Ыбырай Алтынсарин және дәуір



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

Негізгі бөлім

I. Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері 1841-
1845 жылдар

1. Ыбырай Алтынсарин және дәуір

2. Ыбырай Алтынсарин – педагог, халық ағарту ісінің ұйымдастырушысы

3. Білім мен тәрбие берудегі Ыбырайдың алға қойған мақсаттары

4. Ыбырай Алтынсарин – публицист және этнограф

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер

Кіріспе

Педагогика училищелері мен жоғары оқу орындарының филология
факультеттері оқу программаларынан қазақ халқының ұлы ағартушылары Шоқан
Уәлиханов, Абай Құнанбаевтың өмірі мен творчествасын оқып білуге мол орын
берілген. Соның ішінде Ыбырай Алтынсариннің алатын орны ерекше. Ол мұғалім-
методист, халық ағарту ісінің ұйымдастырушысы, оқулықтар авторы және қоғам
қайраткері. Ыбырай – фольклорист, ақын – жазушы, журналист.

Ыбырай Алтытнсариннiң бiлiм және тәрбие беру мақсаттары өмiр талабынан
туып, қазақ халқының жалпы мұң-мұқтаждарымен астарласып жатыр. Ыбырайдың
педагогикалық мұраты балаларға жан-жақты және кең көлемде бiлiм беру.

ХIХ ғасырдың екiншi жартысындағы қазақ әдебе тiлiнің дамуында Ыбырай
Алтынсариннің ролi зор болғаны белгілі. Ыбырай Алтынсарин — сол дәуiрдегi
қазақ әдеби тілін ерекше сапамен дамытып, оны жаңа белеске, биiк дәрежеге
көтеріп, жазба, әдеби тiлдi жаңа ұлттық сипатқа жеткiзуге атсалысқан адам.

Ыбырайдың өлеңдерi — ең алдымен балаларға арналып, солардың оқуы үшiн
жазылғандықтан да, тiлi жеңiл, қарапайым, түсінуге қиындық келтiрмейтін,
тақырыбы оқу, өнерге байланысты болып келетін дүниелер. Кел, балалар,
оқылық. Оқығанды көңiлге Ықыласпен тоқылық! — деп оқуға шақырып, өз ойын
ешбір бұлтақсыз ойын баласының ой өрiсiне лайықты етiп айтады.

I. Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері

1841-1845

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 (қараша) казанда Торғай облысы,
Николаевск уезiнiң Арақарағай облысында (казiргi Костанай облысының Затобол
ауданында) дүниеге келдi. Әкесi Алтынсары ауыл молдасы алдын көргенi
болмаса, басқадай оку қумаған, момын, үй-шаруасымен ғана айналысқан адам
болған. Ол Ыбырай үш жасқа толғанда қайтыс болады. Шешесi Айман (Арғын
руынан Шеген бидің қызы) ескi салт бойынша қайнысы Қошанға шығады, одан
туған балалардың ұрпақтары баршылық. (Ақын Мариям Хакiмжанова, ғалым Шабден
Балғожин, т. б.). Ыбырай әкесi өлгеннен кейiн тәлiм-тәрбиенi атасы Балғожа
биден алады. Балғожа Жаңбыршин — белгiлi би, iрi бай болган адам. Ол ұзақ
уакыт Орынбор Шекара комиссиясы қол астында қыпшақ руына старшина болып
қызмет iстеген, патша өкiметтінен шен-шекпен алған ірі феодалдардың бiрi
(Н. И. Ильминский). Орысша тiл бiлген, ақыл парасаты да мол болған би тек
қазақ даласы емес, Орынбор губерниясындағы орыс чиновниктері мен шекаралық
билеушi әкiмдердiң алдында өзіндiк салмақ пен айрықша беделге қолы жетедi,
губерния төңiрегiндегi басқарушылардың қайсысымен де тең адамдай сөйлесе,
пiкiрлесе алады.

1846 ж. Осы жылдың 5 наурызы күні Балғожа ба Орынборға әдейі барып,
өзiнiң жақсы танысы, Орынбор Шекара комиссиясының төрағасы генерал-майор М.
В. Ладынженскийге әдейi жолығып, немересi Ыбырайды ашылмақ мектебіне
қабылданатын қазақ балаларының кандидаты етіп тіркеп қоюды сұрап арыз
береді. Арыз қанағаттандырылды. 1850— 1857 ж. Ыбырай 1850 жылы 22 тамызда
Орынбор Шекара комиссиясы жанынан қазақ балалары үшiн ашылған мектепке 30
баланың бiрi болып қабылданады.

Мектеп қабырғасында ол көп нәрсенi үйрендi - орыс тiлiн меңгередi,
оның тiршiлiк-тұмысқа қажеттi ерекшелiктерiн, Россия экономикасының озық
екенiн түсiнедi. Болашақ ұлы педагогтiң ой-дүниесi кеңейiп, байқампаздық
қасиеттерi дамиды. Орыс зиялыларының шығармаларынан нәр алады. Ыбырай аса
зерек болады, жоғары балдар алып оқиды. 1857 жылдың қорытындысында ол өте
қабілеті бар аталып, орыс тiлiнен 10 балл (ең жоғары балл 12 болатын да,
келесі классқа көшу үшiн не бәрi 72 балл жинақтауы қажет болатын — Э. Л.),
қазақ (татар) тiлiнен 11 балл, тәртібiнен 12 балл алады. Ыбырай Алтынсарин
1857 жылы жазда осы мектептi‚ жақсы бағалармен бiтiрiп шықты, тиiстi куәлiк
және дәрiгерге көмекшi деген ресми анықтаманы да қоса алды.

1857—1859 ж. Екi жыл бойы қыпшақ руы ұзын бөлiмiнiң меңгерушiсi
(управляющий), войскалық старшина, атасы Балғожа Жаңбыршиннiң карамағында
хат жүргiзушi болып жұмыс аткарды. 1859 жылдың тамыз айының бiрiнен бастап,
Орынбор облысынық басқармасына кiшi тiлмаш (аудармашы) болып тағайындалады.
Шекара комиссиясының төрағасы, орыс ориенталисi, үлкен ғалым Васалий
Васильевич Григорьевтiң қарамағында жұмыс iстейдi. Осы кезде жас жiгiт
Ыбырайдың өз бетiмен бiлiм алуына Балғожа бидi айрықша бағалаған және соның
үшін Алтынсаринді В. В. Григорьев (1816—1881) көп жәрдемдеседi.1866 жылы
Ыбырай Алтынсарин кiшi жүздегi жаппас руы, Достияр бөлiмiнiң құрметтi
ақсақалы Шолақ қызы Айғанысқа үйлендi. 1871 ж. қыс айларында мектеп
жұмысымсен, уездiк баскарманың тапсырмаларын орындаумен айналысады. Жазда
екi ай демалыста болады Қазанға Н.И. Ильминскийге бару жоспарын құра
бастады. Орыс графикасы негiзiнде кiтап жазу iсiн ойластырады. Қазақ
даласында бала шақ мектептер ашу iсiн ойластыру жолдарын қарастыра
бастайды. Шiлде айының 21-жұлдызында Н. И. Ильминскийге жазған бiр хатында
мынадай қорытындыға келедi: Мектеп — қазақтарға бiлiм берудiң басты
құралы, олар қазақ даласының кез келген жерiне ретсiз орнатыла салынатын
болса, ешбiр пайда келтiре алмайды... Сондықтан мектептерде жақсы, бiр жөнi
тәуiр бiлiм берiлетiн болса, артта қалған халықты мектепке қызықтырып тарту
үшiн мектеп бiтiргендерге қай жөнiнен болса да бiр артықшылық, берiлетiн
болсын, сонда ғана оқушылардың саны ешбiр күмәнсiз тез өседi. Осылай
еткенде ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ
арасында көбейiп, бүкiл халыққа әсер ете алады, татар фанатизмiнiң күлi
көкке ұшады .

1877 ж. Орыс графикасын пайдаланып, Қазақ хрестоматиясын-да жазу
жұмысын қолға алады. Қазақ мектебiнде орыс тiлiн оқыту әдiс-амалдары туралы
қолжазбаларын тағы да қайта қарап, өндеп, толықтыру жұмысымен айналасады.

1.1 ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ ДӘУІР

Ыбырай Алтынсарин еңбек еткен кезең Россияда 1861 жылы жүргiзiлген
шаруалар реформасының дәуiрi едi, бiрақ Азат етiлген шаруалар
помещиктердің қанауында қала бердi.

В.И. Ленин бұл реформаның нәтижесiнде шаруалардың тұрмыс халiнiң өте
күйзелгенiн, Оның помещиктердiң мүддесiн көздеген ереже екенiн айта келiп,
осы ережеден кейiн шаруалардың саяси сезiмдерi кетерiлдi, олар келешекке
бостандық туы астында күреске шықты,— деп жазды.

ХIX ғасырдың 60-жылдарында Россия революцияшыл қозғалыс күшейдi. Ұлы
революцияшыл-демократ Чернышевский және басқалары патша самодержавиесiне
қарсы революциялық күреске шақырды.

Қазақтын аса көрнектi ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин,
Абай Құнанбаевтардың да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай бастаған баспа
Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тілі
Ыбырай Алтынсарин еңбектеріндегі әр түрлі жастағы адамдарға білім беру мен тәрбие мәселелері
XIX ғасыр поэзиясындағы өнер, білім, ғылым тақырыбы
Ыбырай Алтынсарин - ақын
Ыбырай Алтынсариннің мұғалімдер мектебінің алғашқы түлектері
Қазақ тілі білімдерінің негізін салушы ғалымдар
Қазақ хрестоматиясының дүниеге келуі
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚУ - ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
Ыбырай мұраларының өзектілігі мен маңызы
Пәндер