Денсаулығымызды ойласақ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Ауруды болдырмау және салауатты өмiр салтын ынталандыру 2
Нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес 3
Темекi мен алкогольдi тұтынуды қысқарту 3
Әйел мен баланың денсаулығын жақсарту 4
Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту 5
Денсаулығымызды ойласақ... 6
Нарық және салауаттылық 7
Шынықсаң шымыр боларсың 8
Салауаттылыққа сана керек 9
Қолданылған әдебиеттер тізімі 12

“Салауатты өмiр салтын ынталандыру
әрқайсымыздың дене тәрбиесiмен айналасуымызға, дұрыс
тамақтануымызқа, есiрткiлердi, темекi мен алкогольдi
тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын
сақтауымызға т.с.с. бақытталған”.

Ел Президентiнiң “Қазақстан - 2030”
Қазақстан халқына жолдауынан.

Кіріспе

Салауатты өмiр салтын қалыптастыру - бүгiн таңда мемлекеттiк маңызды
мiндеттердiң бiрi. Ол Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан
Әбiшұлы Назарбаевтың ел халқына “Қазақстан - 2030” жолдауында айқын
тұжырымдалған.
Экономикалық iлгерiлеу бiздiң азаматтарымыздың игiлiгiне өздерiнен
кепiлдiк бере алмайды. Гүлденген экономика жағдайында-ақ өз денсаулығын
дұрыс күтпеуiнiң және қоршаған ортаның ластануы салдарынан науқас
адамдардың саны жылдан-жылға өсiп отырғанын көзге елестету қиын емес.
Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмiрiнiң аяғына дейiн сау
болуы және оларды қоршаған табиқи ортаның таза болуы үшiн күш салу керек.
Бұл мақсатты iске асырудағы бiздiң стратегиямыз мынадай құрамдас
бөлiктерден тұрады:

Ауруды болдырмау және салауатты өмiр салтын ынталандыру

Мемлекеттiң, бiр жағынан ауруды болдырмау, екiншi жағынан, салауатты
өмiр салтын ынталандыру жөнiндегi қадамдарды халықтың денсаулығына әсер
ететiн маңызды фактор екенiн әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отыр.
Аурулардың алдын алу дегенiмiз, таза су мен кенеулi асты пайдалануды,
тазарту жүйелерiнiң болуын, қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян
келтiретiн объектiлердi қысқартуды, басқа да қауiптi факторларды төмендету
жөнiндегi осыған ұқсас шараларды бiлдiредi.
Салауатты өмiр салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесiмен
айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есiрткiлердi, темекi мен алкогольдi
тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с.
бағытталған.
Жеткiлiктi құралдар болмай тұрған жағдайда ауруларға қарсы күрес пен
денсаулықты нығайту жөнiндегi бiздiң стратегиямыз азаматтарымызды салауатты
салтына әзiрлеуден басталады. Салауатты өмiр салты мен дұрыс тамақтануды,
тазалық пен санитария ережелерiн насихаттайтын пәрмендi ақпараттық iс-
шаралар жүргiзiлуi қажет. Ол мыналарды қамтуға тиiс:

Нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес

Есiрткiнi әкелу мен таратуға қолданылатын жазаны қатайту және осыған
байланысты бiрқатар елдердегiдей, оның iшiнде Малайзия мен Сингапурдегiдей
өлiм жазасын енгiзу керек пе деген мәселенi қоғамның талқысына шығару
керек. Есiрткi өте ерекше және түпке жететiн сала, сондықтан бұл жерде
адамгершiлiк принциптерiнiң қандай дәрежеде қолданылуы ұлкен мәселе.
Таразының бiр басында оны әкелiп, тарататын адамның өмiрi тұрса, екiншi
басында соның “көмегiмен” қор болған есiрткi тұтынушылардың ғұмыры тұр.

Темекi мен алкогольдi тұтынуды қысқарту

Алкоголь мен темекiнiң адам өмiрiне зиянды екенi дәлелдеудi қажет
етпейдi. Халықаралық тәжiрибе бұл салада мемлекеттiк саясатты жұргiзудiң
алкоголь мен темекiге салық енгiзу, сондай-ақ маскүнемдiктен емделуге
арнайы салық салудан бастап, бiрнеше сабағын ұсынып отыр. Бiз бұл мәселеде
байыпты саясат жүргiзуiмiз керек. Контрабанданың ақыны мен қылмыскерлiктiң
өсуi сияқты керi нәтижеге душар болмас үшiн бұл арада барлығын салмақтап,
бiрнеше қайтара есептеп шығу керек. Бастапқы кезде алкоголь мен темекiнi
жарнамалауға барлық жерде және түпкiлiктi тыйым салынуға тиiс. Шылым шегу
тере” ойластырылып, асыра сiлтеушiлiкке ұрынбай, бiртiндеп қоғамдық
орындардан ығыстырылуы қажет. Мұны басқаларға үлгi болу үшiн мемлекеттiк
үйлер мен мекемелерден бастау керек. Жалпы адамдар нелiктен өз
денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзiммен қарауға тиiс? Мен
барлықтарыңыздың шылым шегушiлерге ымырасыз болуға шақырамын.
Қоғамдық сана мен мораль алкогольге барынша қарсы болуға тиiс,
мемлекет бұл сезiмдi тәрбиелеуге тиiс. Кеңес үкiметi жылдарында арақ бiздiң
тұрмысымызға, әдетiмiзге, дәстүрiмiзге тереңдеп ендi. Ол ауылдық жерлерде
де адам өмiрiнiң ажырамас бөлiгi болып алды. Бүгiн көпшiлiк қиыншылыққа тап
боп, күйзелiске түскенде iшкiлiкке салыну артып отыр.
Көптеген елдер бұл кеселге тыйым салғанмен, табысқа жете алмады.
Осыған қарамастан кейбiр елдер ұтымды ақпараттық және түсiндiру саясатын
жүргiзу, мәдениет пен бiлiм арқылы едәуiр табыстарға қол жеткiздi.
өнеркәсiбi дамыған елдерде iшiмдiктi пайдаланушылар мен темекi
тартушылардың саны кеми түсуде, өйткенi кәсiпкерлiк - денсаулығы мықты
жандардың үлесi. Өмiр салтын терiс әдеттерден спортқа көшiру тиiмдi
жолдардың бiрi болып табылады.

Әйел мен баланың денсаулығын жақсарту

Ана мен баланың денсаулығын қорғау бiздiң мемлекетiмiздiң, денсаулық
сақтау органдарының, жұртшылықтың тiкелей назарында болуға тиiс. Уақыт
өтiп, қазына кiрiсi өскенде мемлекет үшiн де, отбасын қолдауға тиiмдi
демографиялық саясат үшiн де қолайлы нысанда аналар мен балаларға
мемлекеттiк қолдау көрсетуге қаражат табамыз. Бiз бұрынғы уақыттан берi
және қиындықтарға қарамастан бүгiн де осындай көмектi көрсетiп келемiз. Мен
балалы болғысы келмейтiндерге салық енгiзу туралы ұсынысты көпшiлiк
талқысына саламын. Одан түскен қаржыны көп балалы отбасыларды қолдауға
жұмсар едiк.
Бiзде жергiлiктi деңгейде де отбасын, әйелдiң жүктi кезiн және
балаларды тәрбиелеудi қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы
институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғызбасты аналар
проблемасын шешу керек. Егер бiз адамгершiлiгi жоғары қоғам болғымыз келсе,
жұбайлардың бiр-бiрiнiң алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы
жауапкершiлiгiн күшейтуге тиiспiз. Ата-аналар балаларына, ал балалар
өздерiнiң қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда
құрметке ие болғанда - елiмiз үшiн алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар
Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау
қажет. Жұртшылық мұнда дұрыс шешiмдi көрсетiп, ол отбасы туралы заңдай
бейнеленуге тиiс.
Салауатты өмiр құрып, сол арқылы балаларына үлгi көрсетiп, ата-
аналарды айрықша атап көрсету қажет. Мен компаниялар мен жұмыс берушiлерге
осы тұрғыдан көтермелеудiң тиiстi нысандарын iздестiрудi ұсынар едiм.
Елiмiзде жыл сайын 200 мың аборт жасалады. Қоғамда абортқа тыйым салу
керек пе, жоқ па деген мәселе пiкiрталасына түсуi керек. Мұндай өте нәзiк
мәселеде де, басқа мәселелерде де мен көпшiлiктi қолдаймын. Қандай жағдайда
да, әйелдiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiрмейтiн отбасын жоспарлаудың
әркениеттi жолына түсуiмiз керек.
Жас шамасына қарай жүргiзiлетiн саясатта бiз жастар мен жеткiншек
ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңiл бөлудi күшейтуге тиiспiз.

Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту

Экологиялық нашар ахуал бүгiнде адам өлiмiнiң 20 пайызына себеп болып
отыр, ал кейбiр аймақтарда жағдай мұнан да қиын. Отандастарымыздың үштен
бiрi сапасыз ауызсуды пайдаланады. Жеткiлiктi және дұрыс тамақтанбау да
терiс демографиялық салдарға әкеп соғады.
Сондықтан бiздiң әрқайсымыз тамақтану мен ауызсуға ерекше көңiл
бөлуге тиiспiз. Бiздiң мамандарымыз қалай дұрыс тамақтану керек екенiн,
табыс дәрежесiне қарай өз рационын қалай құру керек екенiн, қазiргi заманғы
жеке басының тазалығы ережелерiн орындауды, сапасы төмен ауызсудың зиянын
қалай тигiзбеудi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсiндiруден жалықпауы
керек. Экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен стандарттау
органдары қойылған мақсаттардың басымдығына сәйкес жұмыс жүргiзуге тиiс.
Кез келген сапасыз тамақ өнiмдерiн өткiзушiлер мен жасап шығарушыларға,
табиғи ортаны ластаушылардың бәрiне берiк және қат-қабат тосқауыл қойылуы
қажет.
Мемлекеттiк ведомстволардың басшылары осының бәрiнде де үлгi
көрсетуге тиiс. Сонымен қатар дiнбасылар мен қоғамның басқа да құрметтi
адамдарын осы процеске қосылуға шақырамын. Бұл маңызы зор мәселелер.
Адамдардың денсаулығы мен он мыңдаған отандастарымыздың өмiрi осы шараларға
тiкелей байланысты.

Денсаулығымызды ойласақ...

Кез келген халықтың тағдыры, болашағы сол ұлттың денсаулық жағдайына
байланысты. Денсаулық айтарлықтай емес әртүрлi ауруларға дертке бой
алдырған халықтың мәдени дәрежесi, ой-санасы, түсiнiгi мен көзқарасы ақылы
мен бiлiмi жоғары болады деу қиын-ақ.
Халқымыздың денсаулығының нашарлауына, неше түрлi өлiмнiң көбеюiне
әртүрлi аурулардың етек алуына тек iшкi немесе сыртқы жағдайлар ғана емес,
өзiмiз кiнәлi сияқтымыз. Бұған дәлел барлық аурудың 55 процентiн адамдар өз
қолымен жасайтын көрiнедi, егер аурудың 55 процентiн адамдар өз қолымен
жасайтын көрiнедi, егер 18 процент iштен туа болатын аурулар болса, 17
процентi экологиялы жағдайдың әсерiнен, ал келген 10 процентi медицинаға
байланысты көрiнедi. Ұзақ жасау, денсаулықты күту аурудың алдын-алу бәрi
мәдени дәрежеге, ұғым-түсiнiкке, адамгершiлiк сапаға байланысты.
Егер салауаттылықты сана, бiлiм мәдениет деп бiлетiн болсақ, онда
адамның малдан айырмашылығы – сөйлейтiндiгi мен ойлайтындығында ғана емес,
өз денсаулығын ақылымен, белгiлi бiр жүйемен күту бiлетiндiгiнде.
“Құдай сақтанғанды сақтайды” дегендi ескерер едiк ғой! Бiрақ көбiне
оны да ойламаймыз. Ойлауға мәдениетiмiз, ой санамыз жетпейдi!
Жалқаулығымыз, еренсiздiгiмiз, бойкүйездiгiмiз кедергi жасайды.
Бiздiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС "Шұбаттың химиялық құрамы мен адам ағзасына әсері"
Жылқы мен түйе сүтін алғашқы өңдеу туралы
Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру
Асқабақтың емдік қасиеті
Әйел мен баланың денсаулығын жақсарту
Ас - адамның арқауы
Түйе сүтінің биохимиялық қасиеттері
Шыңбұлақ мал шауашылығы атты бизнес жобасы
Жастар арасында салауатты өмір салты
Салауатты өмір салтын ұстанайық, жастар
Пәндер