Әйел мен баланың денсаулығын жақсарту


ҚазаҚстан Республикасыныі Бiлiм жӘне Ғылым Министрлiгi
Қаныш СӘтбаев атындаҒы ҚазаҚ ҰлттыҚ техникалыҚ университетi
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Оқытушы
Студент:
Мамандығы:
Тобы:
Алматы 2003
Жоспар:
Кіріспе3
Ауруды болдырмау және салауатты өмiр салтын ынталандыру3
Нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес3
Темекi мен алкогольдi тұтынуды қысқарту4
Әйел мен баланың денсаулығын жақсарту4
Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту5
ШЫНЫҚСАҢ ШЫМЫР БОЛАРСЫҢ7
САЛАУАТТЫЛЫҚҚА САНА КЕРЕК8
САУЫҒУ ӘДIСТЕМЕСI9
СПИД - ҚАУIПТI ДЕРТ18
СПИД - ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР19
АЛКОГОЛИЗМ23
НАШАҚОРЛЫҚ24
ҚОРЫТЫНДЫ25
НАРЫҚ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫЛЫҚ25
«Салауатты өмiр салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесiмен айналасуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есiрткiлердi, темекi мен алкогольдi тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға т. с. с. бағытталған».
Ел Президентiнiң “Қазақстан - 2030ң
Қазақстан халқына жолдауынан.
Кіріспе
Салауатты өмiр салтын қалыптастыру - бүгiн таңда мемлекеттiк маңызды мiндеттердiң бiрi. Ол Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың ел халқына “Қазақстан - 2030ң жолдауында айқын тұжырымдалған.
Экономикалық iлгерiлеу бiздiң азаматтарымыздың игiлiгiне өздерiнен кепiлдiк бере алмайды. Гүлденген экономика жағдайында-ақ өз денсаулығын дұрыс күтпеуiнiң және қоршаған ортаның ластануы салдарынан науқас адамдардың саны жылдан-жылға өсiп отырғанын көзге елестету қиын емес. Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмiрiнiң аяғына дейiн сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшiн күш салу керек. Бұл мақсатты iске асырудағы бiздiң стратегиямыз мынадай құрамдас бөлiктерден тұрады:
Ауруды болдырмау және салауатты өмiр салтын ынталандыру
Мемлекеттiң, бiр жағынан ауруды болдырмау, екiншi жағынан, салауатты өмiр салтын ынталандыру жөнiндегi қадамдарды халықтың денсаулығына әсер ететiн маңызды фактор екенiн әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отыр.
Аурулардың алдын алу дегенiмiз, таза су мен кенеулi асты пайдалануды, тазарту жүйелерiнiң болуын, қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтiретiн объектiлердi қысқартуды, басқа да қауiптi факторларды төмендету жөнiндегi осыған ұқсас шараларды бiлдiредi.
Салауатты өмiр салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесiмен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есiрткiлердi, темекi мен алкогольдi тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т. с. с. бағытталған.
Жеткiлiктi құралдар болмай тұрған жағдайда ауруларға қарсы күрес пен денсаулықты нығайту жөнiндегi бiздiң стратегиямыз азаматтарымызды салауатты салтына әзiрлеуден басталады. Салауатты өмiр салты мен дұрыс тамақтануды, тазалық пен санитария ережелерiн насихаттайтын пәрмендi ақпараттық iс-шаралар жүргiзiлуi қажет. Ол мыналарды қамтуға тиiс:
Нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес
Есiрткiнi әкелу мен таратуға қолданылатын жазаны қатайту және осыған байланысты бiрқатар елдердегiдей, оның iшiнде Малайзия мен Сингапурдегiдей өлiм жазасын енгiзу керек пе деген мәселенi қоғамның талқысына шығару керек. Есiрткi өте ерекше және түпке жететiн сала, сондықтан бұл жерде адамгершiлiк принциптерiнiң қандай дәрежеде қолданылуы үлкен мәселе. Таразының бiр басында оны әкелiп, тарататын адамның өмiрi тұрса, екiншi басында соның “көмегiменң қор болған есiрткi тұтынушылардың ғұмыры тұр.
Темекi мен алкогольдi тұтынуды қысқарту
Алкоголь мен темекiнiң адам өмiрiне зиянды екенi дәлелдеудi қажет етпейдi. Халықаралық тәжiрибе бұл салада мемлекеттiк саясатты жүргiзудiң алкоголь мен темекiге салық енгiзу, сондай-ақ маскүнемдiктен емделуге арнайы салық салудан бастап, бiрнеше сабағын ұсынып отыр. Бiз бұл мәселеде байыпты саясат жүргiзуiмiз керек. Контрабанданың ағыны мен қылмыскерлiктiң өсуi сияқты керi нәтижеге душар болмас үшiн бұл арада барлығын салмақтап, бiрнеше қайтара есептеп шығу керек. Бастапқы кезде алкоголь мен темекiнi жарнамалауға барлық жерде және түпкiлiктi тыйым салынуға тиiс. Шылым шегу терең ойластырылып, асыра сiлтеушiлiкке ұрынбай, бiртiндеп қоғамдық орындардан ығыстырылуы қажет. Мұны басқаларға үлгi болу үшiн мемлекеттiк үйлер мен мекемелерден бастау керек. Жалпы адамдар нелiктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзiммен қарауға тиiс? Мен барлықтарыңыздың шылым шегушiлерге ымырасыз болуға шақырамын.
Қоғамдық сана мен мораль алкогольге барынша қарсы болуға тиiс, мемлекет бұл сезiмдi тәрбиелеуге тиiс. Кеңес үкiметi жылдарында арақ бiздiң тұрмысымызға, әдетiмiзге, дәстүрiмiзге тереңдеп ендi. Ол ауылдық жерлерде де адам өмiрiнiң ажырамас бөлiгi болып алды. Бүгiн көпшiлiк қиыншылыққа тап боп, күйзелiске түскенде iшкiлiкке салыну артып отыр.
Көптеген елдер бұл кеселге тыйым салғанмен, табысқа жете алмады. Осыған қарамастан кейбiр елдер ұтымды ақпараттық және түсiндiру саясатын жүргiзу, мәдениет пен бiлiм арқылы едәуiр табыстарға қол жеткiздi. Өнеркәсiбi дамыған елдерде iшiмдiктi пайдаланушылар мен темекi тартушылардың саны кеми түсуде, өйткенi кәсiпкерлiк - денсаулығы мықты жандардың үлесi. Өмiр салтын терiс әдеттерден спортқа көшiру тиiмдi жолдардың бiрi болып табылады.
Әйел мен баланың денсаулығын жақсарту
Ана мен баланың денсаулығын қорғау бiздiң мемлекетiмiздiң, денсаулық сақтау органдарының, жұртшылықтың тiкелей назарында болуға тиiс. Уақыт өтiп, қазына кiрiсi өскенде мемлекет үшiн де, отбасын қолдауға тиiмдi демографиялық саясат үшiн де қолайлы нысанда аналар мен балаларға мемлекеттiк қолдау көрсетуге қаражат табамыз. Бiз бұрынғы уақыттан берi және қиындықтарға қарамастан бүгiн де осындай көмектi көрсетiп келемiз. Мен балалы болғысы келмейтiндерге салық енгiзу туралы ұсынысты көпшiлiк талқысына саламын. Одан түскен қаржыны көп балалы отбасыларды қолдауға жұмсар едiк.
Бiзде жергiлiктi деңгейде де отбасын, әйелдiң жүктi кезiн және балаларды тәрбиелеудi қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғызбасты аналар проблемасын шешу керек. Егер бiз адамгершiлiгi жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бiр-бiрiнiң алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершiлiгiн күшейтуге тиiспiз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерiнiң қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда - елiмiз үшiн алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау қажет. Жұртшылық мұнда дұрыс шешiмдi көрсетiп, ол отбасы туралы заңдай бейнеленуге тиiс.
Салауатты өмiр құрып, сол арқылы балаларына үлгi көрсетiп, ата-аналарды айрықша атап көрсету қажет. Мен компаниялар мен жұмыс берушiлерге осы тұрғыдан көтермелеудiң тиiстi нысандарын iздестiрудi ұсынар едiм.
Елiмiзде жыл сайын 200 мың аборт жасалады. Қоғамда абортқа тыйым салу керек пе, жоқ па деген мәселе пiкiрталасына түсуi керек. Мұндай өте нәзiк мәселеде де, басқа мәселелерде де мен көпшiлiктi қолдаймын. Қандай жағдайда да, әйелдiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiрмейтiн отбасын жоспарлаудың өркениеттi жолына түсуiмiз керек.
Жас шамасына қарай жүргiзiлетiн саясатта бiз жастар мен жеткiншек ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңiл бөлудi күшейтуге тиiспiз.
Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту
Экологиялық нашар ахуал бүгiнде адам өлiмiнiң 20 пайызына себеп болып отыр, ал кейбiр аймақтарда жағдай мұнан да қиын. Отандастарымыздың үштен бiрi сапасыз ауызсуды пайдаланады. Жеткiлiктi және дұрыс тамақтанбау да терiс демографиялық салдарға әкеп соғады.
Сондықтан бiздiң әрқайсымыз тамақтану мен ауызсуға ерекше көңiл бөлуге тиiспiз. Бiздiң мамандарымыз қалай дұрыс тамақтану керек екенiн, табыс дәрежесiне қарай өз рационын қалай құру керек екенiн, қазiргi заманғы жеке басының тазалығы ережелерiн орындауды, сапасы төмен ауызсудың зиянын қалай тигiзбеудi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсiндiруден жалықпауы керек. Экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен стандарттау органдары қойылған мақсаттардың басымдығына сәйкес жұмыс жүргiзуге тиiс. Кез-келген сапасыз тамақ өнiмдерiн өткiзушiлер мен жасап шығарушыларға, табиғи ортаны ластаушылардың бәрiне берiк және қат-қабат тосқауыл қойылуы қажет.
Мемлекеттiк ведомстволардың басшылары осының бәрiнде де үлгi көрсетуге тиiс. Сонымен қатар дiнбасылар мен қоғамның басқа да құрметтi адамдарын осы процеске қосылуға шақырамын. Бұл маңызы зор мәселелер. Адамдардың денсаулығы мен он мыңдаған отандастарымыздың өмiрi осы шараларға тiкелей байланысты.
ДЕНСАУЛЫҒЫМЫЗДЫ ОЙЛАСАҚ…
Кез-келген халықтың тағдыры, болашағы сол ұлттың денсаулық жағдайына байланысты. Денсаулық айтарлықтай емес әртүрлi ауруларға дертке бой алдырған халықтың мәдени дәрежесi, ой-санасы, түсiнiгi мен көзқарасы ақылы мен бiлiмi жоғары болады деу қиын-ақ.
Халқымыздың денсаулығының нашарлауына, неше түрлi өлiмнiң көбеюiне әртүрлi аурулардың етек алуына тек iшкi немесе сыртқы жағдайлар ғана емес, өзiмiз кiнәлi сияқтымыз. Бұған дәлел барлық аурудың 55 процентiн адамдар өз қолымен жасайтын көрiнедi, егер аурудың 55 процентiн адамдар өз қолымен жасайтын көрiнедi, егер 18 процент iштен туа болатын аурулар болса, 17 процентi экологиялы жағдайдың әсерiнен, ал келген 10 процентi медицинаға байланысты көрiнедi. Ұзақ жасау, денсаулықты күту аурудың алдын-алу бәрi мәдени дәрежеге, ұғым-түсiнiкке, адамгершiлiк сапаға байланысты.
Егер салауаттылықты сана, бiлiм мәдениет деп бiлетiн болсақ, онда адамның малдан айырмашылығы - сөйлейтiндiгi мен ойлайтындығында ғана емес, өз денсаулығын ақылымын, белгiлi бiр жүйемен күту бiлетiндiгiнде.
“Құдай сақтағанда сақтайдың дегендi ескерер едiк ғой! Бiрақ көбiне оныда ойламаймыз. Ойлауға мәдениетiмiз, ой санамыз жетпейдi! Жалқаулығымыз, еренсiздiгiмiз, бойкүйездiгiмiз кедергi жасайды.
Бiздiң ойымызша денсаулығымызды күту өз жұмысымыз емес тек дәрiгердiң мiндетi сияқты. Бұл дұрыс емес. Кез-келген адам денсаулығына өзi қарамаса кез-келген аурудың алдын алуға тырыспаса оған қарсы ұзақ уақыт жүйелi түрде күрес жүргiзбесе ешқандай әулие де, бақсы-балгер де, таңғажайып экстрасеанс та көмектесе алмайды.
ШЫНЫҚСАҢ ШЫМЫР БОЛАРСЫҢ
Салауаттылыққа апарар жол сан алуан. Оны өзiңнiң жүрегiңнiң қалауына қарай таңдай берiңiз. Мысалы: жүгiру немесе жеңiл гимнастикалардың кез-келгенiн. Йог жаттығуларын алыңыз. Дененi суық сумен шынықтыру немесе П. К. Ивановтың тәсiлi, ақыл-ой қабiлетiн кеңейтетiн, ми жүйесiнiң шаршағанын басатын мәдени ойындардың түрлерiн таңдаңыз. Олар дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, биллиард, теннис тағы басқа, музыкалық аспаптарда ойнап үйренiңiз. Би немесе аэробикамен шұғылдану, ән айта бiлу, қоғамдық пайдалы үйiрмелердiң қай-қайсы болса да салауаттылыққа жатады. Таза ауада серуенге шығуды әдетке айналдыру, жеке бастың тазалығын сақтай бiлу, еңбек пен демалыс уақыттарын үйлестiре бiлу, тамақтана бiлудiң тәртiбiн үйрену, iшкi ағзаларды тазалау әдiстерiн үйрену. Ашығу мен әртүрлi аурулардан алдын ала сақтану әдiсi. Күн сәулесiн, ауаны, суды денсаулыққа пайдалану арқылы денсаулықты нығайту, яғни организмнiң қорғаныш күшiн, қуат күшiн арттыру сияқты салауатты өмiр салтын қалыптастырудың көптеген түрлерiмен айналысуға болады. Сонымен салауатты өмiр салтын қалыптастыру - қоғамның басты парызы дейтiн болсақ, әр адамзаттың салауатты тiрлiгi мен өмiрден өз орнын табу өзгеге емес өзiне байланысты екенiн есте берiк сақтаған абзал. Салауаттылық дене құрлысының әсем, мүсiндi шымыр болуына, табиғи сұлулықты сақтауға кәрiлiкке жол бермеуге, ұзақ жас жасауға, қайырымды, мейiрiмдi, таза болуға, мәдениеттi болуға әсер етедi. Әр адам өз денсаулығына мұқият қарап көңiл бөлетiн болса, күнделiктi өмiрде спортпен, басқалай дене қимылдарымен үнемi айналысатын болса, сонда ғана салауатты өмiр салтының пайдасын ерекше түсiнген болар едiк. Мұндай адамдардың өзiне де, өзгелерге де, жанұясына да, қоғамға да зор пайда әкелерi сөзсiз.
Тату-тәттi өмiр сүрiп бақытты болудың өзi салауаттылық емес пе? Салауатты өмiр салтын қалыптастыру шараларын iс жүзiне асыру осы отырған азаматтардың да мiндеттерi болса керек. Онсыз денсаулыққа кедергi жасайтын зиянды әдеттерден арыла қою жеңiл емес. Алдағы уақытта салауатты өмiр салтын қалыптастырудың басты бағыттары мен аспектiлерiн басшылыққа ала отырып үгiт-насихат жұмыстарына дәйектiлiкпен қарап, оны үнемi үзбей жүргiзiп отыру мiндетi тұр.
САЛАУАТТЫЛЫҚҚА САНА КЕРЕК
Салауатты өмiр салтын қалыптастыру әр адам өзiн-өзi салауаттылыққа тәрбиелей бiлген жөн. Өз денсаулығына мұқият қарау iсi мiндеттелiп отыр. Бұл туралы қағида Қазақ Республикасының Конституциясында көрсетiлген. Осы тұрғыдан қарағанда СОСК қалыптастыру дегенiмiз тек жалаң ұғым ғана емес, салауаттылық туралы ұғым өте кең. Оның төменде мынадай түсiндiрмесiн көрсете кетейiк. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру дегенiмiз бұл денсаулық, ерiк-сана төзiмдiлiгi, бiлiмдiлiк, мәдениеттiлiк, қимыл және спортпен айналысу. Олай болса СЭС қалыптастырудың жалпы жоспарының ауқымдылығы осында көрiнедi. Салауатты болу үшiн тек кереғар әдеттерден аулақ болу жеткiлiксiз. Ол үшiн өзiңдi спортқа, дене шынықтыруға деген төзiмдiлiктi, күш-жiгердi ұзақ уақытта қалыптастыра бiлуiң қажет. Шынында да адамға тән қасиет - төзiмдiлiк. Төзiм болған жерде ерiк-жiгерде болады. Сонда ерiк күшiне барлық дене мүшелерi бағынатын болады. Бұлай болмаған жағдайда әр адам өз дене мүшелерiнiң жетегiнде құл болып қала бермек, яғни сiз денеңiздi емес керiсiнше денеңiз сiздiң ерiк-жiгер күшiңiздi билеп алады. Мұның дәлелi төмендегiдей: Кейбiр адамның тамаққа деген қомағайлығы немесе асты мөлшерден артық iшу, бұл арада сiз асқаныңыздың ерiксiз құлы болуға дайын тұрсыз. Сол сияқты келсiн-келмесiн жел үрлесе болды суықтан қашып, жылы пештiң айналасынан шықпайтын адамдар бар. Кеш болса ұйқы басып жылы төсекке қарай жүгiрiп, жұмсақ жастыққа басы тисе-ақ қор ете түсiп, өлi ұйқыға берiлетiндер де аз емес. Бұлар ұйқының құлы болған адамдар. Ендi бiрi дайын киiм, дайын тамақтан басқаны ойламайтын, ал еңбек етуге келгенде ерiншектiгi ұстап сырт айналып қашатындарда баршылық. Ұлы Абайдың: “Тамағы тоқтың, жұмысы жоқтың, аздырар адам баласынң, -деп айтқаны осының дәлелi болса керек. Мұндай адамдар жалқаулықтың құлы болған жандар. Сондықтан бойкүйездiкке, жалқаулыққа, тамақсаулыққа, қимылсыздыққа салынған адамдар, бұлар нағыз аурудың құлы болған адамдар. Осының iшiндегi әсiресе қимылсыздық денсаулықтың жауы болса, керiсiнше үнемi қимылмен, қозғалыспен айналысқан адамның денсаулығы мықты болмақ. Жоғарыдағы айтылған зиянды әдеттердi iшiмiз сезiп, бiле тұрсақ та көз жұмбайлыққа салынып, бiлгiмiз келмейдi. Бiз өзiмiзге-өзiмiз қиянат жасап, өз денсаулығымызға көңiл бөлудi ұмытып барамыз. Ал, денсаулық салауатты өмiр салтын қалыптастырудың арқасында мықты болмақ. Бұл туралы бiздiң түсiнiк-санамыз көптен берi ұйқыға кетiп мүлгуде. Ал, шырт ұйқыдағыдан гөрi мүлгiгендi ояту қиын-ақ. Көп адамдар әлi мүлгуде, оянатын мезгiл жеттi демекпiн. Әлеуметтiк мәселе медицина қазiргi жағдайы бәрiмiзге белгiлi. Дәрiгерге қаралу үшiн ақы төлеу керек, ал жазған дәрiлердi сатып алу үшiн көп ақша керек. Себебi дәрiнiң бағасы өте қымбат, оны сатып алу екiнiң бiрiнiң қалтасы көтермейдi. Ол дәрiлер өзiмiздiң Отандық дәрiлер болса, бағасы төмен болса едi, бәрi де шет елден әкелiнген. Бағасы удай қымбат. Сондықтан бiздер ауырмауға тырысуымыз керек. Оны ойлайтын болсақ, салауаттылықпен айналысқан жөн. Аурудың алдын алуды, дәрiсiз емделудi үйренуiмiз керек. Әр заманда рухани күш қасиеттерiн жоймаған. Күнделiктi өмiрде әркiм өз қамырын өзi илейдi. Дегенменде барша халық өз денсаулықтарын өзi ойлайтын кезек ендi келдi. Ол бүгiнгi талап салауатты өмiр салтын қалыптастыру. Әр адам өз денсаулығына жеке көңiл бөлiп, нығайту талабы, яғни, әр адам өзiн өзi ортақ жолда қалдырмауға тырысып, ерiк-жiгерiн денсаулығын шындауға бағыттап, бойындағы бар қуатын молайта көруге тырысуды үйрену керек. Тұрмыс қиындап бара жатыр деп теңселе беруден нәтиже шықпайды. Бүгiнгi салауаттылыққа жетiп, денсаулықты күшейту - үлкен саналықты, төзiмдiлiктi, мәдениеттiлiктi спортпен айналысуды қажет етедi.
САУЫҒУ ӘДIСТЕМЕСI
1. Күнiне екi рет табиғи суық суға шомыл. Қайда шомыласың, оны жағдайы бiледi: көлге, өзенге, ваннаға түс, болмаса душ қабылда, үстiңе су құй. Ретi қалай келедi, солай iсте. Жылы сумен жуынсаң, соңынан үстiңе суық су құй.
Суық судың емдiк қасиеттерi адамдарға ертеден-ақ белгiлi болған. П. К. Ивановтың жүйесi халықтар тәрбиесiн бойына сiңiре отырып, сол негiзде өсiп шықты. Бiрақ бұл жүйенiң айрықшалығы адамның табиғатқа және соның бiр бөлшегi ретiндегi өзiне деген саналы көзқарасында жатыр. “Табиғатта адамды туғызған және оның өмiр сүруiне мүмкiндiк беретiн нәрселердiң бәрiн жаратқан үш тiрi табиғи тән бар - ауа, су және жерң. Бұл жүйе “жақсы мен жылының ғана емес, “суық пен жамандың да бiрiктiредi, нәтижесiнде адамның өмiрiн жақсартады, жеңiлдете түседi. “Жайсыз, суық жағдайлар адамды мәңгi қөмiр сүруге, ал жақсы, жылы жағдайлар өлуге мәжбүр еттiң- дейдi Ұстаз Иванов. “Суық бар ауруды емдейдi, бұл - бар дәрiлердiң iшiндегi бiр дәрiң.
“Суық сумен шынығу өте пайдалы, бұл - орталық нерв жүйесiнiң оянуы болып табылады.
Ертеңгiлiк және кешкiлiк суық суға шомылу керек: төсектен тұрдың ба, алдымен суық суға жүгiр-шомыл, жұмысқа сосын кiрiс. Кешкiсiн де солай iсте, Құлақ ас, әлеумет, менiң кеңесiме - бұл өзiңдi-өзiң күту, табиғи түрде емделу деп бiлiңiз. Су дегенiңiз күш-қуат. Суық су дегенiңiз табиғи, тiрi нәрсе - ол бәрiн де iстейдi, денеңiзге жылу бередi, бiрақ бұл тонның, киiмнiң беретiн жылуы емес, тәнiңiздiң өз жылуы. Суық суда от бар. Ол бiзге бәрiн бередi, адамның ақыл-пайымына жәрдемдеседiң.
Суық суды мiндеттi түрде тас төбеңнен бастап құю керек, өйткенi “ми-тәннiң қожасың. 1-2 шелек су жеткiлiктi, өйткенi судың тiтiркендiрiп ояту әсерi құйынудың алғашқы сәтiнде болады. Ұстаздың айтуынша, бұл “мидың орталық нерв бөлiмiнiң қас-қағымда оянып, аурудан айығуы. Мидың орталық нерв бөлiгiнiң сауығуымен бiрге ауру атаулы Табиғаттан жоғалады. Бұл өлмейтiн ақиқатң.
Суық судың адам организмiне әсерi тез, мерзiмдiк болуға тиiстi - “дененiң өз iшiндегi табиғи жылуың соның арқасында туады. Орамалмен сүртiну, дененi ысқылау дұрыс емес: дененi аздап сорғытуға болады, ал ең жақсысы далада, таза ауада қозғалып жүрiп кептiрiну. Су құйынған соң денеге массаж жасауға болады. Жалаңаяқ жер немесе қарды басып тұрып, табиғатта құйыну өте пайдалы. Бұл жағдайда жалаңаш тән жер, су, ауамен бiр мезгiлде әсерлесiп, организмнiң сауығуына үлкен мүмкiндiктер туады. Ал ашық табиғи суларда (өзен/көл) асықпай, денеңдi босаң ұстап, баппен шомылу керек, өйткенi су шұғыл қимылды ұнатпайды. Жылы (ыстық) сумен жуынудың (аптасына 1-2 рет) соңында мiндеттi түрде суық суға шомылу керек. Суық судан қорықпау керек, оған сүйiспеншiлiкпен, шын көңiлмен келсең, ол саған денсаулық бередi: “Қандай оймен құйынсаң, сол бұйырадың. “Суық су жұрттың бәрiне көмектеседi. Балалар үшiн ең бастысы - суық су. Суық денеге денсаулық гормонын дарытадың.
2. Шомылар алдында немесе одан кейiн, ал егер мүмкiн болса, табиғатқа шығып, шомылу кезiнде жалаңаяқ жердi басып тұр, қыста ең болмаса 1-2 минөт қар бас. Аузыңмен бiрнеше iшке дем алып, ойша өзiңе және барлық адамдарға денсаулық тiле.
“Жер - үстiмен жалаңаяқ жүруге болатын тiрi ток. Жер токпен баурап аяқтан тiк тұрғызды, ол мәңгi тiрi. Адамдар суық судан қорқады, ал жер оларды сонысы үшiн өз күшiмен жазалайды. Сол күштi бойыма дарыту үшiн, сол күштердi игеру үшiн мен жалаңаш табаныммен жер басып жүруге бекiндiмң.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz