Сұлтанмахмұт Торайғырұлы өмірі мен шығармашылығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғырұлы - реалист, сыршыл, лирик ақын

Орындаған:

Тексерген:

Жоспар

І. Кіріспе . . . 4

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Сұлтанмахмұт Торайғырұлы өмірі мен шығармашылығы . . . 6

2. 2 С. Торайғырұлы - реалист ақын . . . 12

2. 3 Сұлтанмахмұт - сыршыл, лирик . . . 14

2. 4 Сұлтанмахмұт Абай дәстүрлі ақын . . . 17

2. 5 С. Торайғырұлы өлеңдерінің құрылысы . . . 22

ІІІ. Қорытынды

3. 1 Аққан жұлдыздың сыңары . . . 27

ІҮ. Қолданылған әдебиеттер . . . 29

І. Кіріспе

Әрбір ұлт, халық әдебиеті тарихында қатарынан үздік шығатын ғажайып таланттар болады. Ғасырда ма, әйтеуір ұзақ сағындырып дүниеге келер ондай перзентін қазақ халқы біртуар деп атайды. Қатарынан оза шыққан ондай таланттар өмірде аз жасайма, көп жасай ма, әйтеуір халықтың азаматтық тарихын, оған сабақтас рухани тарихын олжаға кенелтіп, көркейтіп кетеді. Біртуар таланттар тұтас дәуірге, өзі өмір сүрген әдеби ортаға айрықша ықпал етеді. Әдебиет өмірінде өз ен-таңбасын қалдырады. Сонымен бірге тұтас дәуірдің келбетін анықтайды. Ұлы сыншы В. Г. Белинскийдің орыс әдебиетінің тұтас бір кезеңін Гоголь атымен байланыстырып, «Гоголь дәуірі» деп атауы осыны көрсетеді. Қазақ халқы ой дүниесінде аз жасап, көп іс тындырған Сұлтанмахмұт Торайғырұлы халқымыздың сондай біртуар аяулы перзенттерінің бірі. Сұлтанмахмұт Торайғырұлы - қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті ақын жазушысы, ғажап ақыл-ойшылы.

Ол - ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы. Абай ашқан поэтикалық мүмкіндікті өзі өмір сүрген қоғам шындығын, қайшылығын бейнелеуге еркін де кең пайдаланған шебер. Сұлтанмахмұт өлеңдегң Абай өрнегін шебер пайдаланушы ғана емес, өзінің ақындық қуат-дарынымен жаңалаушы, ілгері дамытушы. Ол - қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті аталатын тұтас дәуірдің айрықша ірі тұлғасы. Қоғамдық-әлеуметтік өмір шындығын шығармаларында батыл да анық реалистік сапада көрсетумен, шығармаларының көркемдік қуаты жөнінен ол өз биігін ған анықтаған жоқ, тұтас бір дәуір - ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті табиғатын айқындаған ұлы құбылысқа айналды.

ІІ. Негізгі бөлім.

2. 1 Сұлтанмахмұт Торайғырұлының өмірі, шығармашылығы

Сұлтанмахмұт 1893 жылы 29 қазан күні қазіргі Көкшетау облысының Қызылту ауданында туып, төрт-бес жасынан Павлодар облысының Баянауыл ауданында өседі. Оның туған әкесі, Әубәкір аты ұмытылып, Шоқпыт, Шоқа атанған кедей шаруа екен. Қазақша хат біліпті.

Болашақ от ауыз, орақ тілді ақын алты жасында әкесінен оқып, хат таниды. Қара таныған баланы осыдан кейін кейде Шоқпыт өзі оқытып, баласын оқудан үзбейді. Болса да малға жарымадық, енді тек Сұлтанмахмұт білімге жарлы болмасыншы деген тілек үстінде жүреді көзі ашық, көкірегі ояу әке. Сұлтанмахмұт 1902-1903 жылдары Әлі деген молдада, 1904-1905 жылдары Тортай деген молдада, 1906-1907 жылдары Мұқан деген молдада оқиды.

Дәріс беретін молдаға еліктеуші шәкірттің бірі - Сұлтанмахмұт. Ол Мұқан молдаға еліктеп он үш жасында өлең жаза бастайды. Тұңғыш жазған өлеңі «Секілді өмір қысқа жарты тұтам» деп аталады. Тырнақ алды өлеңінде Сұлтанмахмұт өзін оқытушы молдалары, оқуы туралы, ақындаққа талпынып жүргені жайында сыр айтады.

