Ұлы ғалымның шығармалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) 2
Әл-Фараби мен Аристотель 3
Ұлы ғалымның шығармалары 4
Фараби – ұлы философ 5
Ғұламаның жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеулері 9
Қорытынды 11
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 13

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950)

Әбу Насыр әл-Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден
кейінгі екінші ұстазы (арабша “Муаллими соний”) атанған данышпан, философ,
энциклопедист ғалым, әдебиетші, ақын. Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құя беріс
сағасындағы ежелгі Отырар (оны қыпшақтар Қарашоқы деп те атаған) қаласында
туылған. Ежелгі түркілердің орталық қаласы Отырарды кезінде негізінен
Қыпшақ, Қаңлы, Қоңырат тайпалары мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Отырар
– бір жағы көшпелі мал шаруашылығын кәсіп еткен, екінші жағы отырықшы-
егіншілікпен айналасытан түрлі түркі ру-тайпалардан өзара байланыстырып
тұрған буын іспеттес қала болған. Бұл шаһарды арабтар Фараб деп атаған. Сол
бойынша, ұлы ұстаз әл-Фараби атанып кеткен. Әл-Фарабидің толық аты-жөні:
Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн узлағ Тархани – деп жазылатыны болған. Мұндағы
“тархан” сөзі екі нәрсені аңғартады, біріншеден, әл-Фарабидің түркі тектес
ру-тайпалардан шыққанын білдіреді; екіншіден, оның ата-бабасы дәулетті,
қыпшақтар арасында есімі белгілі кісілер болғанын көрсетеді. Өйткені
қыпшақтардың атақтылары ғана дәстүр бойынша “тархан” деп аталатыны болған.
Жастайынан асқан зерек, ғылым-өнерге мейлінше құштар болып өскен әл-
Фараби алғашқы білімін туған жері Отырарда қыпшақ тілінде алады. Ол өсе
келе өз заманының аса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары: Бағдад,
Қорасан, Дамаск, Каир т.б. шаһарларда болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек
етті, Шығыстың осы шаһарларда ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен,
көркем сөз зергерлерімен танысады. Өз өмірінің көп жылдарын араб
халифатының саяси және мәдени орталығы болған Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз
білімін әбден тиянақтылықпен толықтырады. Көрнекті ғалымдармен байланыс
жасайды, сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан
байсалдағы арқасында көп ұзамай олардың арасында абырой беделге ие болады.
Бірақ өрісі тайыз кертартпа хадисшілер оны жек көріп, күндей бастаған. Әл-
Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан, өйткені оның дүниеге
көзқарасы шынайы болмысты танып білуге, адам бақытын о дүниеден емес, бұл
дүниеден іздеп табуға мегзейтін еді. Ақыр соңында әл-Фараби лажсыздан
Бағдадтан кетеді.
Өзінің “Фусул ал-мадани” (Мемлекет қайраткерлердің нақыл сөздері)
деген шығармасында ол: адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен
кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс дейді. Әл-Фараби александриялық
(мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан ығыстырылған
несторианшыл христиандар тұратын хорасанға келіп қоныс тебеді. Өмірінің
соңғы жылдарын Алеппо мен Дамаскіде өткізеді, мұнда солтүстік Сирияның
жетекші саяси қайраткері Сейд ад-Дуаль Хамданиге аса қадірлі болды. Әл-
Фараби 950 жылы 80 жасында қайтыс болды.

Әл-Фараби мен Аристотель

Әл-Фарабидің Аристотельге бас игені сөзсіз. Ол Аристотель ілімінің
формальдық жағымен ғана шектелмейді, диалектика элементтеріне, мәселені
қарама-қарсы қоюына белгілі дәрежеде көңіл бөледі, сыртқы дүние мен сезім
мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс таным логикасының ірге тасы болып
табылатынын дәлелдейді. Оның (Әл-Фарабидің) зерттеу объектісі болған
“Платон мен Аристотель сынды фәлсафашылардың мақсаты жайлы” деп аталатын
кітабы бар. Бұл еңбегінің ол өзінің фәлсафа ілімін Аристотельдің қаншалықты
жетік меңгергендігін дәлелдеп берді. Осылай ол ғылым құпияларын аша берді,
ғылымның пайдасын түсіндірді. Әл-Фараби әуелі Платонның фәлсафасын
зерттеді, мақсатын айқындады. Сонан соң бірте-бірте Аристотельдің
фәлсафасын игере бастады, сол арқылы өзі де бірте-бірте фәлсафаны
бақайшығына дейін талдап, жіктеді. Аристотельдің мақсатын айқындай отырып,
физикалық, логикалық еңбектері хақында түсіндірмесі бар бірнеше кітаптар
жазды. Аристотельдің бізге бірінші рет жеткен “ал-илму л-лаһи”
(Метафизика) деп аталатын кітабының түсініксіз жерлерін ашты. Өзінің
осындай түсіндірмелерден тұратын кітаптарының жалғасын “әл-илм ат-табиғи”
(Жаратылыстану ғылымы) атты еңбегіне түсіндірме жазумен аяқтады. Сол
заманда фәлсафадан дәріс алуда әл-Фараби кітаптардан артық пайда келтірген
өзге дүниені білмеген, себебі тек Әл-Фараби ғана бүкіл ғылымның мағынасын,
ерекшелігін жақсы білгендіктен, осындай туындыларды қалдырды. Аристотельдің
“Категориясын” түсіндірудің бұрын тәсілі жоқ еді, ал Әл-Фараби болса бұған
да түсініктеме жасай отырып, ғылымды қалай зерттеу керек екенін түсіндіріп,
өзгелерге өнеге болды. Сондай-ақ Әбу Нәсірдің “Метафизикасынан” басқа “әл-
илму-л-мадани” (Азаматтық ғылым) атты кітабы да бар. Алғашқысы
қайырымдылықты сөз етсе, екіншісі азаматтық саясатты әңгімелейді.
Аристотельдің алты принципке құрылған теориясын, сондай-ақ дене
материясының құрылысы, оның дәрігерлік ара қатынасын айқындады.

Ұлы ғалымның шығармалары

Әл-Фараби өзінің түркі тілімен қатар араб, парсы, грек, латын,
санскрит, тілдерін жетік білген жан. Ғылыми шығармаларын, өлең-жырларын өз
дәуірінің рухани-ғылыми тілі саналған араб тілінде жазды. Ғұлама ғалым
ретінде әл-Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге
болады. Ол философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл
білімі, әдебиет теориясы, т.б. ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми
еңбектер жазды. Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қол-жазба
күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып қала берген. Фараби еңбектерінің кейбір
тізімдері ғана сақталған. Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш.
Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш 160, ал ғалым Б. Ғафуров
200 трактат деп көрсетеді. Ұлы ғалымның ұшан-теңіз еңбектерінің біздің
заманымызға дейін сақталап, бүгінгі ұрпақтың қолына тигені қырыққа жуық
шығарма деуге болады. Фарабидің “Ақылдың мәні туралы трактат”,
“Данышпандықтың інжу маржаны”, “Ғылымдардың шығуы”, “Философияны оқу үшін
алдымен не білу керек”, “Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі”,
“Кемеңгерлік меруерті”, “Музыканың үлкен кітабы”, “Әлеуметтік-этикалық
трактаттар”, “Аристотель еңбектеріне түсіндірме” (“Поэтика”, “Риторика”,
“Софистика” т.б.) сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде
танытты. Әл-Фарабидің әлеуметтік-қоғамдық және этикалық көзқарастарын
танытатын туындылары да аз емес. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, әсіресе,
“Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары”, “Бақыт жолын сілтеу”,
“Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері”,“Бақытқа
жету жайында” деген сияқты еңбектерінің мәні ерекше зор. Ұлы ғалым нағыз
гуманист ретінде адам ақыл-ойының жан-жақты дамып, табиғат пен қоғам сырын
толық ашуы мүмкін екеніне кәміл сенеді, адамзат қоғамындағы барлық
проблемаларды шешуге қабілетті ең басты күш – ақыл-парасат деп біледі. Әл-
Фараби педагогика, психология, эстетика мен акустика, астрономия
мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан.
Сондай-ақ, ол парасаттылық пен ағартушылықты жақтаған үлкен гуманист. Әбу
Нәсір метафизика, тіл білімі, логика, жағрафия, математика, этика т.б.
ғылым салаларын қамтитын жүз елуге тарта трактаттар жазған.

Фараби – ұлы философ

Фараби өзінің “Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат”
деген еңбегінде ежелгі ойшылдарынан бастап өзіне дейінгі ғалымдардың ой-
пікірлерін сарапқа салады да, соңында өз ойларын айтады. Ғұламаның
пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын бірінші талап –
адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген қалтқысыз
құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде адам философияны
үйрене алмайды, деп көрсетеді Фараби. Ғұлама өзінің “Ғылымдардың шығу
туралы” трактатында табиғаттың ғылымдарының шығу төркінін, себептерін ашып
көрсетуге тырысады. Оның пікірі бойынша, табиғат әуелде жаратқан бір
Алланың құдіретті күшінен пайда болып, одан былай өз алдына дербес
заңдылықтарымен өмір сүрді және бөтен еш нәрсеге тәуелді болмайды.
Жаратылыстың, болмыстың түп негізінде субстанция, аксиденция жатыр. Оларды
танып, білу - ғылымдардың шығуының қайнар көзі. Субстанция қазіргіше
айтқанда, материя ұғымына жуық келеді. Ал аксиденция – субстанцияның
түрліше көрінісі.
Әл-Фараби өзінің “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары” атты
кітабында бірқатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді.
Мұндағы “қала” деп отырғаны – мемлекет. Ғалым бұл шығармасында мемлекеттің
пайда болуы, ондағы теңсіздіктің өмірге келуі, идеал қала халқының
моральдық бейнесі, мұндай қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер,
әрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл қоғам болып, бірігіп тіршілік етуі
керектігі т.б. мәселелер жайындағы өз пікірін ортаға салады. Әбу Нәсірді
мәшһүр еткен алғашқы еңбектерінің бірі – “Ихса ал-улум уа-т-тағриф би
аградаһа” (“Ғылымды жіктеу және мақсатты айқындау”) деген туындысы. Өйткені
оған дейін осындай соны тақырыпқа кітап жазған ешкім болмаған. Ғылыммен
әуестенгендер осы кітапты басшылыққа алмай, бұл кітапқа соқпай кете алмаушы
еді. Олардың ой-өрістерін дамытуда аталған еңбектің атқарғаны ұланғайыр.

Орта ғасырда өмір сүрген араб ғалымы Ибн Аби Усайбианың (1203-1270)
айтуы бойынша, әл-Фарабидің өлең құрылысын зерттеуге арналған “Қалом фи аш
шеьер ва ал-қавофий” (“Өлең және ұйқас туралы сөз”) деген шығармасы болған.
Әл-Фараби дәуірінде және одан кейінірек өмір сүрген бірқатар әдебиетшілер
бұл еңбекті поэзия табиғатын зерттеуде теңдесі жоқ туынды деп жоғары
бағалағаны мәлім. Өкінішке орай, ұлы ғалымның бұл шығармасы әзірше табылған
жоқ.
Фараби еңбектерінің тізімінде оның “Өлең ырғағы туралы”, “Ырғақ пен
өлең туралы сөз” және “Поэзия өнерінің негіздері туралы трактат” деп
аталатын зерттеулері болғанын көрсетіледі.
Соңғы жылдары Әл-Фарабидің бұрын ғылымға белгісіз болып келген аса
құнды бір шығармасы Братислава (Чехославакия) университетінің
кітапханасынан табылды. Арабша жазылған бұл ғылыми еңбек “Китаб аш-шеьер”
(“Өлең кітабы”) деп аталады. Бұл шығарманы араб тілінен өзбек тіліне
аударып, оған алғы сөз, ғылыми түсініктер жазып, жеке кітап етіп шығарған
белгілі өзбек ғалымы А.Ирисов болды.
Әл-Фарабидің “Өлең кітабы” көлем жағынан шағын ғана туынды, оны тіпті
кітап емес, мақала деп атаған жөн шығар. Мүмкін мұның өзі алғашта көлемді
шығарма күйінде жазылған болуы ықтимал. Кейінірек белгілі бір себептер
әсерімен кітап көлемі әдейі қысқартылып, бізге тек тезис күйінде жеткен
болуы да ғажап емес.
Фарабидің бұл зерттеуі жеке кітап күйінде сақталмаған. Ұлы ғалымның он
екі бөлімнен тұратын логика саласындағы кітабының ішіне қосылып, сонымен
бірге түптелген екен.
Фараби өзінің “Өлең кітабын” мынадай сөздермен бастайды: “Біз
поэзиясымен хабардар болған көптеген халықтарға қарағанда арабтар өз
поэзиясында бәйіттің соңғы жағына көбірек мән береді. Сол үшін де араб
бәйіттері белгілі бір өлшемдегі шектелген сөздермен толықтырылады әрі
көркемделеді, мұның өзі оларда сирек қолданылатын яки көпшілікке мәшһүр
болған сөздерді пайдалану арқылы іске асады. Жоғарыда аталған бәйіттердегі
сөздерден туындайтын мән-мағына осы әңгіме болып отырған нәрсе мен
оқиғаларға ұқсайтын еліктеу болуы керек.
Мұндай жағдайда қолданылатын сөз тіркестері ырғақты, белгілі бір
бөлшектерге жіктелген болуы керек, тіпті ондағы әрбір ритм, ырғақ, буын,
бунақ саны да шектеліп тұруы шарт.
Өлеңнің әрбір ритмінде қолданылатын сөз бөлшектері тәртібінің де өзіне
лайықты шекарасы болады.
Өлең шумағының әрбір буын, бунағындағы ритм тәртібі мен өзге шумақтағы
тәртіп өзара үндесіп жатуы керек. Міне, осы жоғарыда айтылған шарттардың
орындалуы нәтижесінде, өлеңнің әрбір құрамдас бөлігі оқылған кезде өзара
бір мезгілде оқылады. Әрі біркелкі болып шығады. Әрбір ырғақта қолданылатын
бәйіт сөздерінің белгілі бір тәртібі, шекарасы бар. Мұнда бәйіт сөздерінің
соңғы жағы да шектелген: не дыбыстар дәл өзіндегідей яки оны дауыстап
оқығанда тең келетін сөздер болуы керек.
Бәйіттегі сөздер де әңгіме не туралы айтылып жатқан болса, соған ұқсас
етіп, бейнелі түрде айтылуы тиіс. Сонымен бірге бәйіттердің бір-біріне
үндес болуы да талап етіледі.
...Алайда грек шайыры Хомердің (Гомер) етістік қолдануына қарасақ, ол өз
жырларында өлең жолдарындағы соңғы сөздердің сәйкес келуіне мән бермейді...”
Фараби осы еңбегінде “бәйіт сөздерінің соңғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш.Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
Ұлылық ұлағаты (Б. Шалабаевтың Мұхтар Әуезов шығармалары жайындағы зерделі зерттеуі: дәуір талабы және тың тұжырымдар)
Мұхамедханов және Абай мұражайы Семей таңы
Әлкей Марғұлан
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ сөзінің бапкері
Ахмет Байтұрсынов әдебиет әлемінде
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы ұлттық таным
Мұхаметханов және Абай мұражайы Семей таңы
ӘБУ НАСЫР ӘЛ – ФАРАБИДІҢ ҒЫЛЫМИ – ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ
Пәндер