Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірбаяны



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
1. Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірбаяны 3
2. "Тарих-и Рашиди" еңбегі 5
Қорытынды 16
Қолданылған әдебиеттер тізімі 17

Кіріспе

Өтпелі 1999-2000 жыл ЮНЕСКО-ның шешімімен Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати
(Дуглат) жылы болып аталғаны мәлім. Ал бұл шешім Мырза Мұхаммед Хайдар
Дулатиге әлемдік өркениеттің төрінен орын беріп, ұлылардың ұлысы қатарында
санады деген сөз. Одан қалды, бұл шешім шығыс халықтарының, оның ішінде
түркі тілдес халықтардың әлемдік өркениетке үлес қосарлық ұлы мәдениеті,
әдебиеті, тарихы, тілі, ділі бар деген сөз.
Бұл шешім тәуелсіз мемлекет құрып, көгілдір көк туын желбіретіп,
асқақтата тігіп, әлемдік қауымға дара мүше болып кіріп, болашаққа қол
созып, тәуекел атына мініп тұрған қазақ халқының мақтаныш сезіммен атап
қана емес, шаршағанда тірегі болар, шалдыққанда тілегі болар Мырза Мұхаммед
Хайдар Дулатидей ұлы ата-бабасы бар деген сөз, ағайын!
Бұл күні әлемдік Дулатитануда Мырза Мұхаммед Хайдардың ұлы тұлға,
шығыстанушы, тарихшы, көш бастаған көсем, сөз бастаған шешен, қол бастаған
қолбасшы, мемлекет басқарған қайраткер екендігі айтылып келеді. Бірақ, осы
500 жыл тарихнамасы бар Дулатитанудың әлі күнге дейін толық бейнесі,
адамзат баласы алдындағы, Орталық Азия халықтарының алдындағы орны, қадір-
қасиеті толық ашылды деу қиын.
Жарты дәуір ішінде Дулатиден дәрежесі кем емес көсем де, шешен де,
қолбасшы да, қайраткер де, ғалымдар да өтті. Бірақ солардың әрқайсысынан
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің ерекшелігі неде?

1. Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірбаяны

Орта ғасыр рухани жәдігерліктерінің арасында аз зерттеліп, қазақ
ғылымының нысанасына айнала қоймаған шығарманың бірі — "Тарих-и Рашиди".
Мұның авторы — тарихшы, ақын, әскери қолбасшы, мемлекет қайраткері Мұхаммед
Хайдар мырза Дулати. Дулати мұрасына Батыс ғалымдары қызыққанымен, өз
ұрпағы ұзақ уақыт бойы назар аудармай келді. Біз бүгінде дерекнама ретінде
сол Батыс ғалымдарының еңбегіне ғана сүйене аламыз. Тарихшы - қайраткердің
ертерек зерттелінбеуі қазақ мектебін бітірген сан мыңдаған шәкірттердің
тарихи танымына нұқсан келтірді. Бірақ, қазір зерттеліп-зерделеніп
жатқанына шүкіршілік айтайық.
"Тарих-и Рашидиді" жазған Мұхаммед Хайдар Дулати 1499 жылы Ташкент
қаласында, Моғолстанның билеушісі Жүніс ханның күйеу баласы, ата-бабасы
шонжар тұқымынан шыққан Құсайынның шаңырағында дүниеге келді. Оның атасының
есімі де Мұхаммед Хайдар мырза Дулати. Сондықтан тарихшының есімі тарихи
әдебиеттерде Мырза Хайдар аталады. Тахаллусы (бүркеншік есімі) — Аяз. Бұл
жайында тарихшының қолжазбасында былай деп жазылған: "Алланың рақымы түскен
пендесі, әлейім жұртқа Мұхаммед Хайдар есімімен танымал болған Мұхаммед
Хайдар ибн Мұхаммед Құсайын көрегенмін (гурекен). Мен алланың әмірімен, аса
бір қабілетім тасып, іскерлігім асып-тасып бара жатпағанмен, ата-бабамның
тарихын жазып қалдыруды парызым деп ұғып, аллаға мінәжат етіп, қолыма қалам
алдым. (Қолжазба, бірінші дәптер, З-б).
Шығарманың қазақ тарихына байланысты беттерін әңгімелемес бұрын оның
есіміне жалғанған бабалық атауы Дулаттар жайында бірер сөз қозғайық. Қазақ
шежіресінде Дулат — Үйсіннен тарайтын тайпа ел. Олай болса біздің
заманымыздың жыл санауынан бұрын ғұмыр кешкен Үйсін мемлекеттік
бірлестігінің құрамындағы тайпа. Ал біздің заманымыздың бірінші ғасырында
Үйсін мемлекетінің 120 мың түтінінде 630 мың жан, 188 мың 800 атты әскер
болғаны Қытай жазбаларынан белгілі. Таяу арада бұл көне деректі қытай
жылнамаларынан толықтырып, Шыңжаң қазақтарына "Ханьнама", "Батыс өңір
шежіресі" секілді соны еңбектер ұсынылды.
Хайдар мырзаның Дулат тегі сол Үйсін заманынан басталады. Үйсін
Күнбиінің бір ұлы Далудаға еншілікке Іле бойын береді. Бұл ел Далу (Дулу,
Дүғлат, Доғлат) аталады.
С.Е.Маловтың зерттеуі бойынша Күлтегін тас жазуындағы Бумын қаған,
оның інісі Естемес қаған да Дулу болған. Дулулардың бір бөлігі һұндармен,
Моншак ханның баласы Атыл (Махмұд ибн Уәлидің "Бахр әл-Асрар фи Манакиб әл-
Ахйарда" еңбегінде Атил — Еділдің ежелгі атауы) әскерімен Европа жорығына
қатысты. Көптеген түркі тайпаларымен Васымыл (арғын), найман, қоңырат,
үйсін тайпаларымен одақтасып дулаттар 515 жылы жужандарға бағынышты болуын
тоқтатып, Юсбан (Үрбі) одағын құрды. Оларға Бумын қаған, Естемес (Естеми,
Иштеми) қаған қолбасшы болады.
"Дулу қағаны Естеместің ордасы, - деп жазады Қазақ энциклопедиясында,
— көне Құяс (қазіргі Алматы облысы, Кеген ауданы маңында, Жалаңаш
бөктерінде болған" .
Наршаһидың, Л.Гумилевтың жазбасына қарағанда Естеми өзінің бар ғұмырын
жорықта өткізген, қырық бес жыл аттан түспей Орал тауы мен Еділ бойлап,
Каспи теңізін жағалап, Памирді бөктерлеп, Хантәңірді айналып түрік елінің
шекарасын белгілеген. Бұл деректі алты жүз жыл өткеннен кейін де Құсайынның
ұлы Махмұд Қашғари "Диуани лұғат ат-түрки" шығармасында: "Қазіргі бүкіл
түрік елінің шекарасы Абискүн (Каспи) теңізінен айналып Рұм елінен,
Өзкенттен Шығысқа дейін созылады. Ұзындығы сегіз мың парсақ",- деп жазады.
Соған қарағанда Естемес қағанның кейінгі ұрпағы ел шекарасын бұрынғыдан да
кеңейткен болды ғой!
Бұл кітаптағы дерекке қарағанда 14-16-ғасырларда Моғолстанға, Моғол
мемлекетіне қараған Жетісу, Қашқар аймағы — кезіндегі Үйсін мемлекеттік
бірлестігінің иелігі еді. Дулат — Үйсіннен тараған тайпа. Мұхаммед Хайдар
Дулатидың бабасы Ұртубуға моғол хандары Қашқардағы Манғылай-Сүмбені
тегіннен иелікке бермегені осы жерде мәлім бола түседі.
Мұхаммед Хайдар Дулатидың Моғолстан кезінде билік жүргізген ата-
бабалары былай таратылады: Бобдахан — Ұртубу — Болатшы — Құдайдат — Сейіт
Ахмет — Сейітәлі — Мұхаммед Хайдар. "Тарих-и Рашиди" еңбегіне сүйенсек,
бұлардың билікке бәрінің қолы жеткенімен атақты қолбасшы болғандары —
Ұртубу, Болатшы, Құдайдат.
Осылардың ішінде тарихта ерекше аталатыны — Болатшы. 1360-62 жылдар
шамасында қайтыс болады. 1359 жылы ол Құндызда Тұғылық Темір ханнан моғол
тілінде, моғол әрпімен жазылған мадақтама (грамота) алады. Ол бойынша хан
Дулат тайпасының әмірлеріне тоғыз түрлі артықшылық береді. Болатшының
бауыры Түлек те, Кәмеладдин де ұлыс бектері һәм әскери қолбасшы болган.
Соңғысы Тұғылық Темірдің баласы Ілияс Қожаны өлтіріп, Моғолстанда өкімет
билігін қолына алады. Ал Сейітәлі әмір Уәйіс ханның (1428) әскери
қолбасшысын, Қашқардағы Ұлысбектің нәменгерін қуып шығып, Қашқарда ұзақ жыл
билік жүргізді. Мұхаммед Хайдар Дулатидың атасы — Мұхаммед Хайдар Қашқарды
билеген. 1480 жылы оны өзінің жиені Әбубәкір Ташкентке қуып жіберген (Бұл
дерек "Тарих-и Рашидиде" жазылады).

2. "Тарих-и Рашиди" еңбегі

"Тарих-и Рашидиде" Хайдар мырзаның қолында билік болған бабаларының
бәрінің есіміне Дулат жалғанып отырған. Солардың мықтылары ұлыс бегі
Құдайдат Дулати мен Кәмаладдин Дулати. Құдайдат моғолдың алты ханын таққа
отырғызып билік етсе, ал Кәмаладдин Моғолстандағы билік үшін өмірбақи Ақсақ
Темірдің тұқымымен жауласып өткен.
Сонымен жоғарыда келтірілген деректерге қарап, Хайдар мырзаның
есіміне, оның бабаларының аты-жөніне Дулат тайпасының атауы бекер
қосарланбағанын байқаймыз. Оған тағы бір тиек — оның ата-бабасының Қашғария
мен Жетісуға билік жүргізгендігі. Әрі ол елдің Моғолстан, Моғол мемлекеті
аталуының себебі де бұл аймақтардың ықылым заманнан өз жері, өз қонысы,
иелігі екенінің бір дәлелі.
Солай дегенмен де, көне тарихтың қоржынын ақтарсаңыз бүгінгі Орталық
Азияны мекендейтін түрік халықтарының тарихи, мәдени мұрасы, қаласы мен
даласы да ортақ. Сондықтан қандай да болмасын ғалымдардың, жыраулардың
мұрасын сирағынан тартып, қызғаныш туғызып, алакөзденіп бөлшектеу — ортаға
шоқ тастау, арандату, жауластырудан өзге ешқандай да пайдасы жоқ. Бұл ой
көптен бері айтылып келеді, бірақ ұрпақ алмасады, өмірге жаңа перзенттер
келеді, оның әрбір кезеңінде қайталап айтып, жазып отырмаса ұмыт болатының
куәсі болып отырмыз.
"Тарих-и Рашидидің" өзге тарихи шыгармалардан ерекшелігі — ондағы
тарихи атау, жағрафиялық атауларға ғылыми түсінік беріп отырмаса, бүгінгі
оқырманға ұғымсыз жері мол. Сондықтан да еңбекте жиі айтылатын Моғол,
Моғолстан, Моғол мемлекеті, Ұлы Моғол мемлекетіндегі "моғолды" монғолдармен
шатыстыруға болмайды. Бұл атау тарихи әдебиетте дәлелденген. Ш.Уәлиханов,
В.Григорьев, Г.Левшин сияқты ғалымдардың түйінді пікірлері бар. Моғол —
жете — чете — жалайыр жұртының орта ғасырдағы атауы. Егер четенің шығу
тегін қарастыра берсеңіз тым алысқа, көнеге сапар шегесіз. Мәселен, дүние
жүзінің екінші ұстазы аталған данышпан ғалымымыз Әбунасыр әл-Фараби өзінің
музыкалық трактатында: "Менің шыққан тегім четеде музыкалық оқулық
болмағандықтан араб әдебиетін пайдаландым", - дейді.
Моғол атауының шығу тарихы қысқаша осындай. Содан өрбіп шығарманың өн-
бойында әңгіме болатын Моғолстан, Моғол мемлекетінің атаулары туындайды.
"Тарих-и Рашиди" екі дәптерден, яғни екі бөлімнен құралады
Көлемі елу баспа табақ. Алдымен екінші дәптері (1541-42) жазылады.
Екінші дәптерін ол 1546 жылы наурыздың 3-жұлдызында Кашмирде аяқтайды.
Кітаптың "Рашидтің тарихы" аталуының үш түрлі себебі бар екені еңбекте
ескертіледі: "Әуелі, Тұғылық Темірді ислам дініне құлшылық еткізген шейх
Аршад ад-динге бағыштадым; халқын рушт ("ақиқат" дегені) жолына бастаған
Тұғылық Темірге бағыштадым; осы заманда Қашқарды билеп отырған Әбумұзафар
Әбдірашид ханға бағыштадым".
Шығарманың атауы, бағышталуы ел аузындағы аңызға сүйеніп жазылғанмен,
тарихшы бірінші дәптерін де Моғолстанға, Жетісу өлкесіне, оны билеген
хандар Тұғылық Темір, Уәйіс хан, Жүніс хандардың саяси қатысына, елдің
ахуалына, олардың бүгінгі Жетісу мәдениетіне, Қазақ хандығына тоқталады.
Ал екінші дәптер — негізінен Қашқар мен Кашмир естелігі, сол сияқты
Мұхаммед Шайбани ханның (Шахибек хан) қазақтарға қарсы жорығы, оның тізе
бүгуі, Моғолстанның аймағы, оның шекарасы, қазақ хандарының жорығы сөз
болады. Кітаптың Рашид патшаның тарихы аталуы оның бір дәлелінде: "Рушт-
ақиқат жолына түскен Тұғылық Темірге арнадым", - дейді. Оның билеушісі
Тұғылық Темірдің ислам дінін қабылдауы жайында кітапта былай делінген:
"Тұғылық Темір ханның ислам дінін қабылдауының себебі болған жагдай мынадай
еді: Тұғылық Темірге Жамал ад-дин шейхты ертіп келгенде ол итін шошқа
етімен азықтандырып жатыпты. Хан шейхтен сұрапты: "Мына ет адал ма, сен
адалсың ба?"-деп. Сонда шейх: "Егер менің дінім болса мен адалмын, егер
сенер дінім болмаса, онда менен иттің өлігі артық",-депті. Бұл сөз ханды
қатты толғандырып, жанын күйзелтіп, исламға ден қойыпты. Егер алла
тағаланың рахымы түссе, оны мен сіздерге баяндап беремін".
"Тарих-и Рашидиде" Әбілхайыр ханның билігі қысқа да, нақты дәлелдермен
сөз болады. Шығарманың "Қазақтардың жағдайының ерекшелігі, олардың хандары,
оларға мұндай ат берілуінің себептері, олардың "құлдырауы" деген тарауға
сүйенсек, мұнда Әбілхайыр хан Дешті Қыпшақты толық қаратқаннан кейін, одан
сескенген Керей хан мен Жәнібек сұлтан, тағы басқа да ханзадалар
Әбілхайырдан қашып, Моғолстанға келгені баяндалады.
Әбілхайыр қаза тапқаннан кейін Өзбек ұлысында таққа таласқан айқастар
басталады, осындай кезде көп халық Керей мен Жәнібекті паналап, қоныс
аудара бастайды. Ол екі хан дүниеден қайтқаннан кейін билік Керей ханның
баласы Бұрындық хан мен Жәнібек ханның баласы Қасым ханға көшеді. Қасым хан
Әдік Сұлтанның жесірі, Жүнісханның қызына үйленіп, жергілікті хан тұқымына
иек сүйеп, бұрынғыдан да нығаяды. Бүкіл Дешті Қыпшақты өзіне қаратады.
Мұхаммед Хайдар Дулатидың жазуынша: "Жошы ханнан кейін мұндай қуатты,
даңқты адам болған емес".
1462 жылы Моғолстанның ханы Есенбұға дүниеден қайтқаннан кейін билікті
Жүніс хан (1462-1487) алды. Темір әулетінің ұрпағы, әрі құдасы Әбусейіт
мырзаның қолдауымен бұрын қолынан шығарып алған Батыс бөлікті қаратты, ал
Қашқарды Есенбұғаның баласы Досмұхаммед хан 1468 жылға дейін билеп, ол
өлген соң Жүніс хан Ақсуды басып алды, дәл осы кезде Керей мен Жәнібек
қазақ хандығын құрып жатқан. 1472 жылға қарай Батысты Ташкентке, Ферғана
уәлаяатына, оңтүстігі Қашқарға дейінгі Жетісу, Хан тауының етегі Жүніс
ханның қарамағына көшті. Жүніс хан 1482 жылы Сайрамды, 1485 жылы Ташкентті
жаулап алғанымен, бұлар баянды болмады. Мұхаммед Шайбанидың толық жеңісіне
дейін Ташкентті Жүніс ханның үлкен ұлы Сұлтан Мұхаммед хан билеп (1487-
1508) отырды. Оның інісі Сұлтан Ахмед хан әкесінен бөлініп, Ыстықкөлдің
айналасына орналасып, Жетісу мен Сырдария қазақтарына, қалмақтарға қарсы
соғысты, бірақ оның иелікті қайтару әрекетінен ештеңе шықпайды. 16-ғасырдың
бас кезінде Моғолстан хандары Жетісудағы билігінен айрылды.
Бұл кітапта Орта Азиядагы Темір әулеті мен Шағатай әулетінің, оларға
бүйірден қосылған Мұхаммед Шайбани әулетінің билік жолындағы ұзақ жылға
созылған шайқастары һәм Хайдар мырза тағдырының да қилы-қилы кезеңдері,
соқпақтары көрініс табады. Хайдар мырза Шайбани тұқымымен де қандас туыс-
ты. Оның шешесі — Шағатайдың туажаты Жүніс ханның кенже қызы Хуб Нигер
ханым болса, ал Жүніс ханның үлкен қызы Құтлық Нигер ханымнан Темірдің
туажаты Мұхаммед Бабыр туады. Сөйтіп, Хайдар мырза билік үшін таласушы екі
әулеттің арасында ғұмыр кешіп, көп қиыншылықты да, билікті де бастан
кешірді.
Шағатай әулеті билік құрып отырған Моғолстандағы қақтығыста оның әкесі
Құсайын мырза да қудаланып, Бабырдың әкесі Омар шейх мырзаның, Жүніс ханның
ұлы, Ташкент уәлаятының билеушісі Сұлтан Махмұдтың қарауында қызмет
атқарып, Ұрантөбеде оның нәменгері де болды. Ол қазаға ұшырағанда жалғыз
ұлы Хайдар мырза бөлесі Бабырдың тәрбиесінда қалды. Ол да билікке ерте
араласқаны болмаса, әлі де буыны қатпаған ұлан-ды. Соған қарамастан Бабыр
Ферғана, Ташкент, Самарқан аймағында Мұхаммед Шайбанимен кескілескен ұрыс
жүргізген тұста бөлесі Хайдар мырза да бірер жорыққа қатысты. Ақыры күйеу
баласы Сұлтан Сейіт ханның жасағына қосылып, бүгінгі Қашқар жеріндегі Моғол
мемлекетінің құрылуына қатысып, 1513-1533 жылдары Сейіт ханның әскерінде
қолбасшылық етіп, әрі жиені Әбдірашит падишаһты тәрбиеледі.
1533 жылы Хайдар мырза Тибет жорығына қатысады. Сол жорықта Сейіт хан
қаза табады. Үзеңгілес күйеу баласынан айырылған Хайдар мырзаны жиені
Әбдірашид хан сыйлай қоймады.
"Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпастың" кері келіп кеше
ғана ақылшы, ұстаздық етіп, қасына ертіп, баулып жүрген жиені Әбдірашит
әкесі Сейіт дүние салғаннан кейін, таққа отырысымен, оның бұрынғы ақыл-
кеңесші уәзірлерінің көзін жойып, ал нағашысы Мұхаммед Хайдар Дулатиді қуып
жібереді. Ол әкесінің сарбаздарынан, үзеңгілес жолдастарынан қол үзеді.
Жиенінен жапа шеккен Хайдар мырза Үндістандағы бөлесі Бабырдың әулетіне
қарай ойысады. Бұдан басқа амалы жоқ еді: "Туған өлкесі, ата-бабасының
қонысы Жетісудан да айрылды, нағашы атасы Есенбұға Ақ Ордадан ойысқан Керей
мен Жәнібектің жасағына жер бөліп беріп, қоныстандырамын деп пәлеге қалды.
Олар біртіндеп Шағатай тұқымын ығыстырды. Мауараннахрды Шайбани тұқымы
билеп алды, Темір тұқымын биліктен айырды. "Өзге пана болар жер
қалмағандықтан Үндістанға беттедім" - дейді Хайдар мырза.
"Тарих-и Рашидидің" екінші дәптері көбіне осы Кашмирде кешкен өміріне
арналған. Мұхаммед Хайдар Дулатидің мұнда өз жеріндей бауыр басып
қалғанының тағы бір себебі, Кашмир — атам заманнан түрік шекарасындағы
қала, оның бабалары одан жүздеген жылдар бұрын, дәлірек айтқанда, біздің
заманымыздың 4-5 ғасырлар аралығында билік құрған. Мұнда тіпті XII ғасырда
түрік халықтарының тілі мемлекеттік тілдердің біріне айналған-ды. Оған бір
нақты дәлел — Ә.Н.Нәжіптің зерттеуінде көрсетілген[1]. Дели сұлтанатындағы
Бадыр ад-дин Ыбырайымның "Ауызекі лұғат, зерттелетін дүние" атты шығармасы.
Мұнда Үнді жеріндегі өзге халықтың тілдерімен қатар түрік тілінің сөздігі
берілген. Онда бүгінгі қазақ тілінің қорындағы іні, келін, ене, балдыз
тәрізді сөздердің молынан ұшырасуы жоғарыда айтқан ойымызды нақтылай
түседі. Бұл тіл Мұхаммед Хайдар Дулати Кашмирде билік жүргізген кезде
қатынас тілі болғаны оның тарихи шығармасында да жазылған. Соған байланысты
бұл мәселенің төркінін арыдан қарастырған жөн.
Теріскей Алатаудың Сапы асуының етегінде болған Барсыған қаласының
ежелгі тұрғыны Құсайынның ұлы Махмұд Қашғаридің "Диуани лұғат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхаммед Хайдар Дулати-өмірбаяны
Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар- әйгілі тарихшы
М.Х.Дулатидің Тарих и Рашиди еңбегін Қазақстан тарихы курсында қолдану әдісі
Мұхаммед Хайдар Дулати заманы
М.Х.Дулати
Қазақ жеріндегі XV-XVI ғғ. саяси және тарихи -әлеуметтік өзгерістер мен Мұхаммед Хайдар Дулатидың тұлға ретінде қалыптасуы
Тарихи Рашиди шығармасында қазақ хандығының құрылуы
Ежелгі Кашмир мен Делидегі түркістан перзенттері
Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмір белестерінен
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегі
Пәндер