Орыс Қиыр Шығысындағы Жапонияның интервенциясы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ2

І-тарау. 1918-1922 жж. Қиыр Шығыстағы жағдай5

1. 1 1918-30 ж. ж. жапон сыртқы саясатының қарама-қайшылықтары6

1. 2 ҚШР құрылуы мен Дайрен конференциясы8

1. 3 Вашингтон конференциясы10

ІІ-тарау. 1922-30 ж. ж. дипломатиялық қатынастардың орнауы11

2. 1 Жапон-кеңес келісімі және оның халықаралық мәні13

2. 2 Экономикалық және мәдени қарым-қатынастардың дамуы. КСРО-ның шабуыл жасамау туралы пактты ұсынуы16

2. 3 1928 жылғы Балық аулау конвенциясы18

ІІІ-тарау. 1930-35 ж. ж. кеңес-жапон қатынастарының шиеленісуі20

3. 1 ҚШТЖ-ды Жапонияға сатуы22

3. 2 1933-1936 ж. ж. кеңес-жапон қатынастарында балық аулау мәселесі23

3. 3 Кеңес-жапон қатынастарының шиеленісуі және “Антикоминтерн” пакті24

ҚОРЫТЫНДЫ28

Сілтемелер29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ30

КІРІСПЕ

Тақырыптаң өзектілігі. Азия-тынық мұхит аймағы әлемдік саясатта өте маңызды орынға ие. Бұл елдің халықаралық қатынастағы, сыртқы саясаттағы мәні жылдан-жылға өсіп келеді. Мұнда әлемнің ең ірі, аумақты және көп халықты елдері орналасқан - Ресей, Қытай Халық Республикасы, Америка Құрама Штаты, Үндістан, Индонезия, Жапония, Канада, Мексика, Ветнам, Корея Республикасы, Бангладеш, Австралия, Жаңа Зеландия, т. б. елдер. Аймақ территориясы тіпті жер шарының тең жартысын алып жатыр деуге болады. Сондай-ақ, соңғы кездері Азия-тынық мұхит аймағының ерекше қарқынмен дамуы саясаткерлермен ғалымдардың да көңілін аударуда. “ХХІ ғасыр Азия-тынық мұхит аймағы ғасыры” деген болжам айтылып жүр. Енді әлемнің басты назары осы аймаққа бағытталып отыр. Бұл аймақ ірі өндіріс күштердің жинақ көзі болып табылады. Мұнда барлық автомобильдер мен кемелердің, синтетикалық талшық пен теледидарлардың 70 пайызы, пластмассалармен синтетикалық шайырлармен 60 пайызға жуығы, алюминий мен болаттың 50 пайызы шығарылады. Сондай-ақ табиғи және шикізат көздері де молынан шоғырланған. Осындай экономикалық даму барысы аймақтағы елдер арасында терең де, жан-жақты ынтымақтастықтың жүзеге асуына алғышарт болып отыр.

Менің курс жұмысымның тақырыбы «1918-1935 ж. ж. кеңес-жапон қатынастары» деп аталғандықтан жоғарыда атап көрсетілген жағдайға байланысты оның өзектілігі де айқындала түседі. Өйткені қазіргі таңда Еуразиялық кеңістіктің осы бөлігіндегі халықаралық қатынастар ерекше қарқынмен дамуда. Соған қарамастан сонау бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңдегі қалыптасқан жағдайдың қазіргі халықаралық қатынастарға да әсері мол екендігін есте тұтқан абзал. Мысалы, қазіргі таңда Ресей мен Жапония бейбіт қарым-қатынаста бола отырып, бірқатар даулы территориялық мәселелерді шеше алмай жатыр, олар негізінен аралдар мәселесіне байланысты болып отыр (Курил аралдарының шоғыры) .

1925 ж. Пекин конференциясы Жапония мен КСРО арасындағы өзара қарым-қатынастардың негізгі принциптерін анықтап, Кеңес Одағының капиталистік елдермен байланыс орнату кезеңін аяқтады. 66 жыл бойы кеңес-жапон дипломатиялық қатынастары әр деңгейде дамыды. Алғашында шиеленісіп соғысқа әкелсе, кейін «Жақын көрші алыс туысқаннан қымбат» деген жапон халық мақалына сай бейбіт, достық қатынастарға әкелді.

Қазіргі таңды түсіну үшін, өткенді білу қажет. Өйткені әрбір мәселенің себебі бар, оны тек тарихқа көз сала отырып, оны зердеден өткізіп пайымдағанда ғана айқын білуге болады.

Курс жұмысының мақсаты 1918-35ж. ж. аралығында кеңес-жапон қарым-қатынастарын зерттеу. Бұл мақсатқа жету барысында алдыма мынадай міндеттер қойдым:

1. Бірінші дүние жүзілік соғыс пен қазан революцияның халықаралық жағдайға әсерін көрсету;

2. Дайрен мен Вашингтон конференцияларының нәтижелерімен таныстыру;

3. Кеңес-жапон дипломатиялық қарым-қатынастардың орнау барысын көрсету;

4. Кеңес-жапон қатынастарының шиеленісуіне әсер еткен факторларды айқындап көрсету.

Зерттеу жұмысының алдына қойған мақсаты мен міндетін жүзеге асыруға негіз болған деректерді сипатына қарай бірнеше топқа бөлуге болады.

Курс жұмысының деректік негізі ретінде ең алдымен екі жақты қарым-қатынаста қол жеткен дипломатиялық құжаттарды атауға болады. Жапония мен КСРО арасында сол кезеңдерде бірнеше құжатқа қол қойылды. 1 Бұл дипломатиялық құжаттарды жүйелеп, талдай келе екі жақты қарым-қатынастың саяси негізін зерделеуге нақты мәліметтер алынды. Сонымен қатар осы құжаттар негізінде екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың құқықтық - материалдық база қалыптасқанын көруге болады.

Деректердің келесі бір тобы статистикалық анықтамалардың екі жақты қатынастардың дамуының деңгейін нақты фактілер мен цифрлар арқылы саралауда пайдасы мол болды2.

Монографиялық зерттеулерден “Гражданская война и военная интервенция в России”. Энциклопедия. М. 1986. еңбекте халықаралық жағдай және осы аймақтағы саясат жайлы мәселелер қарастырылған. Кутаков Л. Н. “Внешняя политика и дипломатия Японии” М., 1964 г. еңбегінде Жапонияның КСРО, Қытай, Корея, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен қарым-қатынасы, саяси бағыттары, ол елдердегі Жапонияның рөлі мен орны жайлы кеңінен көрсетілген.

История дипломатии. Т. 3. М., 1975 ж., История международных отношении и внешней политики. Учебное пособие. В 3-х частях. Ч 2, және т. б. әдебиеттерінде 1-ші дүние жүзілік соғыстың халықаралық жағдайға әсері, кеңес-жапон байланыс орнатуының алғышарттары және ҚШР алған орны туралы жазылған.

«Международные отношения и внешняя политика СССР: 1871-1957г. г. Сборник документов. М., «Рыболовная конвенция между СССР и Японии со всеми относяшимися к ней материалами». М., 1928, М. И. Крупянко «Советко-японские экономические отношения». М., 1962, және т. б. әдебиеттерді кеңес-жапон дипломатиялық қатынастардың орнауы мен әртүрлі салада екі елдің халықтардың бір-бірінің мәдениетімен танысу, байланыстардың дамуын ашуға пайдаландым.

«СССР и Япония». М., 1978, еңбекте КСРО-Жапон қарым-қатынасы жан-жақты көрсетілген. Б. Г. Cапожников «Китай в огне войны», М., 1977, Кадзима Мориноукэ «Размышление об истории дипломатии» және т. б. еңбектерде Жапонияның Солтүстік шығыс Қытайға шабуыл жасаудан “Антикоминтерндік пактіге” қол қойғанға дейін КСРО мен Жапонияның қарым-қатынастарының шиеленісу барысын толығымен ашады.

Бұл деректердің көмегімен екі ел қарым-қатынастарының дамуын, екі елдің өзекті мәселелерге қатысты позицияларын анықтауға болады. Бұл деректердің бүкіл курс жұмысын жазғандағы пайдасы зор болды.

Курстық жұмыстың әдістемелік және теориялық негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың іргелі теориялық пікірлері қолданыс тапты. Курстық жұмыстағы жалпы тарихи-салыстырмалық, тарихи-жүйелеу әдістері пайдаланылды. Теориялық-методологиялық негіз ретінде, сондай-ақ, тарих және философияның іргелі тұжырымдары басшылыққа алынды. Тарихи оқиғаларды баяндау кезінде саяси және логикалық бірліктің айқындамасына сүйеніп, саяси-тарихи процестерді қарастыруда зерттеу жұмысында сыннан өткен диалектикалық амал қолданылды.

Курс жұмысының құрылымы. Бұл жұмыс 3 негізгі бөлімнен және жоспар, кіріспе, қорытындыдан тұрады.

І-тарау. 1918-1922 жж. Қиыр Шығыстағы жағдай

1. 1 1918-30 ж. ж. жапон сыртқы саясатының қарама-қайшылықтары

Жапонияның сыртқы саясаты 1918-30 ж. ж. өзiнiң қарама-қайшылығымен ерекшеленді. Бір жағынан - Жапония “Мәнгі бейбітшіліктің” негізін салуға шақырған халықаралық келіссөздерде белсенді қатысса, екінші жағынан - дәстүрге айналған әскери экспансия саясатын жалғастырды. Егер І-ші сыртқы саяси бағыт ұлы державармен максималды түрде өзара түсінушілікке жету болса, ІІ-шісі мүлдем І-шіге қарама-қарсы, өйткені ІІ-ші бағыт басқа ұлы державалардың империалистік мүдделеріне тікелей қатысты.

Бұл сыртқы саяси стратегияның үйлеспеуі жапон билеуші топтарының 2-жүздігін көрсетті. Жапонияның халықаралық сауда қатынастарына араласуының өсуі, олардың тұрақты болуын қамтамасыз ететін саяси қайнар көздер және халықаралық қауіпсіздік жүйесіне қатысуын қажет етті. Бірақ сонымен катар елдің саяси өміріндегі әскерилер ролінің өсуі, әскери қару өндірушісінің мүдделері мен ұлтшылдарға сай автаркиялық экономикалық мақсаттар экспансиялық сыртқы саяси бағытты талап етті.

Орыс Қиыр Шығысындағы Жапонияның интервенциясы.

Ресейдей қазан революция жайында естіген жапон өкіметі орыс қиыршығыстық территорияларды жаулап алу жоспарларын құра бастаты. Бұл мақсатта жапон өкіметі әскери интервенцияның жоспарларын құрайтын Антанта елдерінің жиналыстарында белсенді қатысты. Жапония Орыс Қиыр Шығысы мен Шығыс Сібірді өзінің бақылауына алу үшін, интервенцияны Жапон қарулы күштерін өткізсін деп тырысты.

1918жылы 12 қаңтарында жапон крейсері “Ивами” Ресей жерінде тұрып жатқан жапон азаматтарының өмірі мен мүдделерін қорғау мақсатында Владивосток бухтасына кірді. Сонымен қатар жапон өкіметі «Ресейдің саяси құрылым мәселесіне араласпауы» жөнінде айтқан. Бірнеше күннен кейін Владивостокқа АҚШ, Жапония және Қытайдың әскери кемелері кірді.

1918 ж. 18 ақпанда Антантаның жоғарғы әскери кеңесі Владивосток пен Харбинді, және Қытай Оңтүстік Темір жолын жапон әскерлерінің оккупациялауы туралы шешім қабылдады. Бірақ АҚШ ресейлік территорияны тартып алу нәтижесінде Тынық мұхиттың солтүстік батыста Жапонияның тым күшейіп кетуінен қауіптеніп, Жапонияның Приморьедегі белсенділігін қадағалап, оның Антантаның рұқсатынсыз кең масшабты операцияларды іске асырмау мен интервенция мақсатына жеткен соң, өзінің әскерлерін шығару міндеттіктерін талап етті.

1918ж. 4 сәуірде Владивостокта іскерлік компаниясының 2 жапон қызметкерлері өлтірілді. Келесі күні бұл істің шешілуін күтпей, жапондықтар өз азаматтарын қорғауды сылтауратып, қалаға десант кіргізді. Жапондықтардан кейін ағылшын интервенттері кірді. 1918 ж. 29 маусымда төңкерісшіл чех әскери тұтқындардың көмегімен Владивостокта кеңес билігін түсірді [1] .

1918 ж. 2 шілдеде Антантаның жоғарғы әскери кеңесі Сібірде интервенция масштабын кеңейту туралы шешім қабылдады. Кейін ағылшын және жапон әскерлерінің жаңа десанты кірді. Тамызда интервенттерге американдық, Канаданың және француз контингенті басып кірді. 1918 ж. қазанына қарай жапон әскерлерінің саны 72 мың адам (американ - 10 мың адам, басқа елдердің әскерлері - 28 мың адам) . Олар Приморьені, Приамурьені және Забайкалды окупациялады. Одақтас әскерлердің бас қолбасшысы болып жапон генералы Отаны тағайындалды.

Ресейден қиыр шығыстық территорияларды тартып алу үшін жапондықтар бұл жерлерде жапон протекторатындығы “буферлік мемлекет” құру жоспарларын іздеген. Оның құрамына сонымен қатар Шығыс Сібірден Байкалға дейінгі территорияларды кіргізуге жоспарлаған. 1919 ж. Жапон өкілі атаман Семеновпен бұл “буфер мемлекетті” басқаруы туралы келіссөздер жүргізді.

1919 ж. интервенцияға 160 млн. иен шығын шығарған Жапония Ресейдің Қиыр Шығысын оккупациялау арқылы бұл облыстың экономикасында басты позицияларды алуға тырысты. 1918 ж. маусымында Қиыр Шығыста кеңестер билігі жойылған соң, жапондықтар қайтып оралған орыс жериеленушілерден жер учаскелерін, завод, фабрикалар мен әртүрі концессияларды сатып ала бастады.

Оккупацияланған территориялардың табиғи байлықтарын пайдалану кең етек жейды. 1920 ж. сәуірінде Жапонияда Сібірдің орман байлығын пайдалану мақсатында құрылған 27389 мың иен капиталы бар 291 жаңа орманөнеркәсіптік компаниялары тіркелді. Тынық мұхитындағы барлық жақсы балық аулау учаскелерін жапон балық өнеркәсіпшілері алды.

Интервенттердің іс-әрекеті (партизандық қозғалыс ретінде) орыс халқының қарсылығына әкелді. 1919ж. наурызда Приамурде 25 мың адамдары бар, интервенттердің көпшілігіне тосқауыл қойған 20 партизандық отрядтар өз қызметін атқарды. Кеңес билігі орнатылған ірі партизан аудандары құрылды.

1920 ж. басында Адмирал Колчактың әскерін Қызыл армия толқандады. Қиыр Шығыста партизан қозғалысының кең етек алуы, с/қ американ және басқа интервенттердің өзінің ішінде қырылыс басталғаннан кеін, интервенттердің бұл жерден қашуы басталды. 1920 ж. сәуірде орыс Қиыр Шығысынан (жапоннан басқа) шетелдік әскерлердің эвакуациясы аяқталды (американ әскери кемелері Владивостокта 1922 ж. дейін қалды) . Бірақ жапон әскерлерінің саны осы ауданда арта берді.

АҚШ-тың Жапония Приморье мен Шығыс Сібірді аннексиялау мақсаттары туралы әуреленуі күннен күнге өсті. Жапонияның іс-әрекетіне қарсы американ қарсылығы басталды. 1921ж. 9 ақпанда Владивостоктан американ консулы АҚШ өкіметінің декларациясын бастырды. Соның ішінде Ресей территориясының тұтастығын бұзуы туралы айыптады. 1921ж. 31 мамырда АҚШ Жапонияға Сібірді жапон оккупацияның салдарына байланысты ешқандай да құқықтарды мойындамайтыны жөнінде нота жіберді.

“Николаевскідегі инцидент”

Жапондықтар өз оккупациясының жалғасуын дәлелдеу үшін Николаевск-Амурде болған оқиғаны пайдаланады. Бұл қаланы 1918 ж. қыркүйекте жапон әскерлері басып алған. 1920 ж. басында Тряпицын басшылығымен қызылдар қоршауға алды. 28 ақпанда партизандар мен жапон гарнизоны арасында нәтижесінде партизан қалаға бейбіт түрде кіруі “Жапондар мен орыстардың бейбітшілік пен достық туралы” келісімне қол қойды. Бірақ 1920 ж. 12 наурызында жапон әскерлері мен партизандар арасында қарулы қақтығыс болды. Нәтижесінде жапондықтар талқандалды, бір бөлігі қолға түсіп, қалғандары өз казармаларында баррикада жасап қалды. Партизандар оларды зеңбіректен атқылап, ішіндегілер өртте өлді.

Осыдан кейін 1920 ж. мамырда Николаевскіге ірі жапон контингенті жіберілді. Шегінуге мәжбүр болған Тряпицын тұтқындар мен онымен қаладан кетуге бас тартқан қала тұрғындарды атып тастауға бұйрық берді. 27 мамырда қала өртеніп, түгелімен дерлік күл болды (нәтижесінде Тряпицынді қызылдар атып өлтірді) .

Бұл инцидентті жапон билеуші табы пайдаланды. 1920 ж. 31 наурызда жапон өкіметі Қиыр Шығыста қалыптасқан жағдай нәтижесінде осы территориядан өз әскерлерін шығару мумкін емес деп жариялады. Кейін Жапония Солтүстік Сахалинді оккупациялап, “Ресейдің ортақ мойындаған өкіметі құрылғанша және орыстардың Николаевск инцидентін өз мойнына алуынан соң әскерлерін шығарады деп айтты [2] .

1. 2 ҚШР құрылуы мен Дайрен конференциясы

Кеңес өкіметі Қиыр Шығыс пен Сібірден жапон әскерлерін шығаруды, бірақ бұл территориялардың бөлінбеуі мүмкіндігін іздестірді. Әскери іс-әрекеттен бас тартты.

Шығу жолы - елдің шығысында бөлек буферлік мемлекет - Қиыр Шығыс Республикасын құру еді.

Буферлі мемлекетті құру туралы ой жапондықтарда интервенцияның басталуынан пайда болды, сондықтан олар өзінің протекторатына кейін орната алу мүмкіндігін көрген соң, бұл ұсынысқа көнді. Кеңестер ҚШР-да өз билігін орнатып, кейін Ресеймен біріктіруді мақсат еткен. ҚШР-ң құрылуы Жапониямен тікелей әскери қақтығыстың алдын алу керек еді.

Токио өзінің әскери артықшылығын пайдалана отырып ҚШР Жапонияға тәуелді ететін кіріптарлық келісім жасауға тырысты. 1921 ж. 19 мамырда жапон өкіметі ҚШР келіссөздерін бастау туралы шешім қабылдады. Дайындық ретінде жапондықтар Приморьенің экономикалық жағынан маңызды райондарын тартып алу арқылы жас республиканы әлсірету керек болды.

ҚШР-ң құрылуы 1920 ж. 6 сәуірінде жарияланды. Оның егемендіге алғашында Забайкалье, кейін 29 қазанда Читада Қиыр Шығыстық барлық облыстарына тарады. Бірақ 1921 ж. 26 мамырында Владивостокта және басқа да жапондықтар оккупациялаған жерлерде ҚШР билігін құлатқан төңкеріс болды.

Жаңа өкіметті ірі саудагерлер - Меркулов ағайындар басқарды, олар жапон әскерлеріне сүйенді.

ҚШР Жапониядан Меркуловтардың заңсыз “өкіметін” қолдаудан бас тартуға, милиция мен халықтық күзетке қаруды қайтаруды және ҚШР орнатқан тәртіпке араласпауды талап етті

Сонымен қатар келіссөздерді тездетуде жапон дипломатиясына американдықтардың белсенді іс-әрекеті ықпалын тигізді. 1921 ж. 10 шілдеде АҚШ мемлекеттік хатшысы Ч. Хьюз Вашингтонда теңіз қаруын шектеу, тынық мұхиттық және қиыр шығыстық мәселелер талқылайтын конференция шақыруға ресми түрде ұсынды. Американдық жоспарлар бойынша конференция сол уақытта капиталистік әлемде қалыптасқан күштер қатынасына сай соғыстан кейін халықаралық қатынастар жүйесін құруды аяқтау керек еді [3] .

Токиода конференцияны американдықтардың Жапонияның Қиыр Шығыстағы саясатына қысым жасауға тырысуын көрсетеді. Осы жағдайлар Жапонияны ҚШР мен келіссөздерді өткізуге түрткі болды. Жапон дипломатиясы Вашингтон конференцияың шақырылуына дейін ҚШР-на теңсіз келісімді мойнына іліп, басқа державалар оны пост-фактум деп мойындауын қалады.

Ұлы державаларда ҚШ 1921 ж. көктемнен басталған көңіл бөлетін мәселе еді. Интервенцияның ресми сылтауы Николаевск-Амурда болған оқиға еді. АҚШ бұл конфликтке араласып, Жапонияға Сібір оккупация нәтижесіндегі құқықтарды мойындамайтыны жайлы нота жібереді. ҚШР-на Токиодағы АҚШ елшілігінің атташесі Эббот (кейін Смит) бастаған американ миссиясы келді. 1921 ж. 26 тамыздан бастап Дайренде (Далян) өтті. ҚШР-ның келіссөзде қатысуын талап етті. Ал Жапонияның ұсынысы бойынша ҚШР Владивосток жағалауындағы және Кореямен шекаралас территорияда қорғаныстардың бәрін бұзып тастау, Тынық мұхитта әскери флотты жою және осы район суларында ешқашан оны салмау, жапон әскери қызметкерлерінің ҚШР-да тұру және жүру еркіндігін мойындау, Сахалиннің солтүстік бөлігін 80 жылға жалға беру. Бұл ультимативті жобаны қабылдау ҚШР суверенитетінен айырылуын білдіреді. Келіссөздер тоқтап қалды. Тек 1922 ж. наурыздың соңында Дайренде (кейін Чанчунде) жалғастырылды. Нәтижесінде Жапония ҚШР-на қарсы іс-әрекетті қолдамауға уәде берді де өз жобасына қол қоюды талап етті. ҚШР одан бас тартқан кезде, жапон өкілдері келіссөздерді тоқтатты.

Жапон интервенциясының жеңілісі

1922 ж. жазына таман 15 капиталистік мемлекеттер КСРО-ны де-факто немесе де-юре деп таныды. Бұл жапон оккупациясына ыңғайсыз болды.

Сонымен қатар интервенцияның жалғасуына ішкі наразылық та әсер етті. 1922 ж. жазда Жапонияда интервенцияға қарсы митингтер өткізетін “Ресейден қолды тарт” қоғамдастығы құрылды. 1922 ж. қыркүйекте Ресейдегі интервенцияға қарсы күрес Кансай лигасы құрылды. Ресейдің еңбек етуші халқының күресін жақтаған коммунистік емес, социал-демократиялық бағыт ұстаған ірі кәсіподақтық ұйым Содомэй жапон әскерлерінің “Сібір экспедициясына” белсенді түрде қарсылық көрсетті.

Сонымен қатар ірі ықпалды саясатшылар мен іскерлер наразылық білдірген. Ресей құлап жатқан кезде интервенцияға жапон өнеркәсіпшілер демеу көрсетсе (Ресейді Қытай сияқты отарлық эксплуатация объектіне айналдыру үміті болған кезде), Ресейдің жағдайы тұрақталған соң, ол азаматтық соғыс большевиктердің жеңісімен аяқталғанда, бұл үміттен қол үзді. Жапония үшін интервенция - 900 млн. иен шығын әкелді. Сондықтан сауда-өнеркәсіптік топтардың мүддесін қорғауы оппозициялық партия Кэнсэйкой Сібірден жапон әскерлерінің шығуын талап етті.

Соған қоса жапон саясатының өзгеруіне ықпал еткен әскер мен флоттың бәсекелесі. Егер генералдар интервенцияны жалғастыру керек десе, адмиралдар - әскери шығындарды әскери-теңіз күштеріне көбірек бөлінуін талап етткен. “Теңіз” тобы жапон кеме жасаушы компаниялардың демеуін алған.

Бұның бәрі Жапонияның сырқы саясы бағытына едәуір ықпал етті. 1922 ж. 1 қарашаға дейін Приморьеден жапон әскерлері шығаратыны жөнінде айтты. 1922 ж. 25 қазанда Владивостоктан шықты. Бірақ Солтүстік Сахалинді оккупациялау тағы 1 жылға созылды.

1922 ж. 7 қарашада Владивостокта кеңес билігі жарияланды. ҚШР-ң территориялары КСРО-ң бөлінбес жерлері деп жарияланды.

Ірі адам шығындардан басқа жапон интервенциясы орыс Қиыр Шығыстың халық шаруашылығы зардап шекті. Сонымен қатар Ресейдің алтын қорының бөлігі (40 тонн алтын) туралы мәселе (Жапонияға “сақтауға” ақ гвардияшылармен берілген) шешілмеді.

1. 3 Вашингтон конференциясы

Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін Тынық мұхит елдерінде ықпалы үшін ұлы державалардың арасындағы империалистік қайшылықтар шиеленісті. АҚШ та, ағылшын-жапон одағымен байланысқан Англия да Жапонияның Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде Қиыр Шығыста ұстаған позицияларын тартып алғысы келді. Сол уақытта жапон-американ қатынастардың соншалықты шиеленісіп кеткені В. И. Ленин ол туралы: ”Бүгін не ертең Америка және Жапония бір-біріне шабуыл жасайды” . . . ”өйткені Тынық мұхит үшін Жапония мен АҚШ арасында 10 жалдарға созылған күрес жүріп жатыр”. Бұл жағдайда АҚШ-тың ұсынысымен 1921ж. қарашада теңіз қаруын қысқарту мен тынық мұхиттық және қиыр шығыстық мәселелер бойынша жиналатын конференцияны Америка өз бақталастарын ығыстырып, Тынық мұхит аймақ елдеріне экономикалық және саяси ену мақсат етіп қойды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азамат соғысы жəне шетел интервенциясы жылдарындағы кеңес мемлекетінің сыртқы саясаты (1918–1920 жж. )
Жапонияның қазіргі кездегі геосаясаты
Мал шаруашылыгының негізгі саласы шошқа шаруашылыгы
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы Латын және Солтүстік Америкадағы халықаралық қатынас
Жер бетінің биогендік компоненттері Жер шарының топырақ жамылғысы, таралу заңдылығы
Цинь империясының сыртқы саясатының кезеңдері
Жапониямен танысу. Табиғаты, тарихы, экономикасы, әдебиеті және өнері
Қарусыздандыру туралы халықаралық конференция
Жапонияның сыртқы саясатындағы территориялық (РФ, ҚХР, Оңтүстік Кореямен) мәселелердің орны мен маңызы
ХХ ғасырдағы елдерде ең алғаш фашизм ошағының пайда болуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz