Тэтчердің ішкі саясаты


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

М. Тэтчер кезіндегі ішкі және сыртқы саясат

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1-ТАРАУ. М. ТЭТЧЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ШЫҚҚАН ТЕГІ: ОНЫҢ САЯСИ БЕЙНЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ САЯСИ ТАБЫСТАРЫ6

1. 1. М. Тэтчердің өскен ортасы және саясаткерлік жолындағы қадамдары6

1. 2. Англияның 70-жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы және М. Тэтчердің билікке қол жеткізуі9

2-ТАРАУ. М. ТЭТЧЕРДІҢ ҰСТАНҒАН ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСИ БАҒЫТТАРЫ14

2. 1. Ұлыбританияда неоконсерватистік идеяның пайда болуы (тэтчеризм) 14

2. 2. Тэтчердің ішкі саясаты16

2. 3. Тэтчердің сыртқы саясаты18

ҚОРЫТЫНДЫ21

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ23

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Ұлыбританияның қазіргі заманғы саясаты тарихында Маргарет Тэтчердің есімі секілді дау тудыратын, қарама-қайшы пікірлердің өрбуіне мүмкіндік беретін, түрлі тұжырымдар жасауға ұйытқы болған есім жоқ десек қателесе қоймаспыз. Дегенмен оның саяси қарсыластары Тэтчер тұлғасының бірегейлігін, оның елдің қоғамдық-саяси дамуында өзіндік қолтаңбасын қалдырғанын мойындамай тұра алмайды.

Оның оппонеттері қолданысқа енгізген «тэтчеризм» ұғымы неокнсерватизмнің британдық үлгісінің синониміне айналды. Ол «Тэтчер факторы», «Тэтчер феномені» және «Тэтчер төңкерісі» деген сөз тіркестерімен қатар қолданылады. Бұл сөздердің барлығы да ағылшын саяси сөздігіне мықтап тұрып енді1. Л. Замятин «тэтчеризм» термині «… ол жүргізген белгілі бір саяси, деологиялық және моралдық ұстанымдарды, сондай-ақ оның басқару стиліне тән ерекшеліктерді анықтайтын сипаттамалары»2 деп есептейді.

Осындай әйгілілігіне, Ұлыбританияның өркендеуіне көрсеткен зор ықпалына және әлемдік саяси процеске жасаған әсеріне байланысты М. Тэтчердің саяси бейнесін, оның жүргізген ішкі және сыртқы саясатын егжей-тегжейлі зерттеп білудің маңызы зор.

Бұл тақырыпты мен кездейсоқ таңдап алғаным жоқ. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Тэтчер белгілі уақыт кезеңінде Британияның өркендеуіне мен дамуына мүмкіндік жасады. Қазіргі кезде Қазақстанның әл-ауқатының артып, даму барысы, әсіресе Н. Назарбаев есімімен байланыстырылады. Көп үміт күтіледі. Сондықтан да ағылшын премьерінің саяси тәжірибесі біздің еліміз үшін де жат болмайды және үйренер тұстары баршылық деп есептеймін.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Мұнда Тэтчердің саяси келбетін анықтауда бірқатар қиындықтар туындауы мүмкін екендігін айтқан жөн. Бұл ең алдымен, оның саясатының сан қырлылығына байланысты. Сондықтан дабұл туралы әдебиеттер де сан лауын және қарама-қарсы пікірлер көп. Тэтчердің саяси тұлғасына Л. Замятин, С. П. Перегрудов, В. И. Попов, В. Я. Денискина еңбектері арналған. Тэтчердің шетелдік биографтары қатарына Крис Огдэн, П. Дженкинс, Д. Каванах, Ф. Пим, Х. Юнг және А. Сломан секілді авторлар жатады. Сол сияқты ағылшын консерватизмі туралы көптеген еңбектерде (мысалы В. С. Гаджиев, т. б. еңбектері) тақырыпқа қатысты мағлұматтар мол.

М. Тэтчердің өз заманындағы әйгілі премьер-министр ғана емес екендігін атап өткен жөн. Ол Ұлыбританиядағы және Еуропадағы консерваторлардың лидері, содан кейін үкімет басшысы болған бірінші әйел. Осыған байланысты әйел қайраткерлердің де саясатқа араласа бастаған қазіргі кезеңінде бұл тақырыпты зерттеу өзекті деп ойлаймын.

Тақырыптың мақсаты Тэтчердің саяси кредосын, ұстанымдары мен ішкі-сыртқы саясатын оның әлеуметтік шыққан тегі, тәрбиесі ашып көрсету, Ұлыбританияның 70-жылдардағы әлеуметтік-саяси жағдайын Ашу және Тэтчердің консервативтік партияның жетекшісі ретіндегі жетістіктерінің себептертін айқындау болып табылады.

Жұмыстың міндеті - қойылған мақсатты барынша ашып көрсету, жұмыс тәжірибесін игеру, отандық және шетелдік авторолардың еңбеуктеріндегі деректерді шолып, өзіндік тұжырымдар жасау.

1-ТАРАУ. М. ТЭТЧЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ШЫҚҚАН ТЕГІ: ОНЫҢ САЯСИ БЕЙНЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ САЯСИ ТАБЫСТАРЫ

1. 1. М. Тэтчердің өскен ортасы және саясаткерлік жолындағы қадамдары

Тэтчердің дүниетанымын түсіну үшін оның әлеуметтік шыққан тегін білу қажет. Ол британдық дәстүрлі истеблишментке жатпайды, ұсақ буржуазия өкіліне жатады. Осы ортаға деген сүйіспеншілігі жойылған жоқ. Бұған тэтчеризм концепциясының идеологиялық негізінің маңызды элементтері ол жариялаған «викториандық моралдық құндылықтарға» бет бұру, отбасы мен дінге құрмет, заң мен тәртіпті жоғары тұту, ұқыптылықты, еңбексүйгіштікті, дербестікті және т. б. қастерлеу принциптерінен көрінеді3.

Маргарет Робертс 1925 жылы 13 қазанда Линкольншир графтығындағы Грэнтэм қаласында дүниеге келген. Оның әкесі ұсақ саудагер болған. Маргарэттің шыққан тегі тори партиясында қызмет істейтін адамдардікіне ұқсас. Оның әкесінің өмірлік принципі еңбек сүйгіштікке, азаматтық борышқа адалдыққа негізделді. Кейіннен Маргарэт «Мен көп нәрседе әкеме қарыздармын» де еске алды.

Ал анасынан ол викториандық Англияның рухын сіңірді, ол жас кезінен бастап провинциалдық өмірден сытылып шығып, «үлкен өмірге» араласуға құштар болды. Оның саясатқа құштарлығы сол кезде оянды, бұған әкесінің ықпалы аз болмады.

Робертстердің отбасы қарапайым өмір сүрді. Маргарэт және оның әпкесі Мьюриэл спартандық жағдайда өмір сүрді деуге болады. Кейіннен Маргарэт премьер-министр болған кезде: «Осы сайлауда жеңіп шығуыма менің қарапайым үйде тұрып, шағын қалада өмір сүрген кезде үйренгенімдер әсер етті» деп мойындады.

Маргарэт жас кезінен бастап сайлау науқандарына қатысты. Колардың отбасы консерваторлардың партиясынан ұсынылған кандидаттарды қызу қолдады. Маргарэт сол кезде байланыстырушы ролін орындап, құжаттар тасыды. Жергілікті сайлауларда сол қызметін атқарды. Ол кейіннен 30-жылдары «саясатпен айналысуды» сол кездері Германияның Австрияны басып алған кезінде үйрендім де еске алды. «Сол жылдары мен саясатты айыруға, соғыс пен бейбітшілік мәселелеріне ой жүгіртуге, фашизмнің бел алып, демократияға қауіп төнгенін пайымдай алдым» - деді ол4.

Оның көпшілік алдында сөйлеуге деген құштарлығы ерте оянды. Ол әкесіне шешендікке үйрететін мектепке барғысы келетіні жөнінде өтініш жасап, адам дұрыс сөйлей білу керек деді5.

Оксфорд университетінің химия факультетінде оқыды, сол кездері студенттердің консервативтік қауымдастығының жұмысына белсене араласты. Сол оқу жылдары ол саяси қайраткер ретінде қалыптаса бастады. К. Огден «Егер Маргарэт Оксфордқа түспесе де саясаткер болған болар еді. Ол әкесінің қызы, оның қанында саясаткердің қаны бар6 деп жазды.

Соғыс аяқталғаннан кейін Маргарэт оқудың жартысынан асып еді. Ол өз бетінше көп дайындалды, әсіресе химиямен көп шұғылданды. 1946 жылы ол Оксфорд университеті студенттерінің консервативтік қауымдастығының президенті болды. Осы салада төрт жылдай жұмыс істеп, ол 1951 жылы Дэнис Тэтчер деген ірі бизнесменге күйеуге шығады. Бұл неке оны тұрмыс тауқыметінен құтқарып, сол университеттің заң факультетін де тәмамдап алуға мүмкіндік береді.

Бес жылдай адвокат болып жұмыс істейді. Белсенді әрі алға ұмтылғыш консерватор болып қалыптасқан ол 1959 жылы парламентке сайланады. Екі жылдан кейін ол әлеуметтік сақтандыру министрлігінің парламенттік хатшысы болады. 1967 жылдан баста ол «көлеңкелі министрлер» қатарына кіреді. 1970 жылы партия сайлауда жеңіске жеткеннен кейін ғылым және білім мәселелері бойынша мемлекеттік хатшы (министр) болады, министрлер кабинетінің мүшесі болады.

Сөйтіп, біріншіден, Тэтчер әкесінің ықпалымен өсіп, оның принциптерін қабылдады. Екіншіден, жас кезінен бастап саясатпен айналысты. Оксфорд университетке түскеннен бастап оның саяси жолы басталды. Үшіншіден, Тэтчер отбасылық өмірден гөрі қоғамдық істерге үнемі басымдық берді. Тэтчердің премьер ретінде қалыптасуы туралы айтқанда, Ұлыбританияның 70-жылдары басынан кешкен ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайын атап өтпеуге болмайды.

Бірқатар авторлардың пікірінше, тап осы дағдарыс Тэтчердің консерваторлар лидері ретінде сайлануында шешуші роль атқарды. Сондықтан да бұған келесі тарауда нақты тоқталайық.

1. 2. Англияның 70-жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы және М. Тэтчердің билікке қол жеткізуі

Саяси қайраткерлердің өмірінде олардың бүкіл тағдырына әсер ететін жағдайлар болады. Мысалы, бұл оларды қатардағы саяси фигурадан аса ықпалды тұлға жасауы мүмкін. Маргарэт Тэтчер үшін мұндай оқиға консерваторлардың лидерін сайлау болды.

Ұлыбританияда 70-жылдары саяси лидерлік туралы мәселе аса маңызды жалпы ұлттық проблемаға айналды. Ұлыбритания осы кезеңде әлемдік капиталистік жүйенің «ең әлсіз буыны» болды. Елдің әлемдік өнеркәсіптік өндірістегі үлесі соғыстан кейін 10-нан 5%-ке дейін қысқарды. Британияны Жапония ғана емес, ФРГ мен Франция басып озды.

Осы кезеңде қалың көпшіліктің көңіл ауаны да өзгерді. Әлеуметтік ширығыстың ушығуы процесі байқалды. Көптеген саясаткерлер мен комментаторлар жағдайды «сенімнің ұлттық дағдарысы» деген баға берді.

Осы тұста партияға жағдайды дәл сипаттайтын, өз көзқарастарын ұсынатын дәстүрлі емес ерекше лидер қажет болды. 1975 жылы Маргарэт Тэтчер осындай лидер бола білді.

С. Перегрудов «Егер консерваторлардың лидерін ауыстыру процедурасы жүргізіліп, сайлауға қатысушы адамдар тобы кеңеймегенде Тэтчер бұл қызметке келмеген болар еді» деп жазды7.

Бірнеше жыл өткеннен кейін Тэтчер өз позициясын тұжырымдады. Оның көзқарасы партияның, кейіннен бүкіл елдің көңілінен шықты.

Лидерлік жолында көптеген кедергілер ұшырасты, соның бірі оның әйел болғандығына қатысты еді. Консерваторлар партиясында әйел-саясаткерлерге қарсы теріс түсінік бар болатын. Тэтчер бұған қыңған жоқ. Ол «Әйел адам партияны басқара алмайды деген бос сөз. Бұл таң қалаларлық және ескі көзқарас» деп тойтарыс берді8.

Сонымен мынадай тұжырым жасауға болады. Консерваторлар күш-қуаты мол жігерлі лидерге мұқтаж болды. Маргарэт тэтчердің билік басына келуімен олар өз партияларының, сондай-ақ бүкіл Англияның қайта көтерілуін байланыстырды. Ол осындай үдедін шыға білді. Оның табандылығы мен ымырасыздығы премьер-министр қызметіне сайлауға түскенде де көп көмегі тиді. Осы қызмеке қол жеткізе отырып, ол өзінің саяси талантын жарқыратып аша алды. Енді Тэтчердің пермьер-министр ретіндегі саяси бейнесіне тоқталайық.

1970 жылдың басында Англияның экономикалық жағдайы тым нашарлар кеткен еді. Көпшілік етек алып кеткен бюрократияға, салықтың жоғарылығына, «бейберекетсіздікке» және үкіметтің нәтижесіздігіне қарсы наразылық білдірді. Өмір сүру деңгейінің төмендеп кетуі көптеген ереуілдердің тууына алып соғып, соның салдарынан ағылшын өнеркәсібінің көптеген саласы құлдырады.

Мұнда Тэтчердің табандылығын және өз саясатын жүргізуді ымыраға келмейтін бірбеткейлігін атап өткен жөн. Өзінің саясатын тұжырымдап алған ол қандай жағдай болса да, өз жолынан айнымауға, сонны жүзеге асыруға бел буды. Бұл саяси ұстанымын ол қалың көпшіліктің бойына сенім ұялату деп білді. Сөйтіп тэтчеризмнің негізгі ұстанымдары жасалды9.

Маргарэт Тэтчер қысқа мерзімнің ішінде лейбористерден радикализм жалауын алып үлгерді. Ол нақты идеологиялық бағдарлама негізінде түбегейлі өзгерістерді жүзеге асыруға шақырды.

Маргарэт Тэтчер «социалзм қаупі» лейбористерден төнеді деп мәлімдеді. 1979 жылы мамырда Тэтчер Британия премьер-министрі креслосына отырды. Бұған оның «мықты мінезі» әсер етті. Ол үшін саяси күрес - принциптердің күресі, жарық пен қараңғының күресі, зұлымдық пен мейірімділіктің тайталасы, тұлға мен мемлекеттік күресі10.

Ол өз жұмысына жұрттың бәріне бірдей түсінікті заңдылық пен тәртіпті сақтау, әркімнің әрекетіне қарай табыс алуы секілді ұрандарды ортаға салды.

Тэтчердің көптеген сөздерінде монетаризм, этатизм, кейнсинаство, еңбек қатынастары т. б. деген сөздер жиі кездеседі. Сонымен бірге «үлкен мемлекет», «адал еңбек сіңірілген табыс», «қатаң үнемшілдік» деген ұғымдар да жиі қайталанады. Тэтчердің ішкі саясаты туралы айтқанда, оның жұмыс стилі туралы әңгіме қозғамай кетуге болмас. Ол көптеген қасиетке ие, бұл саяси позициясына ғана байланысты емес.

Премьердің резиденциясы Даунинг-стритте ораласқан. Әдетте әңгіме көгілдір залда, екінші қабатта өтті. Камин жанында екі диван болды: бірі - қожайын үшін, екіншісі - қонаққа арналған. М. Тэтчер бұрышқа отырып, шағын жастыққа сүйеніп ақырын, бірақ нық дауыспен сөйлегенді ұнатты. Оған қисындылық, қарапайымдылық және анықтық тән. Ол дауласуды жақсы көрді, бірақ жеңілуді хош көрмеді.

Ол таңғы 6-да жұмысқа кірісіп, түн ортасына дейін жұмыс істеген. Тіпті ол жазда да демалуды қаламады. Ол үнемі сырбаз да сымбатты жүріп-тұрды.

Көп жағдайда ол белгілі бір мәселелер бойынша шешімді ерте бастан қабылдайды, және одан бас тартпайды. Кабинет мәжілісі тұрақты өткізіледі. Ол өз мақсатын мәжіліске төрағалық етіп, әртүрлі көзқарастарды тыңдау, соңында басым пікірлерді қорытындылау деп санамайды. Тэтчер мәжілісте пікірталасқа жол ашады, әңгімеге өзек боларлық тақырыптарды қозғайды, қатысушылардың өзінің жеке пікірі айналасында тұтасқанын қалайды11. Ф. Пим жазғандай «Премьер-министр өзін үнемі дұрыс айтамын деп санауға бейім»12.

Оның саяси стилін ашатын тағы бір фактіні келтірейік. Елдегі ықпалының жоғалуына, парламенттегі бастамашылдығына нұқсан келетінін біле тұрса да ол мәжілістерге мұқият дайындалады. Талқылануға жататын мәселелер міндетті түрде министрлер кабинетінің мәжілістерінде қаралады. Әсіресе Тэтчер қойылған сұрақтарға жауаптарды мұқият дайындайды. Дебаттар кезінде ол адуын поизция ұстанады.

Тэтчер партиялық лидер және премьер-министр ретінде партияда да, мемлекетте де мықты позицияға ие.

Оның жұмыс істеу стилін, тәртібін сипаттай отырып, Тэтчердің саяси келбетін жүргізген ішкі және сыртқы саясаты арқылы да ашуға болады.

2-ТАРАУ. М. ТЭТЧЕРДІҢ ҰСТАНҒАН ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСИ БАҒЫТТАРЫ

2. 1. Ұлыбританияда неоконсерватистік идеяның пайда болуы (тэтчеризм)

Батыс Еуропа үкіметтерінің экономикалық саясатына неоконсервативтік идеялардың ықпалының таралуы Англияда билік басына 1979 жылы М. Тэтчердің келуімен байланысты. Ол келгеннен кейін М. Фридманның және А. Лаффердің теориялық постулаттарына «тәжірибелік сынақтан өткізу» басталды. Мемлекеттік-монополистік реттеудің нақты формалары экономикалық ахуалдың ерекшеліктеріне, жетекші саяси партиялар күштерінің парламенттік арақатынасына, билеуші топтардың ұлттық экономиканы дамыту қажеттігі туралы түсініктеріне орай айқындалады.

Шаруашылық өмірге мемлекеттің белсенді араласуын жақтаушылар «тиімді сұранысты» ынталандырудан тұратын түрлендірілген кейнстік доктринаға сүйене отырып өз көзқарастарын қорғағысы және оны дамытқысы келеді. Оны капиталистік ұдайы өндірістің өзгермелі жағдайына бейімдеуді ұсынады. Кейнс теориясын модернизациялау әлеуметтік-экономикалық формация дамуының өзекті проблемаларын шешуге ұзақ мерзімді құрылымдық тәсілді жасауға қосымша желі бойынша жүреді. Осы тәсілді іске асыру арнасында 70-жылдардағы көптеген энергетикалық, экологиялық, аймақтық және басқа бағдарламаларды жүзеге асыру талпыныстарын қараған жөн. Кейнстік рецептерге сәйкес құрылымдық диспропорцияны жеңуге қолдауға жұмылдырылған бағдарламалар мемлекет қаражатын пайдалануға сүйенеді. Осындай бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру іс жүзінде өзгермеген күйінде қалады. Капитализмнің экономикалық жүйесінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету мүмкіндігіне сенбей, мемлекеттің «қатаң саясатын қолдайтындар өз позицияларын оңай өзгерткісі келмейді. Олар қазіргі экономикалық саясаттың стратегиялық бағыттарын анықтаудағы өз ықпалдарын нығайтып, кеңіте беруді қалайды.

Англиядағы Монетаристік тәжірибе ағылшын мәнеріндегі «рейганомиканы» елестеді.

Монетаризмнің Англияда 1970-80 жылдар аралығында нығаюы тегін емес. Бұл ұлттық монополистік буржуазияның британ монополияларының әлемдік нарықта барған сайын бәсекеге қабілеттігінің төмендеуіне қатысты үні еді. Ел экономикасының құлдырай бастағына назар аудара отырып монетаризмнің жақтаушылары бұл процесті тоқтатпақ болып, бүкіл жауапкершілікті мемлекетке, кәсіподақтарға, қалың бұқараға жүктейді.

Неоконсерваторлар үкіметінің экономикалық саясаты стагфляциямен және жалпы шаруашылық тиімсіздікпен күрес, құрылымдық қайта құру және соның негізінде Англияның әлемдік саудадағы позициясын нығайту болды. Тэтчер үкіметі инфляция қарқынын төмендетуді, ағылшын өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін біршама арттыруды алдына мақсат етіп қойды.

Неоконсерваторлар мемлекетті экономикадан, әлеуметтік саяси саладан оқшаулауды, рынок пен бәсекеге ерік беруді талап етті. Осы бағытта М. Тетчер 1979-1990 жылдары орталықсыздандыру, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, жеке кәсіпкерлерге жал беру саясатын жүргізді. Соның барысында бұл елдің экономикасы едәуір дамыды. Акция иелерінің саны 7-ден 24 проценткте дейін көбейді, ұсақ фирмалар мен кәсіпорындарда жалпы жұмыс күшінің төрттен бірі шоғырланды. Халықтың 70 процентінің меншігі болды, бірақ олар жалдамалы еңбекті пайдаланған жоқ. Мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің саны 23 процент кеміді.

Неоконсерваторлар сонымен қатар, халық ортасындағы сенімге ие болғысы келді. Бірақ олар теңдікті болдырғысы келмеді, иерархияны сақтағысы келді. Басқаруға тек таңдаулы адамдар жіберіліп, оған өзгелердің қатыстырылмауын қалады.

2. 2. Тэтчердің ішкі саясаты

Тэтчердің ел ішіндегі басты еңбегінің бірі - қайта құру деп санауға болады. Тэтчердің өзі де елде қайта құруды жүзеге асырғанын айтқанды жақсы13. Тэтчер қайта құруының түпкілікті мақсаты билеуші топтардың билігін нығайту болса да, оның практикалық мазмұны британ экономикасын көтеруде жаңа тетіктерді пайдалану. Тэтчер қайта құруының негізгі элементтерінің бірі - қоғамдық секторды жекешелендіру. Мұнай өндіруші, газ, авиация, телекоммуникация және басқа көптеген салалар жеке бизнестің қолына берілді. Тэтчер мемлекеттің «диктат» болуына қарсы шықты. Оларға капиталистік нарықта әрекет етуге толықтай еркіндік берді. Сонымен бірге оларға өз әрекеттері үшін жауапкершілік көтеруді ұсынуды да ұмытқан жоқ.

Ең алдымен, Тэтчер экономиканы мемлекеттік реттеудің ескі үлгісінен бас тартты, ол жаңа, өзінің үлгісін ендіруге талпыныс жасады. Ол экономиканы басқаруды орталықсыздандыруды жүзеге асырды, мемлекеттік аппараты қысқартты. Бастамашыл және іскер азаматтарға сенім арта отырып ол: «Басқаларға қарағанда көбірек жұмыс істеуге дайын адамдар мол олжа алуға лайықты» деп мәлімдеді.

Экономикалық саясаттағы жаңа бағыт британ консерваторларының қазіргі заманға сай ұсынған жауабы болды, оны Тэтчер өз саяси бәсекелестерінен бұрын көре білді. Тэтчердің тек ақылмен, материалдық мүдделер тұрғысынан ғана емес, ағылшындардың көңіл ауанын тап басуы тұрғысынан да басым түсуі оның беделін арттыра түсті. Алайда Тэтчер популизмді түбірінен құрта алмады.

Өзінің қатаң саясатын жүргізу мемлекеттік шешімдер мен саяси ұйғарымдар қабылдаудың «өзіндік» ерекше механизмін талап етті. Оқымысты-саясаттанушылар бұл процесте премьер-министр мен оның аппаратының ролінің елеулі өсіп, айтарлықтай табыстарға жеткенін бөліп атайды. Олардың бірқатары елде «кабинеттік басқарудан» «президенттік басқарудың» болғаны жөнінде ой түйеді. Бұл көзқарасқа негізделген тойтарыс берілсе де, оның жақтаушылары да болмай қалған жоқ. Өйткені Тэтчер министрлер кабинетінің мемлекеттік маңызды мәселелерді талқылайтын орган ретіндегі ролін күрт төмендетіп жіберген еді.

Тэтчер екінші кезеңге сайланғаннан кейін мемлекеттік биліктің келесі сатысы - әкімшілік аппараты да түпкілікті өзгертті.

М. Тэтчер билігі кезінде ирланд мәселесіне байланысты көзқарас оңға қарай өзгерді. Солтүстік Ирландиядағы 60-80 жылдардағы оқиғалар либералдық-прогрессивтік идеялардың негізсіз екендігін айқын көрсетсе де, экономика мен әлеуметтік құрылымды түрлендіру өзін-өзі ақтаған14. Алайда ирландық террористік ИРА ұйымына қатысты мәселеге келгенде Тэтчер қатал болды, бұған жеке және мемлекеттік себептер болды. Ол Солтүстік Ирландиядағы католиктердің жағдайын жақсартуға күш салды. Сөйтіп, негізінен католиктер қоныс тепкен Белфастағы көп пәтерлі үйлерге 2 миллиард доллар жұмсады, бұл сондағы тұрғын үй мәселесін едәуір жақсартты.

2. 3. Тэтчердің сыртқы саясаты

М. Тэтчер Батыс-Шығыс қарым-қатынасында түйінді аспектілерді қалыптастыруда өзіндік ролін іздеуге ұмтылғаны сөзсіз. Ол батыс Еуропадағы саяси көшбасшы роліне ұмтылды, бұған негіз де жоқ емес еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тэтчердің сыртқы саясаты
Ұлыбританияның сыртқы саясаты
Ұлыбританияның ішкі және сыртқы саясатын зерделеу
Маргарет Тэтчер
Маргарет Тэтчер - Билікке жету жолы
Британдық неоконсервативтік әлеуметтік модельдің қалыптасуы мен дамуы. М. Тэтчердің консервативтік үкіметі және жүргізген реформалары
Ұлыбритания премьер - министрі М. Тэтчердің ішкі саясаты
Ұлыбритания тарихында алғаш әйел премьер министр болған Маргарет Тэтчердің саяси мансабы
Маргарет Тэтчердің саяси бейнесі
Ұлыбритания ХХ ғасырдың 80-ші жылдарындағы халықаралық қатынастар жүйесінің ауқымында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz