Ұлыбританияның ішкі және сыртқы саясатын зерделеу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

М. Тэтчер кезіндегі Ұлыбритания

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1-ТАРАУ. М. ТЭТЧЕР ПРЕМЬЕРЛІГІНІҢ БІРІНШІ МЕРЗІМІ: ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ТЭТЧЕР САЯСАТЫ6

1. 1. ХХ ғасырдың 80-жылдарындағы Ұлыбритания және Тэтчердің билік басына келуі6

1. 2. Ұлыбританияда неоконсерватистік идеяның пайда болуы (тэтчеризм) 8

2-ТАРАУ. М. ТЭТЧЕРДІҢ ПРЕМЬЕРЛІГІНІҢ ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ МЕРЗІМДЕРІ: ІРІ ӨЗГЕРІСТЕР15

2. 1. Ұлыбританияда кәсіподақтың жеңіліс табуы және жаппай жекешешелендіру15

2. 2. М. Тэтчер премьерлігінің үшінші кезеңі. Ұлыбританияның ендігі бет алысы19

ҚОРЫТЫНДЫ23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ25

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Маргарэт Тэтчер есімі әлемдегі белгілі мемлекет қайраткерлері мен саясаткерлері қатарында көпшілікке мәлім. Оның мінезінің беріктігіне, алған бетінен қайтпайтын бірбеткейлігіне орай «темір леди» деп атайды. Десек те Ұлыбританиядағы экономикалық өрлеу, қайта құру кезеңі тікелей Тэтчер есімімен байланысты.

Тэтчер үкіметі алғашқы күннен-ақ қарқынды іске кірісіп, монетаризм, неоконсерватизм саясатын жүзеге асыруға құлшына кірісіп кетті. Кейіннен бұл саясат «тэтчеризм» деп аталды. Тэтчердің өзі «монетаризм» терминін өте сирек қолданды. Оның орнына «меншік иелерінің демократиясы» деген сөзді қолдануды ұнатты.

Ең алдымен монетаризм теориясының Англияда емес, Америкада ойлап табылғандығын, оның негізін қалаушы Чикаго мектебінің өкілі профессор М. Фридман екендігіне назар аударған орынды. Ол Англияға шақырылып, Тэтчермен бірге сөз сөйледі. Оның монетаризм идеясы Тэтчерге өте ұнады.

Мұнда мына нәрсені есте ұстаған жөн. Англияда монетаризм мен тэтчеризм идеясы Тэтчердің билік басына келгеніне дейін он жыл бұрын қалыптасып, «сэлсдон саясаты» деген атау иемденген еді. Бұл атау консерваторлардың жасырын мәжіліс өткізетін отелдің атынан алынған еді. Бұдан біз Тэтчердің билікке келуге ерте бастан дайындалып, өзінің идеялары мен ұстанымдарын әуел бастан айқындап алғанын көреміз.

Сонымен тэтчеризм экономикадағы жаңа бағыт емес, жекелеген экономикалық постулаттардың жиынтығы болып табылады.

Сондықтан да елдің экономикалық дамуына, саяси құрылымы мен ойлау жүйесіне өзгеріс әкелген Тэтчер үкіметі жүргізген саясатты, сол тұстағы Ұлыбританияның өмірін зерттеудің маңызы зор. Олай болатыны біздің елімізде де нарықтың қатынастар дендей еніп, қалыптасып келеді. Мемлекеттік меншік орталықсыздандырылып, жекешелендіріліп, еркін кәсіпкерлікке жол ашылды. Ашық экономика мен демократиялық қоғам орнатуға мықтап кірісіп кеттік. Осы орайда аталған тақырыпты зертеудің, одан үйренер тұстардың қажет екендігі сөзсіз. Мұның бәрі де тақырыптың өзектілігін айқындайды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі жөнінде әңгіме қозғасақ, ауызды қу шөппен сүрте алмаймыз. Тэтчердің жеке басы, саяси келбеті, өмірі мен қызметі туралы жазылған еңбектер жеткілікті. Ағылшын зерттеушілерімен бірге әлемнің көптеген елінің саясаттанушылары мен тарихшылары, философтары осындай ғажайып тұлғаның бітім-болмысын ашуға қызығушылық танытып, бірталай еңбектер арнаған. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де толас таппаған, болашақта да жалғасын таба берері сөзсіз. Біз олардың барлығына тоқталып жатпастан негізгі дегендерінің есімдерін атаумен шектелеміз.

Тэтчердің саяси тұлғасына Л. Замятин, С. П. Перегрудов, В. И. Попов, В. Я. Денискина еңбектері арналған. Тэтчердің шетелдік биографтары қатарына Крис Огдэн, П. Дженкинс, Д. Каванах, Ф. Пим, Х. Юнг және А. Сломан секілді авторлар жатады. Сол сияқты ағылшын консерватизмі туралы көптеген еңбектерде (мысалы В. С. Гаджиев, т. б. еңбектері) тақырыпқа қатысты мағлұматтар мол.

Курстық жұмыстың мақсаты М. Тэтчер билігі тұсындағы Ұлыбританияның даму барысын премьер-министрдің саяси ұстанымдары мен принциптерінің жүзеге асырылу аясында қарастыру болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- М. Тэтчердің билікке келу жолын қарастыру;

- М. Тэтчердің билікке келгеннен кейін ұсынған идеяларын сараптау, оның мәні мен маңызына пайым жасау;

- Тэтчер билігі кезіндегі Англияның саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайына шолу жасап, алдыңғы кезеңдерімен салыстырып тексеру;

- «Тэтчеризм» идеясының байыбына бару;

- Ұлыбританияның ішкі және сыртқы саясатын зерделеу;

- Ұлыбританияның әлемдік қоғамдастықтағы орны мен ролін сараптау;

- М. Тэтчердің билігі арқасында Ұлыбритания бейнесінің өзгергендігін нақты мысалдармен көрсету.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, тарау ішіндегі тараушалардан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-ТАРАУ. М. ТЭТЧЕРДІҢ ПРЕМЬЕРЛІГІНІҢ БІРІНШІ МЕРЗІМІ: ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ТЭТЧЕР САЯСАТЫ

1. 1. ХХ ғасырдың 80-жылдарындағы Ұлыбритания және Тэтчердің билік басына келуі

1979 жылдың басында Англияның экономикалық жағдайы едәуір нашарлады. Инфлияция қарқыны өршіп кетті. Ағылшындардың өмір сүру деңгейі орташа еуропалық деңгейден төмен түсіп кетті. Өнеркәсібі дамыған, қуатты Англия жан басына шаққанда кіріс деңгейі екінші ондыққа зорға ілікті. Сол сияқты еңбек өнімділігі төмендеді және шығарылған өнімнің сапасы нашарлады. Өмір сүру деңгейінің құлдырауы елде ірі-ірі ереуілдердің өтуіне алып келді. Соның салдарынан ірі өндіріс ошақтары өз жұмыстарын тоқтатты. Англияда үкіметтік дағдарыс орын алды. Билік басында отырған лейбористерді либералдар мен бірқатар партиялар қолдады. Алайда либералдар лейбористерден бас тарта бастады. Үкіметке наразылық өршіді.

Оппозицияның лидері М. Тэтчер орын алған ахуалды дер сәтінде пайдалана біліп, үкіметке сенімсіздік білдірді.

Үкіметке сенім туралы дауыс беру аса ширыққан жағдайда өтті. Кімнің жеңері ақырғы сәтке дейін белгілі болмады. Лейбористер кабинетінің билік басында қалуына небәрі бір дауыс жетпей қалды. Сөйтіп, үкімет отставкаға кетуге мәжбүр болды. Жаңадан болатын сайлау 1979 жылдың 3 мамырына белгіленді.

Әрине, Тэтчер өз партиясының билікке жетуін қалады. Ол партияның манифестін өзі жазды. Мұнда елді өркендету бағдарламасы көрсетілді. Тэтчердің ең бірінші ұсынғаны инфлицияны төмендету болды. Ол мұны мәлімдеп қана қойған жоқ, бұл үшін мемлекеттік аппаратқа жұмсалатын шығынды қысқарту керек деп жол көрсетті. Тэтчер мәлімдеген консерваторлардың сайлау алдындағы тұжырымдамасы кәсіпкерліктің дамуын ынталандыруды да ұмыт қалдырмады. Атап айтқанда бірқатар салық жеңілдіктерін ұсыну қарастырылды. Тэтчердің бүкіл сөйлеген сөздерінде елдің экономикалық дамуына, әрбір компанияның, әрбір адамның дамуына мемлекеттің көп араласа бермеуін болдырмау жайы қайталанды. Консерваторлардың бүкіл экономикалық саясаты осыған табан тіреді. Жеке адамның экономикалық еркіндігі идеясын дамыта отырып Тэтчер адамдардың жекешелендірілген кәсіпорындардың акцияларының, тұрғын үйлердің меншік иесі болу мүмкіндігін қолдады. Сондықтан оның сайлау алдындағы тұжырымдамасында орталықтандырылған өнеркәсіп салаларын жекешелендіру, жерге меншікті кеңейту мәселелері де назардан тыс қалмады. Тэтчер жас отбасыларына жеңілдетілген талаптармен тұрғын үйлер беру жоспарлары туралы да айтты. Мұндай уәделер ағылшындарды қатты толқытты.

Мұнда Тэтчердің табандылығын және өз саясатын жүргізуді ымыраға келмейтін бірбеткейлігін атап өткен жөн. Өзінің саясатын тұжырымдап алған ол қандай жағдай болса да, өз жолынан айнымауға, сонны жүзеге асыруға бел буды. Бұл саяси ұстанымын ол қалың көпшіліктің бойына сенім ұялату деп білді. Сөйтіп тэтчеризмнің негізгі ұстанымдары жасалды1.

Маргарэт Тэтчер қысқа мерзімнің ішінде лейбористерден радикализм жалауын алып үлгерді. Ол нақты идеологиялық бағдарлама негізінде түбегейлі өзгерістерді жүзеге асыруға шақырды.

Маргарэт Тэтчер «социализм қаупі» лейбористерден төнеді деп мәлімдеді.

Осындай тың тұжырымдама ұсынып, қызу жұмыс істеген консерваторлардың жеңісі сайлаудың соңғы сәтіне дейін белгілі болмады. 3 мамыр күні сайлаушылардың басым даусына қол жеткізіп, Тэтчер өзінің саяси бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндік алды.

Сонымен Англияда Тэтчер кезеңі басталды. «Тэтчеризм», «Тэтчер төңкерісі» деген ұғымдар өмірге келді. Қарапайым ағылшындықтардың өзі елде тек үкімет ауысып қана қойған жоқ, сонымен бірге үлкен өзгерістердің болатындығын сезіне білді.

1. 2. Ұлыбританияда неоконсерватистік идеяның пайда болуы (тэтчеризм)

Батыс Еуропа үкіметтерінің экономикалық саясатына неоконсервативтік идеялардың ықпалының таралуы Англияда билік басына 1979 жылы М. Тэтчердің келуімен байланысты. Ол келгеннен кейін М. Фридманның және А. Лаффердің теориялық постулаттарына «тәжірибелік сынақтан өткізу» басталды. Мемлекеттік-монополистік реттеудің нақты формалары экономикалық ахуалдың ерекшеліктеріне, жетекші саяси партиялар күштерінің парламенттік арақатынасына, билеуші топтардың ұлттық экономиканы дамыту қажеттігі туралы түсініктеріне орай айқындалады.

Шаруашылық өмірге мемлекеттің белсенді араласуын жақтаушылар «тиімді сұранысты» ынталандырудан тұратын түрлендірілген кейнстік доктринаға сүйене отырып өз көзқарастарын қорғағысы және оны дамытқысы келеді. Оны капиталистік ұдайы өндірістің өзгермелі жағдайына бейімдеуді ұсынады. Кейнс теориясын модернизациялау әлеуметтік-экономикалық формация дамуының өзекті проблемаларын шешуге ұзақ мерзімді құрылымдық тәсілді жасауға қосымша желі бойынша жүреді. Осы тәсілді іске асыру арнасында 70-жылдардағы көптеген энергетикалық, экологиялық, аймақтық және басқа бағдарламаларды жүзеге асыру талпыныстарын қараған жөн. Кейнстік рецептерге сәйкес құрылымдық диспропорцияны жеңуге қолдауға жұмылдырылған бағдарламалар мемлекет қаражатын пайдалануға сүйенеді. Осындай бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру іс жүзінде өзгермеген күйінде қалады. Капитализмнің экономикалық жүйесінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету мүмкіндігіне сенбей, мемлекеттің «қатаң саясатын қолдайтындар өз позицияларын оңай өзгерткісі келмейді. Олар қазіргі экономикалық саясаттың стратегиялық бағыттарын анықтаудағы өз ықпалдарын нығайтып, кеңіте беруді қалайды.

Англиядағы Монетаристік тәжірибе ағылшын мәнеріндегі «рейганомиканы» елестеді.

Монетаризмнің Англияда 1970-80 жылдар аралығында нығаюы тегін емес. Бұл ұлттық монополистік буржуазияның британ монополияларының әлемдік нарықта барған сайын бәсекеге қабілеттігінің төмендеуіне қатысты үні еді. Ел экономикасының құлдырай бастағына назар аудара отырып монетаризмнің жақтаушылары бұл процесті тоқтатпақ болып, бүкіл жауапкершілікті мемлекетке, кәсіподақтарға, қалың бұқараға жүктейді.

Неоконсерваторлар үкіметінің экономикалық саясаты стагфляциямен және жалпы шаруашылық тиімсіздікпен күрес, құрылымдық қайта құру және соның негізінде Англияның әлемдік саудадағы позициясын нығайту болды. Тэтчер үкіметі инфляция қарқынын төмендетуді, ағылшын өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін біршама арттыруды алдына мақсат етіп қойды.

Тэтчердің бірінші үкіметі дереу тори экономикалық бағдарламасын іске асыруға кірісті. Бұл экономикалық бағдарлама «тэтчеризм» деп аталды. Ол Маргарет Тэтчер саяси қызметінің басында мәлімдеген: еркін кәсіпкерлік, мемлекеттің экономикалық қызметке араласуын барынша азайту, тура салық салуды төмендету, жеке бизнестің дамуына қолдау көрсету, монополияны тарату және бәсекелестікті дамыту принциптеріне негізделді.

Тэтчеризмнің мкаңызды элементі монетаризм принциптерін ұстануы болды. Бұь экономикалық доктринаның негізін Мильтон Фридман қалаған еді.

Тэтчерзим саясаты ең алдымен елдің бюджетін қалыптастыру арқылы жүргізілді. 1979-1980 жылдардағы бюджет Маргарет Тэтчердің өзінің қатысуымен құралды. Ол мемлекеттің қаржы саясатының түбірімен өзгеруіне ықпал етті. Ең алдымен, бұл салық саясатына қатысты болды. Кәсіпкерлерге салық жеңілдіктері ұсынылды. Бұрын тікелей мемлекет кірісіне түсетін салық көлемі енді өндірісті дамытуға, жетілдіруге жұмсалды.

Басты назар мемлекеттік шығыстарды азайтуға жұмылдырылдырылды. Әрбір ведомоствода қызметкерлер штаты 10-20% қысқарды. Бұған денсаулық сақтау министрлігі мен қорғаныс министрлігі жатпады. Жалпы алғанда 1979 жылдан 1989 жылға дейін мемлекеттік қызметкерлердің саны 732, 3 мыңнан 567, 2 мыңға дейін азайды.

Мемлекеттік басқарудың тиімдіоігін арттыру үшін Тэтчер мемлекеттік аппаратқа «менеджеризация» жүргізді. Осы немесе басқа шараларды жүзеге асыруда кеңесші ретінде жеке корпорациялардың менеджерлері, оның ішінде шетелдіктер тартылды. Сөйтіп, қара металлургияны, содан кейін көмір өнеркәсібін модернизациялауға американдық миллионер Я. Макгрегор шақырылды.

Үкімет қолға алған шаралардың арқасында өмір сүру деңгейі біршама көтерілді. Перспективасы жоқ мыңдаған кәсіпорындар банкротқа ұшырады. Дегенмен жұмыссыздықтың өршуін ауыздықтау қиынға түсті. Сөйтіп, консерваторлардың билік басына келген бес жылдың ішінде жұмыссыздар саны өзінің шыңына жетіп, 3 млн. адамнан асты.

Монетарлық саясатқа үлкен үміт артса да Тэтчер 1982 жылдан бастап қаржылық саясатын біршама жұмсартуға мәжбүр болды. Сол сияқты мемлекеттік шығыстарды азайтуға қол жеткізу оңайға түспеді.

Британ қоғамында әлеуметтік бөліну басталды. Жұмыссыздықтың өсуі және үкіметтің шарасыздығы қоғамның жатсынуын тудырып, «екі ұлттың» - байлар мен кедейлердің туындауына алып келді. Тэтчер үкіметіне қатаң сын айтыла бастады. Тіпті кәсіподақтар Тэтчер үкіметінің отставкаға кетуін талап етті.

Дегенмен Тэтчер үкіметі алған бетінен қайтпады.

Неоконсерваторлар мемлекетті экономикадан, әлеуметтік саяси саладан оқшаулауды, рынок пен бәсекеге ерік беруді талап етті. Осы бағытта М. Тетчер 1979-1990 жылдары орталықсыздандыру, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, жеке кәсіпкерлерге жалға беру саясатын жүргізді. Соның барысында бұл елдің экономикасы едәуір дамыды. Акция иелерінің саны 7-ден 24 проценткте дейін көбейді, ұсақ фирмалар мен кәсіпорындарда жалпы жұмыс күшінің төрттен бірі шоғырланды. Халықтың 70 процентінің меншігі болды, бірақ олар жалдамалы еңбекті пайдаланған жоқ. Мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің саны 23 процент кеміді.

Неоконсерваторлар сонымен қатар, халық ортасындағы сенімге ие болғысы келді. Бірақ олар теңдікті болдырғысы келмеді, иерархияны сақтағысы келді. Басқаруға тек таңдаулы адамдар жіберіліп, оған өзгелердің қатыстырылмауын қалады.

Тэтчердің ел ішіндегі басты еңбегінің бірі - қайта құру деп санауға болады. Тэтчердің өзі де елде қайта құруды жүзеге асырғанын айтқанды жақсы2. Тэтчер қайта құруының түпкілікті мақсаты билеуші топтардың билігін нығайту болса да, оның практикалық мазмұны британ экономикасын көтеруде жаңа тетіктерді пайдалану. Тэтчер қайта құруының негізгі элементтерінің бірі - қоғамдық секторды жекешелендіру. Мұнай өндіруші, газ, авиация, телекоммуникация және басқа көптеген салалар жеке бизнестің қолына берілді. Тэтчер мемлекеттің «диктат» болуына қарсы шықты. Оларға капиталистік нарықта әрекет етуге толықтай еркіндік берді. Сонымен бірге оларға өз әрекеттері үшін жауапкершілік көтеруді ұсынуды да ұмытқан жоқ.

Ең алдымен, Тэтчер экономиканы мемлекеттік реттеудің ескі үлгісінен бас тартты, ол жаңа, өзінің үлгісін ендіруге талпыныс жасады. Ол экономиканы басқаруды орталықсыздандыруды жүзеге асырды, мемлекеттік аппараты қысқартты. Бастамашыл және іскер азаматтарға сенім арта отырып ол: «Басқаларға қарағанда көбірек жұмыс істеуге дайын адамдар мол олжа алуға лайықты» деп мәлімдеді.

Экономикалық саясаттағы жаңа бағыт британ консерваторларының қазіргі заманға сай ұсынған жауабы болды, оны Тэтчер өз саяси бәсекелестерінен бұрын көре білді. Тэтчердің тек ақылмен, материалдық мүдделер тұрғысынан ғана емес, ағылшындардың көңіл ауанын тап басуы тұрғысынан да басым түсуі оның беделін арттыра түсті. Алайда Тэтчер популизмді түбірінен құрта алмады.

Өзінің қатаң саясатын жүргізу мемлекеттік шешімдер мен саяси ұйғарымдар қабылдаудың «өзіндік» ерекше механизмін талап етті. Оқымысты-саясаттанушылар бұл процесте премьер-министр мен оның аппаратының ролінің елеулі өсіп, айтарлықтай табыстарға жеткенін бөліп атайды. Олардың бірқатары елде «кабинеттік басқарудан» «президенттік басқарудың» болғаны жөнінде ой түйеді. Бұл көзқарасқа негізделген тойтарыс берілсе де, оның жақтаушылары да болмай қалған жоқ. Өйткені Тэтчер министрлер кабинетінің мемлекеттік маңызды мәселелерді талқылайтын орган ретіндегі ролін күрт төмендетіп жіберген еді.

2-ТАРАУ. М. ТЭТЧЕРДІҢ ПРЕМЬЕРЛІГІНІҢ ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ МЕРЗІМДЕРІ: ІРІ ӨЗГЕРІСТЕР

2. 1. Ұлыбританияда кәсіподақтың жеңіліс табуы және жаппай жекешешелендіру

Фолкленд соғысы қарсаңында ағылшындықтар М. Тэтчердің келесі сайлауда жеңіліске ұшырайтынына сенімді болды. Алайда Тэтчердің бұл соғыста ірі табыстарға жетіп, халықаралық аренада беделін нығайтуы премьер-министр ретінде қайта сайлануына және онда жеңіске жетуіне үлкен жол ашты. Сол сияқты оның елдегі беледі де жаман болған жоқ. Фолкленд оқиғасы оны әлемдік саясаткерлер қатарына қосты.

Ағылшындықтардың пікірі енді басқаша болды. Олардың көпшілігі «қатаң тәртіптің» ел экономикасын көтеруде қажет екендігіне көздері жетті.

М. Тэтчер мерзімінен бұрын сайлауды 1983 жылдың 9 маусымына қойды. Консерваторлар беделенің жоғары екендігіне қарамастан, бірқатар сарапшылар бұл сайлауда Тэтчердің жеңіске жетуіне күман білдірді. Ақыр соңында бар табыс сайлау алдындағы науқанға байланысты болды.

Сайлау алдындағы манифест инфлиция қарқынын төмендету міндетін қойды. Бұрын қолға алынған экономикалық саясатты одан әрі жалғастырып, соның нәтижесін көру туралы мәлімденді. Тэтчер сыртқы саясатқа қатысты бірдақты ядролық қарусыздануға қарсылығын білдірді.

Сөйтіп 55% дауыс алып, консерваторлар тағы да жеңіске жетті. Содан кейін Тэтчер енді өз позициясын нығайтуға кірісті. Үкіметте кадр ауысуы басталды. Әсіресе қаржы министрі қызметіне зор мән берілді. Қазынашылыққа Оксфорд университетінің түлегі Н. Лоусон, Сауда және өнеркәсіп министрі қабілетті саясаткер С. Паркинсон болды. Осы кезеңде 60 қызмет орны ауыстырылды. Үш министрлік қосылды. Сөйтіп ол кабинетті өз жақтастарынан жасақтауға қол жеткізді.

Алайда премьер үшін жалғыз қарсылас қалды, ол - кәсіподақ болды. Бұлардың ықпалы Англияда жоғары болатын. Кейінне ол елді үкімет емес, кәсіподақ билейді деп мойындады. Дегенмен кәсіподақтың қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартамын деген тілегі премьердің саясатымен қайшы келіп, оны жүзеге асыруға кедергі келтіріп отырды.

1984 жылы Ұлттық көмір өнеркәсібі басқармасы тиімсіз шахталарды жабу жоспары туралы мәлімдеді. Үкіметтің бұл жоспарына қарсы 1984-85 жылдары Еуропада ірі ереуіл болды.

Тэтчердің кәсіподақпен күресудегі тактикасы керемет болды. Премьер-министр біріншіден, шахтерлердің ереуіліне мұқият дайындалып, оның ел экономикасына нұқсат келтірмейтіндей жағына көңіл бөлді. Екіншіден, көтерілушілердің қоғамнан моралдық тұрғыда оқшаулануын көздеді.

Бірінші міндетті жүзеге асыру үшін үкімет уақтылы тиісті шараларды қабылдады. Кабинет мүшелері ереуілдің бір ай ғана болмайтынын білді. Сөйтіп көмірдің мол қорын топтастырып алды. Ол бес айға электр станцасының жұмыс істеуіне жететін еді. Сол сияқты сұйық отын қорын жинап алуды да ұмытқан жоқ. Сонымен қатар, көмірді импорттауға қажетті ыдысмтар да дайындалды. Үкімет жеке тасымалдаушылармен оны тасымалдау жөнінде келісімдер жасап қойды.

Ал, моралдық жағына келетін болсақ, Тэтчер кәсіподақ басшыларын өздерінің қарапайым мүшелеріне, кәсіподақшыларды - кәсіпкерлерге қарсы қойып қойды. Оның мәні былай болды. Менеджерлер көмір өнеркәсібін тиімді басқарғысы келеді, ал кәсіподақ салық төлеушілер есебінен зиянмен жұмыс істейтін шахталарды сақтағысы келеді.

1984 жылы 1 наурызда Ұлттық көмір өнеркәсібі басқармасы шахталардың бірін жапты. Сөйтіп ереуіл басталды. Ереуілшілер саны 150 мыңнан асты.

1984 жылы қыркүйекте Британия Жоғары соты ереуілді заңсыз деп тапты.

1984-85 жылдың қысында ереуіл жеңіліс тапты.

Сөйтіп Тэтчердің экономикалық бағдарламаларын жүзеге асыруына мүмкіндік туды.

Тэтчер екінші кезеңге сайланғаннан кейін мемлекеттік биліктің келесі сатысы - әкімшілік аппараты да түпкілікті өзгертті.

М. Тэтчер билігі кезінде ирланд мәселесіне байланысты көзқарас оңға қарай өзгерді. Солтүстік Ирландиядағы 60-80 жылдардағы оқиғалар либералдық-прогрессивтік идеялардың негізсіз екендігін айқын көрсетсе де, экономика мен әлеуметтік құрылымды түрлендіру өзін-өзі ақтаған3. Алайда ирландық террористік ИРА ұйымына қатысты мәселеге келгенде Тэтчер қатал болды, бұған жеке және мемлекеттік себептер болды. Ол Солтүстік Ирландиядағы католиктердің жағдайын жақсартуға күш салды. Сөйтіп, негізінен католиктер қоныс тепкен Белфастағы көп пәтерлі үйлерге 2 миллиард доллар жұмсады, бұл сондағы тұрғын үй мәселесін едәуір жақсартты.

Тэтчер премьерлігінің екінші кезеңі «халықтық капитализм» қоғамын құрудың маңызды кезеңі болып саналады. Осы кезде Тэтчердің атақты жекешелендіру бағдарламасы іске асырылды. Бұл бір жағынан Тэтчер саясатының жалғасы болса, екінші жағынан заман талабы болды.

Жекешелендіру барысында елуден асьам ірі мемлекеттік компания жекешеленді.

«Халықтық капитализм» бағдарламасы құлашын кең сілтеді. Бұрынғы мемлекеттік компаниялардың акцияларын жаппай сату 1984 жылы «Бритиш Телеком» компаниясын жекешелендіргеннен кейін басталды. Бұл компанияның акциясын 2 млн. адам сатып алды, «Бритиш Газ» компаниясының акцияларын 4, 5 млн. адам сатып алды. Жалпы елде акция ұстаушылар саны 2 млн. адамнан 1985 жылы 4, 5 млн. адамға, 1987 жылы 9 млн., 1989 жылы 12 млн. адамға жетті.

М. Хезелтайн жекешелендіру процесін «жұмсақ революция» деп атады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы және оны іске асыру кезеңдері
Тэтчердің сыртқы саясаты
МЕМЛЕКЕТТІК МУЛЬТИКУЛЬТУРАЛИЗМ САЯСАТЫНЫҢ СӘТСІЗДІГІ МЕН ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕРІ: ҰЛЫБРИТАНИЯ МЫСАЛЫНДА САРАЛАУ
Англия дипломатиясы
Ақша-несие саясаты
ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын шет елдікімен салыстыра талдау
Аудиттің негізі, мақсаты және мәселелері
Шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Бүкіл Палестина территориясын қамтитын жылдам түрде еврей мемлекетін құру
АҚШ дипломатиялық қызметінің тарихи дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz