Атланттық хартия



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
1. КСРО, Ұлыбритания мен АҚШ-ның әскери-саяси
ынтымақтастығы. Атланттық
хартия ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..6
1.1. 1941-1945жж. Ағылшын-американ Одағы.
Атланттық
хартия ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .6
1.2. Кеңес-Британ
келісімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 8
1.3. Кеңес-американ қатынастары.
Антифашисттік
ынтымақтастық ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .12
2. Еуропада екінші майданның
ашылуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..15
3. Коалицияның экономикалық ынтымақтастығы.
Ленд-лиздің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Сілтемелер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .19
Кіріспе
Курстық жұмыс антигитлерлік коалицияның тарихын, оның қалыптасуы мен
қызметінің негізгі кезеңдерін, әскери-саяси мәселелерін зерттеуге және
сараптауға арналған.
Жұмыстың өзектілігі
ХХғ.тарихқа 70-тен астам ел қатысқан екі дүниежүзілік соғысты тудырған
дәуір болып енді. Соғыс тарихын зерттеуден соғыс жүргізу үшін көбінесе
әскери-саяси одақтар – коалициялар құрылатындығы анықталады. ІІ
Дүниежүзілік соғыста да гитлерлік Германия мен Жапония бастаған агрессор
блокқа КСРО, АҚШ мен Ұлыбритания қатысқан Антигитлерлік коалиция қарсы
тұрды.
Антигитлерлік коалиция агрессор блокқа қарсы күресте қуатты күш болды.
Оның басқа әскери-саяси одақтардан өзгешелігі – оның құрамындағы елдердің
түрлі қоғамдық құрылымдығы. Осының негізінде екі қарама-қарсы бағыт
өрістеді: одақтастардың ортақ мақсаты – фашизмді қирату болды, алайда әрбір
держава соғыстың барысы мен соғыстан кейінгі мәселелерді шешуді өз
мүдделеріне бағындырғысы келді. Бұл қарама-қайшылық, әсіресе, шешуші мәселе
– Еуропада екінші майданның ашылуы мәселесінде айқын байқалды.
90жж. басынан цензуралық шектеулер мен идеологиялық догмалардан азат
болған мемлекеттік және саяси қайраткерлер, тарихшылар мен жазушылар
антигитлерлік коалициямен байланысты оқиғалар кешенін сараптауға мүмкіндік
алды. Осының нәтижесінде түрлі тың пікірлер мен бұрын соңды естімеген
мұрағат құжаттар жарық көрді.
Тарихи зерттелуі
50жж. соңында Тегеран және Ялта конференцияларының материалдары[i],
сонымен қатар кеңестік әскербасылар мен елшілердің күнделіктері[ii]
жарияланды.
Ақпараттың көбеюімен тарихшылар үшін Антигитлерлік коалицияның тарихын
толық меңгеріп, оның одақтастарының іс-әрекеттеріне объективті баға беруге
мүмкіндігі туады.
Зерттеулердің негізгі бағыттары:
1. Одақтастардың Еуропада екінші майданның ашылуы мәселесіндегі
саясаты мен стратегиясы;
2. Еуропадағы екінші майданның агрессорларға қарсы соғыстағы рөлін
анықтау;
3. Одақтастардың геосаяси мүдделері мен мақсаттары;
4. Батыстық одақтастардың қарулы күштерінің әскери өнері.
Кеңес тарихи энциклопедиясы, Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының
тарихы, он екі томдық Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы еңбектерінде
екінші майданның ашылуының ұзаққа созылуы Ұлыбританияның кінәсі деп
пайымдалады.
Бұл пікірді Н.Н.Иноземцевтің жұмыстары теріске шығарады. Ол АҚШ-ның
сыртқы саясатын зерттей келе, оның екінші майдан мәселесін шешудегі пікірі
ағылшын идеяларымен бірдей болғандығын айтады.
Қазіргі тарихнамада мәселелерді түпкілікті зерттеуге көп көңіл
бөлінеді: құжаттардың толық сипаттамасы беріледі, үлкен үштік басшыларының
қызметі зерттеледі. Мысалы, Ж. Бомъе өз еңбегінде Рузвельттің позициясын
жете анықтайды[iii].
Осылайша, тарихнама Антигитлерлік коалицияның мәселелерін терең
зерттейді.
Жұмыстың мақсаты
- Антигитлерлік коалицияның құрамындағы елдердің
ынтымақтастығының барысын сараптау;
- Кеңестік және батыстық тарихнаманы ескере отырып, саяси, әскери
және экономикалық аспектілерін зерттеу;
- ІІ Дүниежүзілік соғыстың әскери-саяси және дипломатиялық
тарихындағы шетелдік және отандық авторлардың дискуссиясына
қорытынды жасау.
Жұмыстың міндеттері
Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:
1. КСРО, Ұлыбритания мен АҚШ-ның әскери саяси ынтымақтастығы
мәселелерін қарастыру;
2. Антигитлерлік коалицияны құрудағы Атланттық хартияның рөлін
анықтау;
3. 1941-1943жж. Екінші майданның ашылуының ұзаққа созылуының
себебін түсіндіру;
4. ІІ Дүниежүзілік соғыстағы екінші майданның рөліне баға беру.
5. Одақтастардың Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағына берген
материалдық көмегінің маңызын анықтау
Хронологиялық қамтуы
Жұмыс 1940-1945жж. қамтиды.
Жұмыстың құрылымы
Кіріспе.
1-тарау одақтастардың әскери-саяси жоспарлары мен Атланттық хартияны
құрудың маңызын ашады.
2-тарау екінші майданның ашылуының маңызы мен оның ұзаққа созылуының
себептерін анықтайды.
3-тарау Кеңес Одағына Ұлы Отан соғысы кезінде көрсетілген экономикалық
көмектің маңызын көрсетеді, 1941-1945жж. ленд-лиздің рөлін анықтайды.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

1. КСРО, Ұлыбритания мен АҚШ-ның әскери-саяси ынтымақтастығы.
Атланттық хартия.
1.1. 1941-1945жж. Ағылшын-американ Одағы. Атланттық хартия.
1941ж. тамызда Рузвельт пен Черчилль Канаданың Атлант мұхиты
жағалауында кездесіп, АҚШ мен Ұлыбританияның ресми мақсаттарын сипаттайтын
хартияға қол қояды. Бұл хартия Антигитлерлік коалицияның негізгі
бағдарламалық құжаттарының біріне айналды.
Құжатты жасау кезінде салмақты келіспеушіліктер байқалды. Рузвельт
соғыстан кейін бейбітшілікті сақтайтын халықаралық ұйым құруға құштар емес
еді.
ІІ дүниежүзілік соғыстағы және соғыстан кейінгі бейбітшілікті
қалыптастырудағы Англия мен АҚШ-ның басты мақсаттары көрсетілген
декларацияға АҚШ президенті Ф.Рузвельт пен Ұлыбритания премьер-министрі
У.Черчилль 1941ж. 14 тамызда Атлант мұхитының Ньюфаундленд маңы жағалауында
Принц Уэльский ағылшын линкорында қол қояды.[iv]
Атланттық хартияда мынадай міндеттер қойылды:
- фашистік тиранияны жою;
- агрессорды қарусыздандыру;
- халықтарды мобилизациялану ауыртпалығынан құтқару.
Екі жақ та халықтардың келісімінсіз территориялық өзгерістер
жүргізуден бас тартып, өздерін саудадағы тең мүмкіндіктер мен экономикалық
ынтымақтастықты жақтаушылар деп жариялады.
Атланттық хартия фашизмді құлдыратқаннан кейін әлемде бейбітшілік пен
қауіпсіздік орнатуға үміт артты, сонымен қатар агрессияны қайта болдырмау
шаралары жүргізілетіндігін мәлімдеді. Бұл мақсаттарға жету үшін күш
көрсетуден бас тарту мен агрессорларды қарусыздандыру керек болды, өйткені
Атланттық хартияда: егер елдер өз шекарасынан тыс жерде агрессиялық күшін
көрсетіп, құрлықтағы, теңіз және әуе қаруларын қолдануды жалғастыра берсе,
онда ешқандай бейбітшілік сақталмайды.[v]
Атланттық хартия Батыста антифашисттік коалицияның идеялық негізі
болып есептелді.
24 қыркүйекте И.М.Майский Лондонда КСРО атынан Атланттық хартияға қол
қояды. Сол кезде бұл КСРО, АҚШ мен Ұлыбританияны байланыстыратын жалғыз
құжат еді. 1942ж. 1 қаңтарда Атланттық хартияның принциптерін қолдаған
мемлекеттер Вашингтонда 26 елдің Декларациясына қол қояды. Осы акт
Антигитлерлік коалицияның құрылуының негізі болды. Коалицияның құрамына
КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Қытай, сонымен қатар Югославия,
Польша, Чехословакия және т.б. әскери қимылдарға қатысқан немесе
агрессиялық одақтағы Германия, Жапония, Италия, т.б. елдерге қарсы күресте
көмек көрсеткен елдер кірді. Соғыстың соңына қарай Антигитлерлік
коалицияның құрамына 50 мемлекет кірді. Бірақ ІІ дүниежүзілік соғыстың
барысында, әсіресе, аяқталғаннан кейін АҚШ мен Англия Атланттық хартияның
негізгі принциптерінен ауытқи бастайды.
Осы кезде Тынық мұхитында жапон экспансиясы өрістейді. Ол Кеңес
Одағына шабуылдан бас тартып, оңтүстікке қарай бет алды, өйткені Кеңестік
Қиыр Шығысты окупациялау экономикалық пайда әкеле қоймас еді.
Американ – жапон келіссөздері тығырыққа тірелді. Черчилль, Чан Кайши,
голландық және австралиялық үкімет Вашингтондық келіссөздерде қатаң позиция
ұстануды уағыздайды.
1941ж. 26 қарашада Вашингтон Токиоға ультиматум түріндегі он пунктті
құжат жібереді. Ол бойынша Қытай мен Үндіқытайдан әскерлерін шығарып,
Чунциндегі Гоминьданнан өзге үкіметтің қолдауынан бас тарту талап етіледі.
Токионың жауабы 1941ж. 7 желтоқсандағы АҚШ-ның Гавай аралдарындағы әскери-
теңіз базасы – Перл-Харборды жаппай бомбылау болды. Американ флоты үлкен
зардап шегеді: 4 линкор, 6 крейсер, 272 ұшақ, 3,4 мың адам құрбан болады.
Соңына дейін соғысқа кірмеуге тырысқан АҚШ-на соғысқа қатысуға тура келеді.
1941-1942жж. Тынық мұхитындағы күштер тепе-теңдік сақтап тұрғанымен,
үш жылдан кейін 1945ж. басына қарай агрессордың күші әлсірей бастады.
1945ж. ортасында одақтастар жапондықтарды Филиппиннен қуып шығып, Голландық
Индия аралдарында әскери қимылдар жүргізді, Бирманы азат етіп, жапондық
Иводзима және Окинава аралдарын басып алды.
1945ж. 9 ақпанда штаб бастықтарының Біріккен Комитеті Рузвельт пен
Черчилльге доклад жібереді. Оның негізінде Жапониямен соғыстың Германияның
жеңілісінен 18 ай кейін аяқталатындығын шамалап белгілейді, яғни 1946
жылдың соңына жоспарланды. Ал одақтастардың ықтимал шығыны – 1 млн.
адам.[vi]
1945ж. 26 шілдеде АҚШ, Ұлыбритания және Қытай Потсдам декларациясында
Жапониядан капитуляцияны талап етті (ал КСРО ол кезде Жапониямен соғыс
жағдайында болмағандықтан, декларацияға қосыла алмады). Бұдан кейінгі
реттеулер милитаризмді жою, агрессияға кінәлілерді биліктен шеттету, әскери
қылмыскерлерді жазалау және елді демократияландыру принциптеріне сүйенуі
тиіс еді. Алайда жапон үкіметі декларацияның талаптарынан бас тартты. Соғыс
жалғаса берді...
КСРО-ның Жапониямен соғысқа кіруі алдында АҚШ алғаш рет ядролық қаруды
қолданып, 6 тамызда Хиросима қаласын, одан кейін 9 тамызда Нагасакиді
бомбылайды. Ядролық бомбылауға әскери емес объектілер таңдалғандықтан, бұл
майдандағы әскери қимылдардың барысына әсер етпеді.
16 тамызда жапон үкіметі одақтастарға Потсдам декларациясының
талаптарын қабылдауға дайын екендігін хабарлайды. Бірақ әскери қимылдар
қыркүйектің басына дейін жалғасады.
1945ж. 2 қыркүйекте Токиолық шығанақта Миссури американ линкорында
жапон үкіметі мен әскери басшылық өкілдері капитуляциялық актке қол қойды.
Алты жылға созылған ІІ дүниежүзілік соғыс Антигитлерлік коалицияның
жеңісімен аяқталды.
Осылайша, біз коалициялық стратегияны жасау оңайға соқпағанын
байқаймыз, өйткені одақтастар арасында қарама-қайшылықтар туып отырды.
Бірақ аяғында жеңіске алып келген бірқатар жоспарлар жасалды. Бұл жоспарлар
бірнеше кезеңдермен жүрді: Солтүстік Африканы азат ету, Италияны соғыстан
шығарып, Жерорта теңізінде толық орнықтыру, Францияның солтүстігінде майдан
ашу, Германияға күшті соққы беріп, Берлинді алу, Жапонияны толық
капитуляциялау. Көптеген өз мүддесін көздеген одақтас елдер арасындағы
қиындықтар мен келіспеушіліктерге қарамастан, нәтижесінде елдер ымыраға
келіп, Германияны талқандау және ІІ дүниежүзілік соғысты аяқтау мақсаттарын
жүзеге асырды.
1.2. Кеңес-Британ келісімі
Чемберленмен салыстырғанда Сталин Гитлердің шабуыл жасамау пактіне
қойылған қолының бүкіл ұрпаққа бейбітшілік әкелетініне сене қоймады.
Германиямен соғыс әлі алда еді. Бірақ Сталин соғыс мерзімін есептеуде
қателесіп, арадағы бейбіт үзілісті дұрыс пайдалана алмады.
Түрлі барлаушылардың және дипломатиялық арналардың ескертулеріне,
болашақ одақтасы Черчилль хабарлаған Германияның дайындалып жатқан
агрессиясына мән бермеді. Нәтижесінде Германия батыс шекарасына шабуыл
жасаған кезде КСРО қапыда қалды. Қызыл Әскер артқа шегінді. Үлкен шығындар
болды.
1941ж.и 3 шілдеде Сталин радио арқылы отандастарына әсерлі сөздер
жолдайды. Ол Кеңес әскерінің ретсіз шегінуін тоқтатуға көп күш салады.
Сонымен қатар оған әлемдік сыртқы қатынастарын реттеп, жаңа одақтар
жүйесіне кіруге тура келді.
Ұлыбританиямен одақтасу Сталинге Австралия, Жаңа Зеландия, Индия,
Оңтүстік Африка, Канада және Британ империясының отарларының одақтық
көмегін қамтамасыз етті.
22 маусымда Черчилль радио арқылы Гитлерге қарсы күштерді біріктіріп
күресуге шақырады.
8 шілдеде Ұлыбритания елшісі Ричард Криппс Сталинмен кездесіп,
Черчилльдің КСРО-на кез-келген көмек беруге уәде еткен жолдауын жеткізеді.
Сталин болса, өз кезегінде, Ұлыбританиядан Германиямен сепараттық келісім
жүргізбеуді талап етеді. Бұған Лондон келісіп, 12 шілдеде Мәскеуде кеңес-
британ келісіміне қол қойылады. Ал КСРО-ның Солтүстік Францияда екінші
майдан ашу туралы ұсынысы қабылданбайды.
Кеңес-британ одағының формальді негізі құрылады. Бұл екі жақты да
қанағаттандырды. Алайда аса қуатты қарсыласқа қарсы бағытталған одақ
біртұтас сақталғанымен, одақтастар арасында көптеген қарама-қайшылықтар
туып отырды.
1941-1942жж. КСРО үшін екінші майданның ашылуы ең маңызды мәселе
болды, өйткені Германия өзінің бүкіл құрлықтағы әскерін Шығыс майданға
шоғырландырды.
АҚШ Еуропадағы әскери қимылдарға араласпады, ал американдықтардың
қолдауынсыз британ әскерінің Еуропаға орналасуы жеңіліске әкелетін еді.
Бірақ АҚШ мен Ұлыбритания Германияның Шығыс майданда әбден шаршауын күтіп,
Еуропаға әскер жібермеді.
4 қыркүйекте Сталин Черчилльге тағы жолдау жіберіп, онда Балқан мен
Франциядағы екінші майданды ашудың маңыздылығын айтады. Олай болмаған
жағдайда Кеңес Одағы одақтастарға көмек бере алмайды немесе толығымен
талқандалады.[vii]
1941ж. 28 қыркүйекте лорд Уильям Максуэлл Бивербрук бастаған британдық
және Аверелл Гарриман бастаған американ делегациялары Мәскеуге келді.
Мәскеулік конференцияда 1941ж. 1 қазан мен 1942ж. 1 шілдесі аралығындағы
КСРО-на жеткізілетін көмек туралы протоколға Кремльде қол қойылады. Ол
бойынша Кеңес Одағына ай сайын 400 ұшақ, 500 танк, көп мөлшерде
автокөліктер, зенитті және танкке қарсы қарулар, телефондық құрылғылар,
алюминий, никель, мыс, болат, мұнай, дәрі-дәрмектер және т.б. жеткізілуі
тиіс болды.
Көмек туралы келіссөздермен қатар Бивербруктың қосымша миссиясы болды:
ол – Сталинге Батыс Еуропада немесе КСРО территориясында британ әскерлерін
орналастыру мүмкін еместігін түсіндіру еді. Алайда ол өз әскерлерін кеңес
әскеріне Иран арқылы Кавказда біріктіруді ұсынды.
КСРО-ның әскери жеңілісі жалғаса берді. 15 қазанда өкімет мекемелері
мен дипкорпустар Мәскеуден Куйбышевқа (Самара) эвакуацияланды.
Мәскеу Лондонды ең болмаса Финляндия, Венгрия, Румынияға соғыс
жариялауды сұрайды. Черчилль бұған Мәскеуге сыртқы істер министрі Иденді
жіберуге уәде беріп жауап береді.
Ұлыбританияның жағдайы тұрақсыз болды, өйткені ол Батыс Еуропадағы
Гитлерге қарсы болған жалғыз ошақ еді, сондықтан ол әскерін жіберу арқылы
өзінің әскери немесе экономикалық жағдайын әлсіреткісі келмеді.
Иран геосаяси жағынан КСРО үшін маңызды еді, өйткені ол КСРО-ның
оңтүстіктегі шекарасына әкелетін дәліз болды, ал Ұлыбритания үшін Индия мен
басқа да Таяу Шығыстағы британдық иеліктерге шабуылдайтын плацдарм болды.
Сондықтан 1941ж. шілдеде Мәскеу мен Лондон арасында ирандық мәселеде
келісімге келіп, Ирандағы неміс ықпалын жоюға күш салысады. Алайда Иран
үкіметі келіспегендіктен, 1941ж. 25 тамызда кеңес әскерлері Иранға
солтүстіктен, ал британ әскерлері оңтүстіктен басып кіріп, келісілген
демаркациялық сызыққа келіп тоқтайды. 1942ж. 26 қаңтарда үш жақ келісімге
келіп, британ – кеңес – иран келісіміне қол қойылады. КСРО мен Ұлыбритания
Иранның территориялық тұтастығы мен егемендігін құрметтеп, оны агрессиялық
күштен қорғауды мойындарына алды. Олар әскерлерін соғыстың аяқталуынан 6 ай
кейін алып кететіндіктеріне уәде берді.
Антони Иден 1941ж. 16 желтоқсанда Сталин мен Молотовпен кездеседі. АҚШ
пен Ұлыбританияның Жапониямен соғысқа араласуы олардың әскерінің Еуропалық
құрлыққа жеткізілу мүмкіндігін мүлдем жоққа шығарды.
Бұл кезде Мәскеу түбіндегі герман шабуылы тоқтатылды. Кеңес әскері
Гитлерлік вермахтты тоқтатады, сондықтан Сталинде өз күшіне деген
сенімділік пайда бола бастайды. Сол себепті Сталин Иденді соғыстан кейінгі
әлемдік жағдай мәселесін шешуге шақырады. Германдық және жапондық
агрессияның әскери қимылдары жандана бастаса да, Сталин батыстық
одақтастардан оның территориялық жаулап алуларының легитимдігін мойындатып,
соғыстан кейінгі Еуропаның құрылысының жоспарын ұсынғысы келді. Сталинді
Атланттық хартиядағы территориялық мәселелер мазалады. Кеңес әскерінің
табыстары Сталинді дипломатиялық реакцияға итермеледі. Алайда соңғы
жеңістерге қарамастан, КСРО-ның жағдайы өте ауыр болды. Бірақ Сталин Иденге
қысым жасай берді. Оның соғыстан кейінгі реттеуді жүргізу нұсқасы мынадай
еді:
- Шығыс Пруссия Польшаға берілді;
- Тильзит пен Неманның солтүстігіндегі неміс жері Литва ССР-на
берілді;
- Рейн облысы Германиядан бөлінеді;
- Австрия мен Бавария тәуелсіздік алады;
- Егер Франция ұлы держава статусын жоғалтпаса, онда Ұлыбританияға
Булонь және Дюнкерк әскери база ретінде, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы отан соғысы (1941-1945 жж.)
Екінші дүниежүзілік соғыс туралы
Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері және сипаты
Евразия материгіне физ-географиялық шолу
Бір полярлы әлем жүйесінің қалыптасуы кезеңіндегі АҚШ әкімшілігінің саясаты
АРКТИКАНЫҢ ЖӘНЕ СУБАРКТИКАНЫ ЕВРОПАЛЫҚ СЕКТОРЫ
Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіндегі табиғи газдың орны мен рөлі
Жайық өзенінде мекендейтін бекіре тұқымдас балықтардың экологиялық ерекшеліктерін мектеп оқушыларына оқыту жолдары
Африка территориясын геологиялық зертеу тарихы
Вена конгресі және Бурбондарды реставрациялау
Пәндер