Шәкәрім Құдайбердиев - өмірі мен қызметі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе

Шәкәрім Құдайбердиев- өмірі мен қызметі2

ІІ. Ағартушының педагогикалық көзқарасы4

Қорытынды7

Әдебиеттер тізімі:8

Шәкәрім Құдайбердиев- өмірі мен қызметі

Қазақ халқы-рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өресі биік, сан саналы өскелең мәдениетіне бір күнде, бір ғасырда жеткен жоқ. Осы мол қазынаның түп төркіні сонау VI-VIII ғасырлардағы Орхон-Енисей, ежелгі түркі жазбаларынан басталады.

Қазіргі Қазақстан территориясында жүргізілген археологиялық қазбалар біздің ертедегі ата-бабаларымыз тек мал баққан, жерін шет жаудан қорғаған батыр, жауынгер ғана емес, сонымен брге тамаша сәулетші, мүсінші, суретші, ұста, зергер болғанын да дәлелдеп отыр.

Әлемдік озық мәдениеттің шоқ жұлдыздары: Шоқан, Ыбрай, Абай, Шәкәрім еңбектерінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі өз алдына бір төбе.

Халқымыздың мыңдаған жылдар бойы тірнектеп жинаған рухани мұрасын ғылыми жағынан саралап, әрі оқу құралына тән белгілі талапқа сай баяндаумен мықтап төгуді қажет ететіні, «инемен құдық қазғандай» қиын шаруа екені белгілі.

Басқасын былай қойғанда, көшпенділер тіршілігіне байланысты әрідегі архив материалдарының болмауы, ал бірен-саран барларының өзі жат жұрт тілінде әр жерде шашырап жатқандығы, олардың бізге там-тұмдап өте қиындықпен жеткені рас.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеяларды уағыздаған, Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырып, артына мол мәдени мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев ақын, жазушы, аудармашы, философ, шежіреші, өз бетімен ғылым-білім биігіне жоғары көтерілген әмбебап ғұлама еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының ішкі заңдылықтарына қарай әлеуметтік, экономикалық қайшылық, қақтығыстар, күрес-тартыстар шиеленісте, қазақ даласында қалыптасқан қоғамдық ой-сана, тынымсыз ізденіске түскен, орталықта Революциялық дүмпулер туған кездері Шәкәрім әдеби өмірге құлшына араласып, Шоқан, Абай, Ыбырай салған ағартушылық арна-дәстүрін әрмен қарай жалғастырады. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің аса көрнекті өкілі, Ұлы Абайдың ізін қуушы, оның немере інісі Шәкәрім жеті жасында жетім қалса да атасы Құнанбайдың ерке немересі болып өмірден ешбір таршылық көрмей өсті. Жастайынан өнер-білімге, қаршыға, бүркіт салуға, домбыра тартып, ән салуға құмар болып, он бестен былай қарай өз бетімен ғылым жолына ойысып, білім өрісін кеңейтеді. Бірнеше тілдерді (араб, түрік, парсы, орыс) меңгеріп, тал шығармалар жазумен қатар, басқа халықтардың рухани байлығына бойлайды. Олардың кейбірін қазақ тіліне аударады. Ол географиялық орыс қоғамның Батыс Сібір бөлігінің Семей бөлімшесіне мүше болды.

1905-1906 жылдары Меккеге сапар жасап оралды, жолда Стамбул кітапханаларындағы рухани асыл мұралармен танысады. 1909-1910 жылдары оқу, жазу мен алаңсыз айналысу үшін ел ортасын тастап, оңаша елсіз жерге барып мекендейді. Сол жылдары оның еңбегінен көптеген төл еңбектер туындайды. Солардың бірі «Түрік-Қырғыз, Қазақ-һәм хандар шежіресі» атты шығарма (бірінші бөлім), ертеректе жазылған «Қалқаман-Мамыр» мен «Еңлік-Кебек» поэмалары жеке кітап болып жарық көреді. Осы жылдары «Том ағайдың балағанын» Л. Н. Толстойдың қысқа әңгімелерін қазақ тіліне аударады.

ІІ. Ағартушының педагогикалық көзқарасы

Шәкәрім көптеген психологиялық, философиялық шығармалардың авторы. Ал ән мен күй саласында жазған кітаптары бір төбе. Шәкәрім Абай үлгі еткен өнер білімді адамгершілік ізгі қасиеттерді өзіне ұран тұтып, «Жастарға» деген өлеңінде былай дейді:

Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық,

Білім, әдет, ақылды ойға аларлық

Надандықтан еліріп босқа жүрсек,

Мына заман көрсетер бізге тарлық…

Асыл сол - ақыл, білім, бойда барлық,

Айла, өтірік, арсыздық өнер емес.

Мен де анаудай болсам деп таласарлық, - деп оларға қатарынан қалма, өтірік, өсек, ұрлық, зорлыққа әуес болма, жалқаулықтан, жамандықтан қаш, өнегелі өнерлі елдердің жастарынан үйрен, оқу оқып, білім ал, талаптанып, талпын, бойыңдағы өнерің мен біліміңді ел қажетіне жұмса дейді. Ол қазақ жастарына ақылды мен ақылсыздың, адалдық пен арсыздықтың аражігін былай ашып көрсетеді:

Ақылды мол-ынсап пен ар сақтайды,

Арсыз сол- арамдықпен жан сақтайды.

Адал сол-таза еңбекпен күнін көріп,

Жаны үшін адамшылық ар сатпайды, -

деп соқырға таяқ ұстатқандай көрсетіп үлкендер айтқан ақылды қабыл алып, ар тазалығы үшін күресуді, өтірік өсек ұрлық жолы адамгершіліктен аздыратындығын, қу, сұм болма, өзгеден айлаңды асыр асырушылардың «ақыл-кеңесін» аясаң оңбайсың, қор болып азып-тозып адамдық қалыптан айырыласың дей келе:

Өнер қылма ар сатып, жылданбақты,

Ұлық болып, елді жеп малдан бақты

Біреуді жеп, біреуді табамыз деп,

Қашан жақсы көруші-ек алданбақты.

Өлсеңде ондай сөзге құлақ салма,

Ардан түсіп ақылдан құры қалма,

Әкең түгіл, арғы атаң айтса-дағы.

Білімі жоқ наданның тілін алма!»

Шәкәрім жүрегі егіліп, жастарға жаны ашып, жігерленсін, оң-солды білсін, деп ашына жазды. Ақын жастарға ғибарат алуға ылғида ақыл мен ойланып іс қылуға, құлқынның құлы болмай, «адамдық борыш-ар үшін қызмет етуде», «жаным арымның садағасы, … мал да аяулы, жан да аяулы болса, жаның үшін малыңды сат! Ал жан да аяулы, жарда аяулы болса жар үшін жаныңды құрбан ет! » дейді.

Қорытынды

Шәкәрім Құдайбердиев өмірін жастарға үлгі-өнеге етіп, ғылым жолының аса қиындығын, жасында ерлікпен өмірді өткізіп алып, есейе келе оны іздеп, бүкіл дүниені шарлап, өмір азабын кешуіне ағасы Абай сияқты өкінішін білдіреді. Ақын елуге аяқ басқан шағының өзінде ғылым-білім жолын қуудан жалықпай, ұзақ жол азабын шегіп, 1905-1906 жылы дүние жүзі ойшылдарының еңбектерін оқуға Меккеге, одан Стамбул кітапханасына барып қайтуы, одан келе жатып «Ясная Полянадағы» орыстың Л. Н. Толстойдың қор-жайын барып көріп, онымен дидарласуы, Салтыков пен Гоголь, Пушкин мен Лермонтовты бүкіл қазақ жұртына насихаттауы, оның нағыз гуманист, демократ-ағартушы екенін айқын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердиев аудармаларының ерекшелігі
Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты мен адамгершілік үлгісі
Шәкәрім Құдайбергеновтың өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен өмір сүрген ортасы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны
Шәкәрім шығармалары
Шәкәрімнің депутаттық қызметі
ХХ ғасыр басындағы аударма
Шәкәрімнің музыкалық эстетикасы мен әндері
Шәкәрім шығармаларының дені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz