Үшқоңыр жайлауы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Үшқоңыр жайлауында 3
Н.Ә. Назарбаевтың "Тарих толқынында" атты еңбегі хақында 14
Ұлт болмысы 16
Қолданылған әдебиеттер 24

Кіріспе

...Мұнан екі жарым ғасыр бұрын Бұқар жырау бабамыз жиын алдында болуы
керек, былай деп толғаныпты
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.
Осы заманғы көзқарас-пайыммен ой зерделер болсақ, Істің мәнісі өзгеше
ауанда жататын сияқты. Қайта құру, жариялылық кезеңінде, одан бертіндегі
тәуелсіздікті орнықтырып, баянды ету тұсында небір басқосу, алқалы
мәжілістерде суырыла шығып, сыдырта пікір төкпелейтін шешендер, ділмарлар
жұртшылық назарын өздеріне аударуда. Көп жағдайда олар бірсарын пікір-
пайыммен ел-жұртты мезі етуде. Бірақ та үскірік желдің өтінде тұрып,
қонатын жерден көл табылмаған — экологиялық орасан зардапты, экономикалық-
әлеуметтік халі жартыкеш күй кешкен ел-жерді басқару, Бұқар бабамызша
айтқанда — бастау барша қиын дегеннің өзекті екені кәміл. Ел тағдырындағы
мұншалықты өтпелі кезең тұсында мейлінше ұрымтал шешімдер, күтпеген
байламдар, тың бастаулар тауып отыру үшін ел басшысының бойынан қандай
қабілет-қарым қайнарлары, көрегендік даналығы табылып жатуы қажет
десеңізші. Ендеше тап сондай тұлғаны бала күнгі тағдыр-тіршілік жолдары
қалай сомдап, қалыптастырған? Жалпы республика президентінің бозбала
жастағы тағдыр тараулары, ғұмырбаяны қалай өрбіп-өрілген? Міне, осы
танымдық әсері мол сауалдарға там-тұмдап болсын жауап іздеу мақсатында
Н.Назарбаевтың өмірінің бастауларына мейлінше үңіліп, оның балалық шақтары
туралы жұмыс жазуға тырыстық.

Үшқоңыр жайлауында

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — 1940 жылы Алматы облысы Шамалған
селосында шаруа отбасында дүниеге келген.
Тарих доңғалағын кері айналдырып, 1940 жылдың шілде айының 6-сы күніне
қайтып оралайық.
Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында тап сол күш бір қауым
елдің есінде қаларлықтай қуанышты болды.
Сонау 1906 жылы дүние салған Назарбайдың шаңырағын ұстап тұрған науша
жігіт Әбіштің отбасында бақыт пен шаттық орнап, тұңғыш перзент маңдайы жарқ
етіп, тау ауасының салқынына тұла бойы түршіккеннен шар етіп жылап дүниеге
келді. Көшпелі халық өркениеті мыңдаған жылдар бойы әбден қалыптап,
шөпшектен-шөпшекке қалдырып келген дағды бойынша, ең жайлауда қоңсылас
отырған көрші-қолаңның толғақ қысқан бойда дереу жеткен кексе әйелдері
кіндік кесіп, ана мен бала денінің саулығына шипа боларлық ем-шараларын
жасады. Ыңыршағы айналған елдің көтерем хал-жағдайына қарамастан, марқа
сойылып, жас сорпамен кішкене бөбектің анасы қалжаланды.
Анадан алғаш туғанымда,
Жыладым неге дабыстап.
Кіндікті кесіп, қиғанында,
Анамнан кеттім алыстап.
Енді бірер күн шамасында нәрестеге кім деп ат қою әңгімесі даурыға
көтеріліп, Бауы берік болсын!, Құтты болсын! айта келіп бармен базар
болып дәм татып айтып жатқан ағайын-туыс, жақын-достардың аузында жүрген.
Бірі Райымбек, Карасай бабалардың атын еске салса, бірі ғасыр алыбы Жамбыл
атын қой дейді, енді бірі күн көсемдер атының алғы әріптерінен жұптап
Мэлс деп ныспылауды ұсынады. Келесі біреулер айға ауызды білемей-ақ —
Советхан, Социал, Колхозбек деп ат қоя салуды да кеңес еткен-ді. Әлде
періште аян берді, әлде ата өсиеті түрткі болды ма, болмаса етжақын
ағайындардың Нұрділдә, Нұрдәулет, Нұрлыбек, Нүсіпхан деген сияқты
балаларының аттарына ұқсастырылып қойылды ма, кім білсін, әйтеуір бөбектің
аты Нұрсұлтан деп қойылып, Тетебала әжесі мен Әбіштің ағасы Үмбет оның
құлағына үшкірісіп жатты. Тұңғыш перзенттері осылайша дүние есігін ашқанда
ата кәсібімен колхоз малын бағып жүрген Әбіш отыз жеті жаста, ал жұбайы
Әлжан отыз бес жаста еді. Ел жұтап, осыдан он жыл бұрынғы алапат
ашаршылықтың кебін киіп тұрмаса да, мүлдем қоңырқай тіршілік кешіп жатқан
шақта той-думан дегеннің берекесі қайдан бола қойсын?! Десе де, Әбіштің өзі
кештеу үйленіп, одан кейін бірер жылдар бойына сүйген қосағы құрсақ көтере
қоймаған соң, көпке жария етпестен Алматы іргесіндегі батыр баба Райымбек
Хангелдіұлының бейіті басына барып түнеп қайтып, онда қасиетіңнен айналайын
аруақты баба түске еніп: Күт, ұл балаң болады! — деген аян беріп, содан
кейін көрген тұла бойы тұңғыштарының шілдеханасын жасаудан, жас жұбайлар
қалайша ғана бас тарта қойсын?! Таудағы жайлаудың алабұрта өзгеріп, бірде
жауын, бірде бұршақ, келесі бірде күрт суытып қар жауып тұрған шағында,
тамыз айының ортан бөлігінде туғанына қырық күн толған сәбидің алғаш шаш,
тырнағы алынып, ырым-жоралғылары жасалып бесікке бөленіп, шілдехана тойына
ой мен қырдан арнайы қонақтар шақырылады. Өн айтылды, күй шертілді. Көкпар
тартылды. Ертелі-кеш тынымсыз еңбектен қолдары бір босап, арқаны кеңге
салған ағайын бөбектің құлағына сіңе берсін деп елі мен жерін қорғаған
ертедегі батырлар, хандар мен бектер, халықтың біртуар перзенттері жайлы
әфсана-әңгіме қозғады, ертегі-қисса, жыр-дастан толғады, Кеңес ахуалы да
назардан тыс қалған жоқ. Осылайша, түн ортасы ауғанда, Жетіқарақшы
шөміштенген шақта ауылдастар жайлау төскейін ат тұяғының дүбіріне бөлеп,
Үшқоңырдың шығысы мен батыс беткейіндегі жайлауларға тарап жатты. Көшпелі
халық тыныс-тіршілігін өзгеден бөлек, бұйығы қалыпта алып қарауға әсте
болмайды. Ұзынқұлақ жеткізген хабар жайлаудың ана төрі мен мына шетін леп-
лезде шарлап кете беретін. Ауыл, аймақ, қала берді Отан өміріндегі елеулі
оқиғалар да дәп сондай тәртіппен шар тарапқа таралып, қиыр шалғайдағы
адамдардың көңіл-күйіне өзгеше әр-бояу енгізіп, рухани жан азығына айналып
жатар еді.
Құдай-ау, түлкі екеш түлкінің көптігі сондай, тіпті қансонарда айлакер
деген түлкіні көп қгаіалмастші бишікпен де соғып алуға болатын еді деп
ауыздарынан суы құрып әңгіме айтушы еді үлкендер. Енді бұл жайлаудың көрік-
келбеті қанша өзгергенмен, қой баққан малшы, жылқышы және сиыршы, кей-кейде
түйеші, жайлау төскейін дүсірлете шапқан шабандоз, қызығы басылмас
көкпаршы: Біздің Үшқоңырда Президент туған! — деп кеуде кере мақтанып
отырады, — дейді Бақыт Сағындықұлы әлгі бірде бастаған тыңғылықты
таныстыру әңгімесін бүгінгі күн жастарымен сабақтап.
...Үшқоңыр жайлауы! Тауға қарап өскен тау баласының дүниетаным әлемі.
Қоршаған ортаның қыбыр еткен өзгешелігін қалт жібермей қадағалап отыратын
көшпелілер өркениетінің жұрнағы болып қалған салт-дәстүр. Міне, осының бәрі
бір сәтке көкейде тыныштық тауып, 1945 жылғы мамыр айының оны күндері
шамасында: Жеңіс! Жеңіс! — деген дабырмен, аста-төк ел қуанышымен
өзгеше көңіл-күйге бөленген әке-шешеге ілесіп бес жасар тау баласы етекке
түседі. Таудан өзге әлем, тау жайлауынан басқа табиғат кереметі жоқ деп
көңіл түкпірінде әбден сезініп қалған елгезек бала етекті ен жайлаған елді
көріп, ауылды жерді көріп қайран қалады. Жаңа тіршілікпен етене танысып,
қоғамдық орта рухын сезініп, көпшілікпен мидай араласып кетудің ең алғашқы
сабақтарын үйрене бастайды.

Абай атындағы мектеп оқушысы

1945 жылы тамыз айының екінші жартысында бүкіл Қазақстан бойынша
тойланып өткен ұлы Абайдың туғанына 100 жыл толуы мерейтойы мыңдаған
жастардың, қарадомалақ ойын балаларының естерінен ешқашан кетпек емес. Абай
ата, Абай мұралары ел ішінде кеңінен насихатталып, әр түрлі деңгейдегі
жиындар жер-жерде қызу дайындықпен өткізіліп жататын. Іргедегі аудан
орталығы Қаскелеңде де сондай іс-шаралар өткізіліп, орталық қазақ мектебіне
Абай аты берілуі көпке дейін айтылып жүрер тарихи оқиғалардың бірі еді. Ал
Шамалғанда өсіп жатқан бес жасар Нұрсұлтан есімді бала арада ондаған жылдар
өткен соң осы Абай мектебінің түлегі атанып, алыс болашақта егемен ел
басшысы болатындығы сол кезде бір құдайдың өзінен басқа тірі жанға аян емес-
ті?!
Бес жастағы Сұлтанның жадынан ешқашан кетпек емес тағы бір оқиға күзгі
жиын-терін толық аяқталғаннан кейін, қысқы соғым сойылар қараша айындағы
уақытта таудағы, ойдағы ел ішін қауға сақалды, жүзінен мейірім нұры төгіліп
тұратын Міркамал молданың аралай жүріп, бес, жеті жастағы балаларды
ата-бабалар дәстүрімен сүндетке отырғызуы еді. Ол кез үлкендер үшін көл-
көсір отбасы қуанышы, айта қаларлық мейрам болатын. Сүндетке
отырғызылған ер балаларды айналшықтай өбектеп, ата-аналары бір парызды
өтегенге іштей кеңейіп қалса, мұсылмандық салт-ғұрып кеңінен насихаттала
қоймаған ол ортада соғымбасы дегенді сылтауратып ағайын-туыс, көрші-
көлемді дәм татыруға бір шақырысып қалатын еді. Батырлар жыры, дастандар,
қария сөздер, есте жоқ ескі замандағы аңыз-әфсаналар сондай кештерде нағыз
мұсылман болған баланың құлағына сіңе берсін деп өте-мөте көп айтылатын.
Мақсаткерлік мінез-болмысымен дараланып, шоқтығы биік тұратындығы.
Қазіргі таңда Шамалған елді-мекенінде тұратын, орта мектепті бітіргеннен
кейін көп жылдар бойына ауылды жерде жүк тасушы — жүргізуші болып жұмыс
істеп келе жатқан қарапайым еңбек адамы Сағымбек Күшекбаевтың өз аузынан
естіген төмендегідей естелік" сырлары жоғарыда айтылған ой-толғамға жарық
сәулесін түсіріп, Елбасының балалық шақтағы ғұмырбаян парақтарын соны
көзқараспен әрлендіріп-толықтыра түсті.
— Мен Сұлтанмен (Нұрсұлтанмен) осы Шамалғандағы бастауыш мектепте
бірге оқыған жанмын. Ойынмен, денінде әке-шешеге болысқан еңбекпен есейген
балалық шақтағы көп күшіміз бірге өтті. Әбіш ақсақал әулеті ауылдың жоғарғы
жағында тұратын. Көрші-қолаң Ресейден ертеректе қоныс аударған орыс
семьялары болып келіп, ойын барысында кейде орыс, өзге ұлттардың
балаларымен етене аралас-құралас өскендіктен бе, Нұрсұлтан бала күннің
өзінде орысшаға өте-мөте жетік еді. Нұрсұлтанның әке-шешелері өмір бойына
ауылда еңбек еткен, қарапайым, біртоға жандар. Әкесі Әбіш сиыршы
болатын. Әкесіне болысып Нұрсұлтан бала күнінде мал бағуға тауға да
кететін, Әбекең... марқұм өте момын еді. Ағайындары кіндіктерінен бала
болмай, Нұрсұлтан, Сатыпалды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоба авторы
Н. Ә. Назарбаевтың Сындарлы он жыл еңбегіндегі негізгі идеялары
Майлы бояумен сурет салу тарихы
Ресейдегі велосипед туризмі
Бекет атаның ұрпақтары
Н. Ә. Назарбаев шығармаларындағы көркемдік айтылымдар
Картоптың негізгі вирус аурулары
Туризмнің экстремалды түрінің дамуының алғышарттары
Орталық Қазақстан, Қарағанды облысы
Алматы облысы Үшарал ауылының кәдімгі боз топырағында өсірілген қант қызылшасының ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту
Пәндер