
республика бойынша жалпы сомасы 1112,5 млн. теңге болыпты (2001 жылы 878,5
млн. тенге), жекелеме өңірлер бойынша деректерге назар аударсақ, бірінші
орында Алматы қаласы, оның үлесіне 968,2 млн. теңге немесе барлық соманың
87 пайызы келеді, Астана қаласының үлесіне, тиісінше 66,8 млн. теңге
немесе 6 пайыз, Қарағанды облысының үлесіне – 20,3 млн. теңге немесе 1,8
%, Батыс Қазақстан облысының үлесіне – 14,6 млн. теңге немесе 1,3 %,
Павлодар облысының үлесіне – 13,6 млн. теңге немесе 1,2 % келеді.
Туристік фирмалар мен агенттіктер табысы, туристердің саны басқа кейбір
елдерге қарағанда бізде аз болып көрінгенімен, тіпті нашар деуге келмейді.
Туристерге жасалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтен алынған табыс көлемі
республика бойынша – 2003 жылы 3498,3 млн. теңге болды, одан 2724,9 млн.
теңгесі (77,9 %) Алматы қаласының, 354,6 млн. теңге (10,1 %) Астана
қаласының, 168,5 млн. теңге (4,8 %) Қарағанды облысының, 85,1 млн. теңге
(2,4 %) Шығыс Қазақстан облысының үлесіне келеді.
Туристік қызметтен түскен табыс көлемі республика боцынша 2003
жылы 1716,1 млн. теңгені құраса, одан Алматы қаласында 1076,2 млн.
теңгені (62,7%),Астана қаласында 424,1 млн. теңгені (24,7%), Шығыс
Қазақстан облысында 56,5 млн. теңгені (3,3%),Алматы облысында 33,5
млн. теңгені (2,0%) құрады.
Қазақстанда туристерді орналастыруға арналған объектілер саны
2003 жылы 44 болды, олар 24,1 мың туристке қызмет көрсетті. Туристерді
сапар мақсаттарына қарай бөліп қарасақ, онда 2003 жылы барлық туристің
саны (ішкі туризмді қоспағанда) 139,7 мың адам болса, 42,4 мыңы жұмыстан
бос уақытын пайдалану, тынығу (денсаулығын қалпына келтіру) және демалысын
өткізу мақсатында, 29,1 мыңы таныстары мен туысқандарына баруға, 20,6
мыңы іскерлік және кәсіби мақсатпен, 1,5 мыңы емделу мақсатымен, 0,8 мыңы
дін, қажылық мақсатпен, 40,9 мыңы коммерциялық (шоп-турлар), қалған 4,4
мыңы өзгедей мақсатпен шұғылданған екен.
Осы туристік сапарды екіге бөліп келу туризмі және шығу туризмі деп
қарайтын болсақ, келу туризміндегі 45,0 мың адамның өз мақсаттары бойынша
бөлінісі келесідей: жұмыстан бос уақыт, демалыс пен тынығу 8,3 мың адам,
туысқандарға келу – 19,9 мың, іскерлік және көсіби максаттар – 15,8 мың,
коммерциялық – 0,4 мың, өзге мақсаттар бойынша – 0,7 мың адам. Шығу туризмі
бойынша барлығы 94,7 мың адамның мақсаттар бойынша бөлінісі: жұмыстан бос
уақыт, демалыс пен тынығу – 34,1 мың, таныстар мен туыстарға бару – 9,3
мың, іскерлік және кәсіби мақсатпен – 4,8 мың, дін, қажылық – 0,8 мың,
коммерциялық мақсатпен – 40,5 мың, өзге мақсаттармен – 3,7 мың адам.
Сөйтіп, келушілердің көбі негізінен Қазақстанға екі түрлі мақсатпен
келеді екен: олардың 44,2 пайызы туысқандарына келеді, 35,1 пайызы
іскерлік және кәсіби мақсатпен. Ал бізден шығып баска елдерге туристік
саяхат жасайтындардың 42,8 пайызы коммерциялық мақсатпен, 36,0 пайызы
демалуға, 9,8 пайызы туыстары мен таныстарына, 5,1 пайызы іскерлік және
көсіби мақсатпен барады екен.
Туристердің емдік санаторийлерде, пансионаттарда, санаторий-
профилакторилерде орналасу жағдайына келсек Қазакстанда ондай мекемелердің
саны 2003 жылы 106 көрінеді, оларда науқастардың ең көп орналасқан айдағы
төсек саны 15,1 мың, емделген адамдар саны 134,4 мың екен. Ал демалыс
үйлері мен базалардың пансионаттардың біздегі жалпы саны – 13, олардағы
науқастардың ең көп емделген айдағы төсек саны 7,1 мың, демалғандардың саны
17,9 мың адам. Бұл келтірілген екі деректен байқайтынымыз санаторийымыз да,
демалыс үйіміз де аз, және ондағы төсек саны да аз.2003 жылғы демалыс
мекемелерінің қаржы – шаруашылық қызметінен бірер дерек келтірсек, онда
санаторий – курорттық мекемелердің ағымдағы табысы 5,0 млрд. теңгедей
екенін, оның ішінде көрсетілген қызметтер мен өткізілген (өз күшімен
ендірілген) тауарлардың құны 2,7 млрд. теңге екенін көреміз.

2.2 Қазақстандағы туристік қызметті тұтынушылардың сұранысын талдау

Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында келесі экономикалық
мақсаттар қойылды, шикізат емес салаларын дамыту керектігін айтты.
Кластерлік анализді жоспарлаудағы үшін ең басты саласы ол туризм аясы болып
табылады. Туристік қызметке деген тұтынушылардың сұранысын білу үшін – бұл
өндірістегі ұлттық таулардың сұраныс көрсеткіштерін жоспарлау және ақпарат
жинауын айтамыз.
Тұрғындардың сұранысының негізгі ақпараттар көзі – бұл
статистикалық көрсеткіштер, маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер,
материалдық бақылаулар, арнайы бақылау материалдар жатады. Туристік нарыққа
және туристік сұранысқа әсер ететін фактор – ал туризмге сұранысы
тұтынушының сатып алу қабілетіне қарай қаражатын саяхатқа жұмсауын айтамыз.
Сатып алушының мінез – құлқына мынадай фокторлар әсер етеді: тұтынушының
пайда алу деңгейі, жынысы, білімі, ойы, сәні, уақыты, салт – дәстүрі, өмір
сүру бейнесі жатады. Маркетингтік жоспар құру үшін туристік менеджерлер
айтып кеткен факторларға ескеру қажет.
Туристік қызметте келесі жеті айрықша сипаттамасы бар:
1. Сақтау қабілеттілігі. Қонақ үйде немесе ұшқыштағы орындарды
болашақта сауда мақсатында сақтау. Сондықтан аз уақыттың ішінде
менеджерлерге осы қызметке сұранысты өткізу үшін бірталай күш жұмсау керек.

2. Сезілмейтін қызмет. Турөнімді бағалау үшін оның қандай да бір
өлшемін және мөлшерін мүмкін емес, ол тек қана сатып алғанда және
тұтынылған кезде білу мүмкін. Сондықтан турөнімді сатып алған кезде
фирманың имиджі үлкен роль атқарады.
3. Маусымдық тербелістердің өзгерістері. Маусымдық және маусымдық
аралық турфирмада маркетингтік іс шаралар жүргізу керек. Сұранысты
ынталандыру үшін маусымдық аралықта келесі қосымша іс шаралар жургізу
керек: бағаны төмендету және басқа қосымша қызметтер көрсету.
4. Белгілі бір орынға бейімделу.
5. Туристік қызметті пайдалану басында бір апта немесе бір ай ішінде
туристік тауарларды сатуға өндіреді. Осы кезде жарнама өнімі үлкен роль
ойнайды, онда турөнімді сатып алушыларға ақпарат беріледі және келешекте
қандай тауарларды пайдаланғаны туралы біле алады. Сатудың ең негізгі сатысы
ол турөнім туралы шын ақпарат беру және өнімнің сапалы екнін растау.
6. Туристік нарықтағы тұтынушылар мен өндірушілердің территориясын
қамту. Ең негізгі іс шара бұл – жарнаманы жоғарғы деңгейде беру.
7. Сатып алушы қандай қашықты өтеді, оның оның өніммен тұтынылатын
орынның ажыратуы.
Өзінің спецификалық ерекшеліктерін тур қызметтік өндірушіде: туристік
қызметке деген сұраныс оның коньюктурасына, пайдасына, білім деңгейіне,
жарнамасынан, бағасынан ерекшеленеді. Туристік қызметті көрсету үшін оны
субьекті түрде қарастыруға болады.
Туризмге деген сұраныс тұтынушылардың пайдасынан тиеді, сондықтанда
тұрғындардың пайда алу деңгейін бақылау керек.
Мысалы: Қазақстанда 2003 жылдың орта айлық минималды төлем ақысы 23128
теңге құрады, ал номиналды төлем ақысы 9623 теңге болды. Алдынғы жылмен
салыстырғанда 7,7% жоғарлады. Туристік сұранысты анықтайтын фактор: бұл
мәдениет факторлары. Қазақстандағы менталитеті бойынша келесі 3 критерийлер
әсер етеді:
- Бұрынғы посткеңестік қоғам.
- Ұлттар арсындағы тарихи қарым – қатынастар.
- Батысшылдық. Қазақстандық менталитетке әсерін тигізетін батыс
мәдениеті, бұнда өмірде халықаралы стандарттарды қабылдауы және
шет елдік тілдің білуі.
Қазақстандық туристер көбінесе 2 түрге сұраныс етеді. Оны төмендегі
кестеден көруге болады:
Сапар шегу турлеріЖас бала-р 18ден 24дейін
адам Туристік Мемлекет % түрде
түрлері %
Барлығы 229 014
Шығу туризімі 44990 19,6 100,0
ТМД 2701 6,0
Қалған әлем 42289 94,0
Шығу туризімі 94692 41,3 100,0
ТМД 10156 10,7
Қалған әлем 84536 89,3
Ішкі туризм 89332 39,0

Кесте 3. Қазақстан Републикасында 2003 жылғы, туристерге көрсетілген
қызмет

Осы көрсеткіштерді 2000 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда кіру
туризімі 16,20 %–дан 19,6 %–ға дейін ұлғайған, ал шығу туризімі 45,8 %–дан
41,3%–ға дейін қысқарған. Бұл туризм көрсеткіштері шетел туристерінің
Қазақстанға деген қызығушылығының өсуін көрсетеді. Біздің көзқарас бойынша
2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасы туризм дамуына өз әсерін аса тигізуде,
сонымен қатар ол Орталық Азияда шиеленіскен саяси жағдайларды тудыру
мүмкін. Шығу туризмінде көбіне шоп-туризммен айналысатын, алыс шетелге
шығушы резидентті – туристер алмасуды жалғастыруда. 2003 жылы ішкі туризм
бөлімі 39,9 %–ды құрады, бұл туризм бөлімінде оның өсуін дәлелдейді. Бұл
көрсеткіш қазақстандықтардың өз мемлекетінің әсем табиғатына деген,
демалысқа, жергілікті курорттарда емделуіне қызығушылығын, сонымен қатар
қазақстандықтардың жағдайының жақсаруын көрсетеді.
Жаңашыл туризм экономикалық құбылыс ретінде индустриялды пішінде
қалыптасқан, ұлттық экономиканың тез даму катализаторы ретінде көрінеді,
жаңа жұмыс орындарын құрады, ұлттық пайданың жоғарлауына, жергілікті
инфрақұрылымның дамуына және жергілікті тұрғындардың өмір сүру
деңгейінің өсуіне өз ықпалын тигізеді. Туризм аясы жоғары нәтижелі және
салынған қаржылардың тез арада қайтарылуымен сипатталады. Басқа сөзбен
айтқанда туризм дамып жатқан мемлекетте, мемлекет экономикасына жағымды
әсер тигізуі мүмкін.

ІІІ Қазқстан Республикасының туризм

индустриясының дамуын жетілдіру

3.1 Қазақстанда - туризмді кластерлік жүйеде даму бағыттары

Ең негізгі маркетингтік туризмнің өткізу стратегиясы – ол турөнім болып
табылады. Туризм ол экономиканың бір саласы, сондықтан ол өнімді шығарады,
сол өнімді нарықтық сұраныс категориясына сәйкес келеді. Турист ол тұтынушы
болады – туристік қызметті, жұмысты және тауарларды сатып алады.
Турөнім – саяхат барысында туристік қажетін қанағаттандыру үшін
жеткілікті туристік қызмет көрсетулер жиынтығы деп ҚР–дағы туристік қызмет
туралы заңында жазылған. Турөнім үш элементтен тұрады – тур, қосымша
туристік – экскурсиондық қызмет, тауарлар жатады.
Елдің табиғи климаттық және тарихи мәдениеті әр түрлі болғандықтан,
туристік өнімді үлкен бірнеше варианттарға қалыптастырамыз. Олар:
бағалардың әртүрлілігі, орналастыру орындары, жасқа, тұтынушылардың
түрлеріне және т. б.
Туристік өнім әр түрлі болғандықтан, басқаларды салыстырмалы түрде
қарастыруға болмайды, өйткені тур өнім қызмет көрсету тұратындықтан, оны
сценарии ретінде қайтадан қайталау мүмкін емес.
Туристік пакет–ол турдың негізгі бөлігі, ал тур өнімнің бір бөлігі
болып табылады.
Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңында Тур
анықтамасы былай жазылған: Тур – белгіленген мерзімдер бірліктерінде
белгілі бір маршрут бойынша алған саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсету
кешені.
Турды ғылыми экономикалық категориясынан қарастырғанда, тур туристік
орталық кешенінде тұруы керек. Турда материалдық туристік қызметтер (
тамақтану т.б.) және материалдық емес туристік қызметтер (саяхат, гид
қызметтер) болып бөлінеді. Турды туистік жолдама немесе ваучер түрде
беріледі.
Берілген тур пакетте туроператордың немесе туристік маршруттағы
қызметтер ұсынылады :
- туристі демалу аймақтан апару және әкелу;
- трансфер;
- орналастыру және тамақтандыру орындары;
- мәдени – экскурсиондық програмаларды өткізу.
Басқа авторлардың көз қарастары бойынша тур пакет 4 элементтен тұрады:
туристік орталық, трансфер, орналастыру қызметтері, көлік.
Туристің туристік өнімге шығындалатын жүйесін қарастырайық :
- тур – 50% ;
- қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер – 30% ;
- тауар – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызмет көрсету нарығы
Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту
Туристік ағымның көлемі
Бас әкімшілік кеңсесінің ұйымдық құрылымы
Қазақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы проблемалары 12 және даму болашағы
Қонақ үй шаруашылығы
ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының даму тенденциялары
Қонақ үй шаруашылығының туризмдегі маңыздылығы қонақ үй шаруашылығының туризмдегі маңыздылығы
Туризм индустриясы және инфрақұрылымы
Пәндер