Бабыр және Ұлы Моғол империясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

I. Бабыр және Ұлы Моғол империясы
1. Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр бейнесі
2. Бабыр билігіндегі Ұлы моғолдар империясы

II. Бабырнама тарихы-әдеби естелік шығарма.
2.1 Бабырнама шығармасындағы Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия тарихы
2.2 Бабырнама - көне түркі туындысы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Ұлы бабамыз – шығыстың талантты жазушысы,
ақын, заманынының озық ойлы адамы және мемлекет қайраткері, ер жүрек
қолбасшы, Үндістанда Ұлы моғол мемлекетін құрған Захир ад-дин Мұхаммед
Бабыр тарих ғылымына зор үлес қосар еңбегі дерек көзі Бабырнама туындысын
мұра етіп қалдырды. Ұлы бабамыз өз шығармашылығымен қайраткерлік,
қолбасшылық қарекеттерімен жауап беріп кеткен. Қайыры жоқ көлден без,
қайырымы жоқ елден без дегендей дүниеге жар салып, адамзат ұрпағына
салауатты өсиетін айтып, тарихын жазып қалдырған ұлы тұлға.
Аталған дәлел тақырыптың өзектілігін бүгінде дербестікке қолы жетіп,
екі мың жылдан бұрын-ақ ата-бабалары мемлекет құрған Орталық Азияның,
Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан еліне Бабырнама -
ортақ мұра, өйткені бұл шығармада бабамыз сол мемлекетті құрып отырған
халықтардың тарихын жазып қалдыруымен ашамыз.
Бабыр еңбектерінің ішінде Бабырнаманың алатын орны ерекше. Кітап
сол кездің әдебиетіне тән сөзуарлық, тақуалық, тілмарлықтан аулақ, халыққа
түсінікті қарапайым тілмен жазылған. Шығармада, ол бір жағынан, айлакер,
саясатшы, қатал қолбасшы ретінде көрінсе, екінші жағынан, әдебиетке,
өнерге, ғылымға ерекше ықыласпен қараған, қамқорлық жасаған кісі болып
танылады.
Бабырнама - тек түрік монархының ғана өмірбаяны емес, сонымен
бірге ол өз заманының тамаша тарихы. Бұдан XV ғасырдың аяғы мен XVI
ғасырдың басында Орта Азия, Хорасан, Ауғанстан және Үндістанда болған саяси
оқиғалар мен ұрыстар тарихын анық көруге болады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыптың зерттелу деңгейіне тоқталар
болсақ, Бабырнаманың тілін танып, зерттеуге әлем тарихшы- ғалымдары
зерттеулерінің орны ерекше.
Бабырнамада келтірілген деректердің құндылығы, автордың адалдығы,
әр түрлі деректерге өзіндік көзқарасы, деректің нақтылығы ғалымдарды тәнті
етті.
Бұл орайда мысалы, В.В.Бартольд, А.М.Белинский, А.А.Семенов,
А.Ю.Якубовский, Я.Г.Гулямова, А.Мұхтаров және тіл мамандары: А.К.Баровков,
А.Н.Кононов, Х.Назарова тағы басқалардың еңбектерін ерекше атаған жөн.
Сондай-ақ, Бабырнаманы зерттеуге шет ел ғалымдары да, атап айтқанда:
Голландия (Витсен), Англия (У.Эрскин мен Ж.Лейден, Р.Колдекот, А.Беверидж,
Толбот), Германия (Ю.Клопрат, А.Кейзер), Франция (Паве де Куртейл, Бакке
Грамон), Ауғанстан (Абдул Хай Хабиби), Пакистан (Рашид Ахтар Надви, шаһ Аам
Мавлийат), Түркия (Р.Р.Арат пен И.Н.Баюр) ғалымдары үлес қосты.
Бабырнаманы зерттеу, өз тілдеріне аударма жасау, бастырып шығару
істеріне Үндістан ( М.Н.Хайдар, С.А.Шарми, Р.П.Трипатхи), Ауғанстан (
А.Х.Хабиби, А.А.Кохзад), Түркия ( Р.Р. Арат, И.Н.Баюр). Пакистан (
Р.А.Надви, А.Мавлийат), т.б. Шығыс елдерінің ғалымдары да едәуір үлес
қосты.
Бабырнаманың Өзбекстанда алғашқы қолжазба көшірмесін 1714 жылы
Темір Пулатов қолға түсіріп, оны Санкт-Петербургте Георгий Джекат Кер
зерттеген, сол көшірменің негізінде 1857 жылы Н.Ильминский Бабырнаманың
Ресейдегі алғашқы басылымын ұсынды. Келесі бір данасын 1709 жылы
Гиждувандағы мұғалім Әбу әл-вахаб көшіріп, Кердің қолжазбасынан жүз жылдан
кейін барып, Петербургке жетіп, одан Сенковский 1824 жылы жеке көшірме
жасады. Келтірілген осы деректерге қарағанда Бабырнманың алғаш таратылуы
XVIII ғасырдың басында Орталық Азияда басталған, кейін осы көшірменің
негізінде орыс тіліне аударылды.
Бабырнаманы зерттеуге, сол сияқты Бабырдың поэзиялық мұрасын
жинақтап шығаруға Өзбекстан ғалымдары үлкен үлес қосты. 1948 жылы
Бабырнаманың өзбек тілінде жарық көрген екі томдығын П.Шамсаев пен
С.Мирзаев дайындаған. Олардың қатысуымен Бабырнама бір том болып та
басылды. Соңғы нұсқасы 1905 жылы Лондонда жарық көрген Хайдарабад
қолжазбасы бойынша А.Беверидж басылымынан орыс тілінде аударылды. Өзбек
тіліндегі нұсқа да М.Сальенің осы аудармасы негізінде шықты.
Курастық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Аталмыш тақырыпқа арналған
курстық жұмысты жазуда басты мақсат – мәселенің мән – жайын толыққанды
баяндап, Бабырнама шығармасын құнды тарихи дерек ретінде көрсету болса,
одан туындайтын негізгі міндеттер мынадай:
- Ұлы бабамыз Бабырдың тұлғалық ерекшелігіне тоқталу;
- Бабыр құрған Моғол империясының сол кездегі саяси дамуын, жай-
күйін баян ету;
- Бабырнаманы Орталық Азия, Үндістан, Ауғанстан түркі халықтарының
тарихын танудағы басты дерек ретінде көрсету;
Зерттеудің хронологиялық және аймақтық шеңбері. Бабырнама
тақырыбының кезеңдік және географиялық шектемесі Ұлы Бабырдың өмір сүрген
жылдарымен және саяси ықпал еткен аймақтарымен ұштастырамыз; Олай болса
хронологиялық шегі 1483 жылдан 1530 жылға дейінгі аралықты қамтыса,
географиялық ауқымы Орталық Азия, Қазақстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Үндістан
территорияларын алып жатыр. Яғни осы аймақтарда оқиғалардың өрбу барысы
Бабырнамаға түсірілген.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі. Ұзақ тарихи жылдар ішінде
қалыптасқан, әлемдік және отандық ғылыми ойдың мұрасына айналған
Бабырнама тарихи-әдеби шығармасы, мәдени және саяси процестер мен
құбылыстарды объективті ғылыми талдау назарда болды.
Курстық жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
бірнеше тараушалардан, қорытынды бөлімнен, әдебиеттер тізімінен және
қосымшалардан тұрады.

I. Бабыр және Ұлы Моғол империясы
1. Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр тұлғасы

Ұлы Моғол империясына тоқталмас бұрын, Моғолстан тарихына,
этникалық құрамына тоқталып кететін болсақ:
Моғолстанның этникалық құрамы туралы көптеген деректер кездеседі.
Моғолды немесе мугулды (мағұл, жете, чете, чат) төмендегі деректерге бөліп
қарастыруға болады:
Жетісу мен Шығыс Түркістан жеріндегі көне түрік тайпаларының одағы.
Моғол тарихта Орта ғасырдан белгілі. Шағатай ұлысы ыдырағанан кейін, Жетісу
мен Шығыс Түркістанда осы одақтың атымен Моғолстан, Үндістанда Бабыр құрған
Ұлы Моғол мемлекеті пайда болды. Көптеген тарихи деректерге моғол монғол
тектес деп жазылған. Бірақ Қыдырғали Қосынұлы Жалаири, Мұхаммед Хайдар
Дулати жазбаларына сүйеніп, Ш. Уәлиханов – моғол-четені монғолдармен
шатастыруға болмайды. Моғол – жете, чете, жалайыр тайпасының тармағы, олар
мұсылман дініндегі түрік тілдес тайпалар, проф. В.В.Григорьев моғол-
четені нағыз монғолдар деуге болмайды деп жазады. Осыған қарағанда моғол
Орта ғасырда Чете деп аталған. Шараф ад-дин Әли Йезди Моғолстанды қауым-и
жете атайды. Г.Левшиннің зерттеуінде 16 ғасырда Қыпшақ пен Чете даласын
Дадан хан билеген моғол ұлысы және қазақтар мекендеді, сол кезде
тайпалардан бөлінген халықтар қазақтарға еріксіз немесе өз еркімен келіп
қосылды дейді. Ал Ращид ад-диннің жазбасындағы Жалайыр тайпасының бір атасы
Жайт-Чат Четеге ұқсас. Бұлар көне заманда Сыр мен Шу, Талас бойын
мекендеген Сырманақтан, Шуманақтан тараған. Жамал Қарши моғолды Жете деп
жазады. Тегінде бұл тайпаның ертедегі атауы осындай болуы ықтимал, өйткені
Жайт-Чат өзгеріске түсіп, Жете-Чете аталып кеткен.
Моғолстанның Шағатай әулетінен шыққан хандардың ұрпағы Саид хан Закир
ад-Дин Бабырға арқа сүйеп, қазақтармен және өзбектермен бірде одақтаса,
бірде жауласа отырып, 1514 жылы Әбу Бәкір мырза Дулатидан Қашғарияны тартып
алды да, жаңадан Ұлы Моғол мемлекетін құрды.
Ұлы Моғол - Үндістандағы билеушілер әулеті (1526-1858 жж. ). Бұл
әулетті 17 ғасырда Европа саяхатшылары Ұлы Моғолдар деп атады. Ұлы Моғолдар
мемлекеті Шаһ-Жахан билеген тұста дамудың шарықтау шегіне жетті. Ұлы
Моғолдар мемлекеті орталықтандырылған феодалдық монархия болды. Ол 17
ғасырда бүкіл Үндістанды (Қиыр оңтүстіктен басқа) және Кабулды біріктірді.
Алайда сол кездің өзінде-ақ байқала бастаған ішкі дағдарыс Аурангзеб
өлгеннен кейін (1701), мемлекеттің ыдырауына әкеліп соқтырды. Ұлы Моғол
мемлекетінің негізін салған Темір ұрпағының бірі – Захир ад-дин Бабыр
болды.
Захир ад-дин Мұхамед Бабырдың ғұмырына тоқталсақ, ол 1483 жылы
ақпанның 14-і күні Ферғананың билеушісі, Әмір Темірдің шөбересі – Омар
Шейхтің шаңырағында дүниеге келді. 1494 жылы әкесі кенеттен қаза тауып, 12
жастағы Бабыр Ферғананың әмірі атанды. Буыны қатпаған жас бала әкесінің
уәзірлерінің жәрдемімен, бабасы Темірден қалған иеліктерді бөлісе алмай,
билік үшін кескілескен ұрыс жүргізді. Бір жағынан Жетісудағы Моғолстан
хандары, бір жағынан Қазақстанның Солтүстік, Орталық аймақтарында билік
жүргізіп отырған көшпелі өзбектердің ханы Мұхаммед Шайбанидың жорығына
төтеп бере алмай, 1504 жылы Әндіжаннан айырылып, Ферғанадан қуылып, Кабул
мен Бадахшанға ауысады. Үндістанға әлденеше рет шабуыл жасап, ақыры Делидің
терістегінде Панипат түбіндегі айқаста Ибраһим Лоди сұлтанды жеңіп,
Үндістанда Ұлы Моғол мемелкетінің негізін қалады. Агра қаласын салдырып,
төңірегіне талантты жазушыларды, ғалымдарды өнер адамдарын топтастырды.
Саналыққа ие болған хандар әділеттік атаулы, шындық атаулының
заттық бейнесін жарқыратып көз алдына елестетіп, оның мәні неде екенін,
адамзат жаратылысынан жемқорлыққа, дүниеқоңыздыққа бейім екенін, ол бұл
жолдан жаратқан иемнің қолдауымен, тәңірдің жәрдемімен ғана бас тартып,
тәубесіне келіп, барға қанағат ететін ұғып, дүние танымына көз ашылды.
Адамның жаны зұлымдыққа бейім. Шындығында, зұлымдықтың рухы жанды бұдан
арылу үшін жаратқан иеге мінәжат етіп жалбарыну керек. Бұл – Алла
тағаланың шапағаты, оны көңілі түскен пендесіне тарту етеді. Берейін десе
алланың қайырымдылығы мол.
Бұл сөздің мәнісі, айтылу себебі – патша сарайындағы ақсүйектер мен
әскенри басшылардың жастары, патша мен билеуші қауым тегінің әдет-ғұрпын
бұзып, жастықтың желігін қызықтап, шариғаттың ақ жолынан ауытқып, әлде
қандай құмартпаздыққа түсуде. Енді бұл сөзге құлағдыр болған жандар бірнеше
күннен кейін тәубесіне келіп, жаратқан иесіне жалбарынды. Тыйым салынған
істерді үзілді-кесілді тоқтатып, шын пиғылымен ағынан жарылғандарға есік
айқара ашылады.
Жаратқан иеме мінәжат, жалбарынумыздың негізгі мақсаты жатқылық –
шарап құмарлықтан арылу емес пе еді - дейді Бабыр. Бірақ сыныққа сылтау
іздегендей: Оның емшісі уақыт деп жақауратқан едік. Енді сол уақыт жетті;
алланың ақ туын ұстап дінсіздермен соғыстың; исламның ер жүрек ұлдарын
бастап кәпірлермен айқастық. Алланың атын шақырып, асау жүрегін жуасытатын
уақыт тумады ма, мұсылмандарға деген көк тәңірінің үнін естіп, біз
жаратқан иеме, күнәмізді кешіре гөр деп жалбарындық.
Үмітсіз шайтан, жоқ дегендей, жаратқан иенің берейін десе
қайырымдылығы мол, өз жақыныңмен жағаласқанша діни жолға бас исең сенен
шапағатын аямайды.
Оның қызметшілері дін жолындағы қайырымды істі құптап, тәубеге
келіп, адам кейпінен кетіріп, масқаралап, қорлаған шараптан ат-тонын ала
қашып безіп, дастарханды безіндіріп, аспандағы шоқ жұлдыздарындай көздің
жауын алып арбаған алтын-күміс құмыралар мен тостақандарды аластады.
Қарамағындағы адамдар ағынан жарылып, дертті салып тастағандай, иығындағы
қырсығынан айырылғандай жеңілдеді әрі ұлығың соқыр болса көзіңді қысып
жүр дегендей, сол жиында ұлығымыздың жолын қуамыз десіп, шарап құмарлықтан
құран ұстап бас тартты. Мырзасының тәубесіне келіп, шараптан бас тартқанына
тәнті болған жұртшылық бұдан кейін де ағылып келіп құлшылық етіп, ант беріп
жатты; осы жиында қауым болып шарап құмарлық дертінен біржолата қоштасты.
Алланың жазуымен тәубесіне келіп, дертті ішімдіктен бойын аулақтанқанына
қарапайым қауым дән риза. Қайырымдылыққа жол сілтеген адам жасампазбен
бірдей бағаланды, алланың атымен білік жүргізуші патшаны алланың атымен
билік жүргізуші патшаны бақытты өмірге жеткізеді, бұл қайырымдылық оны
жеңіске жеткізіп, данққа бөлейді.
Мемлекеттің туы астында қауіп-қатерден арылып қана іздеген пана
жандар: түрік, тәжік, араб, үнді, парсы бола ма, диқан ба, жауынгер ме,
әйтеуір адамзаттың баласы біздің үкіметімізге үміт артса, құлшылық етіп
тілеулестік білдіріп, ынтымақтастық тілесе, ол біздің қамқорлығымызда
болады, жұрт бұл қайырымды заңнан бас тартпай, оның жүктеген міндетін
бұлжытпай орындасын. Сонда ғана қамқорлыққа алынады. Бұл заңның жолынан
таймай, мінәжат етіп, қайырымд, мәртебелі ғұзырлы ағзамның мөріне сеніммен
қарағаны жөн. Сонда ғана жарандардың тілегі, үміті ақталады.
Осы келтірілген ұлылық тұлғасынан Бабырды діни, саяси, қоғамдық
қайраткер, өз заманының дара тұлғасы, ғұламасы деп айту жөн.
Жарғақ құлағы жастыққа тимей жортқан, ал жорықтан тыныстай қалса,
қылыш ұстаған асқан талант иесі 1530 жылы желтоқсанның 26-сы күні Агра
қаласында дүниеден өтті.

1.2 Бабыр билігіндегі Ұлы моғолдар империясы.

Ұлы Моғол империясы Бабыр кезінде ең күшті мемлекеттердің қатарында
болды. Бабыр ел билігін өз қолына шоғырландырып, Алла тағаланың
қайырымдылығы оған құлшылық етуден туындайды, пенделері жалған дүниеден пәк
болса, жаратқан иесіне жалбарынса оның шапағатына бөленеді деп ұрандатып
саяси тізгінді тартқан. Оның айтуынша жұмыр жер бетіндеосыдан артық бақыт
жоқ, ал алланың рахымына, қайырымдылығына қайырым жасау деген сөз кәпірдің
күштілерінің еңсесін түсіріп, құтын қашырып, тізе бүктіру, рухтың
басымдылығы да осында. Жаратқан иенің өсиетін орындау жолында жағаласқан
мұсылман баласы алла тағаланың уәжіндегі: Опасыз, ұждансыз кәпірлер
алланың кәріне ұшырайды дегеніміз осы емес пе. Ел басқаруда
Бабырсайыпқырандарымыз имандылық, мұсылмандық жолында ақ туын желбіретіп
жеңіске жетті, дос қуанып, дұшпан күңіренді. Қыран жүрек ұландардың есімі
алланың атымен кәпірлерге қарсы күрескен мұсылман баһадүрларының тізіміне
жазылды, сөйтіпсайыпқыран ұландарымыздың ерлігінің арқасында исламның туы
желбіреді.
Исламның ақ туының астындағы мұсылман қырандары сайдың тасындай, ну
ормандағы ырғайдай сап түзеді. Олардың балқарағайдың бүріндей дулығасының
ұшы күн нұрына шағылысып, нұр шашып, алла атымен аттанған пендесінің
жүрегіндей шынайылық сезілді. Жауынгерлердің сабы Ескендір Зұлхарнайының
темір сауытты қырандары сияқты, олардың түп-түзу болаттан құйылғандай
бітісіп, жұбы жазылмайтын құрсаудай көрінді. Оң қанатта – жаратушы иемнің
шапағатына бөленген, халифат көгінде оның сәуле шашқан шоқ жұлдызы,
бостандық алған алла пенделерінің мақтанышы сұлтанат пен халифатынан даңқын
әлеиге жаюшы біздің ұлымыз Мұхаммед Құмайын баһадүр бастады. Сол күн нұрына
бөленген қымбатты ұлдың ұланына мынадай сарбазда сап түзеді. Билік қолынан
түспеген мырза, әрі ағзамныңшапағаты тиіп жүрген адамы – Қасым Құсайын
сұлтан; қалаулы азамат Низам ад-дин Ахмет Жүсіп Оғамақшы; патшалықтың
қолдаушысы, шексіз секілді жан – Жалал ад-дин Хұсрау Көкелтас; патшалықтың
сүйеушісі – Қауам бек Ұрду шаһ;
Моғол империясы кезеңінде империя оң қанатының шетінде Үнді
әмірлері бұйырылған орындарда тұрды. Олар: патшалықтың тірегі, хан Ханан
–Дилауар хан, манаптардың тірегі Мәлік Дад Карарани, шейхтің шейхы – шейх
Гуран. Ислам әскерінің сол қанатының шетіне: текті тұқымынан шыққан,
накибтардың панасы, манаптардың ұйытқысы Та-ха мен Я-сина руларының
мақтанышы, Сейіт Мағди қожа ұрпақтарының көшбастары, сондай-ақ оның ардақты
да қайратты бауыры, алла тағаланың рахымы түскен Мұхаммед Сұлтан мырза;
Мағди Сұлтанның ұлы, биліктен қол үзбеген, халифтар ұрпағы, ағзамның
шапағаты түскен Әділ сұлтан, патшалықтың тірегі, шексіз сенімді жан. Му изз
ад-дин Әбді әл-Әзиз минахур патшалықтың тірегі болған.
Айналып соғатын топтың оң қанатына: қалаулылардың тірегі, сенімге
кірген, Тардика мен Баба Кашканың бауыры Мәлік Қасым моғол тайпаларынан
құралған жасағымен, қалаулыларымен сенімді серігі Момын Атқа мен ағзамның
күзетіндегі Рүстем Түрікмен бастаған жасақтың қолдаушылары топтастырылды.
Моғолдар империясының сыртқы саяси сапарлары барысының бүгінде мына
жәйттерге тоқтала келіп, елдің саяси әл-ахуалын айта кеткен жөн.
...Намаздыгер арасындағы айқас шегіне жеткен кезде аспанда алаулап
ту желбіреді. Ислам әскерінің оң қанаты мен сол қанаты кәпірлердің
әскерінің оң мен сол қанатын бүрістіріп, тағадай иіп ортаға үйірді. Дін
жолындағы мұсылмандардың жеңіске жеткені байқалып ислам туы желбірей
бастағанда опасыз кәпірлердің құты қашып, не істерін білмей, аспанға түскен
қасқырдай аласұрды. Ақыры олар жанталасып біздің ортаңғы қолдың сол қанаты
мен оң қанатына ұмтылды. Олардың сол қанаттағы тегеуріні күшейіп, бізге
жетті, бірақ біздің ұландарды періштелері демеп садақты жаудырып, жандарын
жаһаннамға жөнелтті, кәпірлер жер жастанды. Осы кезде жеңістің желі есіп,
дала күңіреніп біздің құлағымызға: Сендердің қолдарыңды жеңіске жеткіздік
деген үн естілді. Діннен безген үнділердің құты қашып, түтілген жүндей
ыдырап жел қуған қаңбақтай далалады. Соғыс алаңы қан сасыды; өлген адамға
қисап жоқ; жанынан безіп, дала кезіп, қарға-құзғынға жем болғаны қаншама.
Бабырдың айтуынша, Алланың жазуы, оның ақ жолына түспеген пендесін осылай
тозаққа айдайды емес пе. Майдан жолында тозаққа жан тапсырмақ жаралылар
шиебөрі құсап ыңырсып жатса, жаны тозаққа кеткендердің денесінің аяқ алып
жүргісіз. Ислам әскерінің аяқ басқан жерінің бәрінде де өліктер жатыр.
Даңқты ноян жасақ қашқындарды қуғанда тоқтаған бекеттің бәрінде де осындай
жағдайға душар болған.
Жоғарыда айтылған іс-әрекеттер болмысы мен ойлардан Бабырдың империясының
саяси қуаттылығы мен діни дәріптілігі басым болған іспеттес.

II. Бабырнама тарихы-әдеби естелік шығарма.
2.1 Бабырнама шығармасындағы Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия тарихы
Бабырдың есімін көркем сөз зергері ретінде ғана емес, сонымен
бірге, дарынды тарихшы, географ және этнограф ретінде әлемге мәшһур еткен
шығармасы Бабырнама болып табылады.
Кезіндегі түркі халықтарының бәріне бірдей ортақ болып келген
әдеби тілде – шағатай тілінде жазылған бұл прозалық шығарма үш бөлімнен
тұрады. Бірінші бөлімінде – XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың бас кезіндегі
Орта Азиядағы негізгі саяси оқиғалар егжей-тегжейлі баяндалады. Ол кезде
Кабул уәлаяты деп аталатын, қазіргі Ауғанстан территориясында орын алған
маңызды тарихи оқиғаларды Бабырнаманың екінші бөлімінен оқып білуге
болады. Ал, Бабыр патшаның өз қолымен жазылған мемуарлық кітаптың үшінші
бөлімі – солтүстік Үндістандағы саяси оқиғаларды, осы ғажайып елдің
географиясын, табиғатын, халқын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, т.б. көркем
бейнелеп көрсетуге арналған.
Әрине феодалдық аристократияның өкілі ретінде Бабыр үстем таптың
мүддесін қорғауға мәжбүр болғанын ұмытпау керек. Алайда соның өзінде Бабыр
билеуші топ өкілдерінің тақ пен тәжіге таласып үздіксіз жүргізген
соғыстарын, мағынасыз қан төгілген шайқастардың салдарынан қаңырып қалған
қалалар мен бау-бақшасы сусыз қурап кеткен өлкелерді, алым-салықтың шамадан
тыс көбейіп кеткенін, жұт жайлаған ауылдарды, т.б. бүкпесіз, ашықтан-ашық
әңгімелейді.
Бұл жөнінде Бабырдың өзі былай деп жазады: Мұнда жазылғанның бәрі
ақиқат. Мен өзіме-өзім мынадай шарт қойдым: әрбір оқиға қалай болған – дәл
солай етіп жазамын, мен жазған әрбір сөз шындық болсын. Сондықтан өзімнің
туған-туысқандарымның жақсы жақтарын да, жаман жақтарын да жасырмай айттым.
Өззіме жақын жандардың да, жат кісілердің де кемшіліктері мен игі
қасиеттерін баян еттем
Бабырнаманың бірнеше беті Ауғанстанның ірі қалалары Кабул мен
Ғазниді сипаттауға арналған. Бабырдың Ауғанстан жайындағы деректерін
Шығыстың өзге де жазбаларымен, яғни XVI-XVII ғасырлардағы географиялық
еңбектермен салыстырғанда, Бабырнамадағы Кабул, Ғазни, Кандағар,
Бадахшан, Балқы, Герат тағы басқа да қалалар туралы географиялық деректер
негізінен сол қалпында пайдаланылғаны байқалады.
Мұнда автор елдің ішкі жағдайына, Кабулдың әрбір әкімшілік Туманының
экономикалық мүмкіндігіне тоқталып жатпағанмен заманында Кабул иелігі он
төрт әкімшілік округке бөлінгенін жазған, әрі бұларға сипаттама беріп
отырады. Бұл деректер Ауғанстан халқының XVI-ғасырдағы әлеуметтік өмірінің
кейбір мәселелерін анықтайтын маңызды тарихи материал болып табылады.
XVI – ғасырда Кабул ірі сауда орталығы болды. Кабул мен Қандағар
Үндістанға баратын сауда жолының торабында екенін айта келіп, Бабыр былай
дейді: Ферғана, Түркістан, Самарқан, Бұхара, Балхы, Хисар, Бадахшаннан
шыққан керуен Кабулға, ал Хорасаннан шыққаны Кандагарға келетін болды.
Кабул аймағы Үндістан мен Хорасанның аралығында жатыр, бұл біркеремет сауда
базары. Егер саудагер Қытай мен Римге барса да мұнан артық пайдаға
кенелмейді. Кабулға жыл сайын жеті-сегіз, немесе он, он бес, немесе жиырма
мың сауда – Үндістаннан құл, мата, қант, шекер, дәрілік шөп алып келеді.
Көптеген саудагерлер оннан отыз, оннан қырық есе пайда келтіргеніне
ризашылық білдірмейді. Кабулдан Хорасан, Ирак Рим, Чин тауларын табуға
болады.
Бабырдың Кабулдан Үндістанға баратын керуен жолы мен Орталық Азияға
тартылған жолға берілген сипаттамасы, асулар мен таудан өтетін жалғыз аяқ
жолдар жөніндегі дерегі XIX ғасырдағы топографиялық анықтамалармен айна-
қатесіз ұқсас. 1882 жылы Кабулға барған А.Бернас Бабырдың мазарына бас иіп,
оның қызықты жазбасын оқығаннан кейін бұрынғыдан да артық құрмет тұтатынын
жазған.
Бабырнамада Орталық Азия мен Үндістанның өсімдіктері мен
хайуанаттары соншалық білімдарлық, зеректілікпен сипатталған. Соған
қарағанда табиғаттық құбылысын ерекше зейінмен қадағалаған адам болса
керек.
Кітаптың үшінші бөлімінде, негізінен Үндістандағы саяси жағдайын
Бабырдың алғашқы жорығынан дүниеден қайтқанына (1525-1530) дейінгі
оқиғалар, оған дейінгі саяси-экономикалық жағдай, Үндістан халқыныың мәдени
өмірі жайында мол мағлұмат беріледі. Автор онда былай деп жазған: Бұл бір
ғажайып өлке; біздің жермен салыстырғанда мүлдем басқа дүние. Оның тауы,
өзені, орманын, даласы, қаласы, аймағы, жан-жануары, хайуанатты, өсімдігі,
адамы мен тілі, жаңбыры мен желі, бәрі-бәрі жатқан ыстық аймақтардың
кейбір табиғат көрінісі Үндістанмен ұқсас болғанмен, басқа жағдайы жер мен
көктей, Синд өзеніне өтсең болды жері мен суы да ағашы мен тасы да, адамы
да, әдет-ғұрпы да айна – қатесіз Үндістандағыдай
Үндістан жұртшылығы Бабырнамаға зор ілтипатпен қарады, бұл кітапты
Бабырдың үрім-бұтағы қолдан түсірмей оқып, әрі түрлі-түсті
иллюстрациялармен әшекейлеп көшіріп отырды, Бабырның немересі Ақбар шаһтың
(1556-1609) тұсында Бабырнама көне түркі тілінен парсы тіліне аударылып,
Вакита – и Бабури аталды. Бабырнаманы алғаш рет XVI ғасырда Әбдірахман
хан парсы тіліне аударды. Бұл заманында ең сапалы аударма санатында жұртқа
таралып, күні бүгінге дейін құнын жойған жоқ. Тарихшысы қауым
Бабырнаманың ең тәуір көшірмесі Хайдарабад қолжазбасы деп атайды.
Аурангазеб (1618-1717) тұсында көшірілген. Бұған қарағанда Бабырнама
Үндістанда тарихи еңбектің жинағы ретінде танылса керек.
Үндістан мен Орталық Азияда Бабырнама құнды тарихи еңбек болып
саналады. Шығыс жылнамашылардың Бабырдың деректерін ауызға алмағаны некен-
саяқ.
Бабырнамада келтірілген деректер Үндістанның көптеген
тарихшыларының негізгі деректемесі болып табылады.
Кабул уәлаяты төртінші ықылымға жатады, ол отырықшы ел мекендеген
жердің арасында. Оның шығцыс жағында Ламғанат, Пушаур, Хаштанғар және
Үндістанның бірнеше аймағы орналасқан. Ал батысын тау халқы мекендейді.
Каржуд пен гур да соның ішінде, енді бұл тауларда хазар, никудер тайпалары
тіршілік етеді.
Кабулдың солтүстігінде Құндыз, Андар – Аб уәлаяттары бар, оны
Хиндукуш тауы бөліп тұрады, ал оңтүстігінде – Фармул, Нагз, Банну және
Ауғанстан жатыр.
Камалдың оңтүстігінде, Шаһ-и Кабулдың шығыс жағында үлкен көл бар,
оның аумағы бар шериге жуық.
Бабырнама - энциклопедиялық шығарма. Мұнда тарихи оқиғалармен
бірге, табиғаттану, география, топография, әдебиеттану, тіл білімі,
этнография, тағы басқа ғылым салаларына қатысты өте бағалы мәліметтер
жинақталған.

2.2 Бабырнама - көне түркі туындысы

Бүгінде дербестікке қолы жетіп, екі мың жылдан бұрын-ақ ата-бабалары
мемлекет құрған Орталық Азияның Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан
еліне Бабырнама - ортақ мұра, өйткені бұл шығармада бабамыз сол
мемлекетті құрып отырған халықтардың тарихын жазып қалдырған.
Мәселен, ірі қалаларының бірінің негізгі халқы туралы: Әндіжан
тұрғындарының бәрі түріктер. Қалада да, базарда да түрікше сөйлемейтін адам
ұшыраспайды. Халықтың ауызекі сөзі әдеби тілінен айырғысыз. Мір Әлішер
Науаи Гератта өсіп, сонда тәрбиеленгенімен, шығармалары түркі тілінде
жазылған-дейді. Осы сөйлемнен және Әндіжанды түріктің моғол, барлас,
арғын, дулат, қатаған, қоңырат, маңғыт,т.б. тайпаларының өкілдері мекен
еткенін кітаптың кез келген бетінде жазылған адамдардың есімінен, жер-су
аттарынан немесе тарихына байланысты жазылған деректерінен байқап отыруға
болады.
Қазақ тарихына дерек болар қала, адам, жер-су аттары ғана емес,
тарихи оқиғалар, Мауараннахр әмірлерінің бүгінгі Қазақстан жеріне, яғни
Әбдіқайыр хандығының аймағына Түркістанға, Жетісудағы Моғолстанның елді-
мекендеріне жасаған жорықтарынан да мол мағлұмат алуға болады. Бұл
аймақтарға дүркін-дүркін шабуыл жасап, Тоқтамысты күйретіп, Жетісуға он бір
рет жорыққа аттанған да сол Бабырдың бабасы Ақсақ Темір емес пе еді?! Оның
кейінгі ұрпақтары иелікті, билікті қалай бөлісті. Одан кейінгі, жүз жылдай
уақытта нендей өзгерістер болды. Кімдер билік жүргізді? Міне осының бәрін
Бабыр ешбір бүкпесіз қарапайым тілмен баяндайды, өз тумаларының іс-әрекетін
жасырмай жазады. Әрине, пенде болған соң жеке басында да бүгінгі тұрғыдан
қарағанда, кемшілік жетерлік. Енді Бабырдың өз сөзіне жүгінсек: Ұшпу
қаласына қарай кішігірім үш өзен ағады, оның екеуі Күл-Гинаның маңында.
Оның біреуінің жағасында Қожа Шамудың мазары, бірінде Қожа-Қызырдың
қадамқағы салынған, бұл жерде Кабулдың тұрғындары серуендейді. Енді бір
өзен Қожа Әбді ас – Самадтың мазарының қарсысынан ағып жатыр, оны Қожа
Рушнан деп атайды.
Шаһ-и Кабул тауынан Укабейн деп аталатын қырат бөлініп шығады, одан
басқа тағы бір кішірек тармақ та оқшауланады. Кабул қамалыныың аркасы осы
тауда үлкен қорған арықтың солтүстік жағына салынған. Арка ауасы таза биік
жерге орналасқан.
Үнділер өз елінен тысқары бұл жерді Хиндустани Хорасан деп атаған,
сол сияқты арабтар да Арабиядан тысқары жерде Аджам деп атаған, Үндістан
мен Хорасанның аралығындағы екі сауда қаласы бар.
Кабулдан Хорасан, Ирак, Рим, Чин тауларын табуға болады.
Кабулда дәнді дақыл онша мақтаулы емес, егер Хорасаннан әкеліп
сепкен тұқым болса, онда жаман болмайды. Бұл жердің ауасы өте тамаша.
Самарқан мен Тербез де таза ауасымен атағы шыққан жер, бірақ суығы қатты
болады.
Кабул аймағы аяқ асты жер емес, жаудың өтуіне бөгет көп, бір жағынан
Балқы, Құндыз және Бадахшан аралығы сілемдері жатыр. Бұл таудан тоғыз жол
торабы таралады. Үш жол Панжхир арқылы өтеді, олардың жоғары жағында Хауақ
асуы, төменде Тұл, одан төменірек Базарақ асуы. Бұл үш асудың ең қолайлысы
Тұл, бірақ бұл жол алыстау, сондықтан да Тұл аталған.
Ғазни онша үлкен аймақ емес. Үндістан мен Хорасанды билеген адамдар
осындай мардымсыз жерді астана жасағанына қайран қалуға болады. Сұлтан
Махмуттың билік жүргізген кезінде, мұнда үш-төрт бөгет болды. Қаланың
терістік жағынан үш йиғаш жерден, Ғазни өзенінің бойынан Сұлтан үлкен бөген
жасатты. Бөгеннің биіктігі қырық – елу кари, ұзындығы үш жүз кариге жуық.
Оған суды тоспалап, қажет уақытында егін суаруға пайдаланып отыратын
болған. Ала ад-дин Жаһансұз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моғол әулеті
1857-1859 Үндістан ұлт-азаттық көтерілісі
Тарихи деректер
Үндістан Республикасы
Үндістанның Ұлы моғолдар империясынан тәуелсіздік алғанға дейінгі тарихы
Феодалдық қатынастың орнауы
Жапониядағы самурайлардың салт – дәстүрінің өзектілігі
Шығыс немесе Мұсылман ренессансы
Мұхаммед Хайдар Дулати еңбектері
Үндістан және оның халқы
Пәндер