Табыстар теориясы
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Адам Смиттің (Smith, Adam) (1723–1790) өмірбаяны 2
Теориялық жұмыстарының ерекшеліктері 6
Еңбек бөлінісі теориясы 6
Еңбек өнімділігі теориясы 8
Ақша теориясы 8
Табыстар теориясы 9
Капитал теориясы 9
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер тізімі 12
Кіріспе
Рынок мыңдаған жалдар бойы қалыптасқан оқшауланған еңбектің өте нәзік
әрі күрделі экономикалық байланыс механизмі. Қазіргі рынок шаруашылық
байланыстары мен экономикалық қатынастардың күрделі жүйесі. Осы жүйеде
орталық рөлді жеке мүдде мен бәсеке атқарды. Солар арқылы кең көлемді
ақпарат өңделеді, тауарлар мен қызмет көрсетуді, капитал мен еңбекті
керекті жеріне, көрсетілген мерзімде жеткізіп отырады. Осының бәрін кезінде
ағылшын экономисі А.Смит рыноктық күшті, “көрінбейтін қол” деп атаған
болатын. “Көрінбейтін қол” идеясының мәні мынада, адамдар өз мүддесіне
әрекет етіп, өзінің қара басының қамын ойластыра отырып, тұтас болғанда
қоғам үшін тиімді игіліктер рыногының негізін қалайды.
Рынокты бір сөзбен анықтап, сипаттау мүмкін емес, қалай болғанда да
нақты алыс-беріс үшін сатушылар мен сатып алушылардың кездесетін орны деп
түсіндіруге де болмайды. Рынок түсінігін тар және кең мағынада беруге
болады. Тар мағынада тауар айналыс саласы – сауда, кең мағынада рынок бұл
қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың белгілі формасы, онда өндірушілер мен
тұтынушылар өзара әрекет ете отырып, нақты экономикалық мәселелерді шешеді.
Осы рынок төңірегінде мейлінше ізденген, ғасырлар бойы экономика
ғылымының классикалық еңбегіне айналған "Халықтар байлығының табиғаты мен
пайда болу себептерін зерттеуі" атты әйгілі еңбек жазған Адам Смиттің өмірі
туралы білудің маңызы зор.
Біздің қалам тартып отырған тақырыбымыз экономикалық ой-пікірдің
бастауында тұрған А. Смиттің еңбегіне біршама бойлап, зерделеу. Сондықтан
бұл ізденістің бізге берері мол болмақ.
Адам Смиттің (Smith, Adam) (1723–1790) өмірбаяны
Шотланд экономисі, философ, саяси экономияның классикалық мектебінің
негізін қалаушы Адам Смит 1723 жылдың 5 маусымында Шотландияда Элинбург
қаласына жақын орналасқан Керкольди елді-мекенінде дүниеге келді. Ол
жергілікті мектептерде және Глазго қаласындағы университете білім алды. Бұл
университетте оған ерекше әсер еткен ғалым Ф.Хатчесон еді. Сонан кейін 1740-
1746 жылдар аралығында Оксфорд университетінің Бейллиол-колледжінде білімін
шыңдай түсті. Оксфорд университетінде 1746 жылға дейін оқиды. 1748 жылдан
баста ол Эдинбург қаласында жастарға дәріс беріп лекциялдар оқыды. 1750
жылы ол белгілі философ Д.Юммен танысты.
Бірақ мұндағы оқыту оны қанағаттандырмады, көптеген профессорлар
лекция оқымады. Оксфордттан А. Смит Эдинбургке келіп өз бетімен оқып,
ағылшын әдебиеті мен политэкономиядан дәріс берді. Сол кезде-ақ ол
лекцияларында экономикалық либерализм принципін басшылыққа алды, әсіресе
сауда еркіндігі принципін жақтады. 1751 ж. А. Смит Гарвард университетінде
логика пәнінің профессоры болып тағайындалады, сол жылы рухани философия
кафедрасына ауысады. 1759 ж. жазған "Моральдық сезім теориясы" атты ірі
еңбегі оның есімін қалың жұртқа танытты. Бірақ, бұдан әрі оның қызығушылығы
экономика ғылымына ауысты. Оған әсер еткен жай — А. Смиттің Глазгодағы
политэкономия клубына қатысуы және оның философ-экономист Давид Юммен жақын
болуы еді.
1764 ж. А. Смиттің өмірінде айтулы оқиға болды: ол кафедраны тастап
(соңынан белгілі болғанындай, біржола) жас лорд, герцог Баклюдің баласымен
шетелге саяхатқа бірге бару ұсынысына келіседі. Саяхат 1764 — 1766 жылдарға
созылады. А. Смиттің материалдық жағдайы жақсарады - 800 фунт стерлинг ай
сайын және өмір бойы алып тұрады. Саяхаттың жыл жарымы Тулуз қаласында, екі
айы — Женевада өтті. Мұнда А. Смит Вольтермен кездесті. 10 ай Парижде
болады. Осы уақытта ол француз философтары д'Аламбермен, Гельвециймен,
Гольбахпен және физиократтармен, соның ішінде Ф. Кенэ, А. Тюрголармен тығыз
байланыста болады. Бұл кездесулер А. Смиттің "Халықтар байлығының табиғаты
мен пайда болу себептерін зерттеуіне" үлкен әсер етті. Бұл еңбегін ол Тулуз
қаласында бастайды.
Шотландияға келіп А. Смит анасының қасына орналасты. 1767 жылы
"Халықтар байлығы ..." еңбегін аяқтайды. Сол жылы жарық көрген автордың
шығармасы оның есімін әлемге жайды. Төрт рет қайта басылады. 1790 жылы
автор қайтыс болғаннан кейін де үш рет баспадан шығады. А. Смиттің
замандастарына ықпалы күшті болды, ағылшын премьер-министрі У. Питт оны
өзінің ұстазы санады. Олар сан рет кездесіп, қаржы мәселесін талқылады.
Мұның айқын нәтижесі - 1786 жылы У. Питти Франциямен Эден шартына, алғашқы
либералды сауда келісіміне қол қояды: мұнда кеден тарифы өзгертіледі.
"Халықтар байлығы ..." авторының ықпалының нәтижесі ретінде А. Смиттің
шәкірті Д. Стюарттың 1801 жылы Эдинбург университетінде политэкономиядан
жеке курс оқығанын атап өткен дұрыс. Өйткені бұрын ол рухани философия
курсына кірген еді. 1778 жылы А. Смит Эдинбургте кеден комиссары болып
тағайындалып, 1790 жылы өмірден өткенше істеді. А. Смиттің мінез-құлқының
ерекшелігі - өте әдепті тәртібі және аңызға лайық ұмытшақтығы.
А. Смит өзінің "Халықтар байлығының жаратылысы мен пайда болу
себептерін зерттеу" деген кітабында политэкономияның зерттеу пәні деп
қоғамның экономикалық дамуы мен әл-ауқатты көтеру проблемасын атады. Бұл
жөнінде Н. Кондратьев "Халықтар байлығы ..." туралы классикалық еңбегі
қандай жағдайларда, адамдар қалай жоғары әл-ауқатқа жетеді және ол оны
қалай түсінгені тұрғысынан жазылды" деп көрсетеді [2].
"Халықтар байлығының..." басында, А. Смит түсіндіргеніндей, ол
экономикалық өсу мен халық байлығының ақшалай мәнін жоққа шығарады "небір
халықтың жылдық еңбегі" алдымен материалдық (затттық) ресурстар байлығы
ретінде көрінуін жақтайды. Ал соңғылар, оның ойынша, тек өндіріс саласында
жасалады, сөйтіп ол шаруашылық өмірдің маңызын басым бағыт деп есептеді.
Алайда экономиканың қай саласында байлық көбірек жасалады деген
мәселеде А. Смиттің ойлары талас тудырады. Өзінің бес кітабының екіншісінде
ол былай деп жазады: "жер өңдеуге жұмсалған капитал ... шын байлық пен
табысқа әлдеқайда көп құн ... қосады" 3. А. Смит "экономиканың дамуы
өнеркәсіп товарларына бағаны төмендетеді, ал ауыл шаруашылығының бағасы
жоғарылайды" 4, сондықтан ауыл шаруашылығына капитал жұмсау тиімді
елдерде капитал барлық қоғамға тиімді жұмсалады. Ол жер өңдеушілерге жол
ашқан капитал қоғамға да сөзсіз тиімді болатындығына сенеді" [5J.
А. Смит зерттеулері методологиясының басты бағыты экономикалық
либерализм концепциясы, оның негізінде физиократтар сияқты жаратылыстану
тәртібі идеясы, яғни рыноктық экономика қатынастары жатыр. Сонымен қатар Ф.
Кенэден өзгешілігі, А. Смит өзі мойындағанындай мынада:
егер жеке мүддені қоғамдықтан жоғары қойсақ, яғни қоғамдық мүдде оның
мүшелерінің жиынтығы ретінде қаралса, рынок заңдары экономикаға оңды әсер
етеді. Осы идеяның жалғасы ретінде "Халықтар байлығының ..." авторы
"экономикалық адам" және "көрінбейтін қол" деген ұғымдарды енгізеді.
"Экономикалық адам" 6 дегеннің мәні "Халықтар байлығының ... " 2-
тарауында (I - кітап) көрсетіледі. Мұнда еңбек бөлінісі - адам табиғатының
сауда мен айырбасқа икемділігінің нәтижесі. Оқушыларға саналы түрде
иттердің бір-бірімен сүйектер алмаса алмайтындығын ескерте келіп, А. Смит
экономикалық адамның сипатын былай береді: "ол өз мақсатына тез жетеді,
егер олардың эгоизміне және оның талабын орындау олардың мүддесіне де сай
екеніне көздерін жеткізе алса. Әрбір ұсыныстың мәні - сен маған керегімді
бер, сенде өзіңе керегіңді аласың. Ет сатушының, сыра иесінің немесе нан
сатушы қайырымдылығынан біз түскі тамағымызды ала алмаймыз — олардың өз
мүдделерін қорғаудың нәтижесі болуы керек" 7.
А. Смит оқушыларына "көрінбейтін қолды" түсіндірумен көп
шұғылданбайды. Ол туралы жүре айтады, оқушының көңілін мынаған аударады:
"әрбір жеке адам ... өзінің жеке ұтысын көздейді, ол қоғамдық пайда
емес ... мұндай жағдайда және басқа да жағдайларда ол көрінбейтін қол
арқылы мақсатына жақындайды және бұл оның жоспарына енбесе де өзінің жеке
мүддесін көздей отырып, ол бұл жағдайда саналы түрдегіден артық қоғамдық
мүддеге өте тиімді әсер етеді" 8.
Сонымен, Смиттің "көрінбейтін қолы" "экономикалық адам" мен қоғамның
сондай ара қатынасын, яғни мемлекеттік басқарудың "көрінбейтін қолы" арқылы
объективтік экономикалық заңдарғ қарсы келмейтін, импорт пен экспортты
шектемейтін, "табиғи" рыноктық қатынастарға кедергі жасамайтын
қатынастарды қалайды. А. Смит мемлекетке нақтылы үш қызмет жүктейді:
қоғамдық жұмыстар шығынын жасау, әскери қауіпсіздікті және құқық заңдылығын
қамтамасыз ету.
Экономика заңдарының әрекет етуінің сөзсіз шарты, А. Смиттің сенуінше
— еркін бәсеке 9. Тек сол ғана рыноктың бағаға үстемдігін жояды,
сатушылар көп болса, монополизм болмайды, өткені "мопополистер рынокта
өнімдердің аз болуын тұрақты етеді және нақтылы сұранысты толық
қанағаттандырмай, өз товарларын табиғи бағадан жоғары сатып, табыстарын
көбейтеді" [10].
Еркін бәсеке идеясын жақтау мақсатымен А. Смит 1-кітабының 10-
тарауында сауда компанияларының артықшылықтарын, оқушылар заңдарын, цехтік
қаулыларды, кедейлер туралы заңды айыптайды.
Ол заңдар еңбек рыногын тарылтады, бәсеке күресі мен жұмысшы күшінің
қозғалысына кері әсер етеді деп ойлайды. Оның ойынша, сауда мен қолөнер
өкілдері бір жерге жиналса, олардың әңгімесі "қайсы бір бұқараға болмаса
баға өсіру туралы астыртын келісім ..." [11]. Ал сауданың құрылымы жөнінде
"Халықтар байлығының ..." авторы меркантилизм принциптеріне қарама-қарсы -
әуелі ішкі сауданы бірінші орынға, екінші орынға сыртқы, үшінші орынға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz