ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ ЖӘНЕ САНЖАР АСФЕНДИЯРОВ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ ЖӘНЕ САНЖАР АСФЕНДИЯРОВ
Халел Досмұхамедов пен Санжар Асфендияров - ХХ ғасырдың бас кезіндегі
қазақтың демократиялық интеллигенциясының көрнекті өкілдері.
Олар Ресейдің ең ірі ғылыми жөне мәдени орталығы Санкт-Петербургтегі
Императорлық әскери-медицина академиясын алтын алқамен үздік бітірген.
Халел Досмұхамедов 1925 жылы Ташкент қаласында Исатай-Махамбет, 1926
Аламан жинақтарын бастырып шығарды. Ол - алғаш рет Исатай мен Махамбет
бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа ғылыми талдау жасаған ғалым Халелдің бұл
еңбегі махамбеттану ғылымына қосылған сүбелі үлес болып табылады.
Санжар Асфендияров пен Халел Досмұхамедов әр ғылымның саласынан жақсы
хабардар болғандықтан, қазақ тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазды.
Мамандықтары дәрігер бола тұрса да, тарихты, әдебиетті, өнерді, тіл
білімін, биологияны терең зерттеді.
Қазақ педагогика институтының тұңғыш ректоры және белгілі мемлекет
жөне қоғам қайраткері, Қазақстанда жоғары білім беруді ұйымдастырушылардың
бірі де профессор Санжар Асфендияров болды. Ал Халел Досмұхамедов сол
институттың оқу ісі жөніндегі алғашқы проректоры, әрі педология
кафедрасының профессоры қызметін атқарды.
Екеуінің білім алған ортасы мен еңбек жолына, ғылыми-шығармашылық
еңбектеріне талдау жасап, қатар қойып қарасақ, екеу ара ұқсастықты,
шығармашылық байланысты, тағдырлас ғұмырды аңғаруға болады. Студенттік
шақтан, яғни Санкт-Петербургтің әскери-медициналық академиясының
қабырғасынан басталған достық қарым-қатынас одан кейінгі жылдарда да одан
өрі жалғасты.
1928-1932 жылдардың арасында Алматыдағы бұрынғы Комсомол көшесінің
бойындағы (қазір Төле би) 29- үйде Халел мен Санжар көрші тұрған. Қазір де
Алматыдағы бүл үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылған. Онда былай деп
жазылған: Бұл үйде 1928-1932 жылдары көрнекті ғалым және қоғам қайраткері,
профессор Халел Досмұхамедұлы тұрған. Сол үйдің екінші жағында осы
мазмұндас Санжар Асфендияровқа арналған мемориалдық тақта орнатылған.
Санжар Асфендияров Қазақстан тарихын алғашқылардың бірі болып
зерттеуді қолға алды. Қазақстан тарихы мәселелері бойынша бірнеше сүбелі
зерттеу еңбектер мен оқулықтар жазды. Оның Қазақтың педагогикалық
институтында студенттерге арналған дәрісінің негізінде Қазақстан тарихы
(көне заманнан бүгінге дейін) еңбегі, 1935 жылы профессор П.А.Кунтспен
бірлесіп, Қазақстан өткен әдебиеттер мен құжаттарда жинағының бірінші
томын жарияласа, екінші томы 1936 жылы жарық көрді.
Жан-жақты ғұлама ғалым Халел Досмұхамедов сияқты Санжар Асфендияров та
терең білімді тарихшы болуымен қатар, Қазақстанда педагогика ғылымының
дамуына зор үлес қосты. Орта Азия мен Қазақстанда, бұрынғы одақ көлемінде
экономикалық, саяси, мәдени салада жоғары оку орындарының, ғылыми
мекемелердің іргетасын қаласты. Ол - қазақ мектептері мен жоғары оқу
орындарына арналған бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Атап
айтқанда, оның I және II сатыдағы мектептерге арналған Өлі табиғат
оқулығы (1922ж.); Зоология (І-бөлім-омыртқалылар), екінші сатылы
мектептерге арналған (1922ж); Зоология, (II бөлім-омыртқасыздар) (1922ж);
Зоология, III бөлім (192бж); Оқушылар гигиенасы (1925ж) қазақ тілінде
жарық көрді. Сонымен қатар, оның Анатомия және физиология, Адамның тән
тіршілігі сияқты оқулықтары жаппай ашылып жатқан қазақ мектептері үшін
ауадай кажет кітаптар еда. Сондықтан да бұл оқулыктар 1922-28 жылдар
аралығында бірнеше рет басылды.
Халел Досмұхамедов, шын мәнінде Санжар Асфендияровпен бірге Орта Азия
мен Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің алғашқы ұйымдастырушылары болды.
Санжар Алматы медицина институтын 1930 жылы ұйымдастырып, оның ректоры
болды. Қазір Алматы медициналық академиясы Санжар Асфендияровтың есімімен
аталады. Ол - КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасын
ұйымдастырушылардың бірі болды, оның жұмысына белсене араласты. База
президиумына академиктер А.Н.Самойлович, Б.А.Келлермен қоса С. Асфендияров
та ұсынылды.
Қазақ педагогикалық институты республикада баска, да жоғары оқу
орындарының ашылуына ықпал етсе, олардың алғашқы оқытушыларының көбі осы
институттың түлектері еді. Бір кездегі С.Асфендияров пен Х.Досмұхамедов
ұйымдастырған Қазақ педагогикалық институтының түлегі, белгілі ғалым, Қазақ
Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор,
марқұм Қажым Жұмалиев алғашқы ұстазы, профессор С. Асфендияров туралы былай
деп сыр шертеді: Тек бүгінгісін гана емес, болашағын ойлайтын көреген
басшы Санжар Асфендияров ең азы жеке студенттің өміріне дейін белсене
араласты. Жазушылар одағынан Қажым Жұмалиевтың өлең жазып жүргенін естіп,
олардың ұсынысын қолдап, оның жаратылыс факулътетінен әдебиет факультетіне
ауысуын сұрады. Ауысқысы келмей, әр түрлі сылтаулар айтқан студентке ақылын
айтып, байсалдылықпен түсіндіреді. Әбден ойланыңыз, кейін опық жеп
жүрмеңіз. Тағы да есіңізге салатын бір нәрсе, химик болу да, биолог болу да
жақсы. Бірақ Қазақстанның қазіргі мәдени тілектерін қанағаттандыру үшін
гуманитарлық ғылым өкілдері өте қажет. Қазақ әдебиеті тарихын жеке
мақалалар болмаса, не оқулық, не оқу құралдары әлі жоқ. Ертеңгі ірі
ғалымдар да, орта мектеп пен жоғары оқу орындарын оқулықпен қамтамасыз
ететін авторлар да, әдебиетіміздің тарихын жасаушыларда біздің институттан
шығулары керек, - деп, алда тұрған келелі міндеттерді айтады.
Ел үшін еңіреп, етігімен су кешкен, бойындағы бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазықсыз жапа шеккен Санжар Асфендияров
Санжар Асфендияровтың тарихи мұрасы
Тарихи маңыздылығы
Орталық Комитетінің жауапты хатшысы, Москва университетінің профессоры жөне
Алаш партиясының бағдарламасындағы ерекше мәселелер жайында
Ресей жоғарғы оқу орындарында оқыған қазақтар, олардың қоғамдық-саяси қызметі
Саяси қуғын-сүргіннің себептері. Жарты елді жайлаған аштықтағы М.О.Әуезовтың ұйымдастырған шаралары
Алаш партиясы
1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін, басталуы мен себептері
ЖАНДОСОВ Ораз Саяси қайраткер
Пәндер