Сол кезде Баянауыл қаласында медресе ашылып, Сұлтанмахмұт 1908-1910 жылдары сонда оқиды. 1911 жылы Шоқпытқа көрші ауыл Нұрғали деген кісіні молдалыққа (бала оқытуға) жалдайды. Нұрғали Тройцк қаласында жаңаша тәртіппен оқыған кісі екен . Ол қазақ татар тілінде шығатын газет, журналдарды, әдебиет пән кітаптарын алдырып оқып тұрады. Сұлтанмахмұт бойдағы тұмардың жалғандығына, ескі оқудың кертартпалығына көзі жетіп, ескіден безініп, өрісті жаңалыққа -- өнер-білімге шындап бет бұрады.

Асқақ арман жетелеген ақын 1912 жылы қараша айында оқу іздеп Тройцк қаласына барады. Тройцк медресесіне түскен ынталы шәкірт іздегенім табылды., енді дегеніме жетем, халқыма жұлдыз емес, ай емес, күн болам деген ойға келеді.

Өкініші - Сұлтанмахмұт бұл медреседе көп оқи алмайды. Бір қыс оқыған соң «аузың асқа тигенде мұрның қанар» дегеннің кебі келіп, көз ауруына ұшырап медреседен шығып қалады. «Жығылған үстіне жұдырық» дегендей, осы кезде жөтел пайда болады, өкпесін дерт шалғаны байқалады. Ақынның теңіздей толқыған көңілі басылып, жадап-жүдейді.

Күзде Сұлтанмахмұт Троицк қаласына оралады. Троицкіде бұл кезде «Айқап» атты демократтық бағыттағы, қазақ халқы үшін аса көп прогрессивті істер атқарған журнал шығып тұратын. Ақын «Айқап» журналының редакциясына хатшы болып орналасады. 1913-1914 жылдың қысында «Айқап» редакциясында қызмет істейді.

1914 жылдың жазында Сұлтанмахмұт өзінің туған ауылы Баянауылға қайтады. Ондағы мақсаты - ауылда біраз уақыт болып, қаржы жинап алып, үлкен қалалардың біріне тағы да оқуға кетпек болады. 1916 жылдың күзіне дейін Қатонқарағай, Зайсан жағында болып, бала оқытады.

Ақын 1917 жылдың наурызында Семейге келеді. Сұлтанмахмұт елді ойлы, білімді адамдардың ақылына құлақ асуға солардың маңында бірігуге шақырады. 1920 жылы 21 мамыр күні көкірек ауруынан қайтыс болады.

Сұлтанмахмұттың мұрасын зерттеуде, оны көпшілік арасына таратуға ештеңе істелген жоқ деген келте ұғым тумасқа керек. Өйткені кеңес жылдарында жоғарыда аталған негізгі баспалырынан (1933, 1950, 1958) басқа ақынның сан рет ақынның өлеңдері мен поэмалары орта мектептерге, педагогтік институттардың филологиялық факультеттеріне арналған хрестоматиялар мен оқу кітаптарына еніп келді, бірнеше рет жеке жинақтары да (1942, 1945, 1958) жарық көрді.

Сұлтанмахмұт Торайғырұлының творчествосын зерттеу жұмысын негізі екі кезеңге бөлуге болғандай. Бірінші кезең - 1930 жылдардың аяғына дейінгі шақ. Ол кезде, тегі зерттеу ғылымының кенже қалғанынан болу керек, жалғыз Сұлтанмахмұттың ғана емес, көне мұраның көпшілігіне үрке қарап, сыңар жақ, кей сәтте мүлдем теріс баға берушілік орын тепкен болатын-ды. Өйткені бұл кезде жеке әдебиетшінің көзқарасы көбінесе сол тұста белең алған тұрпайы қылықтардың ықпалынан шыға алмай, қандай мұраға болсын әдетте тым біржақты, үстірт қарайтын-ды. Екінші кезең, С. Торайғырұлын негізінде демократ ақын деп тани отыра жазылған мақалалар, жеке зерттеулер жүргізуден басталады. Алғашқы кезде Торайғырұлын ұлтшылдар тобынан бөліп алудың қызуымен біраз асыра сілтеп жіберушілік те болмай қалған жоқ. Осының салдарынан ақынның айқын қателерін көрмеу, яки оларды өздерінше жеңілдетіп алып түсіндіру, тіпті болмаса Сұлтанмахмұтты кейбір әлеуметтік мәселелерде шамадан тыс көреген, білгір, ой-өрісі кемелденген қайраткер етіп суреттеу әрекеті басым болып келеді. Ал қазір біз осы айтылған ұшқарылықтардың бәрінен арылып, Сұлтанмахмұт Торайғырұлының әдебиет тарихынан алатын шын орнын тануға бет бұрған тәріздіміз.

Соңғы 20-30 жыл ішінде С. Торайғырұлының өмірін, жасаған дәуірін, шығармаларын байсалды зерттеу ісіне, мейлі кейде артық кетіп, кейде кем соғып отырсын, бірқыдыру еңбек сіңірген бір топ зерттеушілер бар. Бұл орайда ең алдымен, М. Әуезовтың, Б. Кенжебаевтың, Б. Шалабаевтың Қ. Бисембиевтің есімдерін атауға тиіспіз. Сонымен қатар соңғы жылдарда С. Торайғыров творчествосына арнайы мақалалар жазғандар: Т. Әбдірахманов, Қ. Нұрмақанов, М. Сәрсекеев, Қ. Шәменов тағы басқалар.

Жалпы алғанда С. Торайғырұлының өмірі, дәуірі, творчестволық жолы турасында аз жазылмаған: қазір газет-журналдар бетінде жарияланған жүзге тарта әр алуан мақалалар мен зерттеулер бар. 1 Бұл еңбектерде ақынның өмір сүрген, қызмет еткен дәуірі, өскен ортасы, алған тәлім-тәрбиесі, сондай-ақ шығармаларында көтерілген өз заманының көкейкесті мәселелері (халқының алдағы болашағын бағдарлау, еңбекші қалың бұқараның сана-сезімін ояту, жастарды өнер-білімге, орыс мәдениетінен үйрену, шақыру, қазақ аулындағы тап қайшылықтарын ашу, әйел теңдігі, дінді әшкерелеу, әдебиет пен көркем өнерге өзінің көзқарасын білдіру, тағысын тағылар) сөз болады.

Алайда, осы 30 жыл бойы зерттеу жұмысының ішінде азды-көпті жетістіктерімізді айтумен бірге, Сұлтанмахмұт творчествосына баға берудегі белең алып келген басты-басты кемшіліктерімі бен қате түсініктерімізді санап өткен жөн.

Біріншіден, ақынның өмірге көзқарасы, идеялық нысанасы жөнінде сан түрлі пікірлер болып, дұрыс баға берілмей келді.

Екіншіден, ақынның қалған мұраны жинауда, жариялауда ұқыптылық, ғылыми көзқарас болмай, әркім өз топшылауын ортаға салып жүрді. Сонымен қатар кездейсоқтан түскен материалдарға талғамай қарап, жазушының жинағына кіргізуі өз алдына, сол жаңа табылды деген дүдәмал шығармалар бойынша талай-талай қисынсыз болжамдар, шалғай топшылаулар жасалып отырды. Демек Сұлтанмахмұттың еңбектерін тексеруде, оларға баға беруде жеңіл қараушылық, жауапсыздық орын теуіп келді.

Үшіншіден, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың творчестволық биографиясын жазуда да жөнді жұмыс істелген жоқ. Отыз жыл бойының ішінде ақынның өиірбаянын анықтау, толықтыру ретінде бірде-бір қадам жасалмауы өкінерлік нәрсе. Ең болмаған күнде ақынды білетін адамдардың естеліктерін жинап бір жүйеге келтіру керек еді. Қазіргі біздің жүгініп жүргеніміз ақынның ертеде жазылған биографиялық шағын материалы ғана.

Төртіншіден, ақынның соңғы жылдарда шыққын негізгі деп саналатын жинақтарына азды-көпті түсіндірмелер беріліп отырса да, шын мәніндегі текстологиялық жұмыстың жүргізілмей келгенін мойындамасқа болмайды. Осыған орай жақын арада С. Торайғыров шығармаларының ғылыми баспасын дайындау, басып шығару өте қажет болып отыр.

Біз бұл жерде тек басты-басты кемшілікиерді ғана санап өттік. Ендеше бұл неліктен? әлде, Сұлтанмахмұт Торайғырұлы оңай ырыққа көнбейтін творчествосын танып болмайтын сондай бір «Қиын», «Күрделі» тұлғама? Болмаса біз жазушының өмірі мен творчестволық жолын ашуда қағидаларды дұрыс қолдана алмай тиіп қашып, батыл кіріспегендіктен әлі күнге әділ бағасын бере алмадық па? Мүмкін әртүрлі себептер табылатын болар. Бірақ біздіңше негізгі кемшілік басқада: ақынның ұстаған жолы менен көздеген мақсатын айыра алмай, т оны бірде кейбір әдебиетшілер ұсақ буржуазияшыл демократ десе я болмаса орта шаруаның илеологы деген. «Теория» шығарса, тағы біреулер С. Торайғырұлын ұлтшылдықпен уланған, әдеби мұрасында іліп алар ешнәрсе жоқ деу тәрізді таяз, дәрменсіз көзқарасты қуаттап келді. Қысқасы, жазушының әдебиеттегі бүкіл қызметі тұтас алынып, тура бағасы берілген жоқ, баяғыда бір айтылып қалған теріс пікірдің төңірегінен айналсоқтап шыға алмай келген жай бар.

2. 2 Сұлтанмахмұт Торайғарұлы - реалист ақын

Сұлтанмахиұт - реалист ақын. Оның әлгі қайғысы, заманының жеруі, жарқын болашақ күтуі - бәрі құр қиялдан туған нәрселер емес, қазақ өмірінің шындығынан туған мәселелер еді. Қазақ арасындағы надандықты, жалқаулықты, шаруа қырсыздақты, теңсіздікті, зұлымдықты, жинақтап айтқанда, қазақ бұхарасының сол кездегі ауыр, аянышты халін дәл көріп, терең сүюден туған қайғы, жеру, үміт еді.

Ақын қазақ бұқарасының басындағы екі бірдей қанауды - бектік-феодалдық, капиталистік- отаршылдық қанауды дәл бедерледі. Халықты екі жақтан қанап отырған бір адам екенін, яғни қазақтың байы, феодалы екенін: ол бір жағынан, өзінің ежелгі рубасылық, ақсақалдық, байлық еркіндігін қанаса, екінші жағынан, патша өкіметінің өкілі: болыс, аулынай, би ретінде қанап отырғанын ашық айтады. Ол қазақтың малға, шалға сатылып, шариғат, әмеңгерлік жолын ұстап, ескіліктің, надандықтың құрбаны болып отырған Қамар сияқты қыздармен қатар оқу, білімге, бостандық теңдікке ұмтылған Аппақай сияқты әйелдерінің де бар екенін көре білді. Қазақтың дала мен қаланың барлық жаман мінез, әдетін ұғып, елге масыл болып жүрген Әжібай, Жүсіп сияқты жастарымен қатар, Әнуар, Хасен сияқты талапшыл, жаңашыл, үлгілі жастары бар екенін көре білді.

Сөйтіп, Сұлтанмахмұттың революциядан бұрын жазған шығармаларында халық өмірінің шындығы реалистікпен суреттеледі. Оның шығармаларында прогресшіл, белсенді романтизм мен сыншыл реализм ұштасып жатады.

Елімізде 1917 жылы болған ұлы революциялар Сұлтанмахмұтқа зор әсер етті. Революция жылдарында ақын аздап толықсу арқылы жаңа идеялық биікке көтерілді, революцияшыл бағытқа келді.

Сұлтанмахмұт 1917-1920 жылдары бірсыпыра күрделі шығармалар жазды. Бұл шығармаларында ақын қазақ арасындағы әлгі екі бірдей қанау шектен асып, арқасына әбден батып, ашынған, шыдамы таусфылған, енді наразылық айтып, ол тәртіпке қарсы күресуге бел байлаған кедейді көрді. Шығармаларында солардың бейнесін жасады. Сло арқылы ескі дүниені: құлдық, жауыздық дүниесін сынады, мансұқ етті.

Сонымекн бірге, ақын қоғам құрылысын, әлеумет тіршілігін өзгерту, жақсарту, еңбекші халықтың күн көрісін жеңілдету, жақсарту жөнінде пікір айтты. : жақсы, әділ қоғамдық-әлеуметтік құрылыс болу керек деді. Соның принциптерін суреттеді, ол қоғамдық құрылыс тез орнайды деп әбден сенді.

2. 3 Сұлтанмахиұт - сыршыл - лирик

Сұлтансахмұт - сыршыл-лирик ақын. Оның өлең-жырларының басым көпшілігі лирика болып келеді. Ақын өзінің өлеңдерін, өз сөзімен айтқанда, қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, толғанған жүректің сығындысы етіп жазады. Яғни ол өзінің дүние, қоғамда, тұрмыс, тіршілікте сезген-түйгенін, аңғарған-тоқығанын, көрген-білгенін, алған әсерін - бәрән өзінің ішкі дүниесінен өткізіп, жан сыры етіп баяндайды. Өзін жеген қайғы, қуантқан шаттығы, өзінің мұңы, арманы етіп суреттейді.

Қазақ халқының Абайдан бұрынғы әдебиетінде поэзияның, соның ішінде лириканың тек бір ғана жанры - саяси лирика ғана болушы еді. Ол көбіне насихат, үгіт, арнау, мақтау, жерлеу, сықақ ету формасында жазылатын, келісі, кесесі әлсіз, сырданғ шекшен сөз, тақпақ, мақал-мәтел орайында болып келуші еді. Жоғрғы тарауды айттық, ұлы Абай қазақ поэзиясын байытты, оны көп жанрлы етті. Ол ең алдымен, қазақ поэзиясын бұрыннан бар саяси лирика жанрын ұстанып дамытты. Оның үстіне қазақ әдебиетіне лириканың мәдениет елдер поэзиясында болатын басқа жанрлық үлгілерін тыңнан, тұңғыш рет енгізді, махаббат, табиғат, көңіл-күй лирикасын қосты. Мұны айтып отырған себебіміз, қазақтың ХХ ғасыр басындағы бірқатар көрнекті ақындары ұлы Абайдан үйренді. Абайдың ізі, үлгісімен лириканың барлық жанрында да жазды. Соның бірі-Сұлтанмахмұт Торайғырұлы. Оның өлеңдерінде саяси лирика да, махаббат лирикасы да, табиғат лирикасы да, көңіл-күй лирикасы да бар.

Сұлтанмахмұт өлеңдерінде махаббат, табиғат лирикасынан саяси лирика мен көңіл-күй лирикасы әлдеқайда басым жатады. Ақын өлеңдерінде көбінше саяси-әлеуметтік мәселелерді, халықтың көкейіе тескен мұң-тілегіне айналған мәселелерде сыр етіп, өз халі, өз арманы, өзмұңы, өз қуанышы етіп айтады. Ол арнаулы саяси лирикасында ғана емес, табиғат, махаббат, көңіл-күй жөніндегі лирикалық өлеңдерінде де сөзді әлеумет өміріне, саяси мәселеге қарай бұра береді. Сұлтанмахмұттың лирикалық өлеңдері көлемді, ұзақ болып келеді. Мұның екі түрлі себебі бар, бірінші, Сұлтанмахмұттың лирикалық өлеңдерінің көпшілігі ақынның жас шағында пісіп жетпеген, лириканың жанрлдық бар құпиясын меңгере қоймаған кезінде жазылған. Сондықтан оның лирикалық өлеңдерінің бәрі бірдей бас-аяғы жинақы, жұп-жұмыр болып келе бермейді. Екінші, әлгі айтқан, ақында саяси лирика басым. Саяси лирика ақын көбінше бір үлкен тақырыпты, заманның өзекті бір мәселесін сөз етеді. Оны дәл айқындап, жан-жақты бейнелеу үшін ақын белгілі бір тарихы дауірді, белгілі бір тап өкілдерінің мінез-құлқын, моральдық болмысын суреттейді. Олардың харектерін жасау үшін бұл қажет тәсіл. Адам мен ол өмір сүрген қоғам келбетін байланыста бейнелеймін дегенде өлеңнің көлем мөлшері ұзарып кетеді. Лирикалық толғау, кіші-гірім поэма дәрежесінде болып шығады.

Сұлтанмахмұт шығармаларындағы адам мәселесі туралы. Ақын шығармалары көптен бері зерделі түрде зерттеліп оқырман қауымға әр қырынан танылып келеді. Оның философиясының натурализм Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердиевтердің материалистік философиялары негізінде қалыптасты. Оның көзқарасы бойынша, табиғат жеке-дара емес, адаммен байланысты өмір сүреді, бірақ адам табиғатқа бағынып қана қоймай, оның ең зор жемісі, шыңы болып табылады. Мысалға, «Адасқан өмір» поэмасында ақын адам өмірінің табиғатқа тікелей тәуелді екенін, табиғат өлсе онымен бірге адамның да өлетінін баяндайды. Адамды табиғаттың бір бөлшегі ретінде санай отырып, пантейстік идея айтады. Адам табиғаттағы жалғыз тіршілік иесі, оның ең жоғарғы жемісі. Адам табиғаттың құпия сырларын ашып, оны қоғам мүддесіне жаратуға тырысады. Сөйтіп, табиғат құбылыстарындағы адамның пайдасына алады. Ақын осылай адамды да, табиғатты да біыңғай объетивтік заңдарға бағындырады. Сұлтанмахмұттың пікірінше адам туған кезінде еркін, қайырымды, мейірімді, әділетті және ол бақыт үшін жаратылған деген. Ол негізінен бостандықтың субъективтік-адамгершілік жағдайын қарастырады: адамды адамның қанауын жою, ерік, таным бостандығы, рухани бостандық, таңдау еркіндігі, адамгершілік еңбек бостандығы т. б. Торайғырұлының бостандығы салыстырмалы бостандық яғни адамның өмірдегі негізгі мақсаты - қанаудан құтылу. «Жырлау» атты өлеңінде жеке меншік бар. Жерде көзқарас бірлігі үстемдік құра алмайды, тек, «сенікі мен менікі» ғана өмір сүреді. Еңбекшілер өздерінің болашақ мүддесін толық сезініп, күреске бел байлағанда ған әлеуметтік бостандыққа жол ашылады да еңбек ету бостандығынан білім алу бостандығына жетеді. Кедей, Сарыарқаның жаңбыры, осы да әділдік пе? Түсімде көрген бір аянышты хал, байлық, кедейлік т. б. шығармаларында қанаушыларды түпкілікті жойып, бостандық орнатуға шақырады. «Қамар сұлу» романындағы бостандық мәселесі, әсіресе, әйел теңдігі, бас бостандығы айтылады.

Сұлтанмахмұт Торайғырұлы шығармаларында адамның өлімге деген екі жақты көзқарасы айтылады, біріншісі, ол өлімнен қорқып дегбірсізденеді, қайғы мен мұңға беріліп өлер алдында бостандық қиял болып елестейді. Екіншісі, адам өлім арқылы нағыз азаттыққа жетуге үміттенеді. . Бұл үміт пенденің тұйыққа тіреліп, тұрмыс-тіршілігінің шектеулі болғандығымен сипатталады.

Қорыта айтқанда, Сұлтанмахиұт - лирик. Көбінше саяси лирика жанрында жазған ақын. Оның лирикасы жаңа идеялы, терең мағыналы, ақынның өзі айқандай, оқушының данына пайда, дертіне шипа беретін шығарма. Бұл - Сұлтанмахмұттың өзіне тән ақындық бір өзгешелігі. Өзіне тән әдеби стилі.

2. 4 Сұлтанмахмұт - Абай дәстүрлі ақын

Абай қазақ халқының ертедегі өзінен бұрынғы өлеңдерінің түр-түрлерін: өлшемін, шумағын, ұйқасын түгел сарқа пайдаланды. Соларды пайдаланып, жиһан ақындарынан көріп, өз өлеңдерінің шумағын ұйқасын түрлендірді. Көптеген жаңа үлгілер шығарды. Сол арқылы қазақ өлеңдерінің құрылысын ілгері дамытты.

Сұлтанмахмұт Абайдың Қазақ өлеңінің құрылысына енгізген жаңа үлгілерін өте жоғары бағалады - нағыз өлең деп Абай өлеңдерін ғана білді. Дегенмен ол өз өлеңдерін де көбінше қазақтың ежелгі қара, қайым өлеңдерінің, жыр-толғау, өлшем ұйқастарын қолданған. Абайдың бір-екі үлгісін ғана пайдаланған.

Сұлтанмахмұттың 107 өлеңінен 68 өлеңі қара, қайым өлең өлшем, ұйқастарымен, 32 өлеңі жыр-толғау, тақпақ өлшем, ұйқастарымен яғни 7 өлеңін кей жері қара, қайым өлең, кей жері жыр-толғау, терме-тақпақ өлшем, ұйқастарымен жазылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ХХ ғасыр басындағы қазақ поэмасы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат
Абайтанушы
С. Торайғыровтың лирикасы
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
Ұлттық әдебиеті кезеңіндегі түрік ақындар шығармашылығы
Қ.Мұхамедхановтың зерттеу-мақалалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz