ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ЭМОЦИЯ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министірлігі

Қ. Сәтбаев атындағы Қазақстан Ұлттық Техникалық Университеті

Тақырыбы: Адам өмірі және денсаулық.

Орындаған: Ахметов А.С.
050731 тобының студенті
Қабылдаған: Усипгалиева Э.

Алматы-2005 ж.

Адам өмірі және денсаулық

Жоспар:

І .Кіріспе
а) Салауатты өмір сүру салты.
б) Денсаулық - зор байлық.

ІІ.Негізгі бөлім.
а) Адамның өмір салтын ынталандыру.
б) Денсаулық психикалық тепе-теңдік денсаулық
психологиясы.
в) Денсаулық психологиясы және эмоция.

ІІІ. Қорытынды.

Денсаулық және белсенді қимыл көрсеткіштері.

“Адам өмірінің денсаулығы - баға жетпес

жалғыз ғана асыл дүние.

Ол жақсы болу үшін не уақытты,

не күш- жігерді, не еңбекті,

тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек:

Адам денсаулық үшін өмірдің

бір бөлімінде қиюға болады.

Денсаулықсыз өмір қызықсыз

әлем деп есептеймін”

М.Монтень.

Қоғамымыздағы азаматтардың өмірінің аяғына дейін денсаулықтарының
мықты болуы қоршаған табиғи ортаның тазалығына байланысты.

Салауатты өмір салтын ынталандыру халықтың денсаулығына әсер ететін
маңызды фактор. Әрқайсысымызға дене тәрбиесімен айналасуымызға, дұрыс
тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді қойып, тазалық пен
санитария шараларын сақтауымызға бағытталған. Салауатты өмір салтының дұрыс
тамақтануда, тазалық пен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді
ақпараттық іс-шаралар жүргізулуі қажет.

Әсіресе кейінгі он жыл ішінде дүниежүзінің барлық елдеріндегі,
сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының тым нашарлап
кетуіне байланысты, және адамдардың тіршілік ету мерзімінің қысқаруына
сәйкес – адамдардың денсаулығына көп көңіл бөліне бастады.
Денсаулық - адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы
мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. ”Денсаулық -
зор байлық”- дейді қазақ. Ол адам символы.
Дені сау қайыршы адам ауру хандардан артық деген нақыл сөз бар. Дені
сау адам өте көңілді жүреді. Әлемде болып жататын кішігірім, ұсақ-
түйектерге ол ешқандай көңіл аудармайды.
Көңіл күйі мен неше түрлі қиыншылықтарды жеңіп тіршілік ете береді.
Дүниежүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық
(табиғаттың) адамзат баласына тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді. Медицина
ғылымының пайда болуына, оның дамуы мен қәзіргі кездегі жағдайына зер салып
қарасаңыз, медицина ғылымы адамдардың денсаулығын сақтауға ауруларды алдын-
алуға, ауруларды емдеу әдістерін тауып, оны жетілдіру мен шұғылданған және
шұғылданып отырған ғылым екені байқалады. Медицина ғылымдары адамды және
оның денсаулығын артыруды ең басты роль атқарды.
Адам баласының тіршілік өмірінде ең бір бағалы нәрсе, оның денсаулығы.
Денсаулықты сақтап оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың
қорын көбейтіп отыруы керек – дейді дәрігерлер мен биологтар: денсаулықты
көздің қарашығындай етіп сақтау. Олар, немқұрайлы қарау дұрыс емес. Оған
пассивті түрде емес, активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын
үйрену әрбір адамның басты міндеті. Денсаулықта сақтау бала кезден
есейгенге дейін мұқият күту керек.
Денсаулықты қалай сақтау керек? үнемі көңілді жүру әркімнің қолынан
келетін іс. Оған көп білімнің қажеті жоқ. Тек, өмір тәжірибесі жеткілікті.
Міне осы айтылған қағидаларды жан-жақты түрде дамытып, іске асыру керек.

ДЕНСАУЛЫҚ ПСИХИКАКЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК

ДЕНСАУЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Денсаулық-физикалық, соматикалық, әлеуметтік және рухани болып,
төртке бөлінеді. Ағзада денсаулықтың осы аталған түрлері бір-бірімен өте
тығыз байланыста болады (кесте 1).
”Салауатты өмір сүрі салты” деген түсінік тек үстіртін көзқарасқа
ғана жарайтын жан дүние болып көрінетін сөзсіз.
Психологиясы сау адам ауруды болдырмауы, ауырған күнде одан сауығудың
тәсілдерін пайдаланып, одан қандай да болмасын құтылады. Адамның ақыл ойы,
оның істеген ісіне, жұмыс жасау қабілетіне әсер ететіні, керісінше адамның
бір жері сырқаттанған болса, жоқ сырқаттарды өзі ойлап тауып білгір бола
кетсе, онда оның психологиясының тепе-теңдігі бұзылғаны дей береді.Мұндай
сырқаттар мен сырқаттанғандарды ядрогендік (өзін-өзі сендіруден болатын
сырқат) деп түсіндіреді. Кейбір жағдайларда ауыр күзеліс жағдайды басынан
өткізген немесе қатты ренжіген адамның сырқаттанатыны да кездеседі. Осы
айтылғандардың бәрі дене (ағза) саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау
үшін психикалық саулықтың керек екені аңғартады.
Сырқаттанған адамның көңіл-күйін көтеру, оның көңіліне (психикасына)
жазылып кетемін деген психикалық ой-пікір тудыру бұл дәрі-дәрмектен артық
баға жетпес дүние. Сырқаттан жазылуынан рухани сенім тудырып, көңіл-күйді
көтере түседі. Ағзада ерекше қарсылық күші пайда болады. Яғни, ерекше түрде
дамыған жасырынып жатқан ағза күші ояна кетеді. Иммунитет дами түседі.
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғылыми деректеріне
қарағанда, барлық сырқаттардың 45% күйзелістен туындайтыны байқалады.
Күйзеліс қақтығыстарының алдын-алу, оның зиянды әрекеттерінен аулақ болу
керек. Күйзеліс ағзаның қорғаныс функциясында атқарған Г.Сельменнің айтуына
қарағанда “Күйзеліс өмір өлі”. Ол эксперемент жүргізу үшін егеуқұйрықтарды
алып, оларды үш топқа бөлген. 1- топтағы егеуқұйрықтарды үнемі күйзеліссіз
жерде, тыныштыққа ұстаған, ал екінші топтағы егеуқұйрықтарға қысқа мерзімді
күйзеліс тудырып отырған.
Үшінші топтағы егеуқұйрықтарға үздіксіз күйзеліс тудырған. Осының
нәтижесінде: екінші топтағы жануарлар ұзақ жылдар бойы өлместен тіршілік
ете берген. Осыдан келіп үлкен қорытынды жасаған. Қандай да болмасын
күйзеліс қажет екендігін дәлелдеген. Күйзеліс кезінде ағза көптеген
гормондарды адреналин мен норадреналинді бөліп шығарады екен. Адамның
қобалжуы денедегі адреналиннің көп мөлшерде бөлініп шығуына байланысты.
Г.Селье күйзелісті үш кезеңге бөледі.
1) абыржу кезеңі; 2) төзімділік (резистенттік); 3) әлсірету кезеңі.
Бұл биологиялық жағдайлардың барлығын жеңу үшін айналаны қоршаған ортаның
жаңа жағдайларына ағзаның бейімделу қабілетінің деңгейін (резистенттігін)
жоғары деңгейге жеткізу керек.
Күйзелістік (стрестік) әсер алдымен орталық нерв жүйесін
мазалайды,сипатикалық нерв жүйесінің мөлшерден тыс жұмыс істейтіндігін
арыттырады.Бұлардың неше түрлі үрдістерін туғызатын гормондар бар. Олар
аналгин мен норадреналин. Бұған ағзадағы (мидағы) гипофиз қосылады да өте
үлкен физиологиялық-биохимиялық үрдістердің жүгінуіне әкеліп соғады. Бүйрек
бездерінің глюкокортикоитдты гормондарының бөлінуін артырып ағзаға күзеліс
(стерсс) тудырады. Жанды әсер созылып кетсе, ағза әлсіреп кетеді.
Адреналиннің концентрациясы мөлшерден тыс көбейе түседі. Бұл ағзаны әбден
әлсіретеді. Ұзақ уақытқа стресс созылса ағзаға тіпті жаман өзгерістер
әкеледі. Адамның көңіл-күйі тым төмендеп кетіп денсаулық нашарлап ұйқы
қашады. Бұл жақсы биологиялық көрсеткіш емес. Егер күйзеліс жиі-жиі болып
тұрса онда ағзада бұрынғы қалпына келмейтін физиологиялық-биохимиялық
үрдістер жүріп, дәменсіздік пайда болады. Психикалық дерттер ағзада орын
ала бастайды.
1950-1970 жылдары өсімдіктер физиологиясын да стресс жануарлармен
физиологиясында психиеалық стресс деген биологиялық терминдер пайда бола
бастайды. Өмірге, тұрмыс игілігіне, стресс әулеметтік қоғамдағы орнына,
адамгершілігіне, өзіне деген биологиялық ерекшелігіне күмәндік сезім
тудыратын оқиғалар психологиялық стресстің себебкері болып табылады.
Адамзат баласы өзін-өзі тәрбиелеудің, танымдық сезімін күшейтудің
нәтижесінде танымдық қызуғушылығы артып, ауыр стресс тудыратын факторларды
болдырмай, ал ол бола қала жағдайларда олардан тез арада шығып кетіп
отырады.

ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ЭМОЦИЯ

Эмоция – латын сөзі - қозу, толқу – деген мағынаны береді. Қуаныш
сезімі. И.П.Павлов, эмоция ми қыртысында болатын жасушылардың күш-қуаты.
Сондықтан да эмоцияның белгілі түрде биологиялық және әулеметтік түрде мәні
бар. Эмоция ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық денсаулық
Стресті тудыратын факторлар
Адамның психофизикалық сипаттамасы мөлшерлік және сапалық көрсеткіштері
Мотивацияның психологиялық теориялары
Балада эмоциялар мен сезімдердің дамуы
Эмоционалды - ерік сферасы бұзылған балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеу мәселелері
Эмоция функцияларының түрлері
Эмоция туралы
Жанып күюшілік синдромы
Пәндер