Темекі түтінінің құрамы
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Темекінің шығу тарихы 2
Тажал түтіні 3
Темекінің организмге кері әсері 6
Темекі түтінінің құрамы 6
Тұтанбаған темекі ғана зиянсыз 8
Темекі тартпаған денсаулығын сақтаған 10
Зерттеу нәтижелері 10
Тұтанған темекі түтіні 10
Қорытынды 13
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 14
Кіріспе
Кім темекі шексе оның ішкі ағзалары
да, ақшалары да күйіп кетедің
Шығыс нақылы
Мен өз курстық жұмысымды темекінің зияны, кеселі туралы жаздым. Бұл
қазіргі заманымыздың көкейкесті, кеселді проблемаларымыздың бірі.
Ата тегі темекі дегенді білмеген қазақтың қазіргі уақытта, шамалап
айтқанда, үштен бір бөлігі осы зиянды әдетке үйір екен. Темекінің
денсаулыққа зиян екендігінен мектеп жасындағы баладан бастап еңкейген
қартқа дейін хабардар. Бала кезімізден құлаққа сіңген "Бір тамшы никотин
жылқыны өлтіреді", "Темекі шеккен адам өкпе обырына шалдығады" деген
дәйектер бізді соншалықты қорқытпайтын да секілді. Басқаны былай қойғанда,
ерніне темекі қыстырған оқушы, бойжеткен, әйел көбімізге ерсі көрінсе де,
бұған таң қалуды әлдеқашан қойғанбыз. Көшелерде, аялдамаларда, парктерде,
кафелер мен мейрамханаларда бұрқыраған көк түтінге бойымыз үйреніп қалғаны
соншалық, ондай жерден қорқоршыларға "қой, мынауың әдепсіздік" дейтін
біреудің табыла қоюы екіталай.
Темекінің шығу тарихы
1492 жылы Христофор Колумб және оның теңізшілері Орталық Американың
Багама аралдарының бірі — Гуанаханиде кейіннен оны Сан-Сальвадор деп
атаған Үнді еліне барады. Ол жердің тұрғындары алыстан келген қонаққа бір
өсімдіктің жапырағын тарту етеді. Осы өсімдіктің жапырағын ширатып беріп,
оны тұтатуды өтінеді. Ол өсімдіктің аты петум екен. Петум деген сөздің
мағынасы табак деген ұғымды береді. Америка үндістері темекі шегуді діни
әдет ғүрыппен байланыстырады. Христофор Колумб Испанияға темекі қорын алып
келіпті. 1493 жылы Европа бойынша бірінші рет Испанияда темекі егіліпті.
ХҮІ ғасырда темекі Францияға таралған. Франциядағы Португалия елшісі
Жан Нико өсімдік өсіруге құмарлығының арқасында темекі өсірген. Жан Никоның
құрметіне темекінің құрамындағы затты никотин деп атаған. Франция
королевасы Екатерина Медичи бас сақинасымен ауыратын болған. Жан Нико оған
темекінің жапырағын ширатып иіскеуді ұсынған. Темекінің иісі королеваның
бас ауруына ем болған екен.
Темекінің адамға зиянын бірінші рет Англияда байқаған. 1585 жылы осы
елде темекі тартқан адамға қатаң жаза шығарылған. Ал, Италияда темекі
тартқан адамды шіркеуге кіргізбеген.
ХҮІ ғасырда темекі Испанияға, Португалияға, Англияға және Голландияға
кеңінен таралған. Ресей жеріне темекіні Архангел саудагерлері әкелген.
Ресейде темекі тартуға Романов тыйым салған. 1630 жылдан бастап темекі
тартқан адамды 600 рет дүремен жазалаған. Қазақ елі Ресей отаршылдығына 300
жыл бұрын алынды. Ендеше темекі де сол кезден бастап жерімізге келді десек
болады. Сонымен темекінің 500 жылдық тарихы бар.
Тажал түтіні
Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы
ұйымдастырған семинардың бірінде 2003 жылғы мәліметтерге қарағанда,
дүниежүзі бойынша жеті миллион өлімнің 26 пайызы арақтың, 3 пайызы
есірткінің, 71 пайызы темекінің кесірінен болған деген ақпаратты
естігенде аң-таң болғанымыз бар. Расында да, талай адамды жыландай жалмап,
талай тағдырды күйреткен, талай шаңырақты шайқалтқан арақ пен есірткінің
қасында жәй ермек көрінетін темекінің адам ағзасына тигізер зардабы
әлдеқайда басым. "Әнебір кісі темекіден өліпті" дегенді естімейсіз де,
көрмейсіз де. Бұл тұстағы әңгіме шылым шегуден туатын зардаптар — аурулар
жөнінде. Қазақстанда жыл сайын 25 мың адам темекіге әуестену салдарынан
қайтыс болады. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша,
әлемде темекіден туындаған науқастардан жыл сайын 3,5 млн. адам өледі.
Қорқоршылар саны жылма-жыл өсіп келеді, 2020 жылға қарай темекі жылына 10
млн. адамның өмірін әкететін болады.
Балалар мен жасөспірімдер арасында темекінің жаппай сәнге айналуы
қауіпті үрдіс сипатына ие болып отыр. Алғаш рет темекіні бұлар жәй
қызығушылықтан, қатарынан қалмау үшін, достарынан ерекшеленбеу үшін
немесе ата-анасына ерегісіп (араларында 1 жанжал болған жағдайда) тартады.
Никотиннің осы тұстағы қаупі мынада: ересектермен салыстырғанда
жасөспірімнің оған деген физикалық тәуелділігі тез дамиды. Яғни, ол әлі
темекіні дұрыс тарта алмаса да, ағзасы бұны үнемі талап етіп тұратын
болады.
Темекі түтінінде формальдегид, бензол және обыр тудыратын тағы да
басқа өте улы заттар бар. Темекіге 25 жастан бастап үйір болғандармен
салыстырғанда бүл әдетке 15 жастан бастап үйір болғандарда обыр сырқаты бес
есе жиі ұшырасады.
Шылым шегу барысында қанға көміртегі қышқылы түседі. Бұл барлық
ағзаларда, соның ішінде мида, оттегінің жетіспеуіне алып келеді. Ер бала
ағзасында оттегінің үнемі жетіспеуі болашақта белсіздік тудырмақ. Ал қыз
бала бұл зиянды әдеттен арылмаса, жүктілік кезінде оған қан кету, түсік
тастау, кейде сәбидің өлі тууы секілді қауіптер төнеді.
Адам бойында темекінің залалы тимейтін ағза жоқтың қасы: өкпенің
созылмалы аурулары, жаңа туған нәрестелердегі асқынулар, жүрек-қан тамыры
аурулары, атеросклероз, тромбоз, жүрек аритмиясы, ауыз қуысының, ұйқы
безінің, асқазанның обыры, жатыр обыры, инсульт, өкпе обыры болып жалғаса
береді. "Бұл темекісі құрғырдың асқазанда, жатырда несі бар?" дейсіз ғой.
Сеніңіз, сенбеңіз — бұлар ғылыми түрде дәлелденген шүбәсіз ақиқат. Темекі
әсіресе жүрекке қатты соққы береді. Темекіні күніне қаншалықты жиі
тартсаңыз, ишемиялық инсульт каупі де соншалықты ұлғая түспек. Шылымның
кесірі бұнымен де бітпейді, ол — адамның психикалық саулығына және ұрпақ
өрбіту қабілетіне қауіп төндіретін басты себептердің бірі. Таңғаларлық
жәйт. Әсіресе, темекі шекпейтін адамдардың ауа арқылы оның түтінімен тыныс
алуы аса зиянды. Бұларда да өкпе обырының, жүректің ишемиялык, сырқатының
қаупі басым. Ал ата-анасы немесе туыстары темекі шегетін және үнемі темекі
түтінімен тыныс алатын сәбидің аяқастынан шетінеуі мүмкін.
Еліміздің Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы кең
ауқымды екі зерттеу жүргізген. Осы зерттеулердің мәліметтеріне бақсақ,
Казақстанда ересектерлің үштен бір бөлігі темекіге әуес. Балалар мен
жастарға қатысты мағлұматтар да көңіл қуанта қоймайды: 12-14 жас
аралығындағы балалардың 10 пайызы, 15-17 жастағылардың 21 пайызы, 18-19
жастағылардың 32 пайызы, 20-29 жастағылардың 39 пайызы шылым тартады екен.
Темекі шегуді әдетке айналдырғандардың басым көпшілігі 29-59 жас
аралығындағы еңбекке қабілетті ер адамдар. Ұрпақ өрбітуге қабілетті қала
әйелдерінің 8 пайызы, тіпті ауыл әйелдерінің 7 пайызы осы зиянды әдетке
үйір.
Темекі өндіріп, сату — мол пайда көзі. Бұл тұрғанда елімізде сегіз
бірдей темекі компаниясы жұмыс жасайды, олар жыл сайын 9000 тонна темекі
шығарады, Жалғыз "Филип Моррис" компаниясының өзі Қазақстанда бір жылда 18
млрд. тал темекі шығарады. Оның үстіне шетелдерден 3 млрд. темекі
әкелінеді. Еліміздің темекі компаниялары жыл сайын 500 млн. АҚШ доллары
шамасында пайда табады екен. Көрдіңіз бе, өз-өзімізге, қоршаған ортамызға
зиян келтіреміз, ұрпағымыздың тамырына балта шабамыз да, шетелдерден бізді
"жарылқауға" келген алпауыттардың қалталарын толтырамыз. Ал олардың
өнімдерінің сапасына келер болсақ, ол өз алдына бөлек әңгіме.
Осы жайларды реттеу, бақылау үшін, болашақ ұрпағымыздың саулығы үшін
мемлекет тұрғысынан кең ауқымды пәрменді шараларды іске асыру қажет екені
түсінікті. Көңілге демеу болары, қол қусырып әрекетсіз отырмыз деп айта
алмаймыз. 2002 жылдың 10 шілдесінде Президентіміз "Темекі шегудің алдын алу
және шектеу туралы" заңға қол койды. Заңның басты мақсаты — балалар мен
жасөспірімдердің темекіге үйір болуын шектеу, сондай-ақ халқымыздың
денсаулығын темекі түтінінен қорғау. Аталмыш заң он сегіз жасқа
толмағандарға темекі сатуға, темекіні теледидар мен радиода, кәмелетке
толмағандарға арналған баспасөз құралдарында, көліктерде жарнамалауға,
жарнама мақсатында темекіні тегін таратуға тыйым салады.
Жоғарыда аталған мәліметтер мен бұл іс-шараларды салыстырып, бір-
біріне қарсы қойсақ, біздің әрекетіміздің қауқарсыз екендігіне көз жеткізер
едіңіз. Заңның шығарылуы бір бөлек те, оның тиісті дәрежеде орындалуы бір
бөлек шаруа екендігі тағы белгілі. Ірі монополист-алпауыттарды былай
қойғанда, азын-аулақ тауарына бес-он теңге қосып, ұсақ-түйек сауданы
күнкөріс көзіне айналдырып отырған жәй коммерсанттар үшін негізгі пайда
көзі темекі мен арақ екені ешкімге де құпия емес. Келіп түрған клиенттің
мектеп оқушысы екенін іші сезсе де, тиын санап тұрған сатушының: "құжатыңды
көрсет, жасыи он сегізге толмаса саған тауарымды сатпаймын" деуі күмәнді.
Бүгінгі күнде індетке айналып тұрған осы бір кеселге тосқауыл қоюдағы
қиыншылықтар мен кедергілер бұнымен шектелмейді, әрине. Дәл осы тұрғыда
жарнама, теледидар, баспасөздің, тіпті өр азаматтың сана-сезімінің де,
қоғамдық пікірдің де атқарар мәні аса зор.
Мәселенің байыбына жете түсу үшін әдеттегідей АҚШ тарихының бір тұсына
үңілейікші. Американдықтар қорқоршылыққа қарсы күресті 1964 жылы бастаған.
Бұл елде осы мақсатқа жыл сайын жұмсалатын қаржы көлемі 100 млрд. долларды
құрайды. Бүгінгі күні АҚШ-тағы қоғамдық пікір өткен ғасырдың екінші
жартысындағы жағдайдан мүлдем өзгеше. Американдықтардың басым көпшілігі
темекінің ауыр сырқаттарға шалдықтыратынын, оған үйір болған адамның бұл
зиянды әдеттен арылуы қиын екенін біледі, темекі өндіретін компаниялар аса
қошеметтелмейді, темекіге әуес саясаткер жоғары лауазымға көтеріле
алмайды... Осының бәрі пәрменді саясаттың, насихаттың нәтижесінде ғана
жүзеге аспақ.
Темекіге қарсы саясатты одан әрі жетілдіру үшін, 2003 жылдың сәуірінде
Қазақстанда темекіге қарсы әрекеттердің ұлттық жоспары дайындалып,
келісілді. Басты мақсаттардың бірі мамандарды және медициналық
қызметкерлерді темекіге қарсы күреске жұмылдыру. Яғни, әрбір дәрігер
темекіден бас тартуға, жұмыс орнында темекі шекпеуге, темекіге қарсы
насихат жүргізе отырып, өзгелерге үлгі көрсетуге тиіс. Үкіметіміз,
Денсаулық сақтау министрлігі, Салауатты өмір салтын қалыптастыру
проблемаларының ұлттық орталығы темекіге тосқауыл қоюда үлкен жұмыстар
атқарып жатыр. Қазакстанда үшінші рет "Темекіні таста да жеңіп шық" атты
халықаралық компания өткізілді. Оған 20 мыңнан астам қорқоршы қатысты.
Орта, мектептер мен жоғарғы оқу орындарында темекіге әуестіктің алдын алу
жөніндегі сабақтар өтеді.
Темекіге тосқауыл қоюдағы тағы бір бағыт — қорқоршыға көмек көрсету
және емдеу. Осы мақсатта елімізде темекіге қарсы орталықтар жүйесі құрылды.
Алматы қаласының өзінде осындай төрт орталық бар. Аталған шаралардың
нәтижесінде, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық
орталығы өткізген зерттеулерге сәйкес, әсіресе 12-14 және 15-17 жас
аралығындағы балалар арасында темекі шегу деңгейінің төмендеу үрдісі
байқалады.
Халқымыздың, ұрпағымыздың денсаулығы - жас мемлекетіміздің даму
бағдарламасындағы басты мәселелердің қатарында. Өркениетті ел болуға
ұмтылыс жасап отырған мемлекетіміздің жас ұрпағы осы кезден бастап
темекіден бас тартып, денсаулығы мықты, рухы биік азаматтарға айналса, бұл
да ел болашағы үшін үлкен серпіліс. Бұған қол жеткізу үшін ұлттық тәрбиені,
діни, адамгершілік тәрбиені мықтап қолға алу қажет-ақ. Темекі
жарнамаларына да күшті тосқауыл қоятын күн жетті. Ал шылым тартпайтын әр
азамат қасындағы қорқоршыға: "Бұл жерде темекі шекпеңіз. Бұл менің
денсаулығыма зиян" деуге толық құқылы. Денсаулығыңыз қашанда өз қолыңызда
екенін ұмытпаңыз.
Жасөспірімнің темекіге әуестенуі оның жынысына байланысты емес.
Әлемнің І50 елінің миллионнан астам жастары қатысқан кең ауқымды зерттеудің
нәтижелеріне сенсек, ер балалардың да қыз балалардың да темекі шегуді
әдетке айналдыру мүмкіндігі теңбе-тең. Бұл мәліметтер осы зиянды әдеттің
алдын-алу шараларын жоспарлау үшін аса маңызды. Атап айтар болсак, ендігі:
кезекте темекінің ұрпақ өрбіту қабілетіне үлкен зардап тигізетінін баса
көрсететін қыз салаларға арналған арнайы бағдарламалар құру қажеттігі
айқын, Оның үстіне, ересектер балаларының шылымға үйір болғанына аса назар
аудармайтын да көрінеді. Сауалнама жүргізілген ата-аналардың 34%-ы ғана
олардың темекі тартуына қарсы екендіктерін айтқан.
Темекінің организмге кері әсері
Темекі шегу адам денсаулығына зиянды екені белгілі. Соған қара-мастан
темекі шегушілер саны азаяр емес. Қазіргі таңда осы зиянды әдетке қарсы
дүниежүзілік деңгейде күрес жарияланып, оның адам өміріне қауіпті екендігі
кеңінен насихатталуда.
Адамдар неге темекі шегеді?
Бұл сұраққа жауап іздеу максатында тұрғындардан төмендегідей жауаптар
алынған: статисикалық деректерге сүйенетін болсак, сұрастырылғандардың
басым көпшілігі темекі шегуді жас шағынан бастаған болып шыкты, қазіргі
танда жасөспірімдер былай тұрсын, төменгі сынып оқушыларының осы жаман
әдетке әуес болып жүргені баршамызга мәлім. Онын себебі темекіге
қызығушылық болса керек. Жас балалар еліктегіш болып келеді. Олар
үлкендерге, достарына, кино, теледидар жұлдыздарына, белгілі тұлғаларға
еліктейді. Мысалы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы темекі жарнамалары,
белгілі тұлғалармең сұхбат, кино жұлдыздарымен кездесулер кезіндегі олардың
темекі шегуі сияқты жайттар жасөспірімдерге кері әсерін тигізеді. Сонымен
бірге, бұған отбасындағы атмосфера әсер етеді. Мысалы, ата-анасы қосылып
темекі шексе, оларға карап бала да темекіге әуестенеді. Келесі біреулер өз
қатарынан қалғысы келмей, заманға сай болғысы келеді.
Темекі түтінінің құрамы
Ал, енді темекі түтінінің құрамына кіретін заттар жайында айтып
өтейік. Шетелдер мен отандық ғалымдардың көпжылдық еңбектерінің нәтижесінде
сигарет түтінінде 4000-нан астам химиялық элементтер, 40-тан астам улы
заттар бар екендігі дәлелденген, солардың ішінде атап ай-татын болсақ:
Смола — рак ауруын тудыратын химиялык қоспа.
Никотин — үйренуге мүмкіндік беретін өте күшті наркотик.
Көміртегі — дәмсіз, иіссіз улы газ.
Кадмий — батареяда қолданылатын жоғары токсикалык зат.
Формальдегид — өлі денені консервілеуге қолданылатын жоғары токсикалық
зат.
Адетон — тұрмыста кең қолданылатын еріткіш.
Бензол — жылу және химиялық өндірісте қолданылатын еріткіш.
Мышьяк — өлімге әкеп соктыратын улы зат.
Темекінің организмге әсері:
а) Нерв жүйесіне: никотиннін ОНЖ-не деген кері әсері алдымен оның
қозуымен кейіннен оның тежелуімен сипатталады. Осының салдарынан темекі
шегушілердің ұйқысы қашып, тәбеті бұзылып, тез ашуланшақ болады. Сонымен
қатар, темекі адамның ойлау қабілетіне де кері әсер етеді: оларда еске
сактау қабілеті бұзылады, басының ауруы, ұйқысының кашуы, қолдарының
дірілдеуі, еңбекке деген қабілеттілігінің төмендеуі, көңіл-күйінің бұзылуы
байқалады. Темекі шегушілерде бастың айналуы, құсу, естен тану тәрізді
өзгерістер жиі орын алады. Бас миы қан-тамырларының склерозы дамып, соның
кесірінен мидың қажетті заттармен, оттегімен қоректенуі нашарлап,
эпилептикалық ұстамалардың дамуы мүмкін. Темекі шегетін адамдарда темекі
шекпейтіндермен салыстырғанда миға қан төгілу 3-4 есе жиі кездеседі. Табақ
ОНЖ-не наркотикалық әсерін де тигізеді: адам еркінен айрылып, темекіге
толығымен тәуелді болады. Бұл тәуелділік уакыт өткен сайын күшейіп, адам аш
қарынға немесе түн ішінде тұрып, тамақтан кейін темекі шегуге мәжбүр
болады. Кейбір адамдар темекі шекпес бұрын жұмысқа кірісе алмайтын жағдайға
жетеді.
б) Тыныс алу жүйесіне: темекі шегетін адамдарда жұтқыншақтың,
көмейдің, бронхтар мен өкпенің созылмалы аурулары жиі кездеседі. Темекінің
түтіні жоғарғы тыныс жолдары арқылы өткенде мұрын-жұтқыншақ, көмей, трахея
мен бронхтардың шырышты қабатын тітіркендіріп, олардан шырыш пен сілекейдін
көптеп бөлінуін тудырады, ал шырыш пен сілекейдің жиналуы бронхтардын
шырышты қабатын тітіркендіріп, жөтелді тудырады. Темекі түтінінің
құрамындағы тітіркендіргіш заттар бронхтардың кеңістігін тарылтып, олардың
қабырғасында орналасқан бездер көлемінің үлкеюіне, қақырықтың жиналуына
әкеп соғады. Осының барлығы өкпенің инфекцияларға деген қарсылығын күрт
төмендетеді. Соның салдарынан ларингит дауыстын қарлығуы, трахеит,
созылмалы бронхиттер, бронхиалды астма демікпе, өкпе эмфиземасы, рак
басқа да патологиялар біртіндеп дамиды.
в) Жүрек-қантамырлар жүйесіне: темекі түтінінің құрамындағы улы
заттар қанға түскеннен кейін 21-23 секунд ішінде барлық ткань-дерге тарап
үлгереді. 2-3 сигарет шеккеннен кейін ұсақ қан тамырлары 20-30 минутқа
дейін тарылған күйде болады, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz