Денсаулық сақтау ғылымы
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Валеология пәнінің мақсаты 4
Валеология – денсаулық туралы ғылым 7
Валеология — интегралды ғылым 8
Валелогияның басқа ғылым салаларымен байланысы 10
Қорьпынды 11
Пайдаланған әдебиеттер 12
Кіріспе
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының уставында "Салауатты өмір
немесе денсаулық сақтауға" былай деп анықтама берілген: "Адамның дене
бітімінің және әлеуметтік хал-ахуал деңгейінің сәттілігі. Былайша айтқанда
"денсаулық" адамзаттың тіршілігіндегі ең маңызды және бағалы қасиеттері,
оның ұзақ өмір және аман-есен болуының ең басты парызы".
Бізге дейін жеткен көптеген ойшылдардың, философтардың және
дәрігерлердің, ертедегі грек, египет және үнді, славян және басқа
халықтардың әдеби шығармаларында аурудан сақтану және одан алдын-ала
сақтануы, адамның дене және тән сұлулығына қалай қол жеткізуі туралы
мәселелер келтірілген.
XX ғасырдың екінші жартысында денсаулық сақтау проблемасы әлеуметтік,
саяси және халықаралық шиеленіске душар бола бастады. Осының салдарынан
адамзат баласы осы өткен қиын-қыстау жағдайлардың зардабын біртіндеп түсіне
бастады, соған байланысты алдарына қойған ең басты мақсаттары 1948 жылы БҰҰ-
ның және ВОЗ-дың (ДДҰ) бекіткен адамның денсаулық құқын қорғау және оны
нығайтуды іске асыру жайлы мәселелерді жолға қоя бастады.
Сондықтан да қазіргі таңда басты проблемалардың бірі - адам
денсаулығын әртүрлі қауіпті зардаптардан қорғау және әртүрлі зиянды
ауруларға қарсы аянбай күрес жүргізу қолға алына бастады.
Азаматтардың денсаулығын қорғау және оны дұрыс жолға қойып шешу -
мемлекеттік іс болып саналады.
Халқымыз "Денсаулық - зор байлық" деген. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
халқына Жолдауында азаматтардың денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты мәселесін
терең талқыға салады. Денсаулық дегеніміз - адам еміріндегі ең басты
қажеттілік, бой тазалығы, дертті бойға дарытпау, айқынырақ айтқанда ағзаның
дұрыс және қалыпты жұмыс жасауы. Мұны адамдар жалпылай түсінгендерімен, мән-
мағынасына терең бойлап, ашық түсіне алмайды. Сондықтан да оны ғылым саласы
аркылы халыққа насихаттап, жете түсіндіру қажет.
Валеология - латынша "valeo" - cay болу, "logos" - грекше сөз, ұғым,
ілім деген мағынаны, яғни денсаулықтану ғылымы, ілімі дегенді білдіреді.
Денсаулық тек адамның өзінін ғана емес, оның дене бітімінің
(физикалық) және ішкі рухани сезім күйінің (психиялық) ерекшеліктеріне,
сондай-ақ адамның әлеуметтік және экономикалық жағдайына, тұрғылықты
жердегі экологиялық жағдайға, тағамның сапасына, көрсетілген дәрігерлік
көмекке, халықты аурудан алдын-ала сақтандыру амалына, басқа да мемлекеттік
мекемелер жүйесінің қызметтеріне байланысты болады.
Көптеген елдерде соңғы уақытқа дейін өскелең ұрпақтың салауатты өмір
салтын қалыптастыру үрдісі толық немесе ішінара дене тәрбиесіне барабар деп
есептелініп келеді. Алайда адам ашынып, жүйкесі тозған, өшпенділік пен жан
толғанысы ширыққан ғасырда алдына қойылған міндетті дене тәрбиесінің
жәрдемімен орындауға шамасы келмейтінін өмір көрсетіп отыр.
Денсаулық қорғау саласындағы білім, дағды және әдет негіздерін бала
бойына сәбилік шағынан сіңіру қажет. Сонда бұл тәрбиенің салауатты өмір
салтын қалыптастыруға ықпалын тигізері анық. Сондай-ақ мектепте және жоғары
оқу орындарында жүргізілетін жаратылыстану, тіршіліктану, генетика,
гигиена, т.б. пәндерді оқыту саласына да біраз жауапкершіліктер жүктеледі.
Сонымен валеология (денсаулықтану ғылымы) адам денсаулығын
қалыптастыру, қорғау және нығайту заңдылықтары мен тетіктері туралы
білімнің біріктірілген саласы болып табылады.
Валеология пәнінің мақсаты
Валеология пәнінің ең басты идеясы - студенттерге салауатты өмір
салтының қыры мен сырын, осы саладағы түсініктерге зер сала отырып, әртүрлі
жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала жүргізілетін профилактикалық шаралар
жөнінде кеңінен мағлұматтар беру.
Пәннің мақсаты - студенттердің осы бағыттағы іскерлігі мен шеберлігін
сараптап, дамыту болып табылады.
Салауатты өмір салты дегеніміз - түрлі сақтандыру шараларын жүргізе
отырып, денсаулықты нығайту, қорғау. Сондықтан дәріс оқу барысында ең басты
мәселе аурудың алдын алу жолында қолданылатын шаралардың маңызы зор
болатындығын студенттер арасында кеңінен түсіндіру. Сол себепті де
гигиеналық тұрғыдан білім беріл, тәрбие жұмыстарын бір бағытта,
бірізділікпен іске асыру негізгі мақсат болса керек.
Бұл пәнді оқытуды алдымен "Денсаулық деген не?" деген маңызды сұрақтан
бастаған жөн. Ал бұл сұраққа жауапты мынадай әр қилы тұрғыдан қарастырамыз:
1. Физикалық тұрғыдан түсіндірер болсақ адамның дене бітімі, тұлғасы
жағынан алып қарағанда оның ағзаларының қызметі адам денсаулығының
дұрыстығын, физикалық дамуының қалыпты екендігінің көрсеткіші болып
табылады.
XX ғасырдың 60-70 жылдарында жүргізілген ғылыми жұмыстардын мәліметіне
сүйенер болсақ, бұрынғы Одақ бойыншй жас балалар мен жасөспірімдердің
балалардың физикалық өсіп- жетілуі өте жоғары дәрежеде және тез дамып
отырғандығын көреміз (Н.Г.Смирнов, 1962; В.Г.Властовский, 1974, 1976;
В.С.Соловьева, 1966). Ал, 80-жылдардағы зерттеулерге қарағанда осы
көрсеткіштер белгілі бір деңгейге дейін тұрақталып, тіпті акселерациялық
процесс көрсеткіштерінің төмен қарай жылжығанын байқалған (Ю.А.Ямполъский,
1980).
Жасөспірімдердің физикалық даму процесін бақылаған Бүкілодақтық ғылыми-
зерттеу институтының мәліметіне қарағанда 90-жылдарда жасөспірімдердің
физикалық даму статусының төмендегенін байқаған. Мысалы, дене салмағының өз
жасына сәйкес келмеуі 1-класс оқушыларының 20-30% құраса, орта мектеп
оқушыларының арасында бұл көрсеткіш 27%-ке жеткен. Мұндай құбылыс тек
отбасындағы жағдайы төмен балаларда ғана емес, сонымен қатар тұрмысы түзу
отбасы балаларында да кездескен. Н.А.Ананьева және Ю.А.Ямпольскийдіц
пікірлері бойынша әлгіндей құбылыстардың басты факторы - біріншіден,
коректік тағам құрамындағы элементтердің жетіспеуі, екіншіден мектеп
оқушыларының күнделікті оқу процесіндегі жүктемелеріиің көптігінен деп
тұжырымдалды. Міне, осындай кедергілер жасөспірімдердің физикалық жұмыс
қабілетіне де кері әсерін тигізбей қоймайды. Оны мына мысалдардан көруге
болады: 90-жылдардағы балалардың бұлшық еттерінің жүк көтерудегі
төзімділігі 60- жылдардағы балаларға қарағанда 10-12%, ал 70-жылдардағыдан
18-20% нашар екендігі байқалған (Ямпольский, 1996). Осындай фактілерді
салыстыра отырып, оның басты себебінің, біріншіден, баланың дене шынықтыру
іс-қимылының төмен дәрежеде болуы, екіншіден, мектептегі оку процесінің
шамадан тыс ауырлығы, үшіншіден, дене тәрбиесі пәнінің дұрыс жолға
қойылмауы, төртіншіден, теле-аудио құралдарынын кері әсері екендігін
көреміз.
2. Адамның ой-өрісінің даму тұрғысынан қарағанда денсаулық -салауатты
өмір салтын мазмұндау. Жас нәрестеге дүниеге келген күннен бастап ата-анасы
оның өсу, жетілу кезеңдерін бақылап, ауырмай-сырқамай өсуіне камқорлық
жасайды. Осының нәтижесінде әрбір бала өсе келе өзінің қалыптасқан ісімен
айналысады. Ал, ол ержетіп, мектеп жасына жеткен соң, отбасында ата-ана,
мектеп қабырғасында ұстаздар арқылы денсаулық жөнінде мағлұмат алады.
Сондықтан да денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын нығайту жайында
мағлұматтарды теориялық тұрғыда мазмұндап түсіндірумен қатар, оны тәжірибе
жүзінде қолдану шеберлігін терең ұғындыру қажет.
3. Адам денінің сау, таза, денсаулықтың мықты болуы әр адамның сана-
сезімінін деңгейіне, ерекшеліктеріне де байланысты. Сондықтан сезімталдық
оны дұрыс ұғынып, сыртқа шығара білу, оған адам ағзасының әсері және
айналасындағы адамдардың, отбасы мүшелерінің ішкі сырларын түсініп, бағалай
білу жөнінде дәріс барысында кең мағлұматтар берілуге тиіс. Мәселен, кейбір
болған талас-тартыс, жанжал барысында кері бағытталған сезімдік жауап
реакциясын байқауға болады. бұл, адам немесе жануарлардың мүшелер жүйесінің
қызметі осы қоздырушы тітіркендіргішке қарсы бағытталған жауап беру
реакциясы. Бірақ осындай тітіркендіру реакциясы бірнеше рет қайталанып,
ұзақ уақыт бойына кері әсерін тигізетін болса, онда сезімталдық реакциясы
(эмоционалдық реакция) ұзаққа созылып, созылмалы дертке ұласуы мүмкін. Ал,
одан ары пайда болатын ауру - невроз. Сондықтан да студенттерге
"эмоциональный стресс", яғни сезімталдықлы бұзушы фактор туралы толық кең
мағлұматтарды мысалдар келтіру арқылы дәлелдей отырып түсіндіру қажет.
Сондай-ақ стресс-факторларды атап көрсету арқылы, одан шығу жолдарына да
аса көңіл бөлгізген жөн.
4. Денсаулық сақтауға әлеуметтік тұрғыдан қарар болсақ біріншіден
әрбір жеке тұлға, мейлі ол қай жынысты болсын (әйел ме, еркек пе) өзін өзі
жете түсінуі керек. Адамның жануардан айырмашылығы неде? Адамның
табиғаттағы және қоғамдағы алатын орны, сыртқы ортамен байланысы
жануарларға қарағанда ерекше. Адамдардың арасындағы қарым-қатынас, олардың
достарымен, туыстарымен, өзге ұлттармен, нәсілдермен, ер балалардың қыз
балалармен достық қарым-қатынастары, осы факторлар арқылы жеке тұлғаның
дамуы - салауатты өмір салтын қалыптастырудың, сақтаудың ең терең
факторлары екендігі.
5. Жеке тұлға тұрғысынан денсаулық сақтауды қалай, мазмұндау керек?
Жеке басының дамуы, өзін-өзі сезіну, ойлаған ісін жүзеге асыру, соның
нәтижесінде алдына қойған мақсатына табысты жету. Сондықтан әрбір жеке
тұлға өз денсаулығын сақтау үшін оның жолдарын біліп, түсінуі арқылы өзіне
де, отбасына да, қоғамға да үлкен пайда әкелері сөзсіз.
6. Денсаулық немесе салауатты өмір салтын рухани тұрғыдан мазмұндау.
Денсаулық - адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы
мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты — денсаулық. "Денсаулық —
зор байлық" — дейді қазақ. Ол адам символы.
Дені сау қайыршы адам ауру хандардан артық деген нақыл сөз бар. Негізі
дұрыс. Дені сау адам өте көңілді жүреді. Әлемде болып жататын кішігірім,
ұсақ-түйектерге ол ешқандай көңіл аудармайды.
Көңілді күйімен неше түрлі қиыншылықтарды жеңіп тіршілік ете береді.
Дүниежүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық
(табиғаттың) адамзат баласына тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді. Медицина
ғылымдарының пайда болуына, оның дамуы мен қазіргі кездегі жағдайына зер
салып қарасаңыз, медицина ғылымы адамдардың денсаулығын сақтауға аурулардың
алдын алуға, ауруларды емдеу әдістерін тауып, оны жетілдірумен шұғылданған
және шұғылданып отырған ғылым екені байқалады. Медицина ғылымдары адамды
және оның денсаулығын арттыруды ең басты роль атқарады.
Адамзат баласының тіршілік өмірінде ең бір бағалы нәрсе, оның
денсаулығы. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі
денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек - дейді дәрігерлер мен биологтар:
Денсаулықты көздің қарашығындай етіп сақтау. Олар, денсаулыққа немқұрайды
қарау дұрыс емес. Оған пассивті түрде емес, активті түрде қарау керек.
Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Денсаулықты
сақтау бала кезден есейгенге дейін мұқият күту керек..
Біз денсаулығымызға немқұрайды қарап, оған үлкен зиян келтіреміз.
Әркім өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға
жолатпау, адамдардың өз қолында. Көпшілік оқушылар аурулардың қалай
болатынын біле бермейді.
Денсаулықты қалай сақтау керек? үнемі көңілді жүру әркімнің қолынан
келетін іс. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz