Потсдам конференциясының ашылуы
ЖОСПАР
Кiрiспе 2
1-тарау. Фашистік Германияның талқандалуы және тізе бүгуі 5
1.1 Екінші майданның ашылуы. Францияны және Польшаны азат ету 5
1.2 Гитлерлік блоктың ыдырауы. Оңтүстік Шығыс Европаны азат ету 6
1.3 Немістердің Арденныдағы шабуылы 7
1.4 Гитлерлік Германияның капитуляциясы 7
2-тарау. Берлин (Потсдам) конференциясы және оның маңызы 10
2.1 Потсдам конференциясының ашылуы 10
2.2 Потсдам конференциясында Германия мәселесін реттеу және ІІ
дүниежүзілік соғыс қорытындылары 13
2.3 Потсдам конференциясындағы Польша мәселесінің шешілуі 19
Қорытынды 23
Пайдаланылған деректер тізімі 26
Кiрiспе
Бұл курстық жұмыстың өзектілігі: ХХ ғасырдың орта шенінде әлемді
гитлерлік Германияның агрессиялық саясаты дүр сілкіндірді, әсіресе фашистік
және террорлық режимді орнатқан Германияның бүкіл әлемді жаулауға ұмтылысы
және нәсілдік ұстанымдары көптеген мемлекеттерге өз зиянын тигізді.
Германия агрессиясына қолайлы жағдай туғызу үшін ел ішіндегі қаруландыру
саясаты ыңыршағы айналған халықтың ахуалын біршама жеңілдетті. Өйткені 1929-
1933 жылдардағы Ұлы депрессия экономиканы мүлде титықтатқан болатын. Осы
жағдайдың артынша билік басына келген нацистер ел экономикасын қарулануға
бағыттап сол арқылы жұмыссыздардың бәріне жұмыс тауып берді. Сол жылдардағы
салынған автобандар (жолдар) және қазіргі кездегі Германияның танымал
бренді болып табылатын Фольксваген Адольф Гитлердің жетістіктерінің бірі
болатын. Фашистердің әлеуметтік саясатындағы оң нәтижелер бүкіл неміс
халқын фашизм идеологиясымен уландыруға септігі тиді. Сонымен қатар
көптеген еврей халқының өкілдерінің елден қуылуы мен олардың Холокосттан
қырылуы да, және соғыс тұтқындарының есебінен де әлеуметтік саясаттың
фашистер көздеген бағытта шешілуі соғыс барысына әсер етті. Осы тұрғыдан
Жеңістің 61 жылдығы кезінде фашистік Германия әкелген алапат соғыс
зардаптарын оқып зерделеу өте өзекті тақырып деп ойлаймын.
Курстық жұмыс мақсаты: фашистік Германияның капитуляциясы және Потсдам
конференциясының барысын пайымдау болып табылады.
Осыған орай курс жұмысының міндеттеріне мына мәселелерді қамту кіреді:
- фашистердің толығымен тізе бүгуі;
- Потсдам конференциясының барысы, оған қатысушы тараптардың мүдделері
және конференцияда көтерілген мәселелердің шешімдері.
Деректік негіз: Жоғарыда аталған тақырыпты кеңінен ашу барысында
деректерді мынадай еңбектер мен құжаттардан алдым: Тақырыпқа тікелей
қатысты құжаттық жинақтар "Хрестоматия по истории международных
отношений"[1] деген құжаттық материалда көптеген құжаттар келтірілген,
соның ішінде герман фашизміне қатысты материалдар да кездеседі. Осы
мәселені ашу үшін С.М. Мәшімбаевтың Еуропа және Америка елдерінің қазіргі
заман тарихы (1918-1945) оқу құралы да кәдеге асты[2].
Ал антигитлерлік коалицияның құрылу барысында совет басшыларының
аудармашысы болып қызмет атқарған В.М. Бережковтың Коалицияның тууы,
Потсдамдан Тегеранға апарар жол атты кітаптары абырой болғанда қазақшаға
аударылған екен[3]. Кеңестік тарихитанымында ленд-лиз ролін төмендету
немесе ол жайында жұмған ауызды ашпау етек алған болатын. Бұл жөнінде
заманымыздың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматов та өзінің бір сұхбатында атап
өткен еді. Осы көзқарас тұрғысында жазылған Бережковтың кітаптары өз
құндылығын жоғалта қоймағандықтан оны да қолдандым.
Жұмыста В.М. Бережковтың, В.Т. Фоминнің, Н. Вознесенскийдің, Д.А.
Волкогоновтың тағы басқа да тарихшылар мен әскери қолбасшылардың
күнделіктері мен мемуарлары қаралды.
Осы мәселені қарастыратын арнайы зерттеу еңбектер, монографиялар және
оқулықтарға көбірек тоқталдым.
Сөйтіп, жоғарыда аталған деректер мен зерттеулер, мақалалардың
негізінде ғылыми жұмыстың базалық құрылымы жасалды. Жинақталған әр алуан
мақалалар жүйелі талдау жасауға мүмкіндік берді.
Жұмыста тарихи, салыстыру әдістері қолданылып, сонымен қатар синтез
және талдау элементтері кездеседі.
Курстық жұмыстың құрылымы - жоспардан, кiрiспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Курстық жұмыстың практикалық маңызына келер болсақ. А. Гитлердің
Германияда фашистік диктатурасын орнатып, шовинистік саясатын іске асыруы
адамзат қауымдастығына үлкен қасірет әкелді. Екінші дүниежүзілік соғыс
тарихи процесс барысын толықтай өзгертті. Миллиондаған адамдардың өмірін
жалмап кеткен апат тарихта өшпес ізін қалдырғаны ақиқат. Биылғы жылы Ұлы
Жеңістің 61 жылдығына орай бұл курстық жұмыстың практикалық маңызы арта
түседі.
1-тарау. Фашистік Германияның талқандалуы және тізе бүгуі
1.1 Екінші майданның ашылуы. Францияны және Польшаны азат ету
1944 жылдың өн бойында Совет Армиясының екпінді шабуылы тоқтаусыз
жүргізіле берді. Бұл шабуылды бөгемек болып, гитлершілдер тотальды
мобилизация жасады, армияға жасы ұлғайған адамдар, кемтар-жарымжан
адамдарды шақырды, бұрынғыдан да қатал террор арқылы, әскери тұтқындар мен
бейбіт халықты жаппай қыру арқылы жеңіліп қаламыз деген пиғылды
болдырмаймыз деп құр бекер арам тер болды. Бірақ террордың көмегі болмады.
Фашистік блок ыдырай бастады.
Совет Одағы екінші майдансыз-ақ өз күшімен Германияны толық жеңетініне
көздері жеткен соң және бүкіл Европаны совет әскерлерінің азат етуі
халықтарға шын демократиялық құрылыс орнатуға мүмкіндік береді деп
үрейленіп, АҚШ пен Англия үкіметтері екінші майдан ашуға ұйғарды.
1944 жылы 6 июньде таң сәріде ағылшын-американ және Канада әскерлері,
сонымен қатар генерал де Голль бастаған француз бөлімдері Солтүстік
Францияға түсе бастады. Қысқа мерзім ішінде континентке 40-қа жуық дивизия
жеткізілді. Германия, ақыр аяғында, екі майдандағы соғыс қыспағына түсті.
1944 жылдың жазында Франция территориясының едәуір бөлігін Қарсыласу
күштері оккупанттардан азат еткен еді, оның қатарында 500 мың адам болды.
Азат етілген аудандарда халықтық өкімет құрылды. Августа Парижде жаппай
көтеріліс басталды.
1944 жылдың аяқ шенінде бүкіл Франция территориясын АҚШ пен Англия
әскерлері алды.
1944 жылдың жазында Совет Армиясы Польша территориясына кірді. Совет
әскерлері Польшаға кірместен бүрын Поляк жұмысшы партиясының басшылығымен
демократиялық күштердің бір тұтас майданы және Халықтық армия құрылды. Азат
етілген аудандарда өкімет Халық советтерінің қолына көшті. Люблинде
халықтық-демократиялық үкімет құрылды. 1945 жылдың басында бүкіл Польша
азат етілді. Оған Германияның қол астында ұзақ уақыт болып келген батыс
жерлері қайта қосылды.
1.2 Гитлерлік блоктың ыдырауы. Оңтүстік Шығыс Европаны азат ету
1944 жылы августа, Совет Армиясының соққысынан берекесі кеткен румын
әскерлері шегінген кезде, компартияның басшылығымен халық Антонескудің
фашистік үкіметін құлатты, Гитлерлік Германиядан ат құйрығын үзіп, Румыния
уақытша бітімге қол қойды және антигитлерлік коалицияға қосылып, Германияға
соғыс жариялады. 1945 жылы кектемде Румынияда халықтық-демократиялық үкімет
құрылды.
Жеңіліске ұшыраған Финляндия да гитлерлік блоктан шықты.
Болгарияның фашистік үкіметінің Германияға соғыстың өн бойы белсенді
көмек көрсетіп келгенін ескеріп, Совет Одағы Болгарияға соғыс жариялады.
Болгар халқы коммунистер құрған Отандық майданның басшылығымен 1944 жылы 9
сентябрьде бүкіл халықтық көтеріліс жасады. Фашистік тәртіп құлатылды, оның
орнына Отандық майдан үкіметі орнады. Уақытша бітімге кол қойып, Болгария
Германияға қарсы соғысқа кірісті.
1944 жылдың күзінде совет әскерлері Югославияның Халық-азаттық
армиясымен бірге Белградты алды.
Гитлерлік Германия жағында тек бір ғана Венгрия соғысты. Оны уысынан
шығарып алмау үшін, неміс фашистері бүкіл елді оккупациялады. Совет
әскерлері азат еткен территорияда, Дебрецен қаласында, Уақытша ұлттық
үкімет құрылды, ол антигитлерлік коалициядағы елдермен уақытша бітім жасады
да, Германияға соғыс жариялады. Венгрияны толық азат еткеннен кейін, бұл
үкіметтің билігі бүкіл елге тарады (1945 жылдың апрелі).
Совет Армиясының жеңісіне байланысты туған қолайлы жағдай, албан
халқына 1944 жылдың аяғында елді фашистік оккупациядан азат етуге мүмкіндік
берді.
1943 жылдың жазы қарсаңында гректің Халықтық-революциялық армиясы
жаудан елдің үштен екі бөлігін тазартты. Азат етілген территорияда Орталық
және Оңтүстік-Шығыс Европаның басқа елдеріндегі сияқты өкімет органдары
пайда болды. 1944 жылы өзінің шегіну жолын Совет Армиясы кесіп тастайды деп
қорыққан гитлершілдер Грециядан өз әскерлерін асығыс алып кетті, Грецияға
ағылшындар келіп түсті.
Сөйтіп, оқиғалардың барысы фашизмнен азат етілген елдер
территориясында СССР-дің жүргізген саясаты мен ағылшын-американ билеп-
төстеуші топтарының жургізген саясаттары арасында түбірлі айырмашылықтар
бар екенін көрсетті.
1.3 Немістердің Арденныдағы шабуылы
Германияның жеңілетініне көзі жеткен көптеген белді-белді гитлершілдер
ағылшын-американ билеп-төстеуші топтарымен келісімге келу жолын іздеді.
Олардың Гитлерді құрбандыққа шалғылары, герман фашизмнің барлық қылмысына
жауапкершілікті бір соған аударғылары, біржақты бітім жасап, СССР-ге қарсы
капиталистік біртұтас майдан ұйымдастырғылары келді. 1944 жылы 20 июльде
Шығыс Пруссиядағы Гитлер ставкасында заговоршылар бомба жарды. Сонда
отырғандардың қайсыбірі өлді, бірақ Гитлер тек болар-болмас қана
жарақаттанды. Гестапо заговоршылардың дереу көзін жойды.
1944 жылдың аяғында герман командованиесі Англия мен АҚШ-ты біржақты
бітім жасауға күшпен көндіруге жанталаса әрекет жасады: неміс әскерлері
тұтқиылдан Арденныда шабуылға көшті де, батыс одақтастарды елеулі жеңіліске
ұшыратты. Батыс майданда АҚШ пен Англия үшін өте-мөте қиын жағдай туды. Осы
кезде Черчилль немістердің бетін аударарлық ірі шабуыл бастауды өтініп,
Совет үкіметіне сөз салды. Осыдан кейін бірнеше күннен соң Совет Армиясы
Балтық теңізінен Карпатқа дейінгі бүкіл майданда орасан үлкен шабуылға
көшті. Немістер сол сәтте-ақ Арденныдағы шабуылын тоқтатуға мәжбүр болды
да, әскерлерін шығысқа жібере бастады. Ағылшын-американ әскерлері ауыр
жеңілістен құтқарылды.
1.4 Гитлерлік Германияның капитуляциясы
1945 жылдың көктемінде совет әскерлері - Австрияға кірді де, Венаны
азат етті.
Біздің бөлімдеріміз ауыр ұрыс жүргізе отырып, Германияға жылжыды. Ал
бұл кезде ағылшын-американ әскерлері болар-болмас қарсылық кездестіріп,
Рейннен өтті де, батыстан келіп Германияға кірді. Гитлершілдер енді тек
одақтастар лагеріндегі ала ауыздыққа үміт артты. Осы мақсатпен олар АҚШ пен
Англия әскерлеріне қарсылық көрсетпей территориясын тастап кете берді,
ағылшын-американ әскерлеріне американ генералы Эйзенхауэр басшылық етті,
гитлершілдер майданды тұрақтандыруға тырысып, барлық, күшін Шығысқа салды.
Алайда совет жауынгерлері тоқтаусыз батысқа қарай жылжи берді. Апрельдің
аяқ шенінде Берлин қоршауға алынды, совет және американ әскерлері Эльба
өзенінде кездесті. Соғыс майдандарында 50 млн-нан аса адамның қаза табуына
тікелей себепші болған Гитлер Совет Қарулы Күштері фашистік Германияны
күйреткен кезде, 1945 ж. 30 апрельде тарих сотынан қорқып у ішіп өлді. 2
майда совет әскерлері Германия астанасын алды.
Гитлерлік Германияны талқандауды аяқтай отырып, Совет Одағы өзінің
одақтастық борышын адал орындады, ал АҚШ пен Англияның билеп-төстеуші
топтары соғыс аяқталуға жақындаған сайын бұрынғы антисоветтік бағытқа
барған сайын ашықтан-ашық қайта оралды, сол кездің өзінде-ақ СССР-ге қарсы
соғыс жоспарын ойластыра бастады.
Басқа елдердегі сияқты, Италияда да халықтық жаңа өкімет органдары
құрылды, бірақ ағылшын-американ әскерлері оларды таратып жіберді, сөйтіп,
елді демократияландыруға кедергі жасады. Дегенмен оларға Италияда да үкімет
құрамына коммунистерді енгізуге тура келді.
Майдың басында гитлершілдер оккупациялаған Прага халқы көтеріліс
жасады. Көтерілісшілерге совет әскерлері көмекке келді. Совет әскерлері
Чехословакия халықтарына және оның астанасы Прага халқына азаттық әкелді.
1945 жылдың 9 майына қараған түнде жеңілген Берлинде Германияның
сөзсіз тізе бүгуі туралы актіге қол қойылды.
Европадағы соғыс осылайша аяқталды. Халықтар тартқан зор құрбандық
босқа кетпеді. Фашизмнің күл-талқан болуымен аяқталған қанды шайқас бұл
жеңіске шешуші үлес қосқан Советтік социалистік мемлекетті өшпес даңққа
бөледі.
Германияны одақтас державалар оккупациялады және ол төрт аймаққа —
совет, ағылшын, француз және американ аймағына — бөлінді. Берлинді совет
әскерлерінің азат етуіне және оның совет оккупациялық аймағында болуына
қарамастан, одақтастармен ынтымақтасуға ұмтылған СССР үкіметі Берлинді
одақтастар коменданттары басқарған төрт секторға бөлуге келісті.
2-тарау. Берлин (Потсдам) конференциясы және оның маңызы
2.1 Потсдам конференциясының ашылуы
Фашистік Германия талқандалғаннан кейін, 17 шілде - 2 тамызда Берлин
(Потсдам) халықаралық конференциясы ашылды. Конференцияға АҚШ (Трумэн),
Ұлыбритания (Эттли), КСРО (Сталин) және осы елдердің Сыртқы істер
министрлері АҚШ (Дж.Бирнс), Ұлыбритания (Иден, Бевин), КСРО (Молотов)
қатысты. Совет делегациясын И.В. Сталин басқарды, американ делегациясын
президент қызметіне таяуда ғана отырған Г. Трумэн, ағылшын делегациясын
әуелі У. Черчилль, сонсын оның орнына премьер-министрлік қызметіне келген
лейбористік партияның лидері К. Эттли басқарды.
17 июль күні сағат 12-де Кеңес үкіметінің лимузині Бабельсбергтегі
кішігірім Ақ Үйдің алдына келіп тоқтады. Сталинді қарсы алуға
президенттің көмекшілері Г.Воган және Дж. Вордеман шықты. Сталин
генераллисимус формасында, ақ кительде болды. Сталинмен бірге В. Молотов
және аудармашы ретінде Наркоминделдің кеңесшісі С.А. Галунский болды.
Трумэн мен Сталиннің екеуара болған әңгімесінде конференцияның
күнтәртібі сөз болды. Сталин бірнеше толықтырулар енгізе отырып Испаниядағы
Франко режимі туралы да мәселені енгізуді дұрыс көретіндігін айтты.
Трумэн Франко режимі туралы естімегенсіп алғашқы пленарлық мәжілісті
қай сағатқа тағайындау туралы сұрады. Сталин: Молотов пен Иден сағат бүгін
сағат 17.00-ге кездескен дұрыс деп келісіпті, - деді.
Сталин 1945 ж. 9 мамырындағы өткен Жеңіс парадында Кеңес Одағы
Германияның бөлшектемейді де, оны жойып та жібермейді деген болатын. Осы
ұстанымның негізінде Потсдам конференциясында да әрекет етті. Ал Вашингтон
мен Лондон басшылары бұл мемлекетті бөлшектеу керек деп тапқан болатын.
Потсдам конференциясының негізгі ерекшелігі антигитлерлік коалицияның
құрамындағы державалардың бұған дейін де соғыс барысында болған
конференциялардың соңғысы және ол басталмастан бұрын-ақ бұл олардың
саясаттарының триумфын көрсететіні еді.
Бірақ жаңадан ғана үкімет басына келген Гарри Трумэн дайындалып жатқан
атом қаруының күшін қолдана отырып осы конференцияда әрекет етпек болды.
Бірақ Трумэн үкіметі бұл конференцияда күш көрсеткенімен Кеңес Одағына ашық
қарсы шығуға тырыспады, өйткені билік басына жаңадан келген болатын.
Потсдамға бара жатып американдық президент алғашқы атом бомбасының
сынағы туралы хабарды асыға күткен-тін. Сол кездері Август крейсерінде
Атлантикада осы алғашқы сыналатын атом бомбасын алып Нью-Мексиконы бағытқа
алып жүзіп бара жатқан болатын.
Конференцияның алғашқы күні. 17 июльде сағат кешкі 17.00 де Цециленхоф
сарайының тыныш паркінде Потсдам конференциясына қатысушылардың машиналары
келіп тоқтады.
Конференция басталысымен журналистер мен фоторгафтарға осы тарихи
оқиғаны түсіріп алуға 10 минут берді. Олар залдан кетісімен Трумэнді
конференцияның төрағасы етіп сайлауға ұсыныс түсті.
Конференцияның алғашқы мәжілісі конференцияның күн тәртібін айқындауға
кетті. Трумэн келіссөздерді жүргізу үшін сыртқы істер министрлерінің арнайы
кеңесін құру керек деген ұсыныс жасады. Сонан кейін ол Германияны бақылаушы
кеңестің негізгі принциптерін қарастыру керек дегенді алға тартты.
Президент Ялта конференциясында одақтас державалар алған
міндеттемелеріне сай әрекет етпей жатыр, атап айтқанда азат болған Еуропа
туралы Декларация орындалмауда деп көрсетті.
Сталин күн тәртібі туралы өз тұжырымдарын баяндай келе Германияның
бұрынғы сателлиттерімен дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіру
туралы мәселені талқылау керек дегенді ескертті.
Сонан кейін Кеңес үкіметінің басшысы Танжер, Сирия және Ливан
мәселелерін де қарастырған жөн екенін атып өтті. Ал Польша мәселесіне
қатысты мәселелерді Польшада ұлттық бірлік болып ұлттық үкімет орнауы
қажеттігіне орай Лондондағы эмигранттық Польша үкіметін тарату қажеттігін
баса айтып өтті. Бұл ұсыныс ешбір қатысушының қарсылығына ұшырамады.
Атом бомбасының дилеммасы. 18 июльде сағат 13.15-те президент Трумэн
Черчилльдің вилласына келіп тоқтады. Британияның премьері оны түскі асқа
шақырған еді. Трумэн дәл бүгін Вашингтоннан келген телеграмманы ала келді.
Ол телеграммада Нью-Мексикода сыналған атом бомбасының нәтижесі туралы
жазылған еді. Телеграмманың мазмұнымен Черчилльді таныстырып болғаннан
кейін бұл жөнінде Сталин не дер екен және оған бұны қалай айтқан жөн
болады? - деп сұрады.
Егерде кеңес өкілдерін АҚШ-тың атом қаруына ие болғандығы туралы
хабардар етер болса, – деп ойлады Трумэн – онда олар Жапониямен соғысқа
құлшына кірісер еді. Ал сол себепті екі батыс басшысы да Қиыр Шғысмта кеңес
әскерінсіз-ақ жеңіске жетеміз деп үміттенді. Сондықтан мүмкін атом қаруы
туралы айтпай-ақ қой сақ та болар деп те ойлады. Бірақ келешекте бұл кері
әсерін тигізер дегендіктен олар, Сталин өзінше ой үстінде отырғанда жай
ғана елемейтіндей етіп айтқан жөн деп шешті.
Батыс лидерлерін мазалаған ой Жапония кеңестермен дипломатиялық
келіссөздер жүргізе отырып өздерінің капитуляциясы туралы жариялап қоймас
па екен деген ой болатын. Жапондықтар шынында да кеңестік дипломаттармен
хабарласқандығы туралы жақында Сталиннің өзі британ премьеріне айтқан да
болатын. Ал егерде жапондықтар кеңестерге капитуляция туралы айтар болса,
онда американдықтар соғыста жеңіп шығуды өз уыстарынан шығарып та алар
еді деп ойлады.
Трумэн АҚШ Біріккен Ұлттар Ұйымында негізгі роль атқаруы тиіс, ал
бұған осы атом қаруы қолшоқпар болады деп ойлады.
Сондықтан өзіндегі атом қаруы туралы қайтсек те кеңестерге білдіру
қажет деп шешті. Бірнеше күн араға салып 24 июльде пленарлық мәжілістен
кейін Трумэн Сталинге жақындап келіп Құрама Штаттары ғаламат жойқын күші
бар қару жасап шықты деп хабардар етті. Черчилль мен мемлекеттік хатшы
Бирнс Сталинге байыптап қарап тұрған еді. Сталин байсалдылықпен бұл хабарды
қабылдады. Осыны байқаған Трумэн, Черчилль және Бирнс үшеуі де Сталин
ештеңені де түсінген жоқ деп шешті.
Трумэннің бұл әрекеті атом қаруымен қоқан-лоққы көрсетудің алғашқы
көрінісі еді. Осылайша Трумэннің атомдық қолшоқпармен басымдылық
көрсетуінің сәтсіздікке ұшырады.
Германиямен және оның бұрынғы одақтастарымен бітім шартын әзірлеу
үшін ұлы державалардың сыртқы істер министрлері Советін құруға шешім
қабылданды. Барлық территориялық мәселелерді түпкілікті шешкенге дейін,
конференция Кенигсберг (қазіргі Калининград) қаласы мен оған жапсарлас
жатқан облыстарды Совет Одағына беруге келісті. Польшаның батыс шекарасы
жөніндегі бұрынғы шешім бекітілді.
Потсдам конференциясы антигитлерлік коалиция елдерінің соғыс
аяқталғаннан кейін де тиімді ынтымақтасуы мүмкін екенін көрсетті.
2.2 Потсдам конференциясында Германия мәселесін реттеу және ІІ дүниежүзілік
соғыс қорытындылары
Потсдам конференциясы Европада соғыс қорытындысын, негізінен
Германияны толық қарусыздандыру, соғыс құралдарын шығаратын өндіріс
орындарын толық жою шараларын белгіледі. Конференцияның қаулылары нацистік
мемлекетті жоюға бағытталды.
Көптеген мәселелер алдын ала қойылып, шешіліп келген "үлкен
үштіктің" бұған дейінгі екі кездесуінен өзгеше, Потсдам конференциясында
соғысты бұдан былайғы жерде жүргізу жөнінде, сондай-ақ дүниенің соғыстан
кейінгі құрылымы мәселелері жөнінде де көптеген маңызды, нақты келісімдер
бар болатын. Сондықтан да Потсдамдағы кездесуге қатысушылардың бірқатар
реттерде бұрыннан бар принципті шешімдерді қуаттауы немесе нақтылай түсуі
ғана қалған еді. Алайда мұның өзі сондай бір оп-оңай іс болмай шықты,
өйткені Батыстың өкілдері бұрыннан бар кейбір келісімдерді ревизиялауға
тырысты, осыған байланысты конференцияда кейде шиеленіскен дипломатиялық
күрес өрістейді. Сонымен бірге, әрине, талқылау, шешу керек болатын жаңа
проблемалар туды. Жан-жақты талқыланған ең маңызды мәселе, тізе бүккен
Германияны қайта құру туралы мәселе болды. Бұл мәселе жөнінде де 1943 жылы
Сыртқы Істер министрлерінің Москва конференциясының шешімі бойынша
құрылған Европалық консультациялық комиссия талдап жасаған ұсыныстар бар
еді. Алайда Европада соғыс қимылдары аяқталғаннан кейін жаңа жағдай туды.
Батыс державаларының билеуші топтары арасында Германияның адам және
экономикалық потенциалын КСРО-ға қарсы мүмкін болатын соғыста пайдаланудың
Черчилдік идеясы өрістеді, сондықтан Германияны толық демилитандыру және
демократияландыру жөнінде бұрын белгіленген жоспарлары Вашингтон мен
Лондон саясатшыларына енді ұнамады.
Конференциядағы басты мәселе - Герман (неміс) мәселесі болғандықтан
конференция Германияға қатысты барлық экономикалық, саяси жетекшілік
істерін қарастырды. Бұл сұраққа қатысты жобаны Америка делегациясы ұсынды.
Онда Германия бойынша Европалық консультативті комиссияның келісімімен
Қырым конференциясындағы белгілі жағдайлар шешімі қамтылды. Потсдам
конференциясы кезінде бұл комиссияда тағы бір құжат болды. Ол - Германияға
деген кейбір қосымша талаптар келісімі. Бұл құжат алғашқы кезде Германияға
деген Потсдамдағы саяси әрі экономикалық принциптер келісімін сәл
жеңілдетті.
Потсдамда басшылар Германияға деген принциптер өте маңызды Германияны
демилитаризациялау, демократизациялау және денацификациялау шеңберінде
жүзеге асырылуы керек десті. Сондай-ақ, Германияны демилитаризацияға
ұшыратып, толықтай талқандау әрі соғысқа қолдана алмайтындай етіп, Герман
өндірісін жою, Германияның саяси өмірін демократиялық негізде түбегейлі
реконструкциялауға дайындалу және халықаралық өмірде бейбіт
ынтымақтастыққа Германияны жетелеу, ұлттық-әлеуметтік апртияны құрту,
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz