Кеннеди саясатының қорытындылары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1. Д. Кеннеди әкімшілігінің ішкі саясаты. Кедейшілікпен күресу 9
1.1. АҚШ-тың 1950-1960 жылдардағы экономикалық дамуы 9
1.2. Кеннедидің президенттік кезеңі: ішкі саясат иірімдері 11
2. Кеннеди кезеңі: сыртқы саясат шырғалаңдары 16
2.1. Президент Д. Кеннедидің сыртқы саясаты 16
2.2. Джон Кеннедидің Кариб дағдарысы кезіндегі саясаты 24
3. Кеннеди саясатының қорытындылары 26
және кейінгі бет алыс 26
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31

КІРІСПЕ

Курстық тақырыптың өзектілігі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ
әлемдегі ең күшті мемлекет болды.
50-шы жылдар Корея соғысы аяқталған соң, бейбіт жылдарға айналды.
Американдар тұңғыш рет береке мемлекетінің жемісінің дәмін татты.
Көптеген американдықтар орта дәрежелі жанұяға айналды, елдің көп жерінде
сауда орындары ашылды, елді автомобильдендіру аяқталды. Бірақ тұтыну
қоғамына айналған динамизмінен айырылып қалды. 50-шы жылдардың аяғында АҚШ-
тың басқа елдерге қарағанда қалып бара жатқандығы байқалды. Батыс Европа
мен Жапония тез дамыды, дүниежүзілік рынокта олардың басымдылығы айрықша
көзге түсті. КСРО 1957 жылы бірінші болып жасанды жер серігін ұшырды.
Американдықтарды КСРО-ның ғылыми-техникалық артықшылығы мазасыздандырды.
Осы көңіл күйді Демократтар бірден аңғарды. 1960 жылғы президенттік
сайлауда олар өз кандидаты етіп 43 жасар Джон Кеннедиді ұсынды. Оның
сайлаудағы жеңісі реформаторлық қызметті жандандырды.
Кеннеди Джон Фицджеральд (1917-1963). АҚШ-тың мемлекет қайраткері.
Ирландиядан шыққан бай католиктік жанұяда дүниеге келген. Лондон экономика
мектебін жене Гарвард университетін бітірген. 1941-1945 жылдары АҚШ-тың
әскери-теңіз флотында қызмет еткен. 1947-1953 жылдары Массачусетс штатынан
өкілдер палатасының мүшесі. 1953-1961 жылдары сенатор, 1960 жылы президент
болып сайланған.
Кеннедидің әкімшілігі экономикалық өсуді ынталандырды, Аполлон
бағдарламасын ұсынды, оның мақсаты американдықтарды Айға қондыру болды.
Кеннеди сыртқы саясатта СССР-мен ымыраға келуге дайындығын көрсетті. Әйтсе
де Кариб дағдарысы кезінде қатаң серіктес екендігін танытты. Оның көп қырлы
саясаты дегенмен орта жолдан үзілді. 1963 жылы 22 қарашада ол Техасс
штатындағы Даллас қаласында қастандықпен өлтірілді.
Кеннеди Америка тарихындағы ең жас президент қана емес, сонымен бірге
аз уақыт ішінде қызу жұмыс істеп, көптеген жаңалықтар ұсынған белсенді
президент те бола білді. Оның өліміне қатысты да әңгіме сан алуан.
Америкада егер сен жазған кітап бестселлерге айналсын десең, Кеннеди
туралы жаз деген сөз бар. Бұл тегін емес. Жас әрі сүйкімді Кеннеди
американдықтардың көзайымына айналған. Сондықтан Америка тарихында із
қалдырған президенттердің тарихын зерттеп білу біз үшін де маңызды болып
табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кеннеди туралы жазылған еңбектер ұшан-
теңіз. Өмірбаяндық кітаптарды айтпаған күннің өзінде оның саяси бейнесіне,
жүргізген саясатына байланысты еңбектер бірқыдыру. Әсіресе, оның өлімінің
жұмбағына арналған зерттеулердің өзі бір төбе. Атап айтсақ, И. Лемин
редакциясымен жарық көрген Движущие силы внешней политики США. М., 1965.;
Громыко А.А Кокошин А.Ф. Братья Кеннеди М., 1985; С.М.Меньшиков және Н.И.
Многолет редакциясымен шыққан США: экономические рычаги в управлении
промышленными фирмами. - М., 1971.; А.В.Аникиннің жауапты редакторлығымен
шыққан Соединенные Штаты Америки. - М., 1972. т.б. еңбектерде біз
қарастырып отырған тақырып тиісінше ашылған. Алайда бұл еңбектер негізінен
шетелдік ғалымдар тарапынан жазылған. Ал бұл тақырыпқа қатысты қазақ
тілінде кітаптар жоқ десе де болады. Сондықтан да болашақта бұл мәселені
зерттеу объектісіне айналдыру қажет жұмыстардың бірі болмақ.
Америка Құрама Штаттарындағы трагедиялы қыркүйек оқиғасынан кейін
терроризммен күрестің болып көрмеген шаралары көрініс тапты. Терроризм
қауіп-қатерінің таралуына дүние жүзі елдерінің бәрі дерлік қарсы шықты.
Сонымен бірге, келесі жылдың өзінде-ақ, терроризм қүшінің қуаттылығы
соншалық, әскери және дипломатиялық арналары белсенді жұмылдырғанның
өзінде, бұл проблемаларды қысқа мерзім ішінде шешудің мүмкін емес екендігі
белгілі болды. Тек 2002 жылдың сегіз айында ғана террористердің қолынан
4776 адам қаза тапты, мұның өзі 2001 жыл бойғы көрсеткіштен көп еді. Бұл
ғаламдық антитеррорлық күш көрсетушілікке "ә" десе, "мә" деп жауап бере
алатын терроризмнің өрістеу қуаты бәсеңдемей отырғанын білдіреді.[1]
Курстық жұмыстың мақсаты – Ф. Кеннедидің президенттік жылдары
кезіндегі жүргізген саясатын зерттеу, оны сараптау және тұжырымдар жасау.
Осыған байланысты курстық жұмыс алдына мынадай міндеттер қойды:
– Кеннедидің билікке келу тұсындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық
жағдайына шолу жасау;
– Кеннедидің билікке келу жолын қарастыру;
– АҚШ тарихындағы ең жас әрі жаңашыл президенттің ішкі саяси
мәселелерді шешудегі, өз командасын жасақтаудағы ұстанған принциптері мен
әдіс-тәсілдерін сараптау;
– қырғи қабақ соғыстың ішкі астарына үңілу;
– Кеннеди әкімшілігінің сыртқы саяси қадамдарына барлау жасап, АҚШ-
тың әлемдегі күштердің тепе-теңдігін сақтаудағы орнын пайымдау;
– Кеннеди жүргізген ішкі-сыртқы саясаттың қорытындыларын талдап, АҚШ
саясатының бұдан кейінгі бағыттарына талдау жасау.
Курстық жұмыстың жаңалығы. Отандық және шетелдік ғалымдар еңбектері
негізінде АҚШ-тың 35-президенті Кеннеди тұсындағы АҚШ-тың экономикалық-
саяси жағдайы, ішкі және сыртқы саясаты, орын алған дағдарыстардың шешілу
барысы талданды. Атап айтқанда зерттеу жұмысында мынадай жаңалықтар бар:
– рухани өмірімізде пайда болған ой еркіндігі мен пікір алуандығы
тұрғысынан АҚШ-тың ХХ ғасырдың орта шеніндегі тарихи даму белестеріне кең
көлемде талдау жасалған;
– Кеннедидің билікке келу жолдары, соған мүмкіндік берген қолайлы
сәттер аңғарылып, тиісті баға берілген;
– Кеннедидің кадр таңдау, команда жасақтау, әкімшілік жұмысын
ұйымдастыру барысындағы соны басқарушылық ерекшеліктері талданған;
– Кеннедидің АҚШ-тың ішкі саяси мәселерін реттеудегі, Американы өрлеу
жолына түсірудегі еңбегі, жүргізген саясаты ой елегінен өткізіліп, соны
пайымдаулар жасалған;
– АҚШ-тың Кеннеди тұсында ұстанған сыртқы саяси ұстанымдарының АҚШ-
тың алдыңғы президенттері ұстанған саясатынан өзгешеліктері сарапталған;
– Кариб дағдарысын шешудегі Кеннедидің көрегендігіне жан-жақты
деректер негізінде баға берілген;
– Кеннедидің ұзақ жылдар бойы марғау тартқан саяси өмірі мен
экономикалық жағдайына, жалпы халықтың ой-санасына үлкен сілкініс әкеліп,
АҚШ дамуындағы бір соны белеске жол ашқаны тарихи фактілер негізінде ашып
көрсетілген.
Зерттеу жұмысының қолданбалық маңызы. Курстық жұмыс ХХ ғасырдың орта
шеніндегі Америка тарихы мәселелерін қазіргі заман талабына сай, жаңаша
көзқараспен зерттелген еңбектердің қатарын толықтыра түседі. Зерттеу
жұмысындағы деректер мен қорытындыларды Америка тарихы, президенттік
институт, саяси және құқықтық ойлар тарихы дәрістерінде, сондай-ақ осы
тақырыпта жазылатын болашақ диссертациялық жұмыстарда пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының хронологиялық межесі. ХХ ғасырдың 60-жылдарын
қамтиды. Дәлірек айтсақ, Кеннеди президенттігі тұсындағы АҚШ-тың тарихи
даму белесі сөз болады.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Курстық жұмысты жазу барысында
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасындағы, Ғылым Академиясының
Орталық кітапханасындағы, Интернет желісіндегі АҚШ-тың 1950-1965 жылдар
аралығындағы кезеңіне арналған әдебиеттер, сол сияқты Кеннедидің жеке
басына, саяси бейнесіне және президенттік қызметіне арналған шетелдік және
отандық ғалымдар еңбектері пайдаланылды.
Курстық жұмыстың методологиялық және әдістемелік негізі. Зерттеу
методологиясы объективтік, тарихилық, жүйелілік және ғылыми таным
принциптеріне негізделді, сондай-ақ хронологиялық және хорологиялық зерттеу
тәсілдері де қолданылды. Сол секілді біз қарастырып отырған тарихи кезеңді
мүмкіндігінше объективтік тұрғыдан түсіндіруге бағытталған әрі жаңа тарихи
көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды.
Нақты деректерді зерделеу ғылыми зерттеуде талдау және жинақтау,
жүйелендіру, салыстыру т.б. жалпыға белгілі әдістері негізінде жүргізілді.
Курстық жұмыстың сыннан өтуі. Курстық жұмыс бойынша болашақ
зерттеулерге жол ашар мақалалар сұлбасы дайындалуда. Жұмыс ғылыми
жетекшінің нұсқаулары, жөн көрсетуі негізінде бірнеше қайтара түзетуден
өтті.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Д. Кеннеди әкімшілігінің ішкі саясаты. Кедейшілікпен күресу

1.1. АҚШ-тың 1950-1960 жылдардағы экономикалық дамуы

Джон Кеннедидің президенттік қызметтегі атқарған іс-әрекеттерін жан-
жақты түсіну үшін АҚШ-тың сол кезеңдегі ішкі саяси және халықаралық
жағдайына жалпы шолу жасаған жөн.
Америка Құрама Штаттарының 50-жылдардан кейінгі кезеңде қырғиқабақ
соғысқа қатынасы барынша күшейе түсті. Кореядағы соғыс көптеген
американдықтардың өмірін қиды. Азияда, Африкада және Латын Америкасында ұлт-
азаттық қозғалыстар өршіді. Ең бастысы, социалистік әлемдік жүйе нығайды.
50-жылдардың соңында американдықтар қырқабақ соғыстан қажи бастады.
Жалпы халық ендігі кезекте АҚШ үкіметінің бейбітшілікті сақтау жолында
сыртқы саясатта басқаша бағыт ұстауын, сонны серпіліс жасауын күтті.
Джон Кеннедидің халық алдындағы сөйлеген сөзіндегі Совет Одағының
пайдасына ядроляқ қаруды сынақтан өткізуге тыйым салу туралы келіссөздер
жүргізу жөніндегі ойлары әр қилы қабылданды.
Кеннеди 50-жылдардағы Американың сыртқы саясатындағы олқылықтарды,
әртүрлі басқыншылық сипаттағы доктриналарды түзетіп, жаңа бағыт ұстау
қажеттігін, қоғамға осындай идеяларды ұсынатын адамның қажеттігін жете
түсінді.
Көптеген американдықтар 50-60жылдардың табалдырығында өздерін бұрын
қызықтырмаған сұрақтарға жауап іздей бастады. Бұлардың ең бастысы – соғыс
және бейбітшілік мәселесі. Соғысқа қалай жол бермей, бейбітшілікті
нығайтуға болады?
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-тың әскери және экономикалық
бәсекелестері Батыс Еуропа мен Жапония қатты әлсіреп кетті. 1953 жылы АҚШ-
қа капиталистік әлемнің өнеркәсіптік өнімінің 52 пайызы келді[2]. Егер АҚШ-
тың әлемдік экспорттағы үлесі 1947 жылы 32% болса, Кеннеди президент болған
кезде ол 20%, 1962 жылы 17% болды[3]
АҚШ экспортының құлдырап кетуі көп жағдайға байланысты. Мұның бір
себебі Американың шикізат импортына тәуелді болуында да жатыр. АҚШ-тың
қорғасын, мыс, мырыш, вольфрам, сынап секілді түсті металдар импортына
сұранысы 30%-тен асып жығылады. Сол сияқты халықаралық нарықта доллардың
экспансиясы 50-жылдардағы халықаралық экономикалық қатынастардың бір
белгісі болды.
1960 жылы Кеннеди билікке келгенде қалай болғанда американдық
кәсіпкерлердің жағдайы мәз емес еді. Жаппай жұмыссыздық белең алып тұрған
болатын. Дегенмен жаңа президент жағдайды реттеуге күш салып, елде жағдай
оңға қарай қадам баса бастады.
1960 жылы Азияда АҚШ-тың беделі күрт түсті. Оңтүстік Кореяда
американдық марионетка Ли Сын Манн тақтан тайдырылды. Оңтүстік Вьетнамда
Нго Динь Зьем нөкерлері жалпының наразылығына қалды.
Америка баспасөзінде және саяси әдебиеттерінде АҚШ-тың Африкадағы ұлт-
азаттық қозғалыстарына нашар дайындалғаны туралы пікірлер бас көтерді.
Африкада Американың ықпалын арттыруды күшейту туралы пікірлер Кеннедидің
көзқарастарымен сәйкес келді.
Кеннеди билікке келер алдындағы Америка Құрама Штаттарындағы саяси
және экономикалық ахуал осындай еді.

1.2. Кеннедидің президенттік кезеңі: ішкі саясат иірімдері

1950-жылдары Кеннеди алдағы президенттік сайлауға түсіп, бақ сынап
көрмек болды. 1960 жылы жазда ол демократтар партиясынан президенттік
сайлауға түсіп, қараша айында республикандық Р.Никсонды басып озып,
президент болып сайланды.
Кеннедидің президенттігі басынан бастап-ақ өзінің жаңашылдығымен және
әдеттегідей еместігімен ерекшеленді: ХХ ғасырда туған бірінші президент,
Америка Құрама Штаттарында жоғарғы билікке сайланған ең жас адам, 43 жаста
және Ақ Үйдегі бірінші католик. 1961 жылғы 20 қаңтардағы өзінің
инаугурациялық сөзінде ол өз референті Теодор Соренспен бірге сыртқы
саясатын тұжырымдады. Мұнда президенттік еліне деген қамқорлығы мен
амбициясы толық көрініс тапты. Бір жағынан ол адамзатты ядролық қарумен
жойылу қаупінен сақтандырды, екінші жағынан американ халқын қуатты ел
болуға шақырды. Ол бүкіл әлем мынаны білуі керек. американ халқы осы
миссияны орындау үшін қандай бағаны да төлейді, қандай ауыртпалыққа да
төзеді, кез келген қарсыласқа қарсы тұрады деді. Содан кейінгі ел аузына
тарап кеткен Саған өз елің Не істейді деп сұрама, Сен Өз еліңе не істеймін
деп сұра деген сөздері оның көзқарасын, ұстанымын айқын аңғартса керек.
Кеннеди өзінің әрбір отандасын осы бәсекелестік сезімнің болуына шақырды.
Бұл сөздер әрине, әсер қалдырды, бірақ оны бәрі де бірдей оң қабылдай
қоймады. Оның апокалиптикалық астары, одақтастары мен достарына қатысты
ұзаққа баратын жасырын міндеттемелері бірқатар сақ тыңдаушыларын
толғандырмай қалмады.
Кеннедидің кеңесшілері кабинеттегі қызметтерді бөлу және штабты сайлау
кезінде белгілі бір деңгейде сабақтастық пен партиялықты сақтауы тиіс еді.
Ол қаржы министрі етіп прагматик республикандық Дуглас Диллонды
тағайындады, армия штабының бұрынғы бастығы генерал Максвелл Тейлорды қайта
шақырып алып, ерекше әскери өкіл етіп тағайындады. Ален Даллесті ОББ-ның
бастығы күйінде қалдырды. Сөйтіп іскерлік, әскери және зиялық қауым
сеніміне ие болғысы келді.
Кеннеди кадр таңдауда ерекше бірегейлік көрсетті. Оның ақыл-ой
тресінде фантаст-жазушылар жұмыс істеді, олар ішкі және сыртқы саясатта
стандарттан тыс тәсілдер ойластырып, тың шешімдер ұсынып отырды.
Енді биліктің жас ұрпақтың қолына тигенін сезген ол ең алдымен өз
маңайына жас мамандар мен менеджерлерді топтастырды, кейіннен оларды ел ми
орталығы деп атады. Бұлардың қатарында ұлттық қауіпсіздік мәселесі
жөніндегі кеңесші Макджордж Банди, Гарвард университетінің деканы,
экономика мен деколонизация мәселелерімен шұғылданушы Уолт Ростоу,
Массачусетс технологиялық институтының тарих профессоры және қорғаныс
министрі Роберт Мак-Намар және т.б. болды. Ағасы Кеннеди Роберт те ерекше
әсер етті. Сенімді тұлғалары ретінде гарывард тарихшысы Артур Шлезингер,
заңгер Теодор Соренсен, баспасөз хатшысы Эдль Стивенсон т.б. болды. Сыртқы
саясат жөніндегі кеңесші ретінде консервативтік лагерьдегі Дина Эйксонды
алды. Ол Трумэн кезінде мемлекеттік хатшы болды.
Кеннеди командасының орташа жасы 45 болды (Эйзенхауэр кезінде ол 56
жас болып еді), Осы топтың арқасында Ақ Үге жаңа Рух және жаңа стиль кірді.
Президент институты ұлт үшін және жалпы әлем үшін сыртқы және сол сияқты
ішкі саяси ынталандыру және жаңа бастамалар орталығы болды. Жаңа белсенді,
қызу әрекет басталды. Ол интеллектуалдық талдау және қызу басқару арқылы
оптимистік түсінікке негізделіп, кез келген проблеманы шеше алмазы деп
есептеді. Сөйтіп АҚШ жаһандық түрлену үлгісін жасауы тиіс болды. Бұл алайда
оңай іске аса қоймайтын шаруа еді. Өзгерістер үкіметтік аппараты да
қамтыды. Бюрократиялық жүйеден тәжірибесі аз Кеннеди бұл жүйені икемді,
істі нақты әрі жылдам орындайтындай етіп құрды. Шешуші орталық кабинеттен
Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесіне ауыстырылды. Бұл үшін арнайы құрылған шағын
топтар мен комитеттер кезекті мәселелерді талқылады. Кеннеди өзі тартқан
кеңесшілер мен эксперттер бірнеше тың нұсқалар ұсынады, өзі ішінен біреуін
таңдап аламын деп күтті. Шығармашылық қуаты мен икемділігімен артықшылығы
бар бұл менеджменттің кемшілігі де жоқ емес еді. Бұл министрліктер
арасындағы үйлестіру мәселесіне және шешім қабылдау кезіндегі белгілі бір
күрт бұрылыстар мен алдын ала білуге болмайтын нәрселердің болуы еді.
Оның президент қызметіне келе сала белсенді әрекеті және кадрларды
жылдам ауыстырып, саяси-іскерлік шешімдер қабылдауы сайлаушылардың
көкейінде жаңа президенттің келуіне орай саяси жаңалықтар іске асырылып
жатыр деген түсінік орнықтырды. Ең алдымен ол президенттік институттың
төмендеп кеткен беделін қалпына келтірді, таза ұлттық саясат жүргізді.
Президент тағдыр өзіне аз ғана ғұмыр бергенін білгенлей қысқа мерзім
ішінде барынша шапшаң қимылдады. Президенттік қызметтегі екі айдың ішінде
ол 32 ресми мәлімдеме жасап, 22 президенттік жарлық шығарды, шетел
державаларының басшыларына 28 жолдау жіберді, 7 баспасөз-мәжілісін өткізді.

Кеннеди билігі тұсында қабылданған басты құжаттардың бірі 1963 жылғы
Азаматтық құқықтар туралы билль болды. Мұнда американдықтардың терісінің
түстеріне қарамастан барлығы бірдей азаматтық құқықты сақтауы көзделді.
Шамасының келгенінше Кеннеди негр халқын қорғады. Бұл үшін оны расистер
негр сүюші деп атады.
Кеннеди бүкіл халықты өз идеясына жұмылдыруда, ұйымдастыруда,
халықпен тікелей тілдесуде телевидениені пайдаланды. Бұған елдегі ауыр
жағдай және сыртқы саяси дағдарыстар ғана әсер еткен жоқ, сонымен бірге
Кеннедидің тұрақты түрде өткізген баспасөз мәжілістері, журналистердің
сұрақтарына ешбір дайындықсыз жауап беруі әсер еткен болатын. Сол сияқты ол
тынымсыз елді аралады, өзінің бағдарламалық сөздерін сөйледі. Ол бірден
теледидардан беріліп, оның танымалдылығын арттырды. Сонымен бірге, Кеннеди
талантты журналистермен жақын қарым-қатынаста болды. Кеннедидің ерекше
қасиеті шешендігі болды, ол үнемі осы қасиетін жетілдіріп, шеберлігін ұштап
отырды. Американ халқы Линкольн, Теодор Рузвельт, Вильсон және Франклина
Рузвельт секілді президенттерден кейін харизматикалық тұлғаны Кеннедиден
тапты[4]. Бұқаралық ақпарат құралдары осы ықпалды бүкіл әлемде арттыра
түсті. Американдық үкіметтік жүйе үшін бұл бүкіл күштің жекелеген
штаттардан федералдық үкіметке, заң шығарушы биліктен атқарушы билікке
көшкендігін көрсетті.
Дегенмен ішкі саясат саласында Конгресс президенттің бастамашылдықты
өзіне алып, заңи бағдарламаға қол жеткізуіне едәуір қарсылық көрсетті.
Бірте-бірте республикалық және консервативтік демократтар өзара бірігіп,
Кеннеди әкімшілігінің көтерілуіне тосқауыл болды. Ішкі саяси жаңа
шекаралар күн тәртібіне игі мәселелерді қойды, экономиканы салықты
төмендету, әлеуметтік сақтандыруды жақсарту, аурулар мен білім беруге
қызмет көрсету, қалаларды жақсарту және нәсіл арасындағы интеграция күшейту
секілді мәселелерді шешу жолға қойылды. Дегенмен бұндай көптеген шаралар
Конгресте кедергіге ұшырады. Ол инфлицияны ауыздықтауға қол жеткізді.
Уолтер Хеллер басшылығымен жұмыс істеген экономикалық кеңес мүшелері
экономиканы командалық басқаруға бағыт ұстап, өздерінің ойларын іске
асыруға мүмкіндік алды, бірақ олардың көпшілік көзқарастары өмірден алшақ
жатты.

2. Кеннеди кезеңі: сыртқы саясат шырғалаңдары

2.1. Президент Д. Кеннедидің сыртқы саясаты

Кеннеди сыртқы саясатта да өз қолтаңбасын айқын қалдырды. 1962 жылы
қазанда Конгресс оны сауданы баж салығын едәуір төмендете отырып кеңейту
туралы заңмен өкілетті етті. Ол 1967 жылға дейін әлемде Кеннеди раунды
шеңберінде жүзеге асты. Егер кәсіподақтар Кеннедиге жылыұшырай қараса,
кәсіпкерлер одан іш тартып қалды. Оларды Кеннедидің интервенционистік
экономикалық және қаржылық саясаты сақтандырды. Бұл сенімсіздік әсіресе
Кеннеди 1962 жылы мемлекеттік тапсырыстарды төмендету арқылы болат өндіруші
концерндердегі бағаның түзілуіне әсер еткен кезде арта түсті. Биржа
бағамның күрт құлдырауына алаңдаушылық білдіргенімен көпшілік халық
Кеннедиді қолдады.
Кеннеди нәсілдік мәселеде аса сақ болды, ол оңтүстік штаттардың ақ
нәсілді адамдарын мазасыздандырғысы келмеді. Халықаралық жағдайды ескере
отырып, ол американдықтардың тыныштығын сақтау керек деп шешті: бір жағынан
қара нәсілділерді кемсітуді шектеу қажет, бұл Американың демкоратиялық
бағытына қайшы деді. Екінші жағынан бұл елде коммунистік идеяның белең алып
кетуіне әсер етеді деп секемденді. 1963 жылы ол Конгресске азаматтардың
бостандығы туралы заң жобасын жіберді. Сол кезде 200 000 ақ және қара
нәсілді азаматтық құқықтарды қорғаушылар үлкен демонстрация ұйымдастырды.
Кеннеди күштеу әрекеттерінен сескеніп, ел өзінің барлық азаматтары азат
болмаған кезде, ешқашан да толықтай еркін бола алмайды деп мәлімдеді.
Президент сыртқы саясатқа алғашқы күннен ерекше мән берді. Мұнда оның
еркін Конгресс те, конституция да шектеу алмады. Ол президенттік еткен
қысқа мерзімнің ішінде бұрын-соңды болмаған дағдарыстар мен қақтығыстар
қордаланып қалған еді. Осыны сезген Совет Одағы АҚШ-ты ауқымды қорғануға,
халықаралық-саяси беделді иеленуге мәжбүр етті. Кеннеди сонымен бірге атом
және су тектес бомбаның адамзатқа әкелетін зор қаупін де жете түсінді. Ол
іс жүзінде өзінің өткір шешендігіне кереғар байсалды, сақ әрекет етті. Бұл
ретте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық эканомика жүиесіндегі халықаралық сауда
Халықаралық экономика жүйесіндегі халықаралық сауда
Джон Ф. кеннеди саясаткер және дипломат
ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуы
Джон Кеннедидің саяси қызметінің басталуы
КСРО және Кариб дағдарысы
АҚШ пен КСРО
Ақш тарпынан социалистік Кубаға көрсетіліген қысым және КСРО көмегі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АНГЛИЯМЕН ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСЫ
ҚР жастары құндылықтарының қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтаудың факторы ретіндегі ролі
Пәндер