Орыс достары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

Ыбырай Алтынсарин

Орындаған:

Тексерген:

Алматы 2005

Ыбырай Алтынсаринның өмiрбаяны.

Ыбырай 1941 жылдың қазан айында қазiргi Қостанай облысының Затобол ауданында туған. Әкесi Алтынсары ерте қайтыс болып, ол атасы Балғожаның тәрбиесiнде өседi. 1860 ж. Орынборда орыс-қазақ мектебi ашылып, Ыбырай сол жылы оған оқуға қабылданады. Жасынан зерек, зейiндi бала бар ынтасын салып берiле оқиды. Көп ұзамай үздiк оқушылардың бiрi болып, оған “аға шәкiрт” атағы берiледi. Мектептi 1857 жылы өте жақсы деген бағамен бiтiредi. Ол Орынбордағы кездерiнде белгiлi ғалым В. Григорьевпен жақын таныс болады. Оның бай кiтапханасынан орыс және дүниежүзi жазушылары мен ағартушыларының шығармаларын, ұлы адамдардың өмiрi жайлы кiтаптарды көп оқиды. Осылайша бiлiмi тереңдеп, ой-санасы өскен Ыбырай халыққа пайдалы қызмет iстеудiң жолын iздейдi.

Ол кезде қазақ жерiнде аздаған орысша оқытатын мектептерiн мен дiни мектептер ғана бар болатын. Ал қазақ тiлiнде бiлiм беретiн мектеп деген атымен жоқ едi. Осындай жағдайда Ыбырай қазақша мектеп ашып, бала оқытуды арман етедi. Осы мақсатпен Орынбордан Торғайға ауысып, мектеп ашылғанға дейiн бiраз баланы өзiнiң үйiне жинап оқытып жүредi. Сонымен, 1864 жылы 8 қантар күнi Торғайда Ыбырайдың арман еткен мектебi ашылып, өзi оның мұғалiмi болады. Оған алғаш 14-ақ бала кiредi, бiрақ ол қазақ мектептерiнiң инспекторы қызметiне тағайындалып, облыстың төрт уезiнде бiр-бiрден екi кластық орыс-қазақ мектептерiн ашады, олардың жанынан кiтапхана ұйымдастырады. Болыстық бастауыш мектептер ашуға кiрiседi. Бiрнеше жерден қолөнер, техникалық және өндiрiстiк училищелер аштырады. Мұғалiмдер даярлайтын мектеп ашады. Тұңғыш рет қыздар мектебiн ұйымдастырады.

Қазiр сендер мектепке бiрнеше оқулық көтерiп барасыңдар. Қосымша оқитын кiтаптарың да аз емес. Ал Ыбырай аталарың қазақ мектебiн ашқан кезде қазақша бiрде- бiр оқулық болмады. Сонымен, қазақ тiлiндегi тұңғыш оқулықты да Алтынсарин жазды. Ол- әйгiлi “Қазақ хрестоматиясы” мен “Қазақтарға орыс тiлiн үйретудiң бастауыш құралы” атты кiтаптар. “Қазақ хрестоматиясы” 1879 жылы Орынборда басылып шықты. Автор оны балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгiмелерден құрастырды. Олардың бiрқатарын өзi жазды, бiразын сол кездегi орыс оқулықтарынан еркiн аударып алды. Сонымен қатар қазақ ауыз әдебиетiнiң кейбiр үлгiлерiн де iрiктеп енгiздi. Бiр ғажабы - бұл екi кiтаптың екеуi де Алтынсариннiң орыс графикасы негiзiнде өзi жасаған алфавитiмен қазақ тiлiнде басылды. Сөйтiп, Алтынсарин қазiр өздерiң қолданып жүрген алфавитке көшуге бұдан сүрлеу салды.

Бүкiл өмiрiн халық ағарту iсiне арнаған Алтынсарин өзiнiң көркем шығарма жазу жұмысын да сол ағарту ойына бағындырады. Көркем шығармалар арқылы балаларды жақсы мiнез- құлыққа, адамгершiлiкке баулуды көздейдi. Осыц мақсатта жазған әдеби мұрасы арқылы ол қазақтың жазба әдебиетi мен әдеби тiлiнiң негiзiн салушылардың бiрi, қазақ балалар әдебиетiнiң атасы болады. Ыбырай аталарың ақын болған. Өзiнiң “Өнер- бiлiм бар жұрттар ” деген өлеңiнде дамыған, мәдениеттi елдердiң үлгi- өнегесiн, өнерiн көрсетедi. Оқып, бiлiм алудағы мақсат халықтың қажетiне жарау, өз елiңде өнердiң биiгiне жеткiзу деп бiледi. Ал ендi “Өзен”, “Жаз” атты өлеңдерiнде табиғаттың тамаша бiр көрiнiстерiн суреттеп бередi. Ондағы мақсаты балалардың сұлулықты, табиғатты, Отанды сүю сезiмiн тәрбиелеу едi.

Алтынсарин - қазақ жазба әдебиетiнiң тарихында тұңғыш рет балаларға арнап әңгiме жазған жазушы. “Бай баласы мен жарлы баласы” деп аталатын әңгiмесi былай басталады: “Асан деген - бай баласы, Үсен деген жарлы баласы, екеуi құрдас екен. Бiр күнi ел көшкенде, қыр астында ойнап жүрiп, ескерiлмей, екеуi жұртан қалыпты. ”Бұл әңгiмеде екi баланың бiр тәулiк iшiндегi бастарынан кешкен оқиғалары суреттеледi. Үсен - әкесi сияқты өз күшi, өз еңбегiмен күн көруге дағдыланған, өмiрден көрген- бiлгенi көп, ақылды, тапқыр бала. Ал басқаның еңбегiмен күн көрiп жаман үйренген Асан өмiрге икемсiз, ьбасына күн түскенде дәрменсiздiк көрсетедi. Ол бiресе “Ендi қайдан табамыз”, - деп, бiресе “Қарным ашты”- деп жылаудан басқаны бiлмейдi. Сөйтiп, автор өмiрден ешнәрсе үйренбей, жалқау болып өскен бай баласындай болмай, ақылды, төзiмдi, еңбек сүйгiш жарлы баласындай болыңдар дегендi айтады. “Қыпшақ Сейiтқұл”, “Атымтай Жомарт, ” “Өрмекшi, құмырсқа, қарлығаш”, “Бақша ағаштары”, “Аурудан аяған күштiрек”, тағы басқа әңгiмелерiн кейiнiрек өздерiң де оқисыңдар.

Алтынсарин қазақ әдебиетiнде тұңғыш көркем аударма жасаған жазушы болды. Ол И. Пульсонның, Л. Толстойдың, К. Ушинскийдiң, И. Крыловтың балаларға арналған брталай шығармаларын қазақ тiлiне аударып, “Қазақ хрестоматиясына” енгiздi. Олар: “Бiр уыс мақта”, “Алтын шеттеуiк”, “Үш ұры”, “Жаман жолдас”, “Түлкi мен ешкi”, “Сауысқан мен қарға”, “Қайырымды түлкi” тағы басқа әңгiмелер.

Өзiнiң ағартушылық ойларын iске асыру жолында Алтынсарин патша чиновниктерiмен, қазақтың бай- жуандарымен аз арпалысқан жоқ. Сондықтан жүре ауруына ұшырап, не бары 48 жаста қайтыс болды. Орыс достары: “Ыбрай Алтынсарин қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам едi, ол қараңғы халықтың iшiне европалық мәдениеттiң жарық сәулесiн таратты және оларды Россияны сүюге шақырды”, - деп жазды. Бұл Алтынсариннiң тарихи еңбегiне берiлген әдiл баға едi.

Кел балалар оқылық!

Оқығанды көңiлге

Ықыласпен тоқылық!-

деген өлең жолдары өмiрге келгелi бiр ғасырдан аса уақыт өттi. Бiрақ ол күнi бүгiнге дейiн балаларды оқып, бiлiм алуға шақырған ұран болып келе жатыр. Осы өлеңнiң аты аталған сайын оның авторы, қазақтың ұлы ағартушы, педогогы, ғалым, жазушы Ыбырай Алтынсариннiң есiмi ойға оралады.

Ұлы ағартушының істеген ісінен, шығармаларынан өз халқына деген зор махаббатын, үлкен қамқорлығын көруге болады. Н. И. Ильминскийге, В. В. Катаринскийге жазған хаттарында қазақ халқының көңілі ашық, қонақжай, мейірімді екенін, жаңаша, талпынғыш, білімге құштар жұрт екенін үлкен сүйіспеншілікпен айтады. Халқының өзіндік мәдениетінің дамуын аңсайды, тілінің бөтен тілмен шұбарланбай таза болғанын тілейді. Н. И. Ильминскийге 1862ж. жазған хатында “молдалар өздерінің адам басын қатыратын ерекше қаисеттерінің үстіне, қазақтың табиғи тілін де бұзып жүр” деп реніш білдіреді. Сонымен бірге Ыбырай қазақ халқы басқа халықтармен ынтымақтастықта болуын және олардың мәдениетінен үлгі алуы керектігін әр уақытта уағыздап отырды. Ыбырай толығымен ағартуды жақатады, мектепті діннің ықпалынан ажырату үшін күресті, исламның феодалды-клерикалды идеологиясын сынады, мұсылман дін басыларын, олардың діни-схоластикалық білім жүйесін әшкереледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудармадағы аудармашының жалған достары мәселесі
Орыс сөзінде ағылшын сөзінде жоқ мағыналар болаыд
Шоқан Уәлихановтың қазақ халқының салт-дәстүрлерi туралы ой-пiкiрлерi
Қазақ халқының ұлы ақыны
Шоқан Уәлихановтың тұлғасын жан- жақты ашу және осының нәтижесінде оның әдебиеттегі көркем шығармаларда сомдалған бейнесін ашу
Абай Құнанбаев(1845-1904) жайлы ақпарат
Шоқан Уәлихановтың әдебиеттегі көркем бейнесі
Шоқан Уәлиханов
Шоқан Уалиханов әдебиеттегі орны
Әлия Молдағұлова Нұрмұхаммедқызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz