Америка дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1-тарау. АҚШ оқшаулану саясатынан көшбасшы болу саясатына ұмтылуы 3
1.1 АҚШ-ның бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы және одан кейінгі кезеңде
3
1.2 Америка дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында 9
2-тарау. Ф.Д. Рузвельт кезеңі 12
2.1 Ф.Рузвельт және оның Жаңа бағыты 12
2.2 Рузвельт үкіметінің сыртқы саясаты 17
2.3 АҚШ екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында 18
2.4 Америка Құрама Штаттары - әлемдік ірі держава 21
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi 24
Кіріспе
Қазіргі әлемнің аса ірі державасы Америка Құрама Штаттарымен жан-жақты
қатынастарды дамыту Қазақстанның сыртқы саясатында басым орын алады. Біздің
мемлекетіміз үшін Америкамен ынтымақтастық әлемдік қоғамдастықта
халықаралық орынды нығайту және ұлттық мүдделерді ілгерілетумен тікелей
байланысты болып отыр.
АҚШ-тың жалпы әлемдік процестерге ықпалы сөзсіз. Бұл орасан зор әскери-
саяси ресурстарға және экономикалық қуатқа иелік ететін көбінесе ғаламдық
процестердің дамуына шешуші ықпал ететін, әлемде стратегиялық тұрақтылықтың
жай-күйін көбінесе анықтап беретін мемлекет. АҚШ дербес күш ретінде, сондай-
ақ халықаралық ұйымдар туы астында әрекет ете отырып, іс жүзінде планетаның
көптеген аймақтарында жанжалдарды реттеуге белсене қатысады. Американың осы
заманғы әлемдік экономикаға ықпалы оның ұлттық экономикасының мөлшері және
күш-қуатымен ғана емес, Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық қайта құру
және даму банкі сияқты халықаралық институттар, басқа да ұжымдық қаржы және
сауда-экономикалық ұйымдар американ қағидаттары мен құндылықтарына сәйкес
жұмыс істеуімен де айқындалады. Американың ішкі рыногы осы заманғы елдердің
көпшілігінің экспорты бағдарланған экономикалық дамуының маңызды шарты
болып табылады. Аса ірі трансұлттық корпорациялардың 40 пайызының АҚШ-та
штаб-пәтері бар.
Сондықтан, Қазақстанның АҚШ-пен өзара іс-қимылы тек екі жақты сипатпен
шектеле алмайды. Вашингтонмен тұрақты байланыс халықаралық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуді (қарусыздану және қару таратпау), сыртқы экономикалық
қызметті және энергия көздерінің экспортын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар
шеңберіндегі қызметті қоса алғанда, Қазақстан дипломатиясының барлық бағыты
бойынша қажетті элемент болып табылады.
Осыған байланысты біздің қамтып отырған тақырыбымыздың өзектілігі арта
түседі.
1-тарау. АҚШ оқшаулану саясатынан көшбасшы болу саясатына ұмтылуы

Бірінші дүниежүзілік соғыс Америка Құрама Штаттарының экономикасының
өсуіне қолайлы жағдай туғызды. Елдің территориясында соғыс қимылдары
жүрмеді, соғыс әкелетін бүліншіліктер мен қайыршылықты бастан кешірмеді.
Американ әскері 1918 жылдың жазынан ғана соғысқа кірген болатын. 22 қаңтар
1917 жылы Германия су асты соғысын үзіліссіз жүргізетінін мәлімдеді. Бес
американ кораблі суға батырылған соң, 2 сәуір 1917 жылы В.Вильсон конгреске
соғыс туралы декларация қабылдауды талап еткен мәлімдеме жасады. 1918
жылдың қазанына қарай құрамында 1 млн. 750 мың солдат пен офицері бар
американ әскері Францияда шоғырланды. АҚШ әскери корабльдері британ флотына
су асты блокадасын бұзуға көмектесті, ал 1918 жылдың жазында американ
бөлімдері немістердің құрлықтағы шабуылында шешуші роль атқарды. Соғыстың
соңына қарай қатысқан Америка Құрама Штатының соғыстағы адам шығыны: 50
мыңға жуық қаза болып және 230 мыңы жаралы қайтса, соғыс шығыны: 25.7 млрд.
долларды құрады.
Американ буржуазиясы әскери тапсырыстардан зор пайда тапты. Жаңа ірі
капиталдың салынуы АҚШ-тың өнеркәсіп потенциалын нығайтты. 1920 жылы АҚШ
дүниежүзілік өндірісте автомобильдің - 85 пайызын, мұнай - 67 пайызын, қара
металл - 60 пайыздан астамын құрады. АҚШ болатты Ұлыбританиядан 4.5 есе,
Франциядан 14 есе көп өндірді. Америка Құрама Штаттарының 1914-1920 жылдары
ұлттық байлығы 2.5 есе өсті.
Соғыс мемлекеттік-монополистік капитализмнің күшеюіне ықпал етті.
Соғыстың соңында АҚШ қарыз алушы мемлекеттен кредит беруші елге айналды.
Американ капиталының экспорты күрт өсті. Антанта елдерінің АҚШ-қа соғыс
қарыздары миллиардтаған долларды құрады. Американ капиталистері соғысқа
дейін европалық бәсекелестері үстемдік еткен елдерде өзінің экономикалық
және финанстық позициясын нығайтты. АҚШ-тың 1922 жылы шетелдегі
инвестициясы 7 млрд. долларға жетті. (Бұл 1913 жылы 2.6 млрд. доллар
болатын).
АҚШ-тың дүниежүзілік экономикада үлесінің күрт өсуі дүниежүзілік
саясат аймағына араласуына жағдай туғызды. Монополистік буржуазияның
экспансионистік ұмтылуын қолдаған президент В.Вильсон бастаған
демократиялық партия үкіметі дүниежүзілік лидерлікті жеңіп алу бағытын
жүргізді. АҚШ-тың империалистік экспансия программасына бел шеше кіріскені
В.Вильсонның 8 қаңтар 1918 жылы конгресте жасаған 14 бабында айқындалған.
Соғыстан кейінгі кезеңнің дүние құрылымы программасын ұсына отырып, АҚШ
империалистері дүние жүзін бөлудің өзіне тиімді келісімдерін жасауға
тырысты. Олар европалық державалардың позициясын әлсірету мен Азия, Африка
және Латын Америкасы елдерінде американдық ықпалды күшейту мақсатында ашық
есік және бірдей мүмкіндік принциптерін халықаралық тануға қол жеткізуге
барынша ұмтылды.
1919 жылғы Париж бітім конференциясында американ делегациясы осы
мақсатты жүзеге асыруға жанталасты. Алайда олардың бұл ойына Англия мен
Франция өкілдері қарсы шықты. Американ ұсынысы жүзеге аспады. Бұл американ
империализмінің сыртқы саясатта әлі де әлсіз екендігін көрсетті. Ол кезде
АҚШ өзінің европалық бәсекелестерінен әскер мен флотының қуаттылығынан,
басқа елдермен әскери-саяси байланыстарының мығымдылығынан біршама артта
еді.
1919 жылғы Париж конференциясында В.Вильсонның дипломатиялық жеңілісі
монополистік капиталдың ықпалды топтарының арасында наразылық тудырды.
Республикандық партияның көрнекті қайраткері Генри Кэбот Лодж бастаған
күшті оппозиция оқшаулану туы астында әрекет етіп, Версаль келісімін
ратификациялауға және АҚШ-тың Ұлттар Лигасына кіруіне қарсы шықты. Г.Лодж
қол еркіндігі ұранын ұсынып, АҚШ-тың бірте-бірте европалық империалистік
әріптестерінен әскери-саяси артықшылыққа ие болатынына сенді.
Алайда оқшаулану қозғалысының империалист бағытымен қатар, монополияға
оппозиция ұсақ буржуазия көзқарасын білдіретін демократиялық бағыты да
болды. Демократиялық ағым лидерлері-сенаторлар Р.Лафоллет, У.Борд,
Дж.Норристер империалист саясатқа және АҚШ-тың Европа ісіне араласуына
қарсы шықты.
Оқшауланушылардың біріккен әрекеттерінің нәтижесінде АҚШ
Версаль келісімін ратификациялаудан және Ұлттар Лигасына кіруден бас
тартты. 1920 жылғы сайлауда республикандықтар жеңіске жеткен соң
оқшаулану бағыты Гардинг үкіметінің ресми курсына айналды. Ұлттар
Лигасындағы Вильсондық халықаралық ынтымақтастық ұранына қарсы
республикандықтар европалық елдермен әскери-саяси одақтасудан бас тарту
принципі мен сыртқы экономикалық экспансияны жандандыру программасын
ұсынды. 1921 жылдың тамызында АҚШ пен Германия арасында бейбіт келісімге
қол қойылды. Америка капиталы Орталық және Оңтүстік Америка, сондай-ақ Қиыр
Шығыс елдерінің экономикасына енді. Мұның бәрі Құрама Штаттарының Англия,
Жапониямен арақатынасын тым шиеленістіріп жіберді.
1921-1922 жылдардағы Вашингтон конференциясында АҚШ өзінің
бәсекелестеріне қарағанда көптеген жеңілдіктерге ие болды. Конференцияға
қатысушы державалар Тынық мұхиттағы отарлық иеліктеріне тиіспеу және теңіз
қаруларын шектеу туралы келісімдерді және Қытайға ашық есік доктринасын
бекітті. Мұның бәрі халықаралық қатынастар жүйесінде АҚШ-тың саяси
беделінің өскендігін сипаттайды.
АҚШ Кеңестік Ресейге қарсы басқа империалист мемлекеттер сияқты саясат
жүргізді. АҚШ-тың басқарушы тобы Қазан революциясы қарсаңында революциялық
қозғалыстың дамуын тоқтатуға, Ресейді соғыстан шығармауға қолдан келгеннің
бәрін жасады. Петроградтағы американ елшісі Фрэнсис большевиктер партиясына
қарсы репрессия жүргізуді, В.И.Ленинге өлім жазасын кесетін сот процесін
бастауды талап етті. АҚШ қаржысына Ресейде большевиктерге қарсы үгіт-
насихат жүргізетін 17 газет шығарылды. Революция жеңісі американ жоспарының
толық күйреуін көрсетті. АҚШ Қазан революциясы жеңе салысымен-ақ Кеңестер
республикасына қарсы күрес жолына түсті, 1918 жылы оған қарсы интервенция
бастады. Қызыл әскер интервенттерге ойсырата соққы берді. Мұнан кейін АҚШ-
тың басқарушы тобы Ресейдегі ішкі контрреволюцияны барынша қолдады. Олар
Кеңестік республиканы дипломатиялық оқшаулау және экономикалық блокада
орнату бағытын ұстады.
АҚШ-тың экономикалық өрлеуі өндіріс пен капиталдың шоғырлану процесін
тездетті. Монополистік бірлестіктердің қуаты күшейді: 20-шы жылдардың
басына қарай индустриядағы жұмысшылардың жартысынан көбі және елдің
өнеркәсіп өндірісінің үштен екісіне жуығы ірі монополия үлесіне тиді. Алып
трестердің үстемдігі буржуазиялық мемлекетті нығайтты. Елдің экономикалық
ресурстарын соғыс қажетіне мобилизациялау мақсатында 1917-1918 жылдары
әскери өнеркәсіп басқармасы және оның бірнеше салалары құрылды. Олардың
қызметі: әскери сұраныстарды бөлу, өнеркәсіп кәсіпорындарын шикізат, отын,
транспорт және жұмыс күшімен қамтамасыз ету. Еңбек қатынастарына
мемлекеттің араласуы күшейді. 1918 жылы кәсіпкерлер мен кәсіподақ
өкілдерінен капитал мен еңбек арасында ынтымақтастық және елде таптық
бейбітшілікке жету мақсатында әскери еңбек басқармасы құрылды.
Мемлекеттік-монополистік капитализмнің дамуы буржуазиялық идеологияның
осыған сәйкес формасының қалыптасуына әкеп соқты. В.Вильсон үкіметі XX
ғасырдың басында пайда болған мемлекеттің экономикаға араласуын және
жекелеген либеральдық реформаларды жүргізуді көздеген неолиберализм
идеологиясын басшылыққа алды.
Капитализмнің жалпы дағдарысын тудырған тап күресінің шиеленіскен
жағдайында және Қазан революциясының идеялық әсері ірі капитал үстемдігін
нығайту үшін буржуазиялық реформизм саясатын ең қажеттілікке айналдырды.
Президент В.Вильсон жұмысшыларға ұйым құру, ереуілдер жасау, ұжымдық
келісімдер құқын беру жөнінде конгресте бірнеше рет ұсынған-ды. Осылайша
оның ойынша еңбек пен капитал арасында таптық ынтымақтастық жағдайын орнату
мүмкіндігі туады. Вильсон өз сөздерінде неолиберализм идеологиясының таптық
мәнін ашып көрсетті. Ақ үйдің басшысы демократиялық қоғам жағдайында кез
келген қайта құрулар өмір сүріп отырған қоғам ішінде жүзеге асырылуға тиіс
және қоғам шеңберінен шығудың барлық әрекеті аяусыз басып жаншылады деп
мәлімдеді. Осындай философияны басшылыққа алған В.Вильсон үкіметі репрессия
жолына түсті. 1920 жылы Әділет министрі М.Пальмер жарлығымен бүкіл елде
радикалдарға қарсы қуғындау-тұтқындау ұйымдастырылды. Алдыңғы қатарлы
интеллигенция мен жұмысшылардың мыңдаған өкілдері түрмеге жабылды, елден
қуылды.
Ішкі саясатта реакциялық ағымның күшеюі әлеуметтік өмірге кері әсерін
тигізді. Соғыс кезінде нығайған және күшейген монополист буржуазия
Ресейдегі Қазан революциясының әсерінен американ жұмысшы қозғалысының қол
жеткен жетістіктерін тартып алуға тырысты. Вильсонның жұмысшыларға адам
дегенге тән құқықтарды беру жөніндегі либералдық декларациясын монополистер
жақтырмай қарсы алды. 1918 жылғы сайлауда көпшілік орынды жеңіп алған
республикандықтар иемденген АҚШ конгресі мемлекеттің экономиканы
реттеуге араласуын тез арада жоюды және либералдық реформа саясатынан бас
тартуды талап етті.
Осындай жағдайда президент Вильсон республикандықтардың реакциялық
бағытына тойтарыс беретін нақты реформалық программа ұсына алмады. Вильсон
әкімшілігінің либералдық шарасы АҚШ конституциясына конгресс арқылы
әйелдерге сайлау құқын беру жөнінде 19-шы өзгертуді енгізумен ғана
шектелді. Ол 1920 жылы 26 тамызда күшіне енді. Жалпы 1919-1920 жылдары
демократтардың әлеуметтік-экономикалық саясатында оңға бұрылғандық
байқалды. Монополистік буржуазияның реакциялық саяси бағытқа бет алуы,
конгрестегі басым көпшілік республикандықтардың либералдық реформа
жүргізуден бас тартуы, демократтық әкімшіліктің буржуазиялық реформизмнен
ауытқуы және тағы басқалар елдегі жағдайды елеулі өзгерістерге ұшыратты.
Осы кезеңге қарай экономикалық конъюнктурасы да өзгерді. 1920 жылдың
жазында елде терең экономикалық дағдарыс орын алды. Өнеркәсіп өндірісі
құлдырады. Жұмысшылардың онсыз да ауыр жағдайы тым нашарлады. 1921 жылы АҚШ-
та 5 млн. жұмыссыз болды. Өнеркәсіптің артьқ өндіру дағдарысы аграрлық
дағдарыспен ұштасты. Ауыл шаруашылық тауарлардың бағасы 2-3 есе
төмендеді. Көптеген фермерлердің шаруашылығы күйреді. Қалың көпшіліктің
басқарушы партияға наразылығын республикандықтар шебер пайдаланды.
Республикандықтар 1920 жылғы дағдарыстың кінәлілері Вильсон және оның
маңайындағылар деп түсіндірді.
1920 жылғы сайлауда республикандықтар жеңді. Республикандық партияның
президенттік қызметке кандидаты Уоррен Гардинг - 16,1 млн., ал қарсыласы
демократиялық партия өкілі Коксу - 9,1 млн. дауыс жинады. Бұл сайлауға
социалистік партия да қатысты. Оның лидері Ю.Дебс - 920 мың дауысқа ие
болды. Вильсон өкіметтен кетті. Жаңа президент қызметіне кірісу қарсаңында,
4 наурыз 1921 жылы В.Вильсон сенатор Лодждың жіберген адамына былай деп
жауап берді: Сенатор, мен ештеңе дей алмаймын. Ал бұған Лодж: Біз
вильсонизмді түптамырымен жойдық, - деп масайрады. Вильсон алған бетінен
еш қайтпады. Американдықтардың басқарушы тобы да оны түсінбеді.
Гардинг үкімет құрамына республикандық партияның консервативтік
бағыттағы өкілдері кірді. Оның ішінде финанс министрі Эндрю Меллон мен
министр Герберт Гувер өте беделді еді. Жаңа әкімшілік жұмысшылар мен
фермерлерге ешқандай көмек көрсеткен жоқ. Керісінше монополистердің
пайдасының ұлғаюына жағдай туғызды. 1921 жылғы салық заңы соғыс жылдары
енгізілген корпорациялардың артық пайдасына салықты жойды және жоғарғы
табысы бар адамдардан алынатын салықты азайтты. 1922 жылғы тарифтік заң
елге әкелінетін өнеркәсіп тауарларына баж салығын көбейтті. Бұл ішкі
рынокта бағаны өсірді.
Гардинг үкіметі жекедара индивидуализм ұранымен мемлекеттік реттеу
саясатына қарсы шықты. Соғыс жылдары экономикаға бақылау жүргізген
федералдық агенттік жойылды. Бұл мемлекеттік-монополистік капитализмді бұзу
дегенді білдірмейді, тек соғыс кезінде төтенше реттеу органдары жойылды.
Дегенмен 20-шы жылдардың басында мемлекеттік-монополистік тенденциялар
біршама бәсеңдеді.
Буржуазиялық мемлекеттің экономикалық қызметінің бәсеңсуіне
қарамастан, ірі капитал өкілдері үкімет субсидияларын алу мүмкіндіктерінің
біразын сақтап қалды. Олар табыс табу үшін заңды бұзуға дейін барды. 1921
жылы мұнай кәсіпкерлері Догени және Синклер Ішкі істер министрі Фоллды
паралап, Калифорния мен Вайомингтегі мемлекеттің мұнайлы аудандарын
арендаға алды. Гардингке жақын үкімет мүшелерінің парақорлық іс-әрекеттері
президенттің өзіне де тиіп жатты. Бұл масқарадан 1923 жылы Гардингті өлім
құтқарып қалды.
Президенттің орнына вице-президент Кальвин Кулидж отырды. Ол
әлеуметтік-экономикалық қатынастарды мемлекеттік реттеу саясатынан бас
тартты. Өз саясатының басшылыққа алған негізгі принципін жаңа президент
Америка ісі - бизнес деп сипаттады. Қарапайым американдықтар
республикандық үкіметтің реакциялық бағытын наразылықпен қарсы алды.
Әсіресе қара халықтың экономикалық жағдайының ауырлығы және нәсілдік
кемсітушілік негрлердің табанды қарсылығын тудырды. Олардың көрнекті ғалым,
жазушы, қоғам қайраткері Уильям Дюбуа басқарған түсті халықтар прогресіне
ықпал ету Ұлттық ассамблеясы ұйымы нығайды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін буржуазиялық партиялардың
саясатына көңілі толмаған жұмысшылар тәуелсіз саяси әрекет ету үшін күресті
жандандырды. Мұнда кәсіподақтардың сол қанаты үлкен роль атқарды. 1918 жылы
қаңтарда Чикаго еңбек федерациясының басшылығы әлеуметтік-экономикалық
қайта құру программасын жасады. Онда темір жолды, гидроэнергетика
кәсіпорындарын национализациялау; ірі капиталдан алым алуды күшейту; сегіз
сағаттық жұмыс күнін және ең төменгі жалақыны белгілеу; жұмысшылардың
кәсіподақтарға бірігу құқын мойындау; әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін
енгізу; Кеңестік Ресейге қарсы интервенцияны тоқтату мәселелері қаралды.
Осы демократиялық платформа негізінде еңбекшілердің дербес партиясын
ұйымдастыру қозғалысы кең етек жайды. 1919 жылы қарашада Чикагода Ұлттық
жұмысшы партиясы құрылды. 1920 жылы оған фермерлердің бірнеше радикалдық
топтары біріккен соң ол АҚШ фермерлік-жұмысшы партиясы болып қайта құрылды.
Демократиялық қозғалыстың сол қанатымен қатар ымырашыл ағымда өмір сүрді.
Оның идеологиясы да монополия зорлығына қарсы шығып, прогрессивтік реформа
программасын ұсынды.
20 жылдардың басына қарай жалпыамерикандық антимонополистік күштерді
біріктіру әрекеті жасалды. 1922 жылы ақпанда прогрессивтік саяси әрекет
Конфедерациясы (КППД) құрылды. Оның программасында темір жолдарды
национализациялау, үлкен пайдаға салық салуды көбейту, саяси тұтқындарды
босату сияқтылар көзделген. КППД лидерлері фермерлік-жұмысшы партиясының
байланыс орнатуға шешім қабылдай отырып, жұмысшылардың дербес партиясын
құру күресін прогрессивтік кандидаттарды қолдау жағына ауытқытты.
1924 жылы сайлау кезінде саяси күрес шиеленісті. К.Кулидж және
Дж.Дэвистердің сайлау тұғырнамасы реакциялық бағытта еді. Сондықтан КППД
президентке сенатор Р.Лафоллет кандидатурасын ұсынды. Оны біраз жұмысшы
және фермерлік ұйымдар қолдады. Америка Еңбек Федерациясы тұңғыш рет АҚШ
президентіне тәуелсіз кандидатты қолдады. Осылайша елде тарихқа Лафоллет
қозғалысы деген атпен енген демократиялық күштер коалициясы туындады. 1924
жылғы сайлау кезінде Лафоллетті қолдамай, өз кандидатурасын ұсынған
американ коммунистері үлкен қателік жіберді.
1924 жылғы сайлау кезінде республикандықтар жеңіп шықты. АҚШ
президенті болып Кулидж сайланды, ол 15.7 млн. дауыс жинады, 382 орын алды.
Демократиялық партияның кандидаты Дж.Дэвис 8.4 млн. дауыс жинады,
136 орын иеленді. Демократиялық күштердің жеңілуі және басталған
экономикалық өрлеу Құрама Штаттардың өз дамуында жаңа кезеңге аяқ
басқандығын көрсетті. Басқа капиталистік елдерге Караганда, АҚШ-та
капитализмнің тұрақтану кезеңі ерте басталды және бекемірек болды. 1922
жылдың соңына қарай АҚШ-та 7 жылға созылған өнеркәсіп өрлеуі басталды. 1929
жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1921 жылдың деңгейінен 78%-ға асып түсті.
Оның себебі американ империализмінің бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
күшеюі, АҚШ-тың дүниежүзілік финанс орталығына айналуы, американ
монополиясының кәсіпорындарды жаңа техникамен жабдықтауы, жаңа заводтар мен
фабрикалардың салынуы болып табылады. Өнеркәсіптің өрлеуі АҚШ-тың
дүниежүзілік экономикада үлес салмағын арттырды. 20-шы жылдары буржуазиялық
насихат Америкада капитализмнің тұрақтануы, ерекше мызғымастығы туралы ой
таратты.
Тұрақтану жылдарында АҚШ-та ірі капиталдың жағдайы нығайды.
Монополистік буржуазия өз күштеріне сеніп, жекедара индивидуализм
идеологиясын таратып, мемлекеттің бизнес ісіне араласуына қарсы шықты.
Индивидуализм идеологиясы республикандық үкіметтің ішкі саясатының негізіне
алынды. 1921 жылғы Гардинг әкімшілігінің бағытын жалғастыра отырып, Кулидж
үкіметі буржуазиялық мемлекеттің барлық экономикалық және әлеуметтік
қызметтерін жоққа шығаруға тырысты. Ол ірі капиталдың еш бақылаусыз қожалық
етуіне қолайлы жағдай туғызуды басты мақсат санады.
Соған қарамастан осы кезеңде АҚШ-та мемлекеттік-монополистік
капитализмнің дамуы тоқтаған жоқ. Керісінше монополистік буржуазия
әрекетінде кәсіпкерлердің салалық ассоциация құру сияқты ұжымдық
тенденциялар пайда болды. Буржуазиялық ұжымдықтың жоғарғы сатысына
әлеуметтік-экономикалық проблемаларды мемлекеттік-монополистік әдістермен
шешу - сатысына көшу қажеттігінің туындауын 20-шы жылдары орнаған американ
экономикасының үнемі депрессияға ұшырап отыруы көрсетеді.
Фермерлік проблемаларды шешу жолдары да шиеленіскен күресті туғызды.
Толастамаған аграрлық дағдарыс фермерлердің жаппай наразылығын өсірді және
ауыл шаруашылығына үкімет көмегі үшін қозғалыс туындатты. Оны фермер
буржуазиясы басқарды. Олардың талаптары: үкіметтің ауыл шаруашылық
товарларының бағасын көтеруі. Осы мақсатта 1924 жылы конгреске Макнери-
Хоуген биллі тапсырылды. 1927-1928 жылдары оны конгрестің екі палатасы екі
рет мақұлдады. Алайда Кулидж үкіметі ауыл шаруашылығын мемлекеттің реттеу
прниципін қабылдамады. Фермерлер өз мақсатына жете алмады.
Капиталистік экономиканың дұрыс қызмет етуі көп жағдайда
теміржолдардың тиімді жұмыс істеуіне байланысты. 1926 жылы теміржолшыларға
ұйымдасу мен ұжымдық келісімге құқық берген және осы салада енбек
қақтығыстарына мемлекеттің араласу системасын енгізген жаңа заң қабылданды.
Капиталистік өндірістің қажеттілігі Кулидж үкіметін экономиканың кейбір
салаларына мемлекеттің араласуын кеңейтуге мәжбүр етті.
Монополистік реакция прогрессивтік күшке қарсы әр түрлі шовинистік
және расистік топтарды пайдаланды. Оның ішінде үлкен роль атқарған 20-
жылдарда мүшесі миллионнан асқан ку-клукс-клан ұйымы болды. Өзін жүз пайыз
американдықтар деп есептегендердің талап етуімен, АҚШ-қа европалық
иммигранттардың, әсіресе Орталық Оңтүстік-Шығыс Европадан қажет емес
шетелдіктердің келуіне қатал талаптар енгізген жаңа иммигранттық заң
қабылданды. Өйткені олар мұнда қоғамды революциялық қайта құру идеясын
таратуы мүмкін.
1928 жылғы сайлауда республикандық партия кандидаты Гувер ірі жеңіске
жетіп, президенттік орынды иеленді. Республикандықтар конгрестің екі
палатасында да ез позицияларын нығайтты. Олардың лидерлері оптимизмге толы
еді. Басқару тізгінін өз ізбасарына ұсынар алдындағы конгреске соңғы
жолдауында, 1928 жылы желтоқсанда Кулидж Еліміз қазіргі кезіне қанағаттана
көз тіксе, ал келешекке үмітпен қарайды деп салтанатпен мәлімдеді. Алайда
жыл өтпей-ақ Америка экономикалық дағдарысқа енді, ешқашан бітпейтін
гүлдену дәуірі туралы иллюзияның күлі көкке ұшты.
1.2 Америка дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында
1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдары
капиталистік дүниенің басты елі - Америка Құрама Штаттарына оңай соқпады.
20-шы жылдары экономиканың өсу қарқыны қаншалықты жоғары болса,
экономикалық дағдарыс соншалықты терең болды. 1932 жылы дағдарыс шегіне
жеткен кезде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі дағдарысқа дейінгі деңгейінің
54%-ын ғана құрады. Әсіресе монополия позициясы күшті ауыр өнеркәсіп
саласында өнімнің құлдырауы қатты білінді. Елде 1932 жылдың жазында 285
домна пешінің 46-сы ғана жұмыс істеді.
Экономикалық дағдарыс жұмысшыларға адам естімеген қайыршылық әкелді.
Жұмыссыздар саны өсті: 16.9 млн. адам. Миллиондаған жұмыссыздар және
олардың отбасылары өмір сүру қаракетінен айырылды. Әлеуметтік сақтандыру
жүйесінің болмауы олардың мемлекет көмегіне деген үмітін өшірді. 1929-1932
жылдары жұмысшылардың жалақысы орта есеппен 35%-ға азайды. Фермерлердің
жағдайы да нашарлады. Дағдарыстың төрт жылында 900 мың фермерлік шаруашылық
салықты төлей алмағаны және қарыздарын төлей алмағаны үшін күйреді.
Дағдарыс елдің бүкіл финанс жүйесін қамтыды. 1929 жылы қазанда АҚШ-та
адам естімеген биржалық дүрбелең басталды. 1933 жылдың наурызына қарай
акцияның жалпы құны 4,5 есе қысқарды. Терт жыл ішінде 5,5 мыңнан астам
банктер өмір сүруін тоқтатты, яғни бұл АҚШ-тағы барлық банктердің бестен
бір бөлігі болатын. Миллиондаған ұсақ салымшылар өз жинақтарын жоғалтып,
қайыршыларға айналды.
Президент Гувер және оның кабинетінің мүшелері
жекедара индивидуализм идеологиясын негізге алып, экономиканы мен
әлеуметтік қатынастарды реттеуге мемлекетті пайдалануға қатты қарсылық
көрсетті. Олар жұмыссыздарға мемлекеттік кемек көрсету туралы ұсыныстардың
бәрін қабылдамады. Гувер үкіметінің аграрлық саясаты да сол кезеңнің
талабына сәйкес болмады. 1929 жылы құрылған федералдық фермерлік басқарма
бағаның тым түсіп кетпеуі үшін ауыл шаруашылық товарларын сатып ала
бастады. 1931 жылдың ортасына қарай үкімет қоймаларыңда 257 млн. бау бидай,
1,3 млн. текше мақта жинақталды. 1931 жылдың екінші жартысында фермерлік
басқарма сатып алуды токтатты және өз қорларын сатуға кірісті, бұл ауыл
шаруашылық рыногын бұзып, фермерлердің негізгі көпшілігінің жағдайын одан
сайын нашарлатты.
1929 жылы республикандық үкімет кредитті арзандату
және корпорациялар табысына салықты азайту шараларын жүргізді. 1930 жылы
шетелдік товарларға бажды өсірген жаңа тарифтік заң өмірге енді. 1931 жылы
күзде ірі банкілердің күйреуінің көбейе бастауына байланысты Гувер
жекедара индивидуализм канонынан бас тартып, банк топтарының ерікті
жарналары арқылы жиналатын 500 млн. долларлық капиталы бар Ұлттық кредиттік
корпорация құру инициативасын көтерді. Ірі банк иелері өз әріптестеріне
ақшаларын шығарғылары келмегенде ірі мемлекеттік қаржы салынды. 1932 жылы
қаңтарда конгресс Реконструктивтік финанс корпорациясы (РФК) құрылғандығы
жөнінде заң қабылдады. Бір жыл ішінде РФК 2 млрд. долларлық субсидия мен
заемдарды таратты. РФК қызметі 1929- 1933 жж. дағдарыс кезеңінде
мемлекеттік монополистік тенденцияның күшейе бастағанын көрсетеді.
Қоғамның экономикалық өмірінің бұзылуы жаппай халық қозғалысының жаңа
толқынын туғызды. Жұмыссыздар толқуы дамыды. Америка компартиясы
басшылығымен 6 наурыз 1930 жылы жұмыссыздыққа қарсы жаппай демонстрациялар
өткізілді. Ал шілдеде І-ші жалпыамерикандық жұмыссыздар съезі өтті. Съезд
жұмыссыздардың Ұлттық кеңесін құрды. Ол жергілікті жерлерде жұмыссыздар
кеңесінің қызметін үйлестірді.
1930 жылы жазда компартия жұмысшы биллі деп атанған әлеуметтік
сақтандыру туралы заң жобасын ұсынды. Онда жұмыссыздарға жәрдемақы,
кәрілерге, ауырғандарға көмек көрсету жөнінде айтылған. 1931-1932 жылдары
компартия басшылығымен және инициативасымен Вашингтонға екі рет ұлттық
ашаршылық жорығы ұйымдастырылды. 1932 жылғы маусымда АҚШ астанасына 25
мыңға жуық ардагерлер мен олардың жанұя мүшелері жиналды. Өкілдер палатасы
олардың талаптарын қанағаттандыруға келісті. Алайда Гувердің талабымен
сенат ардагерлерге соғыс кезінде әскерде қызмет еткені үшін компенсация
ретінде берілетін бонусты төлеуден бас тартты. Ол ардагерлер қозғалысын
тудырды. Оған қатысушылар бонусты төлеп қана қоймай, әлеуметтік сақтандыру
системасын енгізуді талап етті. Бұған жауап ретінде Гувер ардагерлерге
тұрақты әскерді қарсы қолданды. Жорыққа қатысқандарды қуды, олардың уақытша
лагерьлерін жапты. Алайда бұл жазалау еңбекшілерді қорқыта алмады,
жұмыссыздар қозғалысы жаңа екпінмен дамыды.
Фермерлердің барлық тобы да үкімет саясатына қарсы шықты. 1932 жылдың
соңы мен 1933 жылдың басында қарыздары мен салықтарын төлемегені үшін
фермалар еріксіз сатыла бастады. Фермерлер сауда өтіп жатқан жерлерге
келіп, адамдардың аукционға қатысуына кедергі келтірді. Кейбір фермерлер
аукционға қатысып ферма үшін ең төменгі бағаны ұсынды. Бұл қарсылықты
тарихта көк тиынға татымайтын сатып алу деп атады. Бұл күресте
коммунистер басқарған фермерлердің біріккен Лигасы белсенді роль атқарды.
Әлеуметтік қарсылық қозғалысына жұмысшылар, фермерлер, қала кедейлері,
орташалары қатысты. Елде күрделі жағдай туды.
Қалың көпшіліктің наразылығы буржуазиялық партиялардың қызметінде
тәуелсіз саяси қимыл мен үшінші партия құру үшін қозғалысты туындатты. Оның
белсенді насихатшысы радикалдық интеллигенция өкілдерінен 1929 жылы
құрылған тәуелсіз саяси қимыл Лигасы болды. Буржуазиялық партиялардың
реакциялық саясатын сынаған қозғалыс мүшелері монополия үстемдігін шектеуге
бағытталған реформа программасын қорғады.
Осындай жағдайда 1932 жылы сайлау кампаниясы жүргізілді. Екі
буржуазиялық партия да халық мүддесін қорғаушылар ретінде көрінуге тырысты.
Гувер 1932 жылғы наурызда еңбек қақтығыстарына соттың араласуын шектеген
Норрис-Лагардиа заңына қол қойды. Демократиялық партиядан АҚШ
президенттігіне кандидат Нью-Йорк штатының губернаторы Франклин Рузвельт.
Демократиялық партияның республикандықтардан айырмашылығы еңбекшілерге
біраз жеңілдіктер беру, либералдық реформалар жүргізу қажеттілігін түсініп,
сол арқылы елдегі таптық шиеленісті бәсеңдетуге тырысты.
2-тарау. Ф.Д. Рузвельт кезеңі
2.1 Ф.Рузвельт және оның Жаңа бағыты
Демократиялық партияның икемді солқылдақ саясаты оларға жеңіс әкелді.
Рузвельт 1932 жылы сайлауда 22,8 млн. дауыс жинады. Демократтар конгрестің
екі палатасында да көп орынға ие болды. Он екі жылдық үзілістен соң, өкімет
билігі қайтадан демократтар қолына көшті.
Франклин Делано Рузвельт 1881 жылы Нью-Йорк штатында туған. Оның арғы
атасы Ван Роозевельт Америкаға XVII ғасырда Голландиядан келген. Ол кезде
Нью-Йорк голландық болып, Жана-Амстердам деп аталынған. Ағылшындар басып
алған соң қаланың аты өзгерген. Роозевельт ағылшын манерінде Рузвельт. Оның
екі немересі Америкада осы әулеттің екі тармағының негізін салды. Оның бірі
(1901-1909 жж.) Теодор Рузвельт, екіншісі - президент Франклин Рузвельтті
берді. Рузвельттер Нью-Йорктағы ең атақты жанұя, Франклин Рузвельт Француз,
неміс тілін меңгерген, үш жасынан бастап әке-шешесімен бірге жыл сайын
Европада саяхатта болған. Ол Гарвард университетінде, онан соң Колумбия
университетінде құқық мектебін бітірген. Рузвельт саясатқа ерте араласады.
1910 жылы демократиялық партиядан Нью-Йорк штатынан сенатқа сайланады.
Президент Вильсон 1913 жылы оны теңіз министрінің орынбасары етіп
тағайындайды. 1920 жылы оны демократиялық партия вице-президент қызметіне
ұсынады. Алайда сайлауда демократтар жеңілген соң, Рузвельт жеке өмірге
оралады. 1921 жылы мұхитта шомылып, Рузвельт қатты суықтайды да полиомиелит
ауыруымен ауырады. Өмірінің соңына дейін оның аяғы жансыз болып, таяқпен
ғана жүре алды. Алған бетінен қайтпайтын, өте қайсар адам. 1928 жылы ол Нью-
Йорктың губернаторы болып сайланады. 1932 жылы сайлауда президенттік орынды
жеңіп алды.
Америка Құрама Штаттарының президенті болып өз замандастарына жұмбақ
болған адам сайланды. Замандасы Ф.Перкинс ол мен таныған адамдардың
арасындағы ең күрделі адам деп жазады. Оның мемлекеттік қайраткер ретінде
талас тудырмайтын көрегендік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz