Австрия империясындағы революция


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

1-тарау. Европадағы 1848-1849 жылдардағы революциялардың туу себептері4

1. 1 Франциядағы революцияның себептері мен басталуы4

1. 2 Париждегі Июль көтерілісі8

1. 3 Германиядағы революция12

1. 4 Австрия империясындағы революция17

2-тарау. 1848-1849 жылдардағы революциялардың маңызы мен қорытындылары21

2. 1 Революциялық ахуалдың ұқсастықтары21

2. 2 Жұмысшы табының тарих сахнасына шығуы27

Қорытынды29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі30

Кіріспе

1848-1849 жылдарда Францияда, бытыраңқы Германия мен Италии мемлекеттерінде және Австрия империясында революциялар болды. Бұл революциялардың туу себебі біреу ғана, ол - капитализмнің дамуы. Бұл революциялар, осы үш елдің әр түрлі ерекшеліктеріне қарай, біркелкі дамыған жоқ, сондықтан да бұл елдердегі буржуазиялық революциялардың өзіне тән ерекшеліктері болды.

Егер Германиядағы және Италиядағы революцияның түпкі негізінде жаңа нарықтарды игеру тұрса, Австрия империясындағы революциялардың басты себептері капитализмнің дамуына феодалдық қатынастардың кедергі жасауы болса, 1848 жылы Франциядағы революцияға капитализмнің асқынған терең ішкі қайшылықтары басты себеп болды.

Тақырыптың өзектілігі. Бір мезгілдің шамасында бірденнен бақандай төрт мемлекеттің аумағында болған революциялық дүмпулердің себебі неде? деген сұрақ көптеген тарихшыларды ойлантқаны анық. Осы революциялар нендей жағдайға әкелді?

Қазіргі таңда біздер әртүрлі революциялардың куәсі болып жатырмыз. Әрине ушыққан жағдай кез келген халықты бас көтеруге итермелеп, өздерінің талаптарын жоғарыдағыларға жеткізудің осы бір жолын таңдауға мәжбүр етеді. Біздер «барқыттық», «қызғалдақтар» (Чехословакия, Грузия, Украина, Қырғызстан және т. б. ) революцияларының сонау Европадағы 1848-1849 жылдардағы революциядан айырмашылықтары көп екенін түсінгенімен олардың себептерінде кейбір жағдайлардың ортақтығын да байқаймыз. Сол себепті де революциялық төңкерістердің қыр-сырын ашуға осы таңдап алған тақырыбымыз мол септігін тигізеді деп ойлаймыз.

Курстық жұмыстың мақсаты: тақырыпты толығымен қамтып, бұл мәселені танып білу. Сонымен қатар бұл тақырыпты тек қана революцияның басталуынан бастамай, осы революцияға себеп болған жағдайларды да түсіну әрі осы елдердегі революцияның ерекшеліктерін көрсету болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген мақсатқа жету үшін курстық жұмыстың міндеттеріне мыналар кіреді:

- революция қарсаңындағы үш елдегі ахуалға тоқталу;

- революцияның туу себептерін айқындау;

- революция дем берген идеяларды саралау;

- революцияның барысын зерделеу;

- революцияның қол жеткізген жетістіктерін пайымдау.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 тараудан, әр тарау 2-3 бөлімнен, содан соң қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Курстық жұмыстың көлемі компьютермен терілген 30 бет.

1-тарау. Европадағы 1848-1849 жылдардағы революциялардың туу себептері

1. 1 Франциядағы революцияның себептері мен басталуы

XIX ғасырдың 40-жылдары Франция өнеркәсіптік дамуы күшті болды. Мануфактура мен шеберханалардағы өндіріс орындарына капиталистік фабрика келген болатын. Ірі машиналық өндіріс кезеңі басталған-тын. Бұл процесс алға жылжыған сайын оның негізгі қайшылықтары көзге қораш көріне бастады:

А) жұмысшы табы мен буржуазияның арасындағы жауығудың күшеюі;

Б) Июль монархиясына екі таптың да қарсы болуы. Өндірістік буржуазия қаржылық аристократияның саяси монополиялық билігіне қарсыласа бастады. Жұмысшылар болса кедейшіліктен шаршап-шалдыққан болатын.

Астықтың шықпай қалуы және әлемдік сауда мен өнеркәсіп дағдарысы 1847 жылы біріге түсіп, істі ушықтырып ақырында революцияға әкелді.

XVIII ғасырдағы француз революциясының басты міндеті феодализмге қарсы күрес жүргізу, феодалдық монархияны құлату болғанын білеміз. 1848 жылы Францияда феодализм жоқ еді. Июль революциясы кезінен өкімет басында буржуазияның басшы топтары отырды. Енді хал-жағдайлары тым ауыр жұмысшылар, өздерін қанаушы буржуазияға қарсы күрескендіктен және өнеркәсіп буржуазиясының саяси правосыз болуы себепті революция пісіп жетіле түсті.

Капитализм дамыған сайын ірі өнеркәсіптің өсуімен бірге өнеркәсіптік буржуазия байи түсті. Бірақ саяси өкімет билігі король басқарған ат төбеліндей банкирлер тобының, темір жол және шахта иелерінің қолында болды. Өнеркәсіп буржуазиясы, яғни фабриканттар мен мануфактура иелері сайлау правосын өз пайдасына өзгертуді талап етті және олар республиканы жақтады.

Жұмысшылар саяси правоға ие болғысы келді, бұлар да республиканы жақтады. Бірақ олар, буржуазияға қарағанда, республиканы басқаша түсінді. Жұмысшылар еңбекшілердің хал-жағдайын түпкілікті жақсартуды қамтамасыз ете алатын республиканы жақтайтынын мәлімдеді. Бұл буржуазияны үрейлендіріп қауіптендіре бастады, сөйтіп, революцияның бас кезінде-ақ буржуазия мен жұмысшылар арасындағы өте-мөте шиеленіскен қайшылық бар екені айқындалды. Бұл қайшылық барған сайын күшейе түсті.

1845-1847 жылдары егін шықпай қалуына және бүкіл Европаға жайылған, әсіресе Ирландия мен Францияда өршіген картоп ауруына байланысты Францияның саяси халі өте асқына түсті1.

1847 жылы дүниежүзінің көптеген капиталистік елдерін, оның ішінде Францияны да қамтыған экономикалық дағдарыстың салдарынан жалпы жағдай бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсті. Жалақы 50-60 процент қысқартылды. Жаппай жұмыссыздық басталды.

Революцияның басталуы. Революция оқиғалары мына бағытта өрістеген еді. 1847 жылғы өнеркәсіп дағдарысы жағдайындағы және отаршыл әскерлердің Алжирдағы жеңісі жайындағы айқай-шуды пайдаланып, өнеркәсіп буржуазиясы үкіметке сайлау правосына реформа жасаттыруға, сайлаушылар үшін мөлшері жоғары сайлау цензін (жылына 200 франк тікелей салық) азайттыруға бел байлады. Жиналыстар өткізілді, мұнда буржуазия қайраткерлері реформалар талап етіп сөз сөйледі.

1848 жылы 22 февраль күні үлкен жиналыс өткізілмекші болды. Жиналыс болатын жерге жұрттың қалай жүріп баратыны жөнінде жоспар жарияланды, бірақ жиналыстың дәл болатын қарсаңында үкімет оған рұқсат бермей қойды. Революция жасаудың қамын ойламаған буржуазия бұған көнбекші болды.

Буржуазияның қайраткерлері үйлерінде отырып қала берді, ал жұмысшылар, қолөнершілер және студенттер жиналыс өткізілмекші болған үйге барды. Талқандаудан аман қалған астыртын әрекет жасайтын революцияшыл республикалық қоғамдар мен социалистік қоғамдар жұртты көтеріліс жасауға шақырды. Кейбір жерлерде баррикадалар құрыла бастады. «Жасасын реформа!»- деген дауыстар естілді. Халық бұқарасы көшеге шықты.

24 февральға қараған түні, жұмысшылардың демонстрациясын үкімет әскерлері атқылағаннан кейін, көтеріліс жаппай сипат алып, өрши түсті. Сол түні парижандар екі мыңға жуық баррикада құрды. Баррикада құру үшін көшелерден төрт мыңнан аса ағашты кесіп құлатты, тас төселген көшелердің миллионнан астам кесек тастарын қопарып алды.

Луи Филипп монархиясын құлату және Уақытша үкіметтің құрылуы. 24 февраль күні таңертең Париждегі казармалар, барлық қару-жарақ қоймалары көтерілісшілердің қолында болды. Луи-Филипп сарайдан сытылып шығып, жалдамалы арбакештің күймесіне мініп, Парижден қашып кетті. Көтеріліс жасаған халық король тағын алаңға апарып, өртеп жіберді.

Жұмысшылардың ерлігі арқасында Франциядағы буржуазиялық Июль монархиясы құлатылды. Алайда буржуазия жұмысшыларға қарағанда жақсы ұйымдасқан еді, ол ұлт гвардиясының батальондарына сүйенді, сондықтан үкіметті буржуазия құрды,

Бурбон сарайына келген буржуазияның қайраткерлері (Құрылтай жиналысы шақырылғанға дейін) Уақытша үкімет құрылғанын мәлімдеді. Бұқараның талап етуі бойынша, Уақытша үкімет құрамына 1834 жылғы Лион көтерілісіне қатысқан жұмысшы Альбер, сондай-ақ әрі журналист, әрі тарихшы Луи Блан енгізілді. Луи Блан езін өтірік социалиспін деп атады, іс жүзінде ол жеке меншікті жақтады, буржуазияны қолдады, жұмысшыларды сатып кетті. Өнеркәсіпшілердің мүдделерін қорғаған ақын әрі тарихшы Ламартин үкіметтегі басшы орынға ие болды. Ол сыртқы істер министрі болып алды.

25 февральда жұмысшылардың орасан үлкен демонстрациясының талап етуімен, Франция біртұтас, бөлінбейтін республика деп жарияланды. Жұмысшылар республиканы өзінің күресімен, қанымен жеңіп алды.

Уақытша үкімет еркектер үшін жалпыға бірдей сайлау правосын енгізді және отарлардағы құлдықты жойды. Республика, монархиямен салыстырып қарағанда, бір қадам ілгері басқандық еді, өйткені парламенттік құрылыс кезінде әсіресе республика жағдайында, бұқара арасында түсінік жұмысын жүргізуге, олардың саяси ұйымының жұмыс істеуіне біраз мүмкіндіктер туады. Бірақ капиталистік езгі буржуазиялық республика кезінде де өте ауыр болып қала береді.

Уақытша үкімет үйінің алдындағы алаңға қаруланған халық тағы да қайтадан қаптап шықты. Қолында мылтығы бар бір жұмысшы халықтың атынан уақытша үкіметтен «еңбек етуге праволылықты», демек кімде-кім жұмыс істегісі келсе, оның жұмыс алуға праволы екенін тануды талап етті. Сол күндердегі бір үндеу хатта былай делінген: «Жейтін наның болмаса азаттықтан не пайда, молшылық көз қызықтырып, қайыршылық естен тандырса, сарай қақпаларының алдында аштықтан жұмысшы әйел балаларымен талықсып жығылса, туысқандық бар дегенге кім нансын»2. Жұмысшылар «әлеуметтік республиканың» болуын талап етті, мұнымен олар еңбекшілер бұқарасының халін түпкілікті жақсарту мәселесін айтты. Еңбек ету правосын жұмысшылар әрбір жұмысшының еңбек ету правосын буржуазияның тануын ғана талап етті.

Жұмысшылардың қысым жасауымен Уақытша үкімет марттың бас кезінде жұмыс күнін бір сағатқа қысқартты (Парижде 11 сағаттан 10 сағатқа дейін, провинцияларда 12-ден 11 сағатқа дейін) .

Уақытша үкімет «еңбек ету правосын» қабылдамақшы болып келісті, бірақ мұны өзінің үстіне төніп тұрған қауіптен құтылу үшін ғана істеді. Уақытша үкімет «еңбек ету правосын» жүзеге асыруды сылтау етіп, жұмысшыларға қарсы шабуылға шықпақшы болды. «Еңбек ету правосы» идеясын ақсату үшін үкімет кемтарларға қарасу ісін баскаратын қоғамдық жұмыстар министрлігіне ұлттық мастерскойлар ұйымдастыруды тапсырды. Бұл мастерскойларға жазылғандардың әрқайсысына күрек пен қол арба берді. Тіпті үздік маман жұмысшылар мен шеберлер де жер қазуға тиісті болды. Мастерскойларды ұстап тұруға да аса көп ақша керек болды. Дағдарыс пен жұмыссыздыққа байланысты мастерскойларға көп ұзамай-ақ 100 мыңнан аса адам жазылды. Осыған байланысты үкімет буржуазияға жеңілдіктер жасады (мысалы, үкімет мемлекеттік заемдардың процентін мерзімінен бұрын төледі) шаруаларға салынатын тікелей салықтарды бірден (45 процентке) көбейтіп жіберді. Париж жұмысшыларының жұмыс істегісі келмейді және ұлттық) мастерскойларға керек ақшаларды шаруалардан алуға тура келеді деп буржуазия шаруаларды сендірумен болды. Буржуазия бұл үгітті, әсіресе Құрылтай жиналысына сайлау кезінде үдете түсті.

Сөйтіп, буржуазия жұмысшыларға қарсы шаруаларды айдап салды. Франциядағы халықтың басым көпшілігі болған шаруалар Құрылтай жиналысының сайлауы кезінде өздерінің дауыстарын буржуазияға берді. «Енді азамат соғысы болмай қоймайды»3, - деді Бланки.

Огюст Бланки (1805-1881) - ер жүрек, батыл революционер, француз буржуазиясы оның жарты өмірін түрмеде өткізді. Сот процестерінің бірінде 56 жастағы Бланкиден: «Түрмеде отырғаныңа 25 жыл, сонда да өзіңнің бұрынғы идеяңды сақтадың ба?» - деп сұрады одан. Бланки тайсалмастан былай деп жауап берді: «Түп-түгел сақтадым». - «Сол идеяларды ғана емес, сонымен бірге жеңіске жетуді де тіледіңіз бе?» - деп сұрады одан. «Иә, тіпті ақырғы демім біткенше», - деп жауап берді Бланки. Дегенмен ержүрек революционер Бланки жұмысшылардың экономикалық жағдайын жақсарту жолындағы күресінің маңызын жете бағаламады, коммунизмге революционерлердің азғантай тобының ұйымдастырған қастандық жасауымен жетуге болады деп есептеді. Өкіметті басып алып, барлық адамдардың білімге қолын жеткізсе, коммунизм өзінен-өзі-ақ орнайды деп ойлады ол.

Бланки Уақытша үкіметтің реакцияшыл саясатына қарсы күрес жүргізу мәселесін алға қойды. 1848 жылғы майда ол тұтқынға алынды, сөйтіп, революцияның соңғы күндеріне дейін оған қатыса алмады.

1. 2 Париждегі Июль көтерілісі

Июнь күндері Үкімет жұмысшыларды зор қырғынға ұшыратуды ұйғарды. Ол ұлттық мастерскойларды тарату туралы декрет шығарды. 113 мың жұмысшы жұмыссыз көшеде қалды. Бұған жауап ретінде 23 июньде жаппай көтеріліс басталды. Бұл Лион және Силезия тоқымашыларының көтерілісіне қарағанда, чартистердің бытыраңқы бас көтерулеріне қарағанда, анағұрлым қаһарлы және табанды көтеріліс болды.

Орыс революционері Александр Герцен мыналарды көрді: «23-і күні сағат 4 кезінде мен Сенаның жағасымен Hotel lie Ville-ге қарай келе жаттым: дүкендер жабылып жатыр, түстері суық Ұлт гвардияшыларының колонналары әр жаққа қарай ағылып кетіп жатыр . . . қара бұлттар аспанды торлап алған, сіркіреп жаңбыр жауды . . . Қара бұлттың ар жағынан найзағай жарқ етті. Күн жиілете қатты күркірей бастады, осының бәрімен қабаттаса шіркеудің мұнарасынан бірқалыпты үнмен дабылдатқан қоңырау үні естілді . . . алданған пролетарлар осы үн арқылы өздерінің бауырластарын тағы да қару алып күреске шығуға шақырып тұр . . .

Өзеннің арғы жағындағы үлкенді-кішілі көшелердің бәрінде баррикадалар құрылып жатыр. Мен түсі суық тас тасыған адамдарды, оларға көмектесіп жүрген балалар мен әйелдерді көріп тұрмын . . . Дабыл үні әлі де тынған жоқ»4.

Лезде 600-ге жуық баррикада құрылып қалды - баррикадалар әуелі астананың шет жақтарында құрылса, кейіннен астананың тең жартысындай жерін алды.

Құрылтай жиналысы өкімет билігін әскери диктатор генерал Кавеньяктің қолына тапсырды, ол өзінің қаталдығымен аты шыққан адам еді. Ол Алжирда француздардың жаулап алуына қарсы күрескен арабтардың тұтас тайпаларын түгелдей қырып жіберген.

Париждегі қызыл тулар желбіреген баррикадаларға тек ұлттық мастерскойлардың жұмысшылары ғана шығып қойған жоқ. Бұлармен қол ұстаса Париж пролетариатының басқа отрядтары да - механикалық мастерскойлардың жұмысшылары, темір жол жұмысшылары да - ұрысқа шықты. Сент-Антуанның маңындағы ұрыста әсіресе ағаш шеберлері ерекше ерлік көрсетті. Әйелдер мен балалар оқ құюға көмектесті, жараланғандардың жарасын таңды, жауынгерлерге ас пен су әкеліп беріп тұрды. Көтерілістің барысында жұмысшылар асқан ерлік, тамаша бір ауыздылық көрсетті, жаудың езін таң қалдырып, әскери тәжірибелерінің молдығын байқатты. Ұлттық мастерскойлардың жұмысшылары өздерінің осы мастерскойларда әскери ұйымшылдыққа дағдыланғандықтарын пайдаланды.

Тек жеке кварталдарда ғана құпия революциялық қоғамдарға қатысқан жұмысшылар күреске асқан ерлікпен, шеберлікпен басшылық етті. Көшелердің бірінде баррикаданы қорғаушыларға үлкен балғамен қаруланған 60 жастағы етікші басшылық етті. Дегенмен июнь жауынгерлерінің қарулы күресіне жалпы басшылықты жүзеге асырудың сәті түспей қалды.

25 июньге қарай, генерал Кавеньяк жағы басым екендігі көріне бастады. Күшті артиллерия Париждің жұмысшы кварталдарын мейірімсіздікпен атқылап қирата бастады. Үкімет әскерлері көтерілісшілер оқ атқылаған үйлерді бұзып талқандады. Жұмысшыларға қарсы тұрақты армияның полктері, Париждің азғын тобырларынан жасақталған 24 мың «мобильдер», Ұлттық гвардияның батальондары шабуыл жасады. Үкімет көтерілісті талқандауға 200 мың адамнан құрылған әскер жіберді, ал жұмысшылардың әскері не бары 45 мың адам болатын. Пролетариат одақсыз қалды. Шаруалар пролетариатты қолдамады. Ең аяғы, ұсақ буржуазияның да көпшілігі июнь күндерінде жұмысшылардың жауларына қосылып кетті. Көтерілісшілердің бірыңғай басшылық ететін орталығы болмады, революцияшыл партиясы болмады. Келісімпаз Луи Блан жұмысшыларды опасыздықпен сатып кетті, ол жұмысшыларға күресті тоқтатыңдар деумен болды.

Июнь күндері . . . «қазіргі қоғам бөлініп отырған екі таптың арасындағы бірінші ұлы ұрыс болды. Мұның өзі буржуазиялық құрылысты сақтап қалу немесе оны жою жолындағы күрес болды».

1848 жылғы бұл күресте буржуазия жеңіп шықты. Табан тіресе ерлікпен қарсылық көрсете отырып, жұмысшылар қала маңына шегінуге мәжбүр болды. 26 июньде көтерілісшілердің ең соңғы тірегі Сент-Антуан маңы қарсыласуын тоқтатты. Жұмысшы киімін киген, оқ дәрінің түтінінен беттері тотығып кеткен адамдарды ату басталды. Ұрыста 500 жұмысшы өлді, ұрыстан кейін бірнеше мың адам атылды. «26 июньнің кешінде біз әр жерден дүркін-дүркін түйдектеле оқ атылғанын естідік . . . Біз бір-бірімізге қарап аңырып қалыппыз, бәрінің де сұры қашқан . . . «Атып жатыр», - дедік біз бір дауыспен. Сонан соң бірімізден-біріміз теріс айналдық . . . Мұндай ауыр минуттар үшін он жылдар бойы өштесіп, әмір бойы кектесіп өтеді. Ал кімде-кім осындай минуттарды кешіретін болса, нағыз қайғы-қасіреттің өзі осында!»5- деп еске түсіреді А. И. Герцен. Тұтқынға алынғандар 25 мың болды, үш жарым мың адам жер аударылды.

Европадағы 1848 жылғы революцияны өз көзімен көрген Герцен мынадай қорытындыға келді: «Франциядағы және Европаның басқа державаларындағы мемлекеттік форма өзінің ішкі ұғымында бостандықпен де, теңдікпен де, туысқандықпен де сыйыспайды . . . »

Жұмысшылар жеңілгеннен кейін, буржуазия мен помещиктер тек Францияда ғана емес, сонымен қатар Германия мен Италияда да және басқа елдерде де халық бұқарасына қарсы шабуылға көшті.

1848 жылғы буржуазиялық революция жұмысшылардың белсенді қатысуымен өтті, олардың республика жариялатып, «еңбек ету правосын» танытуға қолы жетті.

Франциядағы 1848 жылғы революцияға буржуазия контрреволюциялық күш ретінде қатынасты. Шаруалар буржуазияны қолдады. Пролетариат қана ақыр аяғына дейін революцияшыл тап ретінде асқан табандылық көрсетті.

Францияда буржуазия революцияшыл жұмысшыларды қатал қуғынға ұшыратты. I Наполеонның немересі Луи-Наполеон 1848 жылы Франция республикасының президенті болып сайланды. 1851 жылы ол әскердің көмегімен жұмысшылардың, ұсақ буржуазияның, ал кейбір жерлерде шаруалардың қарсыласуын басып, сонан соң келесі 1852 жылы өзін III Наполеон деген атпен Францияның императоры етіп жариялады (бонапартшылар I Наполеонның жастай өлген баласын II Наполеон деп атаған) . Жұмысшылар мен шаруаларды басып-жаншуды күшейту үшін буржуазия империяны қолдады.

III Наполеон билеп тұрған кезде (1852-1870, Екінші империя кезінде) өнеркәсіп пен сауда тез дамыды. Сондай-ақ онда толып жатқан ұсақ кәсіпорындармен бірге, әсіресе солтүстік пен Эльзаста ірі тоқыма фабрикалары, металлургиялық кәсіпорындар қауырт өсті. Францияда бу машиналарының саны 1852 жыл мен 1870 жылдардың арасындағы уақытта 6 мыңнан 27 мыңға дейін көбейді.

Францияда буржуазиялық қанаушы мемлекеттік машинасы: армия, полиция, буржуазиялық сот едәуір күшейе түсті. Пролетариат пен буржуазия өз ара күрестің салдарынан әлсіреген кезде, өкімет билігін қолына алған III Наполеон жұмысшылар мен шаруалардың хал-жағдайын жақсартамын деп жалған уәделермен алдады, бірақ іс жүзінде буржуазияның айтқанын орындады, соның үстемдігін нығайтты.

Алайда, 1864 жылы жұмысшылар қозғалысының қысымымен III Наполеон стачкаларға тыйым салған заңды жойды. Бұл заң XVIII ғасырдағы француз революциясы кезінен бері-ақ қолданылып келген.

III Наполеон өкіметті қолына алуға үміттеніп жүрген кезінде, «империя дегеніміз - бейбітшілік»- деп жалған лақап таратқан болатын. Дегенмен Франция әділетсіз, басқыншылық соғыс жүргізбеген бірде-бір жыл болған жоқ, мәселен 1854-1856 жылдары Россияға қарсы соғысты. Африка мен Үндіқытайда Франция отарлар басып алды. Үндіқытайға француз әскерлері Сайгонды және Кохинхинаның (Оңтүстік Вьетнамның) бір бөлігін басып алып, Камбоджаны билеп-төстеді.

Ақыр аяғында . . . ұлт мастерскойларынан барлық үйленбеген жұмысшыларды айдап шығуға немесе оларды армияға алуға бұйырған декрет шықты.

Не аштан өлу, не күреске шығу - жұмысшылардың бұдан басқа амалы қалмады. Сөйтіп, олар орасан зор көтеріліспен жауап берді - бұл осы замандағы қоғамды екіге бөлген екі таптың арасындағы тұңғыш ұлы шайқас еді. Бұл - буржуазиялық, құрылысты сақтап калатын немесе жойып жіберетін күрес болды . . .

Көсемсіз, қимыл жасаудың жалпы жоспарынсыз, қаражатсыз, көпшілігі қару-жараққа мұқтаж жұмысшылардың бес күн бойы тұтас армия мен қарулы мобильдерді, Париждің ұлт гвардиясын және провинциядан келген ұлт гвардияшыларын бөгеп, тойтарыс берген теңдесі жоқ керемет ерлігі, тапқырлығы жұрттың бәріне белгілі болды. Буржуазия өзінің өлерден зәресі ұшып қорыққаны үшін күрескерлерді жан түршігерлік қаталдықпен жазалағаны әлемге әйгілі . . .

1. 3 Германиядағы революция

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕУРОПА ДЕРЖАВАЛАРЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫ ЖӘНЕ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕР
1848-1849 жж. Германиядағы, Италиядағы революциялар
Жаңа заман халықаралық қатынастар тарихындағы Шығыс мәселесі
«шығыс мәселесі»
Бірінші дүниежүзілік соғыстың дипломатиялық дайындығы
Түркиядағы ХХ ғ. басындағы революциялық қозғалыс
Қасиетті Одақтың қызметі
1840 – 1860 жж Франция
ХҮІІ ғ. екінші жартысы-ХХ ғ. басындағы Қытай
Франкфурт бітімінен Берлин конгресіне дейінгі халықаралық қарым-қатынас
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz