Европаның жер бедері мен пайдалы қазбалары


Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1-ТАРАУ. ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

1. 1. Физикалық географиялық орны. Жағалары және орографиясы . . . 4

1. 2. Географиялық зерттелу тарихы . . . 12

2-ТАРАУ. ЖЕР БЕДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

2. 1. Жер бедерінің қалыптасуы мен дамуы . . . 14

2. 2. Геологиялық даму тарихы және пайдалы қазбалары . . . 16

2. 3. Тектоникалық құрылымы және рельефтің негізгі ерекшеліктері . . . 23

Қорытынды . . . 26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 27

Кіріспе

Еурпа жер бедері қалыптасуының күрделі тарихы оның табиғатының барлық компоненттеріне әсерін тигізді. Еуропа үшін жер шарындағы белгілі тектоникалық құрылымдардың және рельеф типтерінің болуы тән.

Қазіргі материктің құрамына кіретін платформалық облыстардың дүние бөлігінің қалыптасуы мен дамуы процесінде Жердің ең зор контитентінің негізін құрған ежелгі Шығыс Еуропа және Сібір платформалары. Солардың төңірегінде Еуразия құрлығының онан әрі ұлғаюы байқалды, олар осы уақытқа дейін өзінің тұтастығын және дамуының платформалық типін сақтаған. Олардың рельефінің қалыптасуында, сондай-ақ көтеріңкі рельеф құруға жеткізген, тектоникалық процестер үлкен роль атқарған.

Европа платформасы Европа жерінде Скандинавия түбегінің шығысын және Финляндияны алып жатқан Балтық қалқанынан және негізгі бөлігі ТМД елдері жерінде жатқан плитаның батыс шетінен тұрады. Рельефі жөнінде оларға Швеция мен Финляндияның жазықтары мен таулы үстірттері, сондай-ак Ютландия, Дат аралдары, Польша, ГФР солтүстік бөліктері және Нидерланд территориясын түгелдей қамтитын Орта Европа қат-қабатты жазығы сай келеді. Бұл аудандардың барлығы соңғы мұз басу шекараларының ішінде жатыр, оларды рельефінен байқаймыз. Мұз басу орталығына жақын орналасқан және неоген-төрттік кезенінде жарылуға ұшыраған Балтық кристалды қалқанының түп жазығы, мұздық экзарация түрлерімен сипатталды. Балтық және Солтүстік теңіздердің жағаларында, мұздықтардан кейінгі трансгрессиялар нәтижесінде пайда болған аккумуляциялык жазықтар таралған. Еуропаның ежелгі платформасы шегінде пайдалы қазбалардың едәуір қоры шоғырланған: архей және протерозой құрылымдары үшін темір, марганец, хром (Скандинавия, Кривой -Рог) рудаларының сондай-ақ кейбір түсті және сирек металдардың бар болуы тән. Еуропа платформасының шөгінді жамылғысының жыныстарында мұнай мен тұз бар.

1-ТАРАУ. ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

1. 1. Физикалық географиялық орны. Жағалары және орографиясы.

Еуропа (грек. Europe, ассирияша эреб-батыс; Ежелті Греция да Эгей теңізінің батысындағы жерлер осылай аталған) - дүниенің бір бөлігі, Еуразия материгінің батыс бөлігі.

Еуорпа солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхит және оның Кара, Баренц, Ақ, Норвег теңіздерімен, батысы мен оңтүстігінде Атлант мұхиты және оның Балтық, Солтүстік Ирландия, Жерорта, Мәрмәр, Қара, Азов теңіздерімен қоршалған. Шығысы мен оңтүстік. -шығысында оның Азиямен шекарасы Орал тауының шығыс етегі мен Жем өзенін бойлай Каспий теңізіне дейін, одан ары Кума және Маныч өзендерін бойлай Донның сағасына дейін жетеді. Еуропаның материктегі қиыр шеттері: солтүстігінде - Нордкин мүйісі, 71°08' солт. ендік; оңтүстігінде - Марроки мүйісі, 36° солт. ендік; батысын-да - Рока мүйісі, 9°34' бат. бойлық; шығысында - Байдарацк кірмесіне таяу Полярлық Оралдың шығыс жақ етегі, 67°20' шығ. бойлық. Еуропаға бірнеше арал мен архипелаг кіреді, олар-дың ең ірілері: Жаңа Жер, Франц-Иосиф Жері (Рудольф аралындағы Флигели мүйісі - Еуропаның ең қиыр солтүстік шеті, 81˚49' солтүстік ендік), Шпицберген Исландия, Британ аралдары, Зеландия, Балеар аралдары, Корсика, Сардиния, Сицилия, Крит. Аралдарды қоса есептегенде жері 10 млн. км 2 -ге жуық; аралдарының ауданы 730 мың км 2 -дей.

Жағалары. Дүниенің басқа бөліктеріне қарағанда Еуропаның жағалары тым қатты тілімделген: жағаның 1 км-ге 246 км 2 -дей жер келеді, Жағаларының жалпы ұзындығы 38 мың км - дей. Еуропаның ішкі аудандарының теңізден ең алысы 1600 км. Жерінің 25%-ке жуығы түбектердің (Канин, Кола, Скандинавия, Ютландия, Бретань, Пиренеи, Апеннин, Балқан, Қырым) үлесіне тиеді.

Еуропада аккумуляциялық және абразиялык (толқын әрекетінен опырылған) жағалар көбірек кездеседі; Ақ теңіздің шығысы, Баренц теңізінің оңтүстік-шығысы және оңтүстік жағаларының кейбір учаскелері, Балтық теңізінің оңтүстігі, Солтүстік теңіздің батысы, оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағалары, Бискай шығанағының шығыс жағасы, Жерорта және Қара теңіз жағаларының көпшілігі ваттық типтес (теңіз жағалауындағы ойпаң өңірлер) жағага жатады. Еуропаның басқа жерлерінің жағалары біршама биіктеу келеді. Кола түбегінің жағасы қатты тілімделген; Пиренеи түбегінің солтүстік жағасы қатпарлы; Норвег теңізінің, Балтық теңізі солтүстік бөлігінің жағаларында, Шотландия мен Исландия жағалауында ертедегі мұз басудың әсерінен пайда болған фьордтар мен шхерлер көп; Бретань, Уэльс түбектерінің, Ирландияның батыс бөлігінің, Пиренеи түбегінің солтүстік. -батыс жағалары, Балқан түбегінің батыс жағалары риас типті (ұзын тар шығанақтары бар) келеді. Орографиясының басты белгілері. Еуропаның орташа биіктігі (300 м шамасы) және ең жоғары биіктігі (4807 м, Альпідегі Монблан тауы) жөнінен дүниенің басқа бөліктерінің бәрінен (Австралияны қоспағанда) кейінгі орында. Жерінің 60%-ке жуығының биіктігі 200 -м-ден төмен (ішінара мұхит деңгейінен де төмен: Каспий теңізінің жағалауы 28 м , Солтүстік және Балтық теңіздерінің кейбір аудандары) ; 24%-і 200 -м-ден 500 м-ге дейінгі, 10%-і 500 м-ден 1000 м-ге дейінгі, 6%-і 1000 м-ден жоғары (оның ішінде 1, 5%-і 2000 м-ден жоғары) биіктікте жатыр. Бұл Еуропаның жер бедері негізінен жазық екенін көрсетеді. Шығыс Еуропаны түгел дерлік және Орта Еуропаның солтүстік бөлігін Шығыс Европа (Орыс) жазығы және оның батыс. бөлігі - Орта Европа жазығы алып жатыр; Фенноскандияның едәуір жері жазық. Басқа аудандарда жазық жерлер тау аралықтарында (Орта Дунай, Төменгі Дунай т. б) кездеседі. Шығыс шетінде Орал, солтүстік-батысында Скандинавия таулары жатыр. Орта Еуропаның оңтүстік. бөлігінде Францияның Орталық тау массиві, Вогез, Шварцвальд таулары, Рейн Тақта тасты таулары, бұлардың оңтүстігінде Еуропадағы ең биік таулар - Альпі, Карпат бар. Еуропаның оңтүстік бөлігінде таулы рельеф басым (Пиреней, Андалузия, Апеннин, Стара-Планина, Динар, Родоп, Пинд таулары т. б. ) .

1. 4. Географиялық зерттелу тарихы.

Еуропа материгін зерттеу б. з. б. 16 ғасырда криттіктердің Киклада архипелагын қаратып алуынан және Эвбей аралы мен Пелопоннес түбегінің жағасын айналып шығуынан басталады. Б. з. б. 9 ғ-ға дейін финикиялық теңізшілер Апеннин түбегінің оңтүсік-батыс жағаларын, Мальтаны, Сицилияны, Сардинияны, Балеар аралдарын ашты, Пиреней түбегінің жағасына (Гвадалквивир, Гвадиана, Тахо, Дуэро өзендерінің салаларына) жетті, Гибралтар бүғазы арңылы Атлант мұхитына шықты. Б. з. б. 1-мың жылдықтың ортасына дейін ежелгі гректер Оңтүстік Еуропаны түгел ашып болды: олар Эгей теңізінен солтүстік-шығысқа қарай жүзіп, Қара теңіздің батыс және солт. жағалауын (Дунайдың, Днестрдің, Днепрдің сағалары және Қырым түбегінің жағасы), Азов теңізінің жағалауын түгел айналып өтті; Ион және Адрия теңіздерінде батысқа қарай жүзіп, Балқан және Апеннин түбектерін түпкілікті анықтады, Корсика аралын (мүмкін, екінші рет болар), Лигурияны ашты. Францияның оңтүстік, Испанияның шығыс жағасына жетті. Б. з. б. 320 ж. шамасында грек Пифей Еуропаның Бискай шығанағынан Солтүістік теңізге дейінгі батыс жағасын, Ұлыбритания аралын ашты, Ирланд теңізін оңтүстігінен солтүстігіне қарай кесіп өтті.

Б. з. б. 3 ғ-да карфагендіктер Пиренеи түбегінің ішіне қарай өтіп (Ган-нибалдың жорықтары кезінде), Орталық Кордильера және Иберия тауларымен танысты. Б. з. б. 2 ғасырда Испания мен Галлияға жасаған жорықтарында римдіктер Пиренеи түбегінің таулы қыраттары мен өзендерін, Орт. Француз массивін, Рона, Гаронна, Луара, Сена, Рейн өзендерінің алаптарын зерттеді. Римдіктер б. з. б. 35 ж. мен б. з. 9 ж. арасында Орт. Е-ға өтті, б. з. 43-84 ж. Британияны жаулап алды, Уэльс тубегін, Уайт, Мэн, Англси аралдарын ашты. 6-7 ғасырларда ирландықтар Британ аралдарын зерттеуді негізінен аяқтады, 8 ғасырда олар Фарер аралдары мен Исландияға алғаш рет жетті. 9 ғасырда бұл аралдарды нормандар екінші рет ашып, отарлап алды. Скандинавия және Кола түбектерін солтүстігінен айналып өтіп, Ақ теңізге жеткен, Скандинавияның оңтүстігі мен шығы-сынан айналып өтіп, Балтық теңізінің, оның Ботния, Рига, Фин шығанақтарының жағаларын айналып шыңқан, ондағы ірі аралдарды ашқан да нормандар болды. 7-8 ғасырларда Пиреней түбегін жаулап алған арабтар Еуропаның оңтүстік-шығыс және шығыс жағында Жем, Жайық өзендерімен, Каманың сағасына дейінгі Волга бойымен танысты.

Шығыс Еуропаның басқа аймақтарын, Ақ теңіз бен Балтық теңізінің шығанақтарынан, Оралға дейінгі бүкіл Солтүстік Еуропаны ашқан және зерттеген - орыстар. Орыс князьдарының жорықтары кезінде (9-12 ғасырларда) Днестр, Днепр, Дон өзендерінің алабы, Бат. Двина мен Неман бойы, Ильмень, Чуд, Псков, Ладога, Онега, Ақ келдері, Волганың жоғарғы және орта ағысы, Солтүстік Двина, Мезень, Печора өзендері ашылды. 13 ғасырда олар Ақ теңіздің жағасын түгел айналып шығып, Кола түбегінің ішіне қарай тереңдеді, 14 ғасырда Оралдан асты. 15-16 ғасырда орыс теңізшілері Канин түбегін, Колгуев, Вайгач, Жаңа Жер, Шпицберген аралдарын ашты. 16 ғасырдың 2-жартысында Шығыс Еуропаның өзендері, бірсыпыра үлкен көлдер, Кола, Канин түбектерін ңоса Солтүстік Поморье, Колгуев, Вайгач аралдары («Үлкен чертеж кітабына» жинақталған) картаға түсіріл-ді. 18 ғ-да орыс ғалымдары (В. Н. Татищев, П. И. Рынков т. б. ) Орта жэне Оңт. Оралды, Бугульма-Белебей қыраты мен Жалпы Сыртты, Каспий мацы ойпатын, Кума-Маныч ойысын зерттеді, Валдай қыратының шегін аныңтады. Орта Орыс, Днепр маңы, Волга маңы т. б. қыраттарды ашты. 19 ғ-да орыс экспедициялары (Э. А. Эверсман, Н. И. Стражевский, П. И. Кротов, А. П. Карпинский т. б. ) Оралдың барлық бөліктерін анықтап болды. П. К. Пахтусов (1832-35) пен В. А. Русанов (1907-11) Жаңа Жер аралын зерттеді. 1865 ж. орыс теңізшісі Н. Г. Шиллин" Шпицберген мен Жаца Жердің аралында арал болуға тиістігін (кейіннен ол Франц-Иосиф Жері аталды) болжап айтты. Совет өкіметі тұсында Кола түбегін (1921 жылдан), Солтүстік және Полярлық Оралды, Орыс жазығының солтүстік бөлігін, Шығыс Еуропаның т. б. аймақтарын зерттеуде, олардың жер қойнындағы мол байлығын ел игілігіне жаратуда зор табыстарға қол жетті.

2-ТАРАУ. ЖЕР БЕДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

2. 1. Жер бедерінің қалыптасуы мен дамуы.

Еуропада платформалық құрылымдардың көптігі жазық рельефтің (әсіресе жағалауда) жиірек кездесетінінен байқалады. ІІІығыс Еуропа платформасының солтүстік-батыс бөлігінде негізді жыныстардан түзілген Фенноскандия жазықтары бар. Бұлар Балтық калқаны бетінің ұзақ уақыт (палеозойдан бастап) денудацияға ұшырауынан (мүжілуінен) қалыптасқан. Скандинавияның, Финляндияның, Кола түбегінің, Карелияның оңтүстік және шығыс бөліктеріндегі жазықтар да осы типтес. Мореналық жалдары, кырқалары, аласа жоталары мен қазан шұңқырлары көп аласа жазықтар (биікт. 100-150 м-ге дейін) жиі ұшы-райды. Кейбір таулы қыраттар мен бұйраттар (Смоланд, Суоменселькя, Манселькя, Бат. Карел, Желді Белдеу бұйраты, Кейва), аласа жоне биіктігі орташа таулар (Ловозер Тундрасы, Хибин таулары) тектоникалық көте-рілулер едәуір көп болған немесе өте тығыз жыныстар жер бетіне шығып жатқан аймақтарда кездеседі. Орыс плитасы (Орыс платформасының бір бөлігі, онда шөгінді жыныстардың қалың қабаты кристалды фундаментті жауып жатады) мен Шығыс Европа платформасы синеклизаларының оған іргелес бөліктерінде қабат және аккумуляциялық жазықтар бар. Биіктігі 300-400 м-ге дейінгі қыраттар (Орта Орыс, Валдай, Волга маңы, Жоғарғы. Кама, Бугульма-Белебай, Солтүстік Жондар) мен ойпаттар (Ока-Дон жазығы, Қара теңіз маңы, Печора, Каспий маңы, Орта Европа жазығы т. б. ) бір-бірімен ұштасып жатады. Плейстоценде қабат жазықтардың солтүстік аймақтары мұздық және су-мұздық әрекеттеріне ұшырап, жазықтар қалыптасқан. Соңғы (валдайлық) мұз басу болған аймақтарда мұздықтардың іздері жақсы сақталған; оларда жаңа пайда болған мореналық жалдар (Балтық жалы, Валдай қыраты т. б. ), мореналық төбелер, көл-мұздықты ойпаңдар бар.

Мұз басу ең көп қамтыған жерлер мен соңғы мұз басудың шекарасы арасында жатқан жазықтар мұздықтан кейінгі эрозияға және денудацияға көп ұшыраған; мұнда мореналық төбешікті жазықтар мен жайпақ құмайт ойпаңдар (Полесье, Ока-Дон жазығы, Орта Европа жазығының оңтүстік өңірлері) көбірек ұшырайды, көне мореналық жалдардың калдықтары (Белоруссияның солтүстік бөлігінде, Смоленск-Москва қыратында) кездеседі. Мұз басу жетпеген аймақтардың көпшілік бөлігін су-эрозиялық қабат жазықтар алып жатыр. Орта Орыс, Волга маңы, Подольск, Днепр маңы қыраттары өзен аңғарларымен, сай-жыралармен көбірек тілімделген. Қабат жазықтардың арасындағы Дон, Тиман, Чернышёв бұйраттары - эрозиялық-денудациялық қыраттар, Днепр маңы және Азов маңы кыраттары - ішінара шөгінділер жауып жатқан негізді жыныстардан түзілген жазықтар.

Скандинавия түбегінің батыс бөлігінде кайта көтерілген қатпарлы-жақ-парлы және жақпарлы Скандинавия таулары бар. Герциндік қатпарлы құ-рылымдар тараған аймақтарда көбіне қатпарлы-жақпарлы биіктігі орташа таулар пайда болған. Рельефтің бұл түрі Орал тауларында айқын байқалады; оның қосарланған жоталары меридиан бойымен созылып жатыр, олар бірі-бірінен өзен аңғарларымен бөлінген. Поляр және Поляр маңындағы Оралда рельефтің таулық-мұздық түрлері мен осы күнгі кіші-гірім мұздықтар кездеседі. Батыс европлық герцин аймағында қатпарлы-жақпарлы, жақ-парлы аласа және биіктігі орташа таулар мен қыраттар (Орталық массив, Арморикан қыраты, Кембрий, Вогез, Шварцвальд, Рейн Тақта тасты тау-лары, Судет, Чех-Моравия қыраттары т. б. ) тектоникалық бөлшектенуге қат-ты ұшыраған және олар жазық учаскелермен алмасып отырады.

Альпі қатпарлы аймағының рөльефі алуан түрлі; мұндағы қатпарлы және жақпарлы-қатпарлы биіктігі орташа және биік жоталар ұзына бойына немесе доғаша иіліп жатады, су айырықтары, беткейлері, бөктерлері анық байқалады. Олардың ішіндегі ең биігі - Альпі; оныц орографиялық жал-ғасы: солтүстік-батысында - Юра, солтүстік-шығысында - Карпат (ал одан ары Стара-Планинаға ұласады), оңтүстік-шығысында - Динар, Пинд таулары, Пелопоннес түбегі мен Крит аралындағы таулар, оңтүстігінде - Апеннин таулары. Пиренеи, Андалузия, Қырым таулары да осы типтес. Бұл аймақтағы таулардың екінші типі - жақпарлы биіктігі орташа және аласа жоталар мен таулы қыраттар (Родоп, Рила, Македония мен Шығыс Греция таулары, Калабрия Апеннині, Корсика мен Сардиния тауларының көпшілік бөлігі, Пиреней түбегіндегі Орталық Кордильера, Кантабрия таулары т. б. ) . Орта Дунай, Тем, Дунай, Падан, Андалузия, Португалия жазықтары, Жаңа және Ескі Кастилия үстірттері едәуір жерді алып жатыр. Исландияның жер бедері ерекше; мұндағы биіктігі әр түрлі базальтты үстірттерде сөнген және әрекетті вулкандар бар.

2. 2. Геологиялық даму тарихы және пайдалы қазбалары

Геологиялық құрылысы. Eуропаның геологиялық негізі - Шығыс Еуропа (Орыс) және жорамал Эриа платформалары. Шығыс Еуропа платформасы Еуропаның шығыс және солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Жорымал Эриа платформасы Шотланднядан Гренландияға дейінгі аймақты қамтиды. Төменгі палеозойда қалыптасқан осы көне платформалардың ортасындағы каледон қатпарлығы (Грампиан геосинклиналы) Скандинавия тауларынан басталып, Ирландияға, Ұлыбританияға, Шығыс Гренландияға дейін (материктегі Брабант массивін қоса) созылады. Палеозой эрасының соңында түзіліп біткен герцин қатпарлығы Испанияны, Францияны, Англияны, Полышаны, Германияны, Польшаның едәуір бөлігін және Оралды қамтиды. Гибралтардан басталып, Альпі, Карпат, Кавказ, Қырым тауларын, Апеннин, Балқан түбектерін, Жерорта, Қара теңіздерді қапсыра отетін альпі қатпарлығының жерортатеңіздік белдеуі Еуропаның оңтүстік жиегін қоршайды. Балтық, Украин қалқандарында, Шотландияның солтүстік-батыс жағалауында, Орталық Англия мен Гебрид аралдарында архей мен протерозой жыныстары жер бетіне шығып жатады. Архей мен төменгі протерозойда түрлі құрамды интрузиялар қиып өткен эффузивтер, күшті метаморфтанған жыныстар коне платформаларда кең тараған. Рифейдің алдындағы кеп қатпарлану әрекеттерінен платформалар аумағында биік таулар мен қыраттар пайда болды. Төменгі палеозойда каледондық геосинклиналь аймақтарындағы теңіз түбіне қалың қабатты граптолитті тақта тас, құм тас, кварцит, эффузивті жыныстар, аздап әк тасты тұнбалар шөкті. Теңіз Шығыс Европа платформасының тек батыс жиегіне жайылды (трансгрессия) . Силур кезеңінде Грампиан геосинклиналы орнында каледондық қатпарлы таулар жаралғанда теңіз бүл өлкеден және Шығ. Еуропа плат-формасынан біртіндеп шегінді (регрессия) . Палеозойдың алғашқы жартысындағы оқиғалар Еуропаның қалыптасуына елеулі дәрежеде әсер етті, оны геосинклиналдық белдеулер есебінен едәуір үлкейтті, Платформалық облыстарды теңіздің бірнеше рет басуы геосинклиналдық белдеулер шегінде тау пайда болуымен алмасты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік-Батыс Америка
Шығыс Еуропа және Сібір платформалары
Африка жайлы
Азияның өсімдік жамылғысына сипаттама
Солтүстік Америка материгінің табиғатының қалыптасуы
Солтүстік Америка мен Еуразияның географиялық орны
Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы
Евразия материгіне физ-географиялық шолу
Жеке материк ретіндегі қарастыруға мүмкіндік беретін табиғатының негізгі ерекшеліктері
Қазақстандағы ірі физикалық – географиялық аудандар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz