Денсаулықтың гигиеналық негіздері
МАЗМҰНЫ
Өскелең буынның бүгінгі денсаулығы - ертеңгі егеменді Қазақстанның
болашағы 3
Өмір салты. Салауатты өмір сүру салты және оның компоненттері. 13
Сексология негіздері 13
Репродуктивтік саулық 14
САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫ, ОНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІ 18
ВАЛЕОЛОГИЯНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 19
ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 19
ЖАС ВАЛЕОЛОГИЯСЫ 20
ДЕНСАУЛЫҚТЫ ВАЛЕОЛОГИЯЛЫҚ АНЫҚТАУ 21
Жанұядағы өмір саулығының валеалогиялық негіздері 22
ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАУІПТІ ФАКТОРЛАР 23
Организмнің қорғаныс жүйесі 23
Денсаулықтың гигиеналық негіздері 24
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖЕКЕ БАС ГИГИЕНАСЫ 26
САУЫҚТЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ 26
МЕКТЕП ВАЛЕОЛОГИЯСЫ 27
МЕКТЕП ІШІНДЕГІ ОРТАНЫҢ ОПТИМАЛДЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ПРИНЦИПТЕРІ 28
БАЛАЛАРДЫ ОҚУҒА БЕЙІМДЕУДІҢ ВАЛЕОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТЛЕРІ 28
КОМПЬЮТЕРЛЕНДІРУ ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫ 30
Әдебиеттер 32
1. Оқушыларда салауатты өмір салтын енгізу уәждемесін
қалыптастыру және соларға сәйкес білім бағдарламаларын
дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Адамның денсаулығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 11
3. Жасы мен жыныстарына байланысты адамның денсау-
лығының параметрлері, көрсеткіштері және олардың резервтік
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
4. Сексология
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..13
5. Репродуктивтік
саулық ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...13
6. "Салауаттану - денсаулықты
сақтау' ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
7. Валеологияның психологиялық және педагогикалық негіздері
... ... ... .18
8. Жас
валеологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...19
9. Денсаулықты Валеологиялық
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
10. Жанұядағы өмір саулығының валеалогиялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .2 1
11. Келелі тамақтану

... ..22
12. Денсаулыққа қауіпті
фактор ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
13. Денсаулықтың гигиеналық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..24
14. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы халықтық
дәстүрлер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
15. Мектеп

... ... ... ... 26
16. Балаларды оқуға бейімдеудің валеологиялық
аспектлері ... ... ... ... ... .28
17. Балалар мен жасөспірімдердегі аутоагрессияның алдын
алу ... ... ... ...29
18. Компьютерлендіру және оқушылар
денсаулығы ... ... ... ... ... ... . ... ... ...29
19.
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .32

болашағы
Оқушыларда салауатты өмір салтын енгізу уәждемесін қалыптастыру және
соларға сәйкес білім бағдарламаларын дайындау.
Табиғи сауықтыруға мұрындық болушылардың бірі, атақты халықтық шипагер
П.К. Иванов: "Адамдардың сана тасқының өзгерту керек",—деген еді. Ол өзінің
"Детка" атты кітабында мынандай өсиет қалдырды: "Егер ауруды денеге
дарытпауға мүмкіндік бар болса, оны емдеп қажеті қанша" (12 мағлұмат).
Қазақстанда салауаттану бойынша көп басылым жарық көрді, солардың
ішіндс "Адам салауаттануы-тіршілік философиясы" (авторы Л.З. Тель),
"Салауаттану" (Х.К Сатпаева), "Салауатты өмір салтын қалыптастыруға дейін"
(авторлары А.Ақанов, К.Е. Көшербаев, К.А.Түлебаев), "Салауатты өмір салтын
қалыптастыру мен денсаулықты нығайтудың негізгі амалдары мен әдістері"
(А.Аканов, С.Т.Сейдуманов, И.В.Ивасин), "Ұстаздық салауаттану"
(А.С.Иманғалиев). "Салауаттану негіздері" (Т.К.Мұстафина). салауаттануға
арналған оқу бағдарламалары, төменгі және жоғары сыныптар үшін "Салауагтану
- қалай денсаулықты сақтау" оқу кұралы (Ә.Әділханов, З.Брусенко).
"Салауаттану — халық денсаулығын қорғаудың ғылыми негізі", 1997 жылы,
Алматы қаласы, 1 ғылыми практикалық конференцияның еңбектер жинағы және
т.б. бар.
Қазақстанда бірнеше конференциялар еткізілді, солардың ішінен "Адам мен
қоғамды сауықтыру проблемалары" деп аталатын халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияны, халықаралық "Салауатты өмір салтын қалыптастыру" ғылыми-
практикалық конференциясын (2000 ж) атауға болады. Бұларды Салауаттық өмір
салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық орталығы ұйымдастырды.
Республикада салауаттанудан білім беруді нормативті қамтамасыз етіп
енгізетін бір қатар құжаттар үкіметтік деңгейде қабылданды. Қазақстан
Республикасы білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің
"Салауатану" кешеңді бағдарламасы бойынша ЖОО-ның оқу процесіне осы курсты
енгізу туралы" 2Х.12.1998 ж. N620 бұйрыққа сәйкес көптеген жоғары кәсіптік
білім беру ұйымдарында салауаттанудан сабақ берілуде. Мамандықтың
мемлекеттік стандарты "валеолог" — 0310 бекітілді. Ал 2001 ж. ақпан айынан
бастап "валеолог'' мамандығы 011500 шифрымен бекітілді.
Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында салауатты өмір
салтын қалыптастырудың Ұлттык орталығымен бірлесіп салауаттануға арналған
үлкен жұмыс жүргізілуде.
... ..."Салауаттану - денсаулықты сақтау" бағдарламасы бойынша салауатты
өмір салты қалыптастыруды қамтамасыз ету мүмкіндіктері
• Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясы базасында салауатты:
өмір салтын қалыптастыру жөнінде оқу-әдістемелік орталық құру;
- оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша
хабардар болуын сауықтыру, білім беру бағдарламалары арқылы арттыру;
- салауатты өмір салтын қалыптастырудың жүйеге келтірілген кешенді жаңа
үлгісін жасау;
- бағдарламалардағы мәліметтердің компьютерлік (ақпараттық) жиынтығын оқу
құралдарын, оқу-фильмдерін т.б. дайындау;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру саласында қолданбалы зсрттеулердің
маңызын арттыру;
- адамгершілік-рухани, адамгершілік-жыныстық тәрбие бойынша, зиянды
заттардың (темекі тарту. алкоголь, улы есірткілі заттар және басқа зиянды
заттардың) алдын алу жөніндегі әртүрлі педагогикалық технологияларды
дайындау;
- денсаулық нығайту орталығын ұйымдастыру:
- салауатты өмір салтын қалыптастырудың инфрақұрылымын дамыту (спорттық
базалар, спорттық ойындарға арналған алаңша, спорт түрлерін іріктеу,
т.б).
Алдағы уақытта бұл тізім кеңейтіле түседі.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың проблемалары, келешегі
және болжамды әлеуметтік-экономикалық нәтижесі.
Өтксн жылдардағы жұмыс тәжірибесі салауатты өмір салтын
қалыптастырудың күрделі жүйелі үрдіс екенін көрсетті оны жүзеге асыру
төмендегідей мәселелерді шешілуін талап етеді:
- құқықтық ортамен қамтамасыз ету;
- ақпарат ролін арттыру;
- салауаттанудан білім беру рөлін күшейту, білім беру ұйымдарында
салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі оқу-әдістемелік орталық құру;
-салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша қолданбалы зерттеулердің рөлін
арттыру.
“Салауаттану - денсаулықты сақтау” бағдарламасы жеке адам мен бүтіндей
қоғамды өз денсаулығына жаңаша көзқараспен қарауын қалыптастыру, тіршілік
пен мекен ортасының сапасын көтеру арқылы балалар мен жастардың денсаулығын
жақсартуға бағытталған.
Келешекте жоғары білікті валеолог мұғалімдерді дайындау, білім
бағдарламаларын жетілдіру, салауаттанудан оқулықтар мен оқу-әдістемелік
кешендер шығару, ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жасау, әлеуметтік
маркетинг жүйесін жасау, жеке мінез - құлыкты және денсаулық мүддесіндегі
құндылықты дамытуда жаппай ақпарат құралдарының тиімділігін көтеру,
салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларынан халықаралық қызметтестік
псн ақпарат алмасуды дамыту қарастырылуда.
Сонымсн, зерттеу болашағы салауаггы өмір салтын қалыптастырудың
теориялық-әдіснамалык негіздерін дамытуға, үздіксіз білім беруі барлык
жүйесі ушін салауатты өмір салтын қалыптастырудан оқу-әдістемелік
кешендерін жасауға саяды. Бұл аурушаңдықты азайту және денсаулықты нығайту
жолымен оқушылардың дене белсенділігін, үлгірімділікті, сабаққа 100 пайыз
қатысу мүмкіндігін, гигиеналық және жалпы мәдениетті арттыруға қол
жеткізіп, денсаулықтың және салауатты өмір салтының бағасын түсінуге
мүмкіндік береді.
"Салауаттану - денсаулықты сақтау" бағдарламасын ендіру төмендегідей
мүмкіндіктер тудырады:
1) балалар мен жастар денсаулығын нығайту;
2) гигиеналық сауаттылықты арттыру:
3) денсаулықты сақтау әдістері мен қағидаларын қалыптастыру;
4) салауатты өмір салтының негіздері мен түрлерін танып білу;
5) психопрофилактика және психогигиенаның әдістерін қолдану;
6) өз денсаулығын сақтауға жауапкершілікті арттыру;
7) оқушылардың дене қимылдары белсенділігін күшейту;
8) түрлі жұқпалы және тәндік созылмалы аурулардың пайда болуынан
сақтандыру:
9) ауырсындыратын әуестіктерге — темекі тартуға, алкоголь, есірткі
және уытты заттарды пайдалануы жиіркенішпен қарауға үйрету;
10) адамгершілік-имандылық негіздер және соларға барабар әлеуметтік
мінез-құлыққа жаттықтыру;
11) ауру себепті сабаққа бармай қалуды азайту, ал бұдан білім беру
ұйымдарында оқыту сапасы арта түседі.
Алматы қаласы, Павлодар, Шымкент және Алматы облысының сынақ-тәжірибе
мектептерінен алынған деректер салауаттану сабактарының тек оқушылардың
денсаулығы мен үлгеріміне ғана емес, дене қимылдарыньң жұмыла әрекеттенуіне
де жағымды ықпал жасайтынын көрсетті, сөйтіп дене қимылдарының екпіндігі
1,5-1,8% түсті. Жалпы аурушаңдық деңгейі 58%-ға кеміді, диспансерлік топтың
сауығуы 70%-ға дейін артты. Сонымен оқушы жастар арасында ауырушаңдықты
төмендеуі ұлттарды сауықтырудағы мемлекеттің стратегиялық саясатын
(Қазақстан-2030) шешуге, Қазакстан Республика азаматтарының салауатты өмір
салтын оқыту саласындағы білімдарлык сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру оқушылардың өз денесінің, физиологиялық,
психологиялық ерекшеліктері, тұлға арасындағы қатынастар сипатын және өз
мінез-құлқының ерекшеліктерін танып білуге себепші болады.
Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында Қалай денсаулықты
сақтау бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру мониторингі
Қазіргі уақытта салауаттану әр түрлі бағытта дамуда, бұл жүргізілген
зерттеулер нөтижелерінің бірегей мол ақпараты болмағандықтан. аймақтық
қарым-қатынастың алшақтау болуына байланысты салауаттанудың даму
бағыттарында бірыңғай түсініктің болмауына әкеліп отыр. Балалық шақ жастық
шақ (ювенология) бағытындағы салауаттану зерттеусіз қалып отыр.
Қазақстан мектептерінде салауаттанудан сабақ беру әртүрлі бекітілмеген
бағдарламалар бойынша өткізілуде. Біздің пікірімізше, елімізде салауатты
өмір салтын қалыптастыру бойынша бірегей теориялық негіздердің және
жүргізіліп жатқан ғьлыми зерттеулердің ор-талықтандырылған ақпараттық
жүйесінің болмауы салдарынан, салауаттануда сынау және қателіктер әдісі
басым болуда.
Салауаттанудың одан әрі дамуы және салауатты өмір салтының қисынды,
дәйекті стратегиясын жасау үшін жүйеге келтірілген тұжырымдамалық негіздер
мен айқын ұғынылатын ескертпе, көрсеткіштер және басқа қосымша мағлұматтар
қажет болады. Бұл олқылықтардың орнын толықтыруды мына бағытта жүргізуге
болар еді:
- салауаттану зерттеулерінің бірегей әдіснамалық базисін жасау;
- салауаттандан білім беру стандартын жасау;
- салауаттанудан сабақ беруді әдістеме құралдармен қамтамасыз ету.
"Салауаттану - денсаулықты сақтау' бағдарламасы бойынша
салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі бағыттары
Салауатты өмір салтын үздіксіз қалыптастыру ұлттық білім беру жүйесі
үлгісінің құрылымына сәйкес жүзеге асырылады. Жасына, сондай-ақ білім
деңгейіне байланысты оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыруды
мынандай сатыларға бөлуге болады:
СӨСҚ мектепке дейінгі білім беру ұйымдары;
СӨСҚ бастауыш сыныптар (1-4-сьныптар);
СӨСҚ негізгі мектеп (5-9-сыныптар);
СӨСҚ толық орта мектеп (10-11-сыныптар);
СӨСҚ орта кәсіптік білім беру ұйымдары;
СӨСҚ жоғарғы оқу орындары;
СӨСҚ қосымша білім беру ұйымдары.
"Салауаттану - денсаулықты сақтау" бағдарламасы бойынша мектепке
дейінгі білім беру ұйымдарында салауатты өмір салтын қалыптастыру
Мектепке дейінгі кезең — бала организімінің өте қарқынды дамитын
маңызды кезеңі. Осы кезенде организмнің бүкіл жүйелер мен мүшелері, дене
және жүйкелік - психикалық дамуы қалыптасып, жетіле түседі. Жекелеген
жүйелер мен мүшелер (жүрек-тамыр, ішкі секреция, жүйке-психикалык, тыныс
алу, иммундық жүйелер) толық жетілмегендіктен, бала организімшің қорғаныш
күші және ауруға қарсылық көрсете алуы әлі де жетімсіз. Сондықтан мектепке
дейінгі жастағы балалар әртүрлі ауруларға жиі ұшырайды.
Мектепке дейінгі балаларда салауатты өмір салтын қалыптастыру
бағдарламасының мақсаты — денсаулық туралы ұғымды жүйелі және бірізді
қалыптастыру, гигиеналық дағдылары мен салауатты өмір салты-ның уәждеріне
ерте кезден бейімдеу.
Міндеті - денсаулық қорғау жөніндегі алдын алу шараларының кешенін
сақтап қалуды, нәресте жастағы балалардың денесі мен жүйке-психикалық
үйлесімділігін дамыту және денсаулығының нығаюын дене шынықтыру сабақтары
арқылы қамтамасыз ету.
Денсаулықты қорғау мәселелерінде мектепке дейінгі жастағы балалардың
әлеуметтік белсенділігі ойын, әр түрлі сауықтыру әдістері, күн тәртібін
бұзбау, тиімді тамақтану, таза ауада жиі болу. әдебиет (ертегі, өлең, оқиға
желілері, жиынтықтар т.б.) арқылы салауатты өмір салтын қалыптастырудың
ақпарат-ойындық. үлгілері арқылы жасалады.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру
олардың психологиялық, дене қимыл -әрекеті мүмкіндіктері мен жасы ескеріліп
өткізіледі, сөйтіп балада мінез-құлығының белгілі ги-гиеналық тұрақтылы
қалыптасады, гигиеналық ұғымдарды жете түсіну, дағдылар, салауатты өмір
салтынъң уәждамалары, жеке бас гигиенасы, күн тәртібі, өзіне-өзі қызмет
ету, денсаулық сақтау және нығайту, мәдени гигиеналық мінез-құлық
қалыптасады. Бүл үшін жас ерекшеліктеріне байланысты алуан түрлі
ойыншықтар, қуыршақтар, жиһаз, ыдыс-аяқ, ойын оқиға желілері, жиынтықтар,
суреттер, фотосуреттер, тақырыптық мүйістер және т.б. кенінен
пайдаланылады.
Көрсетілген міндеттерді шешуге мына бағыттағы іс-әрекеттерді жүзеге
асыру қажет болады:
- салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде өте мәнді бағдарламалар
жасап, енгізу;
- салауатты өмір салтының мәнін көрсететін педагогикалық құнды
ойыншықтар ұйымдастырып, насихаттау;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінен ақпараттық
қамтамасыздық жасау;
- салауатты өмір салтын жүргізудің орындылығы жөнінде және зиянды
әдеттердің денсаулыққа әсері туралы мультфильмдер жасау;
- мектеп жасына дейінгі балаларға түзетілімді-педагогикалық жәрдем
көрсету;
- салауаттанудан білім берудің құрауыштарымен мектепке дейінгі
дайындық жасау.
Жалпы білім беретін мектеп ұйымдарында "Салауаттану - денсаулықты
сақтау"бағдарламасы бойынша салауатғы өмір салтын қальптастыру
Бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған "Салауаттану -денсаулықты
сақтау" бағдарламасы дамыта және тәрбиелей оқыту сипатының қағидалары
негізінде құрылған жүйелі және бірізді бірегей бүтін мәнді курс болып
саналады. Бағдарламаның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастырудың
адамгершілік-психологиялық тіршілік қауіпсіздігінің, гигиеналық мінез-
қүлықтың, қажеттілік түрткілік, құрамдауышының негіздерін қалыптастыру.
Төменгі сыныптарда салауатты өмір салтын қальштастыру теориялық және
практикалық білімді "шиыршықтала даму" негізінде жасалады. Кезекті сыныпқа
өткен сайын оқушының игеруге тиісті білімі"
Валеология пәні, міндеті, тапсырмасы және әдістері. Валеологияның
ғылым ретінде пайда болуы. Валеологияның тарихы. Валеологияның негізін
салушылар. Валеологияның басқа да адам туралы ғылымдармен байланысы.
Валеология салалары: медициналық, әлеуметтік, педагогикалық, бұлардың өзара
байланыстылығы.
Валеологияның зерттейтін объектісі - дені сау адам немесе "үшінші
жағдайдағы" аурудың көрсеткіштері ("үшінші" - сау мен ауруға дейінгі аралық
жағдайдағы жүрген адам, я ауру, я толық сау емес). Организм мен орта.
Организм - жүйелердің жүйесі.
Адамның денсаулығы
Денсаулық - болмыстың өте үлкен мәселесі. Қоғамның әлеуметтік
кажеттіліктері де осы денсаулықты сақтау, күшейту және калыптастыру.
"Денсаулық" түсініктері. Жеке адамның және қоғамның саулығы. Физикалық,
психикалық, әлеуметтік саулық. Жеке адамның саулығының көрсеткіштері:
генетикалық, функционалдық, психологиялық, рухани-әлеуметтік, клиникалық.
Қоғам саулығының көрсеткіштері: туылуы, өлімі, ауруы, өмір сүру
ұзақтығы, мүгедектері.
Денсаулықты бағалаудың сандық және сапалық әдістері. Денсаулық
факторлары. Қалыпты (норма) дені сау жағдайдан ауруға өтетін аралық "үшінші
жағдайдағы", яғни аурудың алдыңғы кезеңі. Денсаулықты сақтаудағы
организмнің қорғаныштық және адаптациялық реакциялары. Саулық пен сырқаттың
генетикалық детерминанттары (анықтаушылары).
Жасы мен жыныстарына байланысты адамның денсаулығының параметрлері,
көрсеткіштері және олардың резервтік мүмкіндіктері.
Адам өмірін жас кезеңдеріне бөлу. Балалар мен жасөспірімдердің
анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері, олардың өсуі мен даму
зандылықтары. Балалардың физикалық жағдайын, жеке өздеріне тән типологиялық
тұлғалық касиеттерін, организмінің функционалдық жағдайын анықтау әдістері.
Балалық кезендегі кездесетін анатомиялық немесе физиологиялық кемістіктерді
жөнге келтіру (коррекция) шаралары. Баланың мектепке, оқуға дайын екендігін
анықтау. Тұлғаның гармониялық. (жан-жақты) дамуын бағалау. Акселерация.
Акмеология - адамның творчестволық жас кезеңдеріндегі денсаулығы мен
іскерлік (кәсіби) қасиетін өрбіте түсуінің әдістері туралы ғылым.
Әйел организмінің физиологиялык кезеңдерінің ерекшеліктері.
Репродуктивтік - ұрпақ жалғастыру - денсаулықты сактаудың валеологиялық
аспектілері. Жүктілік (екіқабат) және оның бұзылмай сақталуының алдын алу
принциптері. Тұқым қуалайтын және туа бітетін ауруларды болжау.
Қартаю - организмнің дамуындағы бір кезеңі. Қартаю қарқынына әсер
ететін факторлар: әлеуметгік-экономикалық, экологиялық факторлар және халық
денсаулығы. ҚР-дағы туу, өлім, ауру көрсеткіштері. Халық санының өсімі.
Орташа өмір сүру ұзақтығы. Жалпы аурулар көрсеткіші. Әйелдер денсаулығы,
олардың репродуктивтік саудығы.
Құрт ауруы (туберкулез), сары ауру (гепатит) және басқа да жұқпалы
аурулар бойынша елдің эпидемиологиялық жағдайы.
ҚР-ның дүние жүзі елдері ішінде (ИЧР) "адам даму индексінің"
керсеткіші бойынша алатын орны.
Өмір салты. Салауатты өмір сүру салты және оның компоненттері.
"Өмір салты" түсінігінің философиядағы, әлеуметтанудағы,
психологиядағы және педагогикадағы мәні. Өмір салтының категориялары:
экономикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-
экономикалық, педагогикалық, валеологиялық.
Өмір салтының структуралық элементтері. Өмір салтын анықтаушы
жағдайлар. Жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың, көпшіліктің, халықтың өмір
сүру салты.
"Салауатты өмір сүру салты" (СӨС) түсінігі. Денсаулықпен СӨС-ның өзара
байланыстылығы. СӨС-ның принциптері мен шарттары. СӨС-ның көрсеткіштері мен
критерийлері.
Сексология негіздері
Сексология тарихы. Жыныс мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясы.
Нәпсілік мәдениеті. Нәпсілік мінез-құлықтың қалыптылығы. Ерлердің
нәпсілігі, әйелдердің нәпсілігі. Балалардың нәпсілігі. Жасөспірімдік пен
жеткіншектік, балалық кезеңдердегі нәпсілік. Некелескен адамдар арасындағы
нәпсілік қатынастар, олардың мәдениеттілігі. Нәпсілік көріністер:
бағдарлау, бағалау, өзгеруі, стереотиптік және алдын ала сендіру сияқты
т.б.
Сексологияның әлеуметтік-құқықтық мәселелері. Жас балаларды,
жасөспірімдерді нәпсілік ниетке пайдалану, жезөкшелік - жеңіл жүріс,
жастардың тұлға ретінде азғындауы - деградациясы.
Нәпсілік және денсаулық. Нәпсіліктің гигиенасы. Нәпсілік ағарту ісін
балалар мен жасөспірімдер арасында жүргізудің өзіндік формалары мен
әдістері.
Репродуктивтік саулық
Қыз баланың, бойжеткеннің және әйелдің денсаулығы. Уақтылы алдын ала
тексерілудің маңызы. Әйел организмінің анатомиялық, физиологиялык,
хронологиялык және функционалдық ерекшеліктері. Репродуктивтік денсаулықты
қорғау. Аборттар, олардың түрлері, зиянды әсерлері: физикалық, психикалық
(аборттан кейінгі болатын синдром, бедеулік және т. б.).
Кеңінен таралған аурулардың себептері, "Отбасы денсаулығының
негіздері", "Психикалық денсаулық негіздері", "Адамның сақтамдық
мүмкіндіктері және денсаулық" тақырыптары жоғарғы сынып оқушыларын
ойландырып, салауатты өмір салтын жүргізу қажеттігі туралы қорытындыға
келуге мүмкіндік туғызады. Қазіргі оқушы салауатты өмір салтын енгізу
қажеттігін дұрыс қабылдау үшін уәжді дәлелдемелер алуы тиіс
Оқушылар негізгі психикалық қызметтердің диагностикалық даму
әдістерін, күйзелістердің салдарларын білуі және өзінің психикалық күйіне
өзі талдау жасай білуі, кездейсоқ оқиға кезінде бірінші көмек көрсете
білуі, зиянды дағдыларға іштей құмарту себептерін, сондай-ақ әлеуметтік
факторлар рөлін білуі, жастарды аутоагрессиядан сақтандыру шараларын білуі
қажет. Мультимедиа, компьютерлендірудің таралуына байланысты оқушылар
компьютермен жұмыс істеудің гигиеналық ережелерін және олармен жұмыс істеу
уақытының ұзақтығын білуі керек.
Аға буынның салауаттану туралы білімінің педагогикалық міндеті мынаған
саяды: оқушылардың кәсіптік бағдар мен болашақтағы отбасылық тіршілікке
дайындығын ескере отырып, салауатты өмір салтының дара өзіндік әдісін
таңдап алуына жәрдемдесу. Жоғарғы сыныптарда салауатты өмір салтын
қалыптастыру жүйесі әлеуметтік-педагогикалық оқыту әдістернің тиімділігіне
және медициналық-биологиялық диагностикалық әдістерге талдау жасаумен
өткізіледі. Психикалық және дене денсаулығы тұрғысынан алдын ала
сақтандыруға, еңбекке жарамды болжаумен, оқыту және өзінің кәсіптік
бағдарын анықтаумен анықталады.
Салауаттану - денсаулықты сақтау бағдарламасы бойынша орта кәсіптік
білім беретін ұйымдарда салауатты өмір салтын қалыптастыруы
Орта кәсіптік білім беретін ұйымдардың студенттері негізгі базалық
тақырыптармен қоса еңбек гигиенасының ережесін меңгеруі, өндірісте және
тұрмыста санитарлық - гигиеналық жағдайлардың әдістерін игеруі қажет.
Осыған байланысты "Әлеуметтік бейімделу, психогигиена, пси-хикалық
сақтандыру", "Жүйке күйзелісінен алдын-ала сақтандыру", "Кәсіби аурулардан
алдын ала сақтандыру", "Өндірістік жарақат түрлері және олардан алдын ала
сақтандыру", "Тамақтану, адамның энергия шығындауы және жұмысқа
қабілеттілігі", "Экология проблемаларының заңды негіздері", "Төтенше
жағдайлар", "Дәрігерге дейін көмек көрсету әдістері", "Денсаулық күйіне
еңбек жағдайларының әсері", "Денсаулыққа әсер ететін қауіпті-қатер
факторлары" және т.б. тәрізді тақырыптар енгізілді.
Жастар арасында ауру деңгейінің жоғары болуы гигиеналық білімді
арттыру жөнінде кідіртуге болмайтын шараларды, елімізде қалыптасқан
әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы дұрыс уәжделеуге, дұрыс қажеттіктерге
уәждер іріктеп алуды талап етеді.
Әлеуметтік-гигиеналық дағдылар мәселелерімен қатар дене тәрбиесінің
дұрыс дамуына, денсаулықты нығайтып, шынықтыруға назар аударылады.
АИТТВИТИС, жіңішке аурулар, туберкулез, есірткі құмарлық маскүнемдіктің,
т.б. қоғамдағы проблемаларының әлеуметтік мәнін ескере отырып, тізбесі
берілген аурулардық алдын алу мәселелері "Салауаттану-қалай денсаулықты
сақтау бағдарламасына енгізіліп, оны жастар үшін көкейкесті, заманға сай
және барынша қажетті.
Салауаттану - денсаулықты сақтау бағдарламасы бойынша жоғарғы оқу
орындарында салауатты өмір салтын қалыптастыру
Жоғарғы мектептегі салауаттану курсының мақсаты - салауатты өмір салты
мен бейімделетін дене тәрбиесінің медициналық-биологиялық негіздерін
меңгеруді қамтамасыз ететін білім жиынтықтарын қалып-тастыру. Адамның дене,
сондай-ақ психикалық табиғатын тиісті деңгейде сақтай қалу. Жоғары оқу
орындарындағы салауаттану курсына мынандай тараулар қосылады:
1. Салауаттану пәні, оның мақсаты мен міндеті.
2. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері.
3. Мектепте салауаттанудан білім берудің мазмұны және құрылымы.
4. Мектепте денсаулық қалыптастыру үлгісі.
5. Денсаулық нышаны және диагностикасы.
6. Денсаулықтың гигиеналық негіздері.
7. Сауықтыру жұмысының жүйелері, әдістері және құралдары.
8. Денсаулық сақтаудың ұлттық дәстүрлері және олардың денсаулық
сақтаудағы рөлі.
9. Денсаулықты сақтау және нығайту факторы ретіндегі қимылдық
белсенділік.
10. Қауіп-қатер факторлары ауруға біржақты қараудың алдын алу.
11. Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау және нығайту факторы
ретіндегі мүғалімнің түлғалық және кәсіби сапасы.
12. Мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетін салауаттық тұрғыдан түсіндіру.
13. Психикалық денсаулықтың адам денсаулығының құрамдас бөлігі
екені.
14. Балаларды және жасөспірімдерді ауто-агрессиядан алдын ала
сақтандыру.
15. Компьютерлендіру және мектеп оқушыларының денсаулығы.
16. Ұрпақтық денсаулық.
17. Созылмалы аурулардың алдын алу.
18. Тиімді тамақтанудың ғылыми негіздері.
"Салауаттану - денсаулықты сақтау" бағдарламасы бойынша салауатты өмір
салтын қалыптастыру әдістері
Балалар мен жасөспірімдерде салауатты өмір салтын қалыптастыру
тиімділігі көбінесе мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде,
гимназияларда, лицейлерде, колледждерде, орта және жоғарғы оқу орындарында
медициналық-гигиеналық оқыту мен тәрбие беруді дұрыс жүйелі жолға қоюмен
анықталады.
"Салауаттану - денсаулықты сақтау бағдарламасы бойынша оқыту мен
тәрбиелеу сәбилік жастан бастап, міндетті түрде жеке сабақ ретінде
күнделікті жүргізілуі қажет. Сыныптан сыныпқа көшкен сайын, жасына қарай,
салауаттанудан алған білім кеңейтіліп, тереңдей түсуі тиіс. Гигиеналық
дағдылар салауаттану бағдарламасының курсы бойынша ата-аналарды, жұртшылық
пен көпшілік ақпарат құралдарын тарта отырып, сыныптан тыс жұмыстар кезінде
белсенді аралық әдісін (ой шабуыл, жағдайға байланысты ойындар, салауаттану
тақырыбына құрылған оқиға желісі, рөлдік ойындар, т.б.) пайдалану арқылы
баянды етіледі.
Салауаттану біліміне оқыту денсаулықты сақтау және нығайту жөніндегі
тұрақты генетикалық дағдылар мен әдеттерге тәселдіруді көздейді. Балалар
мен жасөспірімдердің көптеген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz