Темекінің қарынға әсері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Темекі тарихынан 2
Тұтанбаған темекі ғана зиянсыз 3
Темекінің организмдегі зияны. 5
Қыздар және темекі 8
Қолданылған әдебиеттер тізімі 11

Кім темекі шексе оның ішкі ағзалары да,
ақшалары да күйіп кетеді
Шығыс нақылы

Кіріспе

Темекі шегудің денсаулыққа тигізер зияны орасан зор. Темекі тартқанда
зат алмасу үрдісінің барлық түрлері зардап шегеді. Оттектің
жеткіліксіздігі, қан ұю, холестерин деңгейінің өсуі, барлық ішкі секреция
бездері қызметінің үрдісі бұзылады. Ер адамдардан жьшыстық әлеуметтік
кетеді. Бойжеткендер мен жас әйелдерде етеккір циклі бұзылады. Әсіресе
темекі түтіні ұрық және нәрестеге зиянды, никотин туар баланың жаңа шығып
жетіліп келе жатқан орталық жүйке жүйесінің жасушыларына зиянын тигізеді.
Жүктілік токсикоздың дамуына әкеп соғатын факторлардың бірі темекі түтіні.
Кейінгі кезде темекі тартатын адамдардың саны өте көбейіп кетті.
Осыған байланысты өлім-жітім де көбейіп тұр.
Темекі түтінімен созылмалы уланудан өлетін адамдардың саны басқа
себептерге қарағанда бірнеше есе көп.
Осылайша біздің Жер деп аталатын планетамызда тұратын адамзат
баласының миллион өлетіндері әрбір 4 күн сайын маскүнем, әр 3 күн сайын
автокөлік апатынан 1 құрбан, әр 3 күн сайын темекі түтінімен созылмалы
уланудан 1 адам өмірмен қоштасып отырады.

Темекі тарихынан

Темекі тарту ежелгі замандарда пайда болған. Мысалы Мысырда
фараондардың мүрделерін қазуда саз балшықтан жасалған темекі түтікшелері
табылған. Грек тарихшысы Герадот (6. д.д. V ғ.) скифтердің тұрмыс-
тіршілігін баяндай отырып, олар әрнайы тұтатылған шөп түтінін соратынын
жазады. Темекі тарту туралы дәлелдер І ежелгі Қытайда, Үндіде және бірқатар
Азия елдерінде табылған. Әйтсе де әлем халықтарының көпшілігі темекі туралы
көп уақытқа дейін ештеңе білмеді. Темекі тарту Американы ашқаннан кейін
ғана етек ала бастады. Еуропаға темекіні XVI ғасырдың әйгілі теңізшісі X.
Колумб әкелген деген болжам бар. Алғашқы уақытта темекі адам денсаулығына
пайдалы деп есептелінді. Дәрігерлер сырқаттарға темекі тартып немесе иіскеп
емделуге кең түрде кеңес беріп отырған. Еуропадағы алғашқы темекіні өсірген
де дәрігер. Франция королевасының емшісі Жан Нико оған иіскеп рахат күйге
бөлену үшін темекі ұнтағын жіберіп, оны емдік дәрі ретінде пайдалануға
кеңес береді. Сол Никоның аты-жөнімен темекінің негізгі әсер етуші улы заты
— никотин аталып кеткен.
Никотин - өсімдіктерде кең тараған у. Темекі түтінінің негізгі бөлігі.
Таза күйінде сарғыш келген май сияқты сұйықтық, өзіне тән қолайсыз иісі
болады.
XVII ғасырдағы Ресейде темекі тартуға тыйым салынып қана қоймай, оны
тартатындар аяусыз жазаланғаны да тарихтан белгілі. Петр I-шінің патшалығы
тұсында жағдай күрт өзгерді. Өзі өлермен тартқыш болғандықтан
айналасындағыларды осыған баулыса, кейінірек бұл әдет жұртшылық арасына кең
тарады. Темекінің әртүрлі қасиеттері туралы, қауесет тез тарап жатты.
Ақындар, өлеңдерінде мадақтаса, емшілер оны ем ретінде ұсынып жатты.
Мысалы, ағылшынның денсаулық туралы журналында Жаңбырлы күні ертеңгісін аш
қарынға тартылған темекі барлық ауруларға қарсы жедел де, әрі бір ғана ем
деп жазды. Темекінің қайғы-мұңды тез ұмыттыратыны туралы, темекі тартқан
Исаның мұжығы деген лақап та ел арасында көп тарады.
Бірақ темекі салдарлары көп ұзамай байқала түсті. Жан қинаған көк
жөтел, ерін, тіл, тамақ, өкпе аурулары тарай бастады. Темекі өртінен
көптеген материалдық шығындар келтірілді. Осылайша темекі тартуға қарсы
наразылықтар шығып жатты. Ағылшын королі Яков I былай деп жазды: Темекі
тарту жанарға залалды, келбетке кеселді, миға зиянды, өкпеге қатерлі әдет.
Темекіні әдетке айналдыру жөнінде Роберт Бертон Бұл апатқа айналды. Бізді
қоршаған ортаға, жерге, денсаулыққа кеселді қол салу. Осының бәрі тозақы,
сайтан соққан, қарғыс атқан, жан мен тәнді бұзып, азапқа салатын темекі
деп жазды.
Шіркеу де темекі тартуға қарсы шықты. Темекі тартушылар өз көрін өзі
қазатындар, өзіне өзі қол салғандар деген сияқты сындарлы пікірлер
айтылып жүрді. Темекі тартуға тыйым салатын қатаң заңдар шығарылып,
орындамағандар аяусыз жазаланды. Алайда зиянды әдетті тоқтату өте қиынға
соқты. Уақыт өткен сайын темекі кең құлаш жайып, орасан кеңістіктерді
жайлап кетті. 1901 жылы - дәрігер Л. Ляховский былайша кейістік білдіреді:
Бай да, кедей де, еркек те, әйел де, сау да, ауру да, үлкен де, кіші де
барлығы да темекі тартады.

Тұтанбаған темекі ғана зиянсыз

Кәсіпкерлер темекіні табыс көзіне айналдырды. XIX ғасырдың ортасына
дейін ғалымдар қолында темекінің зияндылығын. дәлелдейтін нақтылы
мәліметтер болмады. Әйтсе де темекіге қарсы күрес әсте бәсеңдемеді. Темекі,
құрамындағы улы зат — никотиннің табылуы осы күрестегі қуатты құралға
айналды. Қазір ғалымдар тартылған темекі құрамында жүздеген уытты
заттардың, соның ішінде радиоактивті полоний —210-ның, залалды ісіктердің
өрбуіне ықпал ететін бензопиреннің, дибенопиреннің, темекі қара майының,
қышқылдардың 500-ге тарта түрінің, әртүрлі қоспалардың уытты
элементтерінің, ауа қабатындағы құрамынан он есе асып түсетін (0,146
процент) көмір қышқылының, көміртегі тотығының тағы сол сияқты залалды
заттардың бар екенін дәлелдеп отыр.
Темекі жаңалап тартқан сайын түтінмен ішке баратын уытты заттар
молайып, өмірлік маңызды мүшелерді үсті-үстіне уландыра береді. Темекінің
соңғы үштен бір бөлігі аса қауіпті. Онда көміртегі қышқылы 5 есе,
бензопирен — 4 есе, никотин —3 есе, қара смола — 3 есе, аммиак — 46 есе
көп. Сондай-ақ басқа да уытты заттардың қосындылары қан арқылы бүкіл өн-
бойды улап өтеді. Тыныс алу жолдары ерекше зардап шегеді. Созылмалы
бронхит, трахеит, астма, өкпе эмфиземасымен өкпе, ерін, тіл жұтқыншақ рагы
сияқты аурулардың пайда болуы көп күттірмейді. Темекі тартахындардың өкпе
рагына шалдығуы тартпайтын адамдарға қарағанда он есе жиі кездеседі. Ракпен
ауырған 100 еркек адамның, тоқсаны темекі тартатындар. Сілекей арқылы
кеңірдек пен асқазанға түскен никотин жүректі айнытып құстырады, салдарында
асқазан мен тоқ ішектің қабырғаларында ойық жаралар пайда болады. Соңғы
уақытта дәрігерлерді темекінің жүрек және қан тамырларға залалды әсері
алаңдатып отыр. Никотин мен көміртегі тотығы оттегінің алмасуын қиындатып,
темекі тартылғаннан кейін 30—40 минөт қан тамырларының жұмысын әлсіретеді.
Әрбір жарты сағат сайын тартылған темекі салдарынан қан тамырлары үнемі
әлсіз жұмыс істейді де оттегінің адам ағзасына таралуы баяулап, жүр
шаншулары пайда болып, инфаркқа ұрындырады. Есептеу мәлімдеулеріне
қарағанда темекі тартатындар миокард инфаргіне бес есе, миға қан құйылып
кетуден 3 есе көбірек мерт болады екен. Темекі аяқ тамырларының тарылуына,
бұлшық еттерінің ауыр-сырқаттарына соқтыратынын тәжірибе көрсетіп жүр.
Тіпті, ауру аяқты кесуге тура келетін кездер де болады.
Тартылған әрбір темекі сайын С витамині жойылып отырады. Ортақ нерв
жүйесінің, ішкі темір секрецияларының жұмысы бұзылып, жыныстық қатынас
төмендеп, көз, құлақ зардап шегеді.. Шетел ғалымдары никотин мен темекі
түтінінің ысы аллергиялық аурулардың, көбеюіне себепші екенін дәлелдеді.
Сөйтіп, қазіргі кезеңде темекінің адам ағзасына келтірер зияны өлшеусіз әрі
өте-мөте залалды екені бүкпесіз.
Фильтрлі темекінің: қағаз өткізгіші никотиннің 2 процентін, қоспа
заттардың 10 процентін, радиоактивті полонийдің 8 процентін, мышьятың 1,9
микрограмын тұтып қалады екен. Фильтр көміртегі тотығын, перидин
қоспаларын, қорғасын мен басқа да уытты заттарды тұта алмайды. Одан темекі
қауіпі төмендеді деуге де болмайды. Залалсыз темекі шығару барысындағы
көптеген талпыныстар нәтижесіз аяқталды. Сигарлар, трубкалар арқылы тарту
зиянсыз деген пікірлер де негізсіз. Олардан, ауыз, жұтқыншақ, ас қорыту
мүшелерінің залалды ісіктерге шалдығуы жиі-жиі кездеседі.
Темекі шығаратын монополиялар никотині мен смоласы аз, зиянсыз
сигареттер дегенді әрдайым жарнамап жатады. Бұл да шындыққа сәйкессіз. АҚШ-
тың рак аурулары ұлттық институтының бас директоры, доктор A. Алтон
тұтанбаған темекі ғана залалсыз деп шынайы шындықты мысқылмен ескертеді.

Темекінің организмдегі зияны.

Темекінің жүрекке әсері. Жүрек 300 грамм. Күніне жүз мың рет
жиырылады, 14 тонна қанды өткізеді. Бұны 1 күнге, 1 жылға, 10 жылға
көбейтсек қанша болады. Сонымен жүректің мықтылығымен, тиімділігіне,
жұмысына сай келетін, оны ауыстыратын әлі ешқандай аппарат жоқ. Ал, жүрек
қанды мыңдаған километр болатын қан тамырларының бойымен қозғайтындай
күшпен шығарады. Организмдегі триллион шамасындағы клеткаларды оттегімен
қоректеніп отырады. Егер миға бірнеше секунд ішінде оттегі қан бармай
қалса, өмір тоқталады. Олай болса, күндіз-түні демалыссыз, қызмет ететін
жүрек жұмысына темекінің әсері қандай? Темекі тартатын адам жүрегі минутына
20 рет артық жиырылады, күніне 15 000 рет деген сөз. Бұл нормадан 1,5 тонна
артық қан айдайды деген сөз. Ол тек жүрекке емес, қан тамырларына әсер
етіп, спазм жағдайын туғызады. Темекі әсерінен, организмге оттегі
жетпейді, бас ауырады, жүрек сыздайды, қол-аяқ сыздайды. Сондықтан да,
қазір дүние жүзінде жүрек қан тамыр ауруларын басқа аурулармен
салыстырғанда - ''Чемпион'' атанып отыр. Миокард инфарктынан жастар өлуде.
Стенокардияны - темекі тудырады, темекі тартушылар - аяғынан айырлады
- ол эндоартерит, онымен ауырған адамға өлім есік қағып тұрғандай, бұл
аурудың жағдай да өте ауыр.
Темекінің өкпеге әсері. Тіршілік ету үшін таза ауа қажеттілігін
барлығымыз білеміз. Біз қандай ауамен демаламыз, ал темекі тартатындардың
жағдайы қалай дегенді ойласақ. Онда оның жауабы мынандай темекінің
құрамында 4000 жуық әр түрлі зиянды заттар бар. Ол өте зиян, өйткені ол
толық жанбай түтіндейді, сондықтан да белгілі бір температурада бір-біріне
қосылып, зиянды заттар түтіні организмді улайды, алдымен көмір қышқыл газы
организмге еніп, организмді улайды. Темекі тартатын адамдардың ең бірінші
белгісі оларда жөтел пайда болады. Оны медицинада ''темекі шегушілердің
бронхиті'' деп атайды. Бұл организмнің өзіне қауіп төнгендігі туралы
алғашқы дабылы, одан әрі одан да қиын аурулардың күтіп тұрғандығын
сездіреді. Дегенмен, темекі тартатын бұған көңіл бөлмейді. Чехословакияда
өткен онкологтардың съезінде өкпе рагымен ауырғандардың 98,7 пайызы темекі
тартатындар екендігі дәлелденген.
Темекі тартатын адамдардың тыныс алу жолдарының әр түрлі ауруларына
көп шалдығатындықтары дәлелденіп отыр. Оны француз ғалымдары туберкулезбен
ауырған 100 адамның 95-інің темекіні көп тартушылар екендігін айтып отыр.
Бұдан басқа да тыныс жолы аурулары: ларингит, созылмалы бронхит және т.б.
аурулардың тудырушысы темекі. Өйткені, темекі өкпенің ішкі қабаттарын
қалыңдатады, сөйтіп ол өзінің серпінділігін сезімталдығын жояды. Осылайша
темекі смоласы альвеолдарда жиналады, олар ісінеді, ол өзінің газ алмасу
қызметін атқара алмайды.
Бірақ, оқушылардың темекі зиянын нақты біле бермеуінен, темекі
тартатындар санын оқушылардың толтыратындары анықталып отыр.
Темекінің қарынға әсері. Қарынның атқаратын қызметі оның құрылысы,
қарын бездері, оның сөлінің қызметінің адам үшін маңызы зор екендігін әркім
біледі. Темекінің қарынға және ас қорыту органдарына әсері қандай?
Темекі ас қорыту органдарына әсерді ауыздағы сілекей бездері мен
тістерге әсерінен бастайды. Тістерге темекі ысының (60)-ға дейінгі қызуы
темекі эмалын бұзады, ол сарғаяды, зақымдалады онан әрі сілекей бездерін
қоздырып, ол көп мөлшерде бөлінеді, ал жартысы тамақ пен бірге қарынға
өтеді. Ол қарынның нерв жүйесіне әсер етеді, осылайша қарынның ішкі
сілемейлі қабатын қоздырады. Онан әрі ол қарынның бұлшық еттеріне әсер
етеді. Осылайша қарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темекінің организмге әсері
Ішімдіктің тыныс жолдарына әсері
Темекінің адам денсаулығына әсері
Темекі түтінінің құрамы
Темекі тарту – зиянды әдет. Аналар темекiге қарсы
Антигельминттік препараттар
Мектеп оқушыларын тамақтандырудағы қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Салауатты өмір салты туралы мәлімет
Сарымсақтың пайдасы жіне қызықты мәліметтер
Темекінің жүрек-тамыр жүйесіне әсері
Пәндер