Германия мемлекетінің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 3
1-тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай 6
1.1 Қырғи қабақ соғыс: Фултон жолдауы, Трумэн доктринасы және Маршалл
жоспары 6
1.2 Оккупациялық зоналардағы саяси өзгерістер 10
1.3 Одақтас әкімшіліктің жүргізген саясатының мәні және одақтастар
арасындағы қайшылықтар 14
2-тарау. Германия мемлекетінің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы
15
2.1 Берлин блокадасы және Германияның екі елге бөлінуі 15
2.2 Герман Федеративтік Республикасының құрылуы 17
2.3 Германияның 1949 жылғы Конституциясы 17
2.4 ГФР-нің мемлекеттік құрылымы 18
2.5 Германияның бірігуі 20
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі 24

Кіріспе

Германияның Еуропаның қуатты экономикалық державасына айналуы оның
Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерімен, ТМД елдерімен өзара қатынастарын
толық қайта қарауды көздейтін жаңа сыртқы саяси тұжырымдаманы қалыптастыру
туралы мәселені күн тәртібіне қоюына байланысты Еуропа елдерінің ішінде
Германия бірінші болып жаңа геосаяси ақиқатты бара-бар қабылдады және
өзінің халықаралық саясатына тиісінше түзетулер енгізді.
Германия көбіне жалпы еурпалық сыртқы саясатты қалыптастыратын және
жүзеге асыратын нақты көшбасшы. Неміс дипломаттары ГФР-дің сыртқы саясаты,
оның ішінде Орталық Азия бағытында да аймақта қауіпсіздікке қол жеткізуге
бағытталған, басқаша айтқанда ГФР саясаты Германия жетекші орындарға үміт
артатын Еуропа одағының стратегиясына табиғи үйлеседі, жалпы еуропалық
саясат аясында жүзеге асырылатынын атап айтады.
Өзінің экономикалық қуаты жөнінен ГФР тек АҚШ пен Жапонияға (2000 жылы
герман ІЖӨ-сінің көлемі 3976 млрд. маркаға жетті, бұл шамамен 1875 млрд.
долларға сай келеді), сыртқы сауда көлемі бойынша тек Құрама Штаттарға ғана
жол береді. Бұл ретте елдің ІЖӨ-сі халықтың жан басына шаққанда әлемдегі ең
жоғары көрсеткіштерінің бірін құрайды: 46,8 мың марка (22 мың доллардан
астам).
Германия "үлкен сегіздік" құрамына кіреді. Ал Еуропа Одағында
Франциямен қатар құрлықта ықпалдасу процесінің негізгі қозғаушысы болып
табылады.
1990 жылдардың басынан бастап Герман басшылығы Қазақстанмен және
бұрынғы КСРО-ның басқа мемлекеттерімен олардың егемендігін және
тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екі жақты байланыстарды дамытуды
қолдады. ГФР Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды серіктес деп есептейді.
Неміс дипломатиясының Қазақстан жөніндегі мақсаты мейлінше анық көрінеді.
Саяси салада бұл Астанамен тұрақты сұхбат арқылы Орталық Азия аймағына
мейлінше терең тартылу. Экономика саласында Германияның Қазақстан рыногына
жаппай қатысуы.
Екі ел арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізі 1992 жылғы
қыркүйекте Президент Н.Назарбаевтың ГФР-ға алғашқы сапары барысында
қаланды, сонда өзара қарым-қатынастардың негіздері туралы бірлескен
мәлімдемеге қол қойылды. Осы кезден бастап жоғары деңгейдегі саяси
байланыстар тұрақты сипат алды: 1995 жылғы сәуірде біздің елімізге
Германияның Федералдық Президенті Р.Херцог, 1996 жылғы мамырда Вице-
канцлер, Сыртқы істер министрі К.Кинкель келді. Өз кезегінде Қазақстанның
сыртқы саяси ведомствосының басшысы (1996 жылғы қазан), басқа да
министрліктер мен ведомстволардың басшылары ГФР-ға барып қайтты.
Екі жақты қатынастардың маңызды факторы бұл Қазақстандағы неміс
диаспорасы. Герман ішкі істер министрлігінің деректері бойынша 1992-1999
жылдары Қазақстан Республикасынан Германияға 700 мыңнан астам адам көшкен.
Сондықтан Федералдық Үкімет саяси тұрғыдан Германия шекарасы отандастар
үшін ашық деп мәлімдеуге мәжбүр болғанымен қазақстандық немістердің қазіргі
тұрып жатқан жерлерінде қалуына аз мүдделі емес. Берлин олардың әлеуметтік-
экономикалық және мәдени жағдайларын жақсарту жөнінде қаржылай көмекті қоса
алғанда, барлық мүмкін жәрдемді жасауға әзірлігін мәлімдеді.
Қазақстан да сырт қалып отырған жоқ. Қазақстан Республикасының ұлты
неміс азаматтарын қолдау жөніндегі ынтымақтастық туралы, мәдени
ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойылып, Қазақстанда
тұратын немістер мәселелері бойынша үкіметаралық комиссия құрылған.
Қазақстан Республикасының Үкіметі "Қазақстан Республикасында тұратын
немістердің этникалық қайта өрлеуі кешенді бағдарламасы туралы" қаулы
қабылдады. Қазақстан немістерінің екі съезі өтті. Қазіргі кезде Германияда
айтып кеткеніміздей 700 мың Қазақстаннан шыққан неміс тұрып жатса, 300 мыңы
Қазақстанда қалды. Бұл жалпы алғанда біздің елдеріміз арасындағы желіні
байланыстыруға тікелей немесе жанама қызмет ететін 1 млн. адам деген сөз.
1990 жылдың 3 қазанында әлем күтпеген оқиғаның куәсі болды - Германия
біртұтас елге айналып ГДР мен ГФР бірікті. Көптеген зерттеушілер, әсіресе
ресейліктер Германияның бірігуі ГДР-дің ГРФ-ге аншлюсі ретінде жүргізілді
деп санайды. Бұл бірігудің алғышарттары сыртқы және ішкі факторлардан
құралды.
Ал бірігуге негіз болған ГФР Конститутциясының 23-бабы болатын. Міне
сондықтан тақырыптың өзектілігі де айқындала түседі, өйткені біріккен
Германияның конститутциялық құрылымы осы мемлекеттің ауқымына орай әлемдегі
саясатқа жан-жақты әсер ететіндігі белгілі.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты ГФР-дің конститутциялық құрылымының
ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер шешімін табады:
- екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардың
Германияға әсері;
- Германияның екіге бөлінуі;
- Бонн Конститутциясының негізіндегі ГФР-дің мемлекеттік құрылымы;
- біріккен Германиядағы өзгерістер.
Деректік шолу. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі тарих туралы
ғылыми зерттеулер жетерлік[1]. Бұл ретте соңғы жылдардағы ашылған
мұрағаттық құжаттар мен жаңадан, соны көзқараспен жазылған әдебиеттерді
қарастыру, оларға шолу жасап, талдап-таразылау айрықша өзекті. Әрине, шағын
курстық жұмыста бұлардың барлығын қамту мүмкін емес. Сондықтан біз жоғарыда
аталғандарға бастама боларлық мәселелерді қарастырумен шектелеміз.
Бұл тақырыпты зерттеушілердің қатарында көптеген тарихшылар,
саясаттанушылар бар. Тіпті Л.Эрхардтың кітаптары мен К. Аденауэр туралы
зерттеулер де, оған қоса Э. Хоннекер, Г. Модров, М. Вольф, В. Брандт
тәрізді мемлекет басшыларының еңбектері қызығушылық тудырады.
Біздер қарастырған тақырыпқа көбінесе қалам сілтеген мынадай
авторлардың еңбектерін атап айтуға болады: Ахтамзян А.А., Баранцев Н.,
Горбачев М.С., Ильинский И.П., Осинский И., Павлов Н.В., Семиряга М.И.,
Филитов А.М., Шнапп Ф.Е.
Курстық жұмыстың хронологиялық шеңбері Потсдам конференциясынан (1945)
бастап Германияның бөлінуі (1949) мен бірігуі (1990) кезеңінен бүгінгі
күнгі таңға дейінгі аралықты қамтиды.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды мен
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай

1.1 Қырғи қабақ соғыс: Фултон жолдауы, Трумэн доктринасы және Маршалл
жоспары

Екінші дүниежүзілік соғыстың 5-кезеңінде (1945 ж. 9 мамыр — 2
қыркүйек) Потсдам конференциясына қатысушы атнигитлерлік коалиция
мемлекеттері (1945 ж. 17 маусым — 2 тамыз) Германияны қарусыздандыру туралы
шешім қабылдап, Жапониядан тізе бүгуді талап етті[2]. Жапония үкіметі бұл
талапты қабылдамады. Бұл кезде әлем әлі де болса бірауызды еді. Бірақ
дегенмен осы мемлекеттердің әрқайсысы өз ұпайын жібермеуді де қарастыра
бастаған кезең-тін.
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы атылғанда дүние өз дамуының
жаңа бір дәуіріне енгендей болды. Адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл,
ең ауыр соғыс аяқталды. Осы сұмдықтан кейін жаңа соғыс туралы ойлаудың өзі
қыл.мыс болатын. Ол қайталанбас үшін қолдан келгеннің бәрі істелінді.
Германия талқандалып қана қойған жоқ, оны жеңгендер оккупациялады, енді
герман милитаризмінің қайта өрлеуі туралы сөз болуы мүмкін еместей көрінді.
Антигитлерлік коалиция мемлекеттерінің арасында орнаған ынтымақтастық
деңгейі оптимизм сезімін ұялатты. Үлкен үштіктің жоғарғы дәрежедегі
кездесулері үнемі өткізіліп отырылды. Соғыс қимылдарын үйлестіру, саяси
қатынас келісімдері, экономикалық ынтымақтастықты кеңейте тусу жүзеге
асырылып отырды.
Осы қатынастардың символы ретінде Үлкен үштіктің үшінші кездесуін -
Берлин (Потсдам) конференциясын айтуға болады. Ол Берлиннің жанындағы
Потсдам калашығында 17 шілде-2 тамыз 1945 жылы өтті. АҚШ-тан 1945 жылы
сәуірде қайтыс болған Франклин Рузвельттің орнына болған Гарри Трумэн,
Ұлыбритания - Уинстон Черчилль, КСРО - Сталин қатысты. Алайда конференция
барысында күтпеген оқиға болды. Соғыстан кейінгі парламент сайлауында
Черчилль бастаған консерваторлар жеңіліс тапты. Тұңғыш рет лейбористер көп
орынға ие болып, оның лидері Клемент Эттли үкіметті басқарды. Ол жаңа
құраммен Потсдамға келді. Қырым конференциясымен салыстырғанда Үлкен
үштік құрамы жаңарды.
Потсдам конференциясында Германияны басқару үшін төрт Д принципі
негізге алынды: денацификация, демилитаризация, демократизация,
декартелизация[3]. Денацификация дегеніміз нацизмді түп тамырымен жою, ал
демилитаризация біртұтас егрман әскери машинасын, оның бүкіл қосымша
элементтерімен бірге жою және әскери потенциалына шектеу қою болып табылды.
"Герман милитаризмі және нацизмі түп тамырымен жойылады", – деп одақтастар
Потсдамда салтанатты түрде жариялаған еді. Демократизация болса фашисттік
саяси жүйенің орнына қайтадан демократиялық негіздегі саяси институттарды
құру болатын. Германияның әскери күш-қуатының негіздері ірі монополиялар
мен картельдер деп түсіне білген одақтастар оны да декартелизация арқылы
таратуды, бөлшектеуді іске асыруды көздеді.
Берлин конференциясы Париж конференциясы сияқты бейбіт конференция
болған жоқ. Себебі ешкіммен бітім жасалынбайтын еді. Германия
оккупацияланды, оның территориясында билікті төрт оккупациялық зонаға
бөліп, Ұлыбритания, КСРО, Франция, АҚШ жүргізді. Конференцияның басты
мақсаты одақтас державалардын Германияға деген саясатын анықтау болатын.
Германияның мемлекеттік шекарасы аныкталды. Германиядан Польша мен КСРО-ға
Шығыс Пруссия берілді, Польшамен шекара батысқа, Одер-Нейсе өзені сызығына
жылжыды. Жалпы айтқанда Германияның территориясы 1938 жылмен салыстырғанда
14 азайды[4]. Германиянын 1938 жылдан бастап иемденген жерлерінің бәрі
ешқандай қарсылықсыз қайтарылатын болды. Конференция осы территориялардан
(9 млн-нан астам адам) немістердің жаппай көшірілуіне келісті. Сондай-ақ әр
зонадағы соғыс тұтқындарын өзара алмасу туралы да келісім болды. Сонымен
қатар КСРО Англия мен АҚШ-ты КСРО-дан батысқа қашқан азаматтардың бәрін
еріксіз болса да қайтаруға келісімдерін алды. Олардың КСРО-дағы тағдырының
қандай болатындығы айқын болса да, одактастар бұл мәселе бойынша Сталинмен
қақтығысқысы келмеді: Трумэн Жапония туралы ойлады, өйткені КСРО-ның
қатысуынсыз оны жеңу қиынға түсетін еді, ал Эттли немістер тұтқынында
болып, КСРО оккупациялаған территорияда қалған 25 мың ағылшындардың тағдыры
туралы ойлады. Репарацияның жалпы сомасы 2 млрд. доллар көлемінде
анықталды, оның 50%-ын КСРО алатын болды. Германияда репарация төлеуін
жоққа шығаратындай финанстық қиындық туғызбау үшін, репарацияны өнеркәсіп
құралдарын әкету арқылы алу көзделді. Берлин конференциясында Германияны
біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалу қарастырылды. Нацизмді құртқан соң
елде жалпы сайлау өткізіп жаңа демократиялық Германия үкіметімен бейбіт
келісімге қол қою жоспарланды. Оған дейін Германияда билікті оккупациялық
үкіметтер атқаратын болды. Осыған сәйкес Германия төртке бөлінді және
Берлин Германияның астанасы болып қалды.
Германияны оккупациялаушы державалар оны біртұтас экономикалық
мемлекет ретінде қарастырды, ал саяси тұрғыдан орталық Герман үкіметі
құрылады деп жоспарланған болатын. Бірақ өмір өз өзгерістерін жылдам
кіргізді.
Әлемдегі капитализм дүниесіне жаугершілікпен қараған кеңес үкіметінің
басшылары да, оларға қарсы астыртын әрекеттерін үдете түскен капиталистік
мемлекеттер де Герман мәселесінен бастап ара-жіктерін ажырата бастады.
Бірақ алда әлі Жапонияны тізе бүктіру күтіп тұрған болатын.
Екінші дүниежүзілік соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-і
қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн. адам әскерге
алынды. 50 — 55 млн. адам қазаға ұшырап, 4 триллион долл. көлемінде шығын
шықты. Соғыстың аяғында фашизм толық күйреп, Батыс Еуропа елдерінде
демократияның орнауына жол ашылды.
Сайлауда ұтылып биліктен кеткен ағылшынның әйгілі саясаткері Уинстон
Черчилль өзінің ісін оппозиция лидері ретінде жалғастыра түсті. 1946 жылы
АҚШ-ын аралап жүріп 5 наурызда президент Трумэннің туған штаты Миссуридың
Фултон қаласында президенттің қатысуымен сөйлеген сөзінде Европада
қалыптасқан жағдай батыс демократиясы тағдырына қауіпті деп сипаттады.
Кеңес халықтарының ерлік күресі мен КСРО-ның қауіпсіз шекараға ие болу
құқын мойындай отырып ол кеңес экспансионизмінің етек алуын үрейлене
ескертті. Батыс демократиясын қорғау үшін, оның ойынша, АҚШ пен
Ұлыбританияның күшін біріктіріп, англосаксон дүниесінің бар қуатымен КСРО-
ға тойтарыс беру керек. Оның осы сөзіне орай темір қоршауы (железный
занавес) деген термин саясатта қолданысқа кірді. Бұл термин КСРО-ның
төңірегін қоршап тұрған құпиялылықты бейнелеу болатын. Оның бүкіл әлем
саясатшылары мен адамдарына жолдауының мағынасы коммунистік емес елдердің
халықтары КСРО тарапынан басқыншылық шабуылын күтуі тиіс дегенге сайды.
Мұнымен тоқтамастан ол өзінің жазушылығын қайта жалғастырып осы саясат
төңірегінде бірнеше кітаптар жазып тастады. Мұнда да осы КСРО-ның қитұрқы
саясаты әшкерелене түсті.
Германияның бұрынғы одақтасымен бітімшартын дайындау бір жарым жылға
созылды. Бейбіт бітім-шарттарының мәтініне келісу Сыртқы істер министрлер
Кеңесінің Лондонда, Парижде өткен сессияларында және КСРО, АҚШ пен Англия
Сыртқы істер министрлерінің Москвада өткен мәжілісінде жасалынды.
КСРО соғыстан кейін өзінің территориясын тағы да ұлғайтты. КСРО
құрамына Оңтүстік Сахалин мен Куриль аралдары кірді. Сонымен қоса КСРО
Қытай территориясынан иелік алды, соның нәтижесінде Солтүстік-Шығыс Қытай
оның ықпал ету аймағына айналды. КСРО-ға Печенгадан басқа, 1938 жылға дейін
Чехословакия құрамында болған Закарпаттық Украина, РСФСР-дың Калининград
облысы болып аталған Шығыс Пруссия бөлігі қосылды. КСРО үкіметі Орталық
және Оңтүстік-Шығыс Европа мемлекеттерінде өкімет басына кеңестік күштер,
атап айтқанда коммунистік партиялар келуге бар күшін салды. 1945-1946
жылдарда территориясын ұлғайтудан соң КСРО Түркияға территориялық көз
тігіп, Дарданеллді КСРО-ның әскери-теңіз базасын жасау құқын қоса Қаратеңіз
бұғаздарының статусын өзгертуді талап етті.
Алайда оқиғаның әрі қарай дамуы кеңес басшылығының 30-шы жылдардағы
тәжірибе сәтсіздігінен кейін ұжымдық қауіпсіздік мүмкіндігіне
сенбейтіндігін көрсетті. Сталин 1939 жылдан бастап қауіпсіздікті қамтамасыз
етудің дәстүрлі жолы - күш қолдану, территориялық экспансия және ықпал ету
аймағын құру - осы бағыттан таймай жалғастыра берді. КСРО ұжымдық
қауіпсіздік жүйесін өзінің қуатын кеңейте түсу үшін пайдаланатындығы айқын
болды. Бұл Европаны елеңдетпей қоймады. Франция мен Италияда коммунистік
партиялар ең ірі саяси партиялар болатын. Осы жерлерде және Батыс Европаның
басқа елдерінде коммунистер үкімет құрамына кірді. Оның үстіне Европадан
американ әскерінің негізгі бөлігі әкетілген соң, КСРО континентальдық
Европада басты әскери күшке айналды. Осы жағдайлардың бәрі кеңес басшылығы
жоспарының жүзеге асуына қолайлы жағдайлар туғызды.
КСРО-ның жүргізген саясатына Батыс елдері әр түрлі көзқарас ұстады.
Бірқатар саяси қайраткерлер КСРО-мен ымырашылдықты жақтады. Әсіресе бұл
позицияны АҚШ сауда министрі Генри Уоллес қолдады. Ол КСРО-ның талабы
орынды деп есептеп, КСРО-ның Европа мен Азияның кейбір аудандарында
басымдық құқын мойындап, дүниені қайта бөлуді жүргізуді ұсынды.
1945 жылы 17 шілдеден 2 тамызға дейін Трумэн Потсдам конференциясына
қатысты. Дәл осы кезеңнен бастап-ақ сыртқы саясатында ол коммунистік
экспансияны күшпен, қоқан-лоққы мен ұстау керек деген бағытта болды.
Кейіннен Еуропа мен Азия құрлығындағы елдерге экономикалық көмек көрсету
керек деп тапты. Бұл саясаттың көрінісі Греция мен Түркияға бағытталған
саясатта-ақ көрінісін тапты. Кейіннен екінші реет президенттік креслоға
келген кезде Трумэн доктринасының тамаша қосымшасы ретінде Маршалл жоспары
мен НАТО альянсының құрылуы болды.
АҚШ-тың мемлекеттік департаменті де кеңестік әрекеттерге қарсы жауап
іздеді. Мұнда американ дипломаты, Ресей бойынша маман Джордж Кеннан маңызды
роль атқарды. 1946 жылы ақпанда, Москвада АҚШ елшілігінде жұмыс істей жүріп
ол Вашингтонға жолдаған жеделхатында тежеу саясатының негізгі
принциптерін айқындады. Оның пікірінше, АҚШ үкіметі КСРО-ның өз ықпал
аймағын кеңейту әрекетінің әрқайсысына дер кезінде қатты тойтарыс беріп
отыруы қажет. Коммунизмнің еніп кетуіне қарсы тұра алу үшін, Батыс елдері
өзіне сенімді, қолайлы әрі толыққанды қоғам орнатуға тырысуы керек. Тежеу
саясатына олар соғыстың алдын алу тәсілі ретінде қарады және КСРО-ны
соғыста жеңу көзделмеді.
Трумэн, Черчилль, Кеннан КСРО-ны тежеуде АҚШ басты рольді өзі атқаруы
керек деген түйін жасады.
1947 жылдың ақпанында ағылшындар Түркия мен Грецияға әскери және
экономикалық көмек беру мүмкіндігі жоқ екенін АҚШ үкіметіне мәлімдеді.
Грециядан ағылшын әскерлерінің шығарылуы мен көмектің тоқтатылуы Жерорта
теңізі аймағында стратегиялық жағдайды түбімен өзгертетін Кеңес Одағының
бақылауы орнау мүмкіндігін тудырды. Италияда коммунистердің билік басына
келу жағдайы жасалды, Суэц каналына Кеңес бақылауы орнау қаупі төнді. Осы
жағдайлар Трумэннің өз бағытын түпкілікті айқындауына итермелемей қоймады.
12 наурызда Трумэн Греция мен Түркияға 400 млн. доллар көлемінде әскери
және экономикалық көмек көрсету ойы бар екенін жариялады. Сонымен қатар ол
сыртқы қысым мен қарулы азшылық жағынан езгіге түсіруге қарсы болған
ерікті халықтарға көмек көрсетуге бағытталған АҚШ саясатының міндеттерін
айқындады. Осы мәлімдемесінде Трумэн АҚШ пен КСРО арасында басталған
қайшылықтың мазмұнын демократия мен тоталитаризм арасындағы қақтығыс деп
сипаттады. Осылайша соғыстан кейінгі ынтымақтастықтан бәсекелестікке
көшудің бастамасы болған Трумэн доктринасы пайда болды[5].
1947 жылы 5 маусымда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джордж Маршалл
европалық демократияны нығайту үшін оларға тез арада қаржылық және
экономикалық көмек көрсету қажет деп мәлімдеді. КСРО бұл жоспарды
Американың Европаны экономикалық қанауға салуға бағытталған деп есептеп,
шығыс европа елдерін Маршалл жоспарын жүзеге асыруға қатыстырмау мақсатында
қысым жасады. Осы елдерде өкімет билігі коммунистердің қолына көшу процесі
жеделдетілді, ол негізінен 1948 жылы аяқталды. 1948 жылдың сәуірінде 16
Батыстық елдер Маршалл жоспарына қол қойды. Бұл бойынша олар 4 жыл ішінде
АҚШ-тан 17 млрд. доллар көмек алатын болды. Сонымен бірге американдықтар
көмек көрсетудің алғышарты ретінде үкімет құрамынан коммунистерді шығаруды
талап етті. 1948 жылға қарай Батыс Европаның бірде-бір үкіметінде
коммунистер болмады. Бұрынғы одақтастар арасындағы алауыздық Европаның
бөлшектенуіне әкеліп соқты.

1.2 Оккупациялық зоналардағы саяси өзгерістер

Денацификация және демократизация процесстері неміс саяси элитасының
жаңаруына алып келді. Шығыс және батыс зоналарында партиялардың құрылуы өте
маңызды мәселеге айналды. 1945 жылы Кеңес әкімшілігі шығыс герман
жерлерінде 4 партияның қызметіне рұқсат берді. Олар: Германияның
Коммунистік партиясы ГКП, Германияның Социал–Демократиялық партиясы
ГСДП, Христиан-Демократиялық Кеңесі ХДК, Германияның
Либерал–Демократиялық партиясы ГЛДП. 1948 жылдың өзінде Германияның
Кеңестік Әскери Әкімшілігінің СВАГ қолдауымен әлеуметтік базаның солшыл
блогін кеңейту үшін Ұлттық Демократиялық партия ҰДП және Демократиялық
Крестьяндық партиялары құрылды. СВАГ-тің көмегімен коммунистер полиция және
сот-прокуратуралық органдарға кадрлар жинауға мүмкіндік алды. ГКП білім
беру жүйесіндегі радикалды реформаларда, шығармашылық интеллегенцияның
қызметінде, аграрлық реформаларда шешуші рөл атқарды. ГКП құрамындағы
солшыл радикал бағыт Вальтер Ульбрихтың жетекшілігінде болды. Бұл солшыл
қанат Германияға дәстүрлі идеологиялық принциптер мен әлеуметтік құрылыс
өте қажет екендігін алға тартқан болатын. ГКП басшысы Вильгельм Пик ымыралы
қалыпты бағыт ұстанды. ГСДП-ның солшыл радикалды және қалыпты бағыт
ұстанған ағымдарының арасындағы күрес қарқынды жүрді. Олардың біріншісі
О.Гротеволь жетекшілігімен Берлиндік Орталық комитетті басқарды, екіншісі
К.Шумахердің жетекшілігіндегі ганноверлік бюро. Оларды британ зонасының
әкімшілігі қолдап отырды. ГСДП жетекшілігі коммунистермен қосылуды және
біріккен жалпыгермандық партия құруды қолдады. Бұл бағыт ГКП мен ГСДП-ның
біріккен съезінде іске асты. СЕПГ деген атпен жаңа партия дүниеге келді.
Оның бағдарламасы негізгі экономикалық проблемаларды шешуге және де
қанаушылық пен қайыршылықтан, жұмыссыздық пен империалистік қатерден азат
етуге бағытталды. В.Пик пен О.Гротеволь СЕПГ-нің теңдәрежелі басшылары
болды. Осы Біріккен Жұмысшылар партиясының бағдарламасын қолдамаған ГСДП
мүшелері өз қызметтерінен қуылды. Шумахердің тобы Біріккен съездің нәтижесі
мен шешімдерін қолдамады. Оңшыл социал–демократтар ГСДП-ны 1946 жылдың
мамырында қайта құрды. Шумахер коммунистерге қарсы қатаң позиция ұстанды.
Ол неміс коммунистерін кеңес партиясы деп, ал социал-демократтарды
немістің ұлттық құндылықтарын сатушылар деп санады. ГСДП шығыс зонасындағы
өз қызметінен бас тартса да, Одер–Нейсе шекаралық мәселесін қайта қарауды
және де барлық оккупациялық зоналардағы репарациялық төлемдерді тоқтатуды
талап еті. Шумахер сеператизмнің басты қарсыласы болды, ол біріккен,
тәуелсіз неміс мемлекетін құру идеясын жақтады. Бірақ кеңестік әскери саяси
қауіпін тудырмау үшін, елдің бөлшектенуіне көнуге мәжбүр болды. Ішкі
саясатта ГСДП радикалды бағыт ұстанды. Буржуазияның барлық өкілдерін толық
экспроприациялау арқылы міндетті түрде социализмді енгізуді талап етті.
Шумахер нацистік лагерде 10 жыл отырған, халық ішінде атағы мен мәртебесі
биік, антифашист ретінде танылған қайраткер. Оның батыс социал –
демократиясында көшбасшылығы дау тудырмады.
СЕПГ-нің құрылуы герман социал-демократиялық қозғалысының бөлінуіне,
батысгерман коммунистік қозғалысының шиеленісуіне әкеп соқты. Батыс тың
оккупациялық әкімшілігі СЕПГ-нің бастауымен біріккен коммунистік және
социал-демократиялық ұйымдар құруға тыйым салды. 1948 жылдың сәуірінде
өткен конференцияда батысгерман коммуннистік ұйымдары өзінің басшысы етіп
Макс Рейманды сайлады. 1949 жылдың қаңтарында СЕПГ-дан ГКП толық бөлініп
шықты.
Соғыстан кейінгі Германияның саяси элитасында маңызды орынды христиан
демокрттары жайлады. Германияда христиандық саяси қозғалыстың байырғы
дәстүрі болған. Бірақ Веймар республикасында не Центр атты католиктік
партиясы да, не протестанттық Немістің халықтық партиясы да алдыңғы
орындарда көрінбеді. 30-шы жылдары шіркеу нацистік Германияның басты
оппозициялық күшіне айналған кезде, жағдай күрт өзгерді. Екінші
Дүниежүзілік соғыс біткеннен кейін Германиямен қатар Италияда, Австрияда,
Францияда, Нидерландта, Бельгияда христиандық демократиялық қозғалысының
бірігуі басталды. Христиандық демократия либералды демократиямен әлеуметік
католицизм дәстүрінің идеологиялық синтезінен пайда болды. Ол әлеуметтік
католицизмнің корпоративті идеяларынан бас тартты. ХДП клерикализмге қарсы
шығып, христиандықты саясаттың этикалық негізі ретінде қарап, өздерінің
бағдарламасын прагматизм негізінде құрды және қоғамды гуманизациялау мен
модернизациялауды алға тартты.
Германия үшін христиандық демократияның ренессансы өте маңызды болды.
Христиандық демократия өткен өмірінен көңілі қалған, ал болашағына
күмәнданған елде пайда болған рухани вакуумды толтырды. Ұлттық идеяны
сақтап, жаңа позитивті құндылықтарды құрастырды.
Жалпыгермандық ұйым Христиандық Демократиялық Одақ ХДО 1945 жылдың
маусымында Берлинде құрылды. Оның жетекшісі Андрас Гермес кеңес
әкімшілігінің қысымымен өз қызметінен кетуге мәжбүр болды. Оның орнына
профсоюз басшысы Якоб Кайзер келді. ХДО кеңес зонасында экономиканы қайта
құру мәселесінде солшыл партиялардың басты оппонентіне айналды. СЕПГ-нің
құрылуынан кейін христиандық демократтар радикалды позиция ұстанды. 1947
жылы Берлинде өткен ХДО-нің екінші съезінде Кайзер партияны догматикалық
марксизм мен тоталитарлы тенденцияларға қарсы құру керек екендігін
мәлімдеді. СВАГ ХДО-ны дискредитациялау үшін, оның шығысгерман жерлеріндегі
ықпалын шектеу үшін белсенді қимылдарды бастады. Кайзерге шпионаждықпен
шұғылданды деген кінә жабылып, жақтастарымен бірге Батыс Германияға кетуге
мәжбүр етті. ХДО толық шығысгермандық партияға айналып, оның жетекшісі
ретінде О.Нушке сайланды.
Батысгерман христиандық демократияның басшысы болып, Кельннің бұрынғы
мэрі Конрад Аденауэр сайланды. Ол 1933 жылы нацистердің ықпалымен
қызметінен кетіп, американдықтар қаланы азат еткеннен кейін қайтып орнына
оралды. Кельн британ оккупациялық зонасына өткеннен кейін, Аденауэр қайта
қызметінен қуылды. Британ әкімшілігі Шумахерді қолдап, Аденауэрге күдікпен
қарады. Оның консервативті көзқарастары мен Германияны қайта жаңғырту
идеясы британ әкімшілігіне ұнамады. Ол 1945 жылдың 2-ші қыркүйегінде Кельн
съезінде құрылған батыс жерлерінің Христиандық–Демократиялық одағын
басқарды. Американ әкімшілігінің қолдауымен ол өз партиясына авторитетті
қоғам қайраткерлерімен мәртебелі саяси топтардың өкілдерін тарта бастады.
ХДО-ның басты тактикасы: өзінің ықпал ету аймағын кеңейтіп, жаңа
демократиялық мемлекеттілікті құру болды. ХДО-ның құрамына барлық
христиандар, барлық сословиелер өкілдері және барлық әлеуметтік
топтардың мүддесін қорғайтын партиялар бірікті[6]. Аденауэр қатаң
антикоммунистік бағыт ұстанып, нацистік және де марксистік экстремизмге
қарсы шықты. Батыс пен шығыс зоналарының арасындағы қарым-қатынас шиеленісе
бара, ХДО-ны батыс әкімшілігінің қолдауы өсе түсті. Аденауэр батысгерман
мемлекетін құруды қолдайтын саясаткерлердің бірі болатын. Ол прусстық
дәстүрді жеккөріп, немістердің рухына сенбеді. Оның арманы Германияны
батыстық цивилизацияда қайта жаңғырту болатын. Рейн сеператисінен Аденауэр
герман федерализмінің жақтаушысына дейінгі ауыр жолды жүріп өтті. ХДО-ның
осындай саяси бағытындағы сенімді одақтасы Христиандық Әлеуметтік одағы
ХСС болды. Ол 1946 жылы Баварияда католиктік христиандық партия ретінде
құрылды. Оның басшысы Франц-Иозеф Штраус болды. ХДО-мен ұқсас принцптер
ұстанған, Аденауэрдің саяси бағдарламасын қолдай отырып, ХСС жетекшілігі өз
қозғалысының автономдылығын сақтауға тырысты. Басқа да батысгерман
жерлерінде христиандық–демократиялық қозғалыстардың бірігуі басталды. 1947
жылдың ақпанында қабылданған Алендік бағдарлама ХДО-ның жалпыпартиялық
бағдарламасына айналды.
Соғыстан кейінгі Германияда партиялардың либералдық бағыты солшылдар
мен христиандық демократтар секілді алдыңғы қатарларда көрінбеді. Либерал-
демократиялық партисы шығыс Германияда 1945 жылы пайда болды. Бірақ кеңес
әкімшілігінің қысымымен өз ықпалын бүкіл Германия территориясына тарата
алмады. 1946 жылы батыс зоналарында либералдардың автономды саяси қозғалысы
басталды. Осының негізінде 1948 жылдың желтоқсанында Еркін демократиялық
партиясы СвДП құрылды. Оның басшысы ретінде Теодор Хейс сайланды. СвДП
бағдарламасы ұлттық либералдық идеялардан және классикалық либерал-
демократиялық құндылықтардан құралды. Ол саясаттың конфессионализациясы мен
этатизациясына қарсы шығып, христиандық демократиялық блоктің және ГСДП-нің
белсенді оппонентіне айналды.
Солтүстік және шығыс Германия бірнеше онжылдықтар бойы жұмысшы
қозғалысының ұйымдастырылуымен ерекшеленді. Мұнда лютерандық саяси мәдениет
үстемдік құрған. Оның мәні: мемлекеттің қоғамдық өмірдегі ролінің жоғары
болуы, прусстық психологиялық комплекстер, яғни, саяси және әлеуметтік
қызметтердің орталықтанған формалары, әскери және мемлекеттік қызметтерге
құрметпен қарау. Дәл осы аймақ неміс жеріндегі социалистік жүйенің дамуына
қолайлы болды.
Батыс және оңтүстік Германия сеператистік қозғалыстар мен
католицизмнің ықпалы зор болған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Германияның саяси бірігу мәселесінің жүзеге асуы және екі герман мемлекетінің интеграциясы
Екінші дүниежүзілік соғыс. «Қырғи-қабақ» соғысының ақырғы белесі
Дағдарыс қарсаңындағы бейбіт келісімдер желісі
Ұлыбританиядағы Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ахуал
Германия мен Қазақстанның қарым-қатынасының дамуы
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы
Бұлғарстан, Болгария Республикасы
Германия үкіметінің сыртқы саясаты
Фашистік Германияның сыртқы саясаты
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзі Версаль-Вашингтон жүйелері
Пәндер