Абай жолы - Әуезов творчествосының ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің шарықтап шыққан шыңы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Әуезов Мұхтар Омархан ұлы 3
Заманымыздың ұлы суреткері 12
Қолданылған әдебиеттер тізімі 16

Әуезов Мұхтар Омархан ұлы

Әуезов Мұхтар Омархан ұлы (28. 9. 1897, Семей обл., Абай ауд.,— 27. 6.
1961, Москва, Алматыда жерленген) — қазақ совет жазушысы, ғалым, қоғам
қайраткері. Қаз. ССP FA-ның академигі (1946), филол. ғыл. тұңғыш докторы,
профессор (1946), Қаз. ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
Әкесі Омархан шаруа болған. Әуезов атасы Әуез бен әжесі Дінәсілдің қолында
тәрбиелеиеді. Әуез немересіне алғаш арабша хатты өзі танытып, оған досы
Абайдың өлендерін оқытады. Оның үстіне Әуезов Самарбай молда, Камалиддин
қазіреттен сабақ алады, қазақ эпосының, араб, парсы әдебиетінің үлгілерін
оқиды. 11 жасында ағасы Қасымбек Камалиддин медресесінен алып, Семейдегі
бес кластық орысша оқытатын училищеге түсіреді. Мұны бітірген соң сондағы
мұғалімдік семинарияны (1915—19) тамамдайды. 1923—28 ж. Әуезов бір қыс
Ташкенттегі Орта Азия мемл. университетінде, 4 жыл Ленинград
университетінде оқып, филология факультетін бітіреді. 1928— 30 ж. Орта Азия
университеті шығыс факультетінің жанындағы аспирантурада оқиды. 1917 ж.
семинарияда жүріп Әуезов өзінің тұңғыш шығармасы Еңлік-Кебек пьесасын
жазады. Театр болмағандықтан ол пьеса ауылда. киіз үйде қойылды. Аңызға
айналған тарихи шындық негізінде туған бұл шығарма қазақ даласындағы
феодалдық-рулық қоғамның сұмдық заңының құрбаны болған Еңлік қыз бен жігіт
Кебектің махаббат жолындағы трагедиясын көрсетеді. Кейбір идеялық-көркемдік
кемшіліктеріне қарамастан, Еңлік-Кебек автордың шынайы талант иесі екенін
танытты. Кейін оны Әуезов бірнеше өңдеп, кемеліне жеткізді. 1918 ж. Әуезов
Абай журналын шығарысып, әйел теңдігі мен ағарту тақырыбына бірқатар
мақалалар жазады. 1920—22 ж. совет жұмысына араласады. Бұл тұста Әуезов
творчествоға ден қойып, баспа жүзінде тұңғыш жарияланған Қорғансыздың
күні (1921) әңгімесін жазды. Әңгіме Арғын деген лақап атпен Қызыл
Қазақстан журналында басылады. Мұнда автор жетім-жесір семьяның үстем тап
өкілдерінің зорлық-зомбылығынан трагедияға ұшыраған қорғансыз күйін
аянышпен, реалистік шеберлікпен суреттеген. Озбырлыққа, қорлыкда жаны
төзбей қарсылықпен қаза тапқан жетім қыз Ғазизаның, оның сексеннен асқан
қайсар әжесінің образы мен арамза Ақан болыстын, Ақанның ала әяқ атқосшысы
Қалтайдың образдары айқын да әсерлі шыққан.
Осыған жалғас 1921—26 ж. Арғын, Жаяусалы, Қоңыр, Айғақ деген
лақап аттармен Әуезов бірсыпыра әңгімелер жариялады. Олар: Оқыған азамат
(1923), Қыр суреттері (1922—23), Қыр әңгімелері (1923), Үйлену (1923,
баста—Жас жүректер), Сөніп-жану (1923, баста —Заман еркесі), Кім
кінәлы (1923), Ескілік көлеңкесінде (1925), Жетім (1925, баста— Тас
жетім), Барымта (1925, баста — Қанды түн), Кінәшыл бойжеткен (1925,
баста—Қазақ қызы), Қаралы сұлу (1925), Қорғансыздың күні секілді Кім
кінәлы, Ескілік көлеңкесінде, Қыр суреттері әңгімелерінде де Әуезов
үстем тап адамдарының озбырлығынан қан қақсаған қазақ қыздарының
трагедиясын жан ашырлықпен көрсетті. Жетім, Барымта, Жуандық
әңгімелеріндө жетім бала Қасым, ер көңіл жылқышы Қалбағай тәрізді қарапайым
бұқара адамдарының мейірімсіз қанаушылар ортасының қыр-сырынан апатқа
ұшырағаны, бірлесіп егін салған кедей шаруалардың байлардан көрген қорлық-
зорлығы аянышты баяндалады. Ал автордың бірқатар әңгімелері оқыған жастарға
арналған. Үйленуде қаладан келіп Жәмиланы әкететін көзі ашық Оспан. Кім
кіналыда адал, сезімтал, бірақ дәрменсіз жігіт Ісләм, Сөніп-жануда
зейінді, пысық, бірақ сезім-сезігі құбылмалы Сыздық, Оқыған азаматта
өлген жолдасының әйеліне үйленіп, мал-мүлкін иелену үшін оның шешесін
өлімге итерген арамза, жауыз жігіт Жұмағұл образдары психолиялық жоспарда
бейнеленген.
Айтылмыш кезеңде Әуезов Бәйбіше-тоқал (1923), Қаракөз (1926)
пьесаларын жазды. Біріншісінде екі әйелдің балалары арасындағы қайшылық пен
тартыс көрсетілсе, екіншісінде сүйгеніне қосыла алмай құсадан есі ауысқан
Қаракөз қыздың ауыр күйі шебер драмалық тәсілдермен суреттеледі. Көркемдік
садасы жоғары болғандықтан, пьесалардың жабық конкурсында Қаракөз бірінші
бәйге алды. Ал 1926 ж. қазақтың ұлттық театры өз сахнасын қайта өңделген
Еңлік-Кебек драмасымен ашты. Ленинградта оқыған соңғы жылында Әуезов екі
тамаша повесть жазды. Ол — Қараш-Қараш оқиғасы (1927) мен Көксерек
(1928). Алдыңғысында Әуезов өмірде болған оқиғаны алып, оны көркем дәрежеге
көтерген. Негізгі қаһарман Бақтығұл баста Жарасбай байдың атарман-шабарманы
болған кедей, пысық жігіт, кейін ол қожасының опасыз сатқыштығын көріп
түңіледі де, байдан кек алу жолына түседі. Жарасбайды өлтіреді. Мұнда
Әуезов еңбекші бұқараның ұйымдасқан саналы тап күресін көрсете алмағанмен,
таптық сезімінің оянып, оны күреске шақырған процесін әдемі де нанымды
әңгімелеген. Көксерек повесінде адам асыраған бөлтіріктің өскен соң
даладағы тағы қасқырларға қосылып алып, жыртқыштық тегіне тартып, талай рет
малға шауып, маңайдағы елге үлкен қырсық боп тигені, одан кейін өзін
асыраған Құрмаш баланы мерт қылғаны керемет баяндалған.
Сөйтіп, Әуезов 20 жылдардың өзінде проза мен драматургияда сыншыл
реализм дәстүрімен келелі туындылар беріп, қазақ әдебиетінің негізін
салушылардың қатарына қосылды. 30 жылдары Әуезов өз дүние танымының кейбір
қайшылықтарынан бой тартып, жаңа идеялық бағытқа батыл ойысады, сыншыл
реализм ауқымында қалып қоймай, оның дәстүрлерін социалистік реализм
әдісіне сіңістіре пайдаланып, жаңа творчестволық белеске өрлейді. Бұл
бағытта Әуезов бір топ әңгімө (Қасеннің құбылыстары, Білекке-білек,
Іздер,
Шатқалаң, Құм мен Асқар, Бүркітші), пьесалар (Айман-Шолпан,
Тартыс, Тас түлек, Алма бағында, Шекарада, Түнгі сарын) жазады.
Қасеннің құбылыстары мен Тартыста Әуезов ұлтшылдардың ішкірне жүргізген
зиянкестік әрекеттерін әшкерелейді. Айман-Шолпанда белгілі лиро-эпос
сюжетіне музыкалық драманың либреттосын жазады. Басқа шығармаларында сол
тұстағы совет шындығын алып, совет адамдарының образын жасауды мақсат
тұтқан. Мұнда колхозға еніп, жаңаша өмір сүрген қазақ еңбекшілері мен
социалистік құрылыс дұшпандары арасындағы асқынған таптық күрес
суреттеледі. Ал Алма бағында пьесасында совет студенттерінің моральдық
сипаттары бейнеленеді. Түнгі сарында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің
қайраткерлері Жантас, Тәнеке, Бөрібасар, Бойбермес, Сапаның жағымды
образдары мөн көтерілістің жаулары Майқан, Жүзтайлақ, Кәрім, Қыдырбай,
Нұрқан, Казанцевтердің жексұрын образдары қарама-қарсы алынып, типтік
қалыпта көрсетілген. Бұлар әрқайсысы өз ерекшеліктерімен көрініп,
көрермендерге күшті әсер етеді, сөйтіп, әйгілі оқиғаның сырын, сипатын
дұрыс та айқын анықтайды. Түнгі сарын— Әуезов творчествосында көрнекті
драмалық туынды. Өз туындыларымен қатар осы жылдары Әуезов қазақтың ұлттық
театрында әдеби қызмет атқара және қазақ педагогикалық институтында дәріс
оқи жүріп, Шекспирдің (Отелло, Асауға тұсау), Гогольдің (Ревизор),
Треневтің (Любовь Яровая), Погодиннің (Ақсүйектер), Кронның (Флот
офицері) пьесаларын қазақ тіліне аударып, сахнаға шығартты. Бұл да қазақ
драматургиясы мен театрының жаңа белесте дамуына сіңірген үлкен еңбек боп
табылды.
30 жылдардан Әуезов Абай тақырыбына ден қойды. 1936 ж. Қазақ
әдөбиеті газетінде Татьянаның қырдағы әні дейтін прозалық үзінді
жарияланды. Бұл — болашақ романның бір тарауы еді. Осыдан соң Әуезов 1940
ж. Л. Соболевпен бірлесіп, Абай трагедиясын жазды. Мұнда Абай өмірінің
соңғы кезеңі алынған. Тарихи трагедия ұлы ақынның мыңмен жалғыз алысқан
трагедиялы тағдырын көзге елестетті. Осы аттас операға да либретто желісін
тартқан Абай трагедиясы содан бері театр сахнасынан түспей келеді.
Әуезов 15 жыл бойы Абай жолы дейтін өзінің 4 томдық даңқты тарихи
роман-эпопеясын жазды. Мұның Абай деп аталған 1-кітабы 1942 ж., екіншісі
1947 ж. жарық көрді. Орыс тіліне аударылған Абай романының екі кітабы
1949 ж. 1-дәрежелі СССР Мемл. сыйлығын алды. Екі кітабының біріншісі Ақын
aғa деген атпен 1950 ж., Абай жолы деген атпен 1952 ж., екіншісі сол
атпен 1956 ж. жарияланды. Төрт кітаппен біткен эпопея 1959 ж. Лениндік
сыйлыққа ие болды. Қазақ өмірінің энциклопедиясы, қазақтың тұңғыш эпопеясы
деп бағаланған бұл туынды көлемі ғана емес, идеялық көркөмдік сапасы
жөнінен де, көтерген тақырыбы мен проблемасының мән-мағынасы, суреттеген
өмір шындығының тереңдігі мен ауқымдылығы жөнінен де бүкіл көп ұлтты совет
әдебиетінің ірі табысы боп саналады. Мұнда қазақтың жарты ғасыр өмірі
қамтылып, ал дұрысында халықтың көп заман бойы тарихи қалыптасқан ұлттық
сипаты, бейне-тұрпаты көрінген. Сондықтан да ол — шын мағынасында халықтық,
ұлттық шығарма. Мұндай туынды жасау Әуезов сықылды туған халқының өмірін,
адамдарын, табиғатын бала кезінен біліп, бойына сіңірген, тарихи шындықтың
шатқалаң, қым-қиғаш құбылыстары мен оқиғаларын, заман ағымының ішкі даму
заңдарын дұрыс танып зерттеген, мәдениеті жоғары ірі талант иесінің ғана
үлесіне тиген творчестволық ерлік еді.
Абай жоды эпопеясына өзек болған қазақ халқынын; кемеңгер ақыны,
философы, композиторы, өткендегі ең бір сүйікті адамы Абай Құнанбаевтың
өмірін Әуезов әлдеқалай алған жоқ. Бұл — оның өзіне етене жақын, жасынан
жақсы көріп еліктеген, үлгі-өнеге тұтқан ардагер адамының есіміне
байланысты қашаннан жан жүйесін билеген тақырып. Эпопеяның негізгі
қаһарманы Абай образының халық ұғымы мен сезіміне қонымды аса сүйкімді
ақынның, дана ұстаздың айқын да жарқын бейнесін жеткізуінің бір себебі сол.
Шығарманың өн бойында эпикалық кең тыныс жасап, лирикалық нәзік нұр шашып,
шындыққа көркем әр, ажар, әсерлі күш беріп тұрған да алдымен осы Абай
образы. Бұл образды Әуезов ұзақ қалыптасу, даму, жетілу күйінде алып, әр
қырынан көрсеткен. Шығарманың басында қаладағы оқудан ауылға қайтқан зерек,
жас шәкірт Абайды көрсек, эпопеяның соңғы кітабында алпысқа шыққан халық
қамқоршысы, ардагер ақын Абайдың халық тағдырын ойлап, қыспақта, қудалануда
ауыр өмірдің азабын тартып, дүниеден қайтқан шағын көреміз. Ұлы Абайдың
өмірі, оның өмірдегі үміт-арманы, махаббаты, қуаныш-күйініші, күресі, қайғы-
қасіреті — мұның бәрі шығарманың өн бойында оқушының жүрегін үнемі тербетіп
отырады. Абай образы ескі феодалдық қоғамға, оның құдіретті өкілі, өзінің
әкесі Құнанбайға және құнанбайшыларға қарама-қарсы алынған. Құнанбай мен
Абай арасындағы қайшылық — ол от басындағы қырын қабақтық емес, әке мен
баланың арасындағы араздық та емес, екі дүниенің бітімсіз қайшылығы. Бұл
ретте Абай сықылды Құнанбай образы да типтік дәрежеге жеткен кесек образ.
Шытырман өмір күресінде жігі ашылатын екі топтың бір жағында Құнанбай,
Оразбай, Тәкежан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыс және батыс классиктерінің шығармалары Ілияс аудармасында
Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы
Қазақ әдебиеті және Зәки Ахметов
АБАЙ ЖӘНЕ МҰХТАР: ҮНДЕСТІК ПЕН БАЙЛАНЫС
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық, халықаралық әдеби байланыс туралы
М. Әуезовтың халықтық әдеби мұраларды зерттеуі
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ
Қазақ әдебиеттану ғылымы және М. Әуезовтың жаңашылдығы
Әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық
Қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдер
Пәндер