Сәбит Дөнентаев өлеңдерінің құрылысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Тақырыбы: Сәбит Дөнентаев өлеңдерінің құрылысы

Орындаған:

Тексерген

Жоспар
І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 4
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. С. Дөнентаев өмірі,
шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .7
2.2. Дөнентаев өлеңдеріндегі сыншылдық реализм ... ... ... ... ... ... 10
2.3. Ақынның поэзия жанрын байытқан жаңалығы ... ... ... ... ... ... 14
2.4. Сәбит қазақ өлеңдерінің құрылысына жаңаша түр енгізген

ақын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..17
2.5. Ақын өлеңдеріндегі бостандық, теңдік идеясы ... ... ... ... ... ... .21
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...27
ІҮ. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..29

І. Кіріспе
Қазақ тілінде газет-журналдардың, алуан түрлі тақырыптарға арналған
кітаптар мен шығармалар жинақтарының, ауыз әдебиеті үлгілерінің, жекелеген
авторлар шығармаларының басылып шығып, ел арасына таралып отыруы халықтың
рухани жағанан аянып, жарық пен мәдениетке ұмтылуының, оның ой-санасы
марқая бастағандығының айқын белгісі еді. Көркем әдебиет туындылары халық
арасына молырақ таралуымен бірге оның ақыл-ойына әсер ете басады. Сөйтіп,
халықтың рухани жағынан серіліп, көкірек көзі ашылуында, оның өз қасиетін
ұғынып күреске бет бұруында әдебиет те тиісті рөл атқарды.
Бұл кезеңдегі қазақ әдебиеті С. Торайғыров, С. Дөнентаев, С. Көбеев
тәрізді ірі ақын-жазушылардың, М. Сералин сияқты көрнекті публицистің және
басқа да демократ- жазушылардың есімдерімен сипатталады. Олар әдебиеттің
идеялы-тақырыптық мазмұнын тереңдетуде, оны жанр жағынан молықтыруда
айрықша еңбек сіңірді. Мысалы, С. Көбеев қазақ әдебиетіндегі роман жанрын
тұңғыш жазушылардың бірі болумен бірге орыс әдебиетінен қазақ тіліне
аударуда да көп іс тындырды. Сәбит Дөнентаев лирика жанрының дамып
жетілуіне әлеуметтік бағыты айқын да өткір сатира мен мысал жанрының
қалыптасуына көп үлес қосты. Ал ,талантты ақын Сәбит Днентаевтың еңбегі өте-
мөте жемісті. Ол проза мен поэзия саласында роман, поэма, лирика жанрынды
бірдей жазады. Оның журналист-публицист, сыншы ретіндегі еңбегі де бағалы.
Сәбит Дөнентаев творчествосы сан алуан. Ол әсіресе сықақ, мысал өлең,
әңгімелері, фельетондары арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
қайраткерлерінің алдыңғы қатарында қызмет етті.
1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы С. Дөнентаев
шығармаларына да жаңа сипат берді. Қазақ даласында ұлт-азаттық қозғалыстың
күшеюі, патриархалдық-феодалдық қоғамдағы әлеуметтік жіктер арасының ашыла
түсуі, қазақ халқының екі жақты қанауға душар болған ауыр халі, әр қилы
әлеуметтік теңсіздіктер, қалың бұқараның арманы мен тілегі С. Дөнентаев
шығармаларында да байсалды бейнеленген.
С. Дөнентаев шығармалары Ұлы қазан революциясы қарсаңында қазақ жазба
әдебиетінің мазмұны мен жанры жағынан дами түсуіне елеулі үлес қосты. Екі
дәуірді бірдей басынан кешіріп, Ұлы Қазан революциясынан бұрын негізінен
бұқарашыл-ағартушылық бағытты ұстанған ақын революциядан кейін кеңестік
шындықты жырлады, қазақ кеңес әдебиетінің іргесін қаласып, оның көркейіп
дамуына ат салысты.
С. Дөнентаев творчествосын дербес зерттеген арнаулы ғылыми еңбектер 40-
жылдары көріне бастады. Бұл ретте Е. Ысмайловтың 1941 жылы Халық мұғалімі
журналында жарияланған көлемді мақаласын атап өту қажет. Онда ақынның өмірі
мен творчествосы толық талданып, жеке шығармалары бірсыдырғы дұрыс
бағаланған. Орта мектеп оқушылары мен басқа сын-библиографиялық мақалаларда
да ақын мұралары барынша жан-жақты байыпталып, байсалды пікірлер айтылған.
Қазақ Ғылым академиясының М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институты С. Дөнентаев шығармаларын жинау, зерттеу жұмыстарына елуінші
жылдары айрықша мән берді. 1957 жылғы шілдеде Қазақ халқының әдеби-
поэзиялық және музыкалық мұрасын зерттеудің сын тұрғысынан қарап
пайдаланудың жайы және оларды жақсарту шаралары туралы қаулыда бұл жұмысты
одан әрі желдете түсті. Ақынның жүзге жуық өлең мақалалары табылды.[1]
Осылардың нәтижесінде 1957 жылы ақын шығармаларының толық дерлік жинағы
жарияланды.

ІІ Негізгі бөлім
2.1. Сәбит Дөнентаев өмірі, шығармашылығы
Сәбит Дөнентаев 1894 жылы Семей губерниясы, Повлодар уезі, Ақсу
болысында (Қазіргі Повлодар облысының Ермак ауданыда) кедей шаруаның
семъясында туған. Үй іші тапшы тұрғанымен, әкесі Дөнентай еті тірі, күн
көріске ұқыпты адам болады. Аздап мұсылманша оқыған Дөнентай үміт еткен
жалғыз ұлына әуелі өзі әріп танытып, ескіше ежелей алатын дәрежеге жеткен
кезде ауылтағы Мұхамбет-Садық деген молдаға береді. Бірақ діни жаттама
ынталы баланы ырқына жібермейді. Одан безген Сәбит 1907 жылы Маралды
ауданындағы Жәлеледдин дейтіннің төте оқу жүйесіндегі татар медресесіне
түседі. Мұнда ол Тройцкден келген Нұрғали молдадан жаңаша (Жәдидше) оқып,
әжептәуір білім алады. Біраз дайындығы бар ол енді Павлодар қаласының
маңындағы Құлабай-Қыпшақ аулына барып, Қасым қажы Ертісбайұлының
медресесіне түседі. Мұнда да сабақ жаңаша және татар тілінде жүргізіледі.
Бірақ Нұрғалидің оқытқанына қарағанда пән жүйесі басым болады:
Жаратылыстану, география, тарих, есеп, әдебиеттік оқу сабақтары жүреді.
Сәбит бұлармен ғана тынбайды, қолы бос уақытында Павлодар қаласына барып,
Сәния Ертісбаеваның көмегімен ақысын төлеп орысша да оқиды.
Сәбиттің білімге ақындық өнерге беріле кірісуі осы медреседегі
кезінен (1909-1912) басталады. Ол әртүрлі әдеби кітаптарды, татар, қазақ
тіліндегі газет-журналдарды, Абай мен Ғ. Тоқайдың шығармаларын, И. А.
Крыловтың мысал өлеңдерін, қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері мен шығыс
әдебиетінің аударма нұсқаларын көп оқиды. Бірте-бірте өзінің де эстетикалық
талғамы қалыптасып, өлең жазуға машықтана бастайды. (Жолдыбай – асқан
тентек құдай атқан, Қаламға, т.б.). Ақыры ол медресені бітіргенде,
әкесінің ойлағанындай діндар молда болмай, ақындық өнері бар, жаңашыл
мұғалім болып шығады.
Сәбит Дөнентаевтың саяси-сатиралық лирикамен шұғылдануына С.
Торайғыровтың да көп көмегі тиеді. Ол өзінің Айқап журналына
орналасқанын жерлес досына кешікпей-ақ хабарлайды. С. Дөнентаев оған
Қиялым атты өлеңін жібереді, С. Торайғыров өлеңді журналдың 1913 жылғы
22-23 сандарында бастырып шығарады. 1914 жылы Айқапта Дөнентаевтың Биік
тау (№12), Заман кімдікі (№13), Қазақтарға қарап (№20), Балалықты
сағыну (№21) атты өлеңдерімен Жөніменен өкпелеу керек деген мақаласы
жарияланады. Бұл шығармаларынан ақынның демократтық, өршілдік бағыты айқын
аңғарылады. С. Торайғыров Айқаптан кеткеннен кейін Дөнентаев
шығармаларына орын тимейді. Жазғандарын халыққа тез жеткізуге құштарланған
ақын енді Қазақ газетін айналдыруға мәжбүр болады. Ұлтшыл-буржуазияшыл
оқығандардың кертартпа бағытымен еш сиыспайтын Әр жан әр түрде (1914,
№80), Ұлтшылға (1915), Жанға (1915), Жаз (1915), Тотыға (1915)
секілді сатиралық өлеңдері осы Қазақ газетінде жарияланады және 1915 жылы
Уақ-түйек атты тұңғыш жинағы жарық көреді. Сөйтіп, С. Дөнентаев 1914-1915
жылдардың өзінде қаламы төселген, бет алысы айқындалған көрнекті бұқарашыл
ақындар санатына танылады.
С. Дөнентаев газетте қызмет атқарып жүрген кездерінде Семейдегі
Қазақстанды зерттеу қоғамымен қазақтың пролетариат-шаруа жазушылары
ұйымының бөлімшесіне мүше болып, олардың да күнделікті жұмысына белсене
араласып отырады. Ақыры денсаулығы нашарлап, 1930 жылдың мамырында туған
еліне қайтады. Сол жылдың күзінде Бесқарағай ауданының орталығы Беген
дейтін жерде мұғалім болады. Бірақ 1932 жылдың көктемінде Қызықл дала
(бұрынғы Қазақ тілі) газетінің редакциясы қайта шақыртып алады. 1932 жылы
ВКП Орталық Комитетінің Әдебиет-өнер ұйымдарын қайта құру туралы
тарихи қаулысы шықты. Бұл қаулы С. Дөнентаев сияқты көркем қнер
қаламгерлеріне жаңа творчестволық күш беріп, өрге бастады. Сол кезде ақын:
Енді ширайтын кез келді. Денсаулықты біраз түзеп алып, өндіріске жуық,
сонымен қатысы бар жерде тұрып, белсене жұмыс істесем деген ойым[2] бар
деген екен.
Бірақ ақынның мұндай ірі іске мүмкіндігі болмайды: ескі безгегі мен
көкірек ауруы меңдей түседі де, 1932 жылдың қазан айынан бастап төсек
тартып жатып алған ауруынан айыға алмай 1933 жылы 23 мамырда Семей
қаласында дүние салады.
С. Дөнентаев творчестволық талабы мол, жазушылық өнері толысқан
шағында қайтыс болды.

2.2. С. Дөнентаев өлеңдеріндегі сыншылдық реализм
С. Дөнентаев революцияға дейіен негізінен сыншылдық-сықақшыл (сатирик)
ақын болды, Салтыков-Щедриннің, Абайдың, Ғ. Тоқайдың реалистік дәстүрлерін
өнеге тұтты, ал сатира - өзінің табиғатында халықтық жанр екені мәлім. Өмір
жүгін әріден арқалап келе жатқан еңбекші халық рахат тұрмыс құруға кеселін
тигізген кесепат зұлматтарды әр заман ащы сөзбен ашына мұқатып, аяусыз
әшкерелеп отырған. Бұл дәстүр – жазба сатираның да өзекті тамыры. Мәселен,
ХХ ғасыр басындағы қазақ жазба сатирасы халықтық мақсаттарға, еңбекшілердің
қимыл-қозғалыстарына кесе- көлденең келген сан қилы зұлматты, әлеуметтік
теңсіздіктерді мансұқ етті. С. Дөнентаевтың революцияға дейінгі дәуірде
көбінесе сатиралық шығармалар жазумен шұғылдануының өзі-ақ оның демократ
ақын болғандығын дәлелдей алады. С. Дөнентаев бұқарашыл ақын болуымен қатар
ұсақ бұржуазияшыл ақын да болды дейтін көзқарастың дәйексіздігі бұл
жағдайдан аңғарылады.
С.Дөнентаевтың сатиралық шығармаларын жанрлық ерекшеліктері жағынан үш
топқа бөлуге болады.
1. Сатиралық өлең – Қаулы, Өгей ұл, Жәмила қыз, Ескі болыстың
тәубесі;
2. Юмор – Жұмыскердің өкініші, Атамыз бен өзіміз, Көркем қызға,
Кәрі батырға;
3. Мысал өлеңдер.
Ақынның сатиралық өлеңдері үстем тап өкілдерін аяусыз әшкерелеген саяси
сатира болып, көбінше ашық пікір мен өткір кекесінге құрылады. Ескі
болыстың тәубесі атты шағын ғана өлеңде халықтың аузын аштырмай , әбден
тұншықтырып, қысып ұстауы арқасында бірнеше жыл ел билеп келген жебір болсы
өзінің осы ісіне мақтанып, тәубе қылады:
Ел биледім неше жыл
Бергеніңе мың шүкір,
Қылдым тәубе-ай, сұбықан!
Жемқор болыс, жалмауыз! –
Деген сөзді бірауыз
Естігем жоқ халықтан.
Басқа пәле тілден ғой,
Оны халық білген ғой.
Автор жемқор, жалмауыз болысты оның өз сөзімен Абайша әшкерелесе де, бұл
болыс Абай әшкерелеген болыстардан өзгешелеу: Абай сынаған болыстар елін
мағымдап ұстай алмаса, мына болыс халықтың үнін шығармай тастайды. Яғни
С. Дөнентаев шығармаларындағы болыстар – кейінгі замандағы, мемлекет заңы
қаталдана түскен сол змандағы нағыз деспот.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде әйелдің бас бостандығын талап ету
тақырыбы айрықша жырланды. Бүкіл қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш рет
көрінген көркем әңгіме, повесть, роман іспетті реалистік жанрлар осы әйел
теңдігі тақырыбына байланысты туды. Проза саласында Әкрам Ғалимовтың
Бишара қыз, Спандияр Көббеевтің Қалың мал, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың
Қамар сұлу, Бейімбет Майлиннің Шұғаның белгісі жазылған кезде поэзияда
да әйел теңдігі тақырыбына арналған сюжетті шығармалар көп көрінді.
Солардың бірі – С. Дөнентаевтың Жәмила қыз атты сатиралық өлеңі.
Мұндағы ең жағымсыз кейіпкер – Төкіш. Оқиғаның бәрі соның төңірегінен
өрбиді. Бұған қарағанда автор шығармасының тақырыбын (атын) Төкішке
байланысты қойса керек еді, бірақ өйтпеген, - Жәмила қыз деп қойған,
себебі оның негізгі эстетикслық идеялы – қалың мал құрбандығы болған Жәмила
сияқты жас қыздарды азат ету.
Шығармада Жәмила азаттық ала алмай: патриархалды феодалдық қоғам
жағдайында ол мүмкін емес. Жәмила қыздың реалистік қасиеті де осында.
Аллегорияны саяси-қоғамдық пікір көрінісі ретінде қолдану әдісі
әсіресе орыстың ұлы революцияшыл демократтары шығармаларында айрықша орын
алады. Патша үкіметінің цензурасынан сақтанған олар халықпен көбінесе
эпостық астарлы тіл арқылы түсінісіп отырған. Мәселен, М. Г.
Чернышевскийдің Не істеу керек? романында революция сұлу қалыңдық
бейнесінде, ал халық революцияға ғашық болған күйеу жігіттің бейнесінде
беріледі. Орстың ұлы революцияшыл демократтарының органы Современник
журналы да өзінің оқушыларымен көбінесе астарлы тілмен сөйлескен. Әрине,
мұның бәрі қиянатшыл заңның қатал жазасынан сақтану үшін жасаған қажетті
амал.
Дөнетаев сатирасының алғашқы кезеңдегі ең көлемді, ең маңызды саласы
– мысал өлең.
С. Дөнентаевтың революцияға дейінгі мысал өлеңдерін екі топқа бөлуге
болады: 1. Аударма мысалдары; 2. Өзінің төл мысалдары.
Ақын алғашқы суреткерлік ізденіс сапарында көбінесе Калила мен
Димна , Данышпан Пильпай жинағы сияқты Индияның классикалық мысал,
новеллаларының орыс тіліндегі нұсқаларын аударды: Қожа, Ауырған
арыстан, Ұрымен баласы, Көзі тоймаған ит, Екі теке, Бит пен бүрге,
Бір көлдегі үш балық. Ал, жеке авторлар мысалдарынан Дөнентаев Ғ.
Тоқайдың Рамазан айында Ібілістің шайтандарына айтатыны атты мысал өлеңді
аударған. Ақын Индияның мысал, новеллаларын өзінше өлеңмен, ал Ғ. Тоқайдың
мысалын, сюжетін сақтай отырып еркін аударған; көпшілігінде қазақ өміріне
байланымты қорытынды берген.

2.3. Ақынның поэзия жанрын байытқан жаңалығы
С. Дөнентаев - әдебиет пен өнерді сүйе білген, оны өз шығармаларында
насихаттап, басқаларға өлең, мақаланы қалай жазу керектігі туралы ақыл
беріп отырған жазушы. Сол себепті оның сатиралық шығармаларында өнер
саласындағы шалғайлықтар да қамтылып, соған орай автор өзінің эстетикалық
талғамын байыптайды. Ақынның Жалдамалы сандуғашқа, Драмашыға (1924)
өлеңдері осы тақырыпқа арналған.
Жалдамалы сандуғашқа атты мысал өлеңінің жазылу тарихы туралы
қызметтес, жерлес досы С. Машақов былай дейді: Сәбиттің 1924 жылы басылған
Жалдамалы сандуғашқа деген өлеңі, өзінің айтуы бойынша, мынадай жағдайда
жазылған. Сәбит әйелі Хорлығайын екеуі Павлодар қаласында жүрген кезінде
атақты скрипка тартушы аддаммен бір мәжілісте болады. Бірақ скрипка тартушы
адам ақша дәметкен болса керек, түрлі сылтау айтып, скрипканы тартпайды.
Сәбит өзі де, әйелі де жалынып құштар болса да, ақыры одан да ешнәрсе
шықпайды. Жалдамалы сандуғашқа өлеңі сол скрипкашы ыза болудан туған1.
С. Дөнентаев ең әуелі музыка сазының Құлақтан кіріп бойды алар
қасиетін, естушіні сезімін елжірететін қобыз үнінің тылсым сырын
мүсіндейді:
Жылағандіы уатқан,
Қайғырғанды жұбатқан,
Қатыбасты иілмес
Бой ұсындырған, құлатқан,
1С. Дөнентаев. Шығармалар. Алматы, 1957, 418-бет.
Тас жүректі жібімес,
Қайғылы жерде жылатқан,
Естігем жоқ, көргем жоқ
Саған жанды мін тапқан...
Сен – табиғат гүлісің,
Сақау сырдың тілісің.
Ақын одан әрі қасиетті өнерді қаржыға сатып жүрген сыбызғышыны сен де
өңештің құлысың деп қатты сынап тастайды, қалталыға емес, халыққа ғана
қызмет ететін өнерді уағыздайды.
С. Дөнентаев Драмашыға өлеңінде жазушылардың өмірді жан-жақты жетік
білуін, мазаұнына түрі сай, іші алтын, сырты күміс шығармалар беруін
талап етеді:
Драма ма, құрама ма?
Сөз осылай құрала ма?
Сен жазушы болса екен деп,
өмір бетін бұрала ма?..
ішіне кір, сығалама!
Сынып кетер, сынала ма!
С. Дөнентаев – жұртқа талдай талап қойса, өзіне де сондай талап
қойып, шығармаларын аса ұқыптылықпен, аз да болса көптей етіп жазған ақын.
Оның творчестволық қызметі үнемі іздену, жаңаға ұмтылу, соны бейне, соны
түр табу үстінде өтеді. Мұны біз ақын поэзиясының көркемдік
ерекшеліктерінен байқаймыз: өлеңді қысқа қайырып, терең ойға құрады
(Қиялым, Үміт, Менің жайым, Дала болу т.б.), көп жағдайда сюжет
арқылы лирикалық бейне жасайды (Жәмила қыз, Өгей ұл, Азат жетті, енді
жетіледі де жетілдіреді, Жекен молда т.б.). Ақынның осы секілді өлеңдері
кейде шағын көлемді поэма дәрежесіне жетіп қалады (Құсайынның арманы). Ал
мысал өлеңдері жайвнда мұна айтуға болмайды, өйткені мысал - өзінің
табиғатында эпикалық жанр, ол қайткен күнде де сюжетке құрылуға тиіс.
Сондай-ақ ескі мен жаңаны салыстыра суреттеуден туған бай мен жалшы,
молда мен мұғалім, надандық пен мәдениет, ескі әмеңгершілік салт пен
жаңашыл қазақ әйелі сияқты бенелер, бұлардың арсындағы күрестен туған
сюжеттік оқиға тартысы ақын поэзиясында қарама-қарсы бейнелер мен
шендестірудің жарқын көрінуіне жағдай жасаған. Осыған орай Дөнентаев
поэзиясында айтыс, диспут элементтері мен диалог көп кездесті
(Сүлейменнің нануы, Әйелдер мейрамында, Бәжейдің даярлығы,
Қаржаубайдың ашуы, Мұқан мен Серік, Дәметкен мен Ұмсындық т.б.).
Әрине, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәбит Дөнентаев поэзиясы
С. Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығы
Сәбит Дөнентаев және балалар әдебиеті
Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығы
С. Дөнентаевтың ағартушылық, демократтық бағыттағы шығармалары
Сәбит Дөнентаев. Өмірі мен шығармашылығы
С. Дөнентаевтың шығармашылық кезеңі
Сәбит Дөнентаев
Сәбит Дөнентаев ( 1894-1933)
Қазақ ақындарының Кәлилә мен Димнә ертегілерін жырлауы
Пәндер