Тэтчердің сыртқы саясаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1-ТАРАУ. М. ТЭТЧЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ШЫҚҚАН ТЕГІ: ОНЫҢ САЯСИ БЕЙНЕСІНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ САЯСИ ТАБЫСТАРЫ 8
1.1. М.Тэтчердің өскен ортасы және саясаткерлік жолындағы қадамдары 8
1.2. Англияның 70-жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы және
М.Тэтчердің билікке қол жеткізуі 11
2-ТАРАУ. М.ТЭТЧЕРДІҢ ҰСТАНҒАН ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСИ БАҒЫТТАРЫ 16
2.1. Ұлыбританияда неоконсерватистік идеяның пайда болуы (тэтчеризм) 16
2.2. Тэтчердің ішкі саясаты 18
2.3. Тэтчердің сыртқы саясаты 20
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Ұлыбританияның қазіргі заманғы саясаты
тарихында Маргарет Тэтчердің есімі секілді дау тудыратын, қарама-қайшы
пікірлердің өрбуіне мүмкіндік беретін, түрлі тұжырымдар жасауға ұйытқы
болған есім жоқ десек қателесе қоймаспыз. Дегенмен оның саяси қарсыластары
Тэтчер тұлғасының бірегейлігін, оның елдің қоғамдық-саяси дамуында өзіндік
қолтаңбасын қалдырғанын мойындамай тұра алмайды.
Оның оппонеттері қолданысқа енгізген тэтчеризм ұғымы
неокнсерватизмнің британдық үлгісінің синониміне айналды. Ол Тэтчер
факторы, Тэтчер феномені және Тэтчер төңкерісі деген сөз тіркестерімен
қатар қолданылады. Бұл сөздердің барлығы да ағылшын саяси сөздігіне мықтап
тұрып енді[1]. Л.Замятин тэтчеризм термині ... ол жүргізген белгілі бір
саяси, деологиялық және моралдық ұстанымдарды, сондай-ақ оның басқару
стиліне тән ерекшеліктерді анықтайтын сипаттамалары[2] деп есептейді.
Осындай әйгілілігіне, Ұлыбританияның өркендеуіне көрсеткен зор
ықпалына және әлемдік саяси процеске жасаған әсеріне байланысты М.Тэтчердің
саяси бейнесін, оның жүргізген ішкі және сыртқы саясатын егжей-тегжейлі
зерттеп білудің маңызы зор.
Бұл тақырыпты мен кездейсоқ таңдап алғаным жоқ. Жоғарыда айтып
өткеніміздей, Тэтчер белгілі уақыт кезеңінде Британияның өркендеуіне мен
дамуына мүмкіндік жасады. Қазіргі кезде Қазақстанның әл-ауқатының артып,
даму барысы, әсіресе Н. Назарбаев есімімен байланыстырылады. Көп үміт
күтіледі. Сондықтан да ағылшын премьерінің саяси тәжірибесі біздің еліміз
үшін де жат болмайды және үйренер тұстары баршылық деп есептеймін.
Сол сияқты Британ сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі Каспий
аймағын елдің ұлттық мүдделерінің ауданы ретінде қарап, онда өзінің орнын
нығайтуға күш салуы да бізді ойландыруы керек. 1990 жылдардың басында
Британияның бұрынғы премьер-министрі М. Тэтчердің Қазақстанға келуі осының
дәлелі. Ұлыбритания Еуропа Одағы елдері арасында бірінші болып 1996 жылы
Қазақстан мен ЕО арасындағы серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді
бекітті[3]. Сондықтан да осы елдің тарихына, басқа елдермен арақатынасына
қатысты мәселелерді М.Тэтчер қызметі аясында қарастырудың өзектілігі дау
тудырмайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Мұнда Тэтчердің саяси келбетін анықтауда
бірқатар қиындықтар туындауы мүмкін екендігін айтқан жөн. Бұл ең алдымен,
оның саясатының сан қырлылығына байланысты. Сондықтан дабұл туралы
әдебиеттер де сан лауын және қарама-қарсы пікірлер көп. Тэтчердің саяси
тұлғасына Л.Замятин, С.П.Перегрудов, В.И.Попов, В.Я.Денискина еңбектері
арналған[4]. Тэтчердің шетелдік биографтары қатарына Крис Огдэн,
П.Дженкинс, Д.Каванах, Ф.Пим, Х.Юнг және А.Сломан секілді авторлар
жатады[5]. Сол сияқты ағылшын консерватизмі туралы көптеген еңбектерде
(мысалы, В.С. Гаджиев, т.б. еңбектері) тақырыпқа қатысты мағлұматтар мол.
М. Тэтчердің өз заманындағы әйгілі премьер-министр ғана емес
екендігін атап өткен жөн. Ол Ұлыбританиядағы және Еуропадағы
консерваторлардың лидері, содан кейін үкімет басшысы болған бірінші әйел.
Осыған байланысты әйел қайраткерлердің де саясатқа араласа бастаған қазіргі
кезеңінде бұл тақырыпты зерттеу өзекті деп ойлаймын.
Тақырыптың мақсаты Тэтчердің саяси кредосын, ұстанымдары мен ішкі-
сыртқы саясатын оның әлеуметтік шыққан тегі, тәрбиесі ашып көрсету,
Ұлыбританияның 70-жылдардағы әлеуметтік-саяси жағдайын Ашу және Тэтчердің
консервативтік партияның жетекшісі ретіндегі жетістіктерінің себептертін
айқындау болып табылады.
Жұмыстың міндеті – қойылған мақсатты барынша ашып көрсету, жұмыс
тәжірибесін игеру, отандық және шетелдік авторолардың еңбектеріндегі
деректерді шолып, өзіндік тұжырымдар жасау.
Курстық жұмыстың жаңалығы. Отандық және шетелдік ғалымдар еңбектері
негізінде Ұлыбританияның премьер-министрі М.Тэтчер тұсындағы Ұлыбританияның
экономикалық-саяси жағдайы, ішкі және сыртқы саясаты, орын алған
дағдарыстардың шешілу барысы талданды. Атап айтқанда зерттеу жұмысында
мынадай жаңалықтар бар:
– рухани өмірімізде пайда болған ой еркіндігі мен пікір алуандығы
тұрғысынан Ұлыбританияның ХХ ғасырдың 80-жылдарындағы тарихи даму
белестеріне кең көлемде талдау жасалған;
– Тэтчердің билікке келу жолдары, соған мүмкіндік берген қолайлы
сәттер аңғарылып, тиісті баға берілген;
– Тэтчердің кадр таңдау, команда жасақтау, әкімшілік жұмысын
ұйымдастыру барысындағы соны басқарушылық ерекшеліктері талданған;
– Тэтчердің Ұлыбританияның ішкі саяси мәселерін реттеудегі, Англияны
өрлеу жолына түсірудегі еңбегі, жүргізген саясаты ой елегінен өткізіліп,
соны пайымдаулар жасалған;
– Ұлыбританияның Тэтчер тұсында ұстанған сыртқы саяси ұстанымдарының
Ұлыбританияның алдыңғы басшылары ұстанған саясатынан өзгешеліктері
сарапталған;
– тэтчеризм теориясының мәніне жан-жақты талдау негізінде баға
берілген;
– Тэтчердің ұзақ жылдар бойы марғау тартқан саяси өмірі мен
экономикалық жағдайына, жалпы халықтың ой-санасына үлкен сілкініс әкеліп,
Ұлыбритания дамуындағы бір соны белеске жол ашқаны тарихи фактілер
негізінде ашып көрсетілген.
Зерттеу жұмысының қолданбалық маңызы. Курстық жұмыс ХХ ғасырдың соңғы
тұсындағы Англия тарихы мәселелерін қазіргі заман талабына сай, жаңаша
көзқараспен зерттелген еңбектердің қатарын толықтыра түседі. Зерттеу
жұмысындағы деректер мен қорытындыларды Ұлыбритания тарихы, мемлекеттік
басқару жүйесі, саяси және құқықтық ойлар тарихы дәрістерінде, сондай-ақ
осы тақырыпта жазылатын болашақ диссертациялық жұмыстарда пайдалануға
болады.
Зерттеу жұмысының хронологиялық межесі. ХХ ғасырдың 80-90 жылдарын
қамтиды. Дәлірек айтсақ, Тэтчер премьер-министрлігі тұсындағы
Ұлыбританияның тарихи даму белесі сөз болады.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Курстық жұмысты жазу барысында
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасындағы, Ғылым Академиясының
Орталық кітапханасындағы, Интернет желісіндегі Ұлыбританияның 1970-1990
жылдар аралығындағы кезеңіне арналған әдебиеттер, сол сияқты Тэтчердің жеке
басына, саяси бейнесіне және премьер-министрлік қызметіне арналған шетелдік
және отандық ғалымдар еңбектері пайдаланылды.
Курстық жұмыстың методологиялық және әдістемелік негізі. Зерттеу
методологиясы объективтік, тарихилық, жүйелілік және ғылыми таным
принциптеріне негізделді, сондай-ақ саяси талдау, зерттеу тәсілдері де
қолданылды. Сол секілді біз қарастырып отырған тарихи кезеңді мүмкіндігінше
объективтік тұрғыдан түсіндіруге бағытталған әрі жаңа тарихи көзқарас
тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды.
Нақты деректерді зерделеу ғылыми зерттеуде талдау және жинақтау,
жүйелендіру, салыстыру т.б. жалпыға белгілі әдістері негізінде жүргізілді.
Курстық жұмыстың сыннан өтуі. Курстық жұмыс бойынша болашақ
зерттеулерге жол ашар мақалалар сұлбасы дайындалуда. Жұмыс ғылыми
жетекшінің нұсқаулары, жөн көрсетуі негізінде бірнеше қайтара түзетуден
өтті.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-ТАРАУ. М. ТЭТЧЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ШЫҚҚАН ТЕГІ: ОНЫҢ САЯСИ БЕЙНЕСІНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ САЯСИ ТАБЫСТАРЫ

1.1. М.Тэтчердің өскен ортасы және саясаткерлік жолындағы қадамдары

Тэтчердің дүниетанымын түсіну үшін оның әлеуметтік шыққан тегін білу
қажет. Ол британдық дәстүрлі истеблишментке жатпайды, ұсақ буржуазия
өкіліне жатады. Осы ортаға деген сүйіспеншілігі жойылған жоқ. Бұған
тэтчеризм концепциясының идеологиялық негізінің маңызды элементтері ол
жариялаған викториандық моралдық құндылықтарға бет бұру, отбасы мен дінге
құрмет, заң мен тәртіпті жоғары тұту, ұқыптылықты, еңбексүйгіштікті,
дербестікті және т.б. қастерлеу принциптерінен көрінеді[6].
Маргарет Робертс 1925 жылы 13 қазанда Линкольншир графтығындағы
Грэнтэм қаласында дүниеге келген. Оның әкесі ұсақ саудагер болған.
Маргарэттің шыққан тегі тори партиясында қызмет істейтін адамдардікіне
ұқсас. Оның әкесінің өмірлік принципі еңбек сүйгіштікке, азаматтық борышқа
адалдыққа негізделді. Кейіннен Маргарэт Мен көп нәрседе әкеме қарыздармын
де еске алды.
Ал анасынан ол викториандық Англияның рухын сіңірді, ол жас кезінен
бастап провинциалдық өмірден сытылып шығып, үлкен өмірге араласуға құштар
болды. Оның саясатқа құштарлығы сол кезде оянды, бұған әкесінің ықпалы аз
болмады.
Робертстердің отбасы қарапайым өмір сүрді. Маргарэт және оның әпкесі
Мьюриэл спартандық жағдайда өмір сүрді деуге болады. Кейіннен Маргарэт
премьер-министр болған кезде: Осы сайлауда жеңіп шығуыма менің қарапайым
үйде тұрып, шағын қалада өмір сүрген кезде үйренгенімдер әсер етті деп
мойындады.
Маргарэт жас кезінен бастап сайлау науқандарына қатысты. Колардың
отбасы консерваторлардың партиясынан ұсынылған кандидаттарды қызу қолдады.
Маргарэт сол кезде байланыстырушы ролін орындап, құжаттар тасыды.
Жергілікті сайлауларда сол қызметін атқарды. Ол кейіннен 30-жылдары
саясатпен айналысуды сол кездері Германияның Австрияны басып алған
кезінде үйрендім де еске алды. Сол жылдары мен саясатты айыруға, соғыс пен
бейбітшілік мәселелеріне ой жүгіртуге, фашизмнің бел алып, демократияға
қауіп төнгенін пайымдай алдым – деді ол1.
Оның көпшілік алдында сөйлеуге деген құштарлығы ерте оянды. Ол
әкесіне шешендікке үйрететін мектепке барғысы келетіні жөнінде өтініш
жасап, адам дұрыс сөйлей білу керек деді2.
Оксфорд университетінің химия факультетінде оқыды, сол кездері
студенттердің консервативтік қауымдастығының жұмысына белсене араласты. Сол
оқу жылдары ол саяси қайраткер ретінде қалыптаса бастады. К.Огден Егер
Маргарэт Оксфордқа түспесе де саясаткер болған болар еді. Ол әкесінің қызы,
оның қанында саясаткердің қаны бар3 деп жазды.
Соғыс аяқталғаннан кейін Маргарэт оқудың жартысынан асып еді. Ол өз
бетінше көп дайындалды, әсіресе химиямен көп шұғылданды. 1946 жылы ол
Оксфорд университеті студенттерінің консервативтік қауымдастығының
президенті болды. Осы салада төрт жылдай жұмыс істеп, ол 1951 жылы Дэнис
Тэтчер деген ірі бизнесменге күйеуге шығады. Бұл неке оны тұрмыс
тауқыметінен құтқарып, сол университеттің заң факультетін де тәмамдап алуға
мүмкіндік береді.
Бес жылдай адвокат болып жұмыс істейді. Белсенді әрі алға ұмтылғыш
консерватор болып қалыптасқан ол 1959 жылы парламентке сайланады. Екі
жылдан кейін ол әлеуметтік сақтандыру министрлігінің парламенттік хатшысы
болады. 1967 жылдан баста ол көлеңкелі министрлер қатарына кіреді. 1970
жылы партия сайлауда жеңіске жеткеннен кейін ғылым және білім мәселелері
бойынша мемлекеттік хатшы (министр) болады, министрлер кабинетінің мүшесі
болады.
Сөйтіп, біріншіден, Тэтчер әкесінің ықпалымен өсіп, оның принциптерін
қабылдады. Екіншіден, жас кезінен бастап саясатпен айналысты. Оксфорд
университетке түскеннен бастап оның саяси жолы басталды. Үшіншіден, Тэтчер
отбасылық өмірден гөрі қоғамдық істерге үнемі басымдық берді. Тэтчердің
премьер ретінде қалыптасуы туралы айтқанда, Ұлыбританияның 70-жылдары
басынан кешкен ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайын атап өтпеуге болмайды.

Бірқатар авторлардың пікірінше, тап осы дағдарыс Тэтчердің
консерваторлар лидері ретінде сайлануында шешуші роль атқарды. Сондықтан да
бұған келесі тарауда нақты тоқталайық.

1.2. Англияның 70-жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы және
М.Тэтчердің билікке қол жеткізуі

Саяси қайраткерлердің өмірінде олардың бүкіл тағдырына әсер ететін
жағдайлар болады. Мысалы, бұл оларды қатардағы саяси фигурадан аса ықпалды
тұлға жасауы мүмкін. Маргарэт Тэтчер үшін мұндай оқиға консерваторлардың
лидерін сайлау болды.
Ұлыбританияда 70-жылдары саяси лидерлік туралы мәселе аса маңызды
жалпы ұлттық проблемаға айналды. Ұлыбритания осы кезеңде әлемдік
капиталистік жүйенің ең әлсіз буыны болды. Елдің әлемдік өнеркәсіптік
өндірістегі үлесі соғыстан кейін 10-нан 5%-ке дейін қысқарды. Британияны
Жапония ғана емес, ФРГ мен Франция басып озды.
Осы кезеңде қалың көпшіліктің көңіл ауаны да өзгерді. Әлеуметтік
ширығыстың ушығуы процесі байқалды. Көптеген саясаткерлер мен
комментаторлар жағдайды сенімнің ұлттық дағдарысы деген баға берді.
Осы тұста партияға жағдайды дәл сипаттайтын, өз көзқарастарын
ұсынатын дәстүрлі емес ерекше лидер қажет болды. 1975 жылы Маргарэт Тэтчер
осындай лидер бола білді.
С. Перегрудов Егер консерваторлардың лидерін ауыстыру процедурасы
жүргізіліп, сайлауға қатысушы адамдар тобы кеңеймегенде Тэтчер бұл қызметке
келмеген болар еді деп жазды1.
Бірнеше жыл өткеннен кейін Тэтчер өз позициясын тұжырымдады. Оның
көзқарасы партияның, кейіннен бүкіл елдің көңілінен шықты.
Лидерлік жолында көптеген кедергілер ұшырасты, соның бірі оның әйел
болғандығына қатысты еді. Консерваторлар партиясында әйел-саясаткерлерге
қарсы теріс түсінік бар болатын. Тэтчер бұған қыңған жоқ. Ол Әйел адам
партияны басқара алмайды деген бос сөз. Бұл таң қалаларлық және ескі
көзқарас деп тойтарыс берді1.
Сонымен мынадай тұжырым жасауға болады. Консерваторлар күш-қуаты мол
жігерлі лидерге мұқтаж болды. Маргарэт тэтчердің билік басына келуімен олар
өз партияларының, сондай-ақ бүкіл Англияның қайта көтерілуін байланыстырды.
Ол осындай үдедін шыға білді. Оның табандылығы мен ымырасыздығы премьер-
министр қызметіне сайлауға түскенде де көп көмегі тиді. Осы қызмеке қол
жеткізе отырып, ол өзінің саяси талантын жарқыратып аша алды. Енді
Тэтчердің пермьер-министр ретіндегі саяси бейнесіне тоқталайық.
1970 жылдың басында Англияның экономикалық жағдайы тым нашарлап
кеткен еді. Көпшілік етек алып кеткен бюрократияға, салықтың жоғарылығына,
бейберекетсіздікке және үкіметтің нәтижесіздігіне қарсы наразылық
білдірді. Өмір сүру деңгейінің төмендеп кетуі көптеген ереуілдердің тууына
алып соғып, соның салдарынан ағылшын өнеркәсібінің көптеген саласы
құлдырады.
Мұнда Тэтчердің табандылығын және өз саясатын жүргізуді ымыраға
келмейтін бірбеткейлігін атап өткен жөн. Өзінің саясатын тұжырымдап алған
ол қандай жағдай болса да, өз жолынан айнымауға, сонны жүзеге асыруға бел
буды. Бұл саяси ұстанымын ол қалың көпшіліктің бойына сенім ұялату деп
білді. Сөйтіп тэтчеризмнің негізгі ұстанымдары жасалды1.
Маргарэт Тэтчер қысқа мерзімнің ішінде лейбористерден радикализм
жалауын алып үлгерді. Ол нақты идеологиялық бағдарлама негізінде түбегейлі
өзгерістерді жүзеге асыруға шақырды.
Маргарэт Тэтчер социализм қаупі лейбористерден төнеді деп мәлімдеді.
1979 жылы мамырда Тэтчер Британия премьер-министрі креслосына отырды. Бұған
оның мықты мінезі әсер етті. Ол үшін саяси күрес – принциптердің күресі,
жарық пен қараңғының күресі, зұлымдық пен мейірімділіктің тайталасы, тұлға
мен мемлекеттік күресі2.
Ол өз жұмысына жұрттың бәріне бірдей түсінікті заңдылық пен тәртіпті
сақтау, әркімнің әрекетіне қарай табыс алуы секілді ұрандарды ортаға салды.

Тэтчердің көптеген сөздерінде монетаризм, этатизм, кейнсинаство, еңбек
қатынастары т.б. деген сөздер жиі кездеседі. Сонымен бірге үлкен
мемлекет, адал еңбек сіңірілген табыс, қатаң үнемшілдік деген ұғымдар
да жиі қайталанады. Тэтчердің ішкі саясаты туралы айтқанда, оның жұмыс
стилі туралы әңгіме қозғамай кетуге болмас. Ол көптеген қасиетке ие, бұл
саяси позициясына ғана байланысты емес.
Премьердің резиденциясы Даунинг-стритте ораласқан. Әдетте әңгіме
көгілдір залда, екінші қабатта өтті. Камин жанында екі диван болды: бірі –
қожайын үшін, екіншісі – қонаққа арналған. М. Тэтчер бұрышқа отырып, шағын
жастыққа сүйеніп ақырын, бірақ нық дауыспен сөйлегенді ұнатты. Оған
қисындылық, қарапайымдылық және анықтық тән. Ол дауласуды жақсы көрді,
бірақ жеңілуді хош көрмеді.
Ол таңғы 6-да жұмысқа кірісіп, түн ортасына дейін жұмыс істеген. Тіпті
ол жазда да демалуды қаламады. Ол үнемі сырбаз да сымбатты жүріп-тұрды.
Көп жағдайда ол белгілі бір мәселелер бойынша шешімді ерте бастан
қабылдайды, және одан бас тартпайды. Кабинет мәжілісі тұрақты өткізіледі.
Ол өз мақсатын мәжіліске төрағалық етіп, әртүрлі көзқарастарды тыңдау,
соңында басым пікірлерді қорытындылау деп санамайды. Тэтчер мәжілісте
пікірталасқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тэтчердің ішкі саясаты
Ұлыбританияның сыртқы саясаты
Ұлыбританияның ішкі және сыртқы саясатын зерделеу
Маргарет Тэтчер
Маргарет Тэтчер - Билікке жету жолы
Маргарет Тэтчердің саяси бейнесі
Британдық неоконсервативтік әлеуметтік модельдің қалыптасуы мен дамуы. М. Тэтчердің консервативтік үкіметі және жүргізген реформалары
Ұлыбритания тарихында алғаш әйел премьер министр болған Маргарет Тэтчердің саяси мансабы
Ұлыбритания ХХ ғасырдың 80-ші жылдарындағы халықаралық қатынастар жүйесінің ауқымында
М.Тэтчер-темір ханым
Пәндер