СТУДЕНТТЕР ГИГИЕНАСЫ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
І. Кіріспе 2
ІІ-тарау. ГИГИЕНАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ. 3
2.1. Гигиена ғылымының қолданатын әдістері. 3
2.2. Денсаулықтың гигиеналық негіздері. 6
ІІІ-тарау. СТУДЕНТТЕР ГИГИЕНАСЫ 6
3.1. Студенттердің сақтану гигиенасы. 6
3.2. Студенттердің гигиеналық шынығуының негіздері 7
3.3. Организмді шынықтыруда нерв системасының 8
атқаратын ролі 8
3.4. Студенттердің жеке бас гигиенасы 10
3.5. Студенттердің жеке бас гигиенасын сақтау-денсаулық кепілі 10
IV-тарау. АДАМНЫҢ НЕГІЗГІ ДЕНЕ МҮШЕЛЕРІНІҢ ГИГИЕНАЛЫҚ КҮТІМІ 11
4.1. Тәуліктік 11
4.2. Дене тазалығы 12
Қорытынды 13
Әдебиеттер: 14

І. Кіріспе

Гигиена грек сөзі - Hygiene - емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына
береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы
орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін
медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі.
Медициналық оқу орындарында санитарлық гигиеналық факультеттері мен
кафедралар бар. Арнаулы түрде маман дәрігерлер-гигиенистер дайындалады.
Гигиена — аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды.
Денсаулыққа зиян келтіретін азық-түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат
салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гагиена ғылымы
қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның
факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігі мен
еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға,
дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға,
еңбекке деген қабілеттілікті көтеруге және т.б. биологиялық жағдайларды
жақсартуға бағытталған ғылым. Практикада қолданатын нақтылы әсілдері
болады. Осының бәрі адмның денсаулығын арттыруға қолданылады.
Сонымен гигиена ғылымының негізгі көздеген мақсаты адамдардың
айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын сауықтыру арқылы бірінші
денсаулық сақтаудың профилактикасын өткізу. Бір сөзбен айтқанда адамзат
баласына залая келтіретін факторлардан адамзат баласын корғау. Жалпы
гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер
гигаенасы болып бірнешеге бөлінеді. Әрбірінің өздерінің алдына қойған
мақсаттары бар.
Дәрігер-гигиенистер, санитарлар айналаны қоршаған сыртқы ортаның
адамдар өмірі мен жұмыс жағдайларының келеңсіз тұстарының алдын алатын
ескертпе кершістеріңдей күн сайын болатын санитарлық-гигиеналық бақылау
жүргізіп, әрбір кездескен қолайсыз жағдайлардың жолына тосқауыл қойып
отырады. Жұқпалы ауруларды таратпай алдын алу мақсаттарымен қаптап кететін
жұқпалы дерттерге қдарсы медициналық әдістер мен шараларды кең көлемде
қолданады.
Алдыңғы қатардағы шараларды іс жүзіне асырып эпидемияға қарсы күресті
үдете түседі. Ауа райының өзгешелігін, климаттың біркелкі еместігін, судағы
ауру тарататын микробтардың санын анықтап, биологиялық ерекшелікгерін
ескеріп, ауадағы шаң-тозаңдардағы микробтарды біліп, қанша ішіндегі
түтіннің құрамын анықтап, олармен биологиялық және химиялық күрес
жүргізудің жолдарын белгілеп береді, Қай саладағы дәрігерлер қызметінде
болмасын профилактикалық әерекет жасап, көзге көріне түседі. Оларды жасау
үшін терең ой, жүйрік ақыл керек. Адамзат баласының денсаулығы бірімен-бірі
байланысты табиғи (биосфералық) және әлеуметтік-экономикалық, саяси
факторлардың әсерлерімен қалыптасады. Биосфералық факторларға жататындар:
атмосфералық ауа (тропосферадағы), су (гидросферадағы), жер (литосферадағы.
космостық факторлар күн сәулесі), әлеуметтік факторларға еңбек және оқу
жағдайлары, тамақ, киім-кешек төсек-орын, жағдайы және т.б. жатады. Бұл
факторлар адамдардың салауатты өмір сүру салтын қалыптастырады. Бұл
факторлар қолайсыз болғанда зиянды дағдылар дамып кетеді. Арақ-шарап ішу,
темекі шегу, наркотикалық заттармен әуестену, токсикоманиямен айналысу
ерекше етек алады.

ІІ-тарау. ГИГИЕНАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.

1. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторлары (экологиялық
фактор, санитарлық-гигиеналық медициналық биологиялық) тұрғыдан бағалау.
2. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларының экологиясының
денсаулыққа деген әсерін ғылыми тұрғыдан зерттеу.

2.1. Гигиена ғылымының қолданатын әдістері.

Гигиенаның бағыттарын асыруда бірнеше тәсілдерді қолданады. Олар:
физикалық, химиялық, бактериологиялық, физиологиялық. Осы тәсілдердің
негізгі мақсаты — адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторлары мен
ішетін тағамдарына, тұратын мекен-жайларына санитарлық-гигиеналық сипаттама
беру.
1.Санитарлық-гигиеналық әдіс — негізгі мақсаты ірку сулар қайналатын
жерлердің өзен-көлдердің санитарлық сипаттамасын беру, олардың жұқпалы ауру
тарататын микробтармен және радиоактивті заттар мен түрлі химиялық олармен
ластануының себебін табу, оның сипатын анықтауға сәйкес ластанудың
жолдарына заңды түрде тосқауыл қою, тәртіпке шақыру, экологиялық
сараптамалар жүргізу арқылы адамдардың денсаулығына келетін зиянды
әсерлерін тоқтатуға мүмкіндік береді.
Санитарлық-гигиеналық ережелер мен мөлшерлі қалыптар, гигиеналық
нормативтер. Оларды жасаудың, бекітудің және қайта қараудың тәртібі.
Гигиеналық нормативтер жалпы мемлекеттік болып табылады. Санитарлық-
гигиеналық ережелер мен мөлшерлі қалыптар республикалық, аймақтық және
жергілікті болып белінеді.
Санитарлық ережелер мен мөлшерлі қалыптарды, гигиеналық нормативтерді
ғылыми-зерттеу институттары, санитарлық-эпидемиологиялық стансалар және
басқа мамандандырылған мекемелер жасайды.
Республикалық және аймақтық санитарлық ережелер мен мөлшерлі
қалыптарды, гигиеналық нормативтерді Қазақстан Республикасының бас
мемлекеттік санитарлық дәрігері бекітеді.
Халықаралық және республикалық санитарлық ережелер мен мөлшерлі қалыптардың
гигиеналық нормативтердің ара қатынасы.
Халықаралық санитарлық ережелер мен мөлшерлі қалыптарды, гигиеналық
нормативтерді Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының
бас мемлекеттік санитарлық дәрігері күшіне енгізеді.
Санитарлық ережелер мен мөлшерлі қалыптарды, гигиеналық нормативтерді
жариялау
Санитарлық ережелер мен мөлшерлі қалыптар, гигиеналық нормативтер
міндетті жариялануға және еркін таратылуға жатады.
Санитарлық ережелер мен мөлшерлі қалыптарды, гигиеналық нормативтерді
бекіткен лауазымды адамдар олардың енгізілгені туралы бір ай мерзімде
баспасөзде хабарлауға міндетті.
Санитарлық ережелер мен мөлшерлі қалыптарды, гигиеналық нормативтерді
сақтаудың кепілдігі.
Орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдары, кәсіпорындар,
мекемелер және басқа ұйымдар шығаратын актілер санитарлық зандарға қайшы
келмеуге, олардың орындалуына кедергі жасамауға сондай-ақ санитарлық
ережелер мен мөлшерлі қалыптардың, гигиеналық нормативтердің қолданылуын
шектемеуге немесе оларды бұзбауға тиіс.
Санитарлық заңға қайшы келетін актілер тиісті аумақтың бас мемлекеттік
санитарлық дәрігерінің ұсынуымен, не прокурор наразылығы бойынша, не сот
тәртібімен бұзуға жатады.
рактикалық мәліметтер пайда болған кезде оқтын-оқтын қайта қаралып
отырады.
2. Физикалық әдіс - оның негізгі мақсаты — ауа температурасы
ылғалдылығын, ауа қысымын, күн сәулесінің (радиациясын) өлшеп анықтап,
зиянды әрекетін халыққа түсіндіру.
3. Химиялық әдістер — оның негізгі мақсаты атмосфералық ауаның, ішетін
ауыз судың, жердің, азық-түліктің химиялық құрамын, олардағы адам ағзасына
зиян келтіретін химиялық қосылыстарды органикалық оларды (гербицидтерді,
пестицидтерді нитраттарды, нитриттерді фосфориттерді және т.б.) анықтап
халыққа түсіндіру. Үйлердегі көміртектің мөлшерін анықтап, олардың
көбеймеуіне тосқауыл қою. Тағамдық заттардағы олардың қалдықтарын бірнеше
күрделі аспаптарды пайдаланып анықтайды. Олар улы газды хроматография,
спектрофотометрия, жалынды фотометр және т.б. Химиялық олар сиыр сүтінен де
табылған. Ол өте қауіпті у — ДДТ (дкметилдиэтилтетраметан; тұқым қуалайтын
олардың қатарына жатады, Тұқым қуалайтын қасиетіне байланысты ДДТ- ауыл
шаруашылығында бүкіл әлем бойьнша қолданьлмайды. Міне осы күрделі
проблемаларды медиктер, биолог-химиктермен бірлесе отырып анықтап, азық-
түлікке гигиеналық-санитарлық сипаттама береді.
Мектептегі санитарлық-гигиеналық жұмыстарды гигиенистер жүргізеді.
Олардың айтқандарын орындамаған мектептер, мекемелер айып төлейді, жазалары
ауыр болса, қылмыстық іс қозғалады.
4. Биологаялық әдіс. Оның мақсаты су қоймаларының жағдайларын зерттеп,
ондағы су өсімдіктерінің физиологиялық рөлін анықтау. Өйткені күн сәулесін
сіңіріп көмір қышқыл газы мен судан органикалық заттар синтездеп,
атмосфералық ауаға тіршілікке қажетті оттекті бөліп шығарады. Сөйтіп
ауадағы оттектің мол қоры жиналады. Егер су өсімдіктері судың ластануына
байланысты олар түгелімен жойылып кетуі мүмкін. Осының нәтижесінде ауадан
оттектің қоры азайып кетеді. Ал судағы, өсімдіктер тіршілік ететін
жәндіктер мен балықтардың негізгі азыры, табиги мекені.
5. Бактериялық (микробиологиялық) әдіс. Оның мақсаты судағы,
атмосфералық ауадағы, жердегі, азық-түлік құрамындағы жұқпалы ауру
тарататын микробтарды анықтап, олардан құтылудың жолдарын саралап береді.
Тағам бактериялармен ластанғанда ботулизм уын таратады. Бүл ағзаға түскенде
99 % адамдар қайтыс болса, яғни 100 адам ботулизммен уланса, соның 99-ы
қайтыс болады, бұл микробты Бактериа ботул деп атайды. Ауасыз жерде өсіп-
өнетін микроб. Осы микробиология тілімен айтқанда анаэробты ағза, оның
өсуіне оттек қажет емес. Ол әсіресе консервілердің ішінде дамиды. Балықтан
жасалған консервілерде ботулизм микробы көп болады. Одан уланған адамның
жанын аман-есен алып қалу мүмкін емес. Оларды анықтаудың әдісі әбден
жетілдірілген. Ішек таяқшалары Васtеrіа соіі деп аталады, актериялық
әдістерді пайдаланып малдарды ұтыруларын анықтайды. Адамдар сифилис,
гоноррея, СПИД-пен жырғанда бактериологиялық әдістерді пайдаланып, ондағы
микробтарды анықтап, емдеу жолдарын айқындайды. Кейде бактериологтардың
өздері де ауырып қалады. Бірақ қажетті профилактиканы қатаң сақтайды.
6. Сынақ әдістері. Санитарлық, токсикологаялық зерттеулер зиянды зттардың
ағзаға тигізетін әсерін және өнеркәсіпте ауыл шаруашылығында, күнделікті үй-
тұрмысында жөне т.б. орындарда қолданылатын заттардың улылық деңгейі мен
дәрежесін анықтаудың ғылыми моделін жасап береді.
Осы жағдайларға байланысты иттерге, теңіз шошқаларына егеу Балықтарға,
қояндарға және т.б. хайуанаттарға лабораториялық қысқа және ұзақ мерзімді
эксперименттер жүргізіледі. Қысқа мерзімді летательная доза - жіті)
эксперимент жасалған хайуанатгардың 50 % мөлшерде, ал орта мерзімді
(летательная доза) жіті — шектеулі шоғырланған мөлшерден біраз көбейтілген
шамада беріледі немесе денесіне жағылады. Ұзақ мерзімде жүргізілген
эксперименттерде ұзақ уақыт бойы ағзаға түсетін улы заттардың белгілі
шамасы пайдаланады. Ағзаның белгілі бір физиологиясына микро қосындылардың
аз шамасының ғана әсері тексеріледі. Ал үлкен көлемді улар қолданылса,
сынақ ісіктерін –қоздыратын мақсатқа сәйкес эксперименттер жүргізіледі.
7. Санитарлық-статикалық әдіс. Әлеуметтік, табиғи және басқа
жағдайлардың адамдардың, оқушылардың денсаулығына тигізетін физиологиялық-
биологиялық әсерін анықтау. Балалар денсаулығы анықталады. Алынған
қорытындылар нұсқауларға, кестелерге Коэффициент ретінде алынады. Олар
аксиома ретінде бағаланады.

2.2. Денсаулықтың гигиеналық негіздері.

Гигиена ғылымы - денсаулықтың оптималдық жағдайының жасалуына кепіл
бола алады. Мемлекеттік гигиеналық мекемелер жүйесі.
Гигиена салалары. Гигиеналық нормативтер. Адам саулығына жағымды және
жағымсыз әсер ететін қоршаған орта факторлары. Жағымсыз әсер ететін:
гипокинезия, гипоксия, ыстық немесе суық, механикалык, химиялық,
биологиялық, ауаның, судың, топырақың улануына қарсы шаралар. Радиациялық
сәуленің, жоғары жиілігі бар магниттік өрістердің организмге белгілі
мөлшердегі әсерлері.
Гигиеналық норманың бұзылуының адам саулығына зиянды әсері. Сыртқы
және ішкі негізгі факторлардың адам саулығына әсері. XX ғасырдың негізгі
ауруларының сипаты және олардың пайда болу себептері. Индивидуалдық жөне
қоғамдық денсаулықты болжау. Генофонд туралы түсініктер. Денсаулыққа
"қауіпті" факторлар. Тамақтанудың бұзылуы, артық салмақ және олардың
кейінгі әсерлері. Психологиялық кернеулер, себептері және салдары. Енбек
ету мен демалыс ритмінің бұзылуы. Гиподинамия және оның салдары. Қоршаған
ортаның теріс әсерлері. Денсаулыққа алкогольдің, есірткінің және темекінің
зияны. Жаман, жағымсыз әрекеттердің профилактикасы. "Қауіп" факторларын
реттеудің методологиясы.

ІІІ-тарау. СТУДЕНТТЕР ГИГИЕНАСЫ

3.1. Студенттердің сақтану гигиенасы.

Университет гигиенасы. Университет гигиенасы — өсіп келе жатқан
ұрпақтың, балалар мен жас өспірімдердің денсаулығын қорғау, нығайту және
дамыту жайындағы ғылым.
Университет гигиенасы студенттердің даму ерекшеліктерін және
гигиенасын; сыртқы ортаның табиғат факторларының гигиеналық маңызын және
оларды студенттерді шынықтыру үшін пайдалануды; университет және
университеттегі санитарлық-техникалық тетіктерге, университетті
жабдықтауға және оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптарды;
студенттердің тамағын; студенттерде болатын аурулардың профилактикасын
зерттейді. Бұл мәселелер жайлы білім әр педагог үшін қажет, өйткені
университет гигиенасы талаптарының орындалмауы студент организмінің қалыпты
дамуына әсерін тигізуі және түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін. Сондықтан
университет гигиенасы барлық педагогтық оқу орындарында міндетті түрде
оқылатын пән болып табылады.
Университет гигиенасының міндеттері. Қазіргі уақытта университет
гигиенасының алдында үлкен міндеттер тұр. Ол адамның өсіп және дамып келе
жатқан организміне ықпал ететін сыртқы ортаның жағымсыз факторларының
әсерін бәсеңдету үшін амал тауып қана қоймай сонымен қатар табиғи және
жасанды түрде болатын жағдайлардың организмге, оның өмірлік тонусын
арттыруға, жұмыс қабілетіне пайдалы әсер етіп, ауруға деген қарсылығын
арттыратындарын пайдалануы керек.
Университет гигиенасы адам табиғатын, оның физикалық және психикалық
қасиеттерін жетілдіре түсуге жәрдемдесуге тиіс.
Университет гигиенасының бір міндеті — өсіп және дамып келе жаткан
организмді тәрбиелеу және оқыту жағдайларымен тығыз байланыста қарастыру.
Сәбидің немесе жас өспірімнің организміне олардың тәрбиелеу және оқыту
жағдайларын гигиеналық жағынан жақсартпайынша, әсер етуге болмайды. Орыстың
материалистік физиологиясының атасы И. М. Сеченов 1861 жылдың өзінде-ақ
былай деп жазған болатын: Оның тіршілік етуін қолдап отыратын сыртқы
ортасыз организмнің болуы мүмкін емес, сондықтан организмге берілетін
ғылыми анықтамаға оған әсер ететін орта да енуге тиіс. Сөйтіп ортасыз
организмнің тіршілік етуі мүмкін болмаса, онда тіршілікте маңызды нәрсе
орта ма немесе дененің өзі ме деп таласудың ешқандай мәні жоқ1.
Университет гигиенасы студенттердің денсаулығын қорғауға және нығайтуға
бағытталған методтарды жасап шығарады. Сонымен қатар ол бұл методтарды
жалпы білім беретін колледж, университеттерде қорытындылап отырады.
Павловтың физиологиялық ілімінің және басқа биология ғылымдарының
гигиенаның дамуына әсері. Университет гигиенасы өз дамуында физиология,
физика, химия, микробиология сияқты т. б. ғылымдарға сүйенеді. Орыс
физиологы И.П. Павловтың ілімі дамып келе жатқан организм үшін жоғары нерв
қызметінің жетекші ролі туралы айтады. Адамның организмі — бір тұтас,
ондағы клеткалар, тканьдер және органдар өзара байланысты ғана емес, олар
біріне-бірі әсер етіп отырады. Бұл бірігу нерв системасы және оның жоғары
бөлігі — ми арқылы іске асады. Орталық нерв системасы адам организмінің
барлық тіршілігін басқарып және бағыттап отырады.
Адам организмінің дамуы мен тіршілік қызметі үшін мидың мәнін осылайша
түсіну организмді сырткы ортамен теңгеру үшін, яғни адам денсаулығы үшін
ғана емес, сонымен бірге оның барлық жағынан, соның ішінде психикалық
жағынан да, шексіз жетіле беруі үшін зор мүмкіндіктер туғызады.
Гигиеналық тұрғыдан алғанда ортаның неғұрлым қолайлы жағдайларын
жасай отырып және оларды батыл түрде пайдалана отырып, біз денсаулықтың
нығаюы мен дамуына, қайратты, сергек, жайдары адамдарды тәрбиелеуге
көмектесеміз, адам табиғатын жетілдіреміз. Осыған байланысты студенттерді
оқыту мен тәрбиелеудің гигиеналық жағдайларын толық және жақ-жақты
қамтамасыз ету қажеттілігі ерекше мәнді бола түседі.

3.2. Студенттердің гигиеналық шынығуының негіздері

Студенттерді шынықтырудың гигиеналық міндеттері. Ауа, күн сәулесі мен
су сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларының әсеріне, сондай-ақ түрлі суық тию
және жұқпалы ауруларға организмнің қарсылық көрсету қабілетін арттырудың ең
жақсы және молынан пайдалануға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Университет гигиенасының міндеттері
Дене шынықтыру гигиенасы
Дене шынықтыру гигиенасының негіздері
Гигиеналық дене шынықтыру
Ауыз қуысының микрофлорасы
Интербелсенді оқыту әдістері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту тәсілі ретінде
Арнаулы оқу орындары студенттерінің дене тәрбиесі
Өндірістік мекен-жайларға және жұмыс орындарға санитариялық-гигиеналық талаптар
Жоғары оқу орындарындағы оқу-жоспарлау құжаттары және оқыту процесі
Зоогигиенаның даму тарихы туралы қысқаша мәліметтер
Пәндер