Туристік саяхаттарды медицмналық қызметтермен қамтамасыз ету
Жоспар
Кіріспе 2
II - Бөлім Белсенді саяхаттың сипаттамасы 2
2.1 Қазақстанда ұйымдастырылған алғашқы саяхаттар 2
2.2 Белсенді саяхаттың классификациясы және қиындық категориялары. 4
2.3 Жорық қауіпсіздігін қамтамасыз ету 6
2.4 Саяхат жасаудағы кедергілер 10
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер 15
Кіріспе
Біздің елімізде саяхатқа шығып, аралап көретін көрікті жерлер
мейлінше көп. Содан да болса керек жорықтарға қатысып, таңғажайып
орындармен танысуға, тамаша адамдармен жолығып әңгімелесуге, халықтардың
салт-санасын, дәстүрін танып білуге, еліміздің көне қалалары мен
ескерткіштерін көріп, тамашалауға тілек білдірушілер саны жыл сайын көбейе
түсіп отыр. Бірақ саяхатқа шығушыларды тек осы айтылған жайлар ғана
қызықтырады ма? Әрине, олай емес. Саяхаттың танымдық қызметімен бірге
тәрбиелік, сауықтырушылық және спорттық қызметтері де бар.
Қазақстанның ұшы-қиырсыз кең даласында саяхаттың сан алуан түрін
дамытуға мүмкіндік мол. Бүгінгі таңда белсенді тынығудың кең тараған
түрлерінің арасында саяхаттың келешегі өте зор екенін сеніммен айта
аламыз.
Саяхат – белгілі бір аймақпен танысу және оны зерттеу т.б.
мақсаттармен іске асырылатын шаралар. 18-19 ғ-ға дейінгі саяхаттар елдердің
табиғатын, халқын, тарихын және шаруашылығын зерттеу үшін жасалды.
Саяхаттар дала жағдайындағы географиялық зерттеулерді ұйымдастырудың бір
түрі – географиялық экспедициямен де тығыз байланысты.
II - Бөлім Белсенді саяхаттың сипаттамасы
2.1 Қазақстанда ұйымдастырылған алғашқы саяхаттар
Ежелгі Қазақстан тарихындағы ұйымдастырылған алғашқы
саяхаттар — аса ауқымды туристік нысан болып табылатын Ұлы Жібек жолымен
байланысты. Оның бастапқы қалыптасу кезеңі б.з.б. III мыңжылдықққа ұласады.
Ортағасырлық Қазақстанда да ұйымдастырылған саяхаттар мақсатты түрде
жасалған туристік нысандардың болғаны туралы деректер тіркелген.
Аталған кезеңде Ұлы Жібек жолының солтүстік түркі тармағы
бойынша VI-XIV ғасырлардағы саяхаттар тек қана сауда үшін ғана емес,
сонымен қатар қажылық, емдік және білім алу мақсаттарымен де болғаны туралы
жеткілікті негіздемелер бар.
Қазақстан аумағындағы ең бірінші туристік нысандар түркі тайпаларын
жаулап алумен және олардың атамекенінен ауа көшуімен байланысты болды.
Қазақстанда қажылық саяхатты ең бірінші ұйымдастырған Әмір Темір
болды және оның есімімен байланысты орында әр жылдары әр түрлі әлеуметтік
туризм түрлері жүзеге асырылды. Осындай ескерткіштердің негізгісі 1399ж.
Әмір Темірдің бұйрығы бойынша Қожа Ахмет Иасауи қабірінің үстіне салынған
кесене болды.
Б.з.б. көне заманнан осы уақытқа дейін Александр Македонскийдің
жорықтарына жолбасшы болған Геродоттың саяхаттарының жазбалары сақталған.
Орта ғасыр саяхаттарының классикалық үлгісі ретінде М. Поло және
А.Никитиннің саяхаттарын келтіруге болады. Географиялық ұлы ашулар кезеңі
адамзаттың планета жөніндегі көзқарастарын түбегейлі өзгерткен саяхаттарға
толы болды. Жердің шар тәрізділігі туралы идеяның біржола қалыптасуы осы
кезеңге сай келеді. Кейінiрек Жер туралы ұғымды кеңейтуге Д.Ливингстон
және ағылшын саяхатшысы Г.Стэнлидің, Н.М.Пржевальскийдің, Ш.Уәлихановтың
т.б. саяхаттары зор ықпал етті.
Бірақ Қазақстан туризмі тарихындағы ең елеулі
табыстардың көбі жаңа заманда жүзеге асты.
1929ж. Таулы туризмнің энтузиастары Б.И. Белоглазов,
Ф.Л. Савин, В.И. Зимин ĺле Алатауына бірнеше туристік саяхаттар, жорықтар
жасады. Бұл жылдың жазында олар бірінші туристік саяхатты Ыстық көлге
ұйымдастырды. Бұл жорыққа Алматы қаласы мектептерінің 17 мұғалімі
қатысты.
1930 ж. Савиннің қолбасшылығымен пошта және телеграф
жұмысшыларына қиын емес маршрут жасалынған болатын: Алматы- Медеу-
Көкжайлау- Үлкен Алматы көлі.
1931ж. қаңтарында В.Н. Зимин алғаш рет туристерге қысқы
шаңғышылық саяхат мына маршрут бойынша жасады: Алматы- Ұзынағаш-Қордай
асуы.
Қазіргі таңда мұндай саяхаттарға оқушылар да қатысып жүр.
2.2 Белсенді саяхаттың классификациясы және қиындық категориялары.
Белсенді туризмдегі классификацияланған туристік саяхат -
дегеніміз, белгілі бір қиындық категориясына сәйкес келетін бағытты
айтамыз.
Туристік маршрут дегеніміз — белгіленген қызмет көрсету
бағдарламасы бар белгілі бір уақытқа арналған алдын-ала жоспарланған
Туристердің жылжу трассасы.
Халықаралық альпинистер одағының (ХАО) ұсынуымен 1947ж.
туристік саяхаттардың қиындық шкаласы ресми түрде қабылданған:
I-категориялы саяхаттар — аз қиындық, қиын емес жеңіл
категориялы жорықтар болып табылады. Бұл жорық барысында қозғалыс
кезіндегі тепе- теңдікті сақтау үшін қолдың көмегі кейбір кезде ғана
керек. Бұл маршруттардан өту үшін туристерге өзіне деген сенімділік пен
тереңдіктен қорықпау қажеттілігі керек.
II-категориялы саяхаттарға — орташа қиындық деңгейіндегі жорықтар
жатады. Бұл саяхатқа тәжірибесі аз туристер, альпинистер тік жар, қиын
өткелдерден өту кезінде сақтандыру құралдарын қолданады, сонымен қатар
қолдың көмегінсіз жорық кезінде тепе- теңдікті сақтау мүмкін емес.
III-категориялы саяхаттарға — қиын деңгейдегі жорықтар жатады.
Бұл жорыққа қатысу өз бетінше кәсіби емес альпинистер мен спортсмендерге
қиындық тудырады, қатысушылар тобының бір уақытта жылжуы мүмкін емес, олар
өзара кезектесіп,сақтандырулар жасайды. Әрбір туристің жеке сақтандыру
құралдары болуы тиіс.
IV-категориялы саяхаттарға — өте қиын деңгейдегі жорықтар
жатады. Оларға сонымен қатар тік жарлар арқылы спорттық өрмелеуге арналған
жорықтар да жатады. Топ жетекшісінің жоғары деңгейдегі дайындық дағдысы
болуына үлкен талап қойылады.
V-категориялы саяхаттарға — аса қиын деңгейдегі жорықтар
жатады. Мұндай категориялы жорыққа қатысу үшін үнемі дайындықтың арқасында
тәжірибе жинап, қажетті техниканы, құрал-жабдықтарды жетілдіру қажет. Бұл
жорықтарда сақтандыру құралы – арқан 2 қабатталады.
VI-категориялы саяхаттарға — ең жоғарғы қиындық деңгейіндегі
жорықтар жатады, өрмелеуге қажетті нүктелер өте сирек орналасады. Қиындық
категориялардың ішіндегі ең қиыны болып табылады.
Қиындық категориялары белсенді саяхат кезіндегі табиғи
кедергілердің қиындық деңгейін сипаттайтын классификациялық көрсеткіш.
Қиындық категорияларын анықтауда негізгі 3 классификациялық
сипаттама:
• ұзақтылығы;
• арақашықтығы;
• маршруттың техникалық қиындығы
ерекше рөл атқарады.
Мысалы, маршруттың ұзақтылығы жорыққа қатысушы топқа арналған
демалыс күндерін есепке алмағанда, ауа райына байланысты тоқтауды
есептемегенде жалпы маршрутқа қажетті минималды уақыт шығады. Жалпы
демалысқа қажетті уақыт жалпы уақыттың 20-%-нан аспауы керек.
Арақашықтық — маршруттың белгіленген ұзақтығы. Маршруттың
ұзақтығы — топографиялық карта арқылы немесе карта схемасының масштабына
сәйкес айқындалады.
Категориялы жорықтардың параметрлері
Қиындық категориялары
Ұзақтығы (күндер I II III IV V VI
саны)
6 8 10 13 16 20
Жорықтардың 120 150 190 220 250 300
қашықтығы
-жаяу жүру (км)
-шаңғымен (км) 130 160 200 220 250 300
- таулы жерлермен 100 120 140 150 160 160
(км)
-су жолдарымен 150 160 170 180 190 190
-велосипедпен 250 400 600 750 900 1000
-мотоциклмен 1000 15000 2000 2500 3000 3000
-машинамен 1500 2000 2500 3000 3000 3500
- спелео жорықтар 5 3-4 2-1 2-1 1 1
( үңгірлер саны)
2.3 Жорық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Туризмдегі мүмкін болатын кездейсоқ жағдайлардың
себептерін келесідей топтастыруға болады:
1)топтың себептері — аймақтың табиғи ерекшеліктеріне
байланысты (теңіз деңгейінен биіктік, асулар, өткелдер, күрделі рельеф,
қолайсыз ауа райы).
2) топтың себептері — туристер тобының қажетті деңгейде материалдық
— техникалық базамен қамтамасыз етілмеуімен байланысты.
3) топтың себептері — туристік саяхаттың қажетті деңгейде
ұйымдастырмауымен байланысты.
4) топтың себептері — туристер тобындағы медициналық қызмет
көрсетушілердің қажетті деңгейде тәжірибесінің болмауы, тактикалық —
техникалық дағдылардың жетіспеуінен туындайтын жағдай.
Кез келген туристік қызмет көрсететін кәсіпорын егер
қызметтері белсенді болса, онда өзінің құрамында бақылау-құтқару топ
жасақтауы тиіс. Бақылау-құтқару топтың негізгі атқаратын мақсаттары:
1) осы турфирманың белсенді турлары жүзеге асырылатын аудандарын
барынша зерттеу.
2) құтқарушы қордың азық-түлікпен, медикаменттермен, құрал-
саймандармен жабдықтау, қамтамасыз ету .
3) базалық лагерьде немесе эксплутацияланатын турлардың
бағыттарында қатерлі жағдайларды алдын алуға арналған
профилактикалық шараларды жүзеге асыру, яғни гид, инструкторларға
кеңес беру, туристерге нұсқаулар жасау, маршруттарды
маркировкалау, туристер тобының маршруттарды жүріп өтуіне бақылау
жасау.
4) тексеру-бақылау, құтқару-іздестіру жұмыстарын жүзеге асыру
қатерге ұшыраған туристерге көмек беру.
5) қажет болған жағдайда мемлекеттік-апаттық құтқару қызметтеріне
ақпараттар беру және бірлесе отырып, құтқару қызметтерін жүзеге
асыру.
Құтқару жұмыстарын жүзеге асыру үшін, хабарсыз кеткен туристер тобын
іздестіру үшін белгілі бір бақылау мерзімі өту қажет. Егер осы мерзімнен
кейін туристерден хабар алынбайтын болса, жедел түрде құтқару - іздестіру
жұмыстарын бастау қажет, бақылау мерзімі деп, күтпеген қиындықтардан өтуге
арналған уақытты резервін айтамыз. Тәжірибедегі белгіленген оптималды
уақыт резервтері бар:
I-ші — III-ші қиындық деңгейіндегі жорықтар үшін — 1
немесе 2 күн, ал IV-ші және V-ші категориялы жорықтар үшін — 2-3 күн.
Құтқару жұмыстары үшін негізгі медикаменттер тобы:
1) ауру басушы және әлсіз ағзаны қалпына келтруші препараттар
(анальгин, темпалгин және т.б.);
2) қан тоқтатуға, дезинфекциялауға арналған препараттар
(йод, cутегі тотығы);
3) антибиотиктер тобы (пинициллин, тетрациклин, эритро-
мицин);
4) сыртқы жарақаттарға қолданатын препараттар;
5) таңуға қажетті материалдар (бинт, мақта);
6) приборлар мен инструменттер тобы (градусник, қайшы,
шприцтер және т.б).
Құтқару-іздестіру жұмыстары келесі жағдайларға байланысты
басталуға тиіс:
1) егер де туристер тобы белгіленген мерзімде бақылау пункттеріне
келіп жетпеген болса, іздестіру жұмыстары басталады.
2) Егер де туристік маршруттың бойында апаттық жағдай болуы мүмкін
деген сенімді хабар алынған жағдайда, апаттық жағдай туындап,
туристерге алғашқы көмек көрсету және тасымалдау керек болған
жағдайда басталады.
Турфирмалардың барлығы мемлекеттік-апаттық құтқару
қызметімен бірлесіп, әрекет етуі тиіс. Туристік фирмалар мен күтпеген
жағдайлар бойынша бірлесе отырып, келесі бағдармаларды құрған:
1) МИНИМУМ бағдарламасы - бақылау-құтқарушы топтары
мемлекеттік кездейсоқ жағдайлар бойынша комитетінің құрамына қосылады. Бұл
топтың құрамында алғашқы көмек көрсете алатын, қатерге ұшыраған туристерді
алып шыға алатын дайындықтары бар спортсмендер болуы тиіс. Кездейсоқ
жағдайлар бойынша министрліктің тапсырысы бойынша турфирмалардың
инструкторларының көмегімен тауда, суда құтқару жұмыстарын жүзеге асыратын
білікті мамандар дайындау қажет. Бұл жерде турфирма мамандпры
құтқарушыларды дайындауға арналған теориялық және практикалық бағдармалар
жасауға тиіс.
2) МАКСИМУМ бағдарламасы – бұл бағдарламаға сәйкес
инструкторлардың көмегімен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті
ақпараттарды жинап, белгілі бір жүйеге келтіру. Бұл бағдарлама бойынша
апаттық қатерлі аудандарға ұдайы тексеру жүргізеді.
Туризмдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шетелдік
тәжірибені қолдана отырып, Қазақстанның туристік кеңесінің
федерациясы туристік саяхаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
бөлігінің рекламентінің үлгісін ұсынған, бұл құжатта келесі жағдайлар
көрсетілген:
1а) қызметтер бағытының тізімі, яғни туристік бағыттардың
потенциалды қатерлері туралы ақпараттарды жинап, өңдеу
1б) Қазақстан территориясындағы барлық саяхаттардың түрлері
бойынша қауіптен сақтандырудың нұсқауларын тағайындау.
1в) траспорттық немесе құтқару жұмыстарын жүзеге асыру,
іздестірулерді жүргізу, туристік топтарға және турфирмалардың қызметіне
кеңестер беру.
1г) туристерге сақтандыру полистерін рәсімдеу.
2а) Қызметтердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz