АҚШ президенті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3
1. Ф.Д. Рузвельт 4
1.1 Рузвельттің Жаңа бағыт саясатының маңызы 5
2 Рональд Рейган – АҚШ-тың 40-президенті (1981-1989) 7
2.1 Рональд Рейганның билігі жылдарындағы Америка 8
3. Билл Клинтон - саясаткер 11
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi: 14

Кіріспе

Америка Құрама штаттары әрқашанда әлемдегі ең ірі держава болды. Бүкіл
әлемді өз "қолында ұстайтын", оны билеп, бақылайтын әлемдік "жандармға"
айналды, яғни Америка — бұл барлық мемлекеттердің, саясаттың, экономика мен
нарықтың орталығы деген жалған пікір қалыптасты. АҚШ бүгін ірі, әскери
күшті қаруланған, соңғы технологиямен жабдықталған, экономикасы өрлеу
үстіндегі ел; Батыс Европа, ТМД, Шығыс елдерінің негізгі инвесторы
болғандықтан, өз тәуелсіздігіне жеткен, кез келген дербес мемлекеттер оған
шын мәнісінде тәуелді болып отыр. Бір ерекшелігі мұндай позицияға
Американың барлық президенттері ұмтылды. Бірақ олардың кейбіреулері бұл
позицияны жетілдірсе, екінші біреулері оны шектеуге тырысты. Мәселен, 1989-
93 ж.ж. билік еткен Дж. Буш әлемдегі лидерлік позициясын нығайтуға тырысса,
одан кейін келген Б. Клинтон, керісінше, өзінен бұл міндетті алып тастауға
ұмтылды. Бұл қызметті Батыс Европа елдерімен бөлісуге әрекет етті.
Соңғы күндері Америка мемлекеті мен оның ұстанған саясаты жөніндегі
мәселелерді қоғам қызу талқылауда. Әсіресе қазіргі президент кіші Дж. Буш
және оның әкімшілігінің халықаралық қатынастар мен сыртқы саясаттағы іс-
әрекеттері нәтижесінде көптеген сұрақтар мен күдіктер туғызды. Жалпы тарих
тәжірибесі көрсеткеніндей, республикандықтардың билігі кезінде АҚШ жағдайы
толығымен нашарлап, экономикасы жемқорлық пен алыпсатарлық элементтерінің
енуінен дағдарысқа ұшырап отырды. Сондықтан да, бүгінгі президент саясаты
елді тұғырыққа тіреп, өз халқының ғана емес, әлем халықтарының наразылығын
тудырды. Ал Ирактағы соғыс жағдайды тіпті шиеленістірді. Халыққа дұрыс
саясат жүргізу, оның мүддесі, ой-пікірлерімен санасу керектігі немесе
демократиялық партия өкілі қажет екені сөзсіз.
XX және XXI ғасырда Американың президенттік институты сияқты әлемдік
тарихқа ешқандай саяси институт өте терең әсер еткен жоқ.
Құрама штаттардың әлемдік держава болуға ұмтылу себептерін,
империализм кезінен бастап, халықаралық жүйемен байланысқан, оның
демократиялық биліктік және қоғамдық жүйелерін қарастыру, зерттеу
президенттер институты мен оның 42 билеушілерін ескермей өту мүмкін емес.
Американдық тарих ең еркін қоғамның өзі қатты ұлттық биліксіз өмір сүре
алмайтынын дәлелдейді. Сондықтан да президент және президенттік институт
қоғамдық қызығушылық пен ғылыми зерттеулердің орталығы болып табылады.
Мұнда 1993 — 2001 ж.ж. президент қызметін атқарған Б. Клинтон тұлғасы
туралы сөз болды. Әрине ол үшінші рет президент болып сайлана алмас, бірақ
оның қызметі барысында жасалған жұмыстар, жеткен табыстары мен "жұмсақ"
саясаты бейнесінде жалпы демократиялық партияның ел тағдырына белсенді
араласуы, республикандықтардың жағымсыз бұрыс әрекеттеріне шек қою үшін
қажет болып отырғаны сөзсіз, алайда занды өзгерте отырып, Б. Клинтонды
халық қаласа, қайта сайлауға түсетіні ықтимал. Сондықтан да, осы курстық
жұмыстың тақырыбы жоғарыда көрсетілген жақтарымен өзекті болып отыр.
Сонымен қатар, американдықтар арасында жүргізілген сұрау-сараптама
жұмыстары кіші Дж. Буш АҚШ тарихында ең қатал, соғысқұмар президент болып
енетіні, ал егер жаңа президент сайлауын жүргізсе, халықгың 51 % Клинтонды
қолдайтынын көрсетті. Яғни, бұл тақырыптың маңыздылығын көрсетеді.
Курстық жұмыстың негізгі бөлімі үш тарауға бөлінген. Бірінші тарауда
Б. Клинтонның Ақ Үйге, саясатқа, жалпы президенттікке келген жолы
көрсетілсе, екінші тарауда оның саясатымен қаруланған әкімшілік қызметі
туралы айтылған. Ал соңғы үшінші бөлімде Клинтонның және оның әкімшілігінің
қорытындысы, жетістіктері мен кемшіліктері баяндалған. Жұмыс негізінен
американдық саясаттанушы Д. Фелькен мен АҚШ институты және Канада РАН-ның
төрағасы, тарих ғылымдарының докторы С.М. Роговтың еңбектеріне сүйене
отырып зерттелінді. Сондай-ақ, Интернет жүйесіңде статистика көрсеткіштері
ескеріліп, сұрау-сараптама жүргізу әдістері қолданылды. Ал жұмыстың мақсаты
жоғарыда атап өткеніміздей, бүгінгі қызу американдық қоғамда, ал одан
тәуелді болып отырған әлемге де демократиялық жүйенің мән-жайын, оның
қажеттігін ашып көрсету болып табылады.

1. Ф.Д. Рузвельт

АҚШ-тағы дағдарыс жылдарында кезекті Президент сайлауына дайындық
басталды. Президенттік сайлау қарсаңында республикалық партия Гувердің ел
алдындағы атқарып жатқан қызметін мақтаумен ғана шектелді. Елдегі
экономикалық дағдарыс әрбір сайлаушының көз алдында өтіп жатты. Күн санап
республикалық партияның беделі түсе берді. Демократиялық партияның сайлау
қарсаңындағы үгіт-насихат жұмысы халық арасында жандана түсті. Олар
экономикалық дағдарыс жылдарындағы республикалық партияның саясатын күн
санап әшкерелеп жатты. Демократиялық партияның сайлау бағдарламасы еңбекші
халық алдында жаңа реформалық бағытты ұсынды. Демократиялық партия АҚШ
президенттігіне Нью-Йорк штатының губернаторы Франклин Делано Рузвельттің
кандидатурасын ұсынды.
Ф.Рузвельт сайлау алдында өзiнiң жаңа экономикалық реформасын ұсынды.
Реформаның негізгі бағыты, миллиондаған кедейленген халықтың мүддесін
қорғау деп түсіндірді. Реформаның жаңа ұраны тарихта жаңа бағыт деп
аталды. Ф.Рузвельтгің жаңа бағытын американ қоғамы онша түсіне алған жоқ.
Сондықтан бірден саяси қайраткерге айнала алмады. Бірақ та сайлау
қарсаңындағы үгiт-насихат жұмысының барысында экономикалық дағдарыстан
шығудың жолы мемлекеттiк тұрғыдан реттеу екенін түсіне бастады. Мемлекеттік
реттеу -экономиканы дағдарыстан шығарудың бірден-бір жолы екенiн
сайлаушылар да түсініп, осыған орай Ф.Рузвельттiң саяси беделi өсе бастады.
Сайлаушылар алдында сөйлеген сөзінде Ф.Рузвельт елдегі азаматтық құқықтың
сақталуын, оған мемлекеттiк жауапкершілікті күшейтуі керектігін айтып
отырды. 1932 жылы қыркүйек айының 23-і күні Сан-Франциско қаласында
сөйлеген сөзінде экономикалық жоспарлау идеясын ұсынды. XX ғасырда
американдықтар үшін тәуелсіздік Декларациясына өзгерістер еңгізудің
қажеттілігін айтты. Әрбiр адам өмiр сүруге құқықты, сондықтан үкімет әрбір
адамға енбек етуге, еңбегiнiң нәтижесін көре білуге көмектесуi керек, қоғам
байлығы халық үшін қызмет жасауы, қажет, - деді. Америка мемлекетi
халықтың әлеуметгік мақсаты үшін жұмыс атқаруы керек әрбір адамды қорғау
үшін мемлекеттік әлеуметтік жүйе қалыптасуы қажет екенін айтып отырды. Жаңа
бағыт саясатының негiзгi мәні - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы
реформа жүргiзу екенін сайлаушылар алдында сөйлеген сөздерінде әр уақытта
ескертіп отырды. Республикалық партияның сайлау бағдарламасы халық алдында
сенімсіздік тудырып, демократиялык партияның өкілі Ф.Рузвельттің беделі
өстi. Ол либералдық реформа саясатын батыл жүргiзуді талап еттi.
1932 жылы қазан айында АҚШ-та президенттік сайлау өттi. Сайлау
қорытындысында демократиялық партия өкілі Ф.Рузвельтті қолдап 22,8 млн.
сайлаушылар дауыс бердi, республикалық партия өкілі Гуверге 15,8 млн.
сайлаушылар дауыс бердi.
Ф.Рузвельт жеңіске жетті. Демократиялық партия конгресінің екі
палатасында да көпшiлік орын алды. 1932 жылы наурыз айының 4-і күні
Ф.Рузвельт президенттік қызметке кiрісті.

1.1 Рузвельттің Жаңа бағыт саясатының маңызы

1933 жылы наурыз айының 9-ы күні Рузвельт үкіметі АҚШ парламентінің
арнаулы сессиясын шақырып, жаңа бағыт саясатын жүзеге асыру үшiн жаңа
заңдарды қабылдады. Жаңа бағыт саясатының біріншi кезеңі 1933-1934 жылдарда
жүзеге асуы қажет болды. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты АҚШ-тың қаржы-
экономикалық дамуында корпоративтік құрылымын нығайту болды. Капитализмнің
әлеуметтік негізіне өзгерістер жасау арқылы, либералдық реформалар жасауға
кірісті. Жаңа бағыт саясатының алға күнінен бастап АҚШ-та қаржы-банк
жүйесінде қайта құру шаралары жүргізілді. Мемлекет қаржы-банк жүйесін өз
қолына алу үшін қаржы корпорация мекемесін құрды. Мемлекеттiк қаржы
корпорациясы (МФК) арқылы банктер заем алу құқына ие бола алды. Ол үшін тек
қана ірі банктердің мүмкіндіктерi болды. Мемлекет банктерге субсидиция беру
үшін 5 млрд. доллар бөлді. Бірақ мемлекеттің көмегін кез келген банк алу
құқына ие бола алмады. Банк жүйесін ірілендіру арқылы жүзеге асыра алды.
Сөйтіп, АҚШ-та банк жүйесіндегі реформа арқылы 25 мың банктен, бар болғаны
15 мың банк қалып, мемлекеттен көмек ала бастады. 1934 жылы доллардың алтын
баламасын 40% арзандатты. Банк жүйесінде мемлекеттің ықпалын күшейтiп
қаржылық қорды нығайтты. Мемлекет толық қаржы-банк жүйесiн өз қолына алды.
Коммерциялық банктердегі халық салымын биржаларда сатуға тыйым салды.
Банктердің акцияларына мемлекет қатал бақылау жасады. Сөйтіп, қаржы-банк
жүйесі толық мемлекеттің бақылауына көшті.
Әлеуметтік-экономикалық салада 1933 жылы маусым айының 16-ы күні жаңа
заң қабылдады. Бұл ұлттық өнеркәсіптi қайта құру заңы (НИРА) деп аталды.
Жаңа заң бойынша өнеркәсіпті қайта құру үшін мемлекет бақылау жасап,
өндірілген өнiм мөлшері мен бағасын анықтап отыратын болды. Өнеркәсiп
иелерi корпоративтік бизнес жасауға еркіндік алды1.
НИРА заңдарының негізгі бағыты жұмысшы табының әлеуметтiк саласын
қорғау болды. Бұл заңның 7а-бабында жұмысшылар кәсіподақ ұйымдарына
бірігуге болатынын, сонымен қатар ұжымдық бірлестік келісімдерін жасауға
толық құқықтарын белгіледі. Өнеркәсіп иелерімен келісім-шарттарын жасап,
жалақы және жұмыс күнін белгілеуге мүмкіндік алды.
Өнеркәсіпті қалпына келтіру НИРА заңы жұмыссыздықты азайту туралы да
шаралар жүргізді. Бүл шараларды жүргізу үшін қоғамдық жұмысты әкімшілік
реттеу (PWA) заңын қабылдады. Мемлекет бұл саладағы жұмыстар үшін 3,3
млрд доллар қаражат бөлді. Жаңа бағыт саясатының алғашқы айларында жұмыссыз
жүрген 4 млн. адамға жұмыс тауып берді. Жұмыссыз жүрген жастарға арнаулы
мекемелер құрып, оңтүстік америка штаттарында жер қазу, жерді суландыру
үшін каналдар қазып, тас жолдар салатын ауыр қол күш еңбегі арқылы жұмыс
тауып берді. Сөйтіп, дағдарыс жылдарындағы 12 млн. адам жұмыссыз болса,
жұмыссыздықтың санын 25% азайтты. Буржуазиялық реформа барысында АҚШ-тың
әлеуметтік-экономикалық саласында алға басушылық жүзеге асып, дағдарыстың
бәсеңдегені байқалды. Өндірісті реттеу реформасынан кейін, Рузвельт
әкімшілігі ауыл шаруашылық саласында жаңа бағыт саясатын жүргізуге кірісті.
1933 жылы мамыр айының 12 күні фермерлерге көмек заңын қабылдады. Бұл заң
бойынша ауыл шаруашылық тауарларының бағасын өсірді. Фермерлер мемлекеттен
ақша алу үшін егіс көлемін, мал басын азайту арқылы мемлекеттен арнаулы
ақшалай сыйлық алу құқына ие бола алды. Ауыл шаруашылығын қалпына келтіру
бағдарламасын қабылдады.
1933 жылы жаз айында фермерлер егіс көлемін және мал санын азайтуға
кірісті. Елде азық-түлік тауарлары жетіспей жатқанда, фермерлер ақша алу
үшін өздерінің өндірген тауарларын жойып, ірі фермерлер ақшалай сыйлық
алып жатты. Батыс штаттарында егіс көлемі 80% қысқартылды. Оңтүстік
штатында мақта және темекі плантацияларында егіс көлемі қысқартылды. Бұл
шаралар кішігірім фермерлерге тиімсіз болды. Азық-түліктің жетіспеуіне
қарамастан, көптеген ауыл шаруашылық тауарлары шіріп, мұхит суларына
тасталып жатты.
Фермерлердің мемлекетке қарызы кешіріліп, көмек ретінде 1,5 млрд доллар
көмек көрсетілді. Ұсақ фермерлер мемлекетке қарыздарын өтей алмай,
шаруашылықтарын сатып, қалаға кетуге мәжбүр болды. Сөйтіп, 1933-1934
жылдарда АҚШ-та 6001 мың фермер шаруашылығы қысқартылды. Бұл барлық
фермерлердің 10%-ын қамтыды. Жаңа бағыт бағдарламасы алғашқы жылдары
халықтың қолдауына ие болса, 1934 жылдан бастап бұл саясатқа қарсы
оппозиция күшейе түсті. Жалпы капитализм дағдарысы халықтың жағдайын
жақсартуға мүмкіндік бере алмады. Сондықтан еңбекші халықтың наразылығын
күшейтті. 1933 жылы елде 1 млн. адам ереуілге қатысты. 1934 жылы ереуілге
1,5 млн. адам шықты.
Рузвельттің жаңа бағыт саясатының негізгі қорытындысы қалай
аяқталды? Мемлекеттің өнеркәсіп саласында белсенді араласуы дағдарыстан
шығуға мүмкіндік жасады. Өнеркәсіп өнімдері 1929 жылғы өндірілген деңгейдің
80%-ына жетті. 1933 жылы өнеркәсіп өнімдері 63% жеткен болатын.
Жұмыссыздықты азайтқанымен, ол толық жойылған жоқ. 1935 жылы АҚШ-та 7 млн.
адам жұмыссыздар қатарында болды. Жаңа бағыт саясаты қалай десек те АҚШ-
тың экономикалық дағдарыстан шығуына көмектесті. XX ғасырдың 30-
жылдарындағы АҚШ-тағы жаңа бағыт капитализмді сақтап қана қойған жоқ,
мемлекеттік реттеу арқылы капитализмнің жаңа жолмен дамуына мүмкіндік
жасады. Буржуазиялық реформа капитализмнің жаңаша дамуына жол ашты. Ал
Еуропа елдері - Германия мен Италия корпоративтік жолмен дамуға көшті.
Мемлекеттік реттеу идеясы жаңа бағыт саясатының негізгі бағыты болды.

2 Рональд Рейган – АҚШ-тың 40-президенті (1981-1989)

Рейган Рональд Уилсон (1911 жылы туған – 2003 жылы). АҚШ-тың саяси
және мемлекеттік қайраткері. Республикандық. Киноактер. 1937 жылдан киноға
түскен. 1966 жылы Калифорния штатының губернаторы. Ішкі және сыртқы саясат
проблемаларына консервативтік көзқараста. 1981-1988 жылдары АҚШ президенті.
Иллинойс штатында туған ол саясатшы болмай тұрып-ақ кино мен
телевидениеге түсумен белгілі болды. 1964 ж. ол Голдуотерді жақтап сөйлеген
теледидардағы сөзімен бүкіл АҚІІІ-қа өзін белгілі етті.
Калифорния губернаторы орнында 1967—1975 жылдары екі мерзім қызмет
еткен ол 1976 ж. республикандық партиядан президенттікке кандидат болып
шығуға аздаған ғана дауыс жинай алмай қалды. 1980 ж. сайлауда ол Джимми
Картерді жеңді, ал 1984 жылы Картер жанында вице-президент болған Уолтер
Мондейлді басым көпшілік дауыспен жеңіліске ұшыратты.
Шексіз оптимизм мен америка халқының жетістіктері мен ойларын мадақтау
қасиеті оның екі мерзім президенттік құрған кезінде Рейганнан алшақ кеткен
жоқ, көпшіліктің көз алдында ол сенімділіктің; тұрақтылықтың бейнесі
ретінде көрінді, ойланбаған мәлімдемелер жасауға бейімділігіне қарамастан
Рейган теледидар арқылы тамаша сөз сөйлейтін де оны осы қасиеті үшін ұлы
телехабарлағыш деп атап кетті. 60-жылдарға дейін саясатпен айналыспаса да,
оны кино және телекөрермендер жақсы есте сақтап қалды. Ол АҚШ президенті
болғанда, елді басқарған тартымды және әйгілі адам — Дуайт Эйзенхауэр
кезіндегі 50-жылдардың гүлденуі мен салыстырмалы әлеуметтік тұрақтылығын
американдықтардың есіне түсірді.
Рейган Құрама Штаттардағы әр адам өз жеке істерінің арқасында
жетістіктерге жете алады деп сеніп, мемлекет адамдар үшін көп нәрсе жасап
отыр деп дәлелдеді, Ол керек емес және шығындар, алдау мен қиянат
жасаушылықты тудырады деп санаған әлеуметтік бағдарламаларды қысқартқысы
немесе тіпті жойғысы келді. Ол мемлекет мәселелерді шешпейді, оның өзі
мәселе деуден жалықпады. Президенттік құрған жылдары Рейган Картерге
қарағанда мемлекеттік реттеуді көбірек қысқартты. Осылайша ол қазіргі
жағдайда тиімсіз, қымбат және істегі белсенділіктің артуына кедергі жасайды
деп санап, үкіметтік бақылаудан тұтыну, еңбекке орналастыру және қоршаған
ортаны қорғау салаларын шығарды.
Оның ерекшелігі — алдына қойған жоспарды іске асыруға соңына
ергендердің бәрін жұмылдырып, оларды сендіре білу қабілетінде. Мысалы,
Американың 40-президенті Р. Рейган.
Оның президенттік жылдарында американдықтардың көзқарасында түбегейлі
өзгерістер жасалынды. Олар дағдарыстан мемлекеттің реттеушілік көмегінсіз
шыға алмайтынын түсінді. Бұл демократ Картерге оңай тимеді. Өйткені
демократтар береке мемлекетін қатты қолдайтын еді, ал осы өзгерістер
республикандықтарға тиімді болды. Дүниежүзілік саясатта басталған өзгеріс
әкімшілікті осалдығы үшін қатты сынауға сылтау болды. 1980 жылы
республикандық Рональд Рейган жеңді, ол мемлекеттің араласуын қысқартуға
және белсенді сыртқы саясат жүргізуге шақырды.
Салықтарды азайту мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы мен ақш арасындағы гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың бағыттары
ТМД елдерімен қарым-қатынасы
АҚШ - тың Қазақстанмен сыртқы саясат орнатуының тарихын
Қазіргі әлемдік қауіпсіздік мәселесіндегі АҚШ-Ресей сыртқы саяси ұстанымы
Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының дамуы
Қазақстан – Америка стратегиялық әріптестігі
Қазақстанның халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде халықаралық аренаға шығуы
Үлкен Үштік конференциялардағы АҚШ дипломатиясы
Қазақстан Республикасы мен Америка Құрамы Штаттары арасындағы қатынастар
Дипломатиялық қызмет
Пәндер