Бұқар өлеңдерінің көбі арнау
Жоспар:
1.Кіріспе бөлім.
А)Өмір
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
-3
2.Негізгі бөлім.
А)Жырау заманының тарихи
ағымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 -9
Б)Өлеңдерінің зерттелуі және көркемдік
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..9-12
3.Қорытынды бөлім.
А)Бұқар жырау шығармашылығының бүгінгі ұрпаққа қалдырар бай мұрасы, үлгі
өнегесі ... 12-13
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
(1684-1782)-XVIII ғасыр әдебиеті көрнекті өкілінің бірі Бұқар жырау -
Абылайхан заманында өмір сүрген. Әкесі - Қалқаман белгілі батыр. Жыраудың
туған жері қазіргі Өзбекстанның Бұхара шаћары маңындағы Елубай аулы. Ұзақ
өмір сүріп тоқсаннан аса жасаған Бұқар қазақ даласындағы ірі-ірі қоғамдық-
саяси оқиғалардың бел ортасында жүрді. Мұсылманша сауаты бар Бұқар қазақ
топырағында ислам уағыздарын шама-шарқынша насиқаттаумен айналысқан, ел
басқару ісіне белсене араласқан жырау Абылай ханның ақылгөй, тәжірибелі
дана кеңесшісі болды. Өмірінің біразы хан сарайы маңында өткен ақын хан мен
қараның іс-әрекетін таразыға салып,сан-алуан өмір құбылыстарын ой елегінен
өткізіп отырды.(1, 54)
Бұқар өмірін (2, 217) зерттеушілердің бір бөлігі ақынның өлеңдеріне
сүйеніп, оны кедей шаруадан шыққан деп жүр. Бұл пікірді академик жазушы
С.Мұқанов пен Қ.Жұмалиев еңбектерінен ұшыратамыз. Біз бұл пікірлерге талас
келтірмейміз. Себебі, ақынның қай таптан шыққанынан гөрі қай таптың
мүддесін қорғағандығын айқындау маңыздырақ.
Бұқар өлеңдері, өзі тұстас ақындармен салыстырғанда кейінге молырақ
жеткен. Оның Абылай туралы өлеңін жазып алып, алғаш пікір айтқан Шоқан еді.
Одан кейін жырау өлеңдерін жинап, ол туралы мәлімет берген-белгілі
фольклорист, ақын Мәшћүр Жүсіп Көпеев(1857-1931). Бұқар сөздері туралы
кейбір мәліметтер Құрбанғали Халидовтың "Тауарих Хамсасында" (1911) да
кездеседі. Ол кітабының 263-бетінде Бұқардың Абылайды жырлаған сөздерінен
үзінділер де келтірілген.
Бұқар өлеңдері 1923-1925 жылдары "Таң” журналының 1, 2, 3-4
сандарында үздіксіз басылды. Оның біразын М.Әуезов бастырды. Кейін жырау
өлеңдерін жариялау ісімен С.Сейфуллин көбірек айналысты. Ол өзінің 1931,
1932 жылдардағы жинағында жыраудың бірнеше өлеңдері мен шешендік сөздерін
жариялады.Жырау туралы өз ойларын ортаға салды.(2, 217)
Профессор М.О.Әуезов пен М.Жолдыбаев, Қоңыратбаев өздерінің 1933-
1934 жылдары жарияланған "XIX-XX ғасырлардағы қазақ әдебиеті" оқулығында
Бұқар туралы мол мәліметтер беріп, оны әдебиетіміздің тарихына енгізген-
ді.(2, 218). Ш.Уалиханов шығармаларында басылып жүрген Бұқар жыраудың
"Абылай өлгенде айтқаны" деген өлеңін профессор Ә.Марғұлан Шоқан
шығармаларының бірінші томына енгізіп, сол томның түсіндірмесінде ғылыми
пікір түйеді. Бұл өлең ерте жазылып алғандықтан өзінің ескі сипатын
сақтаңқырағанға ұқсайды. Осыдан болса керек, жыраудың белгілі өлеңдерінен
бұл өзгешелеу. Өлең тексінен мынадай үзінді келтіруге болады:
Күпшек санды күреңді,
Табияға жаратқан.
Қырық сан қара қалмақты,
Жарлығына жаратқан.
Айбалтасын алтынменен булатқан.
Алафасын арттырып,
Арпалап атты қунатқан.
Лабашы деген бір ауылды,
Антыменен улатқан.
Тараншы менен Серенді,
Тозғындатып құлатқан.
Табандасқан дұшпанға,
Күнінде қылыш шауып өлтірген.
Осы үзіндідегі кейбір сөздердің түсінігі ескіргені байқалады. Бірақ, жалпы
мазмұны Абылайды, оның хандық салтанатын дәріптейтіні анық. Деректерге
қарағанда, Бұқар-діни білімі бар, оқыған адам. Оның өлеңдерінде
мұсылманшылық әсері айқын: "Дін кітаптарын оқыдым", "Ақтан сия танытқан,
дәуіт пенен қаламды айт" деген сөздер кездеседі. Бұл сөздер тегін айтылмаса
керек.(2, 218)
Бұқар жырау-қазақ жеріне ертеден мәлім. Оның бізге жеткен арнау,
терме, толғаулары негізінен әлеуметтік, қоғамдық мәселені көтереді. Көп
жайтты ол өзінің заманы санасы тұрғысынан шешеді. Хандық құрылысты нығайту
мақсатын көздейді. Соған қоса жыраудың кейбір толғаулары адамгершілікке,
бейбітшілікке, әділеттікке үндейді, ұстамды моральдық пікірлер ұсынады.
Абылайдың сыртқы саясатына араласып, ақыл береді. Оның кейбір ісіне
наразылық та білдіреді.(2, 219)
"Бұқар ақын ғана емес”, - деді профессор Е.Ысмайылов,”-Абылайдың
қолшоқпар бітімші биі. Ол XVIII ғасырдағы қазақ елінің жоңғарға қарсы
күресін дұрыс жырлағанымен, ішкі қоғамдық мәселеде Абылайдың жаршысы
болды". Бұқар жырларынан Асанқайғы сарыны да байқалады. Ол кей нәрсені
Асанша түсініп, соның жолын ұсынады. Асан сарыны оның бейбіт, жайлы қонысты
аңсап, Абылайға айтқан өсиеттерінен де айқын аңғарылады. Бұқарда
"Жиделібайсын" деген жер бар, сонда ұзақ жасап, тыныш өмір сүруге болады-
мыс деп сенеді. Соған ел көшіруді талап етеді.
Бұхар өмір сүрген ғасырдың ұлы бір оқиғасы-жоңғар
қалмақтарының өктемдігі, қазақ жеріне баса көктеп енуі екенін біз жоғарыда
айттық. Қалмаққа қарсы ұрыс басталған шақтан аяғына дейін бар ауыртпалықты
Бұхар елімен бірге кешкен. Ол әсіресе, өзі туған өлкесін азат ету күресіне
тікелей араласып, қолбасшылармен бірге, ақылшы, үгітші боп белсенділік
көрсеткен. Абылай Бұхармен осы тұста қатты санасқан.
Жырау хан алдында тайсалмай сөз сөйлеп, өз пікірін еркін
айтып, елі атынан хан пиғылына кейде қарсы шығып та отырған. Орыспенен дос
боп, оған арқа сүйеп, бейбіт өмір сүр,-дейді. Ханға ел-жұртыңды сыйласаң,
өзінде сыйлы боласың деп ақыл береді.
Ханның жақсы болмағы-
Қарашаның елдігі .
Қараша халқы сыйласа,
Алтыннан болар белдігі.
Жақсы жігіт ұл туса,
Патшадан болмас кемдігі.
Бұқар толғауларының енді бір көтеретін мәселесі-жеке адамдар
басындағы кемістіктерді сынау.
Батпақты сайға су түссе,
Атың арып келгенде,
Өткел бермес кешерге.
Қайырымсыз итке мал бітсе,
Арқаң құрып келгенде,
Саумал бермес ішерге,-
деп,(2, 227) қайырымсыздықты, пейілі тар малжандылықты сынай келіп, жырау
ондай жұғымсыз қылықтардан аулақ болуға, кеңпейілдікке шақырады.
Бұқар ойынша, дәулет, дүние, байлық тұрақты емес, ол үнемі
өзгеріп, ауысып отырады. Жыраудың "Айналасын жер тұтқан", "Ақсаннан биік
тау болмас", "Жал, құйрығы қабады"
деген және басқа сол сияқты өлеңдері оның өмір құбылысынан түйген осындай
ойларын бейнелейді.
Айналасын жер тұтқан,
Айды батпас демеңіз.
Айнала ішсе,азайып,
Көл суалмас демеңіз.
Құрсағы құшақ байлардан,
Дәулет таймас демеңіз.
Жарлы байға теңеріп,
Жайлау көшпес демеңіз.
Жалғызды жалғыз демеңіз,
Бір жапанда соғысып,
Кегін алмас демеңіз.
Қурай біткен құба жон,
Құлан жортпас демеңіз.
Құландар ойнар қу тақыр,
Көлшік болмас демеңіз.
Бұқар алдағы өмірге сенеді. Ол болашақты түпсіз батпақ дегісі жоқ.
Дүние, әлем құбылмалы, табиғат та, дәулет те түгел өзгереді. Өмірде баянды
нәрсе жоқ. Бүгін бай болсаң, ертең жұтап жоқ болуың мүмкін. Сондай-ақ
қазіргі жарлыға бір кезде мал бітуі ғажап емес. Сондықтан, баймын,
батырмын, көппін деп астамсымай, басқалармен санасып, тату өмір сүр деп
ақыл түйеді жырау.
Ақсаңнан биік тау болмас,
Бауырынан қашқан күзен көрінбес.
Ақшам батпай күн шықпас.
Етекті кесіп жең болмас,
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Қара қойдың терісін,
Сабындап жусаң ағармас.
Қалған көңіл табылмас,
Қараша торғай қаз болмас,
Шағала келмей жаз болмас,
Шаңқан болмай боз болмас,
Іштен қыңыр туғандар,
Тезге салсаң түзелмес...
Ежелгі дос жау болмас...
деп, (2, 229) жырау табиғи құбылыстарға адам өмірінің заңдылықтарын
салыстыра мәнді ой толғайды. Жақсылықты жақтап, достық өмірді аңсайды.
Бұқардың бұл сияқты афоризмге толы мәтелдері, шешендік үлгісіндегі сөздері
әрі шебер, әрі терең мағыналы, мәңгі өнер туындысы шыққан.
Қатын алма төреден,
Қатын алсаң төреден
Еркегі болар жаужанды,
Ұрғашысы мал жанды,
Төре берер ұл туса,
Аузы кетпес парадан,-
деген сөздерде төре, хан, ақсүйек тұқымының сыр-сипаты шындық бейнесінде
көрінеді.Ақын шығармашылығының реалистік бетін айқындай түседі.
Қазіргі әлеуметтік, қоғамдық психологиялық ғылыми түсініктеріне
бір табан жақын тұрған идея-оның адамның жас ерекшеліктеріне берген
сипаттамасы. (1, 55) Жырау әр жастағы адамдардың көңіл-күйі, сезімдері,
мінез ерекшеліктері, түсінік талғамдары, сенім, қызығулары, әдет дағдылары
әр түрлі болып келетіндігі жөнінде қызықты ой толғайды. Ол адам өмірінің
жас кезеңдерінің ішінде жігіттік пен кәрілік шаққа ерекше көңіл бөледі.
Өскелең ұрпаққа ақыл-ой, адамгершілік, имандылық тәрбиесін беруге ерекше
мән беріп, шешендік өнерді жастық тәрбиесінің басты өлшемдерінің бірі деп
есептейді, жастық кезеңде адамның көңіл-күй белсенділігі, күш-қуаты мол
болатындығын, сондықтан да осы шақта кісіге шама-шарқынша қимылдап қалудың
қажеттілігін ескертеді. Бұқар жырау қазақ ақын-жыраулары арасынан тұңғыш
рет кәрілік құпиясына ерекше үңіліп, оның сан қилы ерекшеліктері туралы
терең пікірлер айтқан ғұлама. Жырау адам мақсатына жетпей еш уақытта тыным
таппайды, ылғи да іздену үстінде болады дейді. Оның кәрілік туралы
айтқандары, көпті көрген, қылман қариялардың тәлімгерлік үлгі-өнегелері,
туған жерге, ата-мекенге деген патриоттық сезімдерге толы толғаулары адам
жанын еріксіз баурап алады. Әсіресе, қазақ даласындағы табиғат сұлулығы-
көшпелілердің жан саясы екендігі жайлы тебіреністері тартымды да шебер
шыққан. Жырау толғауларының тәлімдік мәні ерекше бағаланатындығы да
сондықтан.
Ақын өзінің даналық сөздерін шебер шендестіріп, тұспалдап, (2,
228-229) көркем бейнелей алады. Өмір тәжрибелерін ойлы түйіндерімен
ұштастыра, дәл баламалар тауып суреттеуі жыраулық өнердің жақсы көріністері
деп атап көрсетуге право береді.
Ақ иық бүркіт төмендер,
Екі қанаты талған соң,
Қанша қырлы болсаң да,
Ер азамат сәнді емес,
Таңдап алған жардан соң.
Қос-қос орда қос орда,
Қосыла қонбас жаудан соң.
Қоспақ өркеш сары атан,
Қом жасамас майдан соң.
Дөңгелеп арба жүре алмас,
Қос арысы сынған соң,
Жігіт жақсы бола алмас,
Алғаны жаман болған соң.
Үлдемен басын ораған,
Семсермен шашын тараған,
Күлгенде күрек тісі қайқиған,
Қынай белін буынған,
Не болар жары ерден соң?-
деген жолдар Бұқар жырларының эпостық сипатын да танытады. Халық жырларының
тікелей әсеріндегі бұл толғаулардың мәні, көркемдік құны, оқушысына әсері
әлі жойылмаған. Бұқардың нақылдарының ішінде, бұрын баспа бетінен көрмеген
мына жолдары да көңіл аударарлық:
Ақсаған құлан қадірін,
Айдалада қақ білер.
Төс айылдың батқанын,
Иесі емес ат білер.
Ер жігіттің қадірін,
Ағайын білмес, жат білер.
Жорық жолы болуын,
Қария білмес, сәт ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz