Тұщы судың ластануы қоғам алдында тұрған үлкен мәселе
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Су тіршілік тірегі 3
Қорытынды 12
Қолданылған әдебиеттер 13
Кіріспе
Гидросфера — бiздiң планетамыздың аса маңызды құрам бөлiктерiнiң бiрi.
Гидросфераға күн энергиясы мен гравитациялық күштер әсерiнен қозғалысқа
түсетiн және бiр күйден екiншi күйге өте алатын барлық су түрлерi жатады.
Гидросфера Жердiң басқа элементтерi атмосфера мен литосферамен тығыз
байланысты. Жердегi су үнемi қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы
гидросфераның барлық бөлiктерiн бiр-бiрiмен байланыстырып, бiртұтас жабық
жүйе: мұхит — атмосфера — құрлықты түзедi. Ол гидросфераның түрлi
бөлiктерiнiң әртектiлiгiне байланысты өзгеретiн су алмасу процесiнiң
белсендiлiгiн қамтамасыз етедi.
Мұхиттағы су гидросфераның барлық массасының 97 % құрайды және Жер
планетасы бетiнiң ауданының 75% аса бөлiгiн алады. Биосфера тiршiлiгiнде
мұхиттың алатын орны ерекше: онда биосфераның химиялық тазаруы мен
биомассаның өндiрiсiн қамтамасыз ететiн толып жатқан химиялық реакциялар
жүредi. Су кез келген жануарлар мен өсiмдiктердiң ткандерi мен
клеткаларының құрамына кiредi. Жануарлар мен өсiмдiктер организмдерiндегi
өте күрделi реакциялар тек қана су қатысында жүре алады. Жер планетасындағы
климат та көп жағдайда суға және атмосферадағы су буларының мөлшерiне
байланысты қалыптасады.
Мұхиттардағы судың беткi бес жүз метрлiк қабаты ондағы планктонның
сүзгiш аппараты арқылы 40 күн iшiнде сүзiлiп өтсе, бiр жыл iшiнде
мұхиттағы бүкiл су планктон арқылы тазарып отырады. Теңiз суындағы ерiген
тұздардың концентрациясы 3,5% болса, химиялық құрамы жағынан бұл тұздардың
99,9% — натрий, калий, хлор, бром, фтор, магний, кобальт, т.б. иондардың
үлесiне тиедi.
Биосферадағы үш сфераның — ауа, су, топырақ сфераларының арасындағы
өзара қарым-қатынастарды, негiзгi заты көмiрқышқыл газы болып табылатын
карбонаттық тепе-теңдiк арқылы жақсы түсiнуге болады. Мұхитта атмосфераға
қарағанда көмiрқышқыл газы 60 есе көп. Көмiрқышқыл газы суық суда жақсы
еритiн болғандықтан, мұхит тропиктерде оны атмосфераға насос тәрiздi тартып
алады, сондықтан да бұл аймақтарда оның қысымы оңтүстiк пен солтүстiк
ендiктерге қарағанда жоғары болады. Атмосферадағы СО2 мөлшерi артқан сайын
мұхит суындағы оның мөлшерi де артады, нәтижесiнде кальций карбонатының
ерiгiштiгi жоғарылап, гидрокарбонат-иондар көбейедi. СО2 мөлшерi азайғанда
сутек иондарының концентрациясы төмендейдi де, кальций карбонатының көбiрек
тұнбаға түсуi байқалады. Осылайша мұхит суларындағы көмiртек иондары
тұрақтанып, атмосфераның анторопогендiк ластануынан жиналған СО2 артық
мөлшерi сiңiрiледi. Қорыта айтқанда, су биосферада ең негiзгi роль атқарушы
болып табылады, себебi тiрi организмдердегi барлық биохимиялық процестер
тек су қатысында ғана жүре алады, сондықтан да олардың клеткалары мен
тканьдерiнiң көп бөлiгi судан тұрады.
Су — әлемнiң ең үлкен байлығы. Бiрақ бiздiң планетамыздағы тұщы судың
қоры санаулы ғана, барлық су ресурстарының 3% ғана. Таза судың
жетiспеушiлiгi жер шарының көптеген аудандарындағы өткiр мәселелердiң бiрi
болып отыр.
Жердегi су ресурстары жалпы алғанда, жер бетiлiк немесе континетальды
сулар, Бүкiл Әлемдiк мұхит сулары және жер астылық сулар болып үш топқа
бөлiнедi. Жер бетiлiк, не континентальды суларға — өзен, көл, жабық
теңiздер, батпақтар, атмосфералық жауын-шашын сулары, мұздықтар суы, Бүкiл
Әлемдiк мұхитқа мұхиттар мен оларға құятын теңiздер, ал жер астылық суларға
топырақ ылғалдары, жер астылық грунт сулары жатады.
Судың химиялық құрамы бiр-бiрiне байланыссыз екi фактордың — тарихи-
табиғи және геологиялық жағдайлар мен антропогендiк фактордың әсерiнен
қалыптасады.
Жер бетiндегi тұщы су қорының 97% Антарктида, Гренландия, полюстер
мен таудағы мұздықтардың үлесiне тиедi. Егер осы мұздықтарды Жердiң бетiне
бiрдей етiп бөлсе, онда ол қалыңдығы 53 м қабат түзген болар едi. Бiрақ
осындай тұщы су қорын пайдалану әлi күнге мүмкiн болмай отыр.
Құрлықтың бар болғаны шамамен 3% көлдер мен өзендер алып жатыр.
Сондықтан да тұщы судың жетiспеушiлiгi түсiнiктi жағдай деуге болады.
Су тіршілік тірегі
Сыртқы ортаны, суды, ауаны қорғауға заңды түрде шара қолданбайтын
бірде-бір мемлекет жоқ. Тіпті, теңіз суын қорғау зиянды заттарды шығарудың
технологиясын реттеу және қалдықтарды барынша азайту жөнінде халықаралық
келісім жасалған.
Бұл шаралар бұлжытпай іске асыру да керек етеді, себебі ауаның, судың
топырақтың ластануы ең ақырғы шегіне жетті. Әсіресе бұл, мәселе халық өте
жиі орналасқан өндірістік аудандарда тым үлкен орын алып отыр. Улы заттар
бұл орындардан өзен суларымен, теңіз ағыстары және жел арқылы мыңдаған
километр алшақ орналасқан аймақтарға тарап, жер шарының алыс түпкірлеріне
қауіп тудырады.
Кейінгі жылдарда ластайтын қалдықтардың кәдімгі түрлеріне жерді
радиоактивтік заттардың улау қаупі қосылды. Ал оның зиянды әсерлері жердің
тек белгілі аймағымен ғана шектелмейді.
Судың ластануына әсіресе өнеркәсіп қалдықтарының қосылуы аса қауіпті.
Қалдықтардың химиялық құрамының әртүрлі болуына сәйкес, олардың тигізер
әсері де әртүрлі. Мысалы, мұнай өңдеуден шыққан қалдықтар су бетін үлкен
қабықпен жауып, оттектің алмасуы қиындатады. Үй тұрмысында және өнеркәсіпте
өте көп мөлшерде қолданылатын синтетикалық детергенттер деп аталатын жууға
қолданылатын заттардың әсері де мұнай қалдықтарымен бір бағыттас.
Сондай-ақ ол судың оттек бойына сіңіру қабілетін төмендетеді және
органикалық заттары ыдырататын бактерияларды құртып, балықтарды улайды.
Өндеу кезінде бөлінетін басқа да өнеркәсіп қалдықтары, мысалы, мырыш, мыс,
қорғасынның әртүрлі тұздары мен көмірді кокстеу кезінде пайда болатын
фенол, цианидтер нағыз ретінде әсер етеді. Енді біреулері (қышқылдар мен
негіздер) судың электролиттік қасиетімен пайдалы және зиянды
микроорганизмдердің ара қатынасын өзгертеді. Бұл заттардың қайсысы болса да
суда бұрын болмаған (немесе аз мөлшерде ғана кездесетін) бейтаныс
қосындылар. Сондықтан да олардың ыдырауы суда өмір сүретін организмдерге
қауіпті.
Суға түскен органикалық заттардың ыдырауы ең алдымен аэробтық,
(оттекпен тыныс алатын) микроорганизмдердің қатысуымен жүреді. Бұл ретте
көбіне зиянсыз қарапайым заттар түзіледі. Әрине бұл процесс органикалық
қоспалар белгілі мөлшерде түскенде ғана қалыпты жүретіні белгілі.
Суды ластайтын заттардың көлемі артқан сайын оны ыдыратуға өте көп
мөлшерде оттек жұмсалады, Бұл оттектің судағы концентрациясын азайтады және
сондай-ақ, ыдырау процесін оттексіз жүргізетін анаэробтық
микроорганизмдердің санының артуына жағдай жасайды. Бұл жағдайда түзілетін
заттардың сапасы белек. Онда метан, аминдер, күкірт және фосфор улы
қосындылары пайда болып, су саси бастайды. Оттектің азаюы мен улы
қосындылардың көбеюі бірінші кезекте балықтардың қырылуына, онан кейін су
өсімдіктердің көбейуіне әкеп соғады. Сөйтіп, бұл тіршілік ортасы су
біртіндеп таязданады.
Ең ақырында судың ластануының зардаптарын адамның өзі және оның
шаруашылық қажеттері тартады. Әзірде тұщы су қорының басты көзі өзен болып
есептеледі. Ал оларды органикалық және минералдық қоспалардан тазарту өте
киын және қымбатқа түсетін іс. Осы ретте адамның денсаулығына келетін қауіп
мөлшері үлкен. Себебі ең соңғы техникалық жетістіктерге негізделген тазарту
системалары да суда кездесетін кейбір заттардан толықтай тазартады деп айту
қиын.
Судың ластануы өнеркәсіп салаларына да үлкен зиян келтіреді. Онда
кейбір химиялық заттардың көп болуы суды сүзу Қондырмаларына, химия, қағаз
жасау және тамақ өнеркәсіптеріне пайдалануға жарамсыз етеді. Сондықтан да
мұндай сулар алдымен Қосымша өңдеуден өтіп, өнеркәсіпте пайдаланылады да,
артынан оған тағы да бірнеше улы заттар (жаңа технология негізінде)
қосылып, өзенге жіберіледі.
Тұщы судың ластануы қоғам алдында тұрған үлкен мәселе. Оның
3ардаптарының тіршілік үшін және адамның өз денсаулығы үшін Қаншама ауыр
жүк екенін түсіндірудің қажеті жоқ. Сондықтан да Қазірде барлық елдерде
суды тазарту мәселесі бірінші орында түр. Ал Қазақ жеріндегі суларды
тазарту үлкен мәселе.
Өнеркәсіп қалдықтарымен теңіз сулары да қатты ластануда: негізінен
алғанда ол әртүрлі қалдықтарды көметін орынға айналған. Әрине, теңізге
түсетін заттардың көлемінен теңіздердің көлемі әлде неше есе артық, онда
жүретін физикалық және биохимиялык, процестердің нәтижесінде бұл заттар тез
арада зиянсыз қалыпқа өзгереді деп айта алмаймыз. Бірақ кейбір теңіз
аймақтарының, әсіресе, құрлық жағалауларының қайта ластануы үлкен зиян
келтіретіні белгілі.
Мысалы, Солтүстік Америка мен Еуропаның әйгілі жағажайлары жағалауға
жақын орналасқан қалалардың қоқсықтармен ластанатыны белгілі болды.
Теңіз суларының ластануы сонымен бірге суда тіршілік ететін
организмдердің ара қатнастарын бұзып, зиянды түрлердің көбеюіне жол ашады.
Өзеннің құйылар ағысында улы заттардың артуы тұщы суға уылдырық шашуға
шығатын балықтардың көтерілуіне кедергі жасайды.
Егер басқа химиялық заттар теңіз суларында біраздан кейін тазаланады
деуге болады, ал басқа қалдықтардың биологиялық жолмен тазалануы мүмкін
емес. Өйткені ластанған суларға қосындыларды ыдырататын микроорганизмдер
қырылып қалады. Жоғарыда ескерткендей мұнай су бетін үлпек қабықпен жауып,
ауа жібермейді және өте жай ыдырайды. Осы себепті ол барлық мемлекеттерді
де ойландыратын ірі мәселеге айналды. Осы уақытта сол үшін танкерлерді
жууға жуындыны жағалаудан 50 миль жақынға төгуге тиім салынған. Әйтседе,
жағалаулардың ластануы жылдан-жылға артып келеді, себебі мұнай көбіршіктері
әдетте толқындармен жағалауға жиналады және кейінгі уақытта мұнай да
тасымалдау қисапсыз көп мөлшерде өсіп кетті.
Теңіз суларын мұнай қалдықтарымен ластауда негізгі рөлді танкерлер
атқарады. Қалдықтар суға кеме резервуарларын жуғанда немесе олар апатқа
ұшырағанда құйылады, әсіресе, ірі танкерлердің күйреуі аса қауіпті. Бұл
уақытта суға 200—300 мың тоннадай мұнай өнімдерді теңіз суларына ақтарылып,
орасан зор алқапқа жайылады. Оның әсері барлық тірі организмдерге бірден
қауіпті.
Мұнай қалдықтарынан әсіресе құстар ауыр зардап шегеді. Мұнаймен
ластанған суға құстар қонғанда, олардың қауырсындары майланып, жылу
ұстайтын және су жұқтырмайтын қасиетін жоғалтады. Осының нәтижесінде тері
астына қан ұийды да әліп қалады. Судың мұнай мен ластануынан жылына қаншама
құстар қырылатынын есептеп шығу мүмкін емес. Себебі олардың көбі ашық
теңіздердің үстінде қырылып қалады. Мұның қаншалықты қауіпті екенін мынадан
көруге болады. Мысалы, 1996 жылы Ньюфаулендте әрбір миль жағалауда 464 каир
өліктері табылған. Егер бұл санға осы себептен өлген тағы басқа оя бір
түрлі құстардың өліктерін қоса есептесе, бұл сан бірнеше есе өскен болар
еді. Осындай жағдай Атлантика мұхитының екі жағалауында жиі кездеседі,
себебі оны көптеген құстар қыста қоныс етеді. Теңіз суының мұнай
қалдықтарымен ластануы суда өмір сүретін сүтқоректілерге де үлкен әсер еді.
Әсіресе, бұл теңіз өміріне тікелей қатынасты. Бұл аңның терісі дүние
жүзінде жоғары бағаланады. Біздің қазақ жеріне бұл аң көп мөлшерде
кездеседі. Бірақ оны қалай болса, солай аулауға тиым салынған.
Су бетін үлпек жұқа көбікшемен жабатын мұнай қалдықтары
микроорганизмдер мен кішірек жәндіктердің де тіршілік негізін, күрт
өзгертіп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz