Топтастырушы сөздіктер
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Махмұд Қашқари 3
Махмуд Қашқаридың Диуани луғат ат – түрк сөздігінің алар орны 4
Қорытынды 12
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 13
Кіріспе
Ғылымда орта ғасырлар ислам әлемінің мәдени өрлеу кезеңі болып
аталады. Бұл дәуірде философия, медицина салаларымен қатар, филологияда да
маңызды еңбектер жазылды. Филологиялық еңбектердің ішінде сөздіктердің алар
орны ерекше. Бір қызығы филологиялық еңбектердің авторлары тек араб емес,
өзге халықтардың да өкілдері болған. Сондай тұлғалардың бірі – түркі тектес
ғалым Махмуд Қашқари.
Махмуд Қашқаридің бізге жеткен еңбегі – Диуани луғат ат-түркі түркі
тілдерінің өміршеңдігін көрсететін ұлы дүние. Диуани луғат ат-түркі
бүгінгі таңда да өз маңызын жоймаған құнды мұра. Бұл еңбекте түркі тілдес
халықтардың сөздері түзіліп, түркі тілінің грамматикасынан мағлұматтар
берілген. Сөздік осы заманда өмір сүріп отырған түркі тілдес халықтардың
тарихы мен этнографиялық мәселелерін шешуде кездесетін қиындықтарға жауап
беретін бірден-бір көмекші құрал деп бағалауға болады.
М. Қашқари сөздігі түркі тілінің сөздігі. Сөздік құруда автор өзіне
дейіндегілерден үлгі алып, соның негізінде Диуани луғат ат-түркі еңбегін
құрастырған. Біздің заманымыз да пайдаланып жүрген сөздіктердің негізі
Махмуд Қашқари бабамыздан басталатынын мойындауымыз керек. Сөздіктердің
жасалу жолы, даму процесін түсіну үшін баға сөздіктерінен үйренуі, тәлім -
тәрбие алған жөн.
Түрік тайпалары Шығыс Ренессансының жай ғанашеткі аймағы емес екенінің
бір куәсі - Махмұд Қашқаридың (XIғ.) "Диуани лұғат ат-түрік" атты туындысы.
Бұл сөздікті тек тілтанулық құрал демей,сонымен бірге ортағасырлық түрік
мәдениетінің озық өркениетке қосқан бір үлесі деп қарастырған жөн. Мұсылман
әлемін баурап алған мәдениетке өзін әлемге таныту қажеттігі туды. Оны
Махмұд өзінің теңдесі жоқ шығармасында ойдағыдай жүзеге асырады. Махмұд
Қашқаридың негізгі зерттеген мәселесі - түрік тайпаларының мәдениеті. Осы
мақсатпен ол бүкіл түрік тайпалары мекендеген кеңістікті аралап шыққан.
Лұғатта тек Қарахандар мемлекетінің мәдени өмірі ғана емес, сонымен бірге
ежелгі дәуірден келе жатқан түрік мәдениетіндегі миф-аңыздар, тұрмыс-салт
ерекшеліктері, түріктердің Көк Тәңірісі мен Күнге табынуы, табиғат
құбылыстары тамаша суреттелген. Махмұд Қашқариды халық эпосын жазбаша түрік
мәдениетінде алғашқы зерттеген ғұлама деп бағалауға болады.
Махмұд Қашқари
Қазақ жерінде дүниеге келіп, халқымыздың мәдениетін дамытуда, дәстүрі
мен салт-санасын қалыптастыруға үлкен үлесі бар ұлылардың бірі Махмұд
Қашқари. Оның әкесі Хұсайын мен бабасы Мұхаммед XI ғасырдағы Жетісу
өлкесінің ірі мәдени орталықтарының бірі Барсаған қаласында (Ыстықкөлдің
шығыс-солтүстігінде) туып, өскен. Хұсейін түркі халықтарының белгілі
қаласына көшіп келіп, Махмұдтың бүкіл саналы өмірі сонда өткен. Ол 1029-
1038 жылдар аралығында дүниеге келген деп есептеледі. Оның атақ-даңқын
шығарған Түркі тілдерінің лұғаты (Диуану луғат-ат-түрк) деп аталатын
еңбегі. Ол араб тілінде жазылған. Оған кіріспестен бұрын Махмұд Қашқари
түріктің елі мен ен даласын тегіс аралап, түркі тілдеріне қатысты мол
материал жинаған. Ол өз еңбегінде қырғыз, қыпшақ, оғыз, тұхси, яғма, чығыл,
ығырақ, ярук тілдерін таза түркі тілдері деп атап, оларға ортақ, бәріне
бірдей түсінікті, ұғынықты сөздерді алып, олардың мәні мен маңызын, сөздік
қасиеттерін тексерген, талдаған. Осылардың ішіндегі қыпшақ тілі тобына
жататын қазақ тілінің де Қашқари еңбегінде мол қамтылғанын айта кету керек.
Бұл тілдердің әрқайсысының тілі мен салты санама әбден қалыптасты. Соларды
мұқият зерттеп, арнайы әліппелік тәртіпке келтірдім. Мәңгілік ескерткіш,
әрі таусылмайтын әдеби-көркем мұра болып қалсын деген ниетпен түркі
елдерінің сөздігін жасап, кітапқа Түркі сөздерінің жинағы деген ат
қойдым, - деп жазады ол еңбегінің кіріспесінде.
Сегіз бөлімнен тұратын кітапқа топтастырылған мазмұны әртүрлі
тараудағы әр тайпаның тіліндегі сөздердің бастапқы түбірінен қалай сөз
құрастыруға болатынын, оларды жалғау қосу арқылы қандай мән-мағына ие етуге
болатынын көрсететін тұстары кітаптың ғылыми биік деңгей-дәрежесінің
көрсеткіші іспеттес. Ондағы елдің әлеуметтік жағдайына, бай мен кедейдің,
ауқатты адамдар мен жоқшылық тауқыметін тартып жүргендердің арасындағы
қарым-қатынасты, қытымыр қысты, құлпырған көктем мен жайнаған жазды
суреттейтін жерлер, аңшылық, саятшылық, сондай-ақ ерлікті дәріптеп
қастерлейтін суреттемелер өздерінің шеберлігі, тартымдылығымен көзге
түседі. Кітапта ұтқыр сөздер, мақал-мәтелдер де аз емес. Онан Орта
ғасырдағы ұлы даланы ен жайлап, соның төсінде ғұмыр сүрген ата-
бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігін, еңбегін, кәсібін, әдет-ғұрпы мен салт-
санасын танытатын тамаша жыр жолдарын кездестіреміз. Онда, сондай-ақ бәдік,
бақсылар сарыны, бесік жыры, той бастар, жоқтау, өлімді естірту сияқты
елдің өмір салтының өрнектері де мол берілген. Солардың арасындағы Алып Ер
Тұнға өлгенде айтылған жоқтау өзінің көркемдік қасиетімен ерекшеленеді.
Жалпы теңдесі жоқ тамаша бұл туындымен танысқан адам қазақ жеріндегі
құнарлы да қымбат әдеби мұраларға бай, онда өмір кешкен ата-бабалардың
мәдени дәрежесінің биік те, парасатты болғанына даусыз дәлел тапқандай
болады.
Махмуд Қашқаридың Диуани луғат ат – түрк сөздігінің алар орны
Орта ғасырлардағы араб әлемінде қоғамдық ойдың, философия, діни
көзқарас, шешендік өнер, медицина осылардың ішінде филология саласы жалпы
араб халқының мәдени қорына өте үлкен әсерін тигізді. Ал филология
саласының ішінде лексикографияға жеке тоқтала кетсек жалпы типі, көлемі,
құрылысы, мазмұны жағынан әртүрлі және күрделілеу болып келеді. Мысалы адам
қасиеттеріне және оны қоршаған табиғат, өсімдік және жануарлар әлеміне
байланысты сөздіктер, сирек немесе аз қолданылатын сөздер тізімі,
диалектілік лексика мен кірме сөздердің қысқаша сөздіктері, Құран мен
хадистерде кездесетін ерекше сөздердің сөздікшелері және жалпы тілдік
түсіндірме сөздіктер тобы өте үлкен және оларға көптеген түсіндірмелер
жазылған, оларды қысқартқан немесе кеңейте отырып қайта өңдеп, толықтырулар
енгізіп, түзетулер жасаған. Алғашқы пайда болған мұраларды олардың ізін
қуушы филологтар өз ғылыми еңбегінің негізгі объектісі ретінде ала отырып,
олардың нақты лексикалық материалы мен негізгі теориялық идеясын қабылдады
немесе өзгертті, дамытты не болмаса қайта қарастырды.
Араб филологтарының лексикография саласындағы үздіксіз және қарқынды
қайраткері сөздерді топтастыру мен көркемдеуде көптеген әдістерінің пайда
болуына, жекелеген сөздерді бір түбір айналасына топтастыры тәсілінің,
сөзді түсіндіру әдістерінің пайда болуына себепкер болды.
Осы кезеңдегі араб әдеби ғылымдарының ішінде лексикографияның бірінші
орында тұруына таңғалуға болмайды. Өйткені сөздерді жинақтап түсіндірудің
маңызы қасиетті Құран үшін де зор пайда болды.
Жалпы араб лексикографиясының пайда болуына байланысты сан пікірлер
ғалымдар мен зерттеушілер арасында да біраз талас тұғызады. Араб
филологтарымен бірге бірқатар батыс зерттеушілері де исламның қасиетті
кітабын дұрыс оқып, талдаудың құралы ретінде пайдаланды деген пікірді
қолдайды.
Мұндай пікірі туралы Брокельман, Белкин, Кренков сияқты ғалымдар былай
дейді Құран мен хадистердің лексикасына қызығушылықтан араб тілі
лексикасына деген қызығушылық туады. Сондықтан әдеби тілдің жекелеген
бөліктеріне арналған сөздіктер пайда бола бастады,- дейді[1].
Лексикографияның пайда болғаннан бері, негізгі топтамасы исламға
дейінгі жаһиилия дәуіріндегі поэзия төңірегі болды, бірақ қалай пайда болса
да, өз мазмұны мен даму ерекшеліктері жағынан, шынайы бір құбылыс болып
табылады. Осы кездері Европа да филология саласы әлі белгісіз болатын.
Мұсылман әлемі лексикографияның туындап, даму үшін өте қолайлы орта
болды. Белкиннің пікірінше орта ғасырдағы араб тілінің кітаби және мәдени
тіл ретінде қолданылуы, жазба тілдің жақсы стандартының қажеттілігі, сөйлеу
тілі ретіндегі тіл диалектілерінің таралуы, араб тілінің жазба және ауызша
варианттарының айырмашылықтарының көбеюі әсер етті. Жалпы қалай пайда
болса да кең көлемде дамып, сөздіктердің әртүрлі типтері жасалды. Белкин
араб тіліндегі түсіндірме сөздіктердің мынадай топтарға бөлді:
1.Топтастырушы сөздіктер.
2.Түсіндірме сөздіктер.
Біріншісінде сөздер мағыналық жағынан (идеологиялық, тақырыпты сөздер)
немесе лексикалық, семантикалық белгілері бойынша жүйеленеді. Ал
екіншісінде жалпылай мағынасын ашып түсіндіреді. Жалпы лексикография
сөзінің мағынасына үңілсек те сөздік жасаудың теориясы мен практикасы
мағынасын береді.
Алғашқы пайда болған сөздіктердің көп бөлігі бізге жетпеген. Одан
кейін жеке құбылыстарға (адам, жануар, өсімдік т.б.) тақырыбына арналған
сөздіктер құрастырылды. Атап айтқанда Абу Убейдтің Ал - Ғариб ал -
Мусаннаф , аш - Шайбанидің Китаб ал - Джим, Ибн ас - Сиккиттің Ислам ал
- мантиқ, ал – Асмаидің - адамның дене құрылысына, жан–жануарларға,
өсімдіктерге т.б. ұғымдарға арналған сөздіктері бар. Бұл сияқты сөздіктер
ірі және жан - жақты сөздіктердің пайда болуына негіз болды. Сөздік
авторлары араб тілінің сөздік қорын әртүрлі ұғымдарға сәйкес топтастыруға
талпынғанымен оларда материалдың орналасуында қатаң сақталған жүйелік және
реттілікті байқау қиын еді.
Сөздік авторлары сөздерді жинақтау барысында, олардың мағынасын
анықтап грамматикалық және лексикосемантикалық құбылыстарды да қарастырып
отырған.
Араб лексикографтарының кейбірі сөздіктерін жүйелі түрде белгілі
тәртіп бойынша тіркелген араб тілінің бүкіл сөздік қорының мағыналарына
анықтама беруді мақсат етті. Мұндайлардың алғашқысы Халил ибн Ахмадтың
"Китаб ал - айн" еңбегі еді. Автор алғашқы араб лексикасын кең көлемде
көрсетуге тырысты. Халил сөздердің түбірлік орналасу принципін қолданды, ал
түбірлер алфавиттік ретпен орналастырылды, бірақ алфавит дыбыстық жүйеге
байланысты жасалды, яғни көмейдің ең түкпірінен бірте - бірте ауыз қуысына
келеді де еріннің ұшымен айтылатын дыбысты белгілейтін әріппен аяқталады.
Сондықтан сөздік айн ( ) әрпінен басталып уау ( ) әрпінен аяқталады.
Автор әріптерді транспозициялау тәсілін қолданған. Мұнда негіздің түбір
әріптерінің орнын ауыстырып қою арқылы бірнеше вариант шығарды. Мұндай
топтаманы әр кітап бірінші әріптің атын алады, яғни еңбек алфавит әрпінің
санына байланысты жиырма сегіз кітаптан тұрады.
Мұндай жүйелі сөздіктер пайдалануда көптеген қиындықтар туғызатыны
сөзсіз. Дегенменде Халилдің бұл жүйесі екі ғасырға жуық өзгерген жоқ.
Кейінгі шыққан еңбектерде сөздерді соңғы түбір дауыссызының жалпы
қабылданған алфавиттік реті бойынша орналастырды. Сөздіктер соңғы әріпке
байланысты тарауларға бөлінеді, ал тараулар түбірдің бірінші әріпінің реті
бойынша бөлімдерге бөлінеді. Мұндай әдісті ең бірінші болып Исмаил ал -
Жауһари өзінің "Тан ал - луға уа сихах ал - арабийа" сөздігіне қолданған.
Ал - Жауһаридің бұдан басқа елеулі еңбектерінің бірі "Ас - Сихах"
сөздігі болып табылады. Бұл сөздік Х - ғасырдың аяғында жазылған, бұл
сөздік сол кездегі басқы сөздіктерден өзінің құрылысы, мазмұны жағынан
ерекшеленеді. Ең басты ерекшелігі құрылысының қарапайымдылығында. Мұнда
сөздер түбірдің соңғы дыбысына қарай орналасады және араб алфавитіндегі
дыбыстар санына сай жиырма сегіз тараудан, әр тарау жиырма сегіз бөлімнен
тұрады. Тарау дыбыс атымен аталып, онда сөз түбірдің соңғы дыбысына сай
беріледі. Бірақ сонда да сөзге анықтама беруде кейбір кемшіліктері
болғанына қарамастан аталмыш еңбек өз заманында зор беделге ие болды. Әуелі
қарапайым оқырмандар арасында да қолдан - қолға тарап кеңінен тарады. Бұған
"ас - Сихахтың" пайдалануындағы жеңілдігі себепкер болды. Әсіресе
оқырмандар өлең ұйқасы үшін керекті сөздерін осы еңбектен оңай тапты."Ас -
Сихах" сөздігі 40000 классикалық сөзден тұрады.
Бұлардан кейінгі осы кезеңдегі ірі лексикограф саласына үлкен үлесін
қосқан ұлты парсы ал - Фирузабади болады. Оның ең ірі еңбектерінің бірі
алпыстай немесе жүздей томдық сөздігі. Бірақ бұл еңбек басқа сөздіктердей
сақталып қалған жоқ, бірақ Фирузабади сол сөздіктің негізінде басқа "Камус
ал - Мукит" деген атпен сөздік құрастырады. Ол сөздіктің түсіндіргені
мардымсыз және оның практикалық кемшіліктері іріктелгенімен де мұсылман
әлемі үшін классикалық жағынан үлкен үлесін қосты.
Фирузабади сөздігі - араб лингвистикасындағы лексикография саласындағы
соңғы жетістіктердің бірі болады.
Заман өзгере келе, талап та өзгереді сондықтан ХХ ғасырдың орта
кезеңінен бастап сөздіктердің жасалуының жалпы принциптерін анықтап оларды
топтастырып, жүйелеу қажет болады. Сондай жағдайда кейбір жерлерінде
келіспеушіліктер де болып жатады. Әртүрлі авторлар сөздіктердің мынадай
типтерін бөліп қарастырады: 1. Анаграммалық принципті пайдаланатын
сөздіктер. 2. Рифмделген принциппен жасалған сөздіктер. 3. Кәдімгі
алфавиттік тәртіппен пайдаланылатын сөздіктер.
Мұндай топтастырудағы көптеген кемшіліктерді байқаған Рыбалкин В.С.
орта ғасырдағы лексикографиякалық еңбектердің барлығын осы үш топтың аясына
сиғызу мүмкін емес деген шешімге келеді де, ол сөздіктерді былайша
топтастырды.
I. Мазмұны жағынан:
1. Жалпы түсіндірме сөздіктер.
2. Шағын көлемді пәндік сөздіктер және кең көлемдегі
анталогиялық сипаттағы ірі сөздіктер.
3. Синонимдер сөздігі.
4. Сирек, аз қолданылатын сөздердің сөздіктері.
5. Ғылыми салалар бойынша жасалған терминалогиялық
сөздікдер.
6. Кірме сөздер сөздігі.
7. Қос тілді сөздіктер.
II. Сөздерді топтастыру тәсілі бойынша:
1. Сөздерді лексико - семантикалық және тақырыптық принцип
бойынша жинақтайтын сөздіктер.
2. Сөздерді шартты грамматикалық белгілеріне қарай
жинақтайтын сөздіктер.
3. Сөздіктерді олардың құрлысы бойынша орналастырып, тілдің
барлық лексикалық құрамын қамтитын сөздіктер.
Осындай еңбектер сол кездегі парсы, түрік т.б. мұсылман
халықтарының лексикографиясының пайда болып, даму барысында өте үлкен
ықпалын тигізуімен қатар, қазіргі заман араб лексикографиясының дамуына
үлкен үлесін қосты.
Махмуд Құсайнұлы Мухаммед Қашқаридің ата - бабасы Барсғанда туған,
яғни ата - тегінің шыққан жері, өзінің өсіп өнген жері осы көне түрік
шахарларының аумағы. Баласағұн жері Барсған қаласында дүниеге келген. Ғалым
ол жайында өз еңбегінде былай дейді: "Барсған Махмуд Қашқари Афарсиаб
ұлының есімі. Барсған қаласын сол салдырған"[2].
О.Прицактың есебі бойынша Махмуд Қашқари 1029 жыл мен 1038 жылдар
арасында дүниеге келген. Қарақан әулетінде шыққан. Кейінен Қашқарда білім
алып, Бұхара мен Бағдатта оқуын жалғастырған. Дегенмен оның өмірі туралы
мәлімет өте жұпыны. Махмуд Қашқари - түркі халықтарының орта ғасырлық алып
тұлғаларының бірі. Ол Барсған қаласында туылғанымен әкесі әскери қызмет
бабымен біржолата көшіп келгендіктен, ғұлама бүкіл саналы ғұмырын түркі
халықтарының екінші ордасы - Қашқар қаласында өткізген.
Қашқар – қазіргі Қытай Халық Республикасы, Шыңжан -
автономиялық ауданындағы қала. Ертеректе "Ұлы жібек жолындағы" ірі сауда
орталығы болғандықтан, оның даңқы көп елге тарап кеткен. Кейіннен Батыс
Қытайдағы Тянь-Шань, Памир, Куньлунь және Бәйшан тауларын қамтитын өлке
түгелімен Қашғария болып аталған.
Енді әлемге әйгілі еңбегіне келетін болсақ, түркі халықтарының
түгелге жуық аралап, заң ілімі, арифметика, құран, шариғат пен хадис
бойынша білім алады. Араб – парсы тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін
меңгерген. XI ғасырда : Диуани ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz