Бисмарктың саяси қызметінің басталуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
І Германияны біріктіру процесіндегі Бисмарктың саяси қызметінің
маңызы 7
1.1 Бисмарктың саяси қызметінің басталуы 7
1.2 Солтүстік Герман Одағын құрудағы Бисмарктың рөлі 9
1.3 Герман империясының құрылуы 11
ІІ. Бисмарк дипломатиясының негізгі белгілері 15
2.1 Бисмарк дипломатиясына жалпы мінездеме 15
2.2 Пруссиялық соғыстар кезіндегі Бисмарк дипломатиясының
ерекшеліктері 18
2.3 Герман империясы құрылғаннан кейін Бисмарктің дипломатиясы 19
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер 29

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: бұл жұмыс Отто фон Бисмарктің өмірі
мен қызметінің талдауына арналған. Еуропа мен әлем тағдырына үлкен ықпал
жасаған ХІХ ғасырдың мемлекет қайраткерлерінің арасында, Бисмарк
қызметінің тарихи маңызы бойынша да, өзінің саяси және дипломатиялық өнері
бойынша да алдыңғы қатардағы тұлға.
Оның атымен герман және жалпыеуропалық тарихтың маңызды щқиғаларына
байланысты, ең алдымен қан мен темір саясатымен Германияның бірігуі
мен буржуазиялық-юнкерлік және милитаристтік Герман империясының құрылуы.
Бисмарк – көрнекті дипломат пен үздік қолбасшы, оның қабілеттері
Пруссиялық соғыстар деп аталатын 1860-70 жылдарды қамтыған кезеңде
айқын көрінді. Темір канцлер деп аталған Бисмарк өз заманынан озған
адам еді.
Бисмарк сияқты ірі тарихи тұлғаны, әр түрлі қырдан зерттеуге
болады. Мен, өз тарапымнан, оны жеке тұлға мен саяси қайраткер
ретінде қарастырдым. Сондықтан да, сол кезеңдегі Германияның әлеуметтік-
экономикалық жағдайына аз көңіл бөлінді.
Бисмарктың өмірі мен қызметі жақсы зерттелген Батыста, ол туралы әр
түрлі пікір қалыптасты, оның жеңістері мен жеңілістерінің қарама-қайшы
талдаулары жасалды. Темір канцлер, ақ революционер, Германияны
біріктірген адам, ХХ ғасырдың соғыстарына алғышарттар құрған адам,
Гитлерге жол салушы – бұның бәрі Бисмарк.
Осы тұрғыдан кейінгі кезеңдегі үрдістерге сай Бисмарктың тарихи ролін
қайта зерделеу өте маңызды. Өйткені екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан
қайтадан екіге бөлінген (ГФР мен ГДР) жарты ғасырдай неміс халқын бір-
біріне қарама-қарсы қойып, тіпті салынған кезінде жуық арада алынбайтын
қамалдай көрінген Берлин қабырғасын орнатып қойғанымен көптеген саяси
өзгерістерге байланысты Германия қайтадан бірігіп біртұтас елге айналды.
Қазіргі кезде астананы қайтадан сол бұрынғы Берлинге көшіріп Еуропадағы
алпауыттардың қатарынан орын алып отыр.
Біздің елмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылып, біздегі неміс
диаспорасы өздерінің тарихи отанына қайтып оралуына жол ашылды.
Германияның Еуропаның қуатты экономикалық державасына айналуы оның
Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерімен, ТМД елдерімен өзара қатынастарын
толық қайта қарауды көздейтін жаңа сыртқы саяси тұжырымдаманы қалыптастыру
туралы мәселені күн тәртібіне қоюына байланысты, Еуропа елдерінің ішінде
Германия бірінші болып жаңа геосаяси ақиқатты бара-бар қабылдады және
өзінің халықаралық саясатына тиісінше түзетулер енгізді.
Германия көбіне жалпы еурпалық сыртқы саясатты қалыптастыратын және
жүзеге асыратын нақты көшбасшы. Неміс дипломаттары ГФР-дің сыртқы саясаты,
оның ішінде Орталық Азия бағытында да аймақта қауіпсіздікке қол жеткізуге
бағытталған, басқаша айтқанда ГФР саясаты Германия жетекші орындарға үміт
артатын Еуропа одағының стратегиясына табиғи үйлеседі, жалпы еуропалық
саясат аясында жүзеге асырылатынын атап айтады.
Өзінің экономикалық қуаты жөнінен ГФР тек АҚШ пен Жапонияға (2000 жылы
герман ІЖӨ-сінің көлемі 3976 млрд. маркаға жетті, бұл шамамен 1875 млрд.
долларға сай келеді), сыртқы сауда көлемі бойынша тек Құрама Штаттарға ғана
жол береді. Бұл ретте елдің ІЖӨ-сі халықтың жан басына шаққанда әлемдегі ең
жоғары көрсеткіштерінің бірін құрайды 46,8 мың марка (22 мың доллардан
астам), - атап көрсетті Қ. Тоқаев[1].
Осы бір мемлекетті біріктірген адам туралы ой тұжырымдау
мемлекеттердің қарым-қатынастарының қыр-сырына үңілуге мүмкіндік
беретіндіктен бұл тақырыптың өзектілігі туындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Отто фон Бисмаркты тарихи тұлға және саяси
қайраткер ретінде қарастыру. Жұмыстың шеңберіндегі негізгі міндеттер:
1) Герман жерлерін біріктіру мен Герман империясын құрылуындағы
Бисмарктың рөлін қарастыру.
2) Бисмарктың дипломатиялық қызметінің негізгі белгілерін
қарастыру.
3) Германияның кейінгі әскери-саяси дамуына Бисмарк саясатының
жасаған ықпалын көрсету.
Деректік шолу. Курс жұмысын жазуда Герман империясының тарихына
арналған монографиялар, оқулықтар мен тарихи очерктер, Бисмарктың
биографиялары мен Бисмарктың өзінің естеліктерін пайдаландым. Соның ішінде,
Бисмарктың естеліктерін пайдалануда өте сақ болу керек, кейбір фактілер
аталмайды, кейбір фактілер шамадан тыс асырылып жібереді. Дегенмен, бұл
еңбек өткен ғасырдың тарихи ескерткіші және Бисмарктың кейінгі
ұрпақтарға өсиеті.
Герман империализмінің тарихын зерттеген А.С.Ерусалимскийдің
еңбектері де үлкен көмек көрсетті. Дипломатия және милитаризм
атты кітапта, ол Бисмарк тұлғасының масштабын ашып көрсетті[2]. Сонымен
қатар, В.В.Чубинскийдің Бисмарк. Политическая биография атты кітабы да
пайдалы болды[3]. Бұнда жас шағынан бастап Бисмарктың бүкіл өміріне талдау
жасалған. Чубинский Бисмарктың сыртқы саясатына ерекше көңіл бөлді. Герман
империясының құрылуындағы Бисмарктың рөлі кемітілмей, нақты көрсетілді.
Сонымен қатар, басқа да авторлардың позициясы көрсетілді.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курс жұмысын екіге бөлуге болады. Бірінші
бөлімде, Бисмарктың саяси биографиясының негізгі белгілері мен оның герман
жерлерін біріктіру процесіндегі рөлі қарастырылды. Екінші бөлімде, саяси
қызметінің түрлі кезеңдердегі Бисмарк дипломатиясының белгілері
көрсетілді. Сонымен қатар курстық жұмысқа кіріспе бөлім мен қорытынды
бөлім, пайдаланылған әдебиеттер тізімі кіреді.

І Германияны біріктіру процесіндегі Бисмарктың саяси қызметінің
маңызы

1.1 Бисмарктың саяси қызметінің басталуы

Бисмарктың тұлғасын қарастырғанда ең алдымен ата-тегінен
бастаған жөн. Бисмарк атақты, бірақ кедейленіп кеткен жанұядан шыққан. Ол
прусиялық жериеленушілер-юнкерлер классының өкілі, 1815 жылы 1 сәуірде
Берлин маңындағы Шенгаузен деген жерде туды. Жанұя дәстүрі бойынша,
ол әскери қызметке түсуді үміттенді. Бірақ профессорлық жанұядан
шыққан анасы баланың дипломатиялық қызметке баруын дұрыс көрді. Анасының
әсерінен бе, жоқ па Бисмарк мектептен кейін, Геттинген және Берлин
университеттерінде құқықты оқып шығып, дипломат болуды шешті. Бірақ
орналастыратын таныстары болмаған соң, Бисмарк шенеулік-әкімшілік
қызметтен дипломатиялық қызметке жол салуды үміттенді. Бюрократияға жек
көрушілік сезіммен Бисмарк ақырында бұл жұмысты тастап, әкесіне
көмектесіп, Шенгаузен жеріне ие болады. Өмірінің бұл кезеңін Бисмарк былай
еске алады: Мен ауылшаруашылықта табысқа жетіп, соғыс басталып
кетсе, ұрыстарда көзге түсіп, ауылда өмір сүріп, өлуге шештім[4]. Оның
келешек бейнесінің белгілері адам қиялдарына жек көрушілік, таудай
талап, мақсатқа жетуде тәсілдерді таңдамау және дене мықтылығы сол
кезде-ақ қалыптасқан[5].
Бірақ ауылдағы өмір Бисмаркқа жарамады. Оның өміріндегі төңкеріс
тарих оқиғаларына байланысты болды. Ауыл қожайынының орнына
саясаткер, жеке тұлғаның орнына тарихи тұлға келуі уақыт мәселесі
болды[6]. Бұл сәт 40-шы жылдардың соңында туды. 1848 жылғы
революция Бисмаркті саясаткер қылды, революция кезінде Құтырған
Бисмарк деп аталып кеткен, арақ ішіп, айналаны қиратып жүрген
адамның орнына жаңа Бисмарк туды. Бұл Бисмарк өзінің ойларын
логикалық шешімге жеткізіп қана қоймай, оларды қорқақтықсыз, батыл
айтып, қолдаушыларды да таң қалдыратын. 1848 жылы өз күшіне сенім,
демократиялық қозғалыстарға, парламенттік талқылауларға жек көрушілік,
қарсыласының күшін дәл есептеу алу сияқты мінезінің қасиеттері одан
ары айқындалуда. Күш оның басты аргументі болды, күште ол әрбір
дипломатиялық және саяси жеңістің альфа мен омегасын көрді[7]. Сол
кезде-ақ ол Герман мәселесі парламенттерде шешілмейді, дипломатия мен
ұрыс алаңында ғана шешіледі деген сөз айтады[8].
Сол кезде, Германия бірнеше кішігірім мемлекеттер мен
князьдіктерден тұратын. Олардың саясатын Автрия бақылаған, Пруссия
болса 2-ші орында тұрды. Бисмарктың саяси қызметі 1851 жылдың мамырында
басталды. Ол Франкфурттегі Одақтық сеймде Пруссияның елшісі болып
тағайындалды. Бисмарк Германияның бірігуі тарих мәселесі екенін
сезіне бастады және осы бірігу Пруссияның гегемониясында жүзеге асыру
керектігі де оған айқындалды. Армия мен Пруссияның милитаристтік жүйесіне
сүйеніп, Бисмарк іске кірісті. Австриямен соғысты құтылу мүмкін емес
екендігін түсініп, Бисмарк ұрыстарға дайындала бастайды. Бұндай
мақсатты алдына қойған Бисмарк халықаралық саяси жағдайдың маңызын
түсінді. Соғыстарға үшінші мемлекеттің қатысуын қаламаған Бисмарк,
Петербург пен Парижде бола тұрып мемлекеттердің мүдделерімен,
қайшылықтарымен жақсы танысып алған. Қолайлы халықаралық жағдайды
қалыптастыруға Бисмарк өзінің дипломат және саясаткер ретінде бүкіл
күшін, айласын жұмсады.

1.2 Солтүстік Герман Одағын құрудағы Бисмарктың рөлі

1862 жылы қазанның басында Бисмарк министр-президент және сыртқы
істер министрі болып ресми түрде тағайындалады. Сол сәттен, ол 28
жыл бойы алдымен Пруссияның, кейін Герман империясының саясатын
жүргізді. Өзінің алғашқы ресми сөзінде, тарихтың ұлы мәселелері сөздер
мен жарғылармен шешілмейді... Олар қан мен темірмен шешіледі деген жиі
қайталанатын сөздерін айтады. Қан мен темір саясаты, темір
канцлер – саяси және тарихи әдебиеттегі бұл ұғымдар Бисмарк
бейнесін елестетеді.
Дания Бисмарк саясатының бірінші құрбаны болды. Даниямен соғысты,
Бисмарк Шлезвиг пен Гольштейннің бірігіп, Герман одағында тағы бір
тәуелсіз мемлекеттің пайда болуын болмырмау үшін бастады. Бұл соғыста,
ол қайта ұйымдастырылып, үлкейген Пруссия армиясын сынамақ болды.
Данияға шабуыл ұйымдастыру сәті дәл таңдалынды. Бірнеше күнде Пруссия
Данияны басып алды. Австрия Пруссия жеңісінен кейін, өзіне де пайда
түсіруді көздеп, Пруссияға қосылады. Франция нейтралитет сақтайды.
Бисмарктың беделі Пруссияда ғана емес, шетел мемлекеттерінде де
көтеріледі. Король баладай қуанады. Өзінің хатында ол Сізді мен үкімет
басына тағайындаған 4 жыл аралығында, Пруссия өзіне тиісті орынды иеленді,
барлығы да мемлекетімізге сәтті де, ұлы болашақты үміттендіреді деп
жазады[9]. Бірақ Даниядан тартып алынған герцогствалардың тағдыры әлі
де де шешілген жоқ еді. Бұл мәселенің шешілуі Пруссия мен Австрияның қарым-
қатынасына байланысты болды. Уақыт көрсеткендей бұл мәселе жалпы
Германияның, соның ішінде Пруссияның болашағын да анықтады.
Даниямен соғыста, өзінің үлкейген күшін көрсеткен Пруссиялық
милитаризм, Бисмарк саясатының нәтижесінде Австрияға қарай бағытталды.
Шлезвиг-Гольштейнді бірігіп билеген Пруссия мен Австрия арасындағы талас-
тартыстар, Бисмаркпен соғысты бастау үшін сылтау ретінде қолданылды. Осы
соғысты бастау үшін Пруссияға Патшалық Ресейдің нейтралитетін алу
маңызды болды. Данияға қарсы соғыс пен австро-прусстық соғыстың
арасы 2 жыл өте аз уақыт. В.В.Чубинский өзінің Бисмарк туралы
монографиясында Бірінші конфликт екіншіге апаратынын замандастар да
сезді деп жазды[10]. 1866 жылы жазда Австрия мен Пруссия арасында соғыс
басталды. Садовой түбіндегі шайқаста жақсы жатыққан және қаруланған
Пруссия армиясы австриялықтарды талқандайды. Соғыстың нәтижесі:
Австрияның герман мәселесіндегі рөлінің шешіліуі, Пруссияның
басымдылығы және Солтүстік Герман одағының құрылуы. Пруссияға 3
мемлекет – Ганновер, Гессен-кастель, Насау және еркін Франкфурт қаласы
қосылды. Солтүстік герман одағы атымен Орталық Еуропада іс жүзінде
жаңа мемлекет құрылды. Бисмарк мемуарларында бұл жағдай бойынша
Мен біріккен Германия уақыт мәселесі екенін сездім, Солтүстік
Германия оны асырудағы бірінші кезең болды деп жазды[11].
Австро-Пруссия соғысын көптеген тарихшылар Бисмарктың үстіңгі
революциясы деп атайды. Біріншіден, Германияның бірігуі прогрессивті
акт болды, буржуазияның мақсатына сай болды. Екіншіден, оны Бисмарк
радикалды, бұл мәнде революциялық тәсілдермен жүзеге асырды. Соғыстар
Пруссиялық монархия атынан жүргізілгендіктен, буржуазия өзінің либералды
көзқарастарынан бас тартуға мәжбүр болды.
Менің ойымша, тарихшылардың Бисмарктың біріктіру саясатын қатал
және антидемократиялық деп атауында негіз бар. Өзінің саясатын жүзеге
асырған Бисмарк табиғи (анти) интеграциялық күштерге емес, қан мен
темірге, яғни Пруссияның әскери қуатына сүйенді.

1.3 Герман империясының құрылуы

Австриямен бейбіт келісім жасасып, Пруссия Германияны біріктірудегі
ең соңғы кезеңді дайындай бастады. Шығыс шекарасында біріккен, қуатты
Германияның пайда болуын қаламаған Франциямен соғысу үшін, Бисмаркқа
Ресейдің нейтралитеті қажет болды. Бисмарк дипломатиялық дайындыққа қызу
кірісті.
Халықаралық қауымдастық кезінде оң болып көріну үшін, Бисмарк
Франция соғысты бірінші болып жариялауын қалады. Осы мақсатпен
Бисмарк маңызды дипломатиялық документті өзгертеді. 1870 жылы 13
шілдеде Пруссия королі мен француз елшісінің әңгімесінің тестін
Бисмарк қысқартып Францияның намысына тиетіндей өзгертеді. Эмсадан
алынған телеграмманы Мольтке оқып Былай, ол басқаша естіледі, бұрын
шегінуге белгідей естілсе, қазір фанфарадай естіледі[12]. Өзгертілген Эмск
депешасының тексті, Бисмарктың бұйрығы бойынша ақпарат құралдарына
басылды.
1870 жылы 19 шілдеде Франция Пруссияға соғыс жариялайды.
Бірнеше ай ішінде француздардың негізгі күштері талқандалады.
Пруссия армиясы Мец пен Седанды шабуылдады. Бұл жерде 82 мың адам
мен Наполенның өзі тұтқындалады. 1870 жылы Парижде наполеондық
режимді қиратқан, революция басталды. Тьер басқарған ұлттық қорғаныс
үкіметі билікке келді. Бисмарк жаңа қарсыласқа тап болды. Бірақ,
қыркүйектің ортасында Версальді алып, Парижді шабуылдаған Пруссия
армиясынан қорғана алмаған буржуазиялық үкімет Пруссиядан бітімге келуді
сұрайды.
Франко-пруссия соғысы қос сипатта болды. Германияның бірігуіндегі
тарихи қажеттілікте басталған соғыс, әрине прогрессивті сипатта
болды. Бірақ, шешуші шайқаста жеңген Пруссия армиясының кейінгі
шабуылында соғыстың прогрессивті мәні бітеді. Енді, өз кезегінде немістер
жаңа тонаушылық, озбырлық талаптар қоя бастады. Соғыс аяқталғаннан кейін
Пруссия Оңтүстік Герман мемлекеттерін біріктіруді мақсат етті. 1870
жылы 18 қаңтарда жеңілген Франция территориясында Вильгельм І
император болып жарияланады.
Францияға қойылған бітім мен бейбіт келісімінің қатал шарттары
Бисмарк юнкерлік буржуазия мен милитаристік империяның экономикалық,
әскери, саяси талаптарын жүзеге асыру үшін керек болды. Бисмарк билеуші
кластың - юнкерлер мен буржуазияның және милитаризм, национализм,
империализм туының астында біріккен басқа да топтардың кумиріне
айналды[13]. Бисмарк өмірінің басты ісін жасап аяқтады.
Менің ойымша, Германиядағы біріктіру процесінің жүзеге
асырылуына түрліше қарауға болады. Сөзсіз, бірігу қатал тәсілдермен
жүргізілді, бірақ 1860-70 жылдарда Германиядағы қалыптасқан жағдайға
мұқият көз салсақ, бұндай тәсілдер қажет болғанын аңғарамыз. Көпғасырлық
бытыраңқылықты, экономикалық дамудағы бөгеттерді жойған және неміс
жұмысшы қозғалысына, әлеуметтік күрестің басталуына жаңа жағдайлар мен
мүмкіншіліктер туғызған бірігу, прогрессивті факт екені күмән
тудырмайды.
Сонымен қатар, Бисмарктың Германияны біріктіру процесіндегі
рөлін кемітпеуіміз қажет. әрине, герман мемлекеттерінің бірігуіндегі
объективті алғышарттар болды, бірақ Бисмарктың саясаты сияқты,
субъективті факторсыз Германияның табиғи бірігу процессі көптеген
жылдарға созылатын еді. Не де болмаса, Бисмарк саясатының нәтижесіндегі
Герман империясының құрылуы, Европадағы күш балансып өзгертіп, Европаның
ғана емес, бүкіл әлемнің дамуына үлкен ықпал етті.
1871 жылы 3 мамырда бірінші герман рейхстагына сайлау жүргізілді.
Оның негізгі мақсаты империялық конституцияны қабылдау еді. Ол жөнінде
Энгельс Конституция Бисмарктың ыңғайына жасалды деп жазған еді[14].
Іс жүзінде Германияда Маркс дәл көрсеткендей феодалдық қалдықтар мен
парламенттік формалармен араласқан, буржуазияның ықпалындағы,
бюрократиялық, полицейлік жолмен қорғалған әскери деспотизм орнатылды[15].
Авторитарлық билік Вильгельм І, Бисмарк, Мольткенің қолында шоғырланған
еді. 1870 жылы 12 мамырда империялық канцлер болған Бисмарк бұл қызметте
1890 жылға дейін болды. Сонымен қатар, ол министр-президент пен сыртқы
істер министрі қызметтерін сақтап қалды.
Әрине, 70-ші жылдардың басымен салыстырғанда, Бисмарктың саяси
басшылықтағы позициясы нығайды. Бірақ оның тағдыры, конституциялық
гарантияларға емес, императордың еркіне тәуелді болды. Жалпы алғанда,
Бисмарктың 1870 жылдан кейінгі қызметі мардымсыз болды. Тарихи
қажеттілігі аяқталғаннан кейін, Бисмарктың іс-әрекеті, кейінгі кезеңде
қателіктерге толы болды, ол националдық, таптық шеңберден аса алмады.

ІІ. Бисмарк дипломатиясының негізгі белгілері

2.1 Бисмарк дипломатиясына жалпы мінездеме

Дипломат ретінде Бисмарк жақсы мектептен өтті. 1851-59 жылдары
Франфуртте Одақтық сеймде Пруссияның өкілі бола тұрып, ол
кішігірім кіріс, шығыстарды үйренуге мүмкіндік алып, жекелеген
герман мемлекеттерінің қарама-қайшы мүдделерінен шығатын дипломатиялық
ойындарын талдады[16]. Соынмен қатар, Одақтық сеймдегі қарсыластары,
Меттерних мектебінен өткен, айлалы әрекеттер жөнінен шексіз тәжірибе
жинаған австриялықтардан да, Бисмарк көп нәрсені үйренді. Пруссия
королі дипломатиялық өнердің жоғарғы мектебі деп атаған Венадағы қысқа
мерзімді жұмысы оған өте пайдалы болды. Кейіннен, 1859 жылы
Петербургте Бисмарк орыс дипломатиясының тәжірибесін үйренеді. Бисмарктың
өзі Горчаковтан дипломатиялық өнердің сабақтарын алып жүрдім деп жиі
айтатын. Сонымен қатар, саясат, дипломатия жөніндегі Бисмарктың тағы бір
мұғалімі Наполеон ІІІ болатын. Ол француз бонапортизмнің тәсілдерін
зерттеді. Үлкен мақсаттарды: неміс ұлттық буржуазиялық кластың мүдделерін
қанағаттандыру, герман мемлекеттерін біріктіруді алдына қойған Бисмаркке
Наполеон ІІІ өте ұнаған еді.
Сөйтіп, 11 жыл ішінде Бисмарк 3 ірі Еуропа державалары: Ресей,
Австрия, Француздың сыртқы саясаты мен дипломатиясын зерттеуге мүмкіндік
алды. Бірақ ол Франфуртте, Вена, Петербургте, Парижде алған тәжірибені,
дипломатиялық тәсілдер комбинацияларын қайталап қана қойған жоқ. Бисмарк
дипломатиясының ұлы курфюрст, Фридрих ІІ-ге тамырмен баратын өзінше
ұқсамас белгілері де болды.
Шетел державаларының пара беріп, Бисмаркті сатып алу әрекеттері
сәтсіздікке ұшырады. Бисмарк ешкімнен ақша алған емес, бірақ 70-80 жылдары
ол Германияның ішіндегі қаржы топтардың ықпалымен, олардың мүдделерін
қорғағаны рас.
Бисмарк дипломатиялық интригалардан бас тартпайтын, дегенмен де
мінезінің басты қасиеті, қарсыластарды таң қалдыратын талап күші еді.
Біреуге жақсы тәрбие көрсетіп, біреумен ашық, тіпті дөрекі болып, ол адамда
қандай әсер қалдырудың шешкеніне байланысты, Бисмарк әрбір адамға жеке
жол іздеді. Ол әрқашанда күресте болып, соққы беруге дайын болатын.
Дипломатиялық ептілік онда туралық, ақ көңілділік формасында болды. Керек
жағдайда ашықтық айқын байбаламға айналды. Бисмаркпен әңгімелескеннен
кейін, Англияның болашақ премерьер-министрі Дизраэли Бұл адамнан
сақтаныңдар! Ол ойлағанын айтады деген екен. Дизраэлимен әңгімелесіп
Бисмарк оған мақсаттарын баяндайды: ол көп ұзамай Пруссия үкіметінің
басшысы болатынын, армияны қайта құрып, бірінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Германиядағы 1848 жылғы буржуазиялық революция
Отто фон Бисмарк дипломатиясының негізгі белгілері
Түркия журналистикасы
Отто Эдуард Леопольд фон Бисмарк-Шёнхаузен
ХІХ ғасырдың екінші жартысында
Франкфурт бітімінен Берлин конгресіне дейінгі халықаралық қарым-қатынас
Отто фон Бисмарк – Германияның темір канцлері
Қасиетті Одақтың қызметі
1848-1849 жылдардан кейінгі германия
Балқан соғыстары
Пәндер