Үмбетей жыраудың творчествосы
ЖОСПАР
Кіріспе бөлім:
15-18 ғ.ғ. қазақ
әдебиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1-
2
Негзгі бөлім:
18 ғ. перзенті Үмбетей
Тілеуұлы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2-4
Үмбетей жыраудың
творчествосы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-13
Қортынды бөлім:
Ер есімін
ардақтаған ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...14
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...15
15 ғ. орта шенінде тілі, діні, әдет-ғұрпы ортақ, туыстас рулар
өздерінің байырғы атамекен жерінде жаңа бір ұлыс құрамында қауымдасып,
тарих сахнасына қазақ атыиен шығуына орай, жалпытүркілік, ортақ арнадан
бөлініп, қазқа халқының дербес әдебиеті қалыптасты. Қазақ әдебиеті -
қазіргі Қазақстан жерін мекендеген тайпалар туғаызған бай рухани қазынаның
заңды иесі. Бұл әдебиет өзіне дейін ғасырлар бойы жасалған морл мұрадан нәр
алды, өзық дәстүрді игеру, оны ары дамыту нәтижесінде кемелденді. Ислам
дінінің тарауына байланысты бұл кезеңде көне түркі жазуы мүлде ұмытылған
еді. Оның орнын араб жазуы басты. Енді қазақтар өз балаларын мектеп,
медреселерде оқытатын болды. Халық арасынан сауатты, өз заманы үшін
білімдар адамдар шықты. Жазба әдебиет нұсқасы деп танылуға лайық шежіре
жинақтары, тарихи үлгідегі шығармалар жазыла бастады. Бірақ бұл кезеңде
туған еңбектердің көпшілігі жоғалған. Біздің заманымызға жеткен тарихи
үлгідегі прозалық шығарманың үлгісі – Қадырғали Жалаиридің Жами ат-
тауарих (шежірелер жинағы) атты еңбегі (1602 ж.). Шежіре түркі
тайпаларының көне тарихына шолу жасай келіп, 15-16 ғ.ғ. Қазақстан тарихына
арнайы тоқталады, сахарадағы саяси-әлеуметтік жағдай қазақ елінің ішкі-
сыртқы халі, көрші жұрттармен арақатынасы, қазақ хандарының генеологиясы
туралы құнды деректер береді. Бұл кезеңде поэзия айрықша өркендеді. Қазақ
поэзиясының алғашқы өкілдері – Қодан тайшы, Сыпыра жырау, Асанқайғы,
Қазтуған жырау творчествосынан қазақ хандығының құрылуы, қазақ халқының
құрылуы дәуіріндегі елеулі тарихи оқиғалар көрініс тапқан.
Орта ғасырлардағы қазақ поэзиясында жыраулар жетекші роль атқарған.
Жырау шығармалар әдетте нақыл, қанатты сөздерден құралған философиялық
толғаулар түрінде келеді. Толғауларда өзінің замана жайындағы түйгендерін,
мораль, этика хақындағы ойларын
1
баяндап, елеулі қоғамдық мәселелерді көтереді. Сол сияқты әлем, болмыс,
тіршілікте, табиғатта жүріп жататын өзгерістер, оның мәні жөніндегі
түсініктерін де білдіріп отырған. Жаугершілік замандағы жорықтарға қатысып,
кеде тіпті, батыр, қолбасы да болған жыраулар әскери тұрмысқа арналған сан
алуан жырлар туғызған. (1, 540-541). 15 ғ. басталатын жыраулық дәстүр
бүгінгі заманға дейін жалғасып келеді.15-18 ғ.ғ. туған жүйелі, жігерлі
жырлардың халық көкірегінде сақталып қалуы құр емес. Ошақ қасында қалғаны
да, орасан айқастарға араласқаны да, жауынан да, жақыннан да, ханнан да
жасқанбай өз ойларын тура айтып кеткен. Жорықшы жыраулардың қылыштан өткір
қаруы әулетті сөз болатын. Қасарысқан ханның бетін қайтарып, халықты
апаттан аман сақтауға тырысқан. Олар жалңаш ақылға, даңғой данышпандыққа
ұмтылған жоқ, керісінше, қарапайым сөздермен тыңдарын аударып тастады.
Көзбен көргенін, көңілге тоқығанын ғана жырлаған. Жанын, жүрегін толқытқан
тақырыпты назардан тыс қалдырмады. Олардың мұрасында поэтикалық мен сирек
ұшырасады, қайта, көптің атынан сөйледі. Қадірлі, қасиетті сөзге зор мән
бере біледі.
15 ғ. басталатын жыраулық дәстүрі бүгінгі заманға дейін жалғасып
келеді. Жыраулар поэзиясында үш нәрсе: уақиға, заттылық және әсершілдік бар
еді. Ақын, жыраулар өзін қоршаған тіршілікті, табиғатты, өздері куә болған
жорықтарды, тартыстарды тап сол күйінде суреттеді.
18 ғ. өмір сүрген дуалы ауыздың бірі - Үмбетей Тілеуұлы әскери
жорықтарға қатысқан, батырлығы да, ақындығы да қатар жүрген жырау.
Шығармасының дені арнаудан тұрады. Әдебиет зерттеушісі М.Мағауинның
айтуынша: ...өз тұсындағы дабырлы ерлер жайлы поэмалар жасау ісіне белсене
араласқан. Әзір қолда бар шығармалары аз. Үмбетей жырау 1706 ж. шамасында
туған. Болашақ
2
жыраудың әкесі Тілеу – қаһармандық жырларды, ескі аңыздарды, билердің
шешендік сөздері мен нақылдарын жақсы білетін шежіре, сонымен қатар
халықтың музыка мұрасына да жетік дәулескер қобзшы, ел ішінде абыз атанған
адам екен. Үмбетейдің өмірдегі. өнердегі мектебі - өз әуксі және сол
іспеттес көненің көздері арқылы алған дәріс.
Ақындық қабілеті ерте байқалған Үмбетей өз ақылдастарының,
ағайындарының теріс істерін әшкерелеген. Ол өткір тілді өлеңдер авторы ғана
емес, ескі эпикалы жырлардың білгірі ретінде де танылады. Алайда өзіне көне
жырауларды үлгі тұтқан Үмбетей уақыт өте келе философиялық-дидактикалық
толғауларға ден қояды. Сонымен қатар сырт жаулармен күресте аты шыққан
батыларды мадақтау да жырау өнернамасндағы өзекті тақырыптардың біріне
айналады. Және осы реттегі жырлары Үмбетейге үлкен даңқ әкеледі.
Үмбетейдің есімі кейбір зерттеушілердің еркімен Үмітайға айналып жүр.
Үмітай әйел аты екенін ескерсек, бұл түзетудың сорақылығы тіпті айқындала
түседі. Үмбетейдің Үмітайға қалай айналып кеткенін түсіндіру қиын. Белгілі
мәліметтердің бірінде де, - дыраудың Бөгембай өлімін Абылайға естірту
жырының үзіндісі басылған. Таң журналында да, әдебиет институтының
қолжазба қорындағы шығармаларында да, - Үмбетей деп жазылған.
Үмбетей жырларынң көбі толғау. Жырау мақалдап, мәтелдеп сөйлейді, халық
даналығына сүйенеді. Айтқандарына қарағанда әділетті, ақылды кісі болып
елестейді. Оны Бәкеге арнаған жолдарынан байқауға болады. Бұл өлең 1668
ж. қарт журналист Ғалымжан Мұқатовтан жазып алған. Ал, Ғалымжанның кімнен,
қайдан алғаны белгісіз. Алдаспан жинағында 1973 ж. Үмбетеймен аталас
Жауқашар деген адамның бірінен-бірі өткен бұзық, сойқанды 9
3
ұлы болады. Бір жолы бұлар өздерімен ағайын көрші ауылға барымтаға барып,
үйірге салып үрген бураларын әкеп сойып алады. Екі атаның арасында дау
болады. Бәке деген кісі Жауқашардың тоғызына ара түседі.Сонда Үмбетей әлгі
әділетсіздікті әшкерелеп, Бәкеге деген өлеңін айтыпты. Жырау тоқымы
кеппей топтанып, ел тонауға аттанып жүрген тоғыз тентекті сынға алып,
оларға араша түскен Бәкеге не бетіңмен қорғайсың, Жауқашардың тоғызын
деп, оөбырларды әділеттілікке, адамдыққа шақырады. Жақсы ұл мен жаман ұлдың
айырмашылығын анықтайды.
Ұл он беске келгенше,
Қолға ұстаған қобызың,
Ұл он бестен асқан соң,
Тіл алмаса доңызың. (3, 365)
Елдегі өзімшіл озбырлар мен қисық-қыңырларды барынша жек көрген. Әр
тұста оларды сынға алған. Жауқашар дегеннің қыңырлығын бетіне басып, оған:
Бұрала біткен емендей
Қисық туған адамның.
Бұндай мінез-құлықпен
Қайдан абырой табарсың. (4, 244) деп айтқан.
Үмбетейдің Жауқашарға деген өлеңі бар. Ол өлең Бәкеге арнауының
жалғасы сияқты, жалпы екеуі біртұтас дүние болуы да мүмкін. Ол кезде өлеңге
тақырып қоймаған, айтқан жерден залықтың өзі қағып алып, келесі ғасырға
ауыздан-ауызға жетіп отырған. Үмбетей сөздеріне қарағанда көпшіліктің,
көптен шыққан батырлардың ақылшысы, кеңесшісі болған кісі сияқты. Шағын
қазынасының өзінен көргені, білгені мол мейірімді адамның келбеті
елестейді:
Кісіні көрсең, есікке
4
Жүгіре шық, кешікпе.
Қарсы алмасаң мейманды,
Кесір болар нәсіпке, - (2, 366) деп жырау мезгілсіз келген қонаққа
қуанады. Бұл - әрі батыр, әрі ақынның аузынан шығатын сөздер.
Үмбетей жырларында фәлсафа айтып келіп, мәселені әйел жайындағы
түйінмен тәмамдайды. Өзіне сауал қояды да, өзі жауап береді. Түйенің,
биенің, адамның, жаманның қандай болатындығын нақты сөздермен келтіріп,
тұрмыс философиясын тартымды бейнелеген. Үмбетей мен Бұқар жырау екеуі
жақын дос болыпты. Үмбетей Бұқарды қадір тұтып, қатты сыйлайды екен. Ел
аузынан: Үмбетей Бұқарды әлденеше рет қонақ етіп, өзінің ықыласын
білдірген. Сөйтіп, ақыры кезек Бұқарға да жетіпті. Алайда, Бұқардың зайыбы
қаралау адам болса керек, Үмбетей барғанда оң қабақ таныта қоймайды.тіпті
ауырған болып жатып қалады. Мұны аңғарған Үмбетей аялдамапты. Үйден шығып
бара жатқанда Бұқарға қаратып айтқан сөзі:
Үй сыртында ақра тау,
Панасы жоқ болса,
Бұл шіркіннің несі тау.
Кетеген болса түйең жау,
Төбеген болса ұлың жау,
Керіспек болса келінің жау,
Үйіңдегі ұлың жау болса,
Есіктегі құлмен тең,
Қайныңдағы қатының жау болса,
Қаңтардағы мұзбен тең,
Кей сорлының қатыны
5
Күндіз аура, түнде сау, - (3, 88) депті. Осы қысқа өлеңнен-ақ
Үмбетей шығармашылығының сыр-сипаты жайнда біршама мағлұмат алуға болады.
Үмбетей айтыпты деп жүрген елге кең тараған басқа да арнаулары бар.
Олар: Бәкеге, Жауқашарға, Бұқарға, Бекболат биге, Ақтамбердіге.
Бұл арнаулар - ақынның өзі тұстас батырлар мен билерге қаратып, түрлі
жайларға байланысты айтқан, адамгершілікке үндейтін мәнді шығармалар.
Үмбетей өзі тұстас әрі батыр, әрі би – Ақтамберді, Қабанбай, Қазыбекұлы
Бекболатқа арнаулары бар. Ақтамбердіге арнауында Ей, Ақтамберді деп
басталатын он үш жол өлеңі де өмірге өздігінен келмегенге ұқсайды. Құн дауы
ма, жесір дауы ма, әйтеуір әр жағында бір жайтың бары анық.Екі жырау да
қарсы келгенде қандыра жауап қайтармаса көңілдері көншімейді. Ақырып жеткен
Ақтамберді Үмбетейге тіл тигізе сөйлейді. Бір батырының құнын қуа келіпті.
Қынаптан қылыш суырмай,
Қырысқан жау бүлк етпес.
Қанымен қастың жуылмай,
Намысқа тиген кір кетпес
Шабыссаң, кәне, шыдап көр,
Жау емессің күш жетпес. (2, 367)
Сонда Үмбетей,
Суытпа босқа түсіңді,
Қайрама онша тісіңді,
Сырт тазасы не керек,
Тазарт әуелі ішіңді.
Мен арғын дейтін арыспын,
Аузы кере қарыспын.
Сен бұзау терісі – шөнгіксің,
6
Мен өгіз терісі - талыспын, - (2, 367) деп Ақтамбердінің айбынын
басады. Үмбетей Ақтамбердіні жақсы біле тұра, тура жауабын беруден
тайсалмайды. Үмбетейдің эпикалық күшінің барлығын байқататын өлеңнің бірі –
Бекболат биге арнағаны. Әдетте жыраулар кесімді пікір айту үшін сол
тақырыптың өзіне тура кіріспей, орағытып, тұспалдап, көтеріңкі кіріспе
жасап алады. Мысалы:
Мен пайғамбардан бастасам,
Әңгімеге кетермін,
Едігеден бастасам,
Ертегіге кетермін.
Келтесінен қайырсам,
Сөз түбіне жетермін, - (2, 368) депті.
Осы арқылы шешендік сөздің салмағын, өрісін байқауға болады.
Үмбетей шығармаларында толық мәтінді кездесуі некен-саяқ. Арасынан
бірдеңелер қалып қойғанға ұқсайды, қайталаулар ұшырайды. Жыраудың
философиялық-дидактикалық сарындағы толғау жырлары сақталмаған. Жыраудың
даңқын шығарған туындылары: Бөгембай батырға қатысты екі жыры:
1.Бөгембай батырды жоқтауы.
2.Бөгембай батырдың өлімін Абылай ханға естіртуі.
Қанжығалы Бөгембай батырдың аты кімге болмасын жақсы таныс. Бөгембай –
жоңғарларға қарсы күрестің қаһарманы, әулетті батыр, атақты қолбасы, еліне
еткен қызметі арқасында жұрт сүйіктісіне айналған қазақ халқының ардагер
ұлдарының бірі. Үмбетей даңқы әкесі Алатаудай Ақша батырдан асып болат
туған Бөгембайдың өшпес образын жасады.
Баян Аула, Қызықлтау,
Абралы, Шыңғыстау,
7
Қозы Маңрақ, Қой-Маңрақ
Арасы толған көп қалмақ;
Қалмақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп,
Ақ Шәуліге асырдың!
Ақ Шәуліге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz