Ішімдіктің ұрпаққа әсері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Ішімдіктің организмге әсері 2
Адамдар неге ішеді? 6
Не істеуге болады? 7
Ұрық тазалығын сақтаудың мәнін түсіну 8
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 12

Кіріспе

О, Жасаған, Жасаған!
Не демейді мас адам,
Ішпейін-ақ десем де,
Шыға келед тасадан.
(Маскүнемнің өлеңінен)

Алкоголизм эпидемиялық сипатқа ие болып барады. Салауатты өмір салты
туралы қалам тартқан кезде алкоголизм (маскүнемдік) проблемасына соқпай
кете алмайсың... Бұл өкінішті-ақ. Өйткені арғы ғасырда арақ туралы білмеген
халық, кеңестік үкімет тұсында осы бәлеге душар болды. Енді андыздап өре
түрегеліп оны арамыздан аластамасақ, бұған қарсы насихат жүргізбесек бірте-
бірте отты суды молынан ішкен үндістер тәрізді мүлде азайып кетуіміз
мүмкін.
Статистика көрсетіп отырғандай Америкада 17 жастағы әрбір 7-ші
жасөспірім ішімдікке салынған, ал Францияда жасөспірімнің 25 проценті
күніне үш стакан шарап ішеді. Ал, Бельгияның ғалымдарының айтуынша
жасөспірім ұлдардың 40 проценті, ал қыздардың 27 проценті күнінен ең аз
дегенде 1 стакан сыра ішеді. Ал, Германияда ішімдікке салынғандардың 10
проценті 12-15 жас арасындағы жастар.
Қазақстанда 1997 жылғы есеп бойынша маскүнемдік дертіне шалдыққандар
саны - 3768, олардың 3295-і әйелдер, жас шамаларына шыққанда 15-17 жас
аралығындағылар 2999, 18-59 жас аралығындағылар - 34481.
Міне көріп отырғандай қазіргі кезеңдегі жағдайда апаттың барлық
қаһарлы белгілері бар.
1985 жылдары бұрынғы Кеңес Одағында құрғақ заң шыққаны жұрттың
есінде, бірақ оның аяғы сиырқұйымшықтанып кетіп, Кеңес Одағы ыдырағаннан
кейін мүлде жайына қалды.
Қазіргі Қазақстанда бұл салада арнайы бағдарлама жоқ десем қателесе
қоймаймын. Бар болғаны полицияның айықтырғыш деп аталатын қапестері мен
өткен жылы шыққан жарнама туралы заң ғана. Бұған да шүкіршілік деуге
болады, өйткені бұрнағы жылдары арақ-шарап пен темекінің теледидардан
жарнамалары топан судай қаптайтын. Осыған біршама басу болғанымен арақ-
шарап шығаратын фирмалар мұндай жағдайға да бейімделіп алды. Ал, ендігі
жерде мен арақтың адам организміне зиянынан бастап сонан әрі қарай
жұмысымның арнасын соза түсейін.

Ішімдіктің организмге әсері

Ішімдіктің тірек-қимыл жүйесіне әсері. Теледидардан берілетін
ақпараттардың өзінде жүргізуші ішімдік ішу нәтижесінде жол апаты
болғандығын хабарлап жатады.
Аз болса да ішкен адамның өзінің сезу реакциясының жылдамдығы 0.5
секундқа баяулайды. Осы жағдайдың өзі апат жағдайының пайда болуына
жеткілікті. Егер машина 60 кмсағат жылдамдықпен келе жатса, ішпеген
қалыпты адам жолда пайда болған кездейсоқ жағдай әсерінен сезім реакциясы
нәтижесінің нашарлауынан 10 метр қашықтықта айналып өтеді, ал 0.5 секундта
машина 8.3 метрге қозғалып кете алады, ал қалған 1.7 метрге бұрылу не
тоқтату мүмкіндігі азаяды. Бұл аралықтың азаюы апатты жағдайдың тууын 6 рет
көбейтеді, яғни апатты жағдай туындады. Бұл - жүргізуші ішімдік ішкен
жағдайда туындайтын жағдай. Егер жаяу адам ішімдік ішкен болса, онда жаяу
адамның да, сезу реакциясы осылайша төмендейді, ол да кездейсоқ жағдайда
тез жауап бере алмағандықтан, апатты жағдай пайда болады.
Қан айналу жүйесіне ішімдіктің әсері. Ішкіш адамның жүрегі мен қалыпты
адам жүрегін салыстырғанда 1,5-2 есе үлкейген. Жүрек осының салдарынан
өзіне тиісті қызметті толық орындай алмайды. Жүрек майланады, ішімдік
әсерінен қан тамырларының қабырғалары өзгеріске ұшырайды, артерия тамырлары
бітеліп, тканьдерге қоректік заттар бармайды. Ішімдік әсерінен эритроциттер
мен лейкоциттердің қандағы саны азаяды, ол сүйек кемігінің зақымдалуынан
болады. Организмдегі оттегін басқа органдардан 7-9 есе көп қажет ететін ми
клеткаларының жұмысы бұзылады.
Қанның қызыл клеткаларын ішімдік бұзады, газ алмасу процесі бұзылады. Газ
алмасу процесі бұзылғандықтан, адам организмдегі жалпы зат алмасу процесі
бұзылады.
Ішімдіктің тыныс жолдарына әсері. Өкпеге ішімдіктің иісі, оның ыдырау
өнімдерінің өзі өкпе тканіне теріс әсер етеді. Өкпе сыйымдылығы азаяды,
тыныс жолдарын қабындырады.
Ас қорыту жолдарына әсері. Ішімдіктің аз мөлшерінің қарын сөлінің
қызметін тездететіндігін, ал қарын сөлінің көп мөлшерінің оның жұмысын
нашарлайтындығына алып келеді. Бұл екі процестің екеуі де зиянды, қарынның
сілемейлі қабынады, гастрит пайда болады, кейде бұл асқазан жарасының пайда
болуына алып келеді. Бұл тек асқазан ғана емес, жалпы ас қорыту жолының
бойында қатерлі ісіктің пайда болуына соқтырады. I-ші - ішімдік әсерінен ас
қорыту процесі баяулайды. II-ші - ішімдік әсерінен белок бұзылады, ас
қорыту ферменттері оны қорыта алмайтын жағдайға ұшырайды.
Ішімдіктің теріге әсері. Ішімдіктің антисептикалық қасиетін ауру
тудыратын микробтарды өлтіру үшін бәріміз пайдаланамыз. Осы қасиетін
ескерсек, оны ішудің өзі түсініксіз.
Ішімдіктің секреция бездеріне әсері жыныс бездеріне кері әсерін
тигізеді. Жыныс гормондарының бөлінуі кемиді, жыныс органдары қызметі
тұтасымен бұзылады. (қыздарда менструациялық цикл бұзылады), қазіргі кезде
(климакстың) ерте түсуі зиянды әдеттерге әуестенуде екендігі дәлелденіп
отыр. Ер адамдарда белсіздікке алып келеді. Ішімдік әсерінен бездер
жұмысының бұзылуы - қан диабеті ауруының пайда болуына, зат алмасу
процесінің бұзылуына алып келеді.
Ішімдіктің миға әсері оның қандағы мөлшеріне тура пропорционал.
Ішкіш адамның миында ұсақ қан құйылулар көп болады. Оның себебі, қан
тамырлары тартылып, бітелуінен, ми клеткаларына қоректік зат пен оттегінің
келуі азаяды. 100 грамм сыра ішкен кездің өзінде мидың жұмыс істеп тұрған
клеткаларының 30000-ы өледі, 100 грамм вино ішетін болса, - 5000-ның
клеткасы өледі, арақ ішсе - 7500 клеткасы өлетіндігі дәлелденген. Ми
клеткаларының қайта қалпына келмейтіндігін ескерсек, жасөспірімдік шақтан
бастап ішетін адамдардың миында қандай өзгерістер болатындығын көз
алдарында елестету қиын емес. Ішімдік басқа органдардан көбірек жүйке
жүйесі мен миға әсер етеді, өйткені ми май тәрізді заттан тұрады, ал бұндай
затта спирт жақсы ериді. Сондықтан да, спирттің мидағы концентрациясы
қандағыға қарағанда 60-70 процентке жоғары болады. Ішімдіктің уының
әсерінен орталық жүйке жүйесі жұмысы бұзылады, ішімдіктің аз мөлшерін
адамның жүрісі бұзылады. Бас айналады, өзін-өзі басқару қабілеті
төмендейді, осының салдарынан өз мүмкіндігін бақылай алмайды. Ішімдік көп
ішетін адамдар ызақор болады, сыртқы тітіргендіргіштерге жауабы болады.
Ішімдік салдарынан адамның алыстан ажырату қабілеті төмендейді, түстері
ажырата алмайды. Бұл жағдай жүргізуші мен жаяу жүруші үшін өте қауіпті.
Эксперимент жұмысында ішімдіктің зиянды әсерін көрсету, оқушыда ойлау,
қортындылау, сараптама жасауға итермелейтінін аңғартты.
Ішімдіктің ұрпаққа әсері. Қазіргі ғасырда адамдар тіршілік жағдайы
жақсарды, неге туу кемиді, өлім көбейді, бала өлімінің саны көп, орташа
өмір ұзақтығы қысқарды. Бұл сұрақтардың көп жауаптарының бірі ішімдікті
пайдаланудың салдарынан туындайды.
Ішкіш аналардың туған балалардың көпшілігінің әр түрлі ауытқулары
болатындығы дәлелденген. Мысалы: Америкада ішетін ата-анадан туған 1529
баланың 74 процентінің әр түрлі ауытқулары болған. Статистика бойынша
дүние жүзінде 10 млн. астам адамның ақыл-есі кем. Олардың көпшілігінің
себебі – ата-аналарының ішімдік ішуінің салдарынан екендігі дәлелденген.
Сонымен ішімдік әсерінің ең қауіптісі: халықтың биологиялық жағынан
азғындауы. Популяциялық деградация коэффициенті деген ұғым да бар. Оны
әдеттегі мектептерде оқуға қабілетсіз, ақыл-ойы кеміс балалардың проценті
бойынша есептеп шығарады. Маскүнемдіктің 8 — 10 жыл ішінде күрт өсуінен
маскүнемдердің балалары мектеп жасына жеткенге дейін соңғы онжылдықта бұл
процент сұмдық өсе бастады, Кейбір әлемеуттік-статистикалық деректер
бойынша, қазір Қазақстанда 3 процентке дейін ақыл-есі кеміс балалар дүниеге
келуде. Бұл балалардың қоғам мен семья үшін қандай масыл болатынын өзіңіз
ойлап көріңізші! Мұндай генетикалық кінәраттардың келешек ұрпақтарға
тарамайтынына кім кепіл бола алады? Тұтас бір халықтардың азғындағанына
тарихи мысалдар келтіруге болады. АҚШ-тың резервацияларында үнді
тайпаларының мардымсыз қалдығы бар. Оларды құртқан қару-жарақ емес, отты
су (ішімдік).
Ішімдік ішсең нақұрыс бала тууы мумкін екенін әрбір адамның білгені
жөн.

Ішімдіктің адам организміне зияны

Алкоголь — наркотик — адамды мас қылады, яғни патологиялық жағдайға
ұшыратады. Бұл ауру кең етек жайып кетті.
Эпидемия деген — өрт, ол кең жайылған сайын жылдамырақ тарайды.
Алкогольді пайдаланудың өсуі осыған көз жеткізеді. Ішушілер саны тек
еркектер арасында ғана емес, сонымен қатар әйелдер мен жасөспірімдер
арасында да өсіп барады. Бұған арақтан жеміс-жидек пен жүзім шараптарына
көшу де қырсығын тигізіп отыр.
Алкоголь денені әлсіретіп қана қоймай, адамның өз басын аздырады, ал
бұл қоғамға қауіп деген сөз. Алкоголизмнің зардаптарына қысқаша тоқталайын.
Биологиялық зардаптары. Спирттің мол мөлшері адамды тікелей улайды, ал
орташа мөлшері жүрек, өкпе, бауыр сияқты барлық органдардық ауруын
меңдетеді. Бәрінен де көп зақым шегетін — нерв жүйесі: рефлекстер мен
психиялық қызмет бұзылады. Ішкіштерде жігер-қажыр қалмайды әрі алкогольге
кіріптарлық пайда болады: мұнда алкоголь клетканың ферменттік жуйесіне
сіңіп, ол жоқ болса, ішуді аңсап тұрады.
ВОЗ-дың деректері бойынша, алкоголизм адам ғұмырын 17 жасқа
қысқартады. Еңбекке жарамды жастағы еркектердің көптеп өлуі осыған
байланысты болу керек. Атап айтқанда, мас кезде жарақат алудан өлім көп.
Қейінгі онжылдықта емшектегі (бір жасқа дейінгі) нәрестелердің өлімі
жиіледі. Бұл да ата-ананың ішкілікке салынуының салдары.
Алайда денсаулыққа келтіретін зиянына қарағанда әлеуметтік зардабы
әлде қайда ауыр екендігі туралы қысқаша мәліметтер келтірейік.
Қылмыстылық. 2003 жылдың жазында Әділет министрі Орталық телевизия
арқылы сөйлегенде: қылмыстың 80—90 проценті алкоголизммен тікелей немесе
жанама түрде байланысты, - деді. Бұған қосатын ештеңе жоқ.
От басының ойраны. Көптеген елдерде ажырасу некенің 50 процентіне
жеткен. Социологтардың айтуына қарағанда, олардың жартысынан көбісі
маскүнемдікпен байланысты. Қандай болғанда да әкесіз не шешесіз өсетін
балалар қор болады. Бұл болашағымыз үшін қауіпті.
Еңбек. Ішкіштердің жұмысты нашар істейтіні күмәнсыз. Coңғы жылдары
бізде еңбек өнімділігі артуының баяулауы осыған байланысты емес пе екен?
Алкоголизмнен шегетін экономикалық шығынды түгел есептеу мүмкін емес, бірақ
олардың шаш етектен екені күмәнсыз.

Адамдар неге ішеді?

Оған физиологиялық негіз бар: наркотик (алкоголь) мидың ішкі
қабатындағы жағымдылық орталығын қоздырып, сөйлесу қажеттілігін күшейтеді.
Спирттік ішімдік ішіп көргендердің әңгімесі: аздап ішіп отырғанда бәрі де
жақсы еді. Шамалы қоссаң, мүлде тамаша болатындай көрінеді. Сонымен ол тағы
да қосып, шектен шығып еді — мәнісі кетті. Бірақ әлгі тәтті сезім есте
қалып, соны және бір қайталау құмарлығы пайда болды. Егер адамда ішкі және
сыртқы тежегіштері болмаса, әлгі наркотикалық кіріптарлық пайда болғанша
ол қайталай береді. Одан құтылуға бола ма? Сөзсіз! Алкогольді қойып кетуге
әбден болады. Қалай десең де, маскүнемдіктің негізгі көзі - әлеуметтік
жағдайлар. Әркімнің алғашқы тәжірибесі есінде: спирттік ішімдік ішу сондай
жиренішті әрі жүрегің айниды. Бірақ айналаңа қарайсың, мода. Сөйтіп,
жексұрын рефлекс басылып қалады. Наркоманияның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қан айналу жүйесіне ішімдіктің әсері
Ішімдіктің организмге әсері
Ішімдіктің тыныс жолдарына әсері
Алкогольдің адам ағзасына асері
АДАМЗАТТЫ УЛАҒАН ІШІМДІК ТУРАЛЫ АҚИҚАТ
Маскүнемдіктің зардаптары мен салдары
Ішімдіктің оқушылар ағзасы мен психикасына әсері жайлы
Нашақорлық пен маскүнемдік
Ішімдіктің оқушылар ағзасы мен психикасына әсері
Ішімдік ішу және денсаулық
Пәндер