Қарусыздандыру туралы халықаралық конференция


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

1930 - 1939 жылдардағы саяси дағдарыс

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ . . . 3-6

1 ТАРАУ Халықаралық қауiпсiздiк пен қарусыздандыру мәселелерi

1. 1 Қарусыздандыру туралы халықаралық конференция…… . . . 6-7

1. 2 Конференцияның барысы мен ұлы державалардың қарусыздандыру жобалары . . . 7-11

2 ТАРАУ Қиыр Шығыста соғыс ошағының пайда болуы

2. 1 Жапонияның Қиыр Шығыстағы агрессиясы. …11-13

2. 2 Ұлы державалардың Қиыр Шығыс мәселесін шешудегі ұстанған позициялары . . . 13-15

3 ТАРАУ Европадағы соғыс ошағының пайда болуы

3. 1 Германиядағы фашистік агрессиының етек жаюы……… . . . 15-17

3. 2 Фашистік елдер агрессияның күшеюі . . . 17-21

3. 3 "Берлин - Рим - Токио" осінің құрылуы . . . 21-23

3. 4. Соғыс алдындағы дағдарыстың күшеюі

а) Австрия аншлюсі . . . . . . 23-24

ә) Мюнхен келісімі … . . . . 24-25

б) Риббентроп-Молотов пактiсi . . . 26-28

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28

СIЛТЕМЕЛЕР . . . 29-30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI . . . 31-32


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Менің курс жұмысының тақырыбы “1930 - 1939 жылдардағы саяси дағдарыс” болып табылады. Бұл тақырыпты мен өзім шын жүректен таңдап алдым. Себебі, осы кезеңде әлемдегі саяси жағдай өте шиеленіскен еді. Сонымен бірге демократия, коммунизм мен фашизм арасындағы жағдай қыза түсті. Әлемде фашистік агрессия белсең алды. Бұл агрессия өте тез қарқынмен дамыды. Оны тоқтатпаса, тікелей соғыс қаупі төнді. Бұл үшін коммунизм мен демократияның бірлесіп қарсылық көрсетуі керек еді. Бірақ коммунизмнен көрі фашизм болсын деп, демократия “бейтараптық” немесе “араласпау” саясатын ұстануды жөн көрді. Өкінішке орай, фашизмге қарсы коммунизм жалғыз өзі қарсылық көрсете алмады. Осындай шиеленіскен жағдай нәтижесінде фашизм күшейе түсті. Коммунизмді жою амалы ретінде демократия фашизмге қарқында көмек көрсете бастады, яғни демократия коммунизмді фашизм арқылы құртпақшы болды. Демократияның мұндай саясатын пайдаланған фашизм екінші дүниежүзілік соғысқа алып келді. Міне, осындай шытырман жағдайдағы халақаралық оқып-білу осы мамандық иелерінің болашақта мұндай қателіктеріне жол бермеуіне көмектесетініне кәміл сенемін. Сонымен қорыта келгенде, осы тақырып басқа курс жұмыстары тақырыптарының ішіндегілерінің ең маңыздысы болып табылады. Яғни бір сөзбен айтсам, “1930 - 1939 жылдардағы саяси дағдарыс” ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.

Тақырптың мақсаты. Курс жұмысын жазуда менің алдыма қойған мақсатым - 1930 - 1939 жылдардағы саяси дағдарыстың себептері мен нәтижелерімен танысып, болашақ дипломат ретінде елімізде, әлемде мұндай қателіктерге жол бермеуге тырысу.

Тақырыптың міндеттері. Жоғарыда аталған мақсатқа жету үшін алдыма мынандай міндеттер қойдым:

  1. 1932 жылы Женевада өткен қарусыздандыру туралы конференцияға тоқталып, ондағы ұлы державалардың қарусыздандыру жобаларына талдау жасау;
  2. Жапонияның Қиыр Шығысқа агрессияның себептері мен салдарын оқып, оларға талдау жасау;
  3. Қиыр Шығыс мәселесін шешудегі ұлы державалардың ұстанған позицияларымен танысу;
  4. Германияда фашистік агрессияның етек жою себептеріне талдау жасау;
  5. Фашистік елдер, яғни Жапония мен Италияның фашистік агрессияларына сипаттама беру;
  6. “Берлин - Токио - Рим” осінің құрылу алғышарттарына талдау жасау;
  7. Соғыс алдындағы дағдарыстың күшею себептеріне:

А) Австрия аншлюсіне;

Ә) Мюнхен келісіміне;

Б) Чехославакия дағдарысына;

В) Риббентроп - Молотов пактісіне сипаттама беру;

Тарихнамалық шолу. Мен курс жұмысын жазу барысында В. Н. Гороховтың “История новейшего времени стран Европы и Америки” атты оқулығын, 3 бөлімнен тұратын “История международных отношений и внешней политики” атты оқулықтың 2-бөлімін, Г. Н. Севостьновтың “Политика великих держав на Дальном Востоке накануне второй мировой войны” атты еңбегін, Л. Ивановтың “Крах конференции по разоружению” атты кітабын, В. П. Потемкиннің 5 томдық “История дипломатии” атты еңбегінің ІІІ томын және И. Д. Овсянныйдың “Тайна в которой рождалась война” атты еңбегін пайдаландым. Енді осыларға қысқаша тоқталып кетейін.

“История новейшего времени стран Европы и Америки” оқулығында 1930 - 1939 жылдардағы жалпы ахуал, жағдай туралы жалпы бағдарламаға сай мағлұмат берілген. Сондықтан мен бұл оқулықты өзімнің тақырыбым тыралы жалпы ақпарат алу үшін пайдаландым.

В. Н. Гороховтың “История международных отношений 1918 - 1939” атты лекциялар курсында 1930 - 1939 жылдардағы халықаралық жағдайлар туралы айтылады. Осы аралықта Версаль - Вашингтон жүйесінің құлдырағанына көп көңіл бөлінген. Сонымен бірге, автор осы кезеңдегі халықаралық жағдайларға өз көзқарасын білдірген. Бұл көзқарастар, менің ойымша, дұрыс тұжырымдалған. Сондықтан жұмысты жазу барысында осы еңбектің материалдарын көбірек пайдаландым.

1930 - 1939 жылдардағы қауіпсіздік пен қарусыздандыру мәселесі бойынша Л. Ивановтың “Крах конференции по разоружению” атты еңбегін де қарастырдым. Бұл кітаптың авторы кеңестік идеологияны ұстануына байланысты, Женевада өткен конференцияда КСРО-ның беделін тым асыртып баяндаған. Бірақ кейбір құнды мәліметтердің бар болуына байланысты Ивановтың бұл еңбегін курс жұмысын жазу барысында пайдаландым.

Қиыр Шығыс мәселесін талдау барысында Г. Н. Севостьяновтың “Политика великих держав на Дальнем Востоке накануне второй мировой войны” атты туындысына көп көңіл бөлдім. Аталған кітапта Жапонияның, АҚШ-тың, Англияның, Францияның, Германияның соғыс алдындағы Қиыр Шығыстағы саясаттары айтылғанмен, КСРО мен Қытайдың саясаттарына көп көңіл бөлінген. Бірақ, сонымен қатар, автор Жапония агрессияның күшеюімен халықаралық қатынастардағы шиеленістің күшебіне анық сипаттама береді.

Енді “История международных отношений и внешней политики” оқулығының екінші бөліміне тоқталып кетемін. Бұл кітап факультетіміздің мұғалімдерімен жазылған. Онда осы соғыс алдындағы оқиғаларға сипаттама берілген. Мен бұл кітапты негізінен фактологиялық, сипаттамалық мәліметтер алу үшін қолдандым.

Потемкиннің “История дипломатии” атты еңбегінің үшінші томын ерекше атап өткім келіп отыр. Бұл туындыда да Кеңес Одағына көп көңіл бөлінген. Бірақ кітап құжаттық, деректемелік материалдарға өте бай. Сондықтан курс жұмысын жазу барысында да осы кітапқа да көп назар аудардым.

Фашистік агрессия мәселесін қарастырғанда жоғарыда аталған кітаптармен қоса, И. Д. Овсянныйдың “Тайна в которой война рождалась” атты еңбегіне көп назар бөлдім. Автор өз еңбегінде 1930 - 1939 жылдардағы саяси жағдайға, Германияның, Италияның және Жапонияның соғыс алдындағы агрессиялық саясаттарын талдап, сипаттама береді. Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыстың пайда болуының құпия фактілері келтірілген.

Курс жұмысына материалдар жинау барысында интернет жүйесін де қолдандым. Іздестірулер нәтижесінде www. rambler. ru сайтынан Котерев Дмитрийдің “Из истории Третьего Рейха” атты мақаласын таптым. Бұл мақалада мен Мюнхен келісіміне көп көңіл бөлдім. Мюнхен келісімінің себептері, барысы және нәтижесі сипатталады. Осымен менің тарихнамалық шолуым аяқталды. Енді деректемелік шолуға көшейін.

Деректемелік шолу. Өкінішке орай, мен тарихнамалық әдебиеттерге қарағанда, деректемелік әдебиеттерді өте аз пайдаландым. Олар: “Внешняя политика СССР” атты құжаттар жинағы және Уинстон Черчилльдің “Вторая мировая война” атты мемуарының аудармасы. Енді осы екеуіне тоқталып кетейін.

“Внешняя политика СССР” атты құжаттар жинағында КСРО тарихындағы маңызды келісімдердің, протоколдардың және тағы басқа маңызды құжаттардың мәтіндері берілген. Мен негізінен 1930 - 1939 жылдар аралығындағы құжаттарға көңіл бөліп, керетілерін курс жұмысын жазуда пайдаландым.

Ал енді Черчилльдің еңбегіне тоқталайын. Ең біріншіден, кітап түсінуге оңай, жеңіл тілмен жазылған. Бірақ сонда да бұл туындыда, яғни бірінші кітабында, 1930 - 1939 жылдардаға сипаттама беріліп, жан-жақты талданған. Сонымен қатар автор өте құнды мәліметтерді жазған. Қорыта келсем, бұл кітап курс жұмысын жазу кезінде маған көп пайдасын тигізді.

Зерттеу әдісі. Осы курс жұмысын жазу барысында мен салыстыру, тарихнамалық және хронологиялық тәсілдерді пайдаландым. Мен курс жұмысын жазу барысында біраз материалдарды қарастырдым. Осылардың ішінене мен салыстыру әдісі арқылы ең маңыздыларын таңдап, қолдандым. Мен таңдау жасауда қателеспегендігіме үміттенемін. Менің тақырыбым 1930 - 1939 жылдар аралығын қамтығандықтан, хронологиялық әдісті қолдандым.

Жұмыстың құрылымы. Бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс курс жұмысына қойылатын талаптарға сай жасалған.

1 ТАРАУ Халықаралық қауіпсіздік пен қарусыздандыру мәселелері

1. 1 Қарусыздандыру туралы халықаралық конференция

Версаль-Вашингтон жүйесі де, 1925 жылғы Локарн келісімдері де капиталистік елдер арасындағы қайшылықтарды шеше алмады. Осы қайшылықтардың бірі ұлы державалардың теңіз қаруы болды. 1921-1922жылдары өткен Вашингтон келісімінің шешімдері тек ірі кемелер-линкорлар мен авианосецтерге қатысты болды. Басқа түрге жататын кемелерді шығару мөлшері көрсетілмеді және шектелмеді. Осы жағдайда АҚШ-тың өндірістік және қаржы потенциалы қысқа уақытта кеме жасауы бойынша басқа державалардан озып кетуіне жағдай жасады. Ал Англия мен тағы басқа елдердің экономикалық және қаржылық қиыншылықтары өте қымбат теңіз құрылыстарын салуды шектеуге мәжбүр етті.

Осы мәселелерді шешу үшін 1930 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Лондонда теңіз қарулары туралы халықаралық конференция өтті. Оған АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Франция және Италия қатысты. Франция мен Италия арасындағы өткір қайшылықтарға байланысты бұл елдер крейсерлердің, эсминецтердің және суасты кемелерінің сандарын шектеу туралы келісімнің басты бөлімдеріне қолдарын қоймады. Жапония су асты кемелерінің санының АҚШ пен Ұлыбритания мөлшеріне тең болуына қол жеткізді. Ұлыбритания Британ империясының әскери-теңіз флотының барлық категорияларының американдықтардікімен тең болуына келісті[1] .

«Лондон конференциясы 1932 жылы 2 ақпанда Женевада жұмысын бастаған Қарусыздандыру туралы халықаралық конференцияда жалғасын тапты», - деп айтсам, қателеспейтін шығармын. Бұл конференция Ұлттар Лигасының шешімімен шақырылды. Ұлттар Лигасы кеңесі 1931 жылы 22 мамырда сол кездегі Англияның премьер-министрі Артур Гендерсонды конференцияның төрағасы етіп тағайындады. Осыдан кейін кеңес конференцияның құрамын бекітті. Оған 64 мемлекеттің өкілдері қатысты, яғни сол кездегі Ұлттар Лигасына кірген 55 мемлекетпен қатар, Ұлттар Лигасының мүшелері болып саналмайтын КСРО, АҚШ, Түркия, Мексика, Бразилия, Египет, Ауғанстан, Эквадор және Коста-Рика. Конференция 2 кезеңнен тұрды [2] .

1. 2 Конференцияның барысы мен ұлы державалардың қарусыздандыру жобалары

Конференция барысында ұлы державалары өздерінің қарусыздандыру жобаларын ұсынды. Енді соларға тоқталайын. 5 ақпан күні француз делегациясының басшысы, Францияның сол уақыттағы премьер-министрі, Андре Тардье өзінің «Қарусыздандыру» жобасын («Тардье жоспары») ұсынды. Жобаның басты элементі «интернационализм» идеясы болды. Яғни шабуылдаушы авиацияларды, алысқа атқышартиллерияны, 10 тоннадан асатын жағалаулық кемелерді және үлкен су асты кемелерді Ұлттар Лигасының қарамағына беруді және «соғыстың алдын алу үшін» халықаралық полиция күштерін құруды ұсынды. Сонымен қатар француз жобасы келісімдер жасау арқылы қосымша қауіпсіздік кепілдерін құруды ұсынды.

Негізінен «Тардье жоспарының» басты мақсаты Ұлттар Лигасының арқасында Еуропада француз гегемониясын орнату еді. Бұл жобада антикеңестік бағыт та білінді. Себебі «Тардье жоспары» бойынша Ұлттар Лигасының бастауымен халықаралық әскер құру көзделді. Ал осы уақытта КСРО Ұлттар Лигасының мүшесі болған жоқтын. Алайда, делегациялардың көпшілігі бұл жобаны қолдамады. Бұл жобаны тек Францияға саяси және экономикалық жақтарынан тікелей тәуелді болған Польша, Чехословакия және Бельгия мемлекеттері ғана қолдады [3] .

Ұлыбритания бағдарламасында құрлық әскерін 200 мың адамға дейін қысқарту және су асты флоттарын толығымен жою ұсынылды. Бұл туралы француз баспасөзінде: «Женева конференциясында Англия Францияны қарусыздандырудың тамаша жоспарын ұсынды», - деп жазылды. Шынында, егерағылшын жобасы қабылданса, Франция әскерін 5 есе қысқартуға мәжбүр болар еді. Сонымен бірге әлемдегі ең қуатты су асты кемелер эскадрасынан айырылатын еді. Британ жобасының екінші бөлігі («премьер-министр Дж. Р. Макдональд жоспары») үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Онда 1920 жылдары ағылшын әскери теоретигі Б. Лиддел-Гартпен жасалан «сапалы қарусыздандыру» концепциясы ұсынылды. Бұл концепция бойынша агрессиялық соғыста қоданылу қаупі бар шабуылдаушы қару-жарақтар ғана шектелуге тиіс еді [4] .

АҚШ-тың ұсынған «Г. Гувен жоспары» мазмұны жағынан Англияның қарусыздандыру жобасына ұқсас болды. АҚШ делегациясы «шабуыл күштерін қысқарту арқылы қорғаныс күштерін арттыруды» ұсынды. «Сапалы қарусыздандыраудың» американдық нұсқасы танкілерді, ауыр артиллериялық қаруларды, шабуылдаушы авиацияны және химиялық оқ-дәрілерді жоюды көздеді. Сонымен бірге әлемдік қару-жарақтың 30 %-ын жоюды ұсынды. Әрине, бұл Ұлыбританияның қарсылығына тап болды. Айта кететін жай, ағылшын-американ «сапалы қарусыздандыру» концепцияларының әскер теорияға қосқан үлесі өте зор [5] .

1932 жылы 11 ақпанда кеңес делегациясының басшысы КСРО сыртқы істер халық комитетінің басшысы М. М:Литвинов конференцияның пленарлы мәжілісінде сөз сөйлеп, қарусыздандыру мәселесіндегі Кеңес Одағының ұстанымын мәлімдеді. Сөзінде басқа державалардың ұсынған басқа жобаларын айыптап, өзінің «пропорционалды-прогрессивті шектеу» және «жалпыға бірдей толық қарусыздандыру» жобаларын ұсынды. Бұл жобаларды Түркия, Иран және Германия делегациялары қолдағанымен, көпшілік делегациялар қарсы шықты. Олар бұл жобаларды «фантастикалық» және «халықаралық шындықтан тыс» деп айыптады. Бұған жауап ретінде кеңес баспасөзінде «женевалық бейбітшілік орнатушыларды» айыптау етек жайды [6]

Кеңес жобаларын талқылауда туындаған даулар Германияның ұсынған «Г. Брюнинг жоспарын» талқылау бастағанда тыныштала бастады. Оның мазмұны: «Ұлы державалар Германияның деңгейіне дейін қарусыздансың, не Германия олардың деңгейіне дейін қарулануға құқық алсын», - деген сипатта болды. Германия қойылған талаптары орындалмаса, конференциядан кетуге бел буды. Германияның бұл ультиматумы оң нтиже берді. Яғни 1932 жылы Англия мен АҚШ-тың ұсынысы бойынша компрамистік шешім қабылдаған кеңес өтті. Оның шешімдері «Бес держава декларациясында» (Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Италия және Германия) бекітілді. Декларация «халықаралық бақылау жағдайында барлық халықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе көлемінде Германияның қарулану теңдігін» мойындады. Сөйтіп Германия үкіметі Батыстың жаңа маңызды ымыраларына жеткенімен, толық жеңіске жете алмады [7] .

Сөйтіп конференцияның бірінші сессиясы 1932 жылдың 23 шілдесінде аяқталды.

Конференцияның екінші кезеңі басталысымен, 1932 жылы 14 қарашада Франция үкіметі «Эррио-Поль Бонкурдың конструктивті жоспары» атты әлемді ұйымдастыру жобасын ұсынды. Негізінен бұл жоба Францияның Еуропадағы гегемониясын қамтамасыз ететін әскери статус-квоны сақтауды көздеді. «Эррио-Поль Бонкурдың конструктивті жоспары» сонымен қатар әр түрлі ұлт өкілдерін біріктіру арқылы халықараылқ қарулы күштер құру жоспарын тағы да ұсынды.

Алайда, француз жобасында колониялық әскерін сақтауға мүмкіндік берер еді. Жобаның теңіз қаруларына қатысты бөлімі Италияның Франциямен паритетке жету талпыныстарына қарсы, ал «Әуе транспортының Еуропалық одағын» құру туралы ұсынысы Германияның өсіп келе жатқан азаматтық авиациясын шектеуге және оған бақылау орнатуға бағытталды.

«Эррио-Поль Бонкур жоспарын» Францияның ықпалындағы ұсақ еуропалық мемлекетттер (Чехословакия, Югославия, Бельгия) қолдағанымен, Италия, Германия және Англия тараптарынан қарсылыққа тап болды [8] .

Кеңес Одағы бұл жоспарды айыптап, 1932 жылы 6ақпанда шабуылшы жақты анықтау декларациясының жобасын ұсынды.

Бұл жоба бойынша халықаралық дауларда шабуылшы мемлекет болып:

а) Басқа мемлекетке соғыс жариялаған;

б) Соғыс жарияламаса да, қарулы күштерді басқа мемлекеттің территориясына өткен;

в) Құрлық, теңіз және әуе күштері басқа мемлекеттің территориясына шабуыл жасаған немесе әдейі сол мемлекеттің кемелерін немесе әуе кемелерін атқылаған;

г) Басқа мемлекеттің рұқсатынсыз құрлық, теңіз және әуе күштерін сол мемлекеттің аймағына түсірген немесе рұқсат келісімдері шарттарын бұзған, яғни орналасу уақытын немесе орналасу аймағын кеңейтуіне байлынысты;

д) Басқа мемлекеттің теңіз жағалауларына немесе порттарына блокада орнатқан мемлекет саналады», - делінді [9] .

Бірақ Бас комиссияда декларацияның кеңестік жобасы жарияланбады. Сондықтан, Кеңес үкіметі КСРО-мен шекаралас елдермен келіссөздер жүргізіп, 1933 жылдың шілде айында агрессорды анықтау конвенциясына КСРО мен он мемлекет - Польша, Румыния, Түркия, Иран, Ауғанстан, Чехословакия, Югославия, Эстония, Латвия, Литва - арасында қол қойылды. Кейінірек бұл конвенцияға Финляндия қосылды. Бұл акт КСРО-ның Кіші Антанта елдерімен және батысы мен оңтүстігіндегі көршілермен қарым-қатынасының жақсарғанының көрінісі болып табылады.

Женевада Муссолинидің төрттік пактісі қол қою жобасы да талқыланды. Бұл пактінің мазмұны төрт батыс державасы - Германия, Францтия, Англия және Италия - арасында достастық және бейбітшілік сақтау саясатын жүргізу келісіміне қол қою сипатында болды. Жобаның екінші тарауында бейбіт келісімдерді Ұлттар ЛИгасы жарғысының 19-бабына сай «заңды жолмен» қайта қарау мүмкіндіктері айтылды. Үшінші тарау Германияның қарулану саласындағы теңдігін мойындады. Қалған тараулары Еуропадағы және Еуропадан тыс жерлердегі барлық даулы халықаралық мәселелерді шешуде төрт державаның бір-бірімен ақылдасу саясатын талап етті.

Муссолинидің ұсынысын Англияның премьер-министрі Макдональд те, сыртқы істер министрі Саймон да қолдады. Францияда Даладье де бұл жобаны қолпаштады. Прагада жиналған Кіші Антанта кеңесі де бұл жобаны қолдайтынын хабарлады. Сөйтіп, 1933 жылы 7 маусымда төрттік пактіге алдын-ала Римде қол қойылды. Бұл жағдай пактіге қол қойған елдер ішінде қарсылық пен наразылық тудырды. 1933 жылы 15 шілдеде бекітілгенімен, пакт іс-жүзінде күшіне енбеді [10] .

Жоғарыда айтып кеткенімдей, Германия «Бес держава декларациясының» шешімдеріне қанағаттанбай, англо-саксондық державалардың қолдауына сүйеніп, Версаль келісімдері тиым салған қару түрлерін шығаруға және тез уақытта тұрақты әскер санын 200 мың адамға жеткізуге құқық беруді талап етті. Бірақ бұл талаптарға державалар толығымен қарсы шықты. Сөйтіп, 1933 жылы 14 қазанда Германия үкіметі Ұлттар Лигасының құрамынан шығатынын және қарусыздандыру конференциясынан кететінін жариялады. Германияның бұл шешімдері Германия үкіметі саясатының жаңа кезеңін ғана емес, сонымен бірге халықаралық қатынастардың дамуының жаңа кезеңіне алып келді. Фашистік Германия Еуропадағы соғыс ошағын тудырды. (Бұл мәселе кейін қарастырылады) .

Женева конференциясына келетін болсақ, ол өз жұмысын 1934 жылы 11 маусымда аяқтады. Нәтижесінде «сапалы қарусыздандыру» концепциясына сай резолюция қабылданды. Ол бойынша улы газдарды қолдануға, бактериалогиялық соғысқа, атқылаушы авиацияға тиым салынды және барлық шабуылдаушы қарулардың түрлерін қысқартуды қолдады. Алайда, аталған мақсаттарға жетудің ешқандай бағдарламасы жасалмады. У. Черчилльдің Женева конференциясының барысы мен қорытындысы туралы айтқан «Қарусыздандыру туралы ертегі» атты сөзінен-ақ бұл конференцияның қандай сипатта болғанын көреміз. Онда: «Бір күні зоологиялық бақтың аңдары қарусыздану туралы шешімге келіп, осы мақсатты жүзеге асыру үшін конференция ұйымдастырады. Конференция басталысымен мүйізтұмсық тістерді қолдану айуандық, ал мүйіз басты қорғаныс қаруы болғандықтан оны қолдануға шек қоймауды талап етті. Енеке (дала сиырының бір түрі), бұғы, жайра (кірпінің бір түрі) мүйізтұмсықтың ұсынысын қолдады. Арыстан мен жолбарыс басқа позицияны ұстанды. Олар бұрыннан бері қадірлі қарулардың қатарына жататын тістер мен тырнақтарды қолдануды талап етті. Арыстан мен жолбарысты қабылан, ілбісін, пума (тау арыстаны) және ұсақ мысықтар тобы қолпаштады. Келесі сөз аюға берілді. Ол төбелестерде ешбір аңның тістері мен мүйіздерін қолдануына қарсы шықты. Аю: «Аңдар аңдар арасындағы дауларда бірін-бірі құшағына жақсылап қысса, жеткілікті. Кім бұған өарсы шыға алады?Бұл нағыз ағайындық: бейбітшілік жолындағы үлкен қадам», - деді. Алайда, аюдың ұсынысы басқа аңдардың қолдауын таппады, күрке тауық дүрбелеңге түсті. Дискуссия қыза түсті. Бейбіт шешімге келу үшін жиналған аңдар, бір-біріне қастандықпен қарай бастады. Бақытқа орай, бақ қызметкерлері аңдарды тыңыштандырып, торларына кіргізді», - делінеді [11] .

Сонымен қорыта айтқанда, Женевада өткен қарусыздандыру туралы халықаралдық конференция өзіне жүктелген үмітті ақтай алмады. Бұл халықаралық қатынастардағы қақтығыстардың күшеюімен, ұлы державалардың арасындағы қауіпсіздік және қарусыздандыру мәселелерін шешудегі қайшылықтардың белең алуымен түсіндіріледі. Конференцияның сәтсіздігінің басты себебі - оның «пацифизм дәуірі» аяқталып, әлемді жаңа бөліске салу үшін қарулы күрестің басталған уақытында болды. Бұған айқын мысал ретінде, төменде қарастырылатын Жапонияның Қиыр Шығыстағы агрессиясын айтуға болады.

2 ТАРАУ Қиыр Шығыста соғыс ошағының пайда болуы

2. 1 Жапонияның Қиыр Шығыстағы агрессиясы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану
Потсдам конференциясында
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы туралы
Біріккен Ұлттар Ұйымы қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастағы рөлі
Тегеран, Қырым және Потсдам конференциялары
Үлкен Үштік конференциялардағы АҚШ дипломатиясы
Үш держава қолбасшыларының конференциясы
Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ядролық қарусызданудың маңызын
Біріккен Ұлттар Ұйымының тарихы
Вашингтон конференциясының бірінші келісімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